Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?

Құн өсімінен түскен табыс жайлы айтпас бұрын,жылдық жиынтық табысқа көңіл аудара кетейік. ЖЖТ – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері соның ішінде құн өсімінен түскен табыс жатады. Құн өсімінен түсетін табыс: 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу; 2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады. Осы жерде көрсетілген 1-ші тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.Осы тармақтың 2-ші тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады. Осы тармақтың 3-ші тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс:бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – тарату салық есептілігі табыс етілген салық кезеңінде;бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – бөліну балансы бекітілген салық кезеңінде танылады. Құн өсімінен түскен табыс ғимраттарды,құрылғыларды және амортизацияланбайтын активтерді сатқанда орын алады.Өсім жоғарыда аталған активтердің бастапқы құны мен сату құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

11.Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?

Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс жайлы айтпас бұрын,жылдық жиынтық табысқа көңіл аудара кетейік. ЖЖТ – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері соның ішінде міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс жатады.Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысқа: 1) салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен-шығаруы; 2) салық төлеушi таратылған кезде тарату балансы бекiтiлген кезде кредитор талап етпеген мiндеттемелер;  3)Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару; 4) соттың заңды күшіне енген шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады.           Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.       

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]