Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

29. Сұраққа жауап беру

  1. КТС бойынша декларация формасын ата және қандай қосымша формаларын білесің?

  2. 2013 ж КТС бойынша декларация өткізу мерзімі 30 сәуір 2014 ж ұзартылған кәсіпорын үшін аванстық төлемдер төлеу мерзімі ұзартыла ма?

  3. мерзімінде төленбеген аванстық төлемдер бойынша қандай әкімшілік шара қолданылуы мүмкін?

Жауабы:

1-сұрақ. Декларация Декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.19-ге дейінгі нысандар) тұрады. Мысалы:

1. Құн өсімінен табыс (залал) - 100.01-нысаны - мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу кезінде;амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде; қосылу, бірігу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығарылуы кезінде құн өсімінен түскен табысты айқындауға арналған.

2. Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша табыс - 100.02

3. Своп бойынша табыс - 100.03 нысаны

4. Сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар - 100.04-нысаны- Бұл нысанды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғалар толтырады. Нысанда шегерімге жатқызылмайтындарды қоса алғанда, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы нысандағы мәліметтер Декларацияға және оған қосымшаларға көшірілмейді.

5. Кен орындарын әзірлеу зардаптарын жою қорына аударымдар - 100.05 - Бұл нысан кен орындарын әзірлеу зардаптарын жоюға кеткен шығыстарды және жою қорларына аударымдар сомасын, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдаланудан түскен табыстарды айқындауға арналған.

6. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер - 100.07

7. Инвестициялық салық преференциялары - 100.08

8. Резиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары - 100.09

9. Сыйақылар бойынша шығыстар - 100.14

10. Табыстар мен шығыстар туралы есепті Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен салыстыру - 100.17

2-сұрақ. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімін ұзарту кезіңде:       1) алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылған кезең үшін есептеледі;       2) салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын аванстық төлемнің болжамды сомасын негізге ала отырып, көрсетілген декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемнің сомасын төлейді.

3-сұрақ. 1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;        2) салық төлеушінің– заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;        3) салық төлеушінің – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;        4) салық төлеушінің– заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]