Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

3. Басқаратын қатынастар және олардың классификациясы.

Басқаратын қатынастар өзінің мемлекеттік органдарының іс-әрекеттерінің басқару істеріндегі бірегей маңыздысы бола отырып, оның негізіне құқықтық негіз береді. Мемлекеттік басқарудың спецификасы болып қатынастың шекарасын айқындауын, пайда болуын, өзгеруін және мемлекеттік органның компетенциясын іске асыруын тоқтатуын анықтайды. Осыған байланысты басқаратын қатынастар жағынан мемлекеттік органдардан басқа тағы да азаматтар, мекемелер, ұжымдар, ұйымдар, қоғамдық және басқа бірлестіктер іс-әрекеттері мен мүдделері бір-бірімен байланысты органдар кіреді. Осының бәрі мемлекеттік басқарудың қатынастарының жіктелуіне ықпалын тигізеді. Басқару әсері мен түріне басқару субъектісі мен объектісі арасындағы қатынасты, олардың бағытына қарай (бұл жерде өзара құқық пен міндетердің арақатынасы) мемлекеттік басқару саласындағы мынадай құрылым арқылы көрсетуге болады.

Олар субъектілі-обьектілі және ішкісубъетілі болып бөлінеді. Бірінші қатынас негізгісі болып келеді, себебі бұл жерде басқарушының қоғамдық мүддеге деген көңілі толығымен бөлінеді. Бұл жерде мемлекеттік органның функциясы мен өкілеттілігі басқару объектісіне бөлінген (азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және т.б.). Ал екінші топқа келетін болсақ, ол мемлекеттік-басқарушылық қатынастар, олар басқарудың ішкі жүйесінде қаланады (ішкі аппаратта, ішкі салалық, өзара салалық). Олардың мүддесі басқару субъектісінің іс-әрекетін ұйымдастыру болып келеді, олардың құрылымдық бөлімшелерінің біріге жұмыс жасауын және координациясын қамсыздандыруға, сонымен қатар мемлекеттік аппараттың барлық жүйесімен қатар, бөлек органдарды да басқару кіреді.

Мемлекеттік басқарудың механизмінде үлкен маңызына қарай басқару қатынастарын мынадай тізбеде көрсетуге болады:

Мемлекеттік орган және азаматтардың өзара қатынасы.

Мемлекеттік орган және соларға тікелей бағынышты объектілердің өзара қатынасы.

Мемлекеттік орган және оған бағынышты емес объектілермег өзара қатынасы.

Мемлекеттік органдардағы ішкіаппараттық қатынастар.

Ішкісалалық қатынастар.

Өзарасалалық қатынастар.

Проблеамлық ситуациялық қатынастар және оны талдау.

Бұл басқаратын циклдың соңғы сатысы қоғамның актуальды дамуын табудан, оның өмірдегі іс-әрекеттеріің салаларындағы (экономикалық, әлеуметтік сала, әкімшілік-саясаттық құрылыс) эәне де нақты басқару объетілері мен салаларына байланысты. Проблемалық ситуациялар мемлекеттік органдардың өзіне тән функцияларын практикалық жазықтықта қамтиды. Мемлекеттік органдардың, олардың компетенциясын есепке ала отырып, проблемалық ситуацияларды талдау жүргізеді және басқаратын керекті шешімдер ізделеді, айтып өтілген мемлекеттік органдардың функциясын ол нақты белгіленген іс-әрекеттер, олар өзіне тән заттың қаситеін және бір ғана мемлекеттік органның басқару объектісіне ғана аранайы бекітіледі. Мемлекетік орган тек өзінің компетенциясындағы шешілетін өзекті мәселелерін ғана анықтайды. Мемлекеттік органының құрылысындапғы өзінің оры мен рөліне қарай мәселелері үлкендігі және олардың құқықтық шешлу жолдары айқындалады. Ал талдаудың ғылымдағы іс-әрекеттер тану жолдарының бірі деп алса, онда ол басқару объектілеріндегі істердің нақтлы жағдайларын және ол қоғамдық практикадағы шешілмеген сұрақтары, қойылған шектерден аспауын айқындайды.

Мақсаттың қойылуы. Бұл сатыда мемлекет басқаруының нақты мақсаты тұжырымдаумен байланысы қоғамның дамуының қажетілігіне байланысты, кейбір бөлек ортаның саланың басқару объетілерінің қажеттілігін алдын-ала зерттеу негізінде мсақсат қойылады, басқаша айтқанда қоғамдық практиканың қажеттілігі мемлекеттік басқарудағы адекваттық қалыптастырудың негізі ретінде болады.

Мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін талдау. Бұл басқару циклындағы сатының мақсатыны басты бағыты ол мемлекеттік басқарудағы субъект барлық ұйымдастыру іс-әрекеттерін өндіреді, ол алдағы қойған мақсатқа жетудің өзінің септігін тгізеді. Ол ең бірінші кадрлармен қаматамасыз ету мақсатына байланысты болады. Кейбір мәселелерді шешуге оның сапасы мен деңгейі және мемлекеттік басқаруда көбінесе басқару кадрларына, олардың білім деңгейіне, квалификациясына, тәжірибесіне тікелей байланысты. Сондықтан кадрларды таңдау, оларды оқыту, тиімді ұйымдастыру, қабылдаған шешімдер мен қойылған мақсаттарды тиімді шешудің бірден-бір шарты болып келеді, орындаушылардан басқа (адам ресурсы) басқа да керекті ресурстарды табу керек (қаржылық, материалды, ақпаратты және т.б.) әрине, дұрыс және нақты саралау басқару циклының басқа да сатыларына өзінің үлкен септігін тигізеді.

Сондықтан жоғары емлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың төменгі органдар мен ұйымдарға шкі бақылау жүргізуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан атқарушы органдардың іс-әрекетін (министрліктер, агентстволар және т.б.) бақылауға алынады. Ішкі бақылау тек мемлекетік органның әдейі өкілетілігімен қамтамасыз етіледі. Ол тек Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес орындалады.

7.3.1. Басқаратын қатынастар қоғамдық қатынастардың бір түрі болып келеді. Сондықтан ол адамдар қоғамның бірден-бір алғашқы шарты болып келеді және қоғамдық тәжірибенің маңызды жағы болады.

Басқаратын қатынастар қоғамдық қатынастардың айрықша ерекше түрі болып келеді, бұл жерде адамдар екі арнайы объекті және субъекті басқаратын статуспен көрсетілген. Мемлекеттік басқару сласында қоғамдық қатынастардың түрлері белгіленеді, ол бір жағы (мемлекеттік орган) өзінің функциясы мен өкілеттігі белгіленген, яғни ол қоғамдық өмірге байланысты, ал екніші жағынан бірінші объект басқаруына ықпалын тигізеді. Әлеуметтік басқарудың түрлері өзін “субъект-объект” формуласы айқындайды, ол өзіне мемлекеттік басқарудың көптеген салаларын біріктіреді және қоғамдық жүйенің әр түрлі компоненттерін бір-біріне әсерін қамтамасыз етеді.

Басқаратын қатынастар жігерлі қатынастар болып келеді, себебі мемлекеттік басқару адамның сапасы мен мінез-құлқына әср етумен байланысты. Басқару дегеніміз – саналы, әлеуметтік, әлеуметтік-қажетті және субъектінің мақсатқа сәйкестілік іс-әрекеті болып табылды. Адамдардың құқықсубъектілігі сондықтан да басқа қатынастар ішінде жігерлі қатынастар болып ерекше бөлінген. Бұл шарт адамның жіерінің басқаратын қатынастарда қатысушы болуының анықтамасы болып келеді. Бұл жерде көрінетіндей, жүйке ауруымен ауыратын санасында өзгерістері бар азаматтар өзінің құқығы мен міндеттерін саналы түрде орындай алмайды, сондықтан ол мемлекеттік басқаруда көп кедергілер алып келуі мүмкін және де егер соталған, жарым-жанды немесе әрекетке қабілетсіз деп табылса, ол басқаратын қатынастарға араласа алмайды.

7-Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету

1. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету.

2. Мемлекеттік басқаруды заңдылық пен тәртіптілікпен қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз ету.

.1. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету.

Мемлекеттік басқару саласындағы ақпарат табиғаты мен маңызы жағынан әлеуметтік ақпарат ретінде қолданылады. Қоғамдағы қалыптасқан қоғамдық процесстерді басқаруды реттеуде осы ақпараттардың үлкен маңызы бар. Ақпарат өзіне адамдар, заттар, болған уақиғалар, процесстер туралы бір-біріне тәуелді емес түрлері туралы мүмкіндіктер береді.

Сонымен қатар мемлекетті басқаруда барлық әлеуметтік ақпарат қолданылмайды, тек қана мемлекеттік биліктің қоғамдық процесстерге қатысты маңызы мен мазмұнына қарай қолданылады. Оны басқару ақпраты деп атайды. Осы көптеген әлеуметтік ақпараттардың ішінен мемлекетті басқаруға тек ақпараты жатады, оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Ең алдымен ол мемлекеттің статусы ең маңызды екенін білдіреді және мемлекеттің функциясына сай, құзіреттілігіне сай болады. Бұл ақпарат мемлекеттік аппараттың ішінде айналады, сонымен бірге мемлекеттік басқару субъектісінің тыңғылықты жұмсына септігін тигізеді.

Басқару ақпараты көптеген маңызды деректерден құралады, олардың негізгілеріне мыналар жатады:

1.1. Қазақстан 2030 даму стратегиясы – саяси құжат, ол республиканң даму жолында анықталған және мемлекеттік басқаруда ұйымдастырудың бірден-бір жағдайын анықтайды.

1.2. Қазақстан Республикасының Конституциясы – ол мемлекет шешімдерін қабылдауға фундаментальды база болып келеді, құқықтың ең үлкен қайнар көзі болып табылады, ол заңдардың қабылдану тәртібін қарайды және мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілеріне, сонымен бірге республиканың барлық аумағында заңды күші бар.

1.3. Нормативтік құқықтық актілері басқару ақпаратының Конституция негізінде бірден-бір көзі болып табылады.

1.4. Жекеленген құқықтық актілері, мемлекеттік орган іс-әрекетінің тәжірибелік басқаруымен қамтамасыз етіледі, ол төменгі тұрған органдар мен ведомствалық ұйымдарға нақты тапсырыстар қрайды.

1.5. Ұйымдастыру іс-шаралары құқықтық маңызда емес (отырыстар, жиналыстар, үкім беру, тапсырма және т.б.), олар шешімдерге дұрыс жағдай жасау, мемлекеттік орган мен лауазымды адамдар өкілеттігі мен қызметі енеді.

1.6. Статистикалық есеп, ол республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы мемлекеттік басқаруда ақпаратты өзіне ендіреді.

1.7. Азаматтардың үндеуі мемлекеттік органдарға өздерінің құқығы мен заңды мүдделерін сақтауды мақсат етеді, олардың негізінде керекті шешім қабылдау қарастырылады.

1.8. Бақылау-қадағалау органдарының актілері, ол жөніндегі органдардың жұмысы туралы ақпарат және ведомстваға қарасты объектілерді жағдайы; мемлекеттік басқару қоғамдық процесстердің даму мақсатында және мемлекеттік аппараттың жұмысы жайлы.

1.9. Жалпыға бірдей ақпарат құралдары, олардың көмегімен мемлекеттік орган қоғамдық жүйенің жағдайы туралы мәлімет ала алады және мемлекеттік аппараттың жұмысы, оның бөлектеген салалары жайлы, ұйымдар мен азаматтардың мәліметтері жайлы.

1.10. Ғылыми ізденістің нәтижелері, олар мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданылады, мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіруде қолданылады. Ғылыми ақпарат әсіресе социологиялық ізденістерлің нақты қорытындылары) саясаттың қатыптасуының негізі болып қызмет атқарады

және орталық мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына байланысты болады.

Мемлекеттік басқаруда тиімді деп ақпаратқа көп талап қойылады, оларға жаңалық, пайдалылық, оптимальдық, сенімділік, құзіретіне сай түсініктілік және түсінудіңбіржақты маңыздылығын жатқызуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]