Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Өне бойыңа шым-шым сіңіп, шымырлата тараған тәтті әуез сорғалап-сорғалап келіп, ақыры там-тұмдап, тамшылап таусылды. Қара домбыра күйшінің тізесіне сылқ құлады...

Күйім-ақ екен, – деді сұйқылт сақалының ұшын саусағына орап ап, тапжылмай тыңдаған ақ сұр шал. От жағып отырған бала қолындағы көсеуге көзі енді түсіп, қазанның астына әрлі-берлі сүңгітіп-сүңгітіп алды. Келіншек екі қолын тізесіне салып, домбыраға қараған боп, бір қырын бұрылып, бар ыждаһатымен тыңдаған екен...Ақсары жүзіне қан ойнапты.

Жаңағы күйдің аты не? – деген ақ сұр шалдың сауалына:

Алатау, – деп жауап қайырды жолаушы...

Есіміңіз кім? – деп сұрады ақ сұр шал.

Құрманғазы... (Ә. Кекілбаев, «Аш бөрі» әңгімесінен).

1.Мәтіндегі «...емешегі үзіліп, елжіреп тұрған өмірді қайтіп сүймессің, қайтіп талақ етпексің», деп баяндаушы:

А. Түрмеден шыққан жолаушы

Ә. Жолаушы тартып отырған күй Б. Күйге еліктеген ақ сұр шал В. Әңгіме авторы – жазушы

Г. Нан илеуге оңтайланған бәйбіше

2. Күйшінің салалы саусақтары перне бойын қармалап жүріп тапқаны:

А. Жол үстінде туған жаймашуақ әуезі Ә. Тартатын күйінің басты нотасы Б. Домбыраның «көйгөйлейтін» әуені

В. Күй тыңдауға құмар ортаның көңілінен шығатын туынды Г. Түрмеде көрген қиындықтың «жантүршігерлік» азабын баяндайтын әуен

3. Мәтіндегі «...сорғалап-сорғалап келіп, ақыры там-тұмдап, тамшылап таусылған» құбылысты бейнелейтін көрініс:

А. Жолаушы түскен үйдің есік шиінен аққан жауын суы Ә. Ақсары жүзді келіншектің жанындағы самаурын шүмегінен тамшылаған су Б. Күй баяндаған құпиялы сыр

В. Күйдің әуеніне еліте тартқан күйшінің маңдайынан аққан тер Г. Тыңдаушыларының есін алған күй

4. Сықырлауығын сылдыратып, қолына шелегін ұстап келіншек шыққан ақ боз үйге Құрманғазыны алып келген:

А. Қарсы ұшырасқан бозбала Ә. Кез өркеш аруана

Б. Жолаушыны құдайы қонақ етпекші болған ақ сұр шалдың ұлы В. Кешкі малдың сауынына шыққан жас келін Г. Ақ боз үйден шығып жатқан күмбірлеген күйдің әуені

221

5.Шай құйып отырған ақсары келіншектің жүзіне қан ойнап шыға келген сәт:

А. Кесе ұсынған тұста күйшінің өзіне сұқтана қараған кезі Ә. Күйшіге есік ашып, құрметпен үйге кіргізген сәт Б. Күйшінің түрмеден шыққанын білген кезде В. күйдің әуенін ыждаһатпен тыңдаған сәт

Г. Күйшінің өзі тартқан күйдің «Алатау» күйі екенін айтқан сәт

6.Құрманғазы ақ сұр шалдың өтінішіне орай басталып, баппен өрлей түскен күйдің әуезі қандай еді?

А. Бойыңды балқытатын майда әуез Ә. Жаныңды сергітетін тентек үн

Б. Жайбарақаттыққа шақыратын қоңыр әуез В. Сезімнің пернесін дөп басатын қоңыр үн

Г. Домбыраның шанағынан емес, күйшінің кеудесінен шыққандай күмбір

әуез

7.Мәтіннен алынған ауыспалы мағынадағы сөзі бар сөйлем:

А. Күйім-ақ екен, – деді тапжылмай тыңдаған ақ сұр шал Ә. ...жануар үңіле бір қарады да, жүріп кетті Б. Есіңе қайдағы-жайдағы түседі

В. От жағып отырған бала қолына көсеуін алып, аузы ашылып, аңырайыпты да қалыпты

Г. Қалтасынан тиек ап қондырды

Бір кештің ұлағаты

...Заманына, заманының саясатына қызмет еткен дараның бірі – күні кеше арамыздан кеткен, бірақ халық жадында сақталған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бұл адамның кеңдігі, кісілік қасиеттері жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Алда да айтылары, жазылары хақ. ...Димаш Ахметұлы 80 жылдығын өткізді. Той өз үйінде болды. Түнгі 12-лерде Димекеңнің өзі сөз алды:

– Осы кеш бойы, қонақтарым, мен жөнінде жақсы-жақсы тілек айттыңыздар. Ризамын. Мен де әрбіріңіз туралы осылай сөйлер едім... бірақ мен Сіздерге ширек ғасырдан астам ел басқарған кезімде өзіме ой салған үш оқиға туралы әңгімелеп берсем деймін.

Біріншісі. Республикаға бірінші хатшы болып сайланған кезім. Талдықорғанға іссапарым түсті. Обкомның бірінші хатшысы: «Димеке, керемет бір шошқа фермасын салдым. Гүрлеп тұр. Өнім жақсы. Көріңізші», – деп қиылып қоймады. Бардым. Шы-

222

нында да, жарық, таза.Торайы бар, шошқасы бар – бәрі өріп жүр. Байқағаным, ақ халатты жұмысшының бәрі – өрімдей қазақ қызкеліншектері.

Бұл қалай? – деп сұрадым. Хатшы жымия күлді:

Димеке, кереметтің сыры – осында. Қазақтың қызкеліншектері торай ұрламайды. Өнім көбейеді. Бұл бір қулығым ғой, – деді.

Ал бұл нағыз жымысқы қулық еді. Қулық болғанда, ұлттың ерекшелігін, қазақтың шошқа етін жемейтіндігін көздеген бақай есеп болатын. Ұлттығыңды, дініңді, тағы басқа осал тұсыңды пайдаланып, қулықпен басқарамын деу – абыройлы іс емес. Көңілімде қалды. Адал болғанға, ақ болғанға не жетсін!

Екіншісі. 60-жылдардың аяғында Алматыда таудан құлаған тасқын жиілеп кетті. Қалаға төнген сондай бір қауіпті селді тоқтата алмай әбігерге түсіп жатырмыз. Ғалым да, құрылысшы да, маман да жетерлік. Бірақ суды тоқтатар айла жоқ. Осы кезде өзіміз көріп жүрген көп қарттардың бірі асықпай, жай сөйлейтін, қарапайым қария келді.

Ай, бауырларым-ай, мына әдістеріңмен тасқынды тоқтата алмайсыңдар. Маған 50 солдат, ши тауып беріңдер, – деді. Сенбесек те, бердік. Қария шиді жайып, оны сазға орады. Нәтижесінде топырақ пен тасты шыдатпай, шайып жатқан су ағыны кідірді. Қала тасқыннан аман қалды. Сонда: «Апыр-ау, қарапайым халықтан асқан даналық бар ма?!» – деп таң қалдым. Демек, даналық – халықта.

Үшінші оқиға Атыраумен байланысты. Қызмет бабымен ел аралап жүрдім. Азаматтар бір атақты малшының қыстағына соға шықсақ дейді. Көмекшім: «Димаш Ахметұлы, ол кісінің шаңырағында үлкен қуаныш болып жатқан көрінеді, егіз сәби дүниеге келіпті», – деді. – Бәрекелді, сый-сыяпат ала барайық», – дедім. Келдік. Балалардың бауы берік болсын айттық.

Отағасы, балалардың атын қалай қойдыңыз? – деп сұрадым. Үй иесі масаттанған кейіппен:

Аттарын қатырдым. Біреуінің аты – Максим, екіншісінікі

Горький, – деді. Үнсіз қалдым. Еліктеуден туған надандық. «Максим» деген ат тек «Горкийге» ғана жарасады. Ал қазаққа телудің қанша қажеті бар?! Аңғал әке ойламады-ау, ертең үрім-бұ- тағының Горькийден тараған болып шығатынын.

223

– Иә, құрметті қонақтарым, ширек ғасыр ел басқардым, халықтың арасында болдым. Бірақ халықтан үлкен болмауға тырыстым. Өзімнің халықтан биік тұрмағаныма шүкіршілік етемін... («Ұлағат» журналы. – №1. – 2012).

1. Мәтіндегі Димаш атамыздың көңілін қалдырған талдықорғандық басшының қулығы:

А. Талпақтанауларды қазақтың қыз-келіншектеріне бақтыруы Ә. Өнімді әрі мол, әрі тез беретін шошқа шаруашылығын ашуы

Б. Өз жетістігін Республиканың бірінші басшысына көрсетіп қалу В. Қазақтың ұлттық ерекшелігін пайдаланып, бақай есеппен басшылық жасауы

Г. Қазақтың қыз-келіншектерінің ұрлық жасамайтындығын пайдалануы

2. Димаш Ахметұлының бірінші оқиғадан кейінгі түйінді ойы:

А. Имандылық, сауаттылық Ә. Қайырымдылық, қасиеттілік Б. Адалдық, көңіл тазалығы В. Қабілеттілік, ұлтшылдық Г. Іскерлік, ептілік

3.Димаш Ахметұлының екінші оқиғадан кейінгі түйген ойы:

А. Ақыл-ой, даналық қарттарымызда екен Ә. Ақылды көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұрау Б. Тау қопарып, сел тоқтататын күш халықта В. Даналығымыздың бәрі халықта Г. Келісіп пішкен тон келте болмайды

4.Сол алпысыншы жылдары Алматыға қауіп төндірген селдің жолының кейін қауіпсіз жағдайға жету себебі:

А. Таудан құлайтын өзендердің бәрі қала сыртына қарай бұрылды Ә. Сел қаупін төндіретін тасқын судың бәрі бір арнаға тоғысып, үлкен

көлге құйылды Б. Сел қаупін туғызатын тасқын сулардың бәрі Үлкен Алматы каналымен

шаруашылыққа пайдаланылуда В. Сол алпысыншы жылдардың орта тұсында салынған Медеу плотинасы

(бөгеті) сазға ораған шидің орнына салынды Г. Күн райының салқын климатқа ауысуы тау мұздақтарын ерітуін тоқтатты

5.Мәтін бойынша үшінші оқиғадағы атақты малшыны балаларына орыс есімін қойғанына масаттандырған себеп:

А. Сол тұстағы саясат

Ә. Мемлекет басшысына орыс жазушысының есімімен мақтану Б. Балаларын орыстың белгілі жазушысындай болсын деген түсінік В. Балаларына көз тимес үшін ырымдап орыс есімін қоюы Г. Құр еліктеуден туған надандық

224

6. Дінмұхамед Ахметұлының шүкіршілік еткен ісі:

А. Ұзақ жылдар елін абыроймен басқарғанына Ә. Қанша жыл ел басқарса да, халқынан жоғары тұрмағанына Б. Өз халқының шексіз даналығына

В. Мерейтойына келген қонақтарының сый-құрметі мен жылы лебіздеріне Г. Әділдік пен адалдық жолынан таймағанына

7. Бастауышы жасырын тұрған жай сөйлем:

А. Ай, бауырларым-ай, мына әдістеріңмен тасқынды тоқтата алмайсыңдар. Ә. Ғалым да, құрылысшы да, маман да жетерлік Б. Республикаға бірінші хатшы болып сайланған кезім В. Ал бұл нағыз жымысқы қулық еді Г. Өнім көбейеді

225

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

1.Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1985. – 384 б.

2.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 449 б.

3.Исаев С. Қазақ тілі. – Алматы: Рауан, 1996. – 236 б.

4.Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым,

1977. – 712 б.

5.Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1976. – 374 б.

6.Қадырқұлов Қ. Қазақ тілі пәні бойынша тест тапсырмалары. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 164 б.

7.Қадырқұлов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Қазақ универ-

ситеті, 2018. – 136 б.

8.Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. – Алматы: Қазақ уни-

верситеті, 1991. – 168 б.

9.Тіл білімі сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1998. – 544 б.

10.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.

11.Әлімқұлов Т. Тұлпардың тағдыры. – Алматы: Атамұра, 2006. – 227 б.

12.Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1979.

4-том. Әңгімелер. – 456 б.

13.Ел аузынан. Шешендік сөздер, аңыз әңгімелер. – Алматы: Жазушы,

1989. – 368 б.

14.Жамантаев К. Абылай хан. – Алматы: Дария-пресс, 1993. – 147 б.

15.Жүнісов А. Бабалар дәстүрі. – Алматы: Полиграфия, 1992. – 80 б.

16.Исабеков Д. Екі томдық шығармалары – Алматы: Жазушы, 1993.

469 б.

17.Кекілбаев Ә. 12 томдық шығармалары. – Алматы: Қазығұрт, 1999.

18.Майлин Б. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1977. – 544 б.

19.Нәжімеденов Ж. Ақ шағыл. – Алматы: Жазушы, 1973. – 248 б.

20.Нұрпейісов Ә. Соңғы парыз. – Алматы: Жазушы, 1999. – 472 б.

21.Нұршайықов Ә. Махаббат, қызық мол жылдар. – Алматы. Жазушы,

1970. – 280 б.

226

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз ...........................................................................................................

3

Бірінші нұсқа ...................................................................................................

5

Екінші нұсқа ....................................................................................................

12

Үшінші нұсқа ...................................................................................................

20

Төртінші нұсқа .................................................................................................

29

Бесінші нұсқа ...................................................................................................

38

Алтыншы нұсқа ...............................................................................................

46

Жетінші нұсқа ..................................................................................................

55

Сегізінші нұсқа ................................................................................................

64

Тоғызыншы нұсқа ............................................................................................

73

Оныншы нұсқа .................................................................................................

82

Он бірінші нұсқа ..............................................................................................

91

Он екінші нұсқа ...............................................................................................

101

Он үшінші нұсқа ..............................................................................................

110

Он төртінші нұсқа ...........................................................................................

119

Он бесінші нұсқа .............................................................................................

129

Он алтыншы нұсқа ..........................................................................................

139

Он жетінші нұсқа .............................................................................................

148

Он сегізінші нұсқа ...........................................................................................

156

Он тоғызыншы нұсқа ......................................................................................

164

Жиырмасыншы нұсқа .....................................................................................

174

Жиырма бірінші нұсқа ....................................................................................

183

Жиырма екінші нұсқа ......................................................................................

191

Жиырма үшінші нұсқа ....................................................................................

199

Жиырма төртінші нұсқа ..................................................................................

207

Жиырма бесінші нұсқа ....................................................................................

216

Библиографиялық тізім ...................................................................................

226

227

Оқу басылымы

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ: МӘТІНДЕР МЕН

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Оқу құралы

Құрастырғандар:

Қайсар Қадырқұлов Назина Қадырқұлова

Редакторы Г. Ыбырайқызы

Компьютерде беттеген Ұ. Молдашева Мұқабасын безендірген Б. Малаева

Мұқабаны безендіруде сурет www.freepik.com сайтынан алынды

ИБ №13751

Басуға 07.08.2020 жылы қол қойылды. Пішімі 60х841/16. Көлемі 14,25 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылым. Тапсырыс №10349.

Таралымы 130 дана. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

«Қазақ университеті» баспа үйі. 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.

«Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылды.

228

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]