Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

Сапарова Ж. К.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫНЫҢ ФЕНОМЕНІ

Резюме.Тема статьи «Феномен казахской филологии». З.Кабдолов – писатель, ученый и преподаватель. Эстетические взгляды ученого как теоретик, историк и критик рассматривается в книгах «Арна», «Жебе» и в монографии-учебнике «Искусство слова».

Abstract.Zeynolla Kabdolov – phenomenon Kazakh philology. Esthetic views of the theorist the historian and the critic is considered in the books «Arna», «Zhebe» and the monograph-textbook «Art of the word».

Қазақстанның халық жазушысы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зейнолла Қабдолов – көркем сөздің ел таныған майталман шебері. «Адамзаттың Айтматовы» дегенмен пара-пар көзі тірісінде «Қазақтың Қабдоловы» атанған бірегей. Өзінің сүйікті сөзімен өрнектесек, бүтін бітім. Шын мәніндегі бірегей тұлға!

Ол – әдебиеттану ғылымының күрделі саласы – әдебиет теориясына зор үлес қосқан ғалым. Оның есімі қалың оқырманға жазушы ретінде де кеңінен таныс. Жазушы, қаламгер ретінде Зейнолла Қабдолов қалың қазақ оқырманын алдымен өзінің прозалық туындыларымен елең еткізді. Алғашқы романы “Ұшқын” [1], кейін “Жалын” [2] романы жарыққа шыққанда қазақ әдебиетіне ешкімге ұқсамайтын, өзіндік жазу стилі бар, көркемдік кестесі оқшау көрінетін, суреткерлік талғам мен талаптың жаңа биігіне көтерілген қаламгердің келгенін қалың оқырман бірден аңғарды. Оның қаламынан шыққан көркем туындылардың алтын арқауы, темірқазық идеясы – біреу. Ол – адамның ар-ожданы, имандылығы, кісілігі, бір сөзбен айтқанда, кейіпкердің ішкі жан-дүниесінің тазалығы, рухани болмысы.

Филология ғылымдарының кандидаты Алтынай Жүсіпованың сөзімен айтар болсақ: «З.Қабдолов

– сан қырлы талант иесі. Сөйлеп кетсе ағылған шешен, бастап кетсе кемеңгер көсем. Өйткені ол ұлы ұстаз – Мұхтар Әуезовтің алдын көріп шәкірт болған, артына еріп тәлім алған, қатар жүріп сыр тартқан. Ұстаз-шәкірт қарым-қатынасынан өрілген сыйлас, сырлас көңіл-күй «Менің Әуезовім» роман-эссесі болып құйылған. «Зер қадірін зергер біледі», асылды асыл таниды деген осы болса керек» – дейді.

Алыпты арқалау үшін асқаралы арқа, даналықты дәріптеу үшін дархан дарын керектігі ақиқат. Шәкірт ойының шырағын жаққан ұстаз ғибратының шексіз қамқорлығы туралы қалам тербеу зор адамгершілік, азаматтық жауапкершілікті жүктейді. М. Әуезовтей ұлы тұлғаның дәрісін тыңдап, шәкірті болу үлкен бақыт болса, ұстаз жайында мәңгілік естелік жазу асқан абырой. З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» [3] атты роман-эссесі – шәкірт жүрегінің ерекше тартуы болғандықтан, оны ұстаздың жарқын бейнесі турасындағы жан толғанысы, әрі асыл аға алдындағы інілік парызының орындалуы деп білеміз. Сонымен қатар, «Менің Әуезовім» роман-эссесі қазақ әдебиетіне қосылған қомақты дүние деп есептейміз.

Академик З. Қабдоловтың эстетикалық талғамын танытатын еңбектің бірі – «Арна» зерттеу – сын-эссе кітабы.

Еңбек кіріспеден өзге бірімен-бірі сабақтас үш бөлімнен тұрады. Олар: І. Алыптар арнасы. ІІ. Арнадағы ағын. ІІІ. Арналы толқын. Қашанда кітап атаулары мен бөлімдердің аталымын ұйқастырып қоюға шебер З. Қабдолов бұл еңбегінде бұрынғы стилінен айнымағандығы байқалады. Кітаптың «Кеше мен бүгін» аталған кіріспесінің жоғарғы тұсында «Ғабит аға Мүсіреповтың рухына! Автор» деген жолдар бар, яғни бұл еңбектің ұлы суреткерге, оның рухына арналғандығы аңғарылады. «Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек» [4, 5-б.] - дейді ғалым. Ғ. Мүсіреповті «жазушылықтың эталоны» деп жоғары бағалайды.

131

Кітаптың «Алыптар арнасы» атты бірінші тарауы қазақтың мықты деген үш алыбына арналған. Олар: Абай, М.Әуезов және Б.Майлин. «Абайдың ақындығын» тексеріс көзіне алған ғалымның ұлы ақын туралы айтары қашанда мол. «Абай – біздің рухани әкеміз» деген қағиданы алға тартқан ғалым: «бізге Абайсыз тіршілік ету қиын» –дейді. Ақын өмірін мектеп қабырғасынан байыптап, өлеңін ғұмыр бойы пайымдайтынымыз сондықтан» – деген тұжырымға келеді де ұлы ақынның ғылыми ғұмырнамасын, өмірі мен өнер жолын М. Әуезовтен асып талдау мүмкін емес деген тұжырымға келеді.

«Арнаның» «Алыптар арнасы» тарауын толықтырып, жарасымдылық танытып тұрған және бір

шоғыры биік жазба – «Әуезовтің әсемдік әлемі» [5] аталатын еңбек.

Заңғар

тұлғаның сұлу

сөздің, арлы сөздің шынайы шебері екенін дәлелдеу үшін З.

Қабдолов бірнеше

амал-тәсілдерді

таңдап алғандай көрінеді. Әуезовтың

әсемдік

әлеміне ғалым,

әдебиетші З.Қабдолов бірден ден

қоймайды. Әуелі Әуезов сипаттаған,

Әуезов

әшекейлеген Семей

өңірінің әсем табиғатына зер

салудан, тамсанудан бастайды. Не бір сұлу салыстыруларға жүгінеді. «Сіз кенет, – дейді автор – әз ағаның туған топырағын аңсап Семей астыңыз да, Қарауылдан бір-ақ шықтыңыз дейік. О, ғажап, төңірегіңіз түгел сыбыр қаға сыр шертіп, ағыл-тегіл ән салып қоя береді. Кәрі Шығыстың қара тастарына дейін тіл бітіп, сөйлеп кетеді. Мұхтар бетін жуған қасқа бұлақтар сылқ-сылқ күледі. Кез келген қалтарыстан ұлы жазушының қайталанбас қаламгерлік қажырымен жасалған тірі қаһармандары шыға келетіндей жан-жағыңызға елең ете қарайсыз» [4, 46-б.] – деп тебіренеді.

Әуезовтың әсемдік әлемін әр қырынан алып тексерген, бақылаған, қадағалаған З. Қабдолов тұжырымы: «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады» деп қорытады.

«Алыптар арнасының» алқабын толтырып тұрған бір зерттеу – «Майлиннің мұрасы мен мирасы» деп аталады.

Б. Майлин поэзиясының қадір-қасиеті неде? - деген сұрақ қойып алады да, оған жауапты өзі береді автор. Әдебиеттегі адымын өлеңнен бастаған Б. Майлиннің қаншалықты дәрежеде биікке көтерілгендігі туралы: «Әділіне келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі - ең жеңіл: түрі, ырғағы, ұйқасы

... – Абай реформаларынан көш кейін жатады» [4, 96-б.] –деп бір-ақ түйіндейді.

Б. Майлин туралы автор: «ол дала тіршілігін, даладағы ауыл тұрмысына айқын таптық тұрғыдан, дәлірек айтқанда, өзінің шыққан тегі кедейдің көзімен қарайды» [ 4, 98-б. ] – деп тұжырымдайды.

«Арнадағы ағын» аталған тарауда қазақ әдеби сынының көрнекті өкілдері М. Қаратаевтың, С. Қирабаевтың, Р. Бердібаевтың сыни еңбектерінің аталған жанрдың қалыптасып дамуына қосқан үлесін, кейінгі толқынға үйретер үлгісін танытуға арналған. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы қазақ әдеби-көркем сынының дамуын, жай-күйін жеткізген сыншылар хақында: «Үшеуінің үш кітабын оқи отырып, қазақ әдеби-көркем сынының қазіргі хал-жағдайын тұтас байыптауға, байқауға болады» [4, 133 -б] –дейді.

Академик З. Қабдоловтың сыншылдық қарымын, эстеттік білігін танытатын тағы бір еңбегі – 1977 жылы жарық көрген «Жебе» [6] атты кітабы. Еңбек төрт бөлімді әдеби толғаныстар мен талдаулардан тұрады. Атап айтқанда бірінші бөлімі – «Шеберлік мектебі», екінші бөлімі «Талант пен таным», үшінші бөлімі «Талғам мен талап» – әдеби талдаулардан тұрса, төртінші «Сыр мен сымбат» бөлімі – сыни-ғылыми байыптаулардан тұрады.

Кітаптың әрін келтіріп тұрған «Ұстаз» толғанысында профессор Қажым Жұмалиевтің шын мәніндегі сирек ұстаздардың бірі екендігі туралы жазған. «Алдымен, Қ. Жұмалиев – ірі, кесек кісі. Күйкі тірлік пен күйбең әрекеттен, қыбыр-жыбыр сөзден, ұсақ-түйек амал-айладан мүлде аулақ; жақсы көруі мен жек көруі ақ пен қара секілді анық, айқын тұрады. Асылы, адамның әділдігі мен адалдығы осы сипаттарына сәйкес келетін болуы тиіс. Ол – адал еңбек адамы; атқа да, даңққа да, дәрежеге де тек қана еңбек арқылы жеткен адам. Ұстаздық – ұлы нәрсе» – деп аяқтайды өз толғанысын З. Қабдолов.

«Жебедегі» «Қадырдың қадірі» атты жазбасында қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырза Әлидің ақындық өсу, өрлеу сатылары секілді бес кітабына барлау жүргізіледі.

Ақынның:

Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, өзгені де жылатып.

132

Жылайтыны туа сап – жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын

деп келетін жыр жолдарына сүйсінген ғалым: «Әдемі өлең! Мазмұн жағынан да, пішін жағынан да әдемі өлең! Мазмұнының әдемілігі - парасаттылығы, қарапайым ғана шындықтың терең сырға айналғандығы» деген пікір айтады.

Қ.Мырзалиев өзі туралы: «Қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр Мырзалиев музыкасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы

мен өрнегі бар. Оның

лирикасының сыңғыры бөлек, сыры терең. Қадырдың қадыры –

мықтылығында» – деп жазады академик.

З. Қабдоловтың «Сөз

өнері» [7] монографиясына келер болсақ, жоғары оқу орындарының

студенттері әлі де үзбей пайдаланатын бірден-бір оқу кұралы. Еңбекте көркем әдебиет табиғаты тарихи және теориялық тұрғылардан жан-жақты сараланады.

Біз «Сөз өнерін» қазақ әдебиеттануының бас кітабы деп ерекшелеп отырмыз. Себебі, филологиялық мамандықтар бойынша білім беретін оқу орындарының білім бағдарламаларындағы «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиет теориясы» сияқты пәндердің мазмұндық-пәндік сипаты негізінен «Сөз өнеріне» тәуелді, соған жүгінеді.

Ұлы ұстаздың замандасы, әріптесі академик Серік Қирабаев өз естелігінде: «Зейнолла Қабдолов бүкіл өмірін өзі оқыған университетте сабақ берумен, ұстаздық жасаумен өткізді. Жас ұрпақты әдебиеттің теориясымен қаруландырды. Оның алдынан лекция тыңдағандарға оқулықтарын пайдаланғандарын қоссақ, қазақтың әдебиетші жастарының бәрі де оның шәкірті саналады» – деген пікірі өте дәл айтылған тұжырым.

Ғалымның жетекшілігімен докторлық диссертация қорғаған шәкіртінің бірі филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп ұстазына арналған «Зейнолланама» атты дастанында:

«Сөз өнері» – нәріндей шөлдегеннің, «Сөз өнері» – өлмейтін өрнегі ердің. «Сөз өнері» – бас қойып оқыған күн – Адамның өмірінде ерлеген күн

– деп жырлады. Бұл да болса, ұлт әдебиеттануының бас кітабына, оның авторына көрсетілген құрмет деп ұғынған жөн.

З. Қабдоловтың асыл жары Сәуле апай Қабдолова өзінің «Көрген түстей, сағымдай» атты күнделігінде ғалымның шығармашылық ғұмырының өту жолын, әдебиет зерттеушісінің әрбір еңбегінің жазылу тарихынан сыр бөліссе, ұстаз шәкірттерінің бірі, біздің ардақты ұстазымыз Серікқали ағай Шарабасов «Зекеңнің Ақ Жайыққа келуі» атты жазбасында ұлы тұлғаның адами асыл қасиеттерін, көпке беймәлім қырларын сөз етеді.

Қорыта келе айтарымыз, кеудесі сыр сандықтай шежіре, әдебиет саласының білгірі Зейнолла Қабдоловтың мұрасы өлмек емес.

Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деп көрсеткен болатын. Осы қатарда академик Зейнолла Қабдолов секілді ғалымдарымыздың да артында қалған мол мұралары кейінгі ұрпаққа насихатталуы тиіс.

Сондықтан беделді жазушы, білікті ғалым, филология феноменіне айналған бірегей тұлғаның өлшеусіз еңбегін бағалап, келешек ұрпақтың рухани игілігіне айналдыруымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қабдолов З. Шығармалары. Ұшқын: роман. – Алматы, 2013. – Т.1. – 320 б.

2.Қабдолов З. Шығармалары. Жалын: роман. – Алматы, 2013. – Т.2. – 320 б.

3.Қабдолов З. Менің Әуезовым. – Алматы: Санат, 1997. – 352 б.

4.Қабдолов З. Арна. – Алматы: Жазушы, 1988. – 256 б.

5.Қабдолов З. Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі. – Алматы: Жазушы, 1986. – 56 б.

133

6.Қабдолов З. Жебе. Әдеби толғаныстар мен талдаулар. – Алматы: Жазушы, 1977. – 380 б.

7.Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1976. – 374 б.

Саянова А.Т.

Түркістан облысы, Кентау қаласы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМ АТАУЛАРЫ

Резюме: В этой статье рассматривается содержание название ювелирных украшений которые являются сакральным искусством мастеров великой степи.

Resume: This article deals with the content of the name of jewelry that is the sacred art of the masters of the great steppe.

Кез келген нәрсенің асылы мен жасығын асқан талғампаздықпен айыра білген халқымыздың қыздары мен әйелдерін асыл тассыз, алтын-әшекейсіз елестету мүмкін емес тәрізді. Күн көрісін негізінен төрт түлік малдан айырған атабабаларымыз үшін зергерлік кәсіп те бөтен болмаған. Қазақ шеберлерінің қасиетті өнердің бұл түрімен өте ерте кезден айналысқанын осы күнге дейінгі түрлі археологиялық экспедициялардың деректері де дәлелдейді. Түп аталарымыз мекендеген көне қалашықтар мен тарихи орындардан табылған қолөнер бұйымдарымен қоса кәсіби шеберліктің шынайы үлгісі ретінде бағаланатын алтын, күмісті, неше алуан асыл тасты әшекей заттардың көптеп табылуы осыларды айғақтайды.

Тастан, сүйектен жасаған әшекей заттар әйелдердің әдемілікке ұмтылғанын, қоғамда өздерін сәнді ұстап, аңшылық пен ауыр жұмыстардан шаршап келген еркектердің көңілін аулай білгенін көрсетеді. Кейбір әшекей заттарды Тәңірге көңілдерінің таза екендігін білдіріп, аңшылықта қолдасын деген сеніммен еркектер де мойындарына тағып жүрген болуы мүмкін [1, 117 -118 б.].

Қола ғасырда мыс, мырыш, қорғасын, қалайы сияқты түсті металдарды қорытып, олардың сапасын сараптау басталды. Сом алтын мен күміс, қорытылған қорғасын өте жұмсақ және ауыр болғандықтан тұрмыста кең қолдау тапқан жоқ. Бірақ алтынды тотықпайтын ерекше жалтырауық және сұлу түсіне байланысты шеберлер одан зергерлік, әсемдік бұйымдар жасауға болатынын біліп, сол замандарда-ақ тиісінше әшекей заттар жасауға қолданған [1, 120 б.]

Сұлулық пен әсемдікке жаны құштар бабаларымыз ұсталық, зергерлік өнерді киелі, қастерлі санап, екінің бірінің қолынан келе бере бермейтіндіктен, оның қыр-сырын сырт көзден жасырын ұстап, құпия кілтін тек қана өздерінің жолын қуушы тікелей ұрпағына немесе түрлі қиын сыннан сүрінбей өткен және өнерге адалдықпен, тазалықпен қарайды деп сенген рухани туыстас адамына ғана ашқан.

Зергерлікті жете меңгерген шеберлер түрлі әшекей бұйымды жасауға қабілеті жеткенімен, оған шикізат ретінде қажетті алтын-күмісті өздері өндірмеген. Ертедегі қазақ зергерлері алтын, күміс ақшаларды балқытып, кейде сол күйінде пайдаланған. Ресей көпестеріне малға айырбастаған күміс, алтын теңгелер саудасын мал арқылы бітіретін

...Осыдан он жыл бұрын Алшынбай аулына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға айттырған уақытта , бас құда Құнанбайға кит деп, Алшынбай аулы күміс тартқан. Ол күмістің аты - тайтұяқ, мына бесік жамбыдан кіші еді (М. Әуезов. Абай жолы ).

Ұлжан... Біржанның өзіне өз қолынан үлкен күміс тайтұяқ сыйлады (Сонда).

Алуан формадағы алтын-күмістің қорытылған түрлері қазақ халқының өмір сүру салтының құрамдас бөлігі ұлан-асыр той, үлкен астарда өткізілетін түрлі бәйгелердің жеңімпаздарына, ерлік көрсеткен батырға, құлақ құрышын қандырған әнші мен сөздің майын тамызған ақын-жыршыға сый есебінде берілген. Қазіргі кезде аламан бәйгеден озып келген адамға тігілетін сыйлықтың басы отандық немесе шетелдік автокөлік болса, ол замандарда алтын-күмістің қомақты кесегі қатты бағаланған.

Байдалы атына мінер кезде Ұлжан азырақ тоқтатып, оңашалап алды да :

- Тамақ пен күтім бір басқа ғой. Ертең ат шабады, балуан күреседі. Әр алуан бәйгелер бар. Түйе бастатқан тоғыздан бәйге шығарыпсыңдар .Жақсы екен! Ағайынның аянып қалатын жері емес қой.

134

Менің балам өз үлестеріңнен де қалмаймын дейді. Соның ақылымен, мына бір бұйымды әкеліп ем! – деп, қалтасынан жібекке ораған бір кесек түйін алды да, Байдалыға ұсынып тұрып: - Бәйгенің бір тоғызының басы осы болсын! – деді .

Бергені үлкен кесек күміс – «тайтұяқ» болатын (М.Әуезов . Абай жолы)

Ұлтымыздың зергерлік өнеріне қатысты лексикасын егжей-тегжейлі зерттеп, оны халқымыздың тарихы мен мәдениетімен байланыстыра қарап, кешенді түрде талдаған ғалым – Р.Шойбеков. Оның еңбектерінде зергерлік өнердің тарихы, қазақ рухани мәдениетіндегі орны, зергерлік бұйымдардың ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі қызметі халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, нанымсенімдерімен сабақтастырыла қарастырылған [2]. Ал қазақтың қолөнер кәсіптерінің білгірі С.Қасиманов халқымыз ең қалаулы өнеріне балап, жоғары бағалаған зергерлік өнердің тарихын баяндаумен бірге зергерлік жұмыстың орындалу әдісі мен техникасына қарай түрлеріне, аталған өнердің басты, негізгі үлгілеріне тоқталады [3]. Жұмысымыз зергерлік лексиканың тікелей өзіне бағытталмағандықтан әрі ол жоғарыдағы еңбектерде жан-жақты қарастырылғандықтан, біз тек «қазақ әйелі» концептісіне қатысты зергерлік атаулардың сакральды мәнін қолда бар тілдік деректерде кездесу орнына байланысты қарауды ғана мақсат тұттық. Зерттеуші А.Керімбаевтың пікірінше, «сакральды (магиялық) вербальды мәтіндердегі сакральды лексика ауруды қуу, дуалау, көз тию, қастандық жасау немесе «жолын ашу», яғни бір нәрсеге деген ізгі ниет тәрізді белгілі бір мақсатты көздейтін магиялық ғұрыптық әрекеттердің сөздік бөлігін құрайды»[4, 7 б.].

Ж.Манкееваның зергерлік бұйымдарды саралау бағытымен келісе отырып [5], әйелдерге қатысты зергерлік бұйымдарды шартты түрде: 1) бас киімге тағылатын зергерлік әшекей; 2) шашқа тағатын зергерлік әшекей; 3) сырт киімге тағатын зергерлік әшекей; 4) бойға; 5) қолға тағатын зергерлік әшекей деп бөлдік. 1) Баскиімге қатысты зергерлік бұйым, әшекейлер:

айшық – жаулықтың шекесіне, ердің қасына, жүгенге орнатқан жарты ай бейнелі күміс [6, 207

б.]

бергек –желекті ұстап тұратын әшекейлі қатырғы, әйелдердің бас киімі [1589] Жас келіншек сәукелені той өткенше киіп отырып, тойдан соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергек киетін ( С. Қасиманов)

Бетмоншақ – сәукеленің екі жағына,маңдайына салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілмелі моншақ [7, 207-б.] Гүлдарайым – бетмоншағын салбыратып,қарқарасын жарқыратып,жібек жамылғышын желбіретіп сәукеле киген – Бекболаттың сұлу тоқалы (С.Сматаев. Елімай ) .Жырға – көптеген моншақ тұратын сәукеленің салпыншақтары [8, 207-б.] Жақ – кимешектің екі бет тұсы мен астын ала тігілген оқалы, алтын, күміс шытыралы әшекей, сәнді кесте ( Сонда) Көзотаға – бас киімге қадайтын асыл тас. Тана – қыздардың тақиясына, бөркіне т.б. тағылатын түйме тәрізді асыл тас немесе күміс.

2) Қазақ қыздарының, әйелдерінің бұрымын ерекше сәнді етіп көрсететін зергерлік өнер туындысы – шолпы. Шолпы, шашбау ең алдымен өрілген бұрымды тарқатылып кетпеу үшін қажетті зат болса, екіншіден, әйел сұлулығының, сән-салтанатының символы.

Шолпы – бойжеткен қыздар мен жас келіншектердің бұрымының ұшын бекітуге арналған күміс немесе алтын теңгелерден жасалатын сәндік бұйым.

Шашбау – өрілген шаштың ұшын бекітетін алтын, күміс тиындар қадалған лента тәріздес ызған мата (ҚТТС, 10-т., 174-б.) Аталған әшекей бұйымдарына қатысты қолданыстарды көркем мәтінде жиі ұшырастыруға болады:

Сүйретіп алтын шашбауын, Ордаға барып кіреді (Қамбар батыр)

Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі – айы-күні – жалғыз қызы алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп, қызыл-жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді ( Ж.Аймауытов. Ақбілек ). Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы мен шашбауды бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққаны белгілі. Халқымызда қалыптасқан сенім бойынша, неше түрлі асыл тастан жасалған сылдырмақ, салпыншақтан тұратын салмағы ауырлау шолпының әсерінен шаш ұзын болып өседі. Сондай-ақ ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды деп есептелген. Халық ұғымында «адам жанының бір ұшы шашында» деген де түсінік бар. Соған байланысты «тарағанда түсетін шашты кез-келген жерге тастауға болмайды, оны адам баспайтын жерге көміп тастау керек» деген ырым-тыйымның бар екені белгілі. Ал енді осы халық санасындағы кодталған ақпараттың кілтін ашу үшін белгілі бір білім аясы керек. Біз оның кілтін төмендегі прецедентті мәтін арқылы

135

ашуға тырыстық: «Әйел баласы шашын беталды тастамас болар,-деді Айша.– Тарақтан түскен шаш әлдеқалай отқа күйсе,о дүниеде балалары шырылдайды дейді.Анасының шашының отқа күйген исін танып қояды екен де:«Анамыз тозақ отына түсіп кеттіау!» деп шыр айналып,шырылдайды екен.Тозақ отынан анасын құтқарып алмақ болып, өздері де сол тамұқ өртіне түсіп кете жаздайды екен.Әне, сондықтан шашты көміп таста. Далаға тастасаң, жел ұшырып немесе құс ұя салып, әйтеуір , бір себептен отқа күйсе, о дүниелік нәрестенің обалына қаласың...» ( Ш. Мұртаза. Ай мен Айша).Осы түсінікке байланысты аналарымыз шаштарын әр жерге тастамай, түскенінің әрбір талын жинап, мұқият орап, адам баспайтын жерге көміп отырған және аталған ырым-тыйымның мәнмағынасын қыздары мен келіндерінің құлағына жалаң, құрғақ сөзбен емес, ұлттық ұғымға жақын осындай аңыз-әңгімелермен құйып отырған. Қазақтың қыз-келіншектерінің шаштарына сылдырмақты шолпы тағуына «адам жанына зиян келтіретін бәле-жалалар жоламасын» деген сенімтүсінік те өз әсерін тигізбей қоймаған [9, 106-б.].Шашқа тағылатын бұйымның тағы бір түрі – жемелек. Аталған сөзге «өрілген бұрым ұшын бекітетін жіп, лента» (ҚТТС; 4-т., 77-б.),«шашбау, әйелдердің шашына тағатын бау» (ҚТДС.,121-б.) деген түсініктер берілген. «Жемелек» сөзін көбінесе Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары қолданады. Аталған сөзге тек диалект ретінде қарау теріс сияқты, байқағанымыздай, жоғарыдағы сөздердің үшеуі де өрілген бұрым тарқатылып кетпеу үшін шаштың ұшына байланатын, бекітілетін бұйым; айырмасы – шолпы, шашбауға алтын, күміс тиындар қадалатын болса, жемелек – ондай қымбат әшекейі жоқ қарапайым ғана жіп, бау. ... Сөйтсе, қос бұрымы біресе белінің бергі жағына аунайды, біресе арғы жағына ойнайды. Қымбат шолпы тағынбай, жіптен ескен шашбауы – жемелегі еркелеп Балбастаудың балағына оралар балдыр болып ойнайды (М.Байғұт. Жемелек).

Кейбір жазушыларымыз аталған сөзді қазіргі кезде жиі қолданылатын орыс тілінен енген «бантик, лента» сөздерінің баламасы ретінде қолданғаны төмендегі мәтіннен аңғарылады. Біздің пікірімізше, сөздік қорымызда «жемелек» сияқты жоғарыдағы сөздердің мағынасын беретіндей төл сөзіміз тұрғанда, «бантик, лента» деп қолдану тым қисынсыз сияқты. Қитар көз қара қыз талдырмаш бойжеткеннің көйлегін бір тартып, бұрым ұшындағы жемелегін ала қашты ( С.Адамбеков. Қожанасыр ) .

Бүгінде заманның ағымына ілескен қазақ әйелдерінің талғам-танымы да өзгерді, бұрынғыдай шашын өсіріп, оны қос бұрым етіп өретіндер қазір кемде-кем. Әйелдердің көпшілігі шашын қысқа етіп қидырумен бірге оны өздеріне ұнайтын түрлі түске бояйтын болған. Ал шашы ұзын кейбір қызкеліншектер шаштарына шолпы, шашбау, жемелек тәрізді талайды тамсандырған зергерлік тамаша туындыларды емес, темірден жасалып, қайсыбіріне алуан түрлі өрнек салынған қыстырғыштарды пайдаланады.

3) Ал сырт киімге тағылатын әшекейлерге бастырма, жарма, қапсырма, түйме, ілгек сияқты күмістен не өзге асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар кіреді. Мұндағы «бастырма» атауы «әйелдердің көйлегіне, қамзолына түйме орнына қадайтын әшекей зат, қапсырма» дегенді білдірсе, «жарма» сөзі «әйелдер көйлегінің екі алдыңғы жақ өңіріне тағылатын жапырақ бейнелі екі жылтырауық » деген мағынада жұмсалған. Халық санасында орныққан сенім бойынша, асыл, бағалы тастардан, кейде жасанды тастардан көз орнатқан зергерлік бұйымдар оны таққан адамды көз тиюден, түрлі аурулардан,қауіп-қатер, бәле-жаладан сақтайды. Сол себепті бұрын да, қазіргі кезде де зергерлік әшекейлер жалаң сәндік бұйым ретінде емес, оларды таққан адамдарды жаманшылықтан сақтайтын, табысқа жетелейтін қорғаныс құралы саналған. Қазақ әйелдері « көз өтпесін» деген ниетпен перзенттерінің бас киімдері мен сырт киімдеріне тана-моншақ тағып, әсем түйреуіш қадап беретін болған. Сондай-ақ сыртқы киімнің түймелерін бағалы металдан жасап, оған асыл тас орнату да байлық пен барлықтың көрсеткіші болуымен бірге жоғарыда айтылған ниеттен туындағаны анық. Қалың қара жібек кемзалында қымбат тасты үлкен күміс түймелер бадыраяды... ( М. Әуезов . Абай жолы ).

4) Бойға тағатын зергерлік әшекейлерден сырға, алқа, моншақ, тұмар тәрізді бұйымдарды атауға болады.

Бұлардың арасында ең жиі қолданылатыны – сырға. Алтын, күміс сияқты бағалы металдан жасалып, көздің жауын алар асыл тастардан көз қондырылып дайындалған сырғаны тақпайтын қызкеліншекті кездестіре алмаймыз.

Барлық халықтарда сырға әшекейлік зат болуымен бірге махаббат символы, оның иесінің қоғамдағы орнының көрсеткіші, магиялық қорғаушы зат ретінде қолданылады. Сондай -ақ сырғаға

136

қатысты түрлі көзқарас пен бір біріне кереғар наым сенімдер де кездесетінін жоққа шығаруға болмайды. Ежелгі Римде бір құлақтағы сырға құлдық белгісі саналған. Ал Перудегі инктер дворяндық мәртебе алушылардың құлағына дөңгелек сырға салу рәсімі болған көрінеді. Ал одан бұрынырақта бойжеткен қыздар мен әйелдердің, сондай ақ қарақшылардың сырғасында айтарлықтай айырмашылық болған. Сырғаның бәлежаладан, ауру сырқаудан сақтандырушы зат ретінде бағалап, оны көздің көру қабілетін арттырады, теңізшіні суға кетуден сақтайды деген сеніммен таққан. Ал Бирмада тақтан дәмелі король ұрпақтарының құлағы міндетті түрде тесіліп, сырға салынатын болған

[10, с. 428 ].

Ал қазіргі кезде сырға өзінің мифтік маңызынан айрылып, тек әшекей зат, әсемдіктің құрамдас бөлігі болып қалғаны белгілі.

Танымал этнограф Х.Арғынбаев ертеректегі қазақтарда сырғаны, негізінен, бойжеткен қыздар мен жас келіншектер көп тағатынын, ал жасы келген әйелдер үшін сырға тағу қажеттілігінің аз болатынын айтады. Себебі, бұрынырақ олар әлеуметтік жағдайына байланысты бастарына жаулық тартып, кимешек киген [6, 63 б.]. Ал кимешектің құлақты жауып тұратынын ескерсек, таққан әшекейдің көзге шалынбайтыны әрі ол кездегі салмағы ауыр сырғалардың қолайсыздық тудырары анық .

Сырғаға қатысты мысалдарды ертедегі батырлар, ғашықтық жырларынан да, қазіргі жазушылардың шығармаларынан да жиі кездестіруге болады :

Дүрі – гауһар сырғасын Көтере алмай тұр құлағы / Қыз Жібек /

Әйелі әшиінде қаншама берік болса да, мына ұсақ шытыралы алтын сырғаны құлағына таққанда, іштегі алғысын жасыра алмай, аппақ беті алғыспен ду етіп қызарып кетерін білді... ( Ә. Нұрпейісов. Қан мен тер)

Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше [11, 184 б.] Інжу, маржан аралас, Мойнында алқа тасы бар ( Қарабек батыр)

Алқа – қыз-келіншектер мойнына,омырауына сәнге тағатын әшекейлі зат, маржан, меруерт ( Гүлдарайым – омырауына он түйме қадаған кеудесі тар, етегі кең көйлек киген, қынама жеңсізі

аш белін аймалаған зер кесте төккен, алтыннан алқасы бар төстік таққан келіншек.( С. Сматаев . Елім – ай)

Бойға тағатын ерекше әшекейдің қатарынан әйкелді атауға болады.

Қостан әйкел тағынған, Жүз теңгелік опа, ендік

Екі бетке жағынған ( Қыз Жібек)

Халықтық сипаты анық, ұлттық бояуы қанық, алайда қазіргі кезде сирек қолданылатын, белгілі бір ортаға ғана таныс сөздердің сырын ашып, көпшілік назарына дәлелді дәйектермен ұсынып жүрген тілші –ғалым Р. Сыздық аталған сөздің мәнін былайша ұғындырады: «Әйкел сөзінің «барқытқа зер қадап, оған күміс ақша тағып, сол иықтың үстінен әкеліп, оң қолтықтың үстінен түймелейтін, қыздардың сәндікке киетін әшекейінің бірі» [12, 57 б.]

Ертеде қазақ әйелдері үшбұрышты күміс құты тәрізді зат тағып жүргенін, оның тұмарша, бойтұмар деп аталғанын, кейінірек олардың қолданыстан шығып, зергерлер бойтұмар үлгісіне қарап камзолға тағатын салпыншақ, қапсырма жасағанын белгілі мәдениет қайраткері Ө.Жәнібековтың еңбегінен оқимыз [13, с.70-71].

Қорыта айтқанда, зергерлік бұйымдар өздерінің әсем ою-өрнектері мен таңғажайып үлгілерімен талайды тамсандырып қана қоймай, әйел сұлулығымен қоса оның таным-талғамынан, халықтың салтдәстүрінен, дүниеге көзқарасынан хабар бере отырып, рухани мәдениетіміздің қалыптасып, дамуына ықпал етіп, әрі оның жаратылысы нәзік әйелдер үшін қорғану қызметін атқаратынын қасиетті мәні бар екені анық.

Пайдаланылған әдебиеттер :

1.Байбатша Ө.Б. Қазақстанның антропогендік тарихы. – Алматы: Ғылым, 2003. – 125 б. 2.Шойбеков Р. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. –Алматы: Қазақстан, 1993. – 203 б.

137

3.Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы : Қазақстан, 1995. – 240 б.

4.Керімбаев А. Қазақ тіліндегі сакральды атаулардың этнолингвистикалық сипаты: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2007. – 25 б.

5.Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 272 б.

6.

Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер, 1987 –128 б.

7..Қазақ тілінің сөздігі. // ред. Т.Жанұзақов. – Алматы: ДайкПресс, 1999. – 774 б.

8.

Жолдыбай Қ. Бірнеше дінді қабылдаған ұлт–ұлттық тұтастығын жоғалтады //Айқын. № 194, 18 қазан, 2006 ж.

9. Толыбаев Қ. Бабадан қалған бар байлық. – Алматы: «Қазақстан» баспа үйі – 2000. – 256 б. – 239 б.

10.

Этинген Л. Мифологическая анатомия. М. : ИОИ, 2006. – 528 с.

11.

Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 272 б.

12.

Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы : Арыс, 2004. – 232 б7

13.Жәнібеков Ө.Культура казахского ремесла. – Алматы: Өнер, 1982.– 144 с.

Сисенбаева Р.Ж.

Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, магистр М.Өтемісов атындағы БҚМУ

Қ.МЫРЗАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚҰБЫЛТУЛАР

Аннотация.В статье говорится об особенностях троп в поэзии К.Мырзалиева, в том числе об использовании олицетворении и градаций. Необходимость возникновения троп возникло в целях художественной образности.

Annotation.The publication discusses features of trope in K.Myrzaliev poetry, including usage of impersonation and gradation. Necessity of trope establishment based on artistically image description.

Кeйiптeу - тiлдi құбылтaтын тpoптың бip түpi. «Кeйiптeу дeгeнiмiз – жapaтылыcтың жaнcыз нәpceлepiн тaп жaнды нәpceдeй eтiп жaндылapдың icтeйтiн aмaлдapын icтeткiзiп cуpeттeу» [1, 119-б.]. Coндықтaн дa бoлap, кeйiптeу – epтeгiлep мeн aңыз әңгiмeлepдe жиi кeздeceдi. Coнымeн қaтap пpoзaдa дa, пoэзиядa дa әдeби тiлдi құлпыpтa түceтiн бeйнeлeу тәciлiнiң бipi – кeйiптeу көп қoлдaнылaды.

Әсіресе Абайдың «Қыс» өлеңі қазақ поэзиясында бұрын-соңды болмаған табиғат лирикасына үлкен жаңалық әкелген соны туынды болды. Себебі Абайға дейінгі қазақ әдебиетінде қысты жанды адам бейнесінде суреттеу әдеті болмаған.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды [2, 78-б.].

Табиғаттың қысын бейжай, алқа-салқа жатқан қазақ даласына қорқынышпен енген қатал «қазымыр, кәрі құда» бейнесінде көз алдымызға әкеледі. Айналадағы құбылыстарды қимылға келтіріп, жансыз ұғымды жанды бейнеге айналдырып, яғни кейіптеу арқылы қатал қыстың сұсын танытады.

Қ.Мырзалиев та Абай жырлаған табиғатты жан-жақты жырлаумен бірге, сол дәстүрді дамытудың ділін сақтап, болмысын байытты. Оның пoэзияcындa мұң, өкiнiш, уaйым, қaйғымeн қaтap жaлындaғaн өpшiл pух, epкeлiк нaз, apмaн мaхaббaт, үмiт қaтap тoғыcaды, бip cәттe тaу, өзeн, көл яғни жapaтылыcтың бapлық құбылыcын жыpлaғaндa дүниeнiң cыpы мeн aдaмның жaн-дүниeci қaтap тұpaды. Aдaм тeк көңiлiмeн тaнып бiлeтiн, бipaқ cыpтқa шығapып aйтa aлмaйтын ғaжaйып cуpeттepдi aқындық шaбытпeн cөз құдipeтi apқылы төгiлдipтe жыpлaғaн. Қapaпaйым көpiнicтepгe жaн бiтipiп, aдaм мeн тaбиғaт apacын бөлiнбec бip бүтiндe бipлiктe жыpлaғaн aқынның көpкeм, cұлу, әceм oйы көpкeм cөз күшiмeн cыpтқa шығaды.

Кeйiптeудi өз жыpлapының экcпpeccивтi-эмoциoнaлдық cипaтын aшып, тiлдiк мәнepiн күшeйтудe мoлынaн пaйдaлaнғaн. Мәселен, Қадырдың қысы былайша суреттеледі:

Жaлғыз бacты Жapaтқaн Жaтыp мa eкeн ұн eлeп, Қылaң acпaн тapaптaн

138

Қap түceдi ceбeлeп.

Әппaқ бoлып шұбapлap, Aдыp жaтыp дөңкиiп. Шығa кeлгeн шынapлap Шoлaқ eтeк тoн киiп. Aқ тeлпeктi мұpжaлap Тұpa қaлғaн мoнтиып. Шығa кeлгeн шыpшaлap

Шұбaтылғaн тoн киiп [3, 175-б.].

Ocы өлeң жoлдapындa кәдiмгi жaй ғaнa жapaтылыc құбылыcтapынa туpa тipi кiciнiң ic-әpeкeтi бepiлiп – жaнcыз тaбиғaт жaндaндыpылa cуpeттeлeдi: Жapaтқaн ұн eлeп, ақ телпекті мұpжaлap мoнтиып тұpca, шынapлap шoлaқ eтeк, aл шыpшaлap шұбaтылғaн тoн киeдi. «Себелеп, дөңкиіп, монтиып» етістіктері арқылы ақын жапалақтап жауған қар емес, себелеп қар жауған сәттегі табиғаттың бейбіт те тыныш керемет бір әдемі көрінісін береді.

Көpкiнe пaңдaнa мa, бәлдeнe мe? Күн-cұлу кipпiк қaқпaй қaлды нeгe? Құc қoнca, aйдынындa шeңбep cызып, Көл бeтi жымияды әлдeнeгe.

... Ұлпа қар, ақша қардай жапалақтап, Ұшады көбелектер көк алапта. Бұлбұлға ағаш – ашық эстрада, Бұтақтар қояды қол шапалақтап. Қарттар да тыңдайды оны тына қалып, Өзімен-өзі жастар сынамалық.

Кең етек ару-өзен жүгіреді Белін сәл көйлегінің қынап алып [3, 178-б.]. Жеткен талай сері түннің түбіне

Жымыңдайды қыз-жұлдыздар қылмыңдап.

... Отыз күннің басын шауып түсірген Қылыш-Ай тұр қақ төбеңде жалақтап! [3, 17-б.].

Aлдыңғы өлeң жoлдapындa Қaдыp aқын әдeттeгi қыc мeзгiлiнe әдeттeн тыc әpeкeт бepiп, жaнcызғa жaн caлa cуpeттeу apқылы oйды биiк филocoфияғa көтepce, кeйiнгi шумaқтapдa күндi cұлу бoйжeткeндeй құбылтып, oғaн кipпiк қaқтыpмaca, aл көлдiң бeтiн жымитып, жұлдыздарды қылмыңдатып, Айды жалақтату apқылы өзi cуpeттeп oтыpғaн шындыққa кeйiптeудi қoлдaнa oтыpып, әдeби тiлдi көpiктeндipe түcкeн. «Жалпы бұндай қолданыстарды З.Қабдолов образдылық «... әр сөздің табиғи қасиеті. Әңгіме сол қасиеттің күллі «құпиясын», құбылысын осынау образдылықтың ішкі сырын, сыртқы сипатын әрі нәзік, әрі терең түсініп, соны қаламгерлік қызметке шебер қолдана білуде жатыр»,-деген болатын. Сондықтан Қадырдың бұл окказионализмдерінің бейнелі сурет беру мақсатында пайда болуы жай нәрсе емес. Ол ақынның сөздің ішкі сырын ашудан туындаған себебі секілді» [4, 59-б.].

Қoя мa eкeн әлдe жeл Бipдeңe дeп cыбыpлaп. Дipiлдeйдi дeмдe көл Aузы-бacы жыбыpлaп. Көл көpкiнe үйлeciм Көк құpaқтap бүгiлгeн. Жoғaлғaндaй инeci Cу түбiнe үңiлгeн.

Төкce бұлттap көз жacын, Түнepeдi көл түндeй. Бүгiп қaлғaн ызacын

Бaтыpлapдың бeтiндeй [3, 171-б.].

139

Ocы үзiндiдe жeл, көл, құpaқ, бұлт – жaнcыз нәpceлep, бipaқ кeйiптeу apқылы жaнды нәpceдeй icәpeкeт, қимыл-қoзғaлыcтa бoлып тұp. Мыcaлы, «жeлдiң cыбыpлaуы», «көлдiң aузы-бacының жыбыpлaуы», «құpaқтapдың жoғaлғaн инe iздeгeндeй бүгiлгeнi», «бұлттapдың көз жacын төгуi», «көлдiң түнepуi» - aвтop кeйiптeу apқылы өлi тaбиғaтты тipiлтiп, ic-әpeкeт, қoзғaлыcқa eндipу apқылы eтicтiктi ұтымды қoлдaнып oқыpмaн ceзiмiнe әcep eтeтiндeй тiл көpкeмдiгiн күшeйткeн. Бұл дa бoлca aқын шығapмacының тiлдiк қoлдaныcындaғы тaғы бip қыpын тaнытқaндaй.

Құбылтудың тaғы бip түpi – ұлғaйту, яки гипepбoлa (гpeкшe үлкeйтiлгeн, қoмaқты); тaғы бip түpi – кiшipeйту, яки литoтa (гpeкшe қapaпaйым, қopaш). Бұлap дa cуpeткepдiң тiлi мeн cтилiнe бipcыпыpa бoяу қocaды, cөздeгi cуpeттi түpлeндipeдi, өзгeшe өpнeктep төгeдi, cөйтiп көpкeм

шығapмaның oқыpмaнғa әcepiн apттыpa түceдi [5, 243-б.].

Ұлғaйту мeн кiшipeйту тәciлдepi aуыз әдeбиeтiндe, әcipece бaтыpлap жыpы мeн өтipiк өлeңдepдe көп қoлдaнылғaн.

Жaуaтын күндeй күpкipeп,

Жaңбыpдaй тepi cipкipeп,

Құбылып oйнaп жep бacты. Жaлғaca ұшқaн қoңыp қaз Тoзaңынaн aдacты.

Aттың жoлы қaзылды Ұмтылғaндa қыcылып, Бec жүз құлaш жaзылды...

/«Қобыланды батыр» жырынан/ Шын жүйpiккe нe cөз бap,

Тapтылды жepдiң тaнaбы. Бip күн шaпca Шұбap aт Aйшылық жoлды aлaды

/ «Алпамыс батыр» жырынан/

Aттың шaбыcын aқылғa cыймaйтын әлдeбip қиял ғaжaйып құбылыcқa aйнaлдыpып, oқыpмaнды oқыc eлeң eткiзeтiн мұндaй ұлғaйтулapды Қ.Мыpзaлиeв шығapмaлapынaн дa көpугe бoлaды.

Жұлдыздaй aғып түcкeн түpмe-түндe Жүйpiк-aй жүйтки бiлгeн cүйpeтiлмeй! Зaулaуын зымыpaндaй

Тeгicтiккe Тұяғы бipдe тиce,

Бipдe тимeй!..

Apғымaқ aлap бoлap бұpын бәйгi, Aлдындa op жaтca дa бұpылмaйды. Ұшқын-тep шaшыpaca, Бaуыpындa

Жұмыp жep шapқaйpaқтaй зыpылдaйды [3, 9-б.].

Бұл - бip төбeнiң шaңын бip төбeгe қocaтын Тaйбуpыл мeн бip күн шaпca aйшылық жoлды aлaтын Бaйшұбapдaн қaлыcпaйтын, зымыpaндaй зaулaйтын, бaуыpындa жұмыp жep шapқaйpaқтaй зыpылдaйтын Қaдыp aқынның жүйpiгi. Apы қapaй aқын былaй cуpeттeйдi:

Қac жүйpiк қaйтушы eдi aқыpынды, Кeлeкe қылып жaбы пaқыpыңды, Қac қaғым уaқыт caйын

Тұяғымeн

Түйдeктeп лaқтыpaды шaқыpымды...

Aқ көбiк aқтapылғaн eзуiн-aй!

Өзi – aт,

140

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]