- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Мемлекеттік қызмет және басқару»
- •5В030100 - «Құқықтану» мамандығы студенттері үшін
- •Мазмұны
- •4. «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәнінің мазмұны
- •4.1 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәнінің тақырыптық жоспары
- •4.2 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәні бойынша дәрістің тақырыптық жоспары
- •4.3 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» бойынша практикалық (семинар) сабақтарының тізбесі мен мазмұны
- •4.4 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәні бойынша студенттердің өздік жұмысының мазмұны
- •4.5 «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша соөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер:
- •Негізгі әденбиеттер:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •6. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары
- •«Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /10 сағат/
- •8. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •10. Әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер:
- •Негізгі әденбиеттер:
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1.1. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері.
- •1.2. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері.
- •1.3. Мемлекеттік басқару механизмі (тетігі).
- •2.1. Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі.
- •2.2. Мемлекеттік басқарушылардың конституциялық (негізгі) қағидалары.
- •2.3. Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.
- •3.1. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылыќ құрылымының түзілуі.
- •3.2. Мемлекеттік органның жіктелу негіздері.
- •3.3. Мемлекеттік орган: жасалу тәртібі мен копетенциясы.
- •1. Мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттары.
- •3. Мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары.
- •1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жіктелуі.
- •2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жоспарлау, дайындау және келістіру.
- •3. Нормативтік құқықтық актілер мәтінінің реквизиттері, құрылымы мен жазылу стилі.
- •1. Басқарушылық процесс және оның сатылары.
- •2. Жекеленген құқықтық актілер.
- •3. Басқаратын қатынастар және олардың классификациясы.
- •2. Мемлекетті басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.
- •3. Мемлекеттік басқарудың ғылыми қамтамасыз етілуі.
- •2. Мемлекеттік қызмет ұғымы, мәні және принциптері.
- •3.Мемлекеттік қызметтің арнайы белгілері.
- •1. Штаттар мен мемлекеттік органдардың жеке құрамы.
- •2. Мемлекеттік қызметтің жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік қызметке орналасудағы азаматтардың конституциялық құқығы.
- •2. Мемлекеттік қызметте орнын басудың тәртібі мен тәсілдері.
- •3. Мемлекеттік әкімшілік қызметтер котегорияларына қойылатын біліктілік талаптар.
- •1. Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері.
- •2. Лауазымды адамның компетенциясы.
- •1. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау.
- •3. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.
- •2. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың жалпы негіздері.
- •3. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері.
- •1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің концептуальды реформасы және кадрлар саясатының негіздері.
- •2. Мемлекеттік қызмет реформасын құқықпен қамтамасыз ету.
- •Глоссарий
- •«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» арнайы курсы бойынша
1. Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері.
Мемлекеттік органның басқаратын іс-әрекеті ең алдымен жұмысты жоспарлаудан басталады. Мемлекеттік органдар іс-әрекеттерін жұмыс жоспарынан бастайды. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарының орындалу уақыты құрылымдық бөлімшелерінің берілген апсырмаларының негізінде ерте бастан жасалады және сол органдардың басшыларымен бекітіледі, жоспарлар нормалы құқықтық актілердің орындалуы және жоғары мемлекеттік органдарының жұмыс жоспарларын есепке ала отырып жасалады. Жоғары мемлекеттік органның іс жоспарында белгіленген сұрақтардың тізбесі төмен тұрған органдар мен ұйымдарға қарау үшін жіберіледі. Бұл сұрақтар мемлекеттік органның іс-жоспарын жасауда құрылымдық бөлімшелердің өздерінің іс-жоспарын сол жоспарға сүйене отырып жасауына септігін тигізеді.
Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастыруда қабылдаған шешімдер өз деңгейінде маңызды роль атқарады. Осыған орай бірегей нұсқаулық іс-әрекет және коллегиальды іс-әрекет болып бөлінеді. Бұл жерде лауазымды адамдардың шешім қабылдағанда құқықтық мәртебесін ескеру керек. Лауазымды адамдар деп – тұрғылықты уақытқа не арнайы өкілеттікпен мемлекеттік функцияларды орындаушыларды айтамыз немесе ұйымдастыру-нұсқаушылық не әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындаушы лауазымды адамдарды айта аламыз. Мемлекеттік органның жұмысы осы лауазымды адамдардың компетенциясына қарай ұйымдастырылады. Конституция, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілердің талабына сай лауазымды адамдар өзіне қойылған талаптар мен өкілеттілікті бір нақты лауазымды адамның атынан бір өзінің үкімімен, не мемлекеттік органның атынан, не оның құрылымдық бөлімшелерінің үкімімен немесе заңда көрсетілгендей мемлекеттік органда шешім қабылдау тәртібіне сәйкес шеше алады.
Коллегияльды мемлекеттік органның іс-әрекетінің өзіндік ерекше қасиеттері бар, ол жұмыс істеу әдістері, мазмұны, тәсілдері. Коллегияльды мемлекеттік органдарға осы органда шешілетін мәселеге көпшілік дауыс берген мүшелермен шешіледі. Мұнымен қатар шешім қабылдауға қабылданған шешімдердің заңдылығына коллегияльды органның барлық дауысқа қатысқан жауапты, ал дауыс беру кезінде “жоқ” деп дауыс бергендер жауапкершілік алмайды. Коллегияльды органдар ретінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімияттар бола алады.
Коллегияльды органдардың іс-әрекетінің негізгі түрі болып олардың отырысы болып табылады, ол отырыстарда осы органдардың компетенциясы туралы сұрақтар қаралады.
Коллегияльды органдардың отырыстарын дайындау мен өткізуде лауазымды адамдарға қатысты өкілетті органдар ұйымдастырушылық мәселелерін қарайды (құрылымдық бөлімшелер). Ең бастысы ол отырыстарды жоспарлауға байланысты. Бұл орайда жоспарлау әр тоқсанға және әр жылға жасалып, коллегиялық органның басшысымен бекітіледі немесе келісілген органның басшыларына да қатысты болып келеді.
Мемлекеттік органның жұмысында ең үлкен орынды азаматтардың заңды мүддесі мен құқық қорғау процедуралары алады. Азаматтар өзінің құқығы мен заңды мүделерін қорғау мәселелері бойынша қажетті мемлекеттік органдарға айтуына құқылы, сонымен қатар қоғам мен мемлекетте басқа да жеке және заңды тұлғаларды қорғауға мүдделі, мұндай жағдайда мемлекеттік орган және лауазымды адамдар азаматтардан түскен шағымдарды қабылдап, талқылауы қажет; олар белгіленген тәртіп пен мерзімде заңды да негізгі шешімдер қабылдауы қажет, қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету; қабылданған шешімдерді азаматтарға жазбаша және ауызша түрде жеткізулері тиіс. Сонымен қатар азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін заңға сүйене отырып қорғау процедурасы талабы қойылған. Бұл процедуралар:
а) азаматтар өздерінің құқығын іске асыруда мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға өздерінің заңды тұлға екенін анықтайтын құжаттарын өткізуі керек;
б) азаматтардың заңды мүдделері мен құқығын қорғауды іске асыруды ең аз мерзімде шешу;
в) азаматтардың құқығын іске асыруда шешімдердің жобасын ең қысқа сатыда шешілуін қамтамасыз етеді;
г) лауазымды адамдар мен органның азаматтардың қаралатын істерінің орны мен уақытын алдын-ала хабарлау;
д) азаматтардың шағымдарын талқылауға байланысты істің жағдайымен танысуға мүмкіндік беру, азаматтардың жеке өздерінің шағымдарын талқылауға тікелей қатысуына мүмкіндік беру;
е) азаматтың шағымын тек бір ғана лауазымды адамның жүргізуі, істің басқа лауазымда адамға
ауыстыруына қатаң тыйым салынады;
ж) азаматтың шағымын талқылауда лауазымды адамның шағымды дұрыс шешілмеуін болдырмау;