Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жіктелуі.

Нормативтік құқықтық актілер деп – құқықтық нормаларды белгілейтін; сондай-ақ олардың өзгертілуін, тоқтата тұруы мен тоқтатылуын белгілейтін референдумда не құзіретті органмен немесе мемлекетті клауазымды тұлғасыменқабылданатын белгіленген нысандағы арнайы жазбаша құжат түсініледі. Мемлекеттік шешімдердің сипаты бойынша оның иерархиясына байланысты нормативтік құқықтық актілер жүйесінің құрылу еркшелігі; оған сәйкес актілерді қабылдауға құқығы бар құзіретті органның өкілеттігі; актілерді жариялаудың белгіленген тәртібі; жергілікті норма шығарушылық тағы басқа актілерді халықаралық-құқықтық акті ретінде есептеу ерекшеліктері ескеріледі. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы деп- оның заңды күшіне байланысты бөлінуі мен ара қатынасы түсініледі. Мысалы: Біз Конституцияны ҚР-дағы ең жоғарғы заң күшіне ие нормативтік құқықтық акт деп айтаймыз.

Қабылданатын және әрекет ететін мемлекеттік шешімдер мынатай негізгі конституциялық жағдайларға негізделуі тиіс:

1-ден. Конституция жоғарғы заң күшіне ие және республиканың барлық территориясында тікелей әрекет етеді;

2-ден. ҚР-мен таррификацияланған (бекітілген) халықаралық шарттар не келісмдер заң алдында мәртебеге ие және тікелей қолданылады.

3-ден. Қатысушысы ҚР болып табылатын барлық заңдар мен халықаралық шарттар жарыққа шығарылады.

Құқықтық нормативтік актілер негізгі және өндірісті болып бөлінеді.

Негізгілерге: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар, ҚР Президентінің жарлығы және конституциялық заң күші бар жарлықтары жатады; Парламент пен оның палаталарының қаулылары; ҚР Үкіметінің номативтік қаулылары, ҚР Жоғарғы соты, орталық сайлау комиссиясы мен Конституциялық Кеңестің қаулылары, жарлығы; орталық мемлекеттік органның нормативтік қаулылары; министрлер мен басқада орталықмемлекеттік орган басшыларының нормативтік бұйрықтары; маслихаттар мен әкімдердің нормативік құқықтық шешімдері жатады. Ал өндірістік нормативтік құқықтық актілерге әртүрлі ережелер, регламенттер, инструкциялар жатады. Олар негізгі актілер негізінде жасалады және бүтіндей сонымен бірге бекітіліп қолданылады.

Мемлекеттік шешімдер жүйесінде заң шығарушы актілер ерекше орын алады. 24 наурыз 1998ж. “Нормативтік құқықтық актілер туралы” ҚР Заңына сәйкес заң шығарушы актілер таратуына; конституциялық заңдар, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтары, ҚР Кодекстері; ҚР Парламент қаулылары; Парламенттің Сенаты мен Мәжіліс қаулылары жатады.

Заңдар мемлекеттің шешімнің ерекше түрі болып табылады. Заңның көмегімен мемлекет пен қоғам үшін маңызды қоғамдық қатынастардың елеулі бағыттаушылық реттелуі жүзеге асырылады. Президенттің нұсқаулары Конституция, Заңдар менПрезидент жарлығы негізінде жасалып орындалады. Нұсқаулар мен әкімшілік реттеушілік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер шешіледі.

Заңға тәелді актілер деп – заң шығарушы болып табылмайтын басқада нормативтік құқықтық актілер түсініледі. Оған: ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, басқада орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары мен қаулылары; маслихаттар мен әкімдердің шешімдері жатады. Заңға тәуелді актілер 2 түрлі негізгі белгімен сипатталады: 1-ден. Олар заңға қайшы келе алмайтын және заң шеғберінде әрекет етеді; 2-ден. Олар заңдардың орындалуын ұйымдастыруға бағытталған.

Өндірістік номативтік құқықтық актілер:

регламент

тәртіптік ереже (положение)

ереже

инструкция жатады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]