Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

73

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
6 Mб
Скачать

Қазақстан мен БАӘ арасындағы экономикалық қатынастар, әсіресе инвестициялық салада қарқынды дамып келеді. Осы саладағы алғашқы жобалардың бірі - Астанадағы көпфункционалды «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы. Оны қаржыландыру көлемі 1,1 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұдан басқа, Абу-дабиден Mubadala компаниясы Каспий теңізінде «Н» кен орнында барлау жұмыстарын жүргізуге тура инвестициялауды жүзеге асырады. Қазақстан мен БАӘ арасында жалпы қоры 500 млн. АҚШ долл. кем емес «Фалах» қоры құрылған, сондай-ақ, Алматыда, Астанада және Шымкентте Al Hilal банкі жұмыс жасайды. Қазақстанның банктік секторындағы маңызды оқиға БАӘ президенті Шейх Тахнун аль-Нахаянның ағасына тиесілі Alnair Capital эмиратының ірі қазақстандық банк Казкоммерцбанктің акциясының 28,5% үлесін сатып алуы болды [4]. Қазақстанда эмираттық капитал үлесі бар барлығы 50-ге жуық кәсіпорын тіркелген. Олардың көбі туризм, тұтынушыларға көлік-экспедициялық қызмет көрсету саласында жұмыс жасайды.

Парсы шығанағының елдерінің арасында Оман Сұлтанаты Қазақстанмен бірінші болып экономикалық қатынастар орнатқан және оған қаржылай көмек көрсеткен елдердің бірі. 1992 жылдың өзінде-ақ, ҚазақстанменОман1 млрдтоннақорыбаргигантТеңізкенорнынанмұнайдыэкспорттауды қамтамасыз етуге тиісті Каспий құбыр жолы консорциумын (КҚК) құрды. құрылды. Алайда 2008 жылдың наурызында жобаның тиімсіздігіне байланысты Оман Сұлтанаты КҚК-дағы өзінің үлесін сатуға шешім қабылдады [5]. Қазіргі уақытта Қазақстанда «Оман Ойл» Оман ұлттық компаниясы табысты жұмыс істеуде. Қазақстанмен экономикалық әріптестікті дамытуға Кувейтте талпынады. 2000 жылдың мамырында Қазақстан мен Араб Экономикалық Даму Кувейт Қоры арасында Арал қаласын (Арал теңізі аймағы) сумен қамтамасыз ету жобасы бойынша қарыз туралы Келісімге қол қойылды (қор жобаға шамамен 24 млн. АҚШ долл. жуық қаражат бөлді) [6]. Парсы шығанағының араб елдерінің көшбасшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке жақсы қарымқатынаста екенін атап өткен жөн, және бұл мемлекеттер үшін маңызға ие.

Орталық Азия аймағындағы инвестиция салуға перспективалы сапалы нарық ретінде Парсы шығанағының араб елдерінің үлкен қызығушылығына ие маңызды мемлекеттің бірі Өзбекстан. Өзбекстан мен араб елдерінің арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы ең маңызды жетістік –2011 жылдың 25 сәуірдегі Ашхабадтағы Парсы шығанағы мен Орталық Азия елдері арасындағы көлік дәлізін салу туралы Түрікменстан, Өзбекстан, Иран және Оман министрлері арасындатөртжақтыкелісімгеқолқоюболыптабылады. Келісімніңшарттарынасәйкес, ОрталықАзия мемлекеттері Парсы шығанағы елдері нарығына өздерінің өнімдерін ешқандай баж салығынсыз жеткізе алады. Көлік дәлізін салу бастамасын бастаған Өзбекстанның болғандығын атап өту қажет. Сарапшылар, көлік дәлізі Орталық Азия мемлекеттерінің географиялық жабықтығына көмектеседі (Түрікменстаннан басқа Орталық Азия мемлекеттері теңізге шыға алмайды) және әлемдік нарықта өз өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

2014 жылдың қаңтарында жоғарыда аталған жоба бойынша келіссөздер аяқталу деңгейіне жеткендігі туралы ақпараттар пайда болды және аталмыш көлік дәлізін Катарға да шығару жоспарланған. Катардың басшылары өздерінің аталмыш келісімге қосылатындары туралы ашық жариялады. Қазіргі уақытта Өзбекстанда саудтық капитал үлесі бар 10 кәсіпорын жұмыс жасайды, оның 4-і 100 пайыздық шетелдік капиталдық кәсіпорындар. Саудтық даму қорының қолдауымен Өзбекстанда бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, олардың біреуі –аяқталу кезеңіндегі СамарқандГузар жолының құрылысы. Жоба тұтастай 100 млн. АҚШ долл. бағаланады. Бұдан басқа, Сауд Арабияның «Delta Oil Company» компаниясы, «Өзбекмұнайгаз» МХК және малайзиялық «Petronas» компаниясыменбірлесіп, СурхандарияоблысыныңБайсынауданындабірлескенжобаныжүзегеасыру туралыкелісімгеқолқойды. Келісімшартта5 жылбойыгеологиялықбарлаужұмыстарынжүргізужәне 20 млн. АҚШ долл. көлемінде инвестиция салу туралы айтылған.

БАӘ Парсы шығанағының араб елдерінің ішіндегі Өзбекстанның ең басты сауда серіктесі болып табылады. БАӘ-де67 өзбеккомпаниясытіркелген. Өзбекстандатамақтандыруөнімдерін, электроника, текстиль өнімдерін, құрылыс материалдарын шығарумен және көлік қызметтерін ұсынумен айналысатын БАӘ инвесторларының қатысуымен бірлесіп құрылған 68 кәсіпорын бар. БАӘ ірі инвестициялық компанияларының бірі – «Дубай Холдинг» Өзбекстандағы бір қатар экономикалық жобаларға қатысады [7]. Араб экономикалық даму Кувейт қоры (АЭДКҚ) мен Өзбекстан арасында тығызбайланысорнаған. 1997 жылыҚорНукуспенҮргеніштісуменқамтамасызетужобасыбойынша 19,8 млн. АҚШ долл. көлеміндегі қаражат бөлген. 2004 жылдардың басында Өзбекстанда денсаулық сақтау, энергетикалық қамтамасыз ету, жердің мелиорациялау жағдайын жақсарту және сумен қамтамасыз ету салалары бойынша 9 жобаны қор арқылы жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Олардың жалпы құны 215 млн. АҚШ долл. құрады. Жекелей алғанда, Қордың қатысуымен, Өзбекстанда келесідей жобалар іске қосылды: «Ташкент (Тукимач) – Ангрен теміржол бөліктерін электрификациялау» және «Орталық аудандар мен қала ауруханаларындағы 171 шұғыл медициналық

31

көмек көрсету бөлімдерін медициналық жабдықтармен жабдықтау». 2008 жылдың 21-23 шілдесінде жалпы соммасы 375,2 млн АҚШ долл. көлеміндегі 10 маңызды жобаны жүзеге асыруды қарастыратын кезекті құжатқа қол қойылды, соның ішінде, Гузар-Чим-Кукдала (73 км) жол тілімін салу және қайта жөндеу бойынша жобасы бар. Бірақта, Өзбекстан мен Парсы шығанағының араб елдері арасындағы тауар айналымы өте төмен көрсеткіште бірнеше млн. АҚШ долл. ғана құрайды. 2012 жылы өзбекэмират тауар айналымы 188,6 млн. АҚШ долл. құраған. БАӘ Өзбекстаннан экспортталатын негізгі тауарларды мақта, жібек, ауыл шаруашылық өнімдері және қызметтер (жолаушы және жүк әуе тасымалы, туризм) құрайды, Өзбекстанға БАӘ импортталады: механикалық және электрлі жабдықтар, кофе, шай, жиһаз, пластмасса жәнекаучукөнімдері, көлікқұралдары, тұтынушылықтауарлар, киімдер мен спорттық жабдықтар.

Қорыта келе, Парсы шығанағындағы араб елдері мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қатынастардың әрі қарай дамуы Ресей, Қытай тұлғасындағы ірі саяси ойыншы мемлекеттердің жеке мүдделері мен амбициялары арасындағы тепе-теңдік деңгейінің орнауына тәуелді болатындығын айтуға болады.

Әдебиеттер:

1.Материалы статистического обзора мировой энергетики (Statistical Review of World Energy), подготовленный компанией BP на 2013 г., – Электрон. деректер. URL: http://www.bp.com/en/global/corporate/about-bp/energy- economics/statisticalreview-of-world-energy.htm

2.Ибрахим Арафат, статья "Отношения арабского мира со странами Центральной Азии", 15.07.2007 г., – Электрон.

деректер. URL: http://www.aljazeera.net/specialfiles/pages/a2e8f771-1f1e-417f-a748-fc4e35040ad0 (на араб.яз.).

3.Материалы сайта Посольства Казахстана в Саудовской Аравии, "Отношения Республики Казахстан с арабскими странами". – Электрон. деректер. URL: http://www.kazembsaudi.com/ar/pages/57//87 (на араб.яз.).

4.СубхМ. А., Оботношенияхстран-членовССАГПЗсгосударствамиЦен- тральнойАзии. // ИнститутБлижнегоВостока

Электрон. деректер. URL: http://www.iimes.ru/?p=14850

5.Газета Ведомости, Елена Зотова, "Казахстан хочет долю в КТК", 13.11.2008 г., – Электрон. деректер. URL: https://www.vedomosti.ru/library/articles/2008/11/13/kazahstan-hochet-dolyu-v-ktk

6.Материалы сайта "Деловой мир Казахстана" – Электрон. деректер. URL: http://law.delovoimir.kz/laws/view/694

7.Сообщения новостного агентства REGNUM от 21.09.2010 г., – Электрон. деректер. URL: http://www.regnum.ru/news/polit/1327698.

Бекжанова С.Г.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қиыр Шығыс кафедрасы, «Шығыстану» мамандығының 4-курс студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к, доцент Ашинова Ж.Е.

ЖАПОН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫНЫҢ ӘСЕРІ

1945 жылы соғыста жеңіліп, материалды және рухани жақтан орасан зардаптарға ұшыраған Жапония аз уақыттың ішінде елін қалыпқа ғана келтірмей, өндіріс пен сауда, ғылым мен техника салаларында көшбасшылық еткен алдыңғы қатарлы экономикалық державаға айналуы әлі күнге дейін қызығушылық танытатын тақырыптардың бірі. Жапон экономикасының үш онжылдық ішінде өндірістік жоғары қарқынды дамуы әлі күнге дейін әлемнің экономистері мен ғалымдарымен үлкен қызығушылықпен зерттелініп келіп, дамушы мемлекеттерге даму үлгісі ретінде ұсынылады. Жапонияның өнеркәсіптік және экономикалық дамуы қызықты болғанымен, ел дамуына түрткі болған географиялық және табиғи жағдайларының тиімсіздігін назарға алатын болсақ, оның жеткен жетістіктері одан да бетер таңғалдырады.

Жапония – өзінің ұлттық мәдени дәстүрлерімен әлемге әйгілі болуымен қатар, технологиялары жоғары дамыған мемлекет болып саналады. Пайдалы қазбаларға кедей ел болғанына қарамастан, әлемдік экономикада жоғары орын алуы Күншығыс елінің ерекшелігі болып табылады. Табиғи жағдайлары мен географиялық орналасу жағдайынан пайда болған экономикалық мәселелерді дер кезінде, дұрыс шешуі арқылы Жапония аз уақыттың ішінде экономикалық жағынан дамыған әлемдік державалардың қатарына қосылып, ең ірі экспорттаушы мемлекеттердің біріне айнала алды. Мақалада Жапонияның экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктеріне талдау жасалынады. Елдің экономикалық-географиялық жағдайынан шыққан мәселелер қарастырылып, олардың елдің экономикалық дамуына әсері қарастырылады. Өзінің географиялық жағдайының әлсіз тұстарын әр түрлі бағытта, тиімді түрде қолдануы арқылы экономикасын жоғары деңгейге көтере алған мемлекеттің саясатына ерекше көңіл бөлінеді.

Жапонияның жер көлемі 378 мың шаршы км., халық саны 130 млн.ға жақындап келеді (әлем бойынша 9 орында) тығыздығы бойынша 1 шаршы метрге 341 адам келеді. Бұның барлығын айтқан

32

кезде, Жапония аумағының ¾ бөлігін биіктігі 3000 метрге дейін және одан көпке жететін таулар алатындығын ескеру қажет. Сондықтан таулы аймақ игеруге мүлде келмейді дегенге жақын. Жапониядағы таулы аймақтың көп бөлігін 150 шамасындағы жанартаулар құрайды, соның 15-і сөнбеген. Сонымен қатар ел сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақ болып саналады – жылына 1500ге дейін жер сілкіністері болып тұрады. Жазықты жердің аздығы қатынас жол салуға кедергісін келтіреді. Жазықты жерлердің көбі теңіз бен өзендердің жағасында орналасып, негізінен халық көп шоғырланған және шаруашылық қызметтердің орталығы болып саналады. Осындай территорияның аздығы жапондықтарды жасанды аралдарды салуға, инфрақұрылымын жоғары деңгейде ұйымдастыруға мәжбүрлетеді.

Сонымен қатар, Жапонияның табиғи жағдайлармен байланысты экономикалық мәселесіне минералды шикізатты импорттаудың тәуелділігі жатады. Жапонияның импорттық шикізатқа тәуелдідігікелесікөрсеткіштерменсипатталады: темірруда– 99%, марганец– 100%, хромиттер– 100%, бокситтер – 99%, мыс – 99,9%, қорғасын – 94,1%, мырыш – 85,3%, никель – 100%, кобальт – 100%, вольфрам – 100%, қалайы – 100%, фосфат – 100%. Аздаған көмір, мұнай және газ қорлары бар. (Николаев А. В., 2006: 236).

Табиғи жағдайлардан туған экономикалық мәселелерді тиімді шешу арқылы Жапония аз уақыт аралығында экономикалық деңгейі жоғары, жетекші экспорттаушы мемлекеттердің біріне айналды. Оған себеп болған соғыстан кейінгі кезеңде мемлекет ғылыми-зерттеу және тәжірибелікқұрастырымдық жұмыстарды дамытуға бағытталған шетел лицензиялары мен патенттерді сатып алғанда едәуір қаражатты үнемдеді. Сонымен қатар, осы кезеңде минералды шикізат пен энергия тасымалдаушылардың бағасы арзан болды. Және де сол кезде Жапонияда басқа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда жұмыс күші арзан болды. Соғыстан жеңілгеннен кейін жаңа конституциясыныңтоғызыншыбабы бойыншаЖапонияқорғаныскүштерінеЖалпыІшкіӨнімнің1 % ғана жұмсауға құқылы болды. Бұл елдің экономикалық саласын дамытуға бағытталған қосымша қаражат тудырды.

Шикізат көздерінің аз болуы Жапонияның кен игеру өнеркәсібін емес өңдеу өнеркәсібімен айналысу жолына түсірді. Сондықтан да Жапония шикізатты ең көп мөлшерде импорттаушы мемлекеттердің бірі болып саналады.

Жапонияның экономикалық жетістіктері ең алдымен өңдеуөнеркәсібінің дамуымен сипатталды. Пайдалы қазбалар қоры жоққа жақын Жапония, өнеркәсіпті тез дамыту үшін, жылдан жылға шикізат пен жанармайды шетелден көп мөлшерде әкелуге мәжбүр болды. Осы уақытта бұл тауарларға қойылған баға тұрақты болып, ал кейбір жылдары арзандауын Жапония пайдаланып, өңделмеген шикізатты әкеліп өз территориясында оны өңдеудің толық айналымын ұйымдастыруды жөн көрді. Осылайша, Жапонияда ауыр өнеркәсіп саласы жақсы дамып кетті.

1950 жылдардан бастап Жапонияда өнеркәсіптің басты салаларында негізгі капиталды жаңарту үрдісі басталады. Бұл үрдіс қара металлургия, мұнай өңдеу, электрокөлік құрылысы, кеме құрылысы, химиялық өнеркәсіп сияқты салаларда жүрді. Сонымен қатар бұл үрдіс шетел техникасы мен технологияларын импорттауға негізделді. 1950-1971 жылдары Жапония шетелден 15 мыңнан жоғары патенттер мен лицензияларды сатып алды. Шетелден сатып алынған технологияларды жапондық компаниялар жетілдіріп, нәтижесінде Жапонияда жасалған техника мен құрылғылар батыстағы аналогтерінен де асып түскен. 1960-1970 жылдары жапон өнеркәсібінің техникалық деңгейі әлемдік жоғары деңгейде болды. Жылдан жылға көліктер мен құрылғыларға өскен сұраныс өндіріс пен инвестициялардың ауыр өнеркәсіп салаларында шоғырланғануымен сипатталды. Нәтижесінде жапондық өнеркәсіп саласында ауыр өнеркәсіп саласының маңызы едәуір артты.

Ауыр өнеркәсіп саласы жапон экономикасына жағымды әсер етекенімен, оның зақым келтірген тұстарыдаболды. Олардыңбастысы энергияменматериалдықажетсінетінсалалардыңқалдықтарыірі көлемдерде қоршаған ортаны ластандырды. Жапон аралдарының табиғаты ғана емес, халқының денсаулығы да қауіпке төнген болатын. Сынап пен ауыр металлдардың тұздарын ағын сулардың су қоймаларына тұрақты тасталуы, қалдықтардың теңіз өнімдеріне сіңіп осыған дейін Жапонияда кездеспеген «итай-итай», «минамата» сияқты аурулардың пайда болуына әкелді.

Жапония шикізат көздеріне тапшылығынан, өңдеуші өнеркәсіп арқасында экономикасын дамытқанымен, 1973-1974 жылдардағы энергетикалық кризис ол саланы дамытуға кедергі келтірді. Энергетикалық дағдарыс 1973-1974 жылдары әлем нарығындағы шикізат пен энергияға бағалардың күрт өсуімен сипатталды. Осы энергетикалық дағдарыс жапон экономикасын дамытып отырған негізгі салалардың бірі ауыр өнеркәсіп саласының дамуына зақым келтірді. Дегенмен де, осындай энергетикалық дағдарыс сияқты күрделі жағдай жапон экономикасын қайта құрып, өзгертуге серпін берді. Соның нәтижесінде энергия мен материалды аз қажет ететін құрылымды жасау жапон экономикасын дамытудың жаңа бағытына айналады.

33

Осымен бірге 1973-1974 жылдардағы дағдарыстан кейін Жапон энергетикасын түпкілікті өзгерту басталды. Оның басты бағыты болып мұнайға баламалы энергия көздерін (көмір, сутек, геотермалды энергия, күн мен жел энергиясы) игеру арқылы елдің энергия теңгерімін мұнайға тәуелділігінен әлсірету болды. Жапон экономикасын дамытушы саланың, яғни өнеркәсіптің қызметі тікелей энергетикамен байланысты болғандықтан, бұл бағыт туралы айтып өту маңызды болып табылады. Баламалы энергия көздерін игеру бойынша жұмыстар «Күн сәулесі» деген мемлекет қаржыландыратын бағдарламада біріктірілді. Осылайша, Жапонияның шикізат көздеріне тапшылығы экономикасын дамытушы бірнеше салалардың қызметіне зор әсер етеді деуге болады.

1980 жылдары жапон өнеркәсібінің салалық құрылымында маңызды өзгерістер болды. Біріншіден, көлік жасаушы (электр көлік құрылғылары) салалардың үлесі өсті – 1973 жылы 33,4%-дан 1989 жылы

38,2%-ға дейін.

Екіншіден, энергия мен материал қажет ететін салалардың салыстырмалы үлесі азайды. Шикізатты типті салалардың үлесі 1973 жылы 42,7%-дан 1989 жылы 37,0%-ға дейін азайып, өңдеуші салалардың үлесі сәйкесінше 57,3%-дан 63,0%-ға дейін көбейді. (Экономика Японии., 2008: 46).

Шикізат бағасының қымбаттауы мен Жапонияда өзінің шикізат көздерінің аздығы, оны басқа бағытта дамуға мәжбүрледі. Осылайша, 1970 жылдары жапон экономикасын дамытушы негізгі факторға ғылыми-техникалық прогресс айналды. 1970-1980 жылдары жапон өнеркәсібінің маңызды тұсы болып ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін қолдану негізінде өнеркәсіптің техникалық деңгейін көтеру болды. Бұл үрдіс барлық жаңа да ескі де, тез де жай дамушы да салаларда өтті.

Жапонэкономикалықжоспарлау басқармасыныңесебібойыншаегер1971-1975 жылдарығылымитехникалық прогресстің экономикалық дамуға қосқан үлесі 20% болса, 1076-1980 жылдары 70% , ал 1981-1985 жылдары және 1986-1990 жылдары 60% шамасында болды. Бұл көрсеткіштер ғылымитехникалық прогресс жетістіктерін қолдануды күрт көбейтудің негізінде 1974-1975 жылдардағы дағдарыстан кейін жапон өнеркәсібі индустриалдыдан постиндустриалды өндірістік күштердің жүйесіне ауысты деп қорытындылауға мүмкіндік береді. (Экономика Японии., 2008: 49).

Осылайша, жапон өнеркәсібі ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізу арқылы шикізат пен энергияны үнемдеу салаларында таңғаларлық жетістіктерге жете алды.

1980 жылдары жапон өнеркәсібінің түрі қатты өзгерді. 1970 жылдары жапон өнеркәсібі ғылымды орташа деңгейде қажетсінетін салалардан (көлік құрылысы, тұрмыстық электроника, кеме құрылысы, болат өндірісі) тұрса, 1980-1990 жылдары ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық өндіріс салаларынан тұрған. Осы уақыттаЖапонияғаәлемдікроботтардыөндірудің 2/3 бөлігі, технологиялық құрылғылардың қозғалтқышын басқару қабілеті бар білдектер өндірудің жартысы, ірі интегралды сызбаларды шығарудың ¾ бөлігі, 60,0-тан 90,0%-ға дейінгі кішігірім процессорлардың бөлек типтерін өндіру және т.б. жатты. Жапонияның әлемдік экспорттағы жоғарытехнологиялық тауарларының үлесі 24,0%-ға жетіп АҚШ-пен бірдей болды. Бұның барлығы Жапонияның экономикалық дамуының көрсеткіштері болып табылады.

Жапонияның географиялық орналасуының тағы бір қолайсыз факторы - жердің аздығы, тапшылығы. Бұл фактор Жапонияны инфрақұрылымын жақсартуға итермеледі. Елде аймақтық диспропорциялар басқа дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Дегенмен, Жапонияның өндірістік күштерінің аймақтық шоғырлануы Батыс Еуропаның көлемі бойынша аумағы жақын елдермен салыстырғанда таңғалдырады. Негізгі халық пен өнеркәсіптегі жұмысшылар Тынықмұхиттық белдеу деп аталатын елдің бөлігінде орналасқан.

Сонымен қатар, жердің тапшылығынан және экологияға зақымынан жергілікті өнеркәсіптік зауыттардың көбін шетелге шығару үрдісі орын алды. Жапон экономикалық әдебиетінде өндірісті шетелге шығару үрдісін «кудока» деп атайды. (Экономика Японии., 2008: 106).

Шетелде кәсіпорындарды ашу мақсатымен жапон компаниялары капиталды шетелге шығаруы 1970 жылдары басталды. Ол кезде шетел инвестициялары негізінен азиялық мемлекеттерге бағытталды. Онда ол өндірістік құрылымының жеңіл салаларын (мата өндірісін, азықтүлік тауарлары, тігін бұйымдары, химиялық тыңайтқыштар, әртүрлі тұрмыстық техника және т.б.) көшіріп, өз аумағында өндірістің одан да бетер қиын түрлерін игеріп, дамытты. (Лебедева И.П., 2012: 8). Шетелге өндірісті шығарудың Жапония үшін тиімді жақтары болды. Олар экологияға зақым келтіретін көздердің азаюы; шетелдегі жұмыс күшінің арзан болуы; қосымша табыстың пайда болуы; сауда мен тауарларды өткізудің жаңа нарықтарының ашылуы; экономикалық және саяси ықпалының күшеюі;

Жалпы «кудока» термині 1980 жылдың екінші жартысында ірі көлемде капиталды шетелге шығаруға байланысты пайда болды. 1980 жылдардан бастап АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кәсіпорындарды салу үшін жапон инвестициялары тез қарқында көбейе бастады. Олар жапон тауарларының жолында пайда болған кедергілерді өту үшін және сауда қайшылықтарын жұмсарту мақсатында, сонымен қатар жапон мен батыс фирмаларының арасындағы әртүрлі қауымдастықтардың түрлерін жақсарту мақсатында көбейген болатын. Сонымен қатар, жапон компанияларының шетелде

34

кәсіпорындарды көптеп ашуы, АҚШ доллары мен әлемдік валюталарға қатысты иенаның өсуімен байланыстырылады.

Азиялық мемлекеттер Жапонияның екінші өндірістік базасына айналғанымен, жапон фирмаларының шетелге инвестициялаудың басты обьектілері АҚШ, Қытай, Батыс Еуропа сияқты дамыған мемлекеттер болды.

Капиталды шетелге шығарудың тиімді жақтары көп болғанымен, уақыт өте келе оның тиімсіз жақтары да пайда болды. Оларды көлік құрылысының мысалында көрсетуге болады. 1990 жылдары көлік құрылысында өндірісті шетелге шығару ірі көлемдерде өткізілді. Жапон компанияларының шетелдік кәсіпорындарында жылына 3,2 млн көлік, яғни ішкі өндірістің ¼ бөлігі шамасында көлік шығарылды. Осы уақытта ішкі көліктерді шығару көлемдері де едәуір мөлшерде өсіп отырды. Осы кезеңде шетел өндірісі ішкі өндірісті толықтырып отырды.

Дегенмен, келесі жылдары шетелдегі жапон көлік құрушы компанияларының өндіріс санының артуы, ішкі өндірістің азаюымен сипатталды. Басқаша айтқанда, кудока үрдісі көлік өндірісін елдің өнеркәсіптік құрылымынан «шайып» әкетті. Көптеген шетел компаниялары жапон фирмаларының акцияларын сатып алып, іс жүзінде 2005 жылы сегіз ірі көлік шығарушы компаниялардың ішінен тек «Тойота» шетел капиталынан тәуелсіздігін сақтап қалды. Қалғандары шетел компанияларына тәуелді болып кетті.

Қорытынды

Қорытындылай келсек, Жапония постиндустриалды қоғамның басты мәнісін, яғни өркендеп, даму үшін ел пайдалы қазабаларға бай болуы міндетті емес екенін өз даму мысалында дәлелдеді. Жапония өзінің қолайсыз экономикалық географиялық жағдайына қарамастан таңғаларлық экономикалық жетістіктерге жетіп отыр. Ал Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы Жапониямен салыстырғанда әлдеқайда тиімді әрі өте қолайлы болып саналады. Сондықтан, Қазақстанның Жапониядан да қарқынды дамуына экономикалық жағынан барынша толық мүмкіндіктері бар және бұл мүмкіндіктер зор.

Жапония өзінің географиялық орналасу қолайсыздығын әр кезеңде, әртүрлі бағытта, тиімді тұрғыдан қолдануы арқылы экономикасын жоғары даму деңгейіне көтере алды. Сонымен қатар жапон экономикасының дамуына негізінен келесі факторлар үлкен әсер етті: негізгі капиталды жаппай жаңарту; шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен қолдану; патенттер мен лицензияларды сатып алу;

Жапонияның экономикасы өзіндік табиғи шикізаттық негізінде емес, шетелден әкелінетін импорт негізінде жұмыс істеп, сапасы жоғары тауарларды өз ішінде жасап, оны экспорттау арқылы дамып, капиталдың жиналуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Жапония үнемі өзгеріп отыратын экономикалық даму жағдайларына уақтылы және тез бейімделудің жоғары деңгейін көрсетеді.

Осылайша, баламасыжоқэкономикалықдамудың«жапонфеномені» соғыстанкейінгікүйзеліспен тоқырауға ұшыраған күйден алдыңғы қатарлы постиндустриалды мемлекеттің деңгейіне көтерілудің ерекше жолын көрсетті.

Әдебиеттер:

Маергойз И.М., (1981). Методика мелкомасштабных экономико-географических исследований. Москва: МГУ. 136 б. Маергойз И.М., (1986). Задачи изучения экономико-географического положения. Новосибирск: Наука. Т.7. Машбиц Я.Г., (1998). Географическое положение. Комплексное страноведение. Москва: Смоленск. Б. 101-112.

Лейзерович Е.Е., (2006). Базовые составляющие экономико-географического положения стран и районов. Известия РАН,

№1. Б. 9-14.

Лейзерович Е.Е., (1964). К вопросу о количественной оценке экономико-географического положения промышленного предприятия. Москва: ВИНИТИ-МФ ВГО. Б. 62-89.

Баранский Н.Н., (1960). Экономическая география. Москва: Государственное издательство географической литературы.

Б. 128-159.

Саушкин Ю.Г., (1973). Экономическая география. История, теория, методы, практика. Москва: Мысль. 362 б.

Земцов С.П., Бабурин В.Л. (2016). Оценка потенциала экономико-географического положения регионов России. Экономика региона. Вып.№1. Б. 113-138.

Николаев А. В., (2006). Японская экономика: некоторые характерные черты и показатели. Экономический журнал. №13.

Б. 231-239.

Лебедева И.П., (2012). Глобализация японского промышленного производства. Москва: Институт Востоковедения РАН. 220 б.

Экономика Японии. (2008). Москва: Восточная литература. 407 б.

35

Бітіс Г.Е.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қиыр Шығыс кафедрасы, «Шығыстану» мамандығының 1-курс студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Ашинова Ж.Е.

ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАПОНИЯҒА ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Қазақ тарихында қоғам қайраткерлерінің, оның ішінде Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды.

Қазақ елінде мемлекеттік өзгерістер өркениетті елдердің озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптаса құрылғанын қалаған Алашордашылар Жапонияның мемлекеттік құрылысының да ерекшеліктерін көзден таса қалдырмады. Жапандағы жапон жұртына қиырдағы қазақ елінің назарын аудартқан тарихи оқиға – Күншығыс еліндегі «Мэйдзи» реформасынан кейін ұйыған ұлттық идея мен даму қарқыны болды. Соншама жағрафиялық, тарихи даму, өмір сүру формаларының алшақтығына қарамастан жапондардың ұлттық тәуелсіздік идеясы отар ұлттың зиялыларының назарын ерекше аударды.

Жалпы, қазақ қоғам қайраткерлерінің Жапониямен байланысын анықтап көрсету кеңінен зерттеу объектісіне айналмаған. Бұл тақырып назардан тыс қалып кетіп жататындықтан, зерттеу нысанына арқау етіп алған болатынбыз. Мақалада ХХ ғасырдағы Жапониядағы реставрацияның қазақ даласындағы ұлтжандылардың мәңгілік тәуелсіз ел құрамыз деген ұстанымдарымен байланысын қарастырамыз. Сондай-ақ, отандық тарихнамада бұл тақырып жете зерттелмеген тың тақырып болғандықтан, қоғам қайраткелері және оларға «жапон тыңшысы» деген айып тағылуы мәселелері де көтерілетін болады.

Сөз басын тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сенi мен Махатма Гандиi - Әлихан Бөкейхановтан бастаған жөн. 1917 жылы шiлде-тамыз айларында Жалпықазақтық I құрылтай шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. Партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлi тұжырымға негiзделдi. Оның алғашқы төртеуі жер, тіл, дін, ділге байланысты болса, соңғысы түпкi мақсаты: тәуелсiз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негiзделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгiсiндегi ұлттық-демократиялық мемлекет құру едi. «Алаш» ғылымизерттеуинститутыныңдиректорыСұлтанХанАққұлыныңпайымдауынша: «Мэйдзитөңкерiсi» немесе «Мэйдзи жаңғыруы» деп Жапонияны артта қалған аграрлық елден 21 жылдың iшiнде әлемнiң жетекшi мемлекетiнiң бiрiне айналдырған 1868-1889 жылдар аралығында iске асырылған саяси, әскери және әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жиынтығын айтады. «Мэйдзи» саясатының нәтижесiнде қазiргi жапон ұлттық мемлекетi мен бiрегей жапон ұлты қалыптасты. Сегундар үстемдiк еткен мемлекеттiк билiктiң самурай жүйесiнен тiкелей император мен ол жасақтаған үкiмет басқаратын жүйеге көштi. «Мэйдзи жаңғыруы» iске асырылған жылдары жапондардың дәстүрлi тұрмыс-тiршiлiгi түбегейлi бұзылып, елде жедел түрде Батыс өркениетiнiң жетiстiктерi енгiзiлдi. Тұрақты армия құрылып, қару-жарақ пен соғыс техникасының, соғыс тактикасының ең үздiк үлгiлерiмен қаруланды. Терең реформалар жапон қоғамының әлеуметтiк, жер, қаржы-салық, ағарту-бiлiм беру салаларын да қамтып, ұлттық экономиканы дамытудың ең үздiк технологияларға негiзделген өнеркәсiптiк жолына түстi.

«Мэйдзи төңкерiсiнiң тарихын зерттегенде Әлихан туған елiне жапон тәжiрибесiн айнытпай қолдануды жоспарлаған жоқ, ол мүмкiн де емес едi. Оның көзқарасынша, бiрiншiден, жапондар 1868 жылға дейiн қазақ елi сияқты артта қалған аграрлық ел болса да, тәуелсiз дербес мемлекет болды да, жоспарлаған түбегейлi реформаларын сыртқы күштердiң ықпалынсыз, араласуынсыз жүзеге асыра алды. Қазақ елi болса Ресей империясының езгiсiнде отырды. Сол себептi Әлихан «Алаш» қозғалысының стратегиялық мақсаттарының бiр бөлiгiн ұлттық автономия құрмай тұрып-ақ патшалық Ресей тұсында орыс оппозициясының көмегiмен жүзеге асыруды көздедi» [1].

Төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің күншығыс еліне деген қадір-құрметі оның жас кезінде-ақ басталған. Әдебиетке жаңа ғана келген балғын шағы – 1920 жылы «Жапония» атты мақала жазып, әйгілі Мэйдзи реформасынан кейін ескінің сарқыншақтарын серпіп тастап, жаңғыру жолына түскен жапон елін қазақ қоғамына үлгі-өнеге ретінде ұсынып, жақсыдан шарапат алуға шақырған. Өзі көптен құмартқан елге алғаш рет бара тұрса да, жазушы жапон тақырыбына қалам тартпады. Көзі ашық адамға оның өзіндік себебі де бар болатын. Кезінде сталиндік

36

репрессияның қанды қырғынына ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы «жапон тыңшысы» деген қисынсыз айыппен атылып кетті. Мәселен, қазақтан шыққан тұңғыш тіл білімі профессоры Құдайберген Жұбанов қазақ-жапон тілдері салыстырмалы грамматикасын зерттегені үшін репрессия құрбаны болды [2].

Сәкенге ағылшынның, Бейімбетке француздың тыңшысы деген айып тағылса, келесі сөз Мұрағаттағы және баспасөздегі Ілиястың қолжазбаларын зерделеу барысында зерттеуші Қажет Андас «Тілші» және «Еңбекшіқазақ» газеттерінің сарғайған сандарын ақтарып отырғанда «Шетел» жаңалықтарыдегенайдарменберілетінсаясишолулардыкөзішалады. ОндаЖапониясияқтыАзиялық мемлекеттер мен өркениетті Еуропа елдерінің мәдениет, экономика, тағы басқа да саладағы жаңалықтары мен тәуелсіздікке жету жолындағы күрестері жазылып, оқырманға түсіндіріліп отырған. Яғни, бұдан біз Ілиястың жапондықтардың мәдениеті мен тарихы, өнері мен өрлігі туралы көбірек жазғанын байқаймыз.

Жаханша Досмұхаметұлы болса, «Біздің әрбір ауылда кем дегенде бір қазақ баласы білім алып жатыр. Біздің де таяу болашақта екінші Жапонияға айналуға толық мүмкіндігіміз бар» деп жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың немесе Мұхтар Әуезовтың еңбектерін қарасақ, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында немесе 1868 жылы Жапонияның қазақ елінен ешбір артықшылығы болғанжоқ, сондықтанбіз21-25 жылдыңішіндесолЖапонияныбасыпозбасақта, оданкемболмайтын елге айналуға толық мүмкіндігіміз бар деп жазып кеткен. Жапонияның жер қойнауында ешқандай байлықжоқ. Албұлелменсалыстырғандақазақжерініңбайлығымол. Алашқайраткерлерініңжоспары бойынша, қазақтың 25 жыл ішінде әлемдегі ең озық, ең мәдениетті елдердің біріне айналуға толық мүмкіндігі болған. Олардың нақты мақсаты қазақ елін ширек ғасырдың ішінде әлемнің төріне шығару болды.

ХХ ғасыр басында «Жапония» атты мақала жазып, сол арқылы Алаш жұртына мықты тірек, күшті идеология ұсынған ұлы Мұқаң – Мұхтар Әуезовтің ұлы, мәдениеттанушы ғалым, жазушы Мұрат Әуезов бұл орайда былай дейді: «Жапондықтар – біздің тарихи достарымыз. Тек Мұхтар Әуезов қана емес, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар бастаған Алаш азаматтары Күншығыс елін терең зерттеуге ден қойған. Жапония тарихын, сол халықтың тарихи шығу негізін білуге ұмтылған. Неге? Себебі ХХ ғасыр басында Азия кеңістігінде Жапониядан басқа бірде-бір ел, тіпті қазір экономикалық жағынан да саяси жағынан да әлемге өз тамырын терең жайған Қытайдың өзі, Үндістанда өз бостандығын сақтай алмаған. Сондықтан Алашорда мемлекетін құруда арыстарымыз Тәуелсіз ел ретінде Жапонияның тәжірибесін терең зерттеуге тырысты. Ал енді «жапон тыңшысы» деген айыпты Алаштықтарға, менің пайымдауымша, осы Жапонияға деген аса қызығушылықтарына қарай таққан секілді. Сондықтан, Алаштықтардың жапон халқына, еліне, мемлекетіне бүйрегі бұрғаны шындыққа жанасымды. Алайда ол өз халқына жау болу үшін емес, керісінше, қазақты сондай Тәуелсіз ел қылу үшін. Мен жапондықтарға бүйрегіміз мәңгі тартсын дер едім» [3].

1920-1950 жылдар аралығында қазақ зиялыларын ілгерінді-кейінді лек-легімен тағылған «жапон жансызы» дейтін айып қайдан келді? Алашшылдар үстінен «жапондармен астыртын байланысы бар» деп куәлік берген Т.Рысқұлов, О.Исаевтардың өздері де кейіннен «Жапония мен Германияның ең белсенді шпионы» ретінде өлімге үкім етілді. Бұл мәлімдемені жария етуде неліктен Жапония таңдап алынды деген мәселеде Т. Құдакелдіұлы «Жапонияның таңдап алынуы, бұл ел Ресейдің одақтасы болатын. Соларқылыхалықаралықүрдістісақтаукөзделді» дегенЗәкиУәлидиТоғанның«Хатыралар» естелігіналғатартады. Міне, осыданкейінқұпиякеңесқұжаттарытергеушілерге«айғақ» әзірлеп, алаш жолындағыларды «жапон шпионы» аталған алапатқа ұрындырды. Ал, 30 жылдардан кейін бұл үкімекі қазақтыңбірінетағылар«әмбебап» айыпқаайналған-ды. Шынмәнінде, алашоқығандарыныңЖапония жайлы таным-түсініктері, күншығыс елінің ұлттық болмыс-бітімі туралы пайымдары тым ертеде-ақ қалыптасқан. А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Омарханұлы, Ж. Аймауытұлы, С. Сәдуақасұлы һәм басқадаоқығандарарнайыосытақырыпқақаламтербеген. ОсытуындысындаМұхтаршығыстағыарал елінің қоғамдық-саяси, тарихи-мәдени, шаруашылық, экономикалық һәм тарақи болмысын аудара қарап, ақтара тексереді. Қазақ елі бағыт алатын көш сорабын саралайды. «Сонымен бұл күнде Япония туракүшеюжолында, ылғиіскежұмылғанхалықболды. Японияхалқытарамыс, жігерлі, зейіндіжұрт» деп Жапонияның гүлденуіндегі шешуші факторды жапон ұлтының еңбекқорлығынан, ынтымақұйтқысынан іздейді [4].

Тағы бір туындыда «Жапониядай еркін, өз алдына тәуелсіз ел болу керек. Орыстың патшасы мен төрелері тұрғанда Жапония түсіңе де кірмейді» дейді Смағұл Сәдуақастың көркем шығарма кейіпкері Сәрсенбек. Бұл15 жасындаағартушебінетуұстапшыққанСмағұлСәдуақастайөршілрухты, қайратты да іскер азаматтың кейіпкер ауызына салған асқақ үні, айны-қатесіз арман-тілегі. «Орыстың төрелері мен патшасы тұрғанда Жапонияның түске де кірмейтінін» Санкт-Петербург әскери-медицина

37

академиясының шәкірті Халел Досмұхамедұлының хаты да растай түседі. Қазан қаласындағы Ветеринар институтының студенті Ғұбайдолла Бердиевке жазған хатында Досмұхамедұлы: «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек, онсыз қазақ бәрібір оңалмайды» деген берік ұстанымға тоқтайды. Азаттыққа ұмтылдырған осы жетегімен Барлыбек қазақ елдігінің символы, бас құжат – тұңғыш Атазаңда «Қазақ елі халық билейтін һәм қазақи ерекшеліктері бар ел. Қазақ жері оның меншігінде болады. Қазақ елінің жері саудаға түспейді» деп баса таңбаласа, 21 жастағы Смағұл Сібір ревкомын күштеп тарату арқылы Семей облысын Жамбыл ақын жырлаған «Темір комиссар» Ежовтан тартып алып, қазақ мемлекетіне қосады. 29 жастағы Әлімхан большевиктердің пірі Ленинмен екі сағаттап сөйлесіп, «Мәскеуді Каспий балығы асырып отыр, сондықтан Каспийдің солтүстік жағалауы орыс балықшыларының иелігінде болсын» деген «күн көсемнің» бұлтағына «Мәскеуге балық керек болса, біз Астрахан губерниясының балығынан екі есе артық балық жіберейік. Бірақ Каспийдің солтүстігі қазақ жері болып қалсын» деп ата қоныстың іргесін сөкпей, аман алып қалады. Амал нешік, жасындай жарқ еткен Смағұл, «орыстан да өзімен екі сағаттап сөйлесуге жарарлық бірер мықтымен» сөз жарыстырған Әлімхан, «жұртым деп іске кіріскен ақкөңіл» Барлыбек елінің Жапония өрнегіндей өрелі ел болғанын армандағанымен, ұлт үшін деген істің ұлғайғанын көре алмады.

Алаш оқығандарының мемлекет құрудағы ұстанымдары алғашқы Ата Заңда айқын көрініс тапты. «Қазақ елі республикасының жеке болуы турасындағы» бірінші бабының бірінші тармағында «Қазақ елі халық билейтін һәм қазақи ерекшеліктері бар ел» деп көрсетеді. Осы арқылы алаш жұрты да Жапония тәрізді ұлттық мемлекет құруды мұрат тұтады. Алаш көсемдерінің Жапониядай ел болуды аңсағанда көз тіккен екінші бір бағыты ағарту саласы. Мейдзи жаңғырығының ең өткір тұсы халықты ағарған, білімді жұрт жасау мұратына ұйысқандығында. Оқу-оқыту өзгерісінде жапондар ең бірінші міндетті оқыту жүйесін енгізді. Күншығыс елінің ұлтшылдары мен зиялылары батыстың саяси қысымы мен экономикалық құрсауынан толық құтылудың бірден-бір жолы еуропа жұртының оқуын меңгеру, өнерін игеру деп түсінді. Тәуелсіз экономика түсінігінде Жапония батыс мемлекеттерінің сыртқы экономикалық экспансиясына түспеуді көздесе, алаш зиялылары қазақ мемлекетінің орыс империалистерінің шикізат көзіне айналмауын мақсат тұтты.

Қорытынды

Түйіндей келе, «Алаш мұраты мен Мэйдзи өзгерісі арасындағы идеялық бірлік пен саяси сарындастық бар ма?» деген қорытынды сұраққа біз жоғарыдағы атап өткендерімізден бөлек, жапон жұртының ғалымы, арнайы Алаш идеясын, соның ішінде Міржақыптану ғылымын зерттеп жүрген Томохико Уяманың пікірін қоса айтпақпыз. Ғалым бұл сұраққа нақты түрде «Алашордалықтардың қазақтардың мәдени деңгейін дамытуға талпынысы мен жапондықтардың өз халқының мәдени және экономикалық деңгейін көтеруге ұмтылыстары арасында әлдебір ортақ дүниелер бар деп ойлаймын» деген тұжырым жасайды. Демек, алаш қозғалысы да Мейдзи өзгерісі сияқты сол тұстағы барлық қоғамдық салаларды қамтыған иедялық, рухани сапалық жаңғыру болды. Нақты мақсатқа негізделген, бағдарламасы айқын алаш қозғалысы қазақ елдігінің, мемлекеттігінің іргетасын қалауға тырысты» [5].

Сол кездің өзінде-ақ Кеңес Одағының тарапынан жасалынған қысым Алаш зиялыларының қолдарын жіпсіз байлағанына қарамастан, олардың рухани жаңғыруға ұмтылып, үгіт-насихаттар жүргізгенін біз білеміз. Көзі ашық, кеудесі ояу ағартушылар қазақ қоғамын модернизациялауға тырысқан еді. Қаншама ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігіміздің жолында ерен еңбек еткен Алаш қайраткерлерінің бұл тұста Жапонияның ұлттық мемлекет құруда үлгі етіп алғаны бекер емес екенін жоғарыда талдадық. Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңы Жапонияның тізе бүгуімен аяқталғанымен, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Жапонияның экономика саласында гүлденуі әлемді мойындатты. Бірақ қазақ зиялыларының сол кездегі жапон саясаты тәуелсіз дербес мемлекет құруға алғышарт бола алатынын мойындап, халықты соған үгіттегенімен, бұл саясат жүзеге аспаған болатын. Алайда қазіргі дамыған уақытта, модернизациялану жолына түскен Қазақстанның жапондық экономикалық ғажайып саясатына қарай бет бұрса, дамыған отыз елдің қатарына қосылуға қосылатын үлкен үлес деп білеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1]- http://qasym.kz/mejdzi-tonkerisi-nemese-alihan-bokejhan-muraty/

[2]– http://adebiportal.kz/kz

[3]- http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/alash-aryistaryin-nege-japon-tyinshyisyi-dep-ayyiptadyi-60243/

[4]- http://zhebe.com/index.php/aimak-zhan/item/895-alash-m-raty-ham-mejdzi-ozgerisi-sayaci-ndestigi-ideyalyk-birligi.html

[5]– rus.azattyq.org - Томохико Уяма интервьюі

38

Данияр Ф.

КазНУ им. аль-Фараби, кафедра Дальнего Востока, 3 курс Научный руководитель: к.и.н., доцент Ем Н.Б.

ПРИВЛЕКАТЕЛЬНОСТЬ КАЗАХСТАНА ДЛЯ ЮЖНОЙ КОРЕИ В НЕФТЕДОБЫВАЮЩЕЙ ОТРАСЛИ

Сегодня минерально-сырьевой комплекс Казахстана и его важнейшая составляющая – нефтегазовая индустрия вызывают со стороны отечественных и зарубежных инвесторов повышенный интерес. И это не случайно – по разведанным запасам углеводородного сырья республика входит в десятку крупнейших нефтяных держав мира, уступая лишь отдельным государствам Ближнего Востока, Латинской Америки, а также России и США. Доля Казахстана в общемировых разведанных запасах углеводородов составляет по нефти 3,2% (4,6 млрд. т), а по газу – 1,5% (2,2 трлн. м3). Что же касается доли прогнозных ресурсов, то по нефти она достигает соответственно 8% (17 млрд. т), а по газу – 3,4% (146,4 трлн. м3).

По объемам нефтедобычи Казахстан в настоящее время занимает 18-е место в мире (и 2-е в СНГ) после стран Ближнего Востока, России, Венесуэлы, Китая, Норвегии, Канады, Великобритании, Индонезии, Бразилии и некоторых африканских государств. При этом, следует отметить, что основными потребителями углеводородов являются США, Япония, Китай, Корея, Индия и европейские страны (60% мирового потребления).

Открытие инвестиционным консорциумом “ОКИОК” уникальной нефтегазоносной структуры Кашаган в значительной степени повлияло на распределение запасов углеводородов между крупными транснациональными компаниями. В Казахстане на их долю приходится более 90% извлекаемых запасов и соответственно объемов добычи нефти, большая часть которой идет на экспорт. За 25 лет независимости общая добыча нефти составила 200 миллионов тонн, из которых 25-30% были добыты

вместорождении Тенгиз. По прогнозам специалистов, к 2017 году эта цифра возросла до 250 миллионов тонн нефти, добываемая преимущественно из месторождения Кашаган (около 50%).

На сегодняшний день на территории Казахстана существует множество иностранных компаний по добыче и переработке нефти такие, как ChinaNationalPetroleumCorporation, Японская Национальная нефтяная корпорация, американский Chevron, и другие, в том числе Нефтяная южнокорейская Национальнаякорпорация[8]. Неизведанныезапасынефти, которыепопрогнозамспециалистовочень велики, привлекают внимание крупнейших мировых компаний.Кроме того, Республика Корея имеет 9 месторождений в Республике Казахстан. На некоторых из них, ведутся разведочные работы, либо планируются разведочные работы.Такие как: Егизкара, Жамбыл, месторождения Ада ойл, где ожидается добыть около 200 млн. баррелей нефти [9].

Как нам известно, в Казахстане насчитывается не так много южнокорейских компаний в нефтяной отрасли, также инвестиции в данную отрасль. Основной приток нефти и газа, импортируемой в Южную Корею, приходится на страны Персидского залива и Юго-Восточной Азии. К примеру, 80,7 % закупаемая нефть поступает из района Персидского залива. Но вследствиепроизошедших событий 2004 г. на Ближнем Востоке, повлекший рост цен на нефть, что побудило южнокорейское правительство к поиску альтернативных источников сырья. И так как на современном этапе в основе энергетической политики Южной Кореи относятся такие принципы как, создание стратегических энергоносителей, сокращение зависимости от поставок нефти с Ближнего Востока и Юго-Восточной Азии, также активное участие южнокорейских компаний в инвестиционных проектах по разведке и разработке нефтегазовых ресурсов за рубежом. Южная Корея стала искать новые страны для импорта нефти. В связи с этим Центральная Азия рассматривается как перспективный регион в получений долгосрочного доступа кнефтегазовым ресурсам. Но на сегодняшний день существуетконкуренция за доступкуглеводородному сырьюстранЦентральнойАзииипутямихтранспортировки одновременно как со стороны стран Запада, так и Востока, что осложняет участие южнокорейских компаний в инвестиционной политики в странах Центральной Азии.

Так как со стороны Южной Кореи осуществлялась покупка нефти из стран Ближнего Востока, он не имели возможности открывать свои представительства в данных станах, так правительство Южной Кореи заинтересовано в расширении сети ведущих специализированных южнокорейских корпораций,

воткрытии своих представительств, к примеру, на территории Республики Казахстан. Также хотелось бы отметить мнение одного из южнокорейского исследователя в данной области Ли ГенгХви, который считает, что нефть Центральной Азии и Каспия окажет стабилизирующее влияние на международный

39

нефтяной рынок. В свою очередь Республика Казахстан, стремится к расширению географии поставок своих ресурсов, к привлечению иностранных инвестиций со стороны азиатских стран [10].

В свою очередь Республика Казахстан, стремится к расширению географии поставок своих ресурсов, к привлечению иностранных инвестиций со стороны азиатских государств. Значительные капиталовложения послужили бы подспорьем для модернизации нефтегазового комплекса. Также со своей стороны Республика Корея могла бы предложить необходимые инвестиций, как для освоения, так и переработки и транспортировки нефти и газа на регионе.

Казахстан по сравнению с другими центрально-азиатскими государствами имеет наиболее благоприятный климат к вложению южнокорейских инвестиций в энергетический сектор страны. Одной из основных целей казахстанского правительства является усиление позиций страны на внешних рынках, а также вхождение в число крупных мировых поставщиков энергетического сырья. В свою очередь, взаимовыгодное сотрудничество между Казахстаном и Южной Кореей можетбыть найдено в применении южнокорейского опыта и технологий в развитии производственной инфраструктуры в нефтегазовой отрасли, строительстве перерабатывающих комплексов.

Но Казахстан и Южная Корея сотрудничает не только в нефтепромышленной отрасли, но и согласуются договора по добычи урана, кремния и т.д..

Для непосредственного участия в разработке нефтегазовых месторождений Казахстана в шельфе Каспийского моря и мобилизации капитала Республикой Корея в марте 2002г. был создан консорциум из пяти ведущих южнокорейских компаний, таких как “KNOC” (которая имеет 35% доли в консорциуме); “SKCorp.” (25%); “LGInternational” (20%); “Samsung” (10%); “DaesungIndustrialCo. Ltd.” (10%) [11].

Рис. 1

Так одна из южнокорейских нефтяных компании на территории Казахстана, ТОО “Фирма Ада Ойл”, которая является независимой разведочной компанией, разрабатывающая наземные запасы нефти внутри страны. Данная компания сосредотачивает разведку и разработку в областях где, технологияи технические знания персоналамогутэффективно использоваться дляувеличения дохода по инвестированному капиталу путем уменьшения риска бурения и повышения возможностей увеличить объем запасов и добычи. Стратегия данной компании заключается в создании ценности для акционеров путем увеличения запасов, объемов добычи и потока денежных средств через разведку и эксплуатационное бурение в местах, где могут использоваться технология для создания высоких показателей в доходе по инвестированному капиталу.

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]