Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

14.Тұрақты айырмаға қандай айырмалар жатқызылады?

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады. Уақытша айырма (немесе уақыт бойынша сәйкессіздіктер) - бұл есепті кезеңдегі салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыстың арасындағы айырмалар, бұл айырма табыс пен шығынның кейбір көздері салық салынатын табысқа енгізілетін кезең олар бухгалтерлік есепке енгізілетін кезеңмен сәйкес келмеуі себепті туындайды. Тұрақты айырма –бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылықтар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы-айырмашылықтар. Тұрақты айырма ретінде келесі айырмалар жатады:

*жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейнге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

*бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;

*нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді;

*қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды;

*марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі - несие бойынша, соның ішінде қаржылық лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банк аралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

15.Залалдардың салық есебі дегеніміз не?

Залалдардың салық есебінде келесідей түрлері болады. 1.Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп келесілерді айта аламыз: түзетулер ескеріле отырып, шегерімдердің жылдық жиынтық табыстан асып түсуі; 2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал. 2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал:1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өтізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма; 3. Шығыстардың айқындалатын түсімдерден асып түсуі хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша залал болып табылады. 4.амортизацияға жатпайтын активтердiң өткiзiлу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма осындай активтердi өткiзуден шеккен залал болып табылады.

Залалдарды ауыстыру 1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кейінгі он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады. Ал амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзуден шеккен залалдар көрсетiлген құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде туындайтын залалдар, егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар болып табылмайтын тұлғалардың мүлкін құраса, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі.

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі. -Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден туындайтын залалдар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi. -Агенттiк облигацияларды өткiзуден туындайтын залалдар агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi. - Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналымы мерзімі ішінде ауыстырылуы мүмкін.

- Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші шеккен залалдар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.

Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, онда олар туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебінен өтелуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]