Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

Өзi – қыpaн, Өзi – құмaй.

Жүйpiккe шaбудaн дa caмғaу жeңiл,

Жүйpiккe қaлудaн дa oзу oңaй! [3, 9-б.]

Қac қaғым cәттe шaқыpым жүpу, шaбудaн дa шeбepлiкпeн ұcынылғaн гипepбoлa бoлca, мынa қиындықтapғa төтeп бepгeн төзiмдiлiктi oқыpмaнның apқылы әсерлі бeйнeлeгeн:

caмғaу жeңiл, әpi жaнуap, әpi құc бoлу – шумaқтa литoтa apқылы coғыc кeзiндeгi көз aлдынa бip тaл cipiңкeнiң төpткe бөлiнуi

Coғыcыңa үйpeнбeгeн жұpт әлi Cacып қaлды, қoя қoйып кiлт әнiн...

Пaйдaлaнды, қoлғa тиce, ұқыппeн

Төpткe жapып cipiңкeнiң бip тaлын [3, 216-б.].

Әдeби тiлдiң әceмдiгi ғaнa eмec, әcepлiлiгi үшiн дe көpкeм шығapмaдa ұлғaйту мeн кiшipeйту тәciлдepi opacaн қaжeт. Coндықтaн бoлap бұл тәciлдep дe Қ.Мыpзaлиeв өлeңдepiндe шeбepлiкпeн қoлдaныc тaпқaн.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмaлиeв Қ. Әдeбиeт тeopияcы. - Aлмaты, 1964.- 177 б.

2.Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.-Алматы:Жазушы.-Т.1:Өлеңдер мен аудармалар.- 2002-296 б.

3.Мырзaлиeв Қ. Көш. – Aлмaты:Жaзушы,1973. - 306 б.

4.Еспекова Л.Ә. Қадыр Мырзалиев поэзиясындағы окказионализмдер. Ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. А.,1998. - 166 б.

5.Қaбдoлoв З. Cөз өнepi. – Aлмaты: Қaзaқ унивepcитeтi, 1992. – 352 б.

Тажимбетова А.

5В020500 – Филология: «Қазақ филологиясы» мамандығының IV курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

қауымдастырылған профессор Б.Қ.Мұратбек Қазақстан, Ақтөбе, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ

ЖАЗУШЫ Қ.ТҮМЕНБАЙДЫҢ «ТӨРТ АМАЛ ТІРШІЛІК» ЖИНАҒЫ: ӘҢГІМЕ - ХИКАЯТТАРЫНЫҢ СӨЗ ӨРІМІ

Аннотация. В данной статье излогается о новых художественных методах в жанре рассказов, о национальных описаниях в произведениях и тематическом направлении жанра рассказов в период независимости. Авторское решение, новизна описания человеческой судьбы рассматривается на основе произведений К. Туменбая.

Ключевые слова: период независимости, жанр рассказов, тема, художественный конфликт, характер.

Abstract. The article considers the development and the idea-themed direction of stories genre since independence. Thematic, stylistic, artistic development and renovation of the Kazakh stories, author’s decision, novelty of description of human destiny was considered on the basis of works of K.Tumenbay.

Keywords: independence period, stories genre, theme, artistic conflict, character.

Ұлт үшін туған ұлдарын ұлағаттай алатын, төрге шығарып, төбесіне көтере білетін халықпыз. «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл» болуы үшін тізесін бүкпей тік тұрып өткен,

соның мәнісін ұрпақтарына ұқтырып өткен. «Қабырғалы халқы болмаса, қандай басшының да тауы шағылмай, тауаны қайтпай қоймайды» – деп Елбасымыз Н. Назарбаев «қабырғалы халықты» берік қaлыптaстырaтын ұлттық рухсыз ешкім ешнәрсені түбегейлі шеше aлмaйтынын, ұлы мұрaтқа жетпейтінін еске сaлaды. Сол ұлттық рухтың уызын жaс ұрпaқтың бойынa ғaсырлaр сынынaн өткен бaй сaлт-сaнa, әдет-ғұрпымыз, ән-күй, телегей-теңіз ауыз әдебиеті, жазба әдебиетіміз сіңірері, дарытары әлмисақтан аян.Жиырма бес жыл бізге ұзақ мерзім болып көрінсе де, тарих үшін

141

зымыраған құспен тең болды. Осы жылдар ішінде тұрмыс-тіршілігімізге, санамызға, салтдәстүрімізге, әдебиетімізге көп өзгеріс енді.

Қ.Түменбaй ХХ ғaсырдың 90-жылдaрынaн бері қaрымды қaлaмгер ретінде қaзaқ әдебиетіне қaлтқысыз қызмет етіп келеді деуге болaды. Көркем прозaның мaйтaлмaн шеберлерінің біріне aйнaлғaн жaзушы. Қaзaқ әңгімесінің бүгінгі жеткен биігінде оның да aлар орны ерекше. Әсіресе, оның туғaн жер, ұлттық рух, қазақы мінез-құлық тақырыбындағы қалам тербеген әңгімелері, хикаяттары, бүгінгі замандас өмірін бейнелеген туындылары – әдебиетіміздің қымбат қазынасына қосылған елеулі үлес болып табылып, жазушының әдебиеттегі орнын одан сайын биіктете түседі.

Жaлпы ұлттық рух дегенде, мынaдaй бaсты құндылықтaрымызды aлғa тaртaр едік. Олaр – туғaн жер, өскен өлкеміз, aнa тіліміз, тaрихымыз, дініміз, салт-дәстүріміз. Міне осы құндылықтaрдың қaйқaйсысы болсa дa Қ.Түменбaй әңгімелері мен хикaяттaрының алтын арқауы.

Қ.Түменбaй әрбір шығaрмaсынaн мaңызды оқиғaлaр, қызғылықты хaрaктерлер ғaнa тaбылып қоймaй, тіліміздің жaңa қырлaры, мол мүмкіншіліктері тaнылa түседі. Оның шығaрмaлaрындa қaзaқ хaлқының тaрихы, мәдениеті, тұрмыс-сaлты және өнері мейлінше кеңінен қaмтылған. Оның шығaрмaлaрының сaн қыры, стильдік жaғынaн өзіне ғана тән ерекшеліктері, характер сомдауы, оқиға іріктеу, оны құру шеберліктері, өмір шындығынан көркемдік шындық жасау ұсталығы, тіл байлығы т.б. жайында көптеп айтуға болады. Жазушы қазірде көптеген хикаяттардың, жүзден аса әңгімелер мен бір романның авторы. Қазақ әдебиетінде қаламгерлік қолтаңбасы қалыптасып, бекіген заман ағымынан ілгерілеу жолындағы ел азаматы.

Қ.Түменбaйдың көптеген әңгіме, повестері турaлы жекелеген мaқaлaлaр түрінде бaспaсөз беттерінде жaрық көргенімен, мүлде дерлік әдебиет сынының нaзaрынa ілінбей келеді. Жaзушының шығaрмaшылық жолы мен суреткерлік көкжиегін тaнытуда оның еңбектерінің қaй-қaйсысына болмaсын бaғaлы пікірлер aйтуғa болaды.

Қазақ халқының тағдырын көркем бейнелеген бұл қаламгерлердің әңгімелерінен ұлттығымыздың жойылып бара жатқанын аңғару оңай еді. Қазақ халқы тәуелсіздік алса да құлдық психологиядан құтыла алмай отырғандығын шынайылықпен көркемдей алды. Қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере білген жазушылардың әңгімелерінің негізгі өзегі – тәуелсіз қазақ халқының жері мен еліне өзі ғана иелік етуі, өз армандарының асқақтай орындалуы болатын.

Осы бірсыпыра әңгімелерден кеңестік жүйенің ыдырап, кеңес адамдарының тығырыққа тіреліп, одан шығатын жол таппай, жаңа өмірге икемделе алмай, өмірден торығып, болашақтан үміт үзе бастаған жандар бойындағы психологиялық күйзеліс байқалады. Жаңа қоғамнан, өзінен жеріне бастаған адамдар өмірі әңгіме жанрына экзистенциалистік, постмодернистік арнадағы ой толғамдарға жол ашқандай көрінеді. Өмір жайында философиялық ой түйген жазушыларымыз нарық заманындағы ақшалы азаматтардың мұңсыз өмірінен сыр шерте отырып, алға тартады.

Тәуелсіздік жылдары қазақ жазушылары әңгіме жанрында қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, өз сара жолдарын қалыптастырды. Асылы, қазақтың өз ішіндегі патриоты болдырудың төте жолы – көркем шығармаларды оқыта отырып, ондағы ұлттық рухтың бейнеленуіне көңіл аудартып, кейіпкерлер бойындағы озық ұлттық қасиеттерді оқырманның бойына сіңіру, дарыту. Туған халқының өткенін, бүгінгісін де жетік білетін, қазақтың бойында тұнып тұрған кейіпкерлер галереясын жасаған жазушылар бар. Солардың қатарына аса талантты, барынша ұлтжанды көрнекті қазақ сөз зергері, «тәуелсіздік тұсындағы өмірдің көлеңкелі жақтарын сынап, қоғамдағы келеңсіздіктерді замандастарымыздың өмір тіршілігі арқылы әшкерелеп жүрген, қаламы ұшқыр,

тілі уытты қаламгерлердің бірі»[1;35] - Қуандық Түменбайды жатқызуға болады. Ұлттық рух қамтитын қай сала болмасын оның туындыларында мол ұшырасады. Ұлттық әдебиетіміздің алдында тұрған ең басты мәселе сол империялық пиғылды жоққа шығару арқылы халық руханиятының танып, оның басты бастауларын біз осы Қуандық Түменбай шығармашылығынан танып біле аламыз. Халыққа мәшһүр қаламгерлеріміздің кез-келгені ұлттық рухты өз шамасында бейнелеп, жұртының ыстық ықыласына бөленгені де бізге мәлім.

Қуандық Түменбай қазақ тәуелсіз ел атанғаннан бері қарымды қаламгер ретінде қазақ әдебиетіне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Көркем прозаның майталман шеберлерінің біріне айналған жазушы. Қазақ әңгімесінің бүгінгі жеткен биігінде оның алар орны өте ерекше. Ұлт зиялысы ретінде жазушы азаматтық пікірін айтып, адамдық ойын білдіріп, мемлекеттік, ұлттық саяси, басқа да қоғамдағы

тұрмыстық, тәрбиелік келеңсіздіктерге жанашырлықпен қарап, шындықты айта білген жан. Әсіресе,

142

оның туған жер, ұлттық рух, қазақы мінез-құлық тақырыбындағы қалам тербеген әңгімелері, хикаяттары, бүгінгі замандас өмірін бейнелеген туындылары – әдебиетіміздің қымбат қазынасына қосылған елеулі үлес болып табылып, жазушының әдебиеттегі орнын одан сайын биіктете түседі.

Қуандық Түменбай әрбір шығармасынан маңызды жайттар не оқиғалар, қызғылықты характерлер ғана табылып қоймай, тіліміздің жаңа қырлары тереңінен таныла түседі. Оның шығармаларында қазақ халқының тарихы, мәдениеті, тұрмыс-салты және өнері кеңінен қамтылған. Міне сондай хикаяттар мен әңгімелерден тұратын кітабының бірі - «Төрт амал тіршілік»өз творчествосындағы кезеңдік шығармасы деуге де болады. «Жары химия лабороториясында денсаулығынан айырылып, баласы соның зардабынан ерте шетінеп кеткен ғалымның жалғызілікті тағдыры адами құндылықтардың құдіреті арқасында күйреуден аман қалады. Бұл повесте бүгінгі үлкен биіктерді бағындырған саналы ұрпақ кешегі дана қариялардың алдында әлдебір кінәсі бардай елегізе береді.

Шығарманың тартымдылық сыры сонда»[2;12]. Бұл жәй ғана отбасылық проблема емес. Әулеттің алдындағы жауапкершілік - ұлттың алдындағы жауапкершілікке ұласады. Астарында ұлт тағдырын күйреуден аман алып қалу идеясы жатыр. Бұл шығарманың әр тарапқа меңзеген жұмбақ сыры көп.

Осыған байланысты «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жүсіпбек Қорғасбек өз сөзінде: «Тарихи тұлғаларды аспандатып, пафоспен жазғанды жақсы көреміз. Ал енді бүгінгі заманның тұлғаларын жазған кезде менсініңкіремей, пендешілігімізден аттап өте алмай қалып жатамыз. Мына «Төрт амал тіршілікте» олай емес. Өмірімізде болып жатқан кемшіліктер, келеңсіздіктер, жақсылықтар, соның барлығына талантты адамның, тұлғаның көзқарасын береді. Бұл повестің ұтқан жері де сол. Өз ортасынан зерек шыққан адамның, өзінің ортасы, айналасы, халық, ауыл, қала туралы көзқарастарының бәрі бар. Мал бағып жүріп, әкімге өкпелесек, егін суғарып жүріп, мұрапқа өкпелесек, соны әлеуметтік шындық қып көрсетсек, оның жөні басқа. Ол қара тіршіліктің қамытының мойынға іліп қойған шындығы сияқты болып көрінеді. Ал мына жердегі әлеуметтік шындықтың масштабы кең. Автор математикадан ғаламдық деңгейде жаңалық ойлап тауып жүрген адамның көзқарасымен ұлттық құндылықтарымызды, келеңсіздіктерімізді көрсету тәсілін жақсы таңдаған. Постмодернизмді де алға тартамыз, түрлі ағымдарға да барып жатамыз, небір ащы шындықтарды да айтамыз, мақтауды да, қаралауды да келістіреміз. Бірақ оқырманның көңілін ала алмаймыз. Осы тұрғыдан келген кезде Қуандық Түменбай қыбын тапқан сияқты »[3;5], -

дей келе осы шығарманың ұлттық құндылықпен қатар, көркемдік жағын керемет аша білгенін жеткізе білді.

Әдебиетте «негізінде, шын жазушы болсаң, өз заманыңды жіті, жан-жақты бақылап, терең түсінуге тиіссің, қаншалық терең түсіне алсаң, соншалық терең жаз»[4;202],- деген ұғым бар. Дәл осы түйінді жазушы Қуандық Түменбайдың қаламы мықтап көкейге түйген. Содан да жазушының жинағына кірген шығармаларының дені өмірдің өзіндей қарапайым, бірақ, жинақы, оқырманға берер әсері мен тағылымы ерекше туындылар.

Жинақта «Бұқа баққан қыз» атты әңгімені оқып болған соң ой теңізіне батып кететіндей секілдісің. Шағын үш бөлімнен тұратын әңгіме терең психологиялық тұрғыда жазылған. Бір дәуірдің тұтас көрінісін беріп тұр десе де болады. Бұл жазушының әңгіме жанрының шебері екенін аңғартады. Әңгімеде бұқа, бұқа баққан қыз және қазақ-түрік лицейінде оқитын түрік балалар мен қазақ балаларының арасындағы футбол жарысы туралы айтылады. Бұл жерде, бұқаның үшеуі - мал, екеуі - адам. Бұқа - Шығыс пен Батыс елдеріне тән ортақ мифтік образ секілді. «Адам баласы өз тарихында алғашқы жабайылыққа жақын кезеңін дүлей күштің иесі бұқаның образына бағынған. Осындай қатігез күштен кезінде құдайлардың құдайы Зевстің өзі сескенген. Сондықтан, ақылды жандар уақыт өткен сайын одан сақтанып, қырағы болған, оны ақылмен жөнге салып отырудың жолын іздеген, қоғамның дүлей күштер ойына келгенін істейтін қараңғы деңгейге дейін төмендеуіне жол бермеумен келеді.»[5;2 ]. Міне осыдан келіп адамзаттың ақылды өркениеті қалыптасқандай. Қыз - адамзаттың әлемде «гуманистік дүниетаным» салтанат құра бастаған шақтың туындысы.

Қолында билігі мен байлығы көп, әйел затын адамсынбай, қолынан келгені ақшамен басқару болатын қоғам деуге болар - ау. Қайта, қанша жерден салтанатты сарай салып, жақсы киіп, шырт түкіріп жүрсе де, жартылай жабайы қоғам деген дұрысырақ. Бір сөзбен айтқанда біздің қоғамның кеудесін жеген заман. Осылайша жазушы әңгіменің өзегіне қоғамды қоя отырып, оның өз пердесін сыпырып тастайды. Әңгімеде бұқалар білгенін істейді, таяқтан көзі көгерген қыз күні үшін налыйды, футбол алаңында дүбәра балаларды тілі мен ділі бір балалар тас-талқан етіп жеңеді.

143

«Бұқа баққан қыз» әңгімесінде стадион маңында бұқа бағып жүрген Аяжан есімді қызбен кездейсоқ танысады. Жөн сұраса келе ауылдан келген аңқау қыздың бұқа сияқты орыстың шалының үйінде пәтерде тұрып, кейіннен жоқшылықтың салдарынан көңілдес әйеліне айналғанын білеміз.

« – Сонда.. сен оның кімісің? – Бұқа бағушысымын, – деп қыз аузын басып жымысқылана күлді де, маған жалт қарады. – Бұрын пәтершісі едім, қазір қатынымын. – Жасың? – Жиырма екіде...» [6; 245].

Бір кезде өңкей қарагөздер орыстардың үйінде пәтер жалдап жүргеніміз ащы шындық. Ақыры, әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан 22-жастағы жас қыз алпыстан асқан бұқа сияқты шалға әйел атанып, бұқа бағып жүрген қазақ қызына жаның ашиды.

-«Әйтеуір тамағым тоқ, жатар орным тегін. Төрт бұқаны бағып өмір сүріп жатырмын»[6;247]. Бұл Аяжанның сөзі, баспанасы болмаған соң амалдап жан бағып жүрген бейбақ қыз.

-«Өз жерімде тұрып бәріне қол қысқа. Жақсылыққа келгенде қолы ұзын еркек құрып қалған қандай заман. Қолы ұзындардың бәрі Тәңіртаудың басында, қолы қысқалар – түрмеде. Тәңіртаудың төбесінен оқ атқандарды тауып көр. Оны мен түгілі, иісшіл ізкесерлерің де таба алмайды. Осы жерге күнде келемін. Аяжан әйтеуір бір келер деп күтіп жүрмін. Әзір жоқ. Әлде бұқаны өткізіп, ақшасын алып, қашып кетті ме екен? Қазақтың қызы қашып қайда барады? Барар жері

«Шаңырақ» па?» [6;250-251]. Жазушы Аяжанды іздеп таппайды, шын мәнісінде шындықтың түбіне жеткісі келетін сияқты. Әңгімені оқып отырып, амалсыз иланасың.

«Қарындастан айырылған жаман екен, Екі көзге мөлдіреп жас келеді...

Соңына «А-у-у! деген күңіреністі қостым. Қазақ өкінішін әнмен жеткізіп, қолын мезгілінен кеш сермеген ғой. Анау алыстап бара жатқан қыз бен мен солардың нақ өзімін»[6;249]. Жазушы туған жерінде жүріп, өзгеге күң болған қарындасын аяп, әлеуметтік теңсіздікке күйініп, әнге қосып күңіренеді. Жазушының қай шығармасын оқысаң да жусан иісі бұрқырап,ауыл азаматтарының тыныс-тіршілігі айна-қатесіз суреттеледі.

Өнeрдің өрeсі көп-aзбeн нeмeсe көлeммeн өлшeнбeйді. Өнeрдің өлшeмі - шeбeрліктің шeгіне жeтуінде. Шeбeрліктің шeгі жaзушының қaлaмы біздің тaным aямыз бен сaнaмыздың көкжиeгін қaншaлықты кeңіте aлғaнымен бaйлaнысты. Жоғарыдағы әңгімеде жазушы бізді бүгінгі адамның болмысы туралы ойлануға итермелейді. «Мен» кейіпкер де, Аяжан қыз да айналасында не болып жатқанын біледі, оған баға да береді, қажет деген қарсылық та танытады. Алайда, ақырғы есепте екеуі өз дәрменсіздіктерінің шексіздігін сезінбей тұра алмайды. Бұқаны алды-артына шығып жүріп үйге айдап кетуге болады, қаласа, етке өткізіп ақша қылып, шырмаған торды бұзып шығу да қолдан келеді. Бірақ, бұл жеңіс пе? Жоқ! Себебі солай істегенмен де ештеңе өзгермейді. Өйткені, жеңістің туы басқа жақта - футбол алаңында желбіреп тұр. Ол туды ұстаушы дүлей бұқадан да, оның қатігез иесінен де әлдеқайда күшті әрі ақылды болмыс. Ол жеңіліп тұрып, жеңудің жолын біледі және соны іске асыра алады. Оның алдында бұқадай дүлей күшің де дәрменсіз. Ал нағыз дәрменсіздер үшін оның бар болмыс-бітімі тіпті мүлде жұмбақ деген сөз. Осыдан-ақ біз «мен» кейіпкер мен Аяжанның дәрменсіздігінің қаншалық терең екенін сезе аламыз...

Қорыта айтқанда, жазушының көрнекті ойдан бойын жазып, тұманды серпіп тастап, өзіне тиесілі жолдың сорабын іздегенін байқаймыз. Осы әңгімені оқып, талдай отырып түсінгенім: қанша еліміз тәуелсіздік алғанның өзіндеде, қазіргі уақытта бұрынғы заманның көмескі көлеңкелері әлі де бар секілді көрінеді. Әлі де болса қазақ әйелдеріне төмен көзқарас бар екені және де қазірде кездесетіні жасырын емес. Осы шығармада айналамызда болып жатқан қоғамға біліне бермейтін жайттарды осы мысал арқылы терең түсіне білгендеймін. Тәуелсіз, егемен елміз, адам құқықтары бәріне жалпы ортақ заман. Ер, әйел деп бөлмейтін заман, жынысы, нәсілі бөлек деп қарамайтын заман, билік басында да лауазым барлығына тең заман. Шығарма қоғам шындығын нақты көрсете білген. Жазушының «Төрт амал тіршілік» жинағы құнттап оқып, терең ой қорытуды қажет ететін шығарманың санатына жататыны анық. Осындай кезеңдер қайталанбаса екен деген үміттен күдерімді үзбеймін. Әрине, біздің болашағымыз өз деңгейіне көтеріле біледі, қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туы мейлінше жоғары желбірей береді деген сенімдемін. Бұл осы қазақ прозасын жаңа биікке бастар жол болуы да әбден мүмкін.

144

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Балтабаева Г. С. – «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әңгімесінің көркемдік көрінісі» // ҚазҰУ Хабаршысы №2, 2009.

2.Орда Г. – «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік көкжиегі» //Ақиқат. 29.11. 2011 ж.

3.Мұратқызы Б. – «Халық сөзі» газеті 10.04.2013 ж.

4.Қалижанов У. Қ. – « Жамбыл: әдеби – көпшілік, танымдық журналы»

5.Нұрғазыұлы А. – « Мифтік сананың жаңғырығы»

6.Түменбай Қ. – «Төрт амал тіршілік: хикаяттар мен әңгімелер» // Алматы: «Алаш жолы», 2012ж.

Талдаубек Әшімхан

ҚХР Орталық ұлттар университеті қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің PhD докторанты

РОМАН КЕЙІПКЕРІ — ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР

(Тархих романдардағы батырлар образы жайында)

Annotation.This article deals with the creation of art historians and art historians, who became the basis of historical novels published after the independence of Kazakhstan. To what extent are the historical and biographical novels from the lives of artists written? The issues that have been raised on the topic and form of the issue are touched. At the same time, the novelty of the historical personality is reflected in the shortcomings of the novelty, and analyzes the problem. The novels of K. Zhumadylov's novel "Daraboz" and novels in "Raimbek hero" by Zh. Turlybaiuly are considered in the novelty of the artists, as well as their own peculiarities.

Keywords: Historical novels of independence, hero image, artistic problems, novel "Daraboz", "Raimbek hero", “Esengeldi bi”.

Аннотация.Эта статья посвящена творчеству искусствоведов и искусствоведов, ставших основой исторических романов, опубликованных после провозглашения независимости Казахстана. Насколько написаны исторические и биографические романы из жизни художников? Вопросы, которые были подняты по теме и форме вопроса, затрагиваются. В то же время новизна исторической личности отражается в недостатках новизны и анализирует проблему. Романы романа К. Жумадылова "Дарабоз" и романы в романе "Герой Раимбека". Турлыбайулы рассматриваются как в новинках художников, так и в их собственных особенностях.

Ключевые слова: исторические романы независимости, образ героя, художественные проблемы, роман «Дарабоз», «герой Раимбека», «Эсенгельди би».

Халқының азаттығы жолында аттан түспеген қайраткерлердің кесек тұлғасын танытуда көркем әдебиеттің, соның ішінде тарихи романның ролы зор болды. Тарих қойнауынан сыр тартып, нақты деректерге сүйене отырып, тарихи тұлғаның көркем келбетін жасаған романдардың қатары уақыт өткен сайын толығып келеді. Әрі әр жазушы қазақ тарихында айтулы орын алған атақты батырды әр қырынан суреттеп кемелдендіріп отырды. Көптеген жазушылардың тарихи романдарының негізгі кейіпкеріне айналған әйгілі тарихи тұлғаның бірі — Қаракерей қабанбай батыр. Даңқты қолбасы Қабанбай батыр — XVIII ғасырдың маңдай алды тұлғаларының бірі. Соғыс кезінде елден ерекшеленіп жалғыз шығып топ бұзған батырға сүйінген Абылай хан «Дара боз» деп ат қойып, айырықша құрмет көрсеткен. Дара боз батырдың көркем тұлғасы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, С.Сыматаевтің «Елім-ай», Ә.Кекілбәевтің «Үркер», «Елең-алаң», Ә.Әлімжановтің «Жаушы», Ұ.Доспанбетовтың «Абылайдың ақ туы», Ж.Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр», Ж.Ахмадидың «Есенгелді би» романдарында әр қырынан ашылды. Бұл романдарда жазушының негізгі идялық мақсаттарына орай Қабанбай батыр бейнесін тереңдеп жан-жақтылы суреттемегенімен, оның қазақ тарихында биік орынға ие тұлға екендігін әсте естен шығарған емес. Бұл орайда, Қабанбай образын, тарихи тұлғасын кемелді жасаған қабырғалы еңбектің қатарында Қ.Жұмадыловтың «Дара боз» роман-дилогиясын айырықша атаймыз. Жазушы бас кейіпкер етіп суреттеген Қабанбай батырдың тарихи-көркем бейнесі жұртышылыққа ауызша айтылып келген тарихи жырлар мен аңыз-әңгімелер арқылы жақсы таныс болатын. Осы деректерді жазушы өз романында мұқият сараптан өткізіп, екшеп қолдана білген.

Қ.Жұмадыловтың «Дара боз» романы Қабанбай батырдың тарихи-көркем тұлғасын ашуда бұрынғы тарихи романдарда көп кездесе бермейтін тың оқиға, соны суреттеулерімен ерекшеленеді. І.Есенберлин, Ә.Кекілбәев, Ұ.Доспанбетов, С.Сматаевтардың романдары жазушының идялық

145

тақырыбы негізінде бірнеше ғасырларды, тарихи кезеңдерді суреттеу барыснда Қабанбай батыр өміріне тұс келетін оқиғаларға байланысты ғана Қабанбайдың ерліктері бір қырынан суреттелсе, ал, Қ.Жұмадыловтың «Дара боз» романының оқиғасы негізінен XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталып, Қабанбай батырдың тұтас өмірі, ерлік істері кең эпикалық тыныспен суреттеледі.

Тарихи роман өткеннің із-елесін қуып, ескіні қайталау немесе өткен істерді қайта сапыру емес. Керіснше, тарихи оқиғаларды еске түсіре баяндай отырып, бүгінгі таным, дәуір биігінен қарау яғни уақыт рухына үн қосу. Қоғамдық, әлеуметтік соқталы мәселелер жайлы, әсіресе, адамға тән игі қасиеттер жөнінде философиялық мәнге ие көзқарастарды суреткерлікпен көрсете білуі керек. Міне, бұл тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушының басты ескеретін мәселелерінің бірі. Біз Қ.Жұмадылов романын оқи отырып, жазушының жеке тұлғаның көркем бейнесін жасауда тарихи оқиғалар мен фактілерді ұзақ баяндау барсында идялық арқауды заман шындығынан іздей алғандығын, әрі бүгінгі күннің өзекті мәселелерін есте мықты ұстай білгендігін байқаймыз.

«Дара боз» романы әдебиеттануші, сыншы ғалымдар тарабынан тійсінше зерттеліп, өз бағасын алып келеді. «Дарабоз романының басты жаңалығы, — деп жазады әдебиеттануші, сыншы ғалым Ш.Елеукенов: тұңғыш рет Қабанбай батыр мен Абылай ханның бейнесін неғұрлым толымды, толыққанды етіп суреттеді. Қаракерей қабанбай — Қазақ елінің бас сардарының образын жасау қиынның қиыны. Оның Бөгенбай, шақшақ Жәнібек батырлардың дәстүрін жалғастырушы деп пайымдаушылық ұшырасады» [1, 85]. Сыншы Ш.Елеукеновтің Қабанбай образын өз деңгейінде сомдап шығу оңайға түспеді деуінің мәні бар. Өйткені, Қабанбай жұңғар соғысы кезіндегі қазақтың қатардағы көп батырларының бірі емес, ерлігі мен азаматтығы сай, беделі ханнан кем түспейтін тұлға. Әрі сансыз қырғын сайысқа түскен дарабоз батырдың «Суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін» дейтін мифке бергісіз ғажайып ерліктері бар. Оның «Қубас» атты тұлпарының өзі фольклорлық шығармалардағы қанатты тұлпарлар сияқты айлық жолды көзді ашып-жұмғанша жететін сиқырлы сипатқа ие болмағанымен, алыс жолды қажымай, белі босамай басатын тұлпардың хас батырға лайық ерекше бітмі дараланып суреттеледі.

Жазушы «Дарабоз» романында Қабанбай батырдың образын кілең эпостағы батырлардай ғажайып суреттерге тоғыта бермей, оның қарапайым қазақы болымысы, кіслік келбетін шынайы ашуды да есте ұстайды. Мысалы, батырдың Соғыстан толас тапқан күндердегі отбасы адамдары мен ағайын-туыс ортасындағы шаруа қамы сияқты жай істерін баяндай отырып, Қабанбай батырдың шынайы тұлғасын нанымды түрде береді. Батірдің образы негізінен жорық үстіндегі оқиғаларға байланысты ашылатыны шындық, алайда, батырдың тұлғасын ерекшелеймін деп оны бір сәт те аттан түсірмей, ұрыс даласынан қайтармай қою романның жанрлық талабына да, шындыққа да сәйкесімсіз болар еді. Сондықтан да жазушы Қ.Жұмадылов Қабанбай батырдың образын әр қырынан ашуды мақсат етті.

Романда Қабанбай батыр ерлігіне ақылы, айласы сай қолбасы. Оның елден ерек қайраты көбінде жекпе-жекте сыналатыны рас. Дейтүрғанмен, батыр басқыншы жауды жеңуде жойқын қара күшке емес, стратегиялық парасатқа жүгінеді. Қабанбай батырдың образын шындыққа барынша жанастырып, биікке көтерген тағы бір келелі тұсы — Ел қамын ойлайтын парасатты тұлғасы, адамгершілік асқақ мінезі. Жазушы Қ.Жұмадылов Қабанбай батырдың айырықша образын жасауда оның ерлігіне қайраткерлык тұлғасын тең бере білген. Қысқасы, «Дара боз» романы Қабанбай батырдың тұлғасын әр қырынан жан-жақты суреттеп, терең ашып бере алуымен құнды. Роман жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысты суреттей отырып, бүгінгі заманның өзекті мәселелерімен де сабақтасады. Дәуір сұранысна жауап беру, заманалық сипатқа ие болу — Қай уақытта болсын әдебиетке қойылатын негізгі талаптардың бірі. Қай кезеңді, қай дәуірді суреттесе де көтерген идеялық тақырыбы бүгіннің, келешектің қажетіне жарап, көркемдігі мен шынайлығы жарасым тапса жазушы мұратының іске асқаны, табысқа жеткені болмақ. Іс жүзінде, детал, оқиға шындығын нанымды етіп жеткізумен шығарманың міндеті орындалмайды. Қаламгердің басты мақсаты да тек детал, оқиғаның нәзік түйіндерін көркемдік шындық қалыбымен жеткізіп қана қоймайды. Суреттеп отырған өмір шындығын заман, дәуір шындығының биігінде тұрып суреттейді. Жазушы парасатының, суреткерлік мұратының сыналар тұсы да осы. Міне, осы жағынан келгенде, Қ.Жұмадыловтың «Дарабоз» романы көркемдік жағынан да, заманалық сипатқа ие болуы жағынан да сәтті шыққан таңдаулы тарихи романдардың бірі дер едік.

Қаракерей Қабанбай батырдың образын жасауға арналған келесі бір еңбек Зейнолла Тілеужанұлының «Қаракерей Қабанбай» атты тарихи романы. Кітап 2009-жылы Алматы баспасынан

146

жарық көрген. Кітаптың таныстырылымында «Қаракерей Қабанбай романы — белгілі ақын Зейнолла Тілеужанұлының проза саласындағы тұңғыш туындысы. Жалпы көлемі үш кітаптан тұратын бұл еңбегінде автор қазақ халқының XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы жұңғар басқыншыларына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық күресін тілге тыйек етеді. Кітаптың басты қаһарманы — Қазақтың қолбасшысы қаракерей Қабанбай батыр» деп түсіндіріледі. Ал, романда тарихи тұлғаның образы көрнектіленбей қалған. Романның әр тарауында баяндалатын оқиғалар да Қабанбай батыр қатардағы жай кейіпкерлерден парықталып кетпейді. Қабанбай батырға тән өзгеше мінезі, парасаты, ер тұлғасы суреттелудің орнына, бас қаһарман тұлғасына қатысы жоқ ұсақ оқиғалар шиыры орын алады. Тіпті, бұрынғы жазылған «Елім-ай», «Абылайдың ақ туы» сияқты романдарда айтылған дерктердің өңін айналдырып қайталаған. Мәселен, С.Сматаев «Елім-ай» романында суреттеген Ғалдан Бошықты ханның баласы Сыбан Рабтанды алысқа жұмсап жіберіп, жаңа түсіп жатқан келіні Ахай аруға баруын баяндайтын оқиғаны З.Тілеужанұлы қайта жаңғыртып баяндайды. Жазушының негізгі идялық мақсатынан алқыған мұндай баяндаулар романның бірнеше жерінде кездеседі. Әсілі З.Тілеужанұлы Қабанбай батыр образын сомдауда бұрынғы жарық көрген романдарда айтылмаған тың деректермен ерекшенуі керек еді. Алайда, жазушы өз қаламына тән ерекшелік көрсете алмады. Батырдың өзгелер айтпаған тың қырларын суреттей алмады. Қысқасы, З.Тілеужанұлының бұл романы әлі төселмеген қаламның ізін танытқан сәтсіз туындысы болды. Тарихи тұлғаның көркем образын сомдауда жазушы қайсы мәселені алғы қатарға қойып суреттеу керек екенін анықтап алғаны жөн. Тарихтың маңызды, ұрымтал тұстарын көрсету, тарихи қайраткерлердің шын бейнесін, тұлғасын айқын аша түсетін мәнді оқиғаларды сұрыптап көрсету сынды принсптер тарихи романның алдына қойылған биік міндеттер саналады. Жалпы көркемдік жинақтаудың ортақ заңдылықтарынан тарихи тақырып алшақ кетпеуі, әсіресе, жазушы нысана еткен идялық тақырыпты сол дәуірдің тарихи шындығына үндестіре білуі тиіс. Тарихта аты аңызға айналған айтулы қайраткердің образын сомдай отырып, бүгінгі заманның актюалды мәселелеріне жауап беруі оңай іс емес. Тарихи тұлғаның образын сомдауда қатардағы ойтума кейіпкерге қойылатын талаппен қарауға келмейді. Оның сырт келбетін, жан болымысын, өзгеше еңбектерін өмірдің өбиективтің шындығынан ажырамас бірлікке жетікізе алуы, нені айтып, нені айтпауды білуі шарт. Бір сөзбен айтқанда, тарихи қайраткердің тұлғасын жасауда тарихи шындық пен көркемдік қиялдың өзара үйлесімін табуы, тұлғаның ақиқат болмысын ашудағы негізгі талаптардың орындалуы — Тарихи романға қойылатын аса қажетті міндеттер екендігін ұмытпауымыз керек.

Соңғы кезде, қазақ әдебиетінде тарихи тұлғаның көркем образын сомдаған тарихи романдар қатары күн сайын молығып келеді. Бұл әрине, қазақ романдарының белгілі жақтан тың сатыға аяқ басқанын айғақтаса, екінші жағынан, бұл романдар ұлттық құндылықтарды қайта қарастырып, тарихымызды тереңдеп тануға, танытуға мол септесін болды. Осы орайда, жұңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен де, қайраткерлык тұлғасымен де ерекше көзге түсіп, артында көп аңыз қалдырған, шамамен 1705-1785-жылдары өмір сүрген атақты батырлардың бірі — Райымбек Түкеұлы Хангелдінің тарихи-көркем тұлғасын суреттейтін жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» атты тарихи романына тоқталамыз. «Райымбек батыр» романы Райымбектің тарихи-көркем тұлғасын жан-жақты көрсетуге арналғандықтан да, роман оқиғасы Райымбектің балалық шағынан тартып, атағы шыққан қолбасыға айналғанға дейінгі тұтас барыс баяндалады.

Тарихи роман — Тарихи фактілердің хроникалық тізбесі емес. Ол тарихи деректер негізіне сүйене отырып, көркем образ, эстетикалық таным дәрежесіне көтеріледі. Ж.Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» романында автордың алға қойған идялық мақсаты негізінде тарихи адамдар мен тарихи оқиғалар белгілі мөлшерде өзгерістерге ұшыраған немесе сұрыпталып, жеке характерлер образын көрнектілендіру үшін жинақталған. Мәселен, романда Райымбек батырдың әкесі Хангелді делінеді. Тарихи деректер бойынша айтсақ, нағында, Хангелді Райымбектің атасы. Өз әкесі Түке. Баласы Райымбекті ат өнеріне баулыған әкесі еді. Өйткені Райымбектің әкесі Түке өте мықты жылқышы, атбапкері болған адам. Романдағы Есжан образы Райымбектің әкесі Түкенің көркем жинақталған тұлғасы болатын. Және де Райымбектің балалық шағы нағашы атасының қолында өткені рас болғанымен, оны соғыс өнеріне тәрбиелеген атасы Хангелді еді. Романның соңына дейін Хангелді келелі істерге ақылшы қарт батыр ретінде көрінеді. Бұл көркем шығарманың негізгі мақсатын яғни тарихи тұлға Райымбектің образын аша түсуде қосалқы қызмет атқарғаны байқалады.

Романның алғашқы тарауларында бала Райымбектің болашағынан зор үміт байқатқан батыл да ойлы әрекеттері қызықты да тартымды оқиғалар кең эпикалық тынспен баяндалады. Бала

147

Райымбектің эпос батырларынша аң аулап, асау үйретуі, тұтқындағы әкесін құтқарып келуге қам жасауы, алғашқы ұрыстарға қатысуы секілді оқиғалар жанды да, нанымды суреттеледі. Әрі қазақ салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері де оқиғаның өзегінде жымдаса өріледі. Мәселен, «Бәсіре», «Қымызмұрындық» сияқты ертеден жалғасқан салт-дәстүрлерді оқиғаның қажетіне қарай баяндаса, келесі де, қазақ танымы көрініс береді. Түтқыннан құтылып келе жатқан әкесінің алдынан аң қуып жүріп алакеуім шақта ойламаған жерден кезігіп қалады. Әкесін сағынған кекті бала қараңғыда кезіккен бейсауат жүргіншіні жұңғар деп ойлайды да, өз атын ұрандап найза үйіріп құйғыта қарсы шабады. Қазақ танымында бейғам жауға бұқпалап барып, қапы басу ерлік іс емес. Әрі ең арысы аң аулау да «Ысқырып атқан аңның обалы жоқ» деп аңды да үндемей атпаған. Бұл таным романда: «Үндемей шабу — Ұрының ісі екенін, одан қалса қоян жүрек қорқақтың қылығы екенін Райымбек үлкендерден жақсы ұғынған» [2, 66] деп авторлық баяндаумен беріледі. Сонымен бірге, Мұңғұл халқының да сенім, нанымы айтылады. Олардың өз дініне, ұстанған салтына адалдығын қолға түскен тұтқын «Олжа Мөңкені» тұзға отырғызып ант бергізу эпизоты арқылы ашады, әрі Мұңғұлдың сүйекті, мәйтті қадырлемейтін жиркенішті салтын жеңіл мысқыл арқылы түйреп өтеді. Сапарда келе жатып Хангелді батыр қонтайшылары өліп қайғырып мас келе жатқан жұңғарлаға кезігіп: «Қонтайшыларыңның өлігін ит жесін» деп көңіл айтады. Бұл қазақ халқы үшін айтқанда жантүршіктірер қарғыс сөз болғанымен, Мұңғұл халқының салты, танымы еді.

Романда «Албату», «Арат», «Қошқа», «Мұшқа», «Келең», «Кеңку», «Кешіл» секілді Мұңғұлша атаулар да шығарманың қажетыне қарай үйлесімді берілген. Сондай-ақ, романда эпостық үндестік де ұшырайды. Мәселен, Хангелді батырдың тұтқыннан босап келер сәтінде бөзінгенің бошалап кетуі — Батырлар жыры мен ертегілерде көп кездесетін ұқсастық екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ деп ойлаймыз.

Соңғы кезде жарық көрген бірқанша тарихи романдарда ортақ кездесп жүрген бір ағат таным бар. Ол — «Туды сүю». «Райымбек» романында Ж.Тұрлыбайұлы: «Райымбек тудың етегінен қос қолдап ұстап, ернінің үшымен сүйді» [2, 340] деп жазады. Жазушы Ж.Ахмеди «Айтұмар» романында: «...Нұрабай қос қолының алақанымен аялай тартып, алдымен ерін үшін тыйгізіп сүйді» [3, 413] деп суреттейді. Қазақ эпостарінда, батырлар жырында «Туға ерін тыйгізіп сүю» кездеспейді. Ел тағдыры сынға түскен шешуші шайқастарға аттанар алдында ақ боз жылқыны құрбандыққа шалып, батырлар ант берудің расымы ретінде туды қандаған. Ал «Туды қандау» жай ғана ант берудің белгісі емес, ол «Туды жанды нәрсе» дейтін магиялық танымнан келіп шыққан. Бұл туралы Серікбол Қондыбай «Жауінгерлік рух кітабы» атты еңбегінде: «Қазақта туды сүймейді. Бұл ғұрып — Орыстық-европалық әскери дәстүрден ауып келген. Қазақтыкі туға маңдайын тыйгізеді» [4, 188] ,— деп жазады. Қазақ танымында жоқ дүниені мұқият барлап түсінбей тұрып, келсін-келмес жеңіл сүйкей салу дұрыс болмас. Терең тарихи таным мен ұлт болымыснан көп дерек беретін фольклорлық дүниелер осындайда жазушыға зор мүмкіндіктер береді деп ойлаймыз.

Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы романында Райымбек батырдың көркем тұлғасын ашуды мақсат етіп, тарихи оқиғаларды бас кейіпкердің төңірегінде өрбіте отырып та, адамдардың жан дүниесіне үңіле білгені — Қанымжан, Есжан образынан көріледі. Есжаннің іске шөгел қырағылы, сыншылдығы, спарлығы, жайсаң жомарт мінезі, Қанымжанның мейырбан, жайдары жарқын қасиеттері әр қырынан суреттеліп, оқырманға көңілді, жағымды әсер сыйлайды. Бұл екеуі де елеулі көркемдік жинақтаудан өткен көркем бейнелер. Қысқасы, жазушы дәуір шындығын тарихи адамдар болымысымен қабыстыра отырып, көркемдік шындық деңгейінде жеткізіп бере алған. Романның тілі шұрайлы. Автордың оқиғаны баяндау тәсілі, суреттеулері көңілге қонымдылығы романның әр сөйлемінен анық аңғарылады.

Қазақ тарихында бүкіл өмірін елі үшін арпалыспен өткізген даңықты ерлер, жалынды күрескерлер, алтын жақ абыз би мен аруақты батырлар аз болмаған. Олардың кейбірі жау келгенде батыр, дау туғанда би де болған күрделі тарихи тұлғалар еді. Сондай көп қырлы тарихи тұлғаның бірі

— Есенгелді Құдайназарұлы. Батырдың көркем-тарихи тұлғасын жан-жақты ашуды мақсат етіп жазушы Жанат Ахмади «Есенгелді би» атты тарихи роман жазды. Романның идялық арқауы — Есенгелді батырдың тарихи өміріне арналғанымен, онда қазақ халқының бір дәуірдегі басынан кешкен тарихи өмірі баяндалады. Есенгелді өмір сүрген уақыт — Жұңғардың қазақ даласына шапқыншылық жасап, бейуаз халықты аяусыз қырғынға ұшыратқан мезгілге тура келеді. «Батырды заман тудырады» дегендей алмағайып кезеңде әр азаматтың өз елін, алтын бесік мекенін қорғауға борышты екені шындық. Елбасына күн туған сол бір кезеңде қатарынан озып, елге пана болған

148

айбарлы азаматтың ерлік істері, қайраткерлык тұлғасы, адамгершілік асқақ бейнесі романда кеңінен суреттеледі.

Жазушы Есенгелдіні айтулы батыр қолбасы, шешен би ғана емес, елінің қамқоршысы, панасы болған үлкен кісілікті көп қырлы тұлға ретінде сипаттайды. Оның жекпе-жекте жұңғардың Жамса Дондаба сияқты не бір дойыр батырларын жеңгенін, жұңғарға қарсы жорықтарда көрсеткен ерліктерін суреттеу арқылы оның батыр тұлғасын көрсетсе; аға билерге еріп жұңғар ордасында тұтқында жатқан Абылайды алып қайтуы, әрі жат елдің алдында бүгежектемей тең тұрып уәжді ой айтып, иландыруы жас Есенгелдінің ел алдындағы абыройын асқақтатады. Сонымен бірге, жазушы Есенгелдінің жирма жасының өзінде «Есенгелді шешен», «Қылыш би», «Шешен Қызай» атанғанын айтып, тағы бір қырын ашады. Әрі оның шешендігін «Құн дауы», «Ар дауы», «Көз құны» секілді ел ішінің даулы мәселелерін қалай шешкенін суреттей отырып, оның қиядан жол тапқыш қырпулылығын, тапқырлығын жеткізе көрсетіп, шынайы тұлғасын ашуға күш салады. Мәселен, бірде Матай руынан шыққан Қайып би Есенгелдінің нағашы жұрты сары Үйсін еліне кісі құнын даулап келеді. Кісімді өлтірдің деп Матай жақ айғұлақтанып ат ойнатуға айналады. Ауылда сары Үйсін сөзін ұстап отырған шапырашты Жарылғап биге ырық бермей, даугерлер өрекпіп тұрғанда жолаушылап кеткен Есенгелді келіп қалады да, өршіген даудың өзегіне су құяды. Есенгелдінің шешендігін, әділдігін көрсету үшін алынған бұл көшпелі сюжет өзге билерге де телініп жүр. Мәселе, онда емес, жазушының қазақ би-шешендеріне қатысты түрлі материялдарды екшеп, орынды пайдалана білгендігі еді.

Есенгелдінің батырлығы мен шешендігінен сырт, оның қарапайым адам ретіндегі кісілік тұлғасын ашатын шынайы өмірге жақын нақты оқиғалар да кездеседі. Мұны жазушы негізгі оқиға ішнде қыстырма баяндаумен кірістіріп отырады. Мәселен, «Мамырсу» келісіміне байланысты сауда орталығының ашылып, қазақтардың бұтартар көлігі жылқысын көптеп саудалай бастауын айта келіп, қазақ үшін жылқының алатын маңызын кешегі жорыққа мінген батырлардың тұлпарларына байланыстырып таратып баяндайды, әсіресе, Қабанбайдың Қубас атын айырықша атайды. Осы тұста, автор сөз ыңғайына қарай Есенгелдінің тұлпарына байланысты мынадай оқиғаны келтіреді: «Қызайдан шыққан Қараменде бір сапарда Есенгелдінің қырғыз ханы Құсбектен түсірген шақпақ бедерлі, Көктеңбіл тұлпарын сазға батырып өлтіріп алады. Есенгелдіден ұялған ел жақсылары аттың нарқын он бестіге бағалағанда ат иесі өлген атқа бола Есенгелді деген атымды былғамайын. Дұшпан арасында ‹ит төлеуі бір күшік› болса, ағайын арасында ат төлеуі бір тай емес пе? басына ат берсе болғаны деп сөзге тоқтайды. Қызай ішінде ‹Есенгелдінің тұлпары да бір аттың құнымен біткен› деген аңыз қалады» [5, 408]. Жазушы Ж.Ахмади осы шағын детал арқылы Есенгелдінің жомарт мінезін, адамгершілік қасиетін, образын тереңдей аша түседі.

Романда билердің сөз сайысына түскен тұстары шешендікпен берілген. Жазушы Ж.Ахмади халық тіліне ғана емес, қазақ халқының шаруашылығына, салт-дәстүріне өте жүйрік екендігін аңғартады. Романда Қазыбек би жиені Жәнібекке: «Жас күніңнен жылқы іңіртінің жесегімен жетілдіріп едім» дейді. Жылқы түлігінің қасиетін, қыр-сырын қанық білетін адам ғана мұны жақсы түсінеді. Әрине, бұл жазушының өмірді терең бақылап қана қоймай, оны керекке жарата білгенін айғақтайды. Мұнан басқа, романда қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, той салтанаты т. б. салт-дәстүрлері көрініс береді. Және де қазақтың жауын да құшағына тарта білетін дарқан мінезін, мейірбан ақкөңілділігін, адамгершілігін қонтайшы Ғалдан Сереннің жиені Әмірсананы Есенгелдінің бағып, науқасынан айырықтырғаны туралы оқиға арқылы көрсетеді.

Есенгелді тарихи тұлға. Алайда, жазушы оны хроникалық барыспен айнытпай көшіріп шықпайды. Олай істеу көркем шығарманың принсипіне жат. Заман дауылы көміп, ескіріп санадан өше бастаған тарихты жазушы факт негізінде суреткерлікпен өңдеп, аршиды, көркем образ жасайды. Жазушы Ж.Ахмади бұл романында өзінің ойға алған идялық мақсатына сай тарихи тұлғаның алуан қырларын, азаматтық тұлғасын жасау үшін көптеген тарихи оқиғаларды, шежірелік материялдарды екшеп пайдаланады. Әсіресе, тарихи тұлғаның қоғамдық қызметін, халық алдындағы орнын биіктете көрсетуде ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаларды шеберлікпен керекке жарата білді. Атақты батырлармен, би-шешендермен үзеңгі серік боп, ел бірлігін қорғап, жауға да, дауға да сурыла кірісетін өткірлігін суреттеу арқылы романның идялық арқауын шыңап, көркемдік әсерін тереңдете түседі.

«Есенгелді би» романда табиғат суреті онша көп емес. Дейтүрғанмен жазушы табиғат аясындағы көріністерді кейіпкеріне тамашалата отырып, одан терең сыр түйетін тұстары да кездеседі.

149

Жұңғарлар ауылды шауып қыстаулыққа өрт қойып, балапан шығарып жатқан кептерлерге садақ оғын жаудырғанда үрейі ұшқан кептерлер ауылдан едәуір алыстағы сарқыраманы келіп паналайды. Бала Әлет әке-шешесі тірі кезінде өзі қол баққан кептерлерін көруге осы сарқырамаға келеді. Жаны жара бала Әлеттің алдынан шыққан көңілсіз жағдай кептерлеріне де мұнда «Жаудың» тыйгені еді. Көкшұбар қаршығаның үнемі кептерлерді аулайтын өз көзімен көріп: «Кептерлерімнің жау қалмағы осы зұлым екен-ау» деп ойлайды. Жазушы табиғат аясындағы осы қайшылықты құбылысты бала Әлеттің басындағы тағдырмен пәреллел етіп суреттейді. Романның екінші бөлімінде жазушы сол дәуірдегі қазақ басына түскен жағдайды қараша құстардың қоңырқаздарды мекенінен бездірген жексүрін әрекетін суреттеу арқылы көрсетіп береді. Есенгелді қасына ерткен жұңғар Әмірсанаға сендер де бейне қоңырқазды мекенінен лас қылғымен бездірген қараша құстар сияқтысыңдар дегенді аңдатады. Романдағы бұл шағын эпизод орынды алынған. Жазушы табиғаттың көрінісін, құбылысын адам өмірімен шендестіріп, Симовлдап немесе көркемдік жинақтаудан өткізіп бейнелесе, солғұрлым шығарманың идялық өрісі, эстетикалық әсері тереңдей түседі. Бұдан жазушының бейнелеудегі дара көркемдік стилі де айқын жүз беріп отырады.

Романның тағы бір артықшылығы әр рудағы батыр, билер сияқты тарихи адамдарды түгендеп, көбінің тегі, тарихынан да мол шежірелік мағұлмат береді. Алайда, көркем шығармаға басы артық деректерді тықпалай беру шығарманы негізгі бағытынан адастырады. Бұл жағдайлар кейбір тарихи деректерді қисытырып романға қосып жіберуінен байқалады. Романның ең соңғы тарауы тұтастай Қызай ананың яғни Күнбикенің билік айтуына арналады. Бұл мазмұн тарихи тұлғаның образын ашуға, романның мазмұнын толықтай түсуге қызмет етіп тұрған жоқ. Оқырманға романға оқыстан қосылып кеткен бөлек дүние секілді әсер қалдырады. Міне, бұларды болмысыз ағаттық деп қарасақ та, романның көркемдік тұтастығына, идялық арқауының шымырлығына әсерін тыйгізбей қоймайды.

Сөз жоқ, Ж.Ахмади өз жазу стилы қалыптасқан таланытты жазушы. Оның қаламынан туған әр туынды өзгенің дүниесіне қосылмайтын бөлек богенайға ие. Бұл жазушының қазақтың сөз байлығын мегергені соншалық. Әр шығармасын оқып отырып, не бір ойға оралмас қанатты тіркестерді, афоризмдерді кездестіресің. Өз басым жазушының «Айтұмар» романынан 500 ден астам, «Есенгелді би» романынан 250 ден астам мақал-мәтелдер мен афоризмдерді жазып алдым. Мұның кейбірі халық сөзі болса, біразы жазушы қаламынан туған жаңа афоризмдер еді. Жазушыныың шешендікпен берген соны да сом ойлары шығарманы тілдік жағынан қуаттандырып, әсерге тоғытып тұрғаны айқын байқалады.

Романның тілі демекші, осы жерде мына бір істі қыстыра кеткіміз келеді. Жазушы тек құрғақ шешендікке сүйеніп кемел дүние жаза алуы екіталай. Ғасырлар биігінен көктей өтетін ғұмырлы шығарма жаза алуы үшін, қаламгерге өзі суреттемекші болған қоғам, дәуір, тарихи оқиғаларды терең барлай алатын ойшылдық, парасаттылық, сыншылдық қажет. Бұл жерде шығарманы көркемдікке жеткізетін, оның төрт тұрманын толықтаудың алғы шарты болатын тілдің ролын әсте төмен бағалау немесе сәл қарау деген мағына тумайды. «Ең көркем сөз — орынды айтылғаны сөз» деген қағида бізге осыны ескертіп тұрғандай.

Жазушы Ж.Ахмадидың «Есенгелді би» романында емеурінмен айтса да жеткілікті нәрсені немесе бір ғана мақалмен бейнелейтін ойды бірқаншалаған мақал-мәтелді, афоризмді ұсты-үстіне ұстеп қолданып, көп сөзділікке жол береді. Бұл жағдай, әсіресе, «Айтұмар» романында көп белең алады. Жазушының бір романда 500 ден астам мақал-мәтел қолдануына қарап, роман халық тіліне бай, шешендікпен жазылған екен десекте, мақал-мәтелдер мен афоризмдердің роман көлемінің едауір бөлегін иелеп тұруы — Көркем шығарманың принсип, талаптарына салып қарасақ та дұрыс келмейтіні бесенеден белгілі болып тұр. Негізі, шығарма көркемдігі бояуының қалыңдығында емес, шеберлік сиқырында, айтарын қапсыз, ұтымды бере алуында болса керек.

Қазақ әдебиетіне «Дүрбелең», «Шырғалаң шақ», «Есенгелді би», «Жарылқап би», «Айтұмар» сияқты сүбелі романдар сыйлаған таланытты жазушының жасампаздығындағы аздаған аттегенайларды айтпағанда, көркемдік жағынан болсын, дәуір шындығын бейнелеуде, әлеуметтік маңызды мәселелерді көтеруде болсын әдебиеттің алға қойған талап биігінен төмендеп, олқы соғып тұрған жері жоқ. Жазушының қазақ әдебиетіне, жүйеден қазақ сөз өнерін байтуға, қордаландыруға аянбай еңбек сіңіргендігіне ешкім де шұба келтіре алмайды. Не жазсада ойы саңлақтанып тұратын мұндай шешендікті біз Ә.Кекілбаевтән, сосын, С.Сматаев пен Ж.Ахмадайұлынан кездестірдік. Алда суреткер туындыларының күн сәулелі келешек табарына, жұрт жүрегінде жыр боп жаттала беретіне сеніміз кәміл.

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]