Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

30.Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады?

Өкілдік шығындар - тиісті қаржы жылына арналған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шетел делегацияларын қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, республикалық бюджет есебінен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберілетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге іссапарлары уақытында өкілдік мақсаттарға бөлінетін қаражат.

Өкілдік шығыстарға мынадай:

1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында;

2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында, көрсетілген іс-шаралардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.

Өкілдік шығындарға б/ты шығындарға мыналар қатысты:

-көліктік қызмет көрсету;

-келіссөз кезінде тамақтануға шығындар;

-аудармашының қызметіне төлемақы;

-тікелей нақты шараларға қатысты ж/е құжаттармен расталған басқа да шығындар.

Есепке алынған барлық шығындар бухгалтерлік өзіндік құнға қосылады,шығындар кезеңіне қатысты ж/е «Қызметкер мен басқа тұлғаның қарызы»1250шотында, «Өкілдік шығындар» қосалқы шотында көрсетіледі.

Салық төлеушінің ЖЖТ/нан өкілдік шығындар тек ҚР Үкіметінің белгіленген мөлшер шегінде шегеріледі.

Бос уақытты, көңіл көтеруді немесе демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар өкілдік шығыстарға жатпайды және олар шегерімге жатпайды.

Өкілдік шығыстар салық Кодексінің 163 бапта көрсетілгендей салық салуға жататын қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің шығыстар сомасының 1 процентінен аспайтын мөлшерде шегерімге жатқызылады.

31.Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді?

1. Өкілдік шығыстарға мынадай:

1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында;

2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында, көрсетілген іс-шаралардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.

Өкілдік шығыстарға аталған тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге, келіссөздер уақытында тамаққа, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да жатады.

Бос уақытты, көңіл көтеруді немесе демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар өкілдік шығыстарға жатпайды және олар шегерімге жатпайды.

Есепке алынған барлық шығындар бухгалтерлік өзіндік құнға қосылады,шығындар кезеңіне қатысты ж/е «Қызметкер мен басқа тұлғаның қарызы»1250шотында, «Өкілдік шығындар»қосалқы шотында көрсетіледі.

Салық төлеушінің ЖЖТ/нан өкілдік шығындар тек ҚР Үкіметінің белгіленген мөлшер шегінде шегеріледі.

Өкілдік шығыстар салық Кодексінің 163 бабында көрсетілгендей салық салуға жататын қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің шығыстар сомасының 1 процентінен аспайтын мөлшерде шегерімге жатқызылады.

Ол табыстар мыналар: қызметкер жұмыс берушіден ақшалай н/е заттай нысанда алған кез келген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде алынған табыстар, сондай-ақ ҚР/ң заңнамасына сәйкес жұмыс беруші және үшінші тұлғалар арасында жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкер алған ж/е төмендегі көрсетілген табыстар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылады.

Өкілдік шығындарды шегерімге апару үшін негіз болатын құжаттар:

1.Ұйым басшысының өкілдік шығындар өткізу туралы өнімі;

2.Өкілдік шығындар өткізу бойынша смета;

3.Өкілдік шығындар өткізу бағдарламасы;

4.Қатысушылар тізімі;

5.Уақыт мерзімі;

6.Жұмыстар нәтижесі;

7.Өкілдік шығын жүргізуге жауапты тұлғаның есебі;

8.Нақты шығын көлемі алғашқы құжаттармен расталған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]