Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

1. Мемлекеттік қызметке орналасудағы азаматтардың конституциялық құқығы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша (13-бап,1-тармағы) әр адам өзінің субъективті құқығына ие және ол заңға қайшы келмейтіндей өз құқығы мен бостандығын қорғауға құқылы. Сонымен бірге, басқа адамдардың құқығы мен бостандығына қол сұғуына және конституциялық құрылыс пен қоғамдық адамгершілігіне қол сұғуына болмайды (ҚРК 12-бабы, 5-тармағы). Бұл адамдардың мемлекет пен қоғам жұмыстарына араласуына толық қатысуына қатысты. Ал мемлекеттік басқарудағы азаматтардың құқықсубъектілігі дегеніміз – субъект (адам, азамат) құқығы бар және заңды міндетерді орындауда нақты басқаратын қатынастарда қатысушы болуына толық құқығы болуын айтады. Сонымен қатар құқысубъектілігі дегеніміз – ол субъекті құқығы өз іс-әрекеттерімен субъективті құқық және мемлекеттік басқару саласында заңды міндеттерді жүргізу деген, сондай-ақ азаматтарға субъект ретінде басқаратын қатынастарға құқықсубъектілігінің жалпы критерийлері септігін тигізеді, ол: жасына қарай, белсенділігіне жән әлеуметтік жағдайына қарай. Бұл жерде басқарудағы мемлекеттің функциялары мен мүдделерін шешудегі нақты жолдар болып келеді.

Жасына қарай. Бұл критерий азаматтардың құқықсубъектілігі белгілі бір жасқа төлумен байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметке тұру үшін адамдардың жасы 18-ден кем болмауы керек, егер кейбір қызметтер Рееспублика заңына қайшы келмейтіндей болса (“Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңының 13-бабы, 2 тармағы). “Қазақстан Республикасы Конститцуясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы” 1998 жылғы 7 қаандағы Ν284-1 Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік қызметке орналасуда жас шамасы қойылған, бірақ шектеу алып тасталынған (ҚР Конституциясының 33-бабы, 4 тармағы).

Жігеріне қарай. Бұл азаматтың мемлекеттік қызметті жүргізудегі белсенділігіне байланысты болып келеді. Жүйке ауруы мен жігерлігінде (санасында) өзгерісі бар азаматар өз қызметтік міндеттері мен тәртібіне бақылау жасай алмайды және саналы жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сондықтан жарым-жанды деп саналған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды, олардың медициналық мекемелерден құжаты болуы қажет және біліктілік мінездемеге сай денсаулық жағдайына қойылатын арнайы талаптарға сәйкес болуы керек.

Әлеуметтік критерий ол барлық азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруде барлығы тепе-тең екендігін білдіреді. Заңға жүгіне отырып, барлық еңбекке жарамды деп есептелген адамдар өзіне тән мамандықты, жұмыс түрін таңдауға құқылы. Мемлекеттік қызметке орналасу барысында оның жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, мекен-жайына, дініне және басқа да жағдайларына қарауға болмайды. Әлеуметтік жағдай мемлекеттік қызметкерлердің арнайы құқықтық тиісті нақты жағдайымен байланысты. Ол мынандай қасиеттерден көрінеді, органның құқықтық ұйымдастыру деңгейінде, мемлекеттік қызметте лауазымды адамдардың (саяси және әкімшілік) құзіреттерінің көлемі ме белгілері, мемлекеттік қызметкерлердің құрылымдағы рөлі мен орны жасалады.

Мемлекеттік қызметке орнасушыларға мынадай талаптар қойылады:

Қазақстан Республикасының азаматтығында болуы.

Мемлекеттік қызметке шетел азаматтары мен заң бойынша азаматтығы жоқ деп белгіленген адамдар егер Қазақстан Республикасы Президенті мен заңдарында өзгеше көзделмесе қызметке алынбайды.

Жасы 18 жастан кем болмауы тиіс (егер ол республика заңдарындағы қызметке қарасты келісілген болмаса). Бұл талап мемлекеттік қызметке орналасу үшін үміткердің кәмелетке толуымен өмірге қажетті тәжірибесін жинауы үшін шарт.

Арнайы білімі болуы қажет, кәсіби дайындығы және белгіленген біліктілік көрсеткіштерге сай болуы керек. Бұл талап басқаратын кадрлаердің өз орнына лайық екенін айқындайды. Лауазымды адамдардың іскерлік қасиеттерін анықтайтын негізгі қасиеттері – ол арнайы білімінің болуы, мемлекеттік аппараттың құрылымын білу, мемлекеттік қызметтің мазмұны мен басқаратын істегі тәжірибеге тоқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]