Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

Мансұров Б.Б.

PhD доктор

ПАЙҒАМБАР ХАДИСТЕРІ МЕН ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

Әрбір мұсылман баласы ұстанатын екі негіз бар. Олар: Қасиетті Құран мен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың хадистері (кейде мұны сүннеттері деп те атайды Б.М.). Ислам дінінде бұл екеуінің алатын орны ерекше. Өйткені Құранды не хадисті дұрыс түсінбеу дінді дұрыс түсінбеуге алып барады.

Қазақ халқы рухани болмысын Құран және хадиспен байланыстырып, өмір тіршіліктерінде тірек етіп отырған. Бұған тарих куә.

Құран деп – жаратушы Алла Тағаланың пенделеріне жіберген иләһи кәләмін айтатын болсақ, хадис деп – Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөздерін айтамыз. Алайда, хадисті тек сөздер жиынтығынан тұратын фраза деп атауға болмайды. Себебі, Пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан хадистер – һәм шариғат негіздері һәм мұсылман тіршілігінің қайнар көзі.

Бүгінгі күні халқымыздың дінге деген сүйіспеншілігі мен оны қадірлеп қастерлеуі арта түсуде. Алайда Құран мен хадиске тек діни тұрғыдан ғана көңіл аударып келеді. Ғылыми көзқараста зерттемелер жоқтың қасы.

Біз бұл мақаламызда Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері мен халқымыздың баға жетпес бай мұрасына айналған мақал-мәтелдердің айтылу барысындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына ғылыми тұрғыда талдау жасай отырып, өз пікірімізді ортаға салмақпыз.

Хадистер – дін үйренуге, Ислам әдеттері мен мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты Құран үкімдерін түсіндіруге бағытталған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) нақыл сөздерін ғана емес, мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігіндегі түрлі мәселелерге байланысты нұсқауларын, сондай-ақ іргелес мемлекеттердің басшыларына жолдаған хаттарын да қамтиды. Сонымен қатар орын алған жайттардың түсіндірмелері және бүкіл мүмін-мұсылмандардың аға буыны – сахабалардың айтқан сөздері мен іс-әрекеттері де хадистер қатарынан орын алады [1, 4].

Хадис жайында көптеген дін өкілдері өзіндік анықтамаларын берді. Профессор Али Өзек: «Хадис ғылымының маңыздылығы хадистің маңыздылығы сияқты. Сондықтан сахабалар, табиғиндер және олардан кейін келген буын хадис ғылымына үлкен жауапкершілікпен қарап, маңыздылығына көңіл аударған. Хадис ғылымының алаңы өте кең әрі өте қиын алаң. Бұл алаңның барлығын қоршау аса қиын шаруа», – дейді [2, 7].

Хадис дін ғылымының ең негізгі саласының бірі болғандықтан ғылыми тұрғыдан да, діни тұрғыдан да көп зерттелген. Мәселен, ислам ғалымдары хадистің мағынасын анықтауда әр салаға қарай түрлі көзқарас қалыптастырған. Айталық, фиқһ усулі (шариғат методологиясы) ғалымдарының анықтамасында хадис – пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзі, ісі және құптаған ой-тұжырымдары [3, 450]. Бұл тұрғыда ол осы мағынада қолданылатын сүннет сөзінің синонимы болып табылады. Ал атақты имам әс-Суютидің пікірінше, «хадис» сөзі тек пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетіне ғана емес, сахабалар мен табиғиндердің көзқарастары мен іс-әрекеттерін бейнелейтін хабарларға да таңылады. Бұл жерде хадис сөзінің мағынасы хабар ұғымының баламасы ретінде келеді. Осыған сай сахабаның сөзі, ісі және мақұлдауы «мауқуф хадис», ал табиғиннің сөзі мен ісі «мақтуғ хадис» деп те аталады [4, 147148].

«Хадис» сөзіне қатысты түрлі мағынадағы анықтамалар болса да, «хадис» сөзін естіген уақытта Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзі, ісі және қандай да бір сахабаның іс-әрекетін көзбен көріп, мақұлдауы ойға оралатыны анық. Бұл тұрғыда хадис сөз, іс және құптауды ұғындыратын сүннет сөзінің синонимі бола отырып, тамыры сонау пайғамбар (с.ғ.с.) дәуірінен бастау алады» [5, 15-16].

Демек, қалай болғанда да хадис деген уақытта ойға Пайғамбардың айтқан сөздері, дін тұрғысында берген үкімдері оралатыны рас. Сондықтан хадис белгілі бір мәселеге байланысты айтылған сөз. Оның белгілі бір авторы бар. Ол – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар.

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен қазақи дүниетанымын тереңінен танып білуде мақал мен мәтелдің орны ерекше. Мақал мен мәтел арқылы астарлап, тұспалдап айтылған ойды түсініп, қорытынды шығарып, тағылым алуға болады. Мақал мен мәтелдің әрбір астарында тәрбиелік мән жатыр.

161

Мақал-мәтелдер жайында орыс түркологтардан бастап, кешегі қазақ зиялылары мен бүгінгі тіл білімінің майталмандары тиісінше зерттеу жүргізіп, өз пайымдауларын жасады. Тіпті мақал мен мәтелдің ара жігін ажыратып, айырмашылықтары жайында да кейбір зерттеушілер диссертациялық жұмыстарының тарауларында сөз етті. Р.Сәрсенбаев /6/, Ө.Айтбаев /7/, С.Сәтенова /8/, А.Нұрмаханов /9/, Б.Уызбаева /10/ және т.б. ғалымдар мақал мен мәтелдің өзара айырмашылығы жайында да ғылыми жұмыстарында атап өтті.

Сонымен біз сөз еткелі отырған хадистер мен мақал-мәтелдердің өзара қандай айырмашылықтары бар, нендей өзгешеліктерден тұрады? Осы жағын зерделеп көрелік.

Хадис пен мақал-мәтел арасындағы айырмашылықтар:

1. Мақал – халық өмірінен алынған ой-тұжырымдардың қорытынды жиынтығы. Ойды айқын түрде жеткізетін халық даналығы. Мақал-мәтел құрамындағы мағыналар ой жиынтығынан келіп шығады. Мысалы, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің; Атасы жақсы көргенін айтады, атасы жаман бергенін айтады.

Хадис – пайғамбар айтқан барлық сөздер мен іс-амалдар жиынтығы. Хадисті Пайғамбардың өмір тәжірибесінен алынған нақыл сөздер немесе өзінен бұрынғы араб дәстүрінің негізінде қалыптасқан ұлағат сөздер жиынтығы (топтамасы) деп айтуға болмайды. Ол (Пайғамбар) тек Раббысынан алғанды ғана баяндаушы. Құран аятында: «ﻰﺣﻮﯾ ﻲﺣو ﻻا ﻮھ نا ىﻮﮭﻟا ﻦﻋ ﻖﻄﻨﯾ ﺎﻣ و» (Уә мә янтиқу анил һауа. Ин һуа иллә уахюн, юха) «Ол (Пайғамбар) өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи2 ғана» [11, Құран 53/4]. Сондықтан мақал-мәтел мен Пайғамбар хадистерінің айырмашылығы жайында сөз қозғағанда осы бір параметрді ескеру керек.

2. Мақал-мәтелдер көптеген жеке адамның атынан айтылады. О баста шыққан тарихы, айтқан авторы болғанымен, олардың шығарушысы ұмытылып, ауыздан-ауызға тарап, өңделіп, өзгеріп отырады. Академик Ә.Қайдар: «Ғылым дүниесінде «Мақал-мәтелдердің авторы жоқ» деген пікір қалыптасқан. Бұл әрі дұрыс, әрі бұрыс пікір», – дейді [12, 4]. Бұрыс болатын себебін, мақалмәтелдердің қандай түрі болмасын, ғайыптан пайда болған, не ел-жұрт жиналып, ақылдасып, кеңесіп шығарған дүние емес десе, дұрыс болатын жағын жеке дара тұлғалар қалдырған өнеге, өсиет өрнегі солардың атымен ұзақ сақтала бермейді. Өз кезінде қағазға түсіп хатталмаған автордың есімі ұрпақ жадында сақталмауы табиғи құбылыс деген пікір айтады.

Р.Сәрсенбаевтың пікірінше, мақал-мәтелдер әрқашан ауыз әдебиеті негізінде жасалып, ауызша пайда болатындықтан, оның авторы болмай, халық қазынасы деп аталады [6, 23]. Мысалы, Атың шықпаса жер өрте; Өле жегенше бөле же; Аталмаған жая таңдар; Ұны жоқтың құны жоқ; Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын және т.б.

Хадис – Пайғамбар сөзі болғандықтан, оның авторы да, сөйлеушісі де, баяндаушысы да Пайғамбар. Оған әлдебір кісі өз тарапынан сөз қоса алмайды. Әлдекім өз ойынан хадис келтірер болса, әсте қабылданбайтынына қатаң түрде ескерту жасалған. Хадисте « ﻦﻣ هﺪﻌﻘﻣ أﻮﺒﺘﯿﻠﻓ اﺪﻤﻌﺘﻣ ﻲﻠﻋ بﺬﻛ ﻦﻣ رﺎﻨﻟا» (Мән кәзибә алайа мутағаммидән фәлятәбәууә-у мақғадаһу минән-нар) «Кімде-кім менің атымнан жалған сөйлейтін болса, өзіне тозақтан бір орын дайындай берсін» делінген [13, 255]. Сондықтан қай хадисті алсақ та оның иесі ретінде Пайғамбар тұрады. Мысалы, « ﮫﺘﺋوﺮﻣ و ﮫﻨﯾد ءﺮﻤﻟا مﺮﻛ ﮫﻘﻠﺧ ﮫﺒﺴﺣ و ﮫﻠﻘﻋ» (Кәрума әл-мәри динуһу уә муруәтуһу ақлуһу уә хасабуһу хулуқуһу) «Кісінің ұлықтығы – дінінде, парасаттылығы – ақылында, тектілігі – көркем мінезінде» [14, 328]; « ﻢﻛﺮﺒﺧأ ﻻأ ﻖﻠﺨﻟا ﻦﺴﺣ و ﺖﻤﺼﻟا :نﺪﺒﻟا ﻰﻠﻋ ﺎﮭﻧﻮھأ و ةدﺎﺒﻌﻟا ﺮﺴﯾﺄﺑ» (Әлә ухбирукум би әйсәри әл-ғибадати уә әһуаниһа ала әлбәдәни: әс-самту уә хусну әл-хулуқи) «Сіздерге тәніңізге оңай әрі жеңіл келетін ғибадаттың түрін айтайын ба? Үнсіздік пен көркем мінез-құлық» [15, 48]. Кез келген сөзді хадис деп айта беру де дұрыс емес, әрине. Қандай да бір хадисті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға телу үшін, әуелі оның сәнәдін3 анықтау қажет. Егер Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға телінген сөздің сәнәді жалған болса, ол хадис «маудуғ» деп аталады да, хадис ретінде қабылданбайды. Яғни ол сөздің авторы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар емес. Сондықтан хадис жеткізушілер бұл мәселеде өте мұқияттылық танытқан. Соның негізінде хадистерді үлкен үш түрге бөлген. Олар: сахих, хасан және дағиф. Шарғи мәселелерде сахих (дұрыс) және хасан (жақсы, олқылығы жоқ) хадистерді ғана негізгі дерек көз ретінде пайдаға асырып отырған.

2Уахи деп – Алла Тағаланың Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға жеткізген хабары.

3Сәнәд: хадис ғылымында хадисті кімнен естігенін, оның шынайылығын айқындайтын термин.

162

Келтірілген мәліметтер бойынша хадис пен мақал-мәтелдің арасында авторға қатысты айырмашылықтардың бар екендігін анықтауға болады.

3. Мақал-мәтелдер өмір тәжірибесінен туындағандықтан адам бала-сының күнделікті тіршілігінде дәлел ретінде алынбайды. Айталық, сотта үкім шығарғанда, бір мәселе жайында дауласқанда және т.б. Тек болып жатқан оқиғаға қатысты ғибрат алу мақсатында, белгілі бір жағдайға әсер ету үшін және сөзді қуаттай түсу үшін қолданады. Мысалы, Жүйелі сөз жүйесін табады, Жүйесіз сөз иесін табады; Сөз сүйектен өтеді; Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар.

Хадис – шариғаттың сүйенер қайнар көзі болғандықтан, мұсылман баласының күнделікті тіршілігіне, әсіресе ғибадат (құлшылық) жасауда әрбір іс-әрекетке хадистен дәлел келтіріледі. Хадистен дәлел келтірмейінше әлде бір діни амал орындалмайды. Мысалы, нәресте дүниеге келген күннен бастап, соңғы ақтық деміне дейінгі жоралғылар хадиспен негізделеді. Айталық, азан шақырып ат қою, құрбандық шалу, сүндетке отырғызу, дәрет алу, намаз оқу, жаназа шығару және т.б. Амалдарды орындауда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар бұларды қалай атқарды, осының барлығы

хадистер арқылы жеткен және хадистерден дәлел келтіріліп отырған. Құран аятында: « لﻮُﺳُﺮﻟاﻢﻛﺎَُﺗآﺎﻣو ُ ََ اﻮﮭَُﺘﻧﺎَﻓ ُﮫﻨْﻋَﻢْﻛﺎُﮭَﻧﺎﻣَوَُهوُﺬﺨَُﻓ» (Уә ма әтәкум әр-расулу фәхузуһу уә мә нәһәкум анһу фәнтаһу) «Пайғамбар

сендерге не берсе соны алыңдар, пайғамбар тыйған нәрселерден тыйылыңдар (бойларыңды аулақ ұстаңдар)» [16, Құран 59/7] делінген. Яғни Алла Тағала мұсылмандарға Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың барлық айтқан сөздеріне құлақ асуға және ол істеген іс-амалдарды орындау керек екендігін баяндауда. Сонымен қатар Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың хадистері тек діни істерде ғана емес, дүниелік істерде де үкім шығару үшін дәлел ретінде жүреді. Айталық, сауда-саттықта, үйленіп тұрмыс құруда, мұрагерлікте, көрші мәмілесі және өзге де елдер арасында қатынас жасауда т.б. (Бұл мәлімет жайында хадис кітаптарынан көруге болады).

4. Мақал мен мәтелдің қарасөз түрінде (проза) келетін тұстары да бар. Мәселен, Өзі болған қыз төркінін танымас. Кейде, екі, үш, төрт, тіпті одан да көп өлең жолдарынан тұратын (өлең түрінде қалыптасқан) мақал-мәтелдер де бар. Мысалы, Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – көктегі жұлдыз.

Хан әділдік қылмаса, хан мәнінен айрылар, Би әділдік қылмаса, иманынан айрылар, Бай қайырлы болмаса, бар малынан айрылар, Мал бетіне қараған жан жарынан айрылар.

Ескере кететін мәселе, осы тәрізді өлең жолдардан тұратын мақал-мәтелдер кейде ақынжыраулардың тілінде қолданылып, термелерге айналып жататын тұстары да бар.

Хадистер – құрылымы үгіт, өсиет ретінде келгенімен поэзияға жатпайды. Жырау ретінде толғамайды. Мәнерлеп яки ырғақ арқылы әуенге салынбайды. Ал Құран аяттарын көркем әуезділікпен, әдемі дауыспен (намаз кезінде болсын) оқуға рұқсат етілген. Бірақ хадис сөздерін намазға пайдалануға да, әуендеп оқуға да рұқсат етілмейді.

5. Мақал мен мәтел дисскурс не диалог ретінде сөз өрбітпейді. Ақыл-кеңес ретінде тұрады. Қандай кеңес беріп тұрғандығын әркім өз пайымдауынша түсінеді. Ол екінші жаққа не үшінші жаққа қаратылып айтыла береді. Мысалы, Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас, Ауылың жоқ болса, бөркіңмен ақылдас; Кемел жігіт кешірімді. Сонымен қатар мақал-мәтелдер көлемі жағынан шағын, құрылымы жағынан да қысқа келеді.

Хадистер – кейде белгілі бір оқиғаға байланысты айтылғандықтан көлемі жағынан мәтіні бірнеше беттерді құрайды.

Мысалы, «Хузайфа мен Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуі бойынша, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла Тағала күллі адамзатты махшарға жинағанда мүміндер жаннат оларға жақындатылғанша түрегеліп тұрады. Содан кейін олар хазірет Адамға (ғ.с.) келіп, оған: Уа, баршамыздың бабамыз! Алладан біз үшін жаннат қақпаларының ашылуын тілесеңіз», – деп өтінеді. Адам (ғ.с.) оларға: «Сендерді жаннаттан шығарған аталарыңның қателігі емей немене? Мен бұған лайық емеспін. Одан да Алланың досы болған ұлым Ибраһимге (ғ.с.) барыңдар» – дейді. Сөйтіп олар хазірет Ибраһимге (ғ.с.) келеді. Ол да: «Мен бұған лайық емеспін. Расында, мен өзімді Аллаға соншалықты жақын дос болдым деп айта алмаймын. Одан да сендер Алламен тікелей тілдесу құрметіне бөленген Мұсаға (ғ.с.) барыңдар», – дейді. Хазірет Мұсаға (ғ.с.) барғанда ол да: «Мен бұған лайық емеспін. Сендер Алланың сөзі және рухы болған Исаға барыңдар», – дейді. Хазірет Иса (ғ.с.) оларға: «Мен де

163

бұған лайық емеспін», – дейді. Соңында, олар хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) келеді. Сол кезде хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) орнынан тұрады да, оған шапағат ету мүмкіндігі беріледі. Аманат пен туыстық қатынас – екеуі: бірі қыл көпірдің оң жағына, екіншісі сол жағына тұруға жіберіледі. Іштеріңнен қыл көпірден алғашқы болып өтетіндер жай отындай өте шығады», – деді. Сонда мен: «Әке-шешем сіздің жолыңызда құрбан болсын! Жай отындай өте шығады дегенді қалай түсінуге болады?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Найзағайдың көзді ашып-жұмғанша жарқ етіп жылдам өте шыққанын (жанып-өшкенін) көрмедіңдер ме? Одан кейінгілердің кейбірі жүйітки соққан желдей, енді біреулері құстай ұшып, жылдам өтеді. Қысқасы, (қыл көпірден) ең жылдам өтетіндер – (мына дүниеде істеген) игі істерінің арқасында лезде өте шығады. Пайғамбарларың болса, қыл көпірдің басында тұрып: «Уа, Раббым! Сақтай гөр, сақтай гөр!» – деп, жанын шүберекке түйіп, жалыныпжалбарынып, үмбетінің тілеуін тілеп тұрады. Сөйтіп тұрғанда, Алланың кейбір құлдарының игі істері жеткіліксіз болып (оларды тозақтың үстіне керілген қыл көпірден жылдам өткізе алмай) қалады. Тіпті, бір адам тік тұрып жүре алмай бауырымен жер жорғалап қалады. Қыл көпірдің екі жағында тозаққа бұйырылғандарды іліп әкету міндеті тапсырылған ілгектер болады. Аталмыш ілгектер кейбіреуін жаралап өткенімен, соңында олар құтылып кетеді. Ал ілгектерге ілініп қалғандар, сол күйі тозаққа тасталады», – деп айтты» [17, 106]. Осы тәрізді көлемі жағынан да, мағынасы жағынан да тым ұзақ хадистер көп.

Сонымен қатар хадистер туындаған мәселеге қатысты екінші бір адаммен диалог ретінде де өрбиді. Мысалы, бірде бір кісі келіп:

Уа, Пайғамбар! Жақсылықты әуелі кімнен бастайын? – деп сұрады. Пайғамбар:

Анаңнан! – деді. Мен тағы да жақсылықты кімнен бастайын – дедім. Ол тағы да:

Анаңнан! – деді. Мен тағы қайталап, кімге жасайын – дедім. Ол тағы да:

Анаңа! – деді. Мен тағы да кімнен бастайын – дедім. Ол:

Анаңнан! – деді. Тағы сұрағанымда, ол:

Әкеңе! Сосын туған-туысқаныңа, жақындығына қарай туысқаныңа – деп айтты деген [18, 15].

Осы сынды диалог ретінде келген хадис мәтіндері өте көп. Бұл жерде де мақал-мәтел мен хадистің айырмашылығы айқындалып тұр.

Мұнымен қоса, дисскурс болып келетін тұстары да кездеседі.

6. Мақал-мәтелдер әр дәуірдің жемісі болғандықтан заманға қарай мағыналық өзгеріске ұшырап отырады. Бұл жайында ғалым Б.Қалиұлының пікірін орынды деп есептейміз. «Заманына қарай кейбір мақал-мәтелдер өзгеріп немесе тыңнан жаңасы жасалынып жатады. Мысалы, Есепсіз колхоз – есіксіз үй; Опасызда отан жоқ; Егін ексең ек, онан өнер өнім көп т.б. Яғни мақал-мәтелдер – кешегі, бүгінгі күннің, өткен және осы заманның жемісі», – дейді ғалым [19, 132].

Хадис Пайғамбар өмір сүрген дәуірден бастау алған және күнімізге дейін өзгеріссіз жетіп отыр. Яғни хадис заман талабына сай жаңадан жасалынбайды, ол – өткен күннің де, бүгінгі күннің де мұрасы.

Хадис пен мақал-мәтелдердің өзара айырмашылықтарын теориялық тұрғыдан осылайша ажыратып айтуға болады.

Дегенмен, хадис пен мақал-мәтелдің астарлы ұғымында өсиет, ғибрат өнегесі жатқандықтан екеуінің өзіндік ұқсас тұстары мен ортақ белгілері де бар.

Хадис пен мақал-мәтелдің ортақ тұстары:

1. Мақал мен мәтел белгілі бір мән-мағынада айтылатындықтан адам өмірінен ғибрат алу мақсатында қолданады. Көбінесе үгіт-насихат, өсиет ретінде келеді. Д.Бекзат өз зерттемесінде: «Мақал уағыз, өсиет, өнеге сипатында келеді, онда дәлел мен қорытынды пікір қатар беріледі», – дейді [20, 24]. Демек, мақал мен мәтелдің астарлы мағынасы пендені игі ниетке үндеу, жақсылыққа бастап, жамандықтан қайтару. Мысалы, Қызым саған айтам, келінім сен тыңда; Қайта кірер есігіңді қатты жаппа; Абыройыңды жасыңнан сақта; Жақсылықты басыңа қыл, Басыңнан асса, досыңа қыл; Жақсыға жанас, Жаманнан адас.

Хадистің де ең негізгі кодексі пендені жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Сондықтан әрбір айтылған хадисті өсиет, уағыз, насихат үлгісінде келеді деп айтуға негіз бар. Мәселен, мына бір хадисте: «Адамның жақсы мінез-құлқының бірі – өзіне қажет емес нәрсені тастауы» [21, 903] деп жақсы мінез-құлыққа өсиет етсе, мына хадисте жақсылыққа шақырған: «Пайғамбар: Менен мына сөздерді амалға асыру үшін немесе мұнымен амал жасайтындарға үйрету үшін кім алады?» – деп

164

сұрады. Әбу Һурайра: «Уа, Пайғамбар, мен аламын дедім. Сосын ол менің қолымнан ұстап тұрып мына бес нәрсені санады:

1.Харам нәрселерден сақтан, адамдардың ішінде ең көп құлшылық ететіні боласың, 2.Аллаһтың саған берген нәрселеріне разы бол, адамдардың ішіндегі байы боласың, 3.Көршіңе жақсылық жаса, нағыз мүмин боласың,

4.Өзіңнің жақсы көрген нәрселеріңді өзге адамдар үшін де жақсы көрер болсаң шынайы мұсылман боласың,

5.Көп күлме. Шектен тыс күлу жүректі өлтіреді [22, 551 ].

Мақал мен мәтелдің де, хадистің де бағыттайтын мақсаттары бір, ол – адамды жақсы қасиетке тәрбиелеу. Бұл өз кезегінде ортақ ұқсастықтарының бар екендігін көрсетеді.

2.Мақал мен мәтел өмірдің әр саласына қатысты айтыла береді. Яғни қай салада болмасын орны-орнымен жүйелі түрде пайдаланылып отырады. Мысалы, сауда-саттық жайында: Базарға бар да, бағыңды сына; Сауда сақал сипағанша. Кәсіп еңбек жайында: Кәсібі бардың нәсібі бар; Кәсіп түбі – нәсіп. Денсаулық жайында: Әуелгі байлық – денсаулық; Тәні саудың – жаны сау. Замана, уақыт жайында: Адам баласын заман өсіреді; Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені және т.б.

Хадис шариғаттың сүйенер дерек көзі болғандықтан, қай мәселе болмасын хадисті айналып өтпейді, керісінше әр сала өзінше дәлел келтіріп отырады. Мысалы, сауда саттық жайында:

«Туралықтан таймайтын сенімді саудагер – пайғамбарлармен, шыншылдармен, шаһиттермен және салихалылармен бірге болады» [23, 1224]. Кәсіп жайында: «Пайғамбардан кісінің кәсібінің қайсысы жақсы? – деп сұралған кезде, адамның өз қолымен тапқаны және күнә араласпаған барлық сауда» деп жауап берген [24, 53]. Денсаулық жайында: «Адамдардың көпшілігі екі нығметтің қадірін түсінбейді: денсаулық және бос уақыт» [25, 4170].

3.Мақал мен мәтелдің ендігі құндылығы аз сөзбен көп мағынаны қамтуы. «Адамның даналығы – сөзінің қысқалығында» деп айтылғандай мақал мен мәтел қысқа да нұсқа түрде, әрбір сөзі шымыр, нақтылықты дәлдеп айтып отырады. Яғни екі сөзбен құралса да көп мағынаны білдіріп тұрады.

Мысалы, Уақыт – ағын су; Сұлуынан – жылуы; Еруліге – қарулы; Қыз – қонақ және т.б.

Хадистің де қысқа да нұсқа, қолданысқа ыңғайлы келетін тұстары көп. Хадис ішінде жеке дара тұрып көптеген мағынаны қамтитын сөздер мол. Хадис ғалымдарының том-том жазған түсіндірмелі кітаптары осыған дәлел бола алады. Мысалы, хадисте: «Намаз – нұр» [26, 502]; «Ыдыстың аузын жап» [27, 599]; «Жалғыздық – саламат» [28, 237]. Тағы бір хадисте бір сөзбен: «Ашуланба» делінген

[29, 359].

Мақал-мәтелдің де, хадистің де әрі қысқа, әрі нұсқа келетін тұстарын, ортақ белгілерін лексикалық тұрғыда осылайша сөз етуге болады.

4.Мақал мен мәтелдің ел аузында әзілге айналып, қалжыңдасып айтылатын тұстары да бар.

Мысалы, Әзілің жарасса атаңмен ойна; Апама жездем сай.

Хадисте де Пайғамбардың кей кездері әзілдесіп айтқан сөздері бар. Бірақ ескере кететін жайт, Пайғамбар әзілдескен уақытта да ақиқатты айтып әзілдесетін болған. Мысалы, бірде бір кісі Пайғамбардың қасына келіп, өзін түйеге мінгестіріп жіберуін (Пайғамбардан) өтінеді. Пайғамбар:

«Қазір біз сені ұрғашы түйенің баласына мінгізіп жібереміз», – дейді. Әлгі кісі: «Уа, Пайғамбар! Түйенің баласына қалай мінемін» деп, таң қалып сұраған кезінде, Пайғамбар: «Барлық түйелерді ұрғашы түйе тумайды ма? (содан тарқамай ма?)» деген болатын. Тағы бір хадисте: «Пайғамбардың қасына ансарлық бір кәрі кемпір келіп: «Уа, Алланың расулі! Маған жаннатқа кіруім үшін Аллаға дұға жасайсыз ба?» – дейді. Сонда Алланың пайғамбары әзілдесіп: «Жаннатқа кәрі кемпір кірмейді», – деп айтады. Мән-жайды түсінкіремеген әлгі кемпір жылап кері қайтады. Пайғамбар маңайында тұрған сахабаларға: «Кемпірге барып айтыңдар! Алла Тағала кәрі кемпірлерді 33 жасқа жасартып,4 сол жастық шағымен жаннатқа кіргізеді», – дейді [30, 357].

5.Мақал мен мәтел құлаққа жағымды естілуімен қатар, белгілі бір ұйқасқа құрылған. Яғни дыбыс ырғағы өлең шумақтарына ұқсас болып келеді. Мысалы, Жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету; Жеріне қарай – жыланы, тауына қарай – құланы; Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс

және т.б. Осы айтылған мақал-мәтелдерден сөз соңында айтылған дыбыстық ұйқасты көруге болады. Хадис мәтіндерінде де сөз соңында келетін ұйқастарды байқауға болады. Себебі, Пайғамбар өмір сүрген дәуірде араб ақындарының тілі бай болды. Олар бір-біріне өлең жолдар арқылы сөйлейтін

4 Бұл жайында Құран Кәрімде «Уақиға» сүресі, 35-38-аяттарда айтылған.

165

болған. Алайда Пайғамбар араб ақындарынан өткен шешен болды. Мұны сол дәуірдің ақындарының өзі мойындаған. Мысалы, « » (Инна әл-абдә ләяблуғу бихусни хулуқиһи дәражәтә ас-саими әл-қаими) «Пенде жақсы мінез-құлқымен ораза ұстап, намаз оқитындардың дәрежесіне жетеді» [31, 154]; « » (Ән лә юхиббани иллә муминун уә лә юбғидани иллә мунафиқун) «Мені тек мүмин ғана жақсы көреді және мені тек мұнафиқ (екіжүзді) қана жек көреді» [32, 117].

6. Мақал-мәтелдер кейде екінші мотивацияға ұшырап, ауыспалы мағынада жұмсалып жатады. Мысалы, жиі қолданылатын мақалдардың бірі: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Осы мақалдың о бастағы лексиконы бүркіт балапанына қатысты айтылғанмен, уақыт өте келе тәрбиеге байланыстырылып «отбасыңда қандай тәлім-тәрбие алсаң, өскенде соны істейсің» деген ауыспалы мағынада адамға қатысты қолданып келеді. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, Алма ағашынан алыс түспейді; Өтірік өрге баспайды. Осындағы соңғы мақалдың да ауыспалы мағынасы өтірікті қаншама шынға ұқсатып, келістіріп айтса да, оның шындыққа жанаспайтындығы, бәрібір бір әшкере болатындығы айтылып тұр.

Хадисте келетін ауыспалы мағыналар жайында айтар болсақ, қазіргі кездері араб халқының арасында ауызша кеңінен тараған мысалдарды келтіруге болады. Мысалы, хадисте «ﺔﺷﺎﻜﻋ ﺎﮭﺑ ﻚﻘﺒﺳ» (Сабақакә биһа Укаша) «Укаша сенен озып кетті» деп айтылған. Негізі бұл хадистің толық мәтіні «Жаннатқа есепсіз кіретін жетпіс мың адам жайында айтылады. Осыны естіп отырған сахабалардың ішінен Укаша есімді кісі орнынан қағып тұрып, Пайғамбарға «Мені де солардың қатарынан болуым үшін дұға жасасаңыз» деп өтінеді. Сол кезде Пайғамбар оған дұға жасайды. Сосын екінші бір кісі орнынан тұрып «Мені де қоса көр» деген кезінде, Укаша сенен озып кетті» деген болатын. Қазіргі кезде қандай да бір істе әлдебір адам кешігіп қалатын болса, Сабақакә биһа Укаша, яғни Алдыңды орап кетті деген мағынада осы хадис араб халқында кеңінен қолданылады.

Қорыта айтқанда, Пайғамбар айтқан хадистер мен халқымыздың даналық мұрасына айналған мақал-мәтелдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы осылайша талдау жасауға болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Сахих әл-Бұхари. – Алматы: Кәусар-саяхат ЖШС., 2009. – 922 б.

2.Али Өзек. Хадис Рижали (Хадис илимлери ве кайнаклары). – Ыстанбұл: Фатих, 1967. – 269 б. 3.Уаһба әз-Зухайли. Усул әл-фиқһ әл-исләми. – Бейрут: Дәр әл-фикр әл-муғасир, 2004. І том. – 728 б. 4.Ас-Суюти. Тәдрибу әр-Рауи шарх «Тақриб» ән-Нәуәуи. – Мысыр, 1307. – 147-148 бб. 5.Құрманбаев Қ. Хадис ілімі (тарихы және әдіснамасы). – Алматы: Нұр-Мүбарак., 2010. – 300 б.

6.Сәрсенбаев Р. Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің лексика-стилисти-калық ерекшеліктері: Канд. дисс. – Алматы, 1961.

– 224 б.

7.Айтбаев Ө. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы: Ғы-лым, 1975. – 228 б.

8.Сатенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты: Докт. дисс. – Алматы, 1997. – 260 б.

9.Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы. – Алматы: Ғылым, 1998. – 272 б.

10.Уызбаева Б. Қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты: Канд. дисс. –

Алматы, 1994. – 203 б.

11.Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі. Аударған Х. Алтай. – әл-Мәдинәту әл-Мүнаууара. «Нәжім» сүресі, 4-аят.

– 526 б.

12.Әбдуәлі Қ. Халық даналығы. – Алматы: 2004 ж. – 560 бет.

13.Әбу әл-Қасим Сүлайман ибн Ахмад әт-Табарани. әл-Муғжам әл-Аусат. Баспаға әзірлеген Тариқ ибн Аудиллаһ және Абдул-Мухсин әл-Хусейни. – Каир: Дәр әл-Харамайн, 1415. ІІ том. – 255 б.

14.Байһақи М. Ас-Сунанул-Кубра. – Бейрут, 1984. Х том. – 328 б. 15.Ибн Әбид-Дуния. Китабус-самт. – Бейрут, 1988. № 27, – 48 б.

16.Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі. Аударғандар: Ғазез Ақытұлы, Мақаш Ақытұлы. – Алматы, 2010. «Хашр» сүресі, 7-аят. 547 б.

17.Имам Нәуәуи. Хадистер жинағы. – Алматы: Көкжиек-Б, 2012. – 656 б.

18.Мухаммад ибн Исмайл әл-Бұхари. әл-Әдәбу әл-Муфрад. Баспаға әзірлеген Мухаммад Фуад Абдулбақи. – Бейрут: Дәру әл-бәшәиру әл-Исләмия, 1989. І том. – 15 б.

19.Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: 2004. – 152 б.

20.Бекзат Д. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық-прагматика-лық аспектісі: Канд. дисс. – Алматы, 2002. – 106

б.

21.Малик ибн Әнәс. әл-Муатта. Баспаға әзірлеген Мухаммад Фуад Абдулбақи. – Ыстанбұл, 1981. ІІ том. – 903 б. 22.Мухаммад ибн Иса әт-Тирмизи. Сүнән әт-Тирмизи. Баспаға әзірлеген Ахмад Шакир. – Бейрут: Дәр ихия әт-турас әл-

Араби. IV том. – 717 б.

166

23.Мухаммад ибн Абдуррахман ибн Абдуррахим әл-Мубаракфури. Тухфату әл-Ахуаз бишархи жамиғи әт-Тирмизи. – Дәру әл-Фикр. IV том, 1224 хадис. Баб: Буюғ, – 299 б.

24.Әбу Бәкір әл-Байһақи. ﺚﯾﺪﺤﻟا ﻞھأ ﻰﻘﺘﻠﻣ ﻦﻣ دروو تﺎﻔﻠﻣ http://www.ahlalhdeeth.com

25.Сунән ибн Мәжә. Тасниф Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Язид әл-Қазуини. – Ар-Рияд. ІІ том. Баб: әл-Хикмати, 15. 4170-хадис.

26.Әбу Бәкір Ахмад әл-Байһақи. Шуғаб әл-иман. Баспаға әзірлеген Мухаммад Сағид Басиюни. Зағлул. – Бейрут: Дәр әлкутуб әл-илмия. ІІІ том. – 502 б.

27.Сахих әл-Бұхари. Баспаға әзірлеген Мухаммад Заһир ән-Насир. – Каир: Дәр тауқ ән-нажаһ, 1422 (һижри). VІІІ том. – 599 б.

28.Жалалуддин Абдуррахман ибн Әби Бәкір әс-Суюти. Әл-Фатху әл-кабир фи димми әз-зиядати илә әл-жамиғи ассағир. Баспаға әзірлеген Юсуф Ән-набаһани. – Бейрут: Лубнан, Дәр әл-фикр, 2003. ІІ том. – 367 б.

29.Әбу әл-Қасим Сүлайман ибн Ахмад әт-Табарани. әл-Муғжам әл-Аусат. Баспаға әзірлеген Тариқ ибн Аудиллаһ және Абдул-Мухсин әл-Хусейни. – Каир: Дәр әл-Харамайн, 1415. ІІІ том. – 259 б.

30.Әбу әл-Қасим Сулайман ибн Ахмад әт-Табарани. әл-Муғжаму әл-Аусат. Баспаға әзірлеген Тариқ ибн Аудуллаһ ибн Мухаммад және Абдулмухсин ибн Ибраһим әл-Хусайни. – әл-Қаһира: Дәр әл-харамайн, 1415. V том. – 357 б.

31.Әбу әл-Қасим Сүлайман ибн Ахмад әт-Табарани. әл-Муғжам әл-Аусат. – Рияд, 1985. VІІ том. – 154 б. 32.Насай Әбу Абдуррахман Ахмед ибн Шуайб. Әс-сүнән. – Ыстанбұл: Чағры Яайынлары, 1981. VІІІ том. – 117 б.

Сүлейменов П.

саяси ғылымдарының кандидаты, доцент әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан Республикасы,Алматы қ.

ИМАНДЫЛЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК, ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Аннотация. Эта статья посвящена основным критериям религиозной философии и нравственным понятиям Исламской религии.

Annotation.This article devoted to the main criteria of the religional philosophy and moral notion of Islamic religion.

Қай қоғамда болмасын діннің өзіндік алатын орны бар. Сондықтан да бұрыннан ғасырлық тарихы бар адамдардың діни көзқарасы мен наным сеніміне қашан да биік құрмет көрсетіліп қиялы қиырдағыны шолатын небір данышпандар мен көрегені мол саясаткерлердің өзі домбыраның шегіндей шірей тартылған дін мәселесіне аса сергектікпен қарап, қажет жерінде онымен санасып отырған. өйткені, ол тек дінге ғана құрмет емес, соны ұстанған ұлт өкілдеріне деген ыстық ықылас пен ілтипатты білдіреді. Десек те тарих қойнауына сүңгіген ХХ ғасырдың аяқ шені мен ХХІ ғасырдың басы дін рөлінің бұрынғадан да арта түскендігін көрсетіп отыр. Діннің қуатты күшін өз үстемдігін жүргізуге пайдалануға тырысатын адамдар шоғырының шыға бастауы да алаңдатпай қоймайды. Сол себептен де оқтын-оқтын бой көрсетіп қалып жүрген қантөгістердің бір төркінін діни көзқарастардың қарама-қайшылығынан іздейтін саясаткерлер де жоқ емес. Қазақстан республикасының Ата Заңында да діннің мемлекеттен бөлінгендігі айтылғанымен әрбір азаматтың діни бостандығына толық кепілдік берілген. Алайда бұл еліміздің аумағындағы өз қызметтерін жүргізіп жатқан діни бірлестіктер мен ағымдардың, түрлі секталардың уағызы мен ұстанған бағыты Ата Заңымыздағы көрсетілген талаптардың шегінен шығып, өзге адамдардың қалыпты өмір сүруіне нұқсанын тигізуі тиіс деген ұғымды білдірмесе керек. Осы тұрғыдан қарағанда бостандық пен демократияның да, жариялылықтың да өз шегі мен шекарасы бар.

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы курделі тарихи жолдардан өтті.

Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі филсофиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақта жемісті философия тарихы мол орын алады. Оның негіздері, бағыттары ретінде тұрпайы диалектикалық ойларды дүниеге шынайы турдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді насихаттау мәселелері болды.

167

Жаратылыс пен тынымсыз тіршілікті, ғылым мен білімді танып білудің негізгі өзегі болып табылатын діннен ғасырға жуық кол үзіп қалған халқымыз, осы салаға орай жарияланған басылымдардың әрбір сөйлеміне дейін ден қойып, зер сала оқиды десек те артық болмас.

Бұл әрине қуанарлық жәйт, осындай-ақ еркіндіктің, егемендіктің, еңселі ел болғандықтың белгісі. Кемеңгер халқымыздың «Ойды ой жалғайды» деген дана сөзі бар. Әбу-Насыр Әл-Фарабиден Абайға дейінге аралықта өмір сүрген білімдарлардың қай-қайсысы болмасын Ислам дінін оқып үйренуге айрықша назар аударған. Соның нәтижесінде білім саласында зор жетістіктерге қол

жеткізген мұны біз солардың шығармаларын оқу барысында анық аңғарамыз.

Мәселен, әлемге танылған Абайдың өлеңдерінде исламның негізгі қағидалары, олардың ара қатынасы, жаратылысқа байланысты түрлі пайымдаулар, адам баласына қатысты діндегі айтылған ізгі істер терең талданған, астары ашылған.

Ұлы ақынның төмендегі бір шүмақ өлеңінің өзінен-ақ көп жағдайды аңғаруға болады.

«Ақыл мен жан – «Мен» өзім, тән – «менікі «Мені» мен «Менікінің» мағынасы екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан «Менікі» өлсе-өлсін оған бекі»(1).

Дана Абай бұл жерде «жан» мен «тәннің» ара жігін ажырату арқылы өлімге анықтама беріп отыр. Сондай-ақ бұл байламның діни ұғымдарымен ұштасып жатқандығы да айқын нәрсе.

Ислам діннің ақиқаттағығына көз жеткізген ойшылдар кейінгі келер ұрпаққа тағылым етіп, мол мұраларын қалдырып кеткен. Солардың қатарына біз Шәкәрімнің «Үш анығын», Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасын» («Шариатул-ислам») да жатқызамыз. Бұл еңбектер халқымыздың қасиетті дінімізден қол үзбей, имандылық мінез-құлық жағдайында өмір сүруіне шақырады:

«Бисмиллаһир-рохманир-рахим» қайыр-рахымы мол Алланың атымен бастаймын:

барлық мақтау бір құдай табарак уа Тағалаға лайық. Ол лайықтылығында ешбір зат, мақұлықта теңдесі жоқ...

мұнан соң мақтау лайық пайғамбарымен Мұхаммед Мұстафа саллаллоһу алейһи уассаламға...

...Бұл пайғамбарымыз алейһис-саламның қалдырып кеткен құдай тағаладан өндірілген Құран сөздерін һәм пайғамбарымыздың өз тарапынан бұйырған үлгілерін оның шәкірттері, һәм ғұламары ауызбен айтып һәм кітаптарға жазаып дүние жүзіне жайып, неше-неше дұрыс адамдық санатына айналдырды...

... Енді, ей, дін-қарындастарымыз, бізге ең әуелі керегірек іс сол, әуелі білмек керек немен мұсылман болатынызды. Мумин мұсылманның мұсылман аталуы, құр мұсылман киімін киіп, мұсылман арасында жүргеннен емес. Әуелі иманды болып, ол иман дегеннің не екенін түсініп, тусінген соң сол иман ішіндегі сөздерді шексіз шын көңілімен дұрыс деп білген кісіні мұсылман деп атайды. Сол үшін Құдай Тағала пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелісі иман болса керек. Иманнан соң дін ғылымы дүр. Дін ғылымы дегеніміз – Құдай Тағала пенделеріне екі жол көрсетті: бір жолы-осылай бар деп бұйырған жолы, екіншісі бұл жолға түспе деп тыйған жол. Әуелгі жолдың баратын ұшы жұмақ, соңғы жолдың ұшы-тамұқ (тозақ). Әр екі жолды көрсетіп қойып, қайсысына түсудің ықтиярын бұл дүниеде Құдай Тағала адамның өзіне берді. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ»(2).

Бұл мұсылмандық-имандылық мінез-құлыққа қалыптастырылып, оқыту-тәрбиелеу жұмысы-бүкіл түркі халықтарындағы ағартушылық-ұстаздық жолдың дәстүрлі ұлы мұраты. Ислам діні пайда болып, қалыптасып, әлемге кең қанат жаюының негізгі себебі – бұл діннің имандылыққа, адамгершілікке баулудағы ғажайып мазмұнының шынайылығы.

Көшпелі тұрмыстық жазғы, қысқы қоныстарының ауысып отыратын жағдайында өмір сүрген халқымыздың медрессе оқу орындарына балаларын беріп, оларды сол оқу орындарының жатып-оқып тәрбиеленуіне жағдай жасауы, ұлтымыздың білімге ынтық көңілінің көрінісі. Ал, ауылдардың молданы жалдап, балалардың сауаттану сабақтарын оқуынан қол үзбеушілік дәстүрі де халқымыздың қалай да оқу-білім талабынан қандай қиын жағдайларда да бас тартпайтын өршіл, қайсар, өжет, оптимист мінезін танытады.

Бүгінгі таңда біз исламның негізгі қағидаларын өз тілімізде оқып-білуге қол жеткіздік. Олардың әрқайсысының басты шарттарын да ұғындық. Дегенмен, кейбір мәселлерге орай көңілімізде түрлі пікірлердің болатындығын айтқанымыз дұрыс.

Ұлы Абайдың:

«Махабатпен жаратқан Адамзатты Сен сүй, ол Алланы жаннан тәтті, адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және хақ деп әділетті»,-деген өлеңін оқи отырып, Исламның-ең басты шарты

168

Жаратушымыздың жалғыз екендігін адамзатқа айту, ұқтыру. Осыған орай қасиетті Құранда арнайы («Ықылас») де бар (3). Онда Алла Тағаланы былайша суреттейді не сипатттайды:

Алла Тағала – бар,

-Ол жалғыз,

-Тумайды, туған жоқ,

-әуелі, ақыры болмайды,

-ешнәрсеге ұқсамайды,

-ештеңеге мұқтаж емес.

Осы айтылғандарды қалайша түсінуге болады? Ең алдымен айтылған мәселе бұл сипаттар адамның ұғымына, түсінігіне лайықталып жіберілген. Егер басқаша болса ойлап білуге шамамыз болмас еді, неге? Өйткені біздің ақылымыз, санамыз, ойымыз өлшеуші немесе қай қырынан болмасын адамның қабілетінің шегі бар. Мәселен, он тонна салмақты көтеруге, мың километр қашықтықтағы диаметрі бір метр нәрсені көруге т.б. адамның мүмкіндігі жете ме? Жоқ, олай болса, біздің ұғым түсінігіміз де сондай, Құр’анның өзінде мынадай аят бар: «...сендерге берілген білімнің шегі аз ғана...».

Өлшемі белгілі жаратылыс, өлшеусізді толық меңгеріп біле ала ма? әрине біле алмайды. Ендеше, Абай: «Біз Алла Тағала «бір» дейміз, «бар» дейміз, ол «бір» демелік тек ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «бір» демелік те Алла Тағалаға лайықты келмейді»,-деп жайдан жай айтпаған.(4)

Жалпы адамзаттың басты міндеттердің бірі – табиғаттан тағылым алу. Сол арқылы кейбір көмескі көріністерді білуге қол жеткізу. Адам баласының ұғымы, түсінігі салыстырмалық заңдылық арқылы жүзеге асады. Ал, Алла Тағаланы ешқандай жағдайға теңгеруге болмайды. Себебі, оған ешбір мүмкіндік жоқ және Алла ешнәрсеге ұқсамайды. Дегенмен жаратушымыздың бар екендігін түсіну үшін өзімізді кәміл сендіру үшін мынадай мысалға жүгінгеніміз жөн болатын сияқты.

Барлық жаратылыстың ішінде адамзатты айрықша даралайтын сипаттарының бірі – ақылы. Кез келген іс-әрекетті, жағдайды адам ақылдың елегінен өткізіп барып атқарады. Ал, сол ақылдың бар екендігін біз көзбен көріп, қолмен ұстап емес, оның нәтижесі арқылы білеміз. Олай болса, айналамыздағы жаратылыстарға, әлемге, ондағы реттілікке қарап, Алла Тағаланың бар екендігін неге сенбеске. Екінші әңгіме «бір» санына байланысты жан-жақты ойланып, байыбына барған адам оның өзіне ғана тән төмендегідей ерекшеліктерін айқын аңғарары хақ(5).

а) Ең алдымен «бір» саны бар. Бар болған соң біз оны танып білеміз.

ә) «Бір» жалғыз және барлық басқа сандарды (бүтін, бөлшек) жасаушы, өзге сандар оны жасай алмайды.

б) Қай жағынан алып қарасақта «бір» басқа сандарға ұқсамайды, басқасы бірге ұқсамайды.

в) «Бір» ешқандай санға тәуелді емес, өзге сандар бірге тәуелді («Бір» болса барлық сан болады, «бір» болмаса ешқандай сан жоқ).

г) «Бірден» басқа кез келген санның басталуы мен аяқталуы болады. (Мысалы, бес бірден басталып, беспен аяқталады). Ал бірді бастау да аяқталу болмайды. Өйткені «бір» санының осындай қасиеттері адам баласының танымы үшін дүниеге жіберілген сан-салалы мысалдардың бірі болу керек.

Енді бір айта кететін әңгіме «ноль» туралы. «Нольді» мағыналайтын болсақ «жоқ» деген ұғымды білдіреді.

Барсыз жоқты тани алмайтынымыз тәрізді біз «нольді» тануымыз үшін «бірді» білуіміз керек. Олай болса «бірсіз» «нольді» ендеше, «Единица кеткенде, не болады өңкей ноль» - деп данышпан Абай білімпаздықпен айтса керек.

Жалпы жаратылысқа тән ортақ бір ерекшелік бар. Ол ерекшелік жұптасу заңдылығы. Бұл заңдылыққа мойынсынбайтын еш нәрсе жоқ, барлығы да бағынышты. Мәселен, жаратылыстың ішінде ең күрделісі, ең қасиеттісі адамзатты алайық. Әр адамның бойынан жұптасу заңдылығын көруге болады. Немесе жан мен тәннің бірігуі арқылы жаратылып тұр. Жанның өзінде де осындай сипат бар. Оған ренжу мен қуануды, рахаттану мен қиналуды, ақыл мен ойды айта аламыз. Тәнде сол сияқты бұл кәдімгі физикадағы оң мен теріс зарядтар тәрізді(зарядтың үшінші бір түрі болмайды). Осы екі түсті зарядты жұптастыру арқылы жылу аламыз. Электр жарығын шығарамыз, реніш пен қуанышты жұптастырып жанға көңіл-күй береді. Жан мен тәнді біріктіріп адамды жаратқан, ер мен әйелдің қосылуынан жанұя пайда болады. Осы процесті кері тұрғыда алып қарасақ ер мен әйелдің

169

бірі болмаса жанұя құрылмайды, жан мен тәннің бірі кетсе (жан алынса немесе тән қатты зақымданса) адам өледі, реніш пен қуаныштың бірі болмаса, екіншісі де болмайды, екі фазаның бірін қиып тастасақ электр жарығы өшеді. Біз негізінен жаратылыстың адамзатқа қатысты тұсын алып отырмыз. Енді бір айтатын әңгіме адамның жаратылыс екендігі жайында. Біз адам баласын ақылойдың иесі, мүмкіндігі қаншама мол десекте, сол мүмкіндіктің шектелуі екендігін мойындаймыз. Мәселен, бір ғалым ұзақ уақыт ізденудің нәтижесінде дүниені дүр сілкіндірген жаңалық ашты делік. Бірақ сол жаңалық ғалым ашқанға дейін де бар нәрсе емес пе? Яғни ғалымның жетістігі қажымай талмай еңбектенудің нәтижесінде нысананы табуы, халыққа жария етуі.

Сондай-ақ, күнделікті өмірдегі адамның жасағандарының барлығын түп-төркіні бар. Олай болса, адам жоқтан бар жасай алмайды, бардан ғана шығарады екен. Бұл-бір. Екіншіден, адам тәнінің топырақтан жаратығандығы да ғылыми тұрғыда дәлелденген ақаиқат. Д.И.Менделеевтің таблицасындағы элементтердің көпшілігі адам денесінде белгілі бір мөлшерде кездеседі. Ал олардың бірі тиісті мөлшерден ауытқыса ауруға шалдығады. Сауығу үшін түрлі тағамдар, витаминдер қабылдап емделеді. Міне, сол элементтер топырақтың құрамы екені баршамызға аян. Біздің қазақ аталарымызда тұз-дәмі жараспай ажырасып жатқан ұл-қыздарына, балам, топырағың бір жерден алынбаған екен деп жатады ғой.

Үшіншіден, адам қанша кемеңгер болғанымен өзінің жеке басындағы кейбір әрекеттерге үстемдік жасауға шамасы жетебермейді. Мәселен, дем алмай (ауасыз өмір сүру, өлмей (мәңгі) өмір сүру, ішіпжемей өмір сүру т.б.). сондықтан жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе мынадай шешім жасауға болады.

Жұптасу заңдылығына бағынышты жаратылыстың бірі – адамзат. Енді ойға адам не үшін жаратылған деген сұрақ келуі мүмкін. Адамзаттың басты міндеті – құдайға құлшылық ету. әрине, күнделікті, кәсіп, әр саладағы еңбек, ғылым, білім жолымен іздену т.б. керек нәрсе. Дегенмен бұл айтылғандар адамзатқа ғана қажетті болғандықтан ұлы міндетке жатпайды. Адамнан басқа да жаратылыс бар. Олар да табу арқылы құлшылық ету үшін жаратылған. Адамзаттың артықшылығы да осында өзімізде қазақ бабаларымызда, баталарының, тілектерінің соңында, періштелердің құлағына шалынып, Алла аумин десін деп жатады.

Адам баласының фани (уақытша) дүниеде өмір сүруінің себебі бар. Алла Тағаланы ақылмен тану жүктелгеннен кейін сынақтан өту керек болады. Сондықтан осы дүниеге жіберілдік, яғни бұл дүние емтихан. Ойымыз айқын болу үшін, мынадай мәселені айта кеткеніміз орынды сияқты. Біз жақсылықты да жамандықты да Алладан деп білеміз. Әрине жаратушы-Алла. Бірақ олардың ұйғарылуы адамның ниетіне байланысты болады. Фәни дүниедегі сынақтан өту барысында шектейлі еркіндігімізді қолдануға толық мүмкіндік берілген. Сондықтан осы өмірдегі адамзаттың тағдыры қандай болса, фәни дүниеде де сондай. Адам сәби болып өмірге келеді. Жігіт болып ер жетеді, адамзат болып еңбек етеді, қартаяды, өледі. Бұл дүниеде жаратылыс, мерзімі біткенде жойылады. Біз кішкентайымыздан естіген әңгімелерде Ақырзаман, ақырзаманның жастары деп отыратын үлкен кісілер.

Біз жұптасу заңдылығын адамзатпен байланыстыра отырып қарастырдық. Негізінде жаратусыз ештеңе де жоқ. Ауасыз бос кеңістікте жаратылыс. Басқаны былай қоғанда «жоқтың» өзі де жаратылыс. Жаратпаса «жоқты» да түсініп білмес едік. Осындайда қазақ халқының «жалғыздық жаратқанға ғана жарасқан»-деген ұлағатты нақыл сөзі ойға орлады. Яғни жаратылыстың барлығының жұбы бар. Қарапайым сөзбен айтсақ, бір парақ қағаздың екі беті сияқты бір бетті бір парақ қағаз болмайды, болуда мүмкін емес. Олай болса дүние де екеу – фәни және басқа дүниелер.

Ұлы Абайдың: Ғылымды іздеп Дүниені көздеп

Екі жаққа үңідім, - деп тереңнен толғануының мәнісі осы ма деп ойлайсың (6).

ХІХ – ғасырдағы қазақ және өзгеде түрік тілдес халықтар арасындағы мұсылмандық ғартушылық жұмыстарының негізгі орталығы болып медресселік оқу орындарының оқу-тәрбие жұмыстарында даралана көрінетін өзіндік ерекшеліктері бар.

Бұл туралы айтарда көрнекті түрік танушы, Абай танушы ғалым М.Мырзахметов пікірін аламыз. «Абайдың балалық шағында Семейде оқыған Ахмет Риза медрессесі жабық оқу орны тәртібі де қатал, әрі дәрістің барысында сопылық сарын күшті болатынды... Қазақстан жеріндегі медресселерде ислам дінінің негіздері басым оқытылғанымен ол оқу орындарында сопылық поэзияның

170

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]