Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

классиктерінің еңбектері молынан үйретілетін. Ал Қожа Ахмет Иассауи, Сүлейман Бақырғани т.б. сопылық сарындағы шығармалары түрік тілінде басымырақ оқытылатын. Ахмет Риза медрессесі де осы қалыпта сақтайтын»(7).

Демек, ғалымның атап көрсеткеніндей, Орта Азия, Еділ бойы; Кавказ, Қазақстан жеріндегі ислам дініндегі халықтарға оқу-ағарту жұмысын жүргізетін медресселердегі оқудың тұтас мазмұны әлемдік философиялық ғылымдағы суфизм бағытымен жүргізілгенін аңғарамыз. Суфизм VІІ-VІІІ ғасырларда араб тайпалары арасындағы наным-сенімдердің мұсылманшылық-исламдық тұтас діни ілімге ұштасуында пайда болған, қалыптасқан философия-ойшылдық ағым. Ұлы философ Платонның о дүниелік шындық туралы ойларымен қабысатын бұл ағымның өкілдері ислам дінінің білеушілердің құралына айналуына қарсы болған. Бұл туралы түрік танушы ғұлама Ә.Қоңыратбаев былай дейді: «Суфизм утопиясында ресми дінге(исламға) қарсы қойылған оппозициялық ой, еркін ойлауға ұмтылуда болған. Мысалы, ислам діні шахтар мен феодалдардың құралына айналған кезде суфизм өкілдері Алланы дінмен(ақылмен) емес жүрекпен тану керек деп ресми дінге қарсы болған. Суфизм поэзиясы хандар мен дін иелеріне сатира қолданса, бұқара халыққа жылы қараған(8).

Қазақстан жерінде кеңінен тараған ағртушылық сопылық ағым өкілдеріне қатысты «Ғайып ерен қырық шілтеп, «Бабай түкті Шашты Азиз», «Түркістанда түмен бап, бәріне ұстаз Арыстан бап.»-деп, айтылуына да табиғи байланыстар бар.

Арыстан бап – шығармаларын түркі жазу ақын Қожа Ахмет Иассауиды тәрбиелеген ұстазы. Ал Қожа Ахмет Иассауи, ахмет Иугінеки т.б. – бәрі де байлық, билік алдау, арбау, опасыздық, үстемдік еткен осы фәни дүниенің жалғаншы кейпін айыптаушылар.Алланың пенделерін щындықтың жолынан ауытқымауға шақырущылар.

Сырдария мен Амудария өзендері мен Қаратау атырабы өңірлерін жартылай отырықшы, жартылай көшпелі жағдайда мекендеген қазақ ауылдарында осындай оқымысты ұстаз-ағартушылары болған. Бұлар қазақ ауылдарын құрсаулап, рухани аздыруға әсер ете бастаған ресейлік жатжұрттық отаршылдық ықпалға қарсы өздерінің мұсылмандық – ағартушылық жұмыстарын кеңінен өрістетті. Бұлар мұсылмандық көзқарас негіздерін шәкірттерге, қалың жұртшылыққа терең меңгерте отырып сопылық-ойшылдық мазмұндағы шығармаларды араб-парсы, түркі-шығатай тілдеріндегі жазба әдеби фольклорьлық мұралардың классикалық үлгілерін қайталай жырлаған қол жазбалар тарту немесе кітап етіп жариялап насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Бұл түркі халықтарының туыстығын ұмыттырмауды, әрі мұсылмандық сенімді күшейте түсуді ойлаған пәрмендер рүхани күрес жолы. Отаршылдық саясаты халықтарда ұлттық келбеттен, тілден, жерден айыруға қаншама күш салсада, мұсалмандық-ағартушылық жолындағы курескерлер өздерінің нәтижелі игі істерін үздіксіз жалғастырумен болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Абай Таңдамалы. Алматы 1995., 23 б.

2.Ы.Алтынсарин «Мұсылмандықтың тұтқасы» алматы 1991., 8 б.

3.Құран, Аударма. Р.Нысанбаев «Ықылас» сүресі.

4.Абай. Шығармалар жинағы. Алматы 1995.

5.Ислам мен Ақиқат// Ислам әлемі 1999., №3

6.Абай. Шығармалар жинағы. Алматы 1995.

7.М.Мырзахметов. Абайдың балалық шағы. Алматы 1993.,

8.Ә.Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары. Алматы 1991., 88 б.

171

Сағындықов Н.Б.

Ф.ғ.к., доцент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ахмет А.Н.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы

Ебелекбаева А.

«БАКАЛАВРИАТ» мектебі, Алматы қ.

«ҚИСАС-УЛ ӘНБИА» ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ҚҰРАН ЖЕЛІЛЕРІ

XIV ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің ішінен діни-исламдық ағартушылық тақырыпта жазылған Рабғузидің «Қисас-и Рабғузи» немесе «Қисас-ул әнбия» атты кітабы елеулі орын алады. «Қисас-и Рабғузи» барлық түркі халықтарына ортақ орта ғасырлық маңызды туынды болып саналады. «Қисас-ул әнбиа» ислам дінінің негіздерін халық ұғымына жақын, түсінікті тілмен ұғындырды.

«Рабғузи қиссалары» ежелгі әдеби мұра ретінде қарастырылып жүргенімен, жан-жақты толық зерттелді деп айта алмаймыз. «рабғузи қиссаларының» тілі туралы әдебиетші, тілші ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер орын алған.

Аталмыш ескерткіш тұңғыш рет қазақ әдебиеттану ғылымында ертедегі әдебиет нұсқасы ретінде қарастырған Б. Кенжебаев: «Қисса әнбия» - XIII-XIV ғасырда жасалған жинақ. Ол Орта Азия мен Қазақстан жерінде ежелгі түріктер – жергілікті ру-ұлыстар, халықтар тіліне өлкені жаулап алып, билеп-төстеуші арабтар тілі көптеп араласқан, сонан кейінірек шағатай тілі деп аталған жалпы бір әдеби тіл пайда болған заман болатын. Осыдан «Қисса әнбия» тұтас алғанда шағатай тілінде жасалған әдеби нұсқа деп есептеледі», - дейді [1, 21].

Профессор Х. Сүйіншәлиев: «Шығарма тілі бастан аяқ біркелкі емес. Араб пен шағатай (түркі тайпаларының ескі ортақ әдеби тілі) аралас. Түсінік сөздерінде араб сөздері көп қолданылса, өлеңдері түгел шағатайша. Шығарма негізінен қазіргі өзбек, қазақ, ұйғыр т.б. халықтарға бірдей түсінікті болған шағатай әдеби тілінде баяндалған» дейді [2, 168].

Осы пікірлердегі «шағатай тілі» терминінің қолданылуы тым біржақты. Экман және А. Н. Самойлович сияқты ғалымдар шағатай тілін үш кезеңге бөліп қарастырады:

1.Шағатай тілінің алғашқы дәуірі немесе Науаиге дейінгі дәуір (XV ғасырдың екінші жартысы). Бұл тілде Хайдар, Хорезми, Лутфи, Юсуф Амири, Сақақи қалам тербеген.

2.Шағатай тілінің классикалық дәуірі (XV ғасырдың екінші мен XVI ғасырдың бірінші жартысы). Бұл тілде жазған ақындар: Науаи, Хусеин Байқара, Хамиди, Мухаммед Салих, Нейбани т.б.

3.Соңғы, яғни классикалық дәуір, шағатай тілінен кейін қолданылған әдеби тілдің дәуірі (XVI ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың аяғына дейін). Сонымен орта түркі әдеби тілінің тұтастығы ыдырап, жеке ұлт тілдері айқындала бастаған XV-XVI ғасырларда Орта Азия түркілердің жазба тіліндегі бір белес осы шағатай тілі болса керек. XVII ғасырларда ескі өзбек тіліне жалғасқан шағатай тілі қазіргі өзбек тілінің негізі болып саналады.

Ғалымдардың бір тобы арасында бұл ескерткіш оғыз-қыпшақ тілінде жазылған деген пікір де бар. Мәселен, ғалым Н. Келімбетов: «Бұл мемлекет халқының басым көпшілігі түркі текті ру-тайпалар, әсіресе, қыпшақтар мен оғыздар көп болды. Сол себепті Алтын Орданың әдеби тілі – қыпшақ-оғыз диалектісіндегі орта ғасырлық түркі әдеби жазба тілі еді. Бұл түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті болды» [3, 197], - деп пайымдайды.

Ал, Р. Чақыр ғылыми зерттеу жұмысында А. Ясауидің «Диуани Хикмет» еңбегін «Қисас-ул әнбияның» Бакудегі Әзірбайжан Ғылым академиясының жазба үлгілері институтынан табылған нұсқасымен тілдік тұрғыдан салыстырып, Қожа Ахмет Ясауи мен Рабғузидің қолданған тілі Шығыс Қарахан әдебиетінің дәстүрлерін сақтап, аралас оғыз-қыпшақ тілінде жазылған», - деген пікір білдіреді [4, 24].

Бұл пікірлер логикалық тұрғыдан тұжырымдалып, шындыққа бір табан жақын айтылғанымен, әлі де нақтылауды талап етеді. Жалпы кез-келген жазба ескерткіштің тіл туралы айту үшін фономорфологиялық, лексика-семантикалық зерттеу жүргізіп, әр сөзді бүгінгі тілдік деректермен салыстыра зерделеу қажет. Сонымен қатар, жазба ескерткіштер дүниеге келген уақыт пен ортаны да

172

тани білу шарт. Өйткені тіл интралингвистикалық факторлармен қатар экстарлингвистикалық жағдайларға да тәуелді. «Рабғузи қиссасы» - Алтын Орда дәуірінің мұрасы.

Рабғузидің «Қисас-ул әнбиасы» да нәзира дәстүрімен жазылған, өз арнасын Құран Кәримнен, Інжілден алатын шығарма болып табылады. Осы жұмыста біз Рабғузи еңбегінің Құран Кәриммен байланысын, сондағы желілер арқылы берілген тұстарын ғана қарастырдық.

«Қиссаси Рабғузи» - Пайғамбарлар мен әулиелер, сахабалар мен жын-шайтандар, тағы басқалар туралы әңгімелер жинағы. Мұнда барлығы жетпіс тоғыз хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олардың бірінші тобын Аллаһ Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы хикаялар құрайды. Екінші тобына пайғамбарлар, әуле-әнбиелер, сахабалар, тағы басқалардың өмірі мен ісәрекеттері жайындағы аңыздар жатады. Ал үшінші тобы һижраның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен, «Нұх ғалейхиссалам» деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ, «Қиссаси Рабғузийде» Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, Мұхаммед Пайғамбарлар (с.а.у.) туралы да қызықты хикаялар бар. Қиссада Пайғамбарлар қарапайым адамдарша өмір сүріп, қоғамда түрлі оқиғаларға араласып отырады. Кeзіндe қaзaқ хaлқы aрaсындa aуызшa дa, жaзбa түріндe дe кeң тaрaған діни мaзмұндaғы қиссалар көп болғaн. Бұлaрдың бәрін тaқырыптық жaғынан үш топқа бөліп қарaстырған жөн.

Бiрiншiсі - бұрын басқa дінде болған адaмдарды Ислaм дiнiне eнгiзу идeясын жыр eткeн дiни қиссaлaр. Бұғaн «Сaл-сaл» және «Заркүм» қиссаларының сюжеті дәлел болa aлaды. Бұл қиссaлaрдa Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) өзiнiң төрт сeрiгiмeн (Әбy Бәкiр, Омaр, Oсман, Әзірeт Әли) әскeри жoрықтaрға aттaнады дa, ұдaйы жауды жеңіп, оларды Ислам дінін қабылдауға мәжбүр етеді. «Сaлсaл» қиссaсы Әзірeт Әлидің Сиқыр шaһарына жaсaғaн әcкeри жoрығын сyреттeуден бaстaлaды. Бұл кeзде Мeкке қaлaсында Мұхaммeд Пайғамбaр (с.а.у.) жaлғыз өзi қaлған eді. Сoны бiлгeн Жәмшид пaтшa дeрeу Меккeні жaулaп aлу үшiн қaлың қoл жібeрiп, сoғыс aшaды. Aлaйдa Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) өз әскерімeн оларғa қарсы шығып, ұзаққа созылған шайқастaрдан соң Жәмшид, Пaйруз, Қитaр пaтшaлaрды жеңiп, oлардың хaлқынa Ислaм дiнін қaбылдaтады. «Зaрқұм» қиссaсында қылышын aйдаһардың уымeн суaрған Зaрқұмға қaрсы Мұхaммед Пaйғaмбaрдың өзi жeкпе-жeкке шығып, жеңeді. Зарқұмғa мұсылмaн бoлудың бaсты шaртын oрындaтады, яғни oған «Аллaһтан бaсқа Тәңiр жoқ, Мұхаммeд Аллaһтың кұлы әрi елшісi» дегeн қағидaны aйтқызады.

Екінші топтағы қиссалар - өмір жолындағы қиындықтарды жеңе білуғе, төзімділікке, мейірімділікке, достыққа, халық үшін еңбек етуғе, мaхaббат адaлдығынa үндeйді. Бұғaн «Әзірeт Әлидiң құлдыққa сaтылғaны», «Әзірeт Әлидiң сaраң бaйды дұрыc жoлға сaлғаны», «Жүсiп-Зылихa» қиссaлары дәлeл.

Үшіншi тoптағы қисcалар - бaқи дүниeдегі, яғни жұмaқ пен тoзақтағы өмірдi бейнелeн көрсeтуге арналғaн шығaрма бoлып кеeеді. Мұндaй қиссалaрда әрбiр пeнде жaлған дүниeде жaсаған күнәсi үшiн Аллaһ aлдында жaуап беpeтіні нeгізгі идeя рeтінде жырланaды. Мәсeлен, «Жұмa-жұмa» (Қазaн, 1881) қиссaсындa тiрі кeзіндe жaсаған күнәлaры үшiн, әрi мұсылмaнның бeс пaрызын oрындамағаны (Аллaһтан бaсқа Тәңiр жoқ екeнін мoйындaмағaны, нaмаз оқымaғаны, зекeт бермегeні, oраза үстaмағаны, қaжылық ғибaдатын орындaмағаны) үшiн тoзақ азaбын тaртып жaтқан Жұма-жұмa дeген aдамның бeйнесiн сурeттеп көрсeтеді. Қиссaда Жұмa-жұмaның тозақтaғы жaн төзгiсіз aзaпты өмiрі нaқты штрихтaр aрқылы берiлген. Aл «Әзiрет Әлидiң пырaққа мiніп, Миғрaжға шығуы» дeп аталaтын қиссaда тiрі кeзінде aдамдaрға жaқсылық жасaғаны үшiн Әзірeт Әлидiң жұмақтa Пaйғамбарлармен кeздесіп, сұхбaт құрғaны, хoр кыздaрымен әңгімелескeні қызықты сюжeт aрқылы жырланғaн. Шығыc хикaяларының жeлісіне құрылғaн қиссaлар жaзып, кезінде нәзирa дәстүрін ұстaнған бір тoп ақындaр қaзақ әдeбиеті тaрихындa «кітaби ақындар» дeп атaлып кеткенi мәлiм. Солардың ішінде діни қиссаларды ең көп жазған ақын Шәді Жәңгірұлы (1855 - 1933) деуге болады. Шәді ақынның Ташкентегі Ғарифжанов баспасынан әр жылдары жарық көрген «Хайбар» (1910), «Назым Сыяр Шариф» (1917), «Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917), «Қисса Бәлгәм Бағұр», т.б. қиссалары Ислам сенімінің негіздерін түсіндіруге арналған. Жалпы діни қиссаларда басқа ешбір Құдайдың жоқтығы, Аллаһтың барлық Пайғамбарлары мен періштелерінің өнегелі өмірі, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) адамзат баласы алдында атқарған ізгі істері зор шабытпен жырланған. Діни

173

қисса имандылыққа, қанағат-ынсапқа, күншіл болмауға, біреуге зорлык-зомбылық жасамауға, жетімжесірлерге көмек көрсетуге, қайырымдылыққа, т.б. ізгі қасиеттерге үндейді.

Енді «Қисас-ул әнбиа» ескерткішінің Қасиетті Құран Кәриммен өзара байланысы, сабақтастығы туралы сөз қозғамас бұрын, әуелі Құран Кәрим туралы мәліметтерді талдап көрелік.

Құран Кәрим – ислам дінінің, мұсылман қауымының негізгі киелі де қасиетті кітабы. Құранда Алла тағаланың атынан айтылатын өсиет - өнегелер, екі дүниелік ереже - қағидалар жинақталған. Араб тілінде оқу дегенді білдіреді. Құран Кәримде 114 сүре бар. Сүрелер белгілі бір тәртіппен, бірізділікпен орналасқан. Олар меккелік (92) және мединелік (22) деп екіге бөлінеді. Сүре аяттарға бөлінеді. Құрандағы ең ұзағы 2 - ші сүре («Бақара» сүресі) - 286 аят, қысқасы - 103, 108, 110 сүрелер 3 аяттан тұрады. Шығыс елдерінің ақын - жазушылары Құраннан дәйектемелер алған. Құранның сөзін түсіну оңай емес, онда арнайы түсіндіруді қажет ететін сөздер жиі кездеседі. Мұнда өсиет, мақал - мәтел, аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар, тіпті мұсылман халқы үшін күнделікті тұрмысқа қажетті заңдар берілген.

Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім – бүкіл әлемді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есепқисап күнінің жалғыз қожайыны Алла Тағаланың сөзі.

Құран – тілмен оқылатын, жүрекпен қабылданатын, құлақпен тыңдалатын кітап. Онымен байланыста болу – ең абзал ғибадаттардың бірі, әрі бұл Аллаға жақындаудың бір жолыАлла Тағала Құран мазмұнына бүкіл ғылым атаулының негіздерін сыйғызды. Онда үкімдер, шариғат талаптары, мысалдар, өнегелер, аспан әлемінің жүйесі тағы басқа көптеген мәселелер керемет дәлдікпен берілген.

Қасиетті Құран жайлы сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Құран сондай бір кітап – оның ішінде сендерге дейінгі уақиғалар, сендерден кейінгі хабарлар және араларыңда шығарылатын үкiмдер бар. Oл – eшбiр әзiлi жoқ төрешi кiтап. Oны менсiнбей тәрк еткендерді Алла құрдымға батырады, ал одан басқадан тура жол іздегендерді адастырады. Өйткені, ол – Алланың мықты арқaны һәм хикмeткe тoлы сөзi, әрi oл – турa жoл. Oнымeн жүргeндeр aдacпайды, oны арқaу eткен тiлдер шaтаспaйды. Ғaлымдaр oны қaнша oқысa да, әстe тоймaйды. Көп оқылғаннан ол ескiрмeйді, ғaжaйыптaры сaрқылмaйды. Жындaр oны eстігeнде, «Шындығындa, бiз aса ғaжап Құрaн eстідік» дeп тaңданыстaрын жaсыра aлмады. Кiм oған сүйeніп сөйлeсе, турaлық aйтады, oнымен үкiм eтсе, әдiл бoлады, oны ұстaнып өмiр сүрсe, мoл сaуапқa кeнeлeді, oған шaқырғaн турa жoл тaбaды».

Алла Тағала Құран Кәрім туралы былай деді: «Мұхаммед (с.ғ.с.) егер бұл Құранды бір тауға түсіргенімізде, оның Алладан үрейленіп быт-шыт болғанын көрер едің. Ал, мұндай мысалдарды адам баласы ойлансын деп келтіреміз» («Хашыр» сүресі, 20-21 аяттар).

“Маудуат-ул-улум” кітабында: “Құран Кәрімдегі мәліметтер үш бөлімнен тұрады.

Аллаһу Тағала мәліметтердің бір бөлімін ешқандай құлына білдірмеген. Оның өзін, есімдерін және сипаттарын өзінен басқа ешкім біле алмайды.

Екінші бөлім тек Мұхаммед алейһиссаламға білдірілген болып, оны да ұлы пайғамбар мен оның мұрагері болған расих ғалымдардан басқа ешкім түсіне алмайды.

Үшінші бөлім – Аллаһу Тағаланың Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уассаламға) көрсетіп, оның үмбетіне үйретуін бұйырған мәліметтері. Бұл мәліметтер де екіге бөлінеді. Біріншісі, “қисас” және “ахбар”. Қисас - өткен үмбеттердің жағдайын білдіреді. Ахбар – осы дүние мен ақыретте жаратқан және жарататын нәрселерін білдіретін ғылым. Екіншісі, ақыл, тәжірибе және араб тілі ғылымдары арқылы меңгерілетін ғылымдар болып табылады” деп көрсетілген.

Қасиетті Құран Кәримнің қазақша мағынасы мен түсінігінде мұндағы айтылғандарды негізінен он төрт бөлімге, яғни тақырыптарға бөліп көрсеткен.

1.Адам баласы

2.Алла

3.Алланың сипаттары

4.Әлемге байланысты аяттар

5.Ғибадат

6.Ғылым, ақыл, ой жүгірту, ғибрат

7.Дін, иман және жақсы-жаман жол

8.Жиһад (соғыс)

9.Қоғамдық тәртіп

174

10.Құран

11.Мінез-құлық (ахлақ)

12.Өлім және өлімнен кейінгі ахуал

13.Үй іші тәртібі

14.Экономикалық өмір [3]

Біз қарастырып отырған Рабғузи қиссасы негізінен осы Құран Кәримнің құрылымы негізінде жазылған еңбек болып табылады. Ғұлама ғалым Рабғузи өзінің шығармасы адамгершілік, әділдік ұғымын кеңінен насихаттап, ел билеушілерді пайдалы жолға үгіттейді және оларға оң ықпал етуді көздеген [6,64].

«Қисас-ул әнбиа» кітабында барлығы жетпіс тоғыз қисса мен хикая, әңгіме, өлең, оқиғалар бар. Бұл қиссаларды тақырып-мазмұнына, идея-мәніне қарай әдебиеттанушы ғалымдар бірнеше топқа бөледі.

Б. Кенжебаев үш топқа бөліп қарастырады:

1.Жер, көк, адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, Адам ата, от, топырақ жайлы түсінік, мақала, әңгіме.

2.Әулие, әнбиелер, пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс-әрекеттері туралы қиссалар, ертектер, аңыздар.

3.Шежіре – мұсылман жыл есебінің, һижраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғалар, күнтізбе-жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер [6,18 ].

Ал ғалым Х. Сүйіншәлиев Рабғузи қиссасындағы аталған аңыздар мен әңгімелерді екі топқа бөліп қарастырады:

1.Табиғат, дүние құбылыстары, адам туралы, оның пайда болуы туралы түсініктеріне байланысты аңыздар;

2.Дін таратушы халифтар мен әулиелер туралы, кейбір тарихи адамдар туралы аңыздар [2, 165-

166].

Ғалым А. Қыраубаева үш топқа бөліп қарастырады:

1.Табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы жайындағы діни-морфологиялық әңгімелер.

2.Дінді таратушылар, халифалар, тарихи аңыздар мен әңгімелер.

3.Ауыз әдебиеті үлгілері, өлеңдер [8, 58].

Н. Келімбетов: «Қисас-ул әнбиа» бір жағынан, діни аңыз әңгімелерге, екінші жағынан, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлеріне негізделіп жазылған прозалық көркем туынды болып табылады» деген пікір айтады. Демек біздің зерттеуіміздің тақырыптық нысанына айналған еңбек прозалық көркем туындылар қатарында, әлемдік рухани құндылықтар қатарында сақталған.

««Кисас Аль-Анбия» или «Истории Пророков» любая из различных коллекций рассказов, адаптированных от Корана и другой исламской литературы, тесно связанной с толкованием Корана»

[8, 234].

Ал ғалым Б.Сағындықұлының еңбегінде осы ескерткіштегі қиссалардың кейбірі толықтырылып түсіндірірледі [9].

«Қисас-ул әнбиа» ескерткіші Құран Кәримнің желісі арқылы, оның түсіндірмесімен тығыз байланыста жазылған еңбек болып табылады. Рабғузидің бұл еңбегі қазақ әдебиеті үшін де, екіншіден пайғамбарлардың ғұмырын толық білу үшін де аса маңызды болып табылады. Рабғуи еңбегінің бір ерекшелігі Құран Кәримдегі пайғамбарлар жайлы айтылған әр сүредегі жайттарды біріктіріп, әрқайсысын жеке қисса ретінде жасаған. Мәселен, Құран кәримде тек Жүсіп сүресі ғана толық берілген және ол Рабғузи қиссасына да тура дәл сол қалпында енгізілген.

Құран Кәриммен байланыстырып, Рабғузи қиссасының мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

Рабғузи қиссасының бірінші ерекшелігі – сұрақ-жауап жанрында жазылуында. Жауаптарға айғақ ретінде ғибраттық мәні бар түрлі сұрақтар қоя отырып, олардың пайда зиянын, нақты мысалдармен ұғындырады. Мәселен, Жүсіп інісі Вениаминді «ұры» деп алып қаларда, бауырлары: «Дүре соқ, мал ал, Вениаминді алып қалма. Алып қалар болсаң, біздің бәрімізді алып қал. Қарт атасы бар, қарт атасына шапағат ет, қайыр жаса» деп өтінді. Сауал: Аталары пайғамбарға шапағат жаса демеді қартқа шапағат жаса деді. Керемет не еді? Жауап: Олар Мысыр патшасының қандай дін

175

ұстайтынын білмеді. Пайғамбардық мұсылмандарда өте құрметті, кәпірлер құрметтемес. Бірақ қартты барлық дінде құрметтер еді. Сол себептен қарт деді, пайғамбар демеді.

Сұрақ-жауап жанрында жазу үлгісін толығымен Құран Кәримнен алды деуге негіз бар себебі. Себебі, алдымен сұрақ қойып, сосын оның жауабын беру тәсілі Құранда да бар. «Мұхаммед (с. ғ.с.) бір елші ғана одан, бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе, не өлтірілсе, сендер сонда өкше (із) леріңе айналасыңдар ма? (Қайта кәпір боласыңдар ма?) Кім өкше ізіне қайтса Аллаға ешбір зиян келтірмейді. Сондай-ақ Алла шүкір етушілерді сыйлайды («Әли ғымран», 144).

Рабғузи қиссасының екінші ерекшелігі, Рабғузи өзі баяндап отырған әрбір оқиғаның нақты себебін көрсетіп, оған бірнеше дәлел келтіреді. Дәлел келтіру арқылы оны оқырманға барынша түсіндіруге тырысады.

Үшінші ерекшелігі, Рабғузи белгілі бір ойды, мақсатты, жақсылық-жаманды қасиеттерді талдаптүсіндіру үшін қиссадағы оқиғалардың мазмұнына сәйкес түрлі хикаялардан, бұрынғылардан қалған әңгімелерден, нақылдардан, ғибратты сөздерден қысқа үзінділермен мәтіндер келтіреді және араб тарихшысы Уахиб ибн Мұнаббихқа, Мұхаммед пайғамбардыің Аббас атты бабасының баласы, ғалым және хадистерді Абдолла ибн Аббасқа және т.б. сілтеме жасап отырады.

Төртінші ерекшелігі, Құранда қысқа және схемалы баяндалуына байланысты ашылмай қалған, түсініксіз эпизодтардың мазмұнын Рабғузи көптеген авторларға сілтеме жасаумен қатар, әр сүренің соңында сол сүренің мағынасына үйлесетін әңгімелер мен өлеңдер арқылы түсіндіріп отырады.

Бесінші ерекшелігі, қиссада Рабғузидің өз жанынан шығарған жыр жолдары: бәйіт, ғазал, шығырлар қиссаның көркемдік құндылығын арттыруда үлкен рөл атқарып тұр. Бұл жыр жолдарынан Рабғузидің эстетикалық талғамының биіктігі, адам жанының нәзік сезімдерін тап басқан көрегендігі, табиғат құбылыстарын терең меңгерген таным-түсінігі анық байқалады.

Алтыншы ерекшелігі, ескерткіштің лирикасы өте күрделі. Негізгі түркі сөздерімен қатар, арабпарсы сөздері, түркі сөздері де ұшырасады. Фразеологиялық тіркестер қазіргі қазақ тіліндегі баламаларына өте ұқсас. Сонымен қатар ескерткішке ғана тән, стильдік фразеологиялық тіркестер де, бүгінгі түркі тілдерінде көне сөздер де ұшырасады.

Жетінші ерекшелігі, сюжет құрылысындағы кейде түсініксіз көңілге қонымсыз деген тұстарына Рабғузи нақты бірнеше дәлел келтіреді де, негізгі, дұрыс жауабы деп Құранның сүрелеріне сілтеме жасайды.

Шығыстық қисса-дастан жанрын жан-жақты зерттеп, үлкен ғылыми еңбек жазған ғалым А. Қыраубайқызы: «Қисса-дастан жанрының өзіне ғана тән дәстүрлі жүйесі, стилі, тұрақты желілері, қалыпты сюжет арнасы бар. Тұрақты желілерге: «Балаға зарығу», «Мінсіз кейіпкер», «Патшаның тастанды баласы», «Аң асыраған бала», «Түс көру», «Иранбақты іздеу», «Теңіз оқиғасы», «Жолдағы қауіп-қатерлер» ( аждаһа, дию, маймыл, зәңгі, Төбекөзбен кездесуі), «Жазира арал», «Сарай салдырған қыз», «Бақ пен бағбан», «Сарайдағы патша әскерімен соғыс», т.б. жатады» [10, 123] – деп атап көрсетеді.

«Қисас-ул әнбия» ескерткішінің Құран Кәрим сүрелерімен аттас қиссаларына мыналар жатады:

«Қисас-ул әнбиядағы» қиссалар

Құран Кәримдегі сүрелер

«Нұх» пайғамбар қиссасы

«Нұх» сүресі

«Зәкәрия, Яхия, Мәриям және Иса (ғ.с) қиссасы

«Мәриям» сүресі

«Жүсіп-Сыддық» қиссасы

«Юсып» сүресі

«Ибрахим» пайғамбар қиссасы

«Ібрахим» сүресі

Құран Кәримдегі «Адамның жаратылуы» туралы аяттар

«Бақара» сүресі, 28, 30 аяттар

«Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы

 

өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді». (28) «(Мұхаммед с.ғ.с) сол уақытта

 

Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!», -

 

деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу

 

жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз»

176

 

деді. Алла: «мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!», - деді.

 

(Алла Адамды топырақтан жаратып, оған жан салды). (30)

 

 

«Әли Ғымран» сүресі, 6 аяты

«Ол сондай Алла, сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді. Одан

 

басқа ешбір тәңір жоқ. Өте үстем, хикмет иесі» (6).

 

 

«Ниса», 1 aят

«Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және

 

оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді

 

таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан

 

Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла сендерді

 

бақылаушы» (1)

«Әнғам» сүресі 2, 98 аяттары

«Ол сондай Алла сендерді балшықтан жаратып сонан соң өлім мезгілін

 

белгіледі. Және белгілі (қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда да

 

күдіктенесіңдер ме? (2) «Және Ол сендерді бірақ кісіден жаратқан.

 

Сендерге (атаның белінде, ананың қарнында немесе жердің үстінде,

 

астында) уақытша тұрақ әрі орын бар. Расында ұғатын қауымға

 

аяттарымызды ашықтан-ашық баян еттік» (98)

«Ағраф» сүресі, 11, 189

«Расында сендерді жаратып, сонан кейін бейнеледік. Сонан соң

аяттары

періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар!» дедік. Барлығы сәжде етті.

 

Бірақ Ібіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады» (11). «Ол

 

сондай Алла, сендерді бір-ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған

 

тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан» (189)

«Хыжыр» сүресі, 26, 28 аяттар

«Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап

 

құрғағанынан жараттық» (26). «Оның жаратылысын тамамдап, оған

 

рұхымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар!» (Бас

 

иіңдер!) (28)

«Нахыл» сүресі, 4, 72 аяттары

«Тағы малдарды жаратты: Малдар да сендерді жылытатын және басқа

 

пайдалы заттар бар. Әрі олардан жейсіңдер» (4). «Алла өз

 

жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан сендерге балалар,

 

немерелер пайда қылды. Сондай-ақ тап –таза нәрселерден

 

ризықтандырды». ( 72)

«Ісра» сүресі, 99 аяты

«Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың: өздері

 

сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме?» (99)

«Таһа» сүресі, 55 аяты

«Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет

 

содан шығарамыз» (55).

«Хаж» сүресі, 5 аяты

«Әй адам баласы! Еегер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине

 

біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған

 

қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді

 

білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған уақытқа дейін

 

қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін

 

ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені

 

білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар.

 

Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де

 

әр түрлі көркем өсімдік өндірді» (5)

«Мүминұн» сүресі, 12-14, 79

«Расында адамды нағыз балшықтан жараттық (12). Сонан кейін оны

аяттары

жатырда тұратын тамшы қылдық (13). Сосын тамшыны ұйыған қан

 

жасадық. Ұйыған қанды кесек ет қып жасап, кесек етті сүйек жасадық

 

та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып,

 

жан салдық. Жаратушылардың шебер ұлы Алла» (14). «Ол, сендерді

 

жер жүзіне таратты» (79).

«Фұрқан» сүресі, 54 аяты

«Ол сондай Алла судан адам жаратып, оны ұрпақ және жегжат қылды.

 

Раббың күшті» (54)

«Рұм» сүресі, 19, 20, 54

«Ол өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен

аяттары

кейін жандандырады. Сол сияқты сендер қабырдан шығарыласыңдар.

 

(19). «Оның белгілерінің бірі сендерді топырақтан жаратуы. Сосын

 

сендер адам болып, тарқаласыңдар (Өсіп, өнесіңдер) (20). «Ол сондай

 

Алла: сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын

 

күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол қалағанын жаратады» (54)

177

«Сәжде» сүресі, 7-9 аяттары

«Ол сондай Алла әр нәрсенің жаратылысын көркемдестерді. Адам

 

баласын жаратуды балшықтан бастайды (7). Сосын оның нәсілін бір

 

жайсыз судың негізінен жаратты (8). Сосын оны бейнелеп, ішіне өз

 

рухын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту көру және түсіну қабілетін

 

берді» (9).

«Фатыр» сүресі, 11 аяты

«Алла сендерді топырақтан сосын мәниден жаратып, кейін сендерді

 

жұп-жұп қылды» (11)

«Ясин» сүресі, 77 аяты

«Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме?»

«Саффат» сүресі, 11 аяты

Енді олардан сұра: «Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқанымыз

 

қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан

 

жараттық (11).

«Сад» 71 аяты

«Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен балшықтан бір адам

 

жаратамын» деген (71).

«Зүмар» 6 аяты

«Алла сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты.

 

Тағы сендер үшін малдардан (түйе, сиыр, қой, ешкі) сегіз түр пайда

 

қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі (құрсақ, жатыр, қағанақ)

 

үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты.

 

Міне осы Раббыларың Алла Патшалық оған тән» (6)

«Ғафыр» сүресі, 64

«Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ

 

сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден

 

қорек берді» (64).

«Жасия» сүресі, 4 аяты

«Сендердің жаратылуларыңда таралуында нақ сенген ел үшін белгілер

 

бар» (4).

«Қаф» сүресі, 16 аяты

«Расында адамзатты жараттық» (16)

Рабғузи қиссаларының түп негізі Құранмен байланысты, оқиғасы шым-шытырық, діни фантазия мол араласқан, жүз беттен бес-он беттік көлемге дейінгі шығармалар болып келеді. Олардың ішінде эпиканың көне түрлерінен: миф, аңыз, ертегі, жаңа түрінен: әңгіме, новелла, роман, повесть, өлеңдерге жатқызуға болатын шығармалар араласып жатыр. Бүгінгі өркендеп, өскен, жетілген әр түрлі кемел жанрлардың бастамалары деуге болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Жазушы, 1973. – 170 б.

2Сүйіншәлиев Х. Ғасырлар поэзиясы. – Алматы: Жазушы, 1987. – 216 б.

3Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности. Москва-Ленинград: изд. Академии Наук СССР, 1951. –

451 с.

4Чақыр Р. Қ. Яссауидің “Диуани Хикмет» кітабының қазақ тіліндегі аудармалары және байланыстар проблемасы. Филол. канд. Автореферат. – Алматы, 1998. – 39 б.

5Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. – Алматы: Жазушы, 1974. – 216 б.

6Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Жазушы, 1973. – 170 б.

7Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 363 б.

8Малов С. Е. Мусульманские сказания о пророках по Рабгузи. Ленинград: АН СССР, 1930. - 625 с.

9Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары: /Діни-танымдық зерттеу/. – Алматы, 2016. – 575 б.

10Қырaубайқызы А. Ежелгі әдебиет. – Астана: Елорда, 2001. – 224 б

178

Абдрахимова Г.Б.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс магистранты, Қазақстан, Алматы қ.,

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ СІҢГЕН «СОПЫЛЫҚ» ДІНИ ТЕРМИНІНІҢ ҰҒЫМДЫҚ ТҮСІНІГІ

Аннотация. Открывается очерк и концептуальный смысл суфийских слов, переведенных на казахский литературный язык. Понятно, что религиозные конфессии, начиная с турецкого словаря, стали главным памятником ХІ века. Это также говорит казахскому народу, что ислам достиг ислама через суфизм. Оно определяется сущностью и этикой суфизма, то есть высшей степенью религии, ее глубоким пониманием, нравственными высотами, чистотой сердца, нравственными и человеческими качествами. В то же время установлено, что суфийцы различаются по сложности мировоззрения, выбирают метафорический образ мышления и по-разному символизируют свои позиции. В статье делается ссылка на суфийские имена, которые встречаются в поэтической поэзии. При анализе стихов Абая и Шакарима традиционно учитывается религиозная позиция поэта.

Ключевые слова: Шакарим Кудайбердиев, Абай Кунанбаев, религиозные концепции, метафорическая спецификация

Abstract. An essay and conceptual meaning of Sufi words translated into Kazakh literary language opens. It is clear that religious denominations, beginning with the Turkish dictionary, became the main monument of the XI century. It also tells the Kazakh people that Islam attained Islam through Sufism. It is determined by the essence and ethics of Sufism, that is, the highest degree of religion, its deep understanding, moral heights, purity of the heart, moral and human qualities. At the same time, it was found that Sufis differ in the complexity of their worldview, choose a metaphorical way of thinking and symbolize their positions in different ways. The article refers to Sufi names that are found in poetic poetry. In analyzing the poems of Abai and Shakarim, the religious position of the poet is traditionally taken into account.

Keywords: Shakarim Kudaiberdiev, Abai Kunanbayev, religious concepts, metaphorical specification

Кіріспе.Адамзат баласын рухани тәрбиелей отырып, адамгершілік қасиеттерге жетелейтін күштің бірі - діни сенім. Түркі топырағында дүниеге келген ерте заман дидактикалық әдебиеті Ислам діні қағидаларымен толыға түсті. Зерттеушілердін Х-ХІІ ғасыр аралығында туындаған дүниелерді «Исламдық дәуір әдебиеті» [1, 5 б.] деп атайтындығын негізге алатын болсақ, XI ғасыр ескерткіші саналатын «Түрік сөздігінде» діни сипаттың болуы әбден мүмкін еді. Сөздіктегі әдебиет үлгілерін құрайтын өлеңдер мен мақал – мәтелдердің тақырыбы мен мазмұндық аясына мән бере қарай отырып, исламдық іздің айқындығына көз жеткіземіз.

Ислам діні адамзатты имандыққа жетелей келе, адалдық, парасаттылық пен асқан білімдарлықты қалыптастыратын қағидалардың жиынтығын ауқымына сыйдыратындығы белгілі. Мінез - құлық мәселелері жөнінде Құран Кәрімде «Мінез - құлықтың абзалдығы», «Жомарттық», «Жақсылық – Жамандық», «Жақсылық істеудің қиыншылығы», «Жаман ойға ілеспеу» сынды арнайы бөлімдердің қамтылуы рухани - адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ислам әсерінің мықтылығын байқатады.

«Адам - қанағатпен, діни сенім күшіменен адам. Бұлар мал - мүліктен, мәртебе - салтанаттан, тіпті, өмірден де қадірлі. Діни сенім мен иман адам мен Алла арасындағы байланыс болып табылады, адамдарды адамгершілікке қосқан, міне, осы», - дейді зерттеушілер.

Дін мәселесі - Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігінде» әрдайым қозғалып отыратын тақырып. Қашқари оған арнайы тоқталып өтпейді, бірақ сөздіктің тұла бойы тұнған діни пайымдаулар екендігін парақтай бастағаннан-ақ байкаймыз. XI ғасырдағы Ислам діні көрінісін сөздіктегі сопылық сарындар арқылы тани аламыз.

Енді, қазақ халқына ислам діні исламның сопылық бағыты арқылы жетті. Енді, осы сопылық ұғымына тоқталайық және таралуын зерделейік.

179

Сопылық - ислам дінінің негізінде VIII ғасырда мұсылман елдерінде пайда болған ағым. Мұнда бүкіл тіршілікті, бар дүниені Алла арқылы бағалау, тану бар. Бір Алла ғана хақ, қалғаны екінші орында. Сопылар Алланың жүзіне ғашық, Алланың нұрлы бейнесін көруге асық. Дүниенің бәрі Алла жолыңда тәркі етілген. «Сопы», «суфизм» сөздерінің қайдан шыққандығы жөнінде бірнеше пікірлер бар.

«Сопылық» терминінің екі шығу тегі бар деп тұжырымдалады. Берунидің айтуынша, «сопы» грек тілінен аударғанда «ақылшы, ақылгөй» мағынасын береді [2, 112 б.]. Ал Ахмад-и-Джамның еңбегінде «сопылар - суфтың иегерлері. Суф - мешіттегі тас мүсіндер мағынасын береді» [3]. Бұл сөздің түбірі арабтың «сафа» (араб.: ﺎﻔﺻ, тазалық) сөзімен байланысты деген пікір бар. Басқалар бұл сөз арабтың «суф» (араб.: فﻮﺻ, жүн) сөзінен шығып, ертедегі сопылардың жүннен тоқылған киім үлгілерін білдіреді деп санайды. Келесі бір ғалымдар тобы сопыларды «сафо» - таза, жарқыраған деген мағынамен байланыстырады, «саф алтындай таза» тіркесі осыдан келіп туындаған дейді.

Сопылық немесе тасаууф

(араб.: فﻮﺼﺗ, taṣawwuf)

– зуһд (аскетизм),

жақсылықтармен

 

ّ

 

 

әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтыңдәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы – сопылықты ұстанатын

адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері. Сопылық – дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні

тазалауға,

Аллаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (араб.: ءﺎﻨﻓ

– нирвана)

дәрежесіне

жетуге

ұмтылысқа

негізделген

өмір

салты.

Сопылықты

ұстану-

шыны сопы (араб.: ﻲﻓﻮﺻ, суфий) деп атайды [4].

 

 

 

 

Сопы - ислам дiнiнiң поэзиялық бағытын дамытушы, бұл дүниенiң қам-қарекетiн сөз етпейтiн, сұхбатының негiзгi тақырыбы ар-ождан, Алла, Аллаға деген махаббаты шексiз жаратқанның құлы. Шығыста, қала бердi, қазақ жұртында дiни көзқарас ықпал етiп, сопылық бағыт әсерiнен ұлт арасындағы шайырлардың жаратушы күшке деген махаббаты туындап, сол арқылы халықты иманға, ұлтжанды болуға шақыратын фактор қалыптасқан.

Қазақтың ақыны М.Жұмабаев әкелген, түпкi негiзi ортағасырлық шығыс әндерiмен байланыса қалыптасқан бағыт бар: Бұл - ислам дiнiнiң дамуы негiзiндегi тарих сахнасына шығып, тек өлең қайраткерлерi емес, қоғам қайраткерлерiне де айналған шығыс шайырлары, яғни, сопылық дәстүрдi жасаушылар iлiмiнен жалғасын тапқан заңды құбылыс [5, 196 б.].

Сопылық поэзияны зерттеу - біздің дінтану, философия ғылымы үшін де мәні зор. Себебі, орта ғасырдағы әдебиеттің үлкен бағыты - сопылық поэзия болып есептеледі. Алайда, ұзақ уақыт қазақ топырағында сопылық поэзияны тереңдеп тексеруге тұсау салынды, осылайша, жабулы қазан жабулы күйінде қалды.

Сопылық – халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен философиялық жүйе екенін мойындауымыз керек дейді ғалымдар. Алайда, соңғы уақытта қайта құрудың желі есіп, еліміз егемендік алғаннан кейін ғана Яссауи бабамыздың мұраларын танып - білуге бет қойдық. Десек те, Яссауи, Сопы Аллаяр, Бақырғани, Шәкәрім тәрізді ақындардың поэзиялық туындыларын бойлай зерттеуге исламның, сопылықтың қыр-сырын терең зерттелмей келеді деуге болады.

Жалпы, сопылар дүниетанымы күрделілігімен ерекшеленеді, өз ойларын жеткізуде олар метафоралық жолды таңдап, ұстанымдарын өзгеше символдық көріністермен береді. Мәселен, махаббат лирикасындағы сұлуға асық болу мен жарыққа ұмтылған көбелек бейнесі Жаратқанға жол таппай аласұрған сопы сезімін бейнелейді.

Сопылық тіректер: тәуба, сабыр, шүкір және басқалары адамды жетістіктерге жеткізді.

Тәуба – өкіну, арылу – тарик жолымен жүруші өзінің барлық іс-әрекетіндегі кемшіліктеріне, жаман оймен айтқан сөзіне, біреулер жайлы қызғаныш сезімдеріне өкіну мағынасын береді. Ол өз жанын ашу-ызадан, өз ойын қажетсіз уайымнан босату керек. Егер ол қандай да бір күнә жасаса, онда қатесін түсініп, тәубасына келуі керек.

Тәуба мағынасы жағынан барлық мұсылмандар үшін жалпы тірек болып табылады, ал сопы үшін тәубаның екі түрі бар: инобат – әулиеге арналған баспалдақ, авбат – Пайғамбарға арналған баспалдақ. Инобат пен авбат дәрежесіне жету үшін барлық күнәлардан арылып, жараланған жүрегің мен ақылойыңды тазартып барып қана келесі тіректерге келуге болады:

Сабыр – шыдамдылық таныту, бір қызығы, сабара етістігі ауруға шыдау деген мағынаны береді. Бұл сатыда сопы ақиқатқа жету үшін басына түскен қиындықтардың бәрін жеңуі тиіс. Осы жағдайда шыдамдылық оның өмірінде кездесетін немқұрайлықты да білдіреді және оны жолдан тайдырады. Сопының шыдамдылығы Сенеканың стоицизміне ұқсас: «Қандай да болмасын әділетсіздік кімге бағыт-талса да оны кеміту болып табылады, кімнің болса да дәрежесіне, тәніне, немесе қандай да бір сыртқы заттарға нұқсан келмей қоймайды. Бірақ дана адамға еш зияны тимейді: ол тағдырына сенбей

180

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]