Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

Глоссарий

1. ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік – мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есепті мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі уәкілетті орган.

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы № 453-I 23 шілде 1999 жыл, 5 бап,1тармақ.

2. Әкімшілік мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда қызметтік өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын саяси мемлекеттік қызметшілер қатарына кірмейтін мемлекеттік қызметші

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы № 453-I 23 шілде 1999 жыл, 1бап.

3. Әкімшілік құқықсубъектілік – мемлекеттік қызметшінің лауазымдық құқықтарды иеленіп, құқықтық міндеттер атқаруына мүмкіндігі, яғни мемлекеттік қызметтік қатынастардың қатысушысы болу қабілеттілігі (мүмкіндігі).

Уваров В.Н. Государственная служба.- Алматы. 1996. 121 б.

4. Әкімшілік жауапкершілік – әкімшілік заңнамамен қарастырылған тәртіпте әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін құқықбұзушыға қатысты (жеке немесе заңды тұлғаға) өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) әкімшілік жаза қолдану арқылы көрініс табатын құқықтық жауапкершіліктің түрі.

Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Алматы. 2002. 130 б.

5. Әкімшілік рәсімдер дегеніміз – 1. Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды және қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезіндегі шешімдер қабылдау, орындау және оларды рәсімдеу тәртібі; 2. Мемлекеттік аппарат жұмысын ұйымдастыру рәсімі; 3. Олардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін әкімшілік қорғау рәсімдері; 4. Экономика саласында шешімдер қабылдау рәсімдерінің негізгі бастаулары.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңы № 107-II 27 қараша 2000 жыл,1 б. 1 т.

6. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық (немесе ұсақ көлемде пара алу) биліктік өкілеттіктер қолында шоғырланған төмен жалақы алатын қызметшілерге тән әрекет.

Тұрысбеков З.Қ. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. Астана. 2003. 15 б.

7. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы – ол мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілеттігін анықтау бойынша бекітілген рәсім.

Таранов А.А. Административное право. Алматы. 2002. 87 б.

8. Мемлекеттік қызмет дегеніміз бағыныштылыққа негізделген және мазмұны бойынша мемлекеттің атынан атқарылатын және мемлекеттің нақты міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған қызметшінің мемлекетке бұқаралық құқықтық қатынасы.

Брокгауза және Ефрон энциклопедиясы: XXX том. – СПб., 1900. – 437 б.

9. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін атқару бойынша қызметі.

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы № 453-I 23 шілде 1999 жыл, 1бап.

10. Мемлекеттік (муниципалдық) қызмет – бұқаралық билік органдарындағы бұқаралық қызмет, әртүрлі құқық салаларының нормаларынан тұратын және көптеген ішкі институттарды қамтитын кешенді құқықтық институт.

Старилов Ю.Н. Государственная служба в Российской Федерации. – Воронеж, 1996. – 9 б.

11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік билік органдарының, сонымен қатар олармен құрылатын басқа да мемлекеттік органдар мен бұқаралық сипаттағы мекемелердің өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша қызметкерлердің тұрақты кәсіби қызметін ұйымдастыру.

Тихомиров Ю.А. Курс административного права и процесса. – М.,1998 – 309 б.

12. Жұмыс орны қызметкердің (немесе қызметкерлер тобының) өндірістік функцияларды орындауына икемделген кеңістіктің бөлігі.

Сухарёв А.Я., Зорькина В.Д., Крутских В.Е. Большой юридический словарь - М.: ИНФРА-М, 1999.- VI.574 б.

13. Реформа – қоғамдық өмірдің қандай-да бір жағының (тәртіптің, институттардың, құрылымдардың) қайта құрылуы, өзгертілуі, қайта қарастырылуы; шартты түрде – кез-келген мазмұндағы жаңалық, бірақ реформа деп әдетте прогрессивті қайта құруды атайды.

Сухарёв А.Я., Зорькина В.Д., Крутских В.Е. Большой юридический словарь.- М.: ИНФРА-М, 1999.- VI.597 б.

14. Мемлекеттік қызмет қағидаларының жүйесі мазмұны мемлекеттік органдарға, азаматтарға, лауазымды тұлғаларға бағытталған және мемлекеттік билік жүйесінде, оның ішінде мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік органдардың міндеттері мен функцияларын, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға арналған нормативті идеялардан тұратын және мемлекеттік органдардың конституциялық (жалпы), ұйымдастырушылық-функционалдық, салалық, арнайы және басқа да қағидалардың түрлерін қамтитын мемлекеттік қызмет қағидаларының жиынтығы.

Сапарғалиев Ғ.С. Правовые проблемы реформирования государственной службы суверенного Казахстана. Астана. 2003.29 б.

15. Қызметтік тергеу қызметшінің теріс әрекет жасау жағдайларын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар жинау және тексеру бойынша қызмет деятельность.

«Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. 31 желтоқсан 1999 жыл № 321, 1б.

16. Кандидаттармен әңгімелесу – кандидаттардың кәсіби және жеке қаситеттерін бағалау мақсатында жүргізіледі.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурс өткізу ережелері. № А-202 24 қараша 1999 жыл ,8 б.

17. Кандидаттарды тестілеу – бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін кандидаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және мүмкіндіктерін, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін объективті бағалау.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурс өткізу ережелері. № А-202 24 қараша 1999 жыл ,7 б.

18. Қылмыстық жауапкершілік – қылмыстық құқық нормаларымен белгіленген лауазымдық қылмыстар үшін мемлекеттік қызметшілерге келеңсіз салдардың орын алуы арқылы көрініс табады.

Уваров В.Н. Государственная служба. Алматы. 1996. 160 б.

19. Мемлекеттік қызметшінің этикасы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен жалпы танылған этика нормаларынан туындайтын жүріс-тұрыс ережелері

20. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi- мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктiжүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;

21. Мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі;

22. Мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;

23. Мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;

 24. Лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам

25. Лауазымдық өкiлеттiк - заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк;

26. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;

27. Бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар;

28. Мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi.

29. Ротация - мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.

Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мемлекеттік саясаттың мақсаттарына жетудің стратегиялық звеносы болып табылады. Республикада құқықтық мемлекеттің стандарттарына сәйкес келетін мемлекеттік билік жүйесінің қалыптасуы мемлекеттік қызмет институтының дамуына байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында ұзақ мерзімді басымдылықтардардың бірі ретінде кәсіби мемлекет құру, ал оның мақсаты ретінде ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау аталғаны кездейсоқ емес. Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік қызметті реформалау басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанда демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы жоғарғы нәтижелі мемлекеттік қызметсіз мүмкін емес. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыру мемлекеттік билік органдарының стратегиясы мен тактикасының маңызды мәселесі болып табылады. Өз алдына, мамандар саясатын қалыптастырудың жаңа бағыттарын жүзеге асыру отандық және шетелдік тәжірбие негізінде, тарихи, мәдени, ұлттық және басқарушылық дәстүр мен басқарушылық тәжірбиені, сондай-ақ, әлемдік даму тенденцияларын ескере отырып жүзеге асарылуы тиіс.

Курстың міндеттері:

  • студенттерде мемлекеттік қызмет институтының мәні, оның ұйымдастырылуы және қызмет етуі және оның өзекті мәселелері туралы ғылыми ой қалыптастыруға көмек көрсету;

  • студенттерді мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару туралы және мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамамен, сондай-ақ, осы оқу курсы бойынша арнайы заңнамамен таныстыру;

  • Қазақстан Республикасының мемелкееттік қызмет жөнінідегі уәкілетті органдарының жүйесіне, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі мен этикасына талдау жасау;-

  • студенттерде мемлекеттік кадрлік саясат, мемлекеттік қызметшілердік қызмет бойынша өсуін жоспарлау және дамыту туралы ғылыми ой қалыптастыруға көмектесу;

  • мемлекеттік қызметке кіру, өту және тоқтатумен байланысты мемлекеттік-қызметтік қатынастар жүйесін оқыту;

  • мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі мен шетелдік аналогтарына салыстырмалы талдау жүргізу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет институтын жетілдіруде шетелдік тәжірбиені енгізудің негізгі бағыттарын анықтау.

Сабақтарды өткізу нысандары: дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ, СӨЖ. Дәрістік сабақтар оқу курсы бойынша қарастырылған тақырыптарды теориялық жағынан игеруге және талдауға бағытталған. Практикалық сабақтар ауызша және жазбаша нысандарында өткізіледі. Олар дәрістік материалдарды неғұрлым терең игеруге және бекітуге бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстары аудиториядан тыс өткізіледі және алдын ала берілген тапсырмалар бойынша нормативтік, оқу және ғылыми қайнар көздермен танысуға және тапсырмалар орындауға бағытталған.

Білімді тексеру нысандары: екі аралық бақылау, емтихан. Білімді тексеру студенттердің осы арнайы курсты игергендігін кешенді тексеруге бағытталған және студенттердің қойылған сұрақтарға жауап беруі, нақты тәжірбиелік есептерді шешуі нысанында жүргізіледі. Межелі бақылау тестілеу түрінде жүргізіледі.

Студент дәріс сабақтарында жазған, түсінген білімдерін және семинар сабағына берілген тапсырмалар бойынша толық дайындалуы керек. Семинар сабағы бойынша білімді тексерудің келесідей нысандары қолданылуы мүмкін: ауызша және жазбаша (тесттік сұрау, бақылау жұмыстары, карточкалармен жұмыс, баяндамалар, ақпараттар, рефераттар, үй тапсырмалары және т.б.)

Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады. Бақылау жұмысының көлемі 5 - 6 беттен аспауы керек.

Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.

«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» арнайы курсы бойынша

1-ші аралық бақылау сұрақтары

1. Басқару әлеуметтік институт ретінде.

2. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері.

3. Мемлекеттік басқару механизмі: түсінігі, мазмұны, құрылымы.

4. Мемлекеттік және қоғамдық басқарудың ара-қатынасы.

5. Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі.

6. Мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) қағидалары.

7. Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.

8. Мемлекеттік органдарды құру қағидалары.

9. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түсінігі.

10. Мемлекеттік органдардың жіктелуінің негізі.

11. Мемлекеттік орган: құрылу тәртібі мен құзіреті.

12. Мемлекеттік органның құрылу тәртібі.

13. Мемлекеттік органның құзіреті.

14. Адам -әлеуметтік жүйенің негізгі элементі ретінде.

15.Азаматтардың бірлестіктерінің ұйымдастырушылық-құқытық нысандары.

16. Тұрғындардың аумақтық қағидаға сәйкес бөлінуі.

17. Тұрғындардың өндірістік қағидаға сәйкес бөлінуі.

18. Мемлекеттік басқарудағы салалық және функционалдық қағидалар.

19. Мемлекеттік басқару объектісінің және субъектісінің өзара байланыстары.

20. Мемлекеттік басқарудың сыртқы ортасы.

21. Саясат және мемлекеттік басқарудың мақсаттары.

22. Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы.

23. Мемлекеттік басқару әдістері.

24. Мемлекеттік басқару нысандары.

25. Нормативтік құқықтық актілердің түсініг мен жіктелуі.

26. Нормативтік құқықтық актілерді жоспарлау, әзірлеу және келісу.

27. Нормативтік құқықтық актілердіңреквизиттері, құрылымы және мәтінін рәсімдеу.

28. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және жариялау тәртібі.

29. Нормативтік құқықтық уақытта, кеңістікте және тұлғалар шеңберіне қарай таралуы.

30. Орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу.

31. Мемлекеттік қызметтің еңбектің қоғамдық бөлінісіндегі ролі мен орны.

32. Мемлекеттік қызметтің ерекше белгілері.

33. Мемлекеттік қызмет қағидалары.

34. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті басқару.

35. Мемлекеттік органдардың штаты мен жеке құрамы.

36. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының жіктелуі.

37. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері.

38. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың кепілдіктері.

39. Мемлекеттік қызметтің түсінігі.

40. Мемлекеттік қызметтің қағидалары.

41. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама

42. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қашан заңды күшіне енді?

43. Мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруға жол беріледі ме?

44. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші кімге таралады?

45. Қандай мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құрайды?

46. Мемлекеттік қызметші өкілді органның депутаты бола алады ма?

47. Мемлекеттік қызметшінің жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі болуға құқығы бар ма?

48. Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулер.

49. Мемлекеттік қызметші өзіне заңнамамен белгіленген шектеулерді қабылдай алады ма?

50. Мемлекеттік қызметшінің өзі сенімгерлік басқаруға берген мүліктен табысын алуға құқығы бар ма?

51. Лауазымдар категорияс кімдерге белгілененді?

52. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары.

53. Мемлекеттік қызметшінің кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар ма?

54. Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің түсінігі.

55. Саяси мемлекеттік қызметшінің түсінігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]