Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

5.Салық саясатын қалай түсінесіз?

Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі.

Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады.

Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпымемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады,  яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді. ҚР–да салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру. Экономикалық негізделген салық саясаты қаржыны салық жүйесі арқылы орталықтандыруды оңтайландыру мақсатын көздейді. Батыс экономистері салық саясатын бөлек алып қарастырмайды және салықтардың іс–әрекетін мемлекеттің шығыстарының жағдайын зерттеп білмей, қарастырмайды. Оны салықтардың ең алдымен мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін шешуге қызмет етуін қамтамасыз ететіндігімен түсіндіреді.

Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатын мемлекет өндіріс құрылымын өзгерту, аумақты экономикалық дамыту, халықтың табыстылық деңгейін көтеру мақсатында ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады.

Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады: – мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

– жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау;

– нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу).

Осы салық саясатының әрқайсысы келесі талаптарға жауап беруі қажет:

1.Қоғамның даму заңдылықтарына сай салық саясатын ғылыми тұрғыда қарастыру;

2.Салық саясатының тұжырымдамасын өңдеу барысында нәтижелерді болжау;

3.Математикалық модельдеуді жан-жақты қолдану;

4.Салық төлеушінің қызметіне қолайлы жағдай жасау;

5.Елдің экономикалық даму кезеңіндегі нақты жағдайлар мен фактілерді ескеру және т.б.

6.Жылдық жиынтық табысқа (жжт ) анықтама беріңіз?

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жылдық жиынтық табысы деген түсініктің астарында Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген заңнамаларға сәйкес күнтізбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табыстары жатыр.

Резидент тұлға болып табылатын салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы болып республика бойынша және шеттен тапқан табыстары есептеледі,ал резидент тұлға болып есептелмейтін салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы болып оның республика өңірінде ғана алған табысы ғана есептеледі.

Жылдық жиынтық табысқа тиелген тауарлар үшін, жасалған қызметтер, көрсетілген қызметтер мен басқа да операциялар үшін төленетін ақшалай немесе басқадай түрдеі құралдар жатады.

Салықтар кез келген өркениетті мемлкеттердің негізгі кіріс көзі.ҚР-сы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше.Пайда дегеніміз-шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс. Ал табыс- шаруашылық субъектілердің өз тауарын,қызметін,жұмысын сатқаннан түскен түсім.Табыс категориясы қашанда пайда ұғымынан кең екендігі белгілі.Табыс бұл есепті кезеңдігі активтердің өсуімен міндеттемелердің азаюы. КТС кәсіпорындардың табысына салынатын тікелей салық,сондай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.Реттелетін салықтар бюджеттің әр деңгей арасындағы бөлінетін салықтар.Бекітілетін салықтар тек 1 бюджетке түсетін салықтар.

Табыстар салығының салық салу объектілері болып:

1.ССТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]