Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

2. Мемлекетті басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

Мемлекетті басқаруда заңдылық өзін әр түрлі жақтарынан көрсете алады. Ол ең алдымен заңдылықтың басқарушы идеал екендігі, мемлекеттік аппараты құруда және жұмыс жасауындағы ең негізгі бастама екендігі және әр түрлі ұйымдардың іс-әрекеті ретінде болады. Бұл жайтта заңдылық мемлекеттік басқарудың ранг принципіне дейін көтерілген, оның мемлекеттегі рөлі құрылымдық бөлімшелердің мемлекетті басқару жүйесіндегі ішкі келісушілікті қамтамасыз ету, оның байланысынан, қатынасынан, субординациясынан, тәуелділігінен тұрады.

Заңдылық қағидасы емлекеттік және қоғамдық тәжірибеде ерекше жағдайды білдіреді, мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу тәртібі , ол кең көлемде демократиялық қоғамда маңызы бар. Заңдылық мемлекет тарапынан бірыңғай болуы қажет. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-5 баптарының үлкен маңызы бар, ол жерде айтылғандай Мемлекеттің негізгі заңын бұзуға ешкімге олардың ешқандай ақталуына және аумақтық ерешелігінің себебіне байланысты болған жағдайдың өзінде жол берілмейді.

Мемлекеттік басқарудың заңдылық принципі мемлекеттік органдар, азаматтар мен ұйымдардың Конституцияны сақтау мен Қазақстан Республикасы Заңл-дарының талаптарын орындауда құқығын сыйлау, ар-намысын, қасиетін сақтау талаптары ретінде қаралады. Заңдылық бұл жерде мемлекетті басқару саласындағы ресми көрсеткіші ретінде қаралады. Мысалы

Қазақстан Республикасының Ν 107 2000 жылғы 27 қарашасындағы “Әкімшілік процедуралар туралы” Заңында заңды әкімшілік процедураларын орнату принципін бірінші орынға қояды, ал Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Ν453-1 “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет негізі де заңдылық болып көрсетілген. Бұл лауазымды тұлғалардың барлығына, азаматтар мен ұйымдарға заңдылық бірдей екенін көрсетеді, заңды өз қалауы бойынша ешкім бұрмалауына болмайды.

Заңдылықты қамтамасыз ету механизмінде мемлекеттік қадағалау-бақлау функциясының орны өте маңызды. Бұл функция бір жағыан өкілетті, атқарушы сот органдарының тұтас бөлігі құзырлығы ретінде, ал басқа жағынан мамандандырылған органдармен қамтамасыз етіледі. Бірінші топта оларға бақылау тыю мен қарама-қарсы элемент ретінде қаралады, ал екнішісінде мемлекеттік басқару актілерінің заңдылығын бақылау осы органдардың ең басты функциясы екені білдіреді.

Мемлекеттік органдарда заңдылықтың тұрақталу жауапкершілігі атқарушы органдар билігіне берілген. Олардың заңдылық принципі тәжірибеде ұйымдастыру мен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын орындауға бақылау жасағанда қамтамасыз етіледі. Бұл жерде көңіл бөлетін жайт, ол ішкі бақылау, ол жерде мемлекеттік органдардың іс-әрекеті бақылауға алынады (мысалы жоғары органдар мен төменгі органдар қатынасы), ішкі аппаратты, ол құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік органның ішінде, сонымен мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдардың тапсырмаларын орындау, мемлекеттің маңызды құжаттар жүргізу тапсырмаларын бөліп айтуға болады.

Тәртіп – басқару мәдениеті мен заңдылықтың бірден-бір бөлінбейтін элементі. Тәртіптің әлеуметтік маңызы біріккен ұйымдардың іс-әрекеттері керекті объективпен қамтамасыз етілуі, соның ішінде мемлекеттік органның да қамтамасыз етілуі. Барлық ортақ жұмыс адамдардың өзара келісілген іс-әрекетінен тұратыны барлығына белгілі. Қызметтік тәртіптің маңызы мемлекеттік қызметте әр қызметкер өзіне белгіленген функцияларды өкілеттігіне сәйкес атқаруға тиісті. Мемлекеттік басқарудағы тәртіп бір жағынан ережелер, нормалар мен процедуралардың жиынтығы мен мемлекеттік органдардың ішкі тәртібін, екінші жағынан сол ереже, нормалар мен процедураларды нақты орындауды, үшінші жағынан – материалды және моральды марапаттау жүйесін, ал қажет болған жағдайда – тәртіптік әсер ету шектерін қамтиды. Бұл ретте тәртіп мемлекеттік басқарудағы заңдылықты тәжірибелі түрде қаматамыз етудің маңызды құралдарының бірі ретінде көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]