Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Астана

Бүгінде елордамыз қоныс тепкен кеңістік – Дешті-Қыпшақ заманында бой көтерген Бозоқ қаласы. Астана қаласы төңірегінің толық археологиялық картасын жасауға бастамашы болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Орта ғасырлық Бозоқ қаласы – Ақмоланың тікелей атасы, ал оның соңғы ұрпағы – қазіргі Қазақстанның елордасы Астана деп есептеуге болады», – деп көрсетті. Астана қаласы төңірегінде орын тепкен Бытығай мен Бозоқ қалаларының орны тек еліміздің астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілген кезеңде анықталды. Бозоқ қаласының орнын 1998 жылы тауып, 1999 жылы алғаш археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген Есіл археологиялық экспедициясының негізін қалаушы және жетекшісі Кемел Ақышев болатын. Бозоқ қаласы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бұзықты көлінің шығыс жағында, Есіл өзенінен өтетін дәстүрлі өткел Қараөткелден оңтүстік-шығыс бағытқа қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі кезде бұл археологиялық нысанның аумағы Астана қаласының шеңберінде қалған. Сарыарқаның төсімен жарыса ағатын қос өзен Нұра мен Есіл жағалауы ежелден-ақ далалықтардың құтты қонысы, қасиетті мекені болған. Бозоқ қаласы болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың шежіресі сонау көне дәуір тарихымен сабақтасатындығын айғақтайды. Бозоқ қаласы көне дәуірде Батыс пен Шығысты жалғастырған атақты Жібек жолының елеулі орталықтарының бірі болса, Астана бүгінгі Батыс пен Шығыс өркениетінің алтын көпіріне айналды. Ел орталығын Алматы қаласынан Ақмолаға ресми көшіру 1997 жылдың 10 желтоқсанында жүзеге асырылды. 1997 жылдың 20 қазанында Президент Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жария етті. 1997 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағы Ақмола қаласында күтіп алынды. Осы салтанатты шарада мемлекет басшысы: «Барлық саяси шешімдер бүгіннен бастап еліміздің жүрегі саналатын осы қалада қабылданатын болады», – деп ресми мәлімдеді. Астананы әлем болып тұрғызды. Қазақтың жаңа бас қаласын келбеттендіруге түрлі мемлекеттерден сәулет пен құрылыс өнерінің қас шеберлері атсалысып келеді. Астананың бас жоспарын Жапонияның атақты сәулетшісі Кисе Курокава жасады.

111

1998 жылғы 6 мамырда «Ақмола қаласын Астана қаласы деп атау туралы» Президент Жарлығы шықты. Астананың ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. Астана тұсаукесерінің өзіне ғана жүздеген миллион доллардың инвестициясы жұмсалған 47 нысан салынып бітті, оның үстіне, соның бәрі мемлекеттік қазынадан тыс атқарылды. Халықаралық ғарыш стансасының экипажы Астанамен тікелей телесеанс байланысына шықты. Ғарышкер Талғат Мұсабаев алыстағы орбитадан мемлекет басшысына, Астанаға және бүкіл Қазақстанға сәлем жолдады. 1999 жылғы 16 шілдеде ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға «Әлем қаласы» атағы берілді. («Алматы ақшамы» газеті, 21.12.2017).

1. Мәтін бойынша Бозоқ қаласы бой көтерген заман:

А. Дешті Қыпшақ заманына дейін Ә. Орта ғасырдың еншісінде

Б. ХІІІ ғ. мен ХV ғ. аралығы В. Әлі зерттеліп, анықталмаған

Г. ХVІІІ ғ. Бұзықты көлінің шығысындағы қала

2.Алматыны Ақмолаға көшіру шарасының ресми жүзеге асу мерзімі:

А. 1997 ж. 6 мамыр Ә. 1998 ж. 10 маусым Б. 1997 ж. 8 қараша В. 1998 ж. 6 шілде

Г. 1997 ж. 10 желтоқсан

3.Бозоқ қаласының қазіргі орны:

А. Астана қаласының шығысында 5 шақырым жерде Ә. Есіл өзенінің оң жағалауында арнайы қоршалған ашық мұражай қал-

пында Б. Нұра мен Есіл өзенінің бұрынғы ескі арнасының бойында

В. Қазіргі астана қаласының шеңберінде Г. Ескі Жібек жолының бойында

4. Мәтін бойынша есімдігі бар сөйлем:

А. Бозоқ Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бұзықты көлінің шығыс жағында...

Ә. Бозоқ қаласы Астананың шежіресін сонау көне дәуір тарихымен сабақтастырады...

Б. Астананы әлем болып тұрғызды.

В. Астана бүгінгі Шығыс пен Батыстың алтын көпіріне айналды.

Г. Нұра мен Есіл жағалауы ежелден-ақ далалықтардың құтты қонысы, қасиетті мекені болған

112

Қияда қалықтаған соқыр қыран

Қазақта небір ат сыншылары болғаны тарихтан белгілі. Ал құс сыншылары жайлы естіп пе едіңіз? Естімесеңіз, Берікбол ақсақалдың әңгімесіне құлақ түріңіз. «Қазақтың сыншыларының өзі ғажап қой. Өз алдына бір бөлек әңгіме. Атам қазақ аспандағы бүркіттің соқыр екенін білген. Әкем Әбілхасен аңшы, құсбегі, бүркіт, қаршыға, ителгі ұстаған адам. «Бала кезде Ақбұлақ маңында тұрғанда тұрымтай салып едім» деп отыратын. Жалпы, қазақ баланы әуелі тұрымтай салуға, содан ителгіге, қаршығаға, кейін әбден үйренгенде бүркітке баулиды екен... Мұны маған әкем айтқан еді: – Жиырма шақты жігіт кешке таяу аңнан қайтып келе жатыр едік. Арамыздағы бір жігіттің «ана аспанда ұшып жүрген бүркіттің сол жақ көзі соқыр» демесі бар ма, көкте қалықтап жүрген бүркітті нұсқап. «Сен де шатады екенсің. Аспандағы бүркіттің соқыр екенін қайдан білесің?», – деді жанымыздағы серіктеріміздің бірі бәрімізден бұрын кекете күліп. «Кел, онда бәс тігейік. Бәсіміз бес бесті болсын. Осыдан бүркіт соқыр боп шықса, сен бес жылқы бересің. Ал болмаса, мен бес бесті беремін. Бәленбайдың қыстауының бас жағында, сайда Қабдолда терегі деген қу терек бар, мына бүркіттің беталысы сол жақ», – дейді өзіне бек сенімді аңшы жігіт миығынан күліп. Расында, бүркіт қу терекке ғана қонақтайды. Жас терекке қонақтамайды...

Содан саят құрып, ерігіп келе жатқан бір топ жігіт түнделетіп әлгі қыстауды бетке алдық, – деп әңгіменің тиегін ағытушы еді әкем. Ұзын сөздің қысқасы, қыстауға жеткеннен кейін түн ішінде аяқтарына киіз байпақ киіп, тор салып, әлгі бүркітті қолға түсіреді. Жалпы, бүркіт қатты ұйықтайды. Және көзі түнде жөнді көрмейді. Сондықтан үкі бүркітті түнде алып қояды екен. Ал күндіз болса бүркіт алады. Екеуі де керемет қой. Содан не керек, таң атқанда қараса, айтса айтқандай бүркіттің сол жақ көзі соқыр болып шығады. «Соқыр болса да, бұл құстың қыраны екен», – дейді бастап келген аңшы жігіт. «Соқырын қайдан білдің, қыранын қайдан аңғардың?» – дейді қасындағы серіктері. «Қырандығы өте биік ұшты. Зау биікке бүркіттің бүркіті ғана ұша алады. Құлдилағанда сол жақ қанаты қалып қойып еді. Соқырлығын содан білдім», – дейді аңшы. Көрдіңіз бе? Бұл бүркіт көкке қалықтағанда көзі сау жағының топшысы алға шығып, соқыр жағы

113

кейін қалып қойған ғой. Жерде тұрып, соны қалай аңғарған десеңізші! Көз жанарының өткірлігін айтсаңызшы! Содан не керек, бәстен жеңілген жігіт бес бестісін беріп құтылыпты... («Егемен Қазақстан» газеті, Азамат Қасым).

1. Мәтін бойынша «жанары өткір» теңеуінің иесі:

А. Бүркіт Ә. Үкі. Қаршыға

Б. Берікбол ақсақал В. Аңшы жігіт Г. Әбілхасен аңшы

2. Мәтін бойынша баланы құсбегілікке баулудың баспалдақтары:

А. Қаршыға, тұрымтай, ителгі, бала бүркіт, бүркіт Ә. Ителгі, тұрымтай, қаршыға, бүркіт Б. Тұрымтай, ителгі, қаршыға, бүркіт

В. Ителгі, тұрымтай, бала бүркіт, қаршыға, бүркіт Г. Тұрымтай, ителгі, қаршыға, бала бүркіт, бүркіт

3. Мәтіннің стилі:

А. Публицистикалық стиль Ә. Көркем әдебиет стилі Б. Ауызекі сөйлеу стилі В. Баяндау стилі Г. Аралас стиль

4.Зау биікке ұшатын бүркіттің анықтауышы:

А. Алғыр бүркіт Ә. Өткір бүркіт Б. Соқыр бүркіт В. Зау бүркіт Г. Қыран бүркіт

5.Соқыр бүркіт туралы әңгімені баяндаушы:

А. Автор Ә. Аңшы жігіт

Б. Автордың әкесі Әбілхасен ақсақал В. Берікбол ақсақал Г. Бәстен ұтылған жігіт

6.Мәтін мазмұнындағы басты идея:

А. Құсбегілік, аңшылық Ә. Құсты баптау, саят құру

Б. Бүркіттің қырандығын бағалау В. Құс сыны, құсқа баға беру

Г. Құстың түрлерін ажырата білу, баптау әдісін дәріптеу

114

Ер қаруы – бес қару

«Ер қаруы – бес қару», – дейді халық мақалында. Ер жігітке сын сағатта қару болған жарақтар ел аузында түрліше аталып жүр. Есте жоқ ықылым заманнан ел есінде қалған ескі жырларда бес қару тіркесі жиі кездеседі:

Берік сауыт кигізді, Садағын сала байланып. Ер қаруы – бес қару

Бесеуін тамам ілгізді. («Құбығұл»)

Әрине, ертеде бес қаруға қару біткеннің бәрін жатқыза бермеген. Бес қару деп тартыспақ (садақ), атыспақ (мылтық), шанышпақ (найза, сүңгі), шабыспақ (қылыш, алдаспан, селебе), салыспақ (шоқпар, айбалта) сайыстарында жекпе-жекте жұмсалатын қаруларды атаған.

Ертегі сюжеттерінде: – Алыспақ керек пе, шабыспақ керек пе? – Алыспақ атамның арғы төрінде қалған, шабыспақ керек, – деп келетін тұрақты сөз орамдары жекпе-жек сайысына байланысты айтылады. Бес қарудың ішінде мылтық пен қылышқа, әсіресе қылышқа сыбаға қылу салтының болғандығын аңыз-әңгіме, жыр-дастандарда жиі ұшыратамыз. Қылышын мадақтап, оның суарылуы мен тойтарылуын айтып, «бір сыбаға қылғаны» туралы көркем жолдар:

Тойтарылуына шыдамай, Тоқсан шәкірт мойыған. Суаруына шыдамай, Айдын көлдер суалған.

Қылыш, алдаспан, сапы селебе, бүктемелі селебе, сағасы алтын нар болат, алмас тая, қынабын алтын қырқар тәрізді қару атаулары ауыз әдебиетінде жиі кездеседі.

Жеті қат жерден өткен Зұлпықардай, Қашауым қара тасты кетті ірітіп,

дейді Шашубай ақын. Осындағы зұлпықар сөзінің мағынасын айыра білмейміз. Зұлпықар – омыртқа кесер. Бұл атау діни әп-

115

санаға байланысты. Мысалы қазақ тілінде «аспаннан түскен төрт кітап» деген фразеологиялық тіркес бар. Діни ұғымда төрт пайғамбар аспаннан түскен төрт кітапқа ие болыпты: Тәурат (пятикнижье Мойсея) – Мұсаның, Зәбур (Псальтырь) – Дәуіттің, Інжіл (Евангелие) – Исаның, Құран – Мұхамбеттің кітабы. Осы тәрізді бұрынғы қазақ тілінде көктен түскен төрт қылыш (хәмкам, сәмсам, зұлқажа, зұлпықар) деген фразеологизм бар. Төрт қылыштың бірі – зұлпықар. От ауызды, орақ тілді Қашаған ақын домбыраны «қу ағаш» деп тілдеген молданы уәжді сөзбен тұқырта келіп:

Бұрынғы өткен заманда, Болған екен көп ұрыс. Көп ұрыстың кезінде Жәбірейіл жаннаттан Алып келген төрт қылыш.

Төрт қылыштың атын айтайын: Біреуінің аты – Хәмкам, Біреуінің аты – Сәмсам, Біреуінің аты – Зұлқажа, Біреуінің аты – Зұлпықар Қынабына солардың Қап та болған бұл ағаш, –

демей ме!

Аспақан қылышы – қылыштың жасалған жеріне байланысты қойылған атау. 1889 жылы шыққан «Қазақ мақалдары» жинағында «Қатын алсаң Қызылбастан ал, қылыш алсаң Аспақаннан ал, ат алсаң Арабстаннан ал» деген мақал бар. Қызылбасты – парсы, Аспақанды – Дағыстан деп көрсеткен.

Эпостық жырларда садақтың бұқаржа мен саржа деп аталатын түрлері кездеседі. Яғни Бұхара шеберлерімен даңқы шыққан қала болған. Ал башқұрт садағын қазақтар саржа деп атаған.

Мылтықтың қара мылтық (білтелі мылтық), үрім мылтық (Рум мылтық, Византия), үш тосарлы қанды ауыз, кер мылтық деген атаулары жиі ұшырасады. Мылтықтың қысқалауы – ақ шолақ, ұзындауы – ақ сырық мылтық.

М. Әуезовтің шығармаларында тасжарар қайың шоқпар, сегіз қырлап жонған қайың шоқпар тіркестері кездесіп отырады.

116

Алты құлаш ақ найзамен қатар айтылатын қарудың бірі – ақ сүңгі. Бұл – найзадан бөлек, сабына шыжым байлаған, бастан асыра шыр айналдыра лақтыратын қару. Осы қарудың сипаты Н. Ахметбекұлының дастандарында тайға таңба басқандай айқын баяндалады:

Ағаш сапты ақ сүңгі, Өзек құлаш шыжыммен,

Шырлатып жауға лақтырған.

(«Ана тілі» газеті, 05.09.2013).

1. Ер жігіттің бес қаруын жұмсайтын сайыс түрлері:

А. Атыспақ, шабыспақ, шанышпақ, ұрыспақ, тартыспақ Ә. Салыспақ, тартыспақ, шапқыласпақ, сүңгілеспек, атыспақ Б. Тартыспақ, шабыспақ, найзаласпақ, атыспақ, салыспақ В. Тартыспақ, шабыспақ, шанышпақ, салыспақ, атыспақ Г. Алыспақ, шабыспақ, тартыспақ, шанышпақ, атыспақ

2.Салыспақ сайысында қолданылатын қару түрлері:

А. Айбалта, шоқпар Ә. Шоқпар, сүңгі Б. Алдаспан, шоқпар В. Селебе, шоқпар

Г. Айбалта, шыжым

3.Шабыспақ сайысында қолданылатын қару түрлері:

А. Айбалта, селебе Ә. Алдаспан, зұлпықар Б. Сәмсам, сүңгі В. Қылыш, айбалта

Г. Нар кескен, шыжым

4.Жасалған жеріне байланысты аталған қарулар:

А. Бұқаржа, қара мылтық Ә. Саржа, кер мылтық

Б. Аспақан қылыш, үрім мылтық В. Зұлпықар, бұқаржа Г. Ақ шолақ, саржа

5. Қазақтың бес қаруы атаулары жиі кездесетін шығармалар:

А. Ертегі мен тарихи шығармалар Ә. Батырлардың өмірбаяны жазылған деректі шығармалар

Б. Аңыз әңгімелер мен тарихи романдар В. Атақты батырлар туралы жазылған көркем шығармалар Г. Ауыз әдебиеті

117

6.Мәтін бойынша аспаннан түскен төрт қылыштың біреуі – зұлпықар қай шығармада кездеседі?

А. Эпостық жырларда Ә. Қашаған мен Шашубайдың жырларында

Б. Қашағанның молдаға айтқан өлеңі мен Құран кітабында В. Шашубай ақын мен Н. Ахметбекұлының дастандарында Г. Ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі кездеседі

7.Жаугершілік кезінде шабуылға емес, тек қорғану үшін қолданылатын қару түрлері:

А. Шоқпар, сауыт Ә. Айбалта, семсер Б. Сүңгі, саржа В. Қалқан, сауыт

Г. Селебе, ақ шолақ

8.Мәтіннен тыс эпостық жырларда жиі қолданылатын садақтың құрамдас бөліктері:

А. Саржа, қорамсақ, жебе Ә. Садақ, жебе, қорамсақ Б. Адырна, садақ, жебе

В. Бұқаржа, адырна, қорамсақ Г. Жебе, қорамсақ, адырна

118

ОН ТӨРТІНШІ НҰСҚА

Сүңгуір өрмекші

Арктика мен Антарктиданың мәңгілік мұзынан басқа жер шарының кез келген жерінен кездесетін көндімпаз жәндік – өрмекшілер. Өрмекшінің 30 мыңға жуық түрі бар. Солардың бірі

– су өрмекшісі. Су өрмекшісі – ғажап жәндік. Өрмекші тұқымдастардың әлемдегі суда тіршілік ететін түрі – осы су өрмекшісі. Су өрмекшісі суда өсіп, дамып, сонда тіршілік етеді. Алайда оның құрлық жәндігі екендігіне күмән келтіруге болмайды. Су өрмекшісінде өрмекшіге тән белгілердің бәрі бар. Сонда су өрмекшісі қалай тіршілік етеді? Ауамен тыныс алуға су бетіне көтерілген су өрмекшісі суға сүңгу үшін дайындала бастайды. Ол аяқтарымен өрмек сүйелдерін тез-тез үйкелейді, сонда одан қоймалжың зат бөлініп шығады. Сол қоймалжың затқа табанын малып алады. Соңынан ол маймен құрсағын сылайды. Осындай әрекеттерден кейін артқы аяқтарымен ескекше есіп, басын төмен салып жіберіп, су тереңіне сүңгиді. Бұл кезде өрмекшінің қоңырқай түсі сынап тамшылары тәрізді ауа көпіршіктерінің әсерінен күмісше жылтырайды. Су өрмекшісі бұл әрекеттерді тынымсыз қайталайды. Ол таза ауа үлесімен осылай тыныс алады. Су өрмекшілері өздеріне су астынан ұя даярлап алады. Бұл ұяларын жібек тәрізді тұтас пластмассадан жасайды. Оны өрмек жібімен су өсімдігі сабағына байлап тастайды да, тұтас пластмассаға ауа толтыра бастайды. Оған ауа толтырған кезде су өрмекшісінің ауа күмбезді ұясы да әзір болады. Сонымен су өрмекшісі осы ауа күмбезінде тіршілігін жалғастыра береді («Ана тілі» газеті, 23.01.

2020).

1. Су астындағы қоңырқай түсті өрмекшіні сынап тәрізді түске енгізіп, күмісше жылтырататын:

А. Денесінен бөлінетін қоймалжың зат Ә. Аяғындағы өрмек сүйелдері Б. Денесінен бөлінетін өрмек жібі

В. Су астындағы ауа көпіршіктері Г. Су өсімдіктерінің көлеңкесі

119

2. Сүңгуір өрмекші су астындағы ұясына ауаны қалай толтырады?

А. Өсімдіктің сабағы арқылы Ә. Құрсағына жағылған қоймалжың затқа ауа көпіршіктерін жабыстырып

тасиды.

Б. Өрмек жібінің бойымен.

В. Су бетіне қайта-қайта шығып, ауа жұту арқылы Г. Пластмасса тәрізді шағын құтылармен

Ашамай

Карантин басталғалы әншейінде үй бетін көрмейтін балашаға төрт қабырғаның ішіне қамалған. Бестен жаңа асқан Айтуар қонақ бөлмедегі диванның жұмсақ жақтауын ат қып мініп, құйғытып шауып барады. Қала баласына бәрі – таңсық. Ешкім үйретпеген, атқа осылай міну қажеттігі жөнінде жөн нұсқамаған. Бәлкім, ат үстінде өткен ата-бабамыздың қанындағы қасиет өзөзінен даритын шығар. Қолындағы әншейін әдемілік үшін істеген кішкентай қамшымен диван-аттың сауырынан салып-салып қалып, шу-шулеп қояды. Осы сәтте ойыма шын атқа мінгізу түскені. Карантин біткен соң ауылға, үлкен ағайдың шаңырағына апармақпын. Ол үйде мініс, жуас аттар бар. Тек ертоқым қайдан табылар екен. Өткенде қазақи ертоқымның қат екендігін айтып отырған.

– Біздікі шылдыр шүмектің жуандығындай темірмен қаусыра қапталған орыс ер-тоқым ғой, деген ағам, бар болғырдың жайсыздығы сондай, аттың шоқтығын алып тастайды. Тоқымын қанша қалың салсаң да, темірдің аты – темір емес пе? Кішкентай бала жап-жалпақ әрі ебедейсіз орыс ер-тоқымына отыра алмауы мүмкін. Бойын билей алмай, құлап қалуы кәдік. Сол сәтте ашамайдың есіме түсе кеткені. Дәл қазір біздің елде ашамайды бала түгілі, ата сақалы аузына шыққандар да біле бермейді. Іле індете іздедік, қырық жыл жылқы баққан Жетпіс ағатайым да білмейді екен.

Ашамай, негізінде, баланы атқа мінуге үйрету үшін пайдаланатын ертоқымның ең қарапайым түрі. Ер сияқты алдыңғы, артқы қастары, екі қапталы болады. Әдетте үзеңгінің орнына тебінгіге жапсыра тепкішек тігіледі. Жұқа, жұмсақ болған соң баланың тізесін жараламайды. Алдыңғы, артқы ердің қасына баланың қолтығының астынан байлайтын ағаш бекітіледі. Құлап

120

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]