Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Одан бертінде күші тасығанда бұзаутіс қамшымен сабаласты. Бас та жарылды, бұғана да шықты, бірақ қамшыдан көңілі қалған жоқ. Одан бертінде, ерқаштылық кезеңде қауқарсыз қамшы «қазылыққа» жүгінді. Одан да бертінде сандыққа тығылды. Нәшу әр тұста бір түйтілжи отырып, әңгімесін байсалды түйді.

4. – Өңір де, өмір де өзгереді екен. Тек, көкей өзгермейді екен. Қағанағы қарық, сағанағы сарық елде пенсияға шығып кетуіме де жол ашық. Бірақ одан не рауа? Бәрібір үйкүшік боп отыра алмаймын. Баяғы тау мен құмның арасын араламай, баяғы бастаудың суын ішіп, баяғы сексеуілді отын ғып жақпай күн кеше алман. Қойшылықтың өзі – серілік. Туған табиғат! Тек өз құралыптастарымның көбінің бұл дүниеден өтіп кеткені көңіл қамықтырады... Жазушы түнде көпке шейін ұйықтай алмай дөңбекшіді. Үйдің іші қапырық па, қалай. Плащын жамылып тысқа шықты. Ғарыштың бар жұлдызы осы маңға жиналғандай еді. Ойы сергігенде күндізгі көргендерін ой елегінен өткізді... Осы кезде ол Нәушенің даусынан селк етті.

Шамасы темір пештен басың ауырды-ау? Иіс-қоқысты жоятын пияз да жоқ. Пішеннің үстіне жатсын деп көрпе әкелдім.

Күн жауып кетпей ме?

Аспан ашық. Ертең күн жылиды.

Мен жыланнан қорқамын, – деді Жоламан.

Әй, сен жыланның інінен қашан шығатынын білмеуші ме едің?! – деп Нәшу таңырқап қалды. Біраздан кейін ол:

Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Үйден қамшы әкелейін. Қасыңа қойып жатсаң, жылан жоламайды, – деп үйіне қарай беттеді.

5.Жоламан күн көтерілгенде оянды. Қой өріске кетіпті. Қараша үйдің жанында самауыр қайнап тұр. Жазушы аттанарда Нәшу бұйымтай сұрады.

Сізден қолқалайтыным – қамшы! – деді. Нәшу шамалы ойланып:

Осы заманның үрдісі шығар. Мәскеуден келген орыстар да қамшы әкеткен-ді, – деп қобдишасын ашты. Басына жез орнатқан тобылғы сапты қамшыны Жоламанға ұстатты. Жоламан қамшыны екі бүктеп қалтасына тықты. Былай шыға бере қолына алып, сол көзін қысып, мылтықша кезенді. «Әттең, басында үкісі жоқ екен», – деп өкінді. Жүре келе ол қамшы туралы қимыжық қиял

61

кешті. «Ит мініп, ирек қамшылаған қазақ» – түздіктің момыны. «Көзге қамшы тигендей, шыр айналды артқы жас» деп Абай айтқандай, қамшының да шымыры бар ғой, шіркін! «Бетінен сорғалатып қаннан тамшы, сындырған жаудың сағын, қайран, қамшы» деген өлең де өлең-ау!? Қазылық, қарақшылық, барымта – қарымта, дүре – осының бәрі қамшыға саяды. Жазушы: «Қамшының сырына өзім де біршама қанық екенмін ғой!» – деп сүйсінді. (Тәкен Әлімқұлов, әңгіме).

1.Мәтін бойынша жалпақ тілді ырғай қамшының иесі:

А. Нәшу Ә. Жоламан

Б. Қойшы шалдың нағашысы В. Қойшының әкесі

Г. Кейбір ноқайлар ұстайтын қамшы

2.Мәтіннің қамшы туралы сөз болатын бөлімдері:

А. Бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөлімдері Ә. Екінші, үшінші, бесінші бөлімдері Б. Барлық бөлімі В. Екінші, үшінші, төртінші бөлімдері

Г. Үшінші, төртінші, бесінші бөлімдері

3. Мәтін бойынша Нәшудің көңілі түсіп, қамығу себебі:

А. Жас кезінде қамшыға қолы жетпегендігі Ә. Ағалары мен жеңгелеріне қамшы үшін күлкі болуы Б. Қамшының қадірі кетіп, сандыққа түскені В. Қатарларының сиреп қалуы

Г. Мал баға алмайтын ноқайлардың ісіне көңілі толмауы

4.Қамшымен зәбір көрсету белгісі:

А. Біреуге кезену Ә. Қарсыласына сілтеу

Б. Біреудің алдына тастай салу В. Біреуді нұқу

Г. Көлікті мінер жағынан қамшылау

5.Мәтін бойынша жазушының өзіне ырза болу себебі:

А. Қамшы туралы әңгімеге қаныққаны

Ә. Қамшының сырын қойшыдан суыртпақтап біліп алуы Б. Нәшудің сыйға берген тобылғы қамшысына сүйсінуі В. Өзінің қамшы туралы ақпаратының молдығы

62

6.Мәтін бойынша қарт шопанның қамшымен байланысты тіршілігінің басталу кезеңі:

А. Нағашысы жасап берген жез қамшыдан кейін Ә. Шыбық ат, бұтақ қамшыдан бастап

Б. Кішкентай кезінде керегедегі қамшыға жармасудан В. Бұзау тіс қамшылы серілік дәуренде Г. Ашамайда отырып, үкілі қамшыға ие болған кезде

7.Қамшылау сөзінің беретін мәні:

А. Қамшымен жекпе-жекке шығу Ә. Қамшыны айқастыра ұстау Б. Көлігін қамшымен сипай ұру

В. Қасқыр секілді жыртқыш аңдарды қамшымен соғып алу Г. Алдындағы малды қамшымен қайыру

8. Мәтін бойынша Нәшуді жетпіске келгенше аттан түсірмей жүр-

ген:

А. Туған жердің табиғаты Ә. Бала кезден арман болған қамшысы

Б. Үйде тектен-тек үйкүшік боп отыра алмауы В. Қой бағудың серілігі Г. Баласына көмек беруі

63

СЕГІЗІНШІ НҰСҚА

Байдалының Шорманға айтқан төрт нақылы

Шорман 90 жастағы Байдалы биге сәлем беріп, «үлгі сөз естиін» деп бала жігіт кезінде барған екен. Би: «О, кәрілік, мен саған не жаздым!» – дей беріпті. Қонағы бір қонып, аулына қайтқалы жатқанда Байдалы қарт бала Шорманға: «Не алып қайтып барасың?» – депті.

Ойхой, кәрілік, мен саған не жаздым» дегеннен басқа ештеңе естігенім жоқ, – депті Шорман. Сонда Байдалы Шорманға:

Сөздің анасы сенде, баласы менде еді, өзің бастамаған соң мен не айтайын, ана таппаса, бала тумақшы емес, әйтсе де ат арылытып келдің ғой, төрт ауыз сөз айтамын, соны алып қайт:

Алыста – не алыс, жақында – не жақын? Тәттіде – не тәтті, ащыда – не ащы? – депті.

Алыста – жер мен көктің арасы алыс, жақында – ерлізайыптының арасы жақын. Тәттіде – сол әйелден туған бала тәтті, ащыда – сол бала қаза тапса, сол – ащы, – дейді Шорман.

Бір айтуға бұл да жарайды, бірақ анығы бұлай емес. Жер мен көктің алыстығы жоқ, көзге көрінеді. Ерлі-зайыптының жақындығы жоқ. Талай еркек пен әйелінің араздасып келгенін көріп, айырып жібердім. Жақын болса, біреуінен біреуі айырыласар ма еді?! Бала да тәтті емес, айтуға ғана. Әкесімен араздасып, баласын әкесінен айырып әкеткенді де көрдім. Ондай баладан айырылғанның ащылығы жоқ. Төрт сөздің шешімі мынау:

Алыста – білімді мен наданның арасы алыс, жақында – өлім жақын. Тәттіде – жан тәтті, ащыда – сол жаннан айырылу ащы, – деген екен Байдалы би.

«Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос», – деп бұрынғылар осындай сөзді айтса керек («Ана тілі» газеті, 08.10.2009).

1.Байдалы бидің «О, кәрілік, мен саған не жаздым!» – дей беруі өзі айтқан төрт нақылдың қайсысын меңзейді?

А. Алысына қолының жетпейтінін Ә. Жақынына жақындап қалғанын

64

Б. Тәттісінен айырылып қалғанын В. Ащының дәмін татуы Г. Аталғандардың бәрін

2. Байдалы бидің төрт нақыл сөзін Шорман үйінен аттанып бара жатқанда айту себебі:

А. Кәріліктің ол келген күні сөйлеуге шамасын келтірмеуі Ә. Шорманның келген себебін айтпауы Б. Келген қонақтың үй иесінен бұрын сөз бастамауы

В. Байдалының бала жігіт Шорманның жолын сыйлауы Г. Шорманның мақсаты қарт кісіге сәлем беру ғана болғандықтан

Туған жердің қызығы

Қазақтың кәнігі құсбегілері бүркітті аспанда ұшып жүргенде танып, қырандығына сын айтып, тіпті қай таудың құсы екенін де ажырата білген. Бүркітті өзіне ұқсас құстардан ажырататын ерекшелігі – құйрығы мен мойнының ұзындығы. Бүркітке ұқсас құстардың тұяғы қара, қысқа әрі кіші болады. Ал бүркіттің саусақтары салалы, тұяғы ірі, ұзын болады, – деп атам көсіле түсті.

Ата, қай таудың бүркіті жақсы, қандай бүркіт қыран болады, – деп сұрады Дүйсен.

Е, балам, қолға түссе, Алтайдың ақ иығының жөні бөлек қой! Оның басты ерекшелігі басқа құстар тәрізді шәлкем-шалыс мінезі, қиянпұрыс қылығы жоқ. Қолға да тез үйреніп, адамға да тез бауыр басады. Бәлендей бап тілеп, күй де талғап жатпайды. Сабаз ғой ол, сабаз! Бүркітке қыран деген атақ ірі аңдарды алуына байланысты берілмеген. Оның зар күйіне келгендегі өжеттігіне, қайтпас қайсарлығына, қапысыз басатын алғырлығына, қияннан көзі шалатын көрегендігіне байланысты берілген. Түлкіге ғана күйі келетін бүркітті қасқырға салып қор етуге болмайды... Адам тәрізді бүркіттің де ірісі, ұсағы, әлді-әлсізі, сылбыры болады. Дембелше шаршысы күшке мығым, әлді келеді. Тұрқы ұзын салалысы өте ұшқыш, жылдам, қырпулы болады, – деп атам қыран жайындағы әңгіменің тиегін ағытты…

Мен атам мен Дүйсен Қарашоқының басына шыққанда, қамшының сабымен тоқымымды тарсылдата қағып, желе жортып келе жаттым. Бір кішкене өзекшеден бұлаң қағып, өрттей жайнаған қызыл түлкі шыға келді. Қары еріп жіпсіген күнгейдің қара тасына сағым түсіріп зытып барады. Артынан тұра шаптым. «Түлкі

65

қашты, түлкі!» – деп айқайлап келемін...Сөйткенше болмады атамның қолынан ұшқан Қарагер сорғалап түлкіге шүйілді. Бүркітті көріп жалт бұрылған түлкі тура менің атымның тамағының астынан өтті. Бірақ ол өзекке түсіп, тобылғының арасына кіруге үлгере алмады. Артқы таңынан ілген Қарагер оны көтере сүйреп, қайрыла бергенде, екінші аяқты бастан салып, екі бүктеп басып қалды. Жауырыны бүлкілдеп, құйрығы жайыла желпінген бүркіттің әдеттегісінен үлкейіп кеткенін байқадым. Шауып келіп аттан түскенімде, желке жүні тікірейіп, мойнын ие айбаттанған Қарагер басын қисайтып, шекелей қарады. Бір-ақ уыс болып қалған түлкінің құйрығы бұлаңдап, тісі ақсиып, езуі ғана ыржыңдайды. Дәрмен жоқ. Не істерімді білмей, қызығына қарадым да тұрдым...

Атам келіп жем қалтадан ет шығарып, бүркіттің көз алдына тосты. – Бөпем! Ашуыңды бас, қой енді, болды, – деген атам басынан, топшысынан сипап мәпелей бастады. Қарагер атамның сөзін түсініп, мәпелеуін ұнататын тәрізді. Атамның қолындағы етті менсінбегендей керенаулана бір екі шоқып, дәмін алған соң барып бір аяғын биялайға салды. Содан соң екінші аяғын да түлкіден босатты. Атам екінші қолымен түлкіні маған лақтырып:

«Үйіріңмен үш тоғыз» деп жерге соқ. Сонсоң Дүйсеннің қанжығасына байла, – деді.

Ата, түлкінің маған қажеті қанша? Әділ, оны атамның қанжығасына байла, – деді қарсы алдында тұрған Дүйсен.

О несі, ей, жол-жобаны білмей тұрып, қарсыласып? Байла қанжығасына, жол соныкі! – деді атам қатуланып.

Біз үйге қайтқанда күн кешкіріп қалған еді. Қуанышымыз қойнымызға сыймай, қанжығамызда түлкі бұлаңдап, мәз болған Дүйсен екеуміз ойқастап алда келеміз. Бүгінгі көрген қызығымызды айтып тауыса алатын емеспіз. Атам үшін бақыт деген ұғымның мәні – біздің қуанышымыз – ұрпақтың қуанышы сияқты (Ғ. Оралбаев, Қарашегір).

1.Мәтін бойынша бүркіттің қыран аталуындағы басты қасиеті:

А. Саусақтарының салалы болуы, тұмсығының бедерлі болуы Ә. Құйрығы мен мойнының ұзындығы, қайтпас қайсарлығы

Б. Алған аңын бермеуі, алдымен өзі шоқып көруі, алыстан көрегендігі В. Өжеттігі, қайсарлығы, алғырлығы Г. Дембелше келуі, қанатының ұзын болуы,зар күйіндегі өжеттігі

66

2. Мәтін бойынша мол күшке ие, мығым келетін бүркіт:

А. Саусақтары салалы, ұзын келетін құс Ә. Дембелше келген бүркіт Б. Мойны мен құйрығы ұзын қыран В. Қайтпас қайсар құс Г. Өжет әрі алғыр құс

3. Қарттың Қарагерге ұнайтын қылығы:

А. «Ашуыңды бас, қой енді, болды» деген сөзі Ә. «Бөпем» деп еркелетуі Б. Жағымды сөзі мен мәпелеуі В. Жем дорбадан ет беруі

Г. Басы мен топшысынан сипауы

4. Тұрақты сөз тіркесі бар сөйлем:

А. Қолға тез үйреніп, адамға тез бауыр басады Ә. ...Дүйсен екеуміз ойқастап алда келеміз

Б. ...Мойнын ие айбаттанған Қарагер басын иіп, шекелей қарады В. Атамның қолындағы етті менсінбегендей керенаулана... қарады Г. Артқы таңынан ілген Қарагер ... екі бүктеп басып қалды

Жарық пен көлеңке

... Ойды ой қозғайды. Өткен қилы кезеңнің кесірінен қаншама бауырларымыз ұлтынан, жерінен қол үзіп қалды десеңізші. Көп халықта ол білінбес. Аз халық үшін орны үңірейіп тұратыны анық. Кең жерімізде кем болып, олқының орнын толтыра алмай келе жатқанымыз да содан болар. Оны көзіқарақты, санасында сәулесі барлар білсе керек. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Орталық Азия республикаларындағы ұлттықаумақтық межелеу кезінде Сұлтанбек Қожанов бастаған Алаш ұлдары Бұқар уәлаятында 250 мың қазақ тұратынына алаңдаушылық білдірген екен. Тіпті автономия беру керек деген көрінеді. Бұл деректі тарихшы Д. Салқынбек келтірген. Сол қандастардың қаншасы атажұртқа оралды, қаншасы сіңіп кетті екен!? Алдағы жылдары қазақ 20 миллионға, өзбек бауырларымыз 40 миллионнан (қазір 32 миллион) асады деген дерек айтылып жүр. Ұлт жоқшысы, профессор М. Мырзахметұлының жазуына қарағанда, 1897 жылғы санақта тек Ресейдің қоластындағы қазақ (Қытай, Моңғолия, т.б. елдерді атамағанда) ұлтының саны 4 миллионға таяу болыпты. Өзбек бауырлар ол кезде 2,2 миллион екен. «Сонда қалай

67

болған? Ресей патшалығының, қызыл империяның қоластында қатар күн кешкен екі халықтың тірлігі неге бұлай?» дегенді тереңнен ойлап, сабақ алу керек шығар. «Жә, қазақтың жол баста деп алдына салып отырған көсемі кім? Ол – қазақтың оқыған азаматтары, зиялылары... Бұдан былай қазақ жарға жығылса обалы, жақсылыққа жетсе мақтаны – оқыған азаматта» деп осы жолдан таймаған әдебиет пен мәдениет, ғылым мен білім ісін алға сүйреген алып Мұхтар Әуезов ұлт демографиясын да бір сәт естен шығармаған екен. Оған дәйек, белгілі тілші ғалым Аққал Қалыбаеваның аузынан естіген мына бір тағлым еске түседі. «Ол кісі шын мәніндегі ұлтшыл еді» деп алып, бір жолы Ташкентке барған сапарында бауырларымен таныстырғаны туралы мына бір оқиғаны алға тартқаны бар. Махамбет деген ағасын көргенде, оның қимыл қарекетіне, тіл қайырымына қарап, ұлы тұлға: «Пәлі, қазақ дегенің осы жігіт пе, бұл нағыз өзбек жігіті ғой?!» – деп қиналыпты. Әлгі азамат іркілмей: «Өзбек десеңіз – өзбек боламыз, қазақ десеңіз – қазақ боламыз» дегенде өңі қарақошқыл тартып, бұл неткен намыссыздық дегендей: «Туғандарың бар ма?»

дейді.

Бір інім бар.

Пәлі, қазақ екі адамға азайып кетіпті ғой, балаларың не-

шеу?

Сегіз балам бар, Мұха!

О, пәлі, енді қайттім, енді қайттім, ә?! Екеу десем, жоғалтқан қазақ он болды ғой. Енді қайттім, – деп күйініпті.

Cөйтіп, ұлы жазушы көрші елге жадырап барып, көңілсіз қайтыпты. Осындай ұлттық рух дәл қазір әр қазақтың бойынан табылса, ойы от шашып, жігері, намысы найзағайдай жарқылдап тұрса, Тәңірім де жарылқаған үстіне жарылқай берер еді («Егемен Қазақстан» газеті, 27.11.2018).

1.Мәтін бойынша өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Алаш ұлдарын алаңдатқан мәселе:

А. Өзбекстанда тұратын қазақтардың тағдыры Ә. Бұқар уалаятындағы өзбек бауырларға автономия беру Б. Еліміздегі демографиялық саясат

В. Бұқардағы 250 мың қазақтың санын одан әрі көбейту Г. Ұлтымыздың тәуелсіздігін жариялау

68

2.Мәтін бойынша ХІХ ғасырдың соңында қай елдегі қазақтар өзбек бауырлардан екі есеге жуық артық болды?

А. Қазақстандағы Ә. Өзбекстандағы Б. Ресейдегі

В. Қытай және Моңғолиядағы Г. Дүниежүзіндегі

3.Мәтін бойынша «қазақ жарға жығылса», обалы кімге еді?

А. Оқыған азаматқа Ә. Әдебиет пен мәдениетке Б. Ғылым мен білімге

В. Ел басқарушы билікке Г. Сол қазақтың өзіне

4. Мәтін бойынша Мұхтар Әуезовтің Өзбекстанда тұратын қазақ бауырына ренжу себебі:

А. Оның өзбекке іш тартуы Ә. Өз тілін құрметтемеуі Б. Елін сағынбауы В. Намыссыздығы

Г. Бауыры мен балаларын Қазақстанға әкелмеуі

5. Берілген мәтіннің тақырыбы:

А. Шет елдердегі қазақтардың тағдыры Ә. Өзбекстандағы қазақ бауырларымыздың елге оралу мәселесі Б. Қазақ халқының өсіп өркендеу мәселесі В. Ұлтшылдық, намысқойлық Г. Ұлт зиялыларының ұлы істері

6. Мәтін бойынша тыныс белгілері дұрыс қойылмаған сөйлем:

А. Пәлі, қазақ екі адамға азайып кетіпті ғой, балаларың нешеу?

Ә. Бұдан былай қазақ жарға жығылса обалы, жеңіске жетсе мақтаны – оқыған азаматта

Б. Оны көзіқарақты, санасында сәулесі барлар білсе керек В. О, пәлі, енді қайттім, енді қайттім, ә?!

Г. Өткен қилы кезеңнің кесірінен қаншама бауырларымыз ұлтынан, жерінен қол үзіп қалды десеңші

Темірден түйін түйгендер

Түркілер арасында қара темірді қамырша илеп, болат балқытқан ұстаны киелі санау культі байырғы заманнан қалыптасқан. Әйгілі Рашид-ад-диннен жеткен деректе байырғы бабаларымыз Ергенеқоннан шыға алмай тұйыққа тірелгенде Темірші

69

ұстаның жетпіс өгіз терісінен көрік жасап, сол арқылы темір тау бөктеріне көмір жағып, тауды ерітіп, содан атақоныстарына жеткені баяндалады. Ғұндар дәуіріндегі сол алғашқы пассионарлық бастаудан кейін Ұлы даланы дүр сілкіндірген әміршінің де Темірші (Тэмүжин) аталуы тегін емес. Сол сияқты тұтас Түркістанда ренессанс дәуірін бастаған Әмір Темірдің атын да осы құтты киенің сарқыты деуге болады.

Алатаудағы Есіктен, Алтайдағы Берелден, Тарбағатайдағы Елеке сазынан Алтын адамдардың табылуы бағзы заманнан бері зергерлік өнерінің озық дәстүрі байтақ далада кең таралғанын көрсетеді. Алғаш Ұлы далада құрықталып, қолға үйретілген жылқының әшекейлі ер-тұрманы мен темір үзеңгі, арғымақтың ауыздығы, салт атты сайыпқыран жауынгерлердің сауыт-сайма- ны – ұсталық кәсіптің асыл өнімдері. Тау-тасымыздың қойнауында бабаларымыздан қалған жартас суреттерінде ұзын болат найзаны ұмсына ұстап, қолындағы шашақты байрақты жоғары көтерген, астындағы атына да мұздай темір кежім кидірген, ауыр қаруланған түркі жауынгерлерінің бейнесі жиі кездеседі. Бұл – сонау ғасырлардан жеткен түркі баһадүрінің қаһармандық тарихының рәмізі, біздің эпостарда сөзбeн суреттелген баршамызға таныс бейненің тастағы сұлбасы. Жырда «үзеңгісі үзбе алтын, құйысқаны құйма алтын, тебінгісі терме алтын» деп бейнеленетін кейіпкерлер. Сондықтан болса керек, теміршіні, ұстаны, шеберді түркі билеушілері айрықша қадірлеген, оларға ерекше әлеуметтік мәртебе берген. Қоғамда шеберлердің шоғыр тобы пайда болып, олар тіпті ата кәсібімен ғана шұғылданғандықтан, машығына қарай кейін руларға айналып отырған. Мысалы, темір балқытушыларды болатшы, көн илеушілерді көнші, биік арбаларды телеулер, қаңқа арба жасаушыларды қаңлылар деп атаған.

Әйгілі академиктер Қ. Сәтбаев пен Ә. Марғұлан өз зерттеулерінде Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтары ежелгі дәуірлерде металл өндірудің ірі орталықтары болғандығын айтады. Әсіресе Орталық Қазақстандағы «Қырық шұрық», «Қалайы қазған», «Ұста», «Қара темір», «Мың шұңқыр», «Бес шұрық», «Жезқазған» және «Теміртау» секілді кен орындары алғаш рет қола дәуірінде пайда болып, кейбір кеніштерді игеру кейінгі кезеңдерге дейін жалғасқандығы жөнінде деректер кездеседі. Қола дәуірінің тұрғындары осы өңірдегі кен орындарынан

70

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]