Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

12.Ктс бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не?

Салық кодексінің 141-бабына сәйкес, өткен салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезең үшін жасалған түзетулерді есепке алғандағы жылдық жиынтық табыс республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең сомадан асып түссе, салық төлеуші корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есептемесін тапсырады. Алдағы салықтық кезең үшін корпоративті табыс салығы бойынша декларация тапсыруға дейінгі кезең ішінде төленуге тиісті корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы алдағы салықтық кезең үшін келтірілген аванстық төлемдер сомасының есептемелерінде есептелген аванстық төлемдер жалпы сомасының төрттен бір көлемінде тағайындалады, ол келесі формула бойынша есептеледі:

АТ 2011 ж. = АТ 2010 ж. * 1/4

Алдағы салықтық кезең үшін декларация тапсырылғаннан кейін төленуге тиісті корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

АТ 2011 ж. = 2010ж. декларациядағы КТС*3/4

мұндағы 2010ж. декларациядағы КТС – корпоративті табыс салығы декларациясы бойынша 2010ж. үшін есептелген корпоративті табыс салығы сомасы. Егер салық төлеуші өткен салықтық кезеңде корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептемесін жүргізбесе, алдағы салықтық кезең үшін корпоративті табыс салығы бойынша декларация тапсыруға дейін төленуге тиісті аванстық төлемдер сомасы корпоративті табыс салығының үстіміздегі салықтық кезең үшін болжанған сомасынан есептеледі. Салық төлеушілер корпоративті табыс салығын орналасу орны бойынша төлейді. Қазақстан Республикасындағы іс-әрекетін тұрақты мекеме арқылы жүргізетін бейрезидент-заңды тұлғалар корпоративті табыс салығын тұрақты мекеменің орналасу орны бойынша төлейді. Салық төлеушілер корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді салықтық кезең ішінде ай сайын әр айдың 25-іне дейін бюджетке енгізіп отыруға міндетті. Салықтық кезең ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есеп беруші салықтық кезең үшін тапсырылған корпоративті табыс салығы декларациясы бойынша есептелген корпоративті табыс салығын төлеу есебіне есептеледі.

                         

13.Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады?

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады. Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды. Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде баска есептік кезенде есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалға: -материалдық емес активтер мен негізгі кұралдар бойынша жасалатын амортизациялық аударымдар.

Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін; - бухгалтерлік есепте негізгі құралды жөндеу шығындарын толық келемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады; 15% асқан сомасы негізгі құралдың құндық балансына қосылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды.

- бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салық есебінде аталған зиянды құнның өсімінің есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады; - салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын қоспағанда) бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде — шегерімге тек төленген салық қана алынады; - теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады, салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады, ал шектеулердің сомасын мынадай жолмен анықталады: Салық салынатын табыстың сомасынан 50% алынады, ал ол жылдық жиынтық табыс пен Оң бағамдық + шегерімнің (табыс пен шығыстың бағамдық айырмасы айырмасы есепке алынбайды) айырмасынан шығады. Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезеңдерде іздестіру барысында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік кұны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]