Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

31.Салық ставкасына анықтама беріңіз?

Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).Оның түрлері:

  1. Тұрақты ставка - табыстар көлемінің мөлшеріне байланысыты емес, салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.

  2. Пайыздық ставканың үш түрі бар:

  • Прогрессивті - салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.

  • Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.

  • Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.

ҚР аумағында салық кодексіне сәйкес пайыздық пропорционалды ставка кеңінен қолданылады. Мысалы, ҚҚС, КТС, т.б. есептеуде.

ҚР-да қолданылатын 2014 жыл үшін салық ставкаларынан мысал келтірейік:

Салық түрі

ставкасы

КТС

1

Төлес көзіне байланысты емес КТС

20%

2

Заңды тұлғаларға КТС – яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін қолданып өнім өндіретін өндірушілер

10%

3

резиденттердің төлем көзінен ұсталатын КТС

15%

4

Резидент емес заңды тұлғалардың табысынан ұсталатын КТС, салық кодексінің 192 бабы бойынша анықталады

От 5%

до 20%

Жеке табыс салығы

1

ЖТС

10%

2

ҚР аумағында дивидент түрінде алынған табыстарға ЖТС

5%

Қосылған құн салығы

1

ҚҚС

12%

Әлеуметтік салық

1

Тұрақты мекеме құрып қызмет ететін Резидент және резид емес заңды тұлғалар үшін

11%

2

Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар

2 МРП - ИП,

1 МРП – әрбір жұмысшы үшін

3

Арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер

20% от

1 МРП*

Ауыл шаруашылығы өнімін, орман шаруашылығы өнімін, акваөсіру өнімін өндіруші заңды тұлғалардың салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, орман шаруашылығы өнімін, акваөсіру өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.

32.Тіркелген активтерке не жатқызылады?

Тіркелген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы заңына және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыстарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестииялар және биологиялық активтер.

Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтерге мыналар жатқызылады:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

  • концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;

  • әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; 

  • табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Тіркелеген активтердің құны іс жүзіндегі салық кодексімен белгіленген жағдай мен тәртіпте өтелімді аударуды есептеу арқылы шегерімге жатады. ТА бойынща өтелім аударымын есептеу өтелімдік бөлімшелер мен топтар бойынша жүргізіледі.

ТА бойынша өтелім аударымын анықтау үшін есеп беру кезеңі

салықтық жыл болып табылады.

 Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:        1) жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;       2)жер;  3) мұражай құндылықтары;  4) сәулет және өнер ескерткіштері;  5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар

6) аяқталмаған күрделі құрылыс;  7) фильмқорына жататын объектілер;  8) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары; 

9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;   10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;    11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерімдер құқығы беріле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

     

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]