Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Балам, енді жаман жерінен бір кесіп берші, – дейді. «Еттің де жаман жері бола ма?» деген сұраумен ойланып барып, жаман жері – тіс өтпейтін сіңір шығар деп, сіңірден кесіп береді. Сіңірді алып, аздап ауыз тиеді. Артынан тамағын жеп, сыйына риза болып, баласымен қоштасып, қайтады. Данышпан жүріп отырып, екінші ұлына келеді. Ол да жақсы сыйлайды. Әкесі қайтар күні үлкен ұлына қойған сауалды қояды. Екінші ұл да үлкен ұлдың істегенін қайталайды. Шал ризашылығын білдіріп жолға шығып, үшінші ұлына келеді. Бұл баласы да ерекше құрмет көрсетеді. Қайтар кезде әкесі екі ағасына қойған сауалды кіші ұлына да қояды. Кіші ұлы сауалдың сырын білмек болып, еттің жақсы жері ретінде бастың тілін кесіп береді. Еттің жаман жері ретінде де бастың тілінен кесіп береді. Сонда әкесі:

Балам, бұның қалай, жақсы жерінен кесіп бер десем, тілін кесіп бердің, жаман жерінен десем, тағы да тілін бердің, – дейді. Сонда баласы:

Ой, әке-ай, сіздің сынап отырғаныңызды біліп тұрмын. Жақсы да, жаман да, ұрыс та, керіс те, өсек те – бәрі осы тілден шығады. «Екі елі ауызға төрт елі қақпақ» дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс-керіс болмас еді. Басқа бәле тілден, – депті. Қарт үшінші ұлының ақылдылығына өте риза болып қайтады («Ел аузынан», шешендік сөздер, аңыз әңгімелер).

1.Данышпан қарттың қызының ақылдылығы байқалатын тұс:

А. Әкесінің мазасызданып жүргенін сезуі Ә. Ұлдарына қыдырып барып келуге кеңес беруі

Б. Әкесінің ұлдарын сағынып жүргенін байқағаны В. Ұлдарын сынап қайтуға кеңес беруі

Г. Атын ерттеп беріп, азық-түлігін даярлап, жолға шығарып салуы

2. Үш ұлының да ақылды екеніне сенген қарттың басты арманы:

А. Ұлдарының өзін қалай сыйлайтынын айқындау Ә. қай ұлының ақылы артығырақ екеніне көз жеткізу Б. Ұлдарын сынап, кемшіліктерін түзету

В. Ұлдарының ақылмен жеткен жетістіктеріне зер салу Г. Өзінің мұрагерін көзі тірісінде тағайындап кету

3. Мәтін бойынша үш ұлының әкесіне көрсеткен сый-құрметтеріндегі басты айырмашылықтары:

А. Үлкен ұл екі қой сойып, қалған екеуі бір-бір қойдан сойып күтеді

211

Ә. Үлкен ұлы мен ортаншы ұлы аянбай сый-құрмет көрсеткенімен, әкесінің тезірек қайтқанын қалайды

Б. Үшеуі әкелеріне бірдей сый-құрмет көрсетіп, риза қылады В. Кіші ұлы әкесін риза қылып күткенімен қоса, шешесі мен қарындасына

арнап сый-сыяпат беріп жібереді Г. Ортаншы ұлы сыйлағанына орай, әкесінің ризашылық пейілін сұрап

біледі

4.Мәтін бойынша қарттың ұлдарын сынау үшін қойған сұрақтарындағы өзгешелік:

А. Үлкен ұлынан еттің тәтті жері мен дәмсіз жерін сұрайды Ә. Ортаншы ұлынан еттің майлы жері мен майсыз жерін сұрайды Б. Кіші ұлынан бастың дәмді және дәмсіз жерін сұрайды

В. Кіші ұлынан тілдің дәмді не дәмсіздігін сұрап, екі ағасынан жалпы еттің жақсы, жаман бөлігін сынау үшін сұрайды

Г. Үш ұлына да бірдей сұрақ қояды

5.Мәтіннің тақырыбы:

А. Әке – балаға сыншы Ә. От ауызды, орақ тілді

Б. Сөз тапқанға қолқа жоқ В. Әке көрген оқ жонар

Г. Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру

6.«Басқа бәле – тілден» мәтелімен мәндес, мағыналық жақындығы бар мақалмәтел:

А. Тілде сүйек жоқ (Тіл – сүйексіз)

Ә. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады Б. Тілмен байланған тілмен ғана шешіледі В. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі Г. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ

7.Мәтіннен алынған «Ой, әке-ай, сіздің сынап отырғаныңызды біліп тұрмын» сөйлеміндегі демеулік шылау тіркескен мүше:

А. Бастауыш Ә. Анықтауыш Б. Одағай сөз В. Толықтауыш Г. Қаратпа сөз

Көк байрағы елімнің

4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай көк байрағымыздың авторы Шәкен аға туралы сөз қозғағанды жөн санадық. Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков 1938

212

жылы 12 қазанда Тараз қаласында дүниеге келген. Он жасында әке-шешесі бірдей қайтыс болып, Тараз қаласындағы мектеп-ин- тернатта тәрбиеленеді. 1956 жылы орта мектепті бітіру бойына, Ленинград қаласындағы В.И. Мухин атындағы көркем-өнеркә- сіптік училищесіне оқуға түседі. Оны тәмамдаған соң білімін жетілдіру мақсатында 1960 жылы Ленинградтағы суретшілер мен дизайнерлер академиясына түседі. Оны бітірген соң елге оралып, Қазақ КСР Суретшілер одағының басқарма төрағасы, Алматы қаласының бас суретшісі лауазымындағы қызметтерді атқарды. Шәкен ағаның таланты ерте танылды. 1961 жылы Чехославакияда өткен халықаралық байқаудың алтын медалін жеңіп алды. 1982 жылы Алматы қаласындағы республика алаңын безендіру байқауында да бірінші орынды иеленді... Шәкен ағамен өткізілген кездесулерде жастар тарапынан қойылатын жиі сұрақ – мемлекеттік туымыздың өмірге келу тарихы болатын. Қазақстан атты дүние жүзіне танымал мемлекетіміздің ар-намысы мен атағын аспандатып жүрген осы туымыздың тарихы жайлы айта келіп, Шәкен аға:

– Тәуелсіздігіміз бен дербес ел екендігімізді паш ететін мемлекеттік рәміздеріміздің жоба-нобайын жасау кезінде бұл аса жауапты іске 600-дей суретші-дизайнерлер, ресми адамдар қатысты. Оған мен де қатыстым. Біздің қазақтар көк тәңірге сыйынған халық қой. Мен туымыздың жоба-нобайын жасау кезінде көгілдір түсті аспанымызды, онда самғай ұшатын қыранды, ұлтымыздың ерекше нақышталған ою-өрнегін еске алдым. Соның арқасында жасаған эскизім өзге әріптестерімнен ерекшеленіп, 1992 жылы маусым айында бірауыздан қабылданды, – деді. Шәкен аға не себепті қыран құсты таңдадыңыз деген сұраққа: «Тарихи еңбектерді көп оқыдым. Тудың нобайын жасау барысында атақты саяхатшы Марко Полоның кітабында жазылған «Қай қазақтың үйіне кірсем де, әрқайсысы бір-бір қыран ұстап отырады екен» деген пікірі есіме түсті. Қыран құсты қолына бағындырып үйрету, аңға салу қазақтың ғана қолынан келеді. Қыран көп жасайтын, биік ұшатын құс. Қыран құс – ерлік пен азаттықтың символы. Мәселе, қазақтардың қыран ұстап өскенінде емес, оны қазақтың символы, мемлекеттің символы ретінде бердім», – деп жауап берген болатын. Кездесулерде тәрбие, жетістіктерге жету жолдары туралы кеңінен толғанатын: – Егер де белгілі

213

бір жетістікке жету үшін ерінбей адал еңбек ету керек. Әке-ше- шем мені адал еңбек етуге, ешкімге қиянат жасамауға тәрбиеледі. Соғыс жылдары жүгіріп жүрген кішкентай бала болдық. Аш болдық, жалаңаш та болдық. Осы уақытқа дейін бала күнімдегі мына бір оқиға есімнен кетпейді. Бірде әкем үйдегі көрпе-төсек- тің жоғары жағынан матаға оралған бір затты анама берді. Анам ораманы көргеннен кейін әкеме бұрқылдап ұрсып жүр. Мына балалар бірнеше күннен бері тойып тамақ ішкен жоқ, киерге киімі де жоқ. Сен болсаң соны көре тұра бір бума ақшаны сақтап қойып қалай отырсың?! Сонда әкем былай деп жауап берді: «Біз мұсылманның баласымыз. Мұсылманның баласы бір затты тауып алса, жоғары көтеріп, мынау кімдікі деп үш рет айқайлауы керек. Сонда иесі шықпаса, үйіне әкеп үш ай сақтап қоюы керек. Үш айда іздеп келмесе, содан кейін қажетіне жаратуына болады. Міне, үш айдан асты, енді жаратуыңа болады». Қандай адалдық. Дініне беріктік. Осындай отбасынан тәрбие алдым. Өкініштісі, әке-шешем ерте дүниеден озды. Олардың жастайымнан санама құйған тәрбиесі қалды. Сол тәрбиемен өстім. Ешкімнің ала жібін аттамадым. Біреуге қиянат жасамадым. Осындай жетістікке таза адал еңбекпен жеттім. Сендер де сондай болыңдар деп аманат айтамын... («Алматы ақшамы» газеті, 04.06.2020).

1. Шәкен Ниязбеков ағамызға кездесулерде жиі қойылатын сұрақ:

А. Мемлекеттік туымызда қыран құстың бейнелену сыры неде? Ә. Туымыздың аспан түстес реңде берілу себебі?

Б. Көк туымыздың өмірге келу тарихы қандай?

В. Тудың эскизін жасау қиындық туғызған жоқ па?

Г. Тудың авторы атанған сәттегі толқыған сезіміздің аспандауын қалай бастыңыз?

2. Шәкен ағаның жастарға айтқан үш аманаты:

А. Біреуді алдап, қулық жасамау, ешкімге қиянат жасамау, адал еңбек ету Ә. Ешкімнің ала жібін аттамау, білімді болу, өнегелі болу Б. Біреуге қиянат жасамау, біреудің ала жібін аттамау, үлкенді қадірлеу

В. Өз еңбегіңмен өмір сүру, өзгенің табысын қызғанбау, адалдықтың ақ жолынан аттамау

Г. Ақиқатты ардақтау, еңбектенуден қашпау, қажетті жерінде жәрдем беруден аянбау

3. Мемлекеттік туымыздың авторының балалық шағы өткен тұс:

А. Ашаршылықтың ауыр жылдары

214

Ә. Кеңес үкіметінің енді құрылып жатқан кезеңі Б. Ұлт-азаттық көтеріліс жылдары В. Ұлы Отан соғысының азапты жылдары

Г. Сталиндік қуғын-сүргіннен енді құтылған тұс

4. Мәтін бойынша суретшінің Мемлекеттік туымызда қыран бейнесін беру себебі:

А. Қыран – ерлік пен азаттықтың символы Ә. Қыранды қазақ халқы ғана бағындыра алады

Б. Қыран – биікке самғай алатын ең қарулы құс В. Тудағы қыран – қазақ пен мемлекетіміздің символы

Г. Туымыздағы қыран – ашық аспанда қалықтаған бейбіт өмірдің символы

5. Мәтін бойынша туымыздың қазіргі үлгісіндегі қай бейнені эскиз жасау кезінде Шәкен ағамыз еске түсірмеді екен, ә?!

А. Қалықтаған қыран бейнесін Ә. Сәулесін шашқан күн бейнесін Б. Аспан бейнесіндегі көк түсті В. Қазақтың ұлттық ою-өрнегін

Г. Қыран мен күннің орналасу орнын

6. Халықаралық деңгейде екі бірдей рәмізіміз – Әнұранымыз орындалған тұста Туымыз көтеріліп жататын мезет:

А. Мемлекет басшысы ресми сапармен өзге мемлекетке барған сәтте Ә. Халықаралық форумдарда Қазақстан өкілдерін таныстырған тұста

Б. Қазақ елінің өнерпаздары әлемді таңғалдырып, жеңіске жеткен мезетте В. Қазақстанның спортшылары дүбірлі жарыстарда бас жүлде алған кезде Г. Қазақ елі экономикалық тиімділігі зор халықаралық келісімшартқа қол

жеткізген шақта

7. Мәтіннен алынған фразеологизмі бар сөйлем:

А. Олардың жастайымнан санама құйған тәрбиесі қалды Ә. Осындай жетістікке таза адал еңбегіммен жеттім Б. Ешкімнің ала жібін аттамадым В. Қыран құс – ерлік пен азаттықтың символы

Г. Біздің қазақтар – көк тәңірге сыйынған халық қой

215

ЖИЫРМА БЕСІНШІ НҰСҚА

Суырлы тау

Ертеде моңғолдар мекен еткен Тарбағатай тауының Суырлы тау аталуының бірнеше мағынасы бар. Суырлар көп мекендеген өлкені сол кезде жоңғарлардың мекені болғандығына байланысты, суырлардың шыңғырған даусы маза бермегендіктен және суырдың терісінен тігілген бөрік кигеніне байланысты «Суырлы тау» атаған деседі. Негізінен Тарбағатайдың ежелгі атауы Барқытбел болған екен. Ежелгі қыпшақтар оны «Көгілдір тау» деп атаған. Алыстан қарағанда жоталары жолбарыс жонындай болып жататын тау батысында Алакөл, шығысында Сауыр-Сайқанға дейін созылып жатыр. Жалпы ұзындығы 300-350 шақырым, ені 30-50 шақырым. Тарбағатай тауының ормандары, сарқырап аққан өзендері, жайқалған құнарлы жайылымдары, жортқан аңы мен ұшқан құстары, жер қойнауындағы алтын, күміс, қалайы, мырыш, тағы басқа да қазба байлықтары адам баласын ертеденақ өзіне қызықтыра тартқан. Мұны алғашқы адамдардың мекен жайлары, қола дәуіріндегі кен шығару орындары, тастарға салынған өрнек-бедерлері дәлелдеп отыр. Аймақтағы өсімдік түрлерінің құрамы мен таралу ерекшеліктері биіктік белдеулері бойынша айтарлықтай өзгеріп отырады. Жотаның оңтүстік беткейінде бұталы өсімдіктер: итмұрын, тобылғы және ырғайдың бірнеше түрі өседі. Ал солтүстік беткейінде орал миясы мен арша секілді өсімдік түрлері кездеседі. Бұлардан басқа шайқурай, киікоты, қазтабан, бүлдірген, теңгежапырақ, сүйел шөп тәрізді өсімдіктер кең тараған. Жалпы, мұнда флораның 1640 түрін кездестіре аласыз. Табиғатының ерекшелігі, сарқырап аққан бұлақтары, тауының басынан теріскей бетіне қарай қарағай, қайың, тал, терек; күнгейіне қарай арша, алтын тамыр, еңлікгүл, рауғаш сынды өсімдіктер жиі ұшырасады. Тарбағатайдың ең биік шыңында алты ай жазда қар жатады. Аң-құстардан сілеусін, суыр, марал, қоңыр аю, арқар, елік мекендейді. Тарбағатайдың табиғи байлығын «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қыз-

216

меткерлері қорғайды. Жоңғар Алатауы мен Алтай секілді Тарбағатай жотасы да мұхит кеңістігінен алшақ жатыр, осыған орай оған «құрлықтық» климат тән («Egemen Qazaqstan» газеті,

11.06.2020).

1. Суырлы таудың ежелден-ақ адамдарды өзіне қызықтыра тарту себебі:

А. Көркем табиғаты, жыртылып айрылған аң-құстары, қазба байлықтары Ә. Орманды алқабы, жайылымы шүйгін бөктері, арқырап аққан өзен-

бұлақтары Б. Жеміс-жидектері, дәруменге бай, емдік қасиетке ие өсімдіктері, жанға

шипа ауасы В. Жер қойнауындағы асыл тастары мен өндіріске қажетті пайдалы қаз-

балары Г. Мұхит кеңістігінен алшақ жатқандығы мен бүтін ұлт мекендей алатын

жотасының кеңдігі

2. Тарбағатай тауының басынан бастап, теріскей бетіне қарай өсетін ерекше өсімдік түрлері:

А. Арша, қарағай, қайың, тал, терек Ә. Қарағай, қайың, алтын тамыр, терек, арша

Б. Қайың мен қарағай, рауғаш, тал мен терек В. Терек пен тал, еңлікгүл, рауғаш, алтын тамыр, арша Г. Қайың, қарағай, тал мен терек

Із

Ақын Жарасқан Әбдіраштың тұңғышы Рүстемге арнаған «Портфель» деген өлеңін жақсы білеміз:

«Жатқызды қыртыс, қырымды, Жылжыған жылдар өтектеп...

Мектепке тұңғыш ұлымды Келемін үнсіз жетектеп»,

деп басталатын тағылымды жырды толқымай оқу мүмкін емес. Әрбір сөзі әкелік өсиетке толы әдемі шығарманы зерделеп отырып өзіңнің де әке қолынан ұстап білім ордасына бара жатқан кешегі бала бейнең көз алдыңа келе қалады. Кез келген ұрпақ ұлы өзендерден сытылып шыққан сызашықтай жеке саға, бөлек арна бойымен өз жолын іздейді. Күре жолдан бөлінген дара соқпақтай өз сүрлеуін қалыптастырады. Өз жолын іздеп ұзақ сапарларға

217

аттанады. Бірақ қайда бағыт алса да, қай қиырға жол шексе де, сол өзін өмір мектебіне жетелеп қосқан әке өсиетінен әсте адаспауға тырысады. Әке де өз кезегінде жолын жалғар ұрпағының ұлағатты болуын қалайды. Ақ парақтай періште пейілдің адаспас темірқазығы өзі екенін сезінген сәттен бастап, сол тұлға жеке басын қайта тәрбиелеуге кіріседі. Ағылшындардың «Балаңды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле» деп кесіп айтуында да өмірдің осы құламас қағидасы жатса керек. Ең қызығы, басында «Балам өзіме тартса» деген әке тілегі бара-бара басқаша сипат ала бастайды. Әкенің тілегі енді «осы балам неғұрлым өзіме тартпаса екен, мен басқан шоқты баспаса екен, мен түскен орға түспесе екен» деген тілекке ауысады. Былтыр бас басылымның ғасырлық тойына арналған «ең қысқа әңгіменің» байқауы жарияланып, редакцияға шып-шымыр шедеврлер түсіп жатты. Сол шап-шағын шығармалардың ішінде Ысқақтың Тілегені деген автордың ең қысқа әңгімесі ерекше есімізде қалыпты. Бір ғана сөйлемнен тұратын туынды төмендегідей: «Қайрылып қараса, баласы ізін басып келе жатыр екен, жүрісін түзеді...». Болды. Шығарманың басы да,

аяғы да осы бір тармақта түйінделген. Алайда осынау тәмсілдің түбіне үңілсең, бір кітапқа жүк болатын үйдей мәселе қордаланып алдыңа төгіледі.

Біз, шынында да, ізімізді басып келе жатқан жаңа буынның жолын түзеуге бейілміз бе? Әлде, хакім Абай айтқандай: – Әкесі мен шешесі баланы аңдыр // Ол да өзіңдей ит болсын, азғыразғыр, – деп өзімізден айнымайтын буынға жол нұсқап барамыз ба?! Ұлт – бала, зиялы қауым – әке. Жетектеген балаңыздың діттеген мұратына жаңылмай жетуін тілесеңіз, сіз де соңыңыздағы ізге ізгілік нұрын көбірек себуді қадағалаңыз. Айналып келгенде, өзіңізден өте туатын бала тәрбиелеу – өзіңізден басқа ешкімнің қолында емес. Жетегіңіздегі желкілдеген жасқа жауапты адам – сіз ғанасыз! («Egemen Qazaqstan» газеті, 09.06.2020).

1. Әке біткеннің өз басын қайта тәрбиелеуге кірісетін тұсы:

А. Баласы ер жетіп, әке болған тұста Ә. Баласының өмірдегі адастырмас темірғазығы өзі екенін сезген тұста

Б. «Балам өзіме тартсын» деген тілегімен бірге В. «Балам өзіме ұқсамаса» екен деп алғашқы тілегі өзгерген тұста

Г. Баласы әке өсиетіне берік екендігін сезген күннен бастап

218

2. Әке ойына «Балам өзіме тартпаса екен» деген түсініктің қылаң беру себебі:

А. Баласының биік шыңдарды бағындырса екен деген тілеуінен Ә. Өзінен мысқал да болса биік тұрғанын қалағандықтан Б. Заманына лайық тұлға болуын іштей тілегендіктен В. Өзі көрген қиындықтарды көрмесе деген ниетпен Г. Басқа жол, басқа сүрлеу таңдасын деген көңілмен

3. Мәтіннің идеясы:

А. Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, артқы дөңгелегі сонда жүреді Ә. Дауылды жердің ағашы жатаған келеді Б. Баланы бастан...

В. Әке көрген оқ жонар Г. Бала әкеден қанша артықпын десе де, мысқал кем шығады

4. Мәтін бойынша өз соқпағын таңдап, өз сүрлеуімен жүріп келе жатқан ұрпақты адастырмайтын күш:

А. Болашаққа деген құштарлық Ә. Тәрбиелеп өсірген әке өсиеті

Б. Адал еңбекпен тапқан өз жетістігі В. Өскен ортасынан алған өнегесі Г. Саналы білімі, талмас талабы

Аш бөрі

...Түрмеден шыққалы көкірегі желденіп келеді. Бірақ баяғыдай алабұртып алып бара жатқан жоқ. Күзгі даланың селеуінің суылы да, ат тұяғынан күрт-күрт күйреген қураған қау шөптің күтірін де, ақырғы шуақтарға арқасын қыздырған дала тышқандарының шық-шық үнін де ап-анық естіп келеді...Кенет қара ат қаттырақ пысқырып қалды. Алдынан әлдене қараңдағандай болды... Түйе. Мойнын бұрып бұған қарап тұр. Жақын келіп үн шығарды, жануар үңіле бір қарады да, жүріп кетті. Соңынан бұ да ерді. Кез өркеш аруана ортадағы боз үйдің қасына барып, талтайып тұра қалды. Бұ да сол үйдің ту сыртына кеп:

– Е, хабарласқандай кім бар? – деп дауыстады...Соның арасынша сықырлауық сылдырап, үйден біреу шықты. Қолында шелегі. Аруананың бауырына бара беріп, жолаушыдан барыс сұрады. Жолаушы құдайы қонақ екенін айтты... Жолаушы тұтқыннан келе жатқанын айтқанда, кесесінен бас көтермей отырған бәйбіше елең ете қалды...

219

– Жолаушым, мынаны босқа арқалап жүрмеген шығарсың, – деді ақсақал іргеге сүйеулі домбыраны меңзеп. – Құдай айдап тап болдың, өнеріңді көріп қалалық, шерте отыр.

Жолаушы домбырасының қабын сыпырды. Қалтасынан тиек ап қондырды... Жолаушы астындағы төсек көрпенің бұрышын түріп жіберіп, көнетоз тақыр кілемге әуелі оң қолын, сосын перне басатын сол қолын үйкеп-үйкеп алды. Дыбыс қуалап, пернелерді бойлап, жоғары-төмен бір-екі рет сырғытып өтті. Үй-іші енді домбыраға қарапты. Бәйбіше дастарқан жинала бере қолына топатайын алып, шәйнекте қалған жылы судан құйып, нан илеуге оңтайланып еді. Кебеженің төр жағындағы тырсиған ала қапқа бұрыла бере домбыраның үнін естіп, табағын былай қоя салды. От жағып отырған бала қолына көсеу алған күйі аузы ашылып, аңырайыпты да қалыпты. Шай құйған келіншек алдына түскен жаулығының ұшын кейін серіпкен болып, аласы мол нұрлы жанарымен күйшінің жүзін бір шарпып өтті...Манадан бері маңдайшадан көз алмай отырған ақ сұр шал да жүзін бұрды... жолаушының есіне жаңағы жол үстінде туған жаймақоңыр әуез түсті. Ұзынұзын салалы саусақтары перне бойын қармалап жүріп, ақыры тапты. Әншейіндегідей қыжыртып қаққан жоқ. Баппен басталған бала майсаң әуез баппен өрлеп келеді. Ұйықтай қоймаған немересіне кәрі әже айтатын көйгөйдей жаныңды жайбарақаттыққа шақыратын қоңыр әуез. Құлағыңды құнықтырып, көкірегіңді күмбірлетіп барады. Аспан ашық, маңайың құлпырып, гүл-гүл жайнаған әсем күнде алыс жолға шыққандайсың. Қунақ жортып, жайсаң жаратылысқа, әдемі әуенге, астыңдағы аршынды атыңа қуана қарайсың. Төңірегіңнен тек рахат көріп, тек ләззат табасың. Мынау да сондай сергек күй. Біраз жүргеннен соң айналаңа алақтап қарай беруге де жалығып, рахат ортасында келе жатқаныңа онсыз да кәміл сеніп, көзіңді жұмып ап, бір тұңғиық бейжай ойға шомбаймысың? Есіңе қайдағы-жайдағы түседі. Өткеннің өкінішті өксігі де қылаң береді. Бірақ бәрі артта. Бәрі өткен. Соның бәрін көріп, бәріне төзіп, бәрін өткерген бұл бас. Бәрінің де қыжылы өткен, өшкен. Енді міне тағы да рахат ортасындасың. Мына өмір деген жарықтық жауың түгіл, сенің өзіңнен де пейілді екен, кең екен. Оның сарқылар, таусылар күні жоқ. Рахаты мен ләззатын қашан да таба алады екенсің. Ендеше емешегі үзіліп, елжіреп тұрған өмірді қайтіп сүймессің, қайтіп талақ етпексің.

220

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]