Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

2. Мемлекеттік қызметте орнын басудың тәртібі мен тәсілдері.

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін келесі құқықтық-ұйымдастыру тәсілдері белгіленген: тағайындау, сайлау және конкурс. Бұл оайда қиын заңды құрам конструкциясы орын алады; ол тағайындау актісі, сайлану және конкурстен өтудегі мемлекеттік қызметке кіруге сай азаматтың келісім беруі жатады.

Мемлекеттік қызетке саяси мемлекеттік қызметкерлер сайлану негізінде жүргізіледі, сонымен қатар ол заңмен келісілген кейбір басқа тәртіп пен шарттарға байланысты жағдайларда болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті конституциялық өкілеттігіне сай, Парламенттің келісуімен Республиканың Премьер-Министрін қызметіне, Үкімет мүшелерін басқа да адамдарды тағайындайды; Премьер-Министр Елбасына Үкімет аппаратының басшысы, министрлердің, облыс әкімінің, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының басшылары қызметіне үміткерлерден ұсыныс жасайды.

Саяси мемлекеттік қызметке орналасу үшін қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды.

Мемлекеттік органды құру кезеңінде керекті қызметкерлерді уақытша қызмет атқару үшін 3 айдан аспайтын мерзімге алуға құқығы бар, әрине ол әкімшілік орын бос орын болып көрсетілен болса, және ол туралы конкурс жариялаып өткізілген болса. Ондай орындар саны штаттық кестенің белгіленген санымен 20 пайыздан аспау керек. Осы мезгіл ішінде оның уақытын созуға болмайды және ол қызмет орнатылған тәртіп бойынша қамтылуы керек. Бұл орайда мұндай адамдармен (мемлекеттік қызметкерлер емес) еңбек қатынасы еңбек заңына байлансты белгіленеді. Дәл осындай талаптармен мемлекеттік органның басшысы конкурсты комиссияның қорытындысы бойынша тұрақты қызмет атқару үшін адам қабылдауына құқылы, егер де ол белгіленген әкімшілік қызмет бос болса және арнайы керекті сынақтан өтіп, оның қорытындысын алғанша орналасуына болады.

Конкурсқа қатыспай әкімшілік мемлекеттік қызметке тұруға саяси мемлекеттік қызметкерлер орналаса алады, сонымен қатар Парламент депутаты, Маслихат депутаты, егер олар тұрғылықты негізде және өз өкілетіктері біткен мезгілде орналасуы мүмкін. Әкімшілік мемлекеттік қызметті атқару үшін бұл адамдар саяси мемлекеттік қызметі немесе депутаттық өкілеттігі біткеннен кейін 4 ай мерзімі аяқталғанша сақталады. Мемлекеттік органның басшысы әкімшілік бос орын қызметіне егер ол әкімшілік орынға белгіленген біліктілік талаптарға ай болатын болса, қабылдай алады, сонымен қатар ол бос орынға ақпарат құралдарына хабарланбаған болса, онда ол бос орынды осы адамдар алуы мүмкін.

Әкімшілік мемлекеттік қызметке бос орын үшін конкурсты мемлекеттік орган жариялайды не Республика Президентінің шешімімен мелекеттік іс-шараларына өкілетті орган осы қызметке сай үміткерлердің тізімін талқылаудан кейін өткізеді. Бұл орайда конкурсқа республиканың барлық азаматы қатысуға құқылы.

Конкурс жариялаған мемлекеттік орган конкурстық комиссия құрайды, олар бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін үміткерлерді біріктіреді. Конкурстық комиссияның құрамы мемлекеттік органның басшысымен белгіленеді. Конкурстық комиссия коллегиялды құрам болып келеді, ол конкурсқа қатысушалардың құжаттарын, тестілеудің қорытындысын, үміткерлермен әңгімелесу және бос орынды иеленудегі соңғы іріктеуді арастырады. Конкурс комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуы не ол қызметке алынбауы туралы шешімі негізге алынады.

Егер мемлекеттік орган жойылатын, не қысқартылатын болса, онда жарияланған конкурс туралы жалпы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлануы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]