Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

73

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
6 Mб
Скачать

бұның себебі қазіргі уақытта заманауи әдебиетте көп кездесетін жазушының өз кейіпкерлер әлеміне жауыздық пен зұлымдықты енгізбей бейнелеуінде болып табылады.

«Мандарины для Хелен» романының авторы оқырмандармен көркем сурет пен жазушылық талантымен барынша ашық бөліседі. М. Пактың Мәскеу, Алматы және Сеулде жарық көрген «МандариныдляХелен» романындағы кейіпкерлердіңкөркемдікәлеміоқырмандардыашықтығымен, біркелкілігімен, қызықты әңгімелеу жүйесімен баурап алады. Ал автордың өзі былай деп жазады: «Бұл менің корей тақырыбындағы бірінші кітабым, ондағы кейіпкерлердің ұлты – корей, оқиғалар да Кореяда орын алады. Кітаптың не туралы екендігіне келетін болсақ, әрине махаббат туралы. Махаббаттан басқа осы дүниеде тағы не жайлы жазуға болады?» [7].

Бұл романның көркемдік ерекшелігі – баяндау стилінде. Бейнені тек жазушы ретінде емес, әрі суретші ретінде ашып көрсету. Жазушының айтуынша, махаббатты сөздегі сырбаздыққа салынбай, қарапайым сөздермен жеткізу – ол үшін маңызды болды. М.Пак үшін шығарманың бейнелі құрамын ашатын жазу стилі мен шығармашылық стилі маңызды рөл атқарады. Ол біреудің жазу стилін көшіру мүмкін емес деп есептейді.

М.Пактың«МандариныдляХелен» романындакеңістікпенуақытөзарабірігіпинтертекстекөрініс тапқан. Философиялық ой туғызатын роман жоғары білімді, қолдарында не керек бәрі бар адамдар жайында. Бірақ адамдардың осы өмірден өзін-өзі табуы қиын. Кейіркерлердің тағдырлары романда өзара түйіскенімен, әркім өз жолын таңдайды.

Қорытындылай келе, Михаил Пактың көркемдік әлемін сиқырлы деп айтуға болады. Себебі оның әрбір сомдаған образы қандай да бір жұмбақты құрайды. Оның барлық кейіпкерлері поэтикалық романтика әлеміне саяхат жасайды. Михаил Пак өзіне тән мұңды-лирикалық, нәзік-поэтикалық және керемет әлемін жаратты. Михаил Пак шығармаларындағы кейікерлердің көркемдік әлемі бояуының қанықтығымен, бірегейлігімен, тартымды баяндауымен қызықтырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Федоров Ф.П. Романтический художественный мир: пространство и время. – Рига, 1988. – С.7

2.Лихачев Д.С. Внутренний мир художественного произведения // Вопросы литературы. – 1968. – С. 77-78

3.Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир: проблемы организации. Фонд Сорос Казахстан. – Алматы: Дайв-пресс. – 1996. – С. 46-47

4.Творческое объединение «Огни рампы». Невидимый остров (проза и поэзия корейских писателей). – Алматы: Жибек жолы. 2004. – С. 227

5.Михаил Пак. Сеульские каникулы: Рассказы о Корее. – М.: Святогор, 2011. (Игорь Михайлов в стороне от туристических троп.)

6.https://koryo-saram.ru/roman-na-korejskom-yazyke/

7.Миркурбанов Н.М. О романе «Мандарины для Хелен» // М.: Издательство журнала «Юность», 2013. – C.2-6.

151

Мұсылманқұл Б.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының 4-курс студенті Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Амирбекова У.А.

КОРЕЙ ПОЭЗЗИЯСЫНДАҒЫ ФЛОРИСТИКАЛЫҚ ОБРАЗДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Өсімдікәлемініңбейнесікөптегенхалықтардыңмәдениетіндемаңыздыорынғаие. Адамзаттабиғат әлемінде өмір сүріп, оның барлық өмірі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты болды. Бұл жабайы табиғат флорасы мен бау-бақша өсімдіктері. Бақша өсімдіктерін адамдар өздерінің физиологиялық немесе эстетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында отырғызады және өсіріп баптайды.

Адамзат дамуының барлық кезеңінде олардың өмір сүруі табиғатпен байланысты болды. Сол үшін де адамдар табиғатты ерекше қастерлеп, көркем шығармаларында өсімдіктер әлемін сипаттап, табиғатты мадақтаумен келеді.

Флористикалық образ түрлі әдеби кезеңдерде алуан түрлі көріністерге ие болды. Тіпті антикалық әдебиеттендебізгефлористикалықобраздарбейнеленгентүрліаңыздарбелгілі: Афродитажәнеқызыл раушаннның шығуы туралы аңыз және т.б.

Өсімдіктер символы тарихи корей көркем әдебиетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Көптеген жылдар бойы Шығыста ауыл тұрғындары бір-біріне өз ойы мен сезімін жеткізу мақсатында өсімдіктер және олардың үйлесімін қолданған. Махаббат сезімін білдіру үшін гүлдеп тұрған шиенің бұтақтары қолданылған, ал ақ қалампыр – сенімділік белгісі, қызыл қалампыр немесе раушан – құмарлықты білдірген, беде гүлі (клевер) – қайғыны, ақ кекіре (астра) – күтуді білдірген.

Өсімдіктер символикасына көңіл бөлу – корей лирикалық поэзиясының образдық құрылымында маңызды орынды иеленеді. Флористикалық образдардың көркемдік семантикасында екі бастау үйлеседі: рационалдық сипатқа ие өсімдіктер құрылымын білу және эмоционалдықпен тығыз байланысты өсімдіктер әлемін тікелей қабылдау.

Корей классикалық поэзиясы «өзендер мен көлдер поэзиясы» ретінде танымал. Белгілі корей ақындарының өлеңмен жазылған туындыларын зерттей отырып, корей классикалық поэзиясын «бақтар поэзиясы» деп сенімді түрде атауға болатынына көз жеткіздік.

Жалпы алғанда, бақтың ассоциативтік бейнесі екі үйлесімді бейнеден тұрады – біріншісі мықты корей шеберлері жасаған шынайы бақ болса, екіншісі корей ақындары жаратқан сиджодағы поэзиялық (ақындық) бақ.

Бақтың поэзиялық бейнесі Ли Хён Бо, Пак Хё Гван, Ким Ю Гю, Ан Мун Ён, Чон Чхоль (Сонган), Ким Су Чжан, Ли Хван, Ким Кван Ук, Ли Ан Нуль, Юн Сон До, Чо Хон сынды корей ақындарының сиджоларындаайқынкөрсетілген. ОсығанорайАннаАхматованыңаудармасындағысиджомәтіндерін зерттеуге талпыныс жасалды.

Сиджо – бұл үш жолдан тұратын кішігірім өлеңнен тұратын орта ғасырлық корей поэзиясының жанры. Сиджоның ерекшелігі әрбір жолының өз кезегінде екі жолаққа ажыратылуында. Нәтижесінде, корей сиджосында үш жол емес, жапон хоккуы секілді, алты жол бар. Сиджоны әртүрлі мақамда ән етіп орындап келген. Сиджо жанры XIV-ғасырдың екінші жартысында пайда болып, XVI-XVIII ғасырларда кеңінен етек жайды.

Корей поэзиясында бақ бейнесі көп қырлы, әрі кең ауқымды образдардың бірі болып табылады. Корей халқы үшін бақ – бұл бүкіл әлемнің нышаны, мұнда адам өзі және өзінің өмірі туралы байсалды ойлана алады.

Бақ бейнесі, біздің ойымызша, тұтас корей мемлекетімен ұқсастырылады. Бұл бейне тамшы сияқты, корей классикалық поэзиясында үлкен теңізді бейнелейді.

Корейсиджосындабақтыңкөлемдібейнесікелесідейқосалқыбейнелер– нышандардантұрады[1]:

су элементтері: су, көл, тоған, өзен, жылға, жаңбыр, ағындар;

тас элементтері: таулар, жартастар, тас, тас көпірлер;

фитоэлементтер: лотос, гүлдер, талдар, шөптер, көкөніс, ағаш, қарағай, бамбук.

Корей бақтарының сұлулығы мен құпиясы адамның қолымен жасалған бақтардан да шынайы, табиғи болып көрінуінен тұрады. Корея Республикасының тарихы мен мәдениетін зерттеуден бұрын, “табиғат” шеберлігінен артық талантты қолөнер шебері жоқ деп санайтынмын. Тек сиқыршы табиғат қана нағыз ғажайыпты – корей бақтарын жасай алатындығына сенімді болдым. Алайда, корей өлеңдеріндегі бақтың аса көркемділікпен сипатталған таңғажайып бейнесінен кейін, ойымның қате екендігіне көз жеткіздім. Корей шеберлері еліктіргіш табиғат жасаған әлемге шынайы ене білген

152

дүниенішығармаларындаөзқолдарыменжасаған. Мұндаменібақтардыңдұрыспропорциясыментүртүс гаммасы таң қалдырды.

Корей халқы үшін бақ қарбалас әлемнен пана, мәселелер мен мазасыздықтың қыспасынан қорғаушы орта болып табылады. Әрбір адам өмірде қиындықтарға тап болған жағдайда жағымсыз эмоцияларды алып тастауы және жанын сауықтыруы қажет. Мұндай тамаша мүмкіндікті бақ береді. Ақындар поэззиясында корей бақтарының сиқырлы суретін салады: оқырмандар оны көреді, судың шалпылын, қамыс пен тал ағаштарының сыбдырын естиді, лотостың жұпар иісі мен тастың салқындығын сезеді. Корей ақындарының өлеңдерін оқығанымда, бұл бейненің өте сезімді әрі барынша көрнекті болып көрінетіндігінің куәсі болдым.

Ли Хен Боның сиджосында бақтың сиқырлы бейнесі салынады – бұл лотос пен су, балықтар мен тал, күріш пен қамыстардан құралады [2].

Лотос жапырағына бір уыс күріш оралған Тал бұтағына ұсақ балықтар тізбектелген

Және суда гүлдеген қамыстар арасында Қайық желегі байланған

Бұл бейбіт әлем таңғажайыбын Айтыңызшы тағы кім түсінген?

Тіпті қайық сынды шынайы заттың өзі әсемдікпен, таңғажайыппен, лотостың желегімен салыстырылады. Бұл сиджода корей бақтары үшін сипатты тоған бейнелеген. Ақын жасаған бақ бейнесі жаныңды тыныштыққа және ерекше қуанышқа бөлейді. «Бұл бейбіт әлем таңғажайыбын // Айтыңызшы тағы кім түсінген» қорытынды риторикалық сұрағы заманауи әлемнің барлық қайғысы мен үрейін жүректен шығаратын бақтың сиқырлы таңғажайыбын көрсетеді.

Бақтың қызықты образы Ли Хён Боның басқа сиджосында көрініс тапқан. Иілгенде судың түбін көресің Артқа қарасаң – онда жасыл тау бар

Қарбалас әлемнің тот басқан шаңы Майсараланып орнынан өзгермейді

Ай судың жазығында айқын Және одан рух жайбарақат

Мұнда корей бақшасының су тұңғиығы, кеңістігі, жасыл желекпен көмкерілген таулар сияқты түрлі-түсті элементі көрініс тапқан. Автор үшін бақша – қарбалас әлемнен қорғайтын жайбарақат орын: тот басқан шаң // орнынан өзгермейді. Су, тау қоршаулары, жасыл желектерде ғана рух тыныштық табады. Ал, ай рухани өмірдің тыныштығын және алаңсыздықты тұспалдайды.

Ал, Корей ақыны Пак Хё Гван өлеңдеріндегі [3] бақтың негізгі элементі су болып есептеледі. Өзеннен ағатын су секілді Уақыт жайлап өтіп барады

Шарбақта қайта көктем Көкөністер тағы гүлдеді

Пак Хё Гван суды уақыт символы ретінде қабылдап, оған мысал ретінде өзен ағысын келтіреді [4]. Тек адам ғана уақыттың ауытқымалы және тез өтетінін байқайды. Өлеңдегі шарбаққа қайта көктем келді, көкөніс тағы гүлдеді деген шумағы өмірдің зымырап өте шығатындығын білдіреді.

Корей бағының барынша мазмұнды сипаттамасы Ан Мун Ённың сиджосында көрініс тапқан. Бақшаны гүлдер қоршап Өзен жағасында тал өскен

Сарыторғай қатты дыбыстап Түсті көбелектер билеген.

Тал мен гүл көбелектер арасында Бейғам серуендесем екен.

Гүл, өзен, тал, көбелектер биі сияқты символдық образдар ерекше қуаныш пен бақыттың образын сомдайды [5]. Көбелектер биі мен шулы үндер адамды терең ойлауға мәжбүрлейді, ал, бақ гүлдері мен тал алаңсыз қуаныш пен жайбарақат бақытқа шомылған көңіл-күйін сипаттайды. Балалық шақтағы бейғамдық осы сиджода көрініс тапқандай.

153

Чо Хон өлеңдерінде күннің батып бара жатқан сәулесі мен жаңбыр тамшысын сипаттайтын бақтың көрінісі [6] суреттелген.

Көлге жаңбыр құйылып Тал бұтақтарында тамшы жарқырайды

Қайықшы қайда кетті екен Бос қайық байланып тұр

Күн батады, кеш тыныш Ал шағалалар ауада қалқиды

Бақша образы көл, жаңбыр, шағалалар, тал сияқты моншақтардан құралған. Көлге құйылған жаңбыр бақшаға керемет ұшқын таратып, адамдардың жүрегін қуантады. Тек жалғыз бос қайық қана рухани тыныштық қалауы мен табиғаттың тылсым күшін сомдайды.

Қорытындылай келе, бақша образының поэззияда аса маңызды орын иеленетінін айтуға болады. Символистер бұл образды мистикалық мағынамен толықтырып, корей әдебиетінде бақтың символын қолданудың жаңа өзектілігіне айналдырады.

Әдебиеттер тізімі:

1.Корейская классическая поэзия. Стихи в переводе Анны Ахматовой.- Москва.-1958 г.- 200 с.

2.Ким Дюн. Корейская сосна. - Москва. «Советский писатель». -1971 г.- 176 с.

3.Краткая литературная энциклопедия. Статья « Корейская литература».- Издательство «Советская энциклопедия».-

Москва.- 1966 г.- с. 731-739.

4.Анна Ахматова. Тайны ремесла. – Москва. «Советская Россия».-1986 г.- 144 с.

5.5. Анатолий Найман. Рассказы об Анне Ахматовой. – Москва. «Художественная литература».- 1989 г. – 303 с.

6.Филимонова Е.Н. Символика растений в переводных произведениях. «Благородные» растения (на материале переводов с корейского и китайского языков). «Язык, сознание, коммуникация», выпуск 25.

Сермухаметова Б.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Шетел филологиясы» мамандығының 2-курс магистранты Ғылыми жетекші: Ph.D Мионг С.О.

КИМ СОВОЛ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР

Корей әдебиеті дамуының жаңа дәуірі түрлі әдеби ағымдар мен құрал-тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осы кезеңдегі шығармалардың мазмұны тереңдей түсіп, авторлар өз шығармаларында адамның өмірлік мақсаты туралы ой-толғаулар келтіріп, өздерінің дүниетанымы мен көзқарастары арқылы түрлі жағдаяттарға тап болған адамдардың жандүниесі мен қайғы-қасіреттерін шебер көрсетуге ұмтылады. Корей әдебиетінің дамуына корей жерінде таралған түрлі діндер мен шығыс философиясының тигізген ықпалын ескеру қажет.

Корей әдебиеті тарихында жаңа заман кезеңін анықтауда түрлі пікірлер айтылады. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша кэха дәуірінен бастап корей әдебиетінің жаңа кезеңі қалыптасып, 19101920 жылдар аралығында бұл құбылыс айқын көріне бастайды. Осылайша қазіргі замандағы корей әдебиеті 1908 жылдан, яғни Че Нам Сонның «Теңіздің жас жігітіне» атты өлеңі жарыққа шыққан кезден бастау алады. Корей жазушылары Че Нам Сон мен Ли Кванг Судың әдеби шығармалары қазіргі корей әдебиетінің бастауы болды деген ортақ пікір мен тұжырымдар да кезедеседі.

Жиырмасыншы ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдарындағы корей поэзиясы өзіндік әуезділігімен, жаңашылдығымен, дәстүрліәндердіңәуенініңқанықтығымен, корейхалқынағанатәнұлттықнақышта өрілген әуезді үнімен ерекшеленеді. Ал осы жиырмасыншы ғасырдың 20-шы жылдарындағы корей поэзиясының іргетасын қалап, оны биік шыңға, шарықтау биігіне жеткізген ұлы классиктер, 20-шы жылдардағы корей поэзиясының ақындары Хан Ён Ун, Ли Санг Хва, Юн Донг Чжу мен Ким Совол мәңгілік халық жадында қала бермек.

Корейәдебиетіндеөзіндікәуеніментанылғанөшпесіз, ұмытылмасмұрақалдырғанұлыталантиесі Ким Совол поэзиясы жайлы сөз қозғайтын болсақ, Ким Соволдің поэзия әлемі өзіндік әуезділігімен, өзіндік әуенімен ерекшеленеді. Ақын сол сұрапыл сұм заманда әсемдікке, әдемілікке, әдемі де әсем әуезді әнге толы поэзияны дүниеге әкелуінің өзі ғажап емес пе?

Ким Совол поэзиясы әдеби көркем сөзге бай, нағыз романтика десе де болады. Жалпы, оның бүкіл болмысын, оның көз жасын, қайғысы мен мұңын мәңгіге халық жүрегінің түкпірінен орын алған асыл қазынасы өшпес өлеңдерінен көруге болады. Ким Совол өлеңдерін халық өлеңі не болмаса дәстүрлі

154

өлеңдер деп атаған. Неліктен Ким Совол ақынның өлеңдері көп оқылады деген сұраққа төрт дәлел бар. Алдымен, корей халқына тән «хан» сезімін бейнелеген, екінші, қызға тән нәзік дауыспен танылған лирикалық өлеңінің ерекшелігі, ұлттық әндердің ырғағымен ұлттық стильдегі өлеңді жазған және де ұлттық сананы қалыптастыруы болып табылады. Ким Со Воль өлеңдері халық әндерінің ырғағына негізделіп жазылғаны рас. Сондықтан халық Ким Соволді халық әндерінің ақыны деп атайды [1,21]. Ким Совол өлеңін талқылай келе, біз еске алмай кететін тұсымыз халқына арналған махаббатымен ұлттық санасына қатысты мәселе. Ким Совол тек біз ойлайтын шынайы махаббатты жырлаған жоқ, еліне деген сүйіспеншілік тұрғысындағы махаббатты жырлаған. Өзінің апатияға түскендегі сезімімен «хан» сезімін шын көңілмен әндетіп, өз оқырмандарын баурап алатын иронист болған [1,27]. Ол екпінді, тегеурінді күшпен келетін қарсылық танытатын өлең жазбаса да, халықтың шынайы өмірін әндеткен ақын ретінде танылуының себебі мынада. Ким Совол «халықтың ақыны» деп аталуының өзіндехалықақыныменұлтақыныдегенекітүрлімағынанықамтиды. КимСоволдіңөлеңдерішынайы өмірді нақты түрде дәлелдеп, жапон отаршылдығы кезінде корей ұлтының басына төнген қасірет пен қайғыны жырлап, қараңғы ғасырда өмір сүрген корейліктердің жүрегіне демеу болды деген тұрғыда халық өлеңдері деп айтуға болады.

Ким Соволдің дарындық қабілеті 1920 жылы ашылған. Ақын сол уақытта барша жұртқа танымал «Тауда гүлдейтін гүл» атты өлеңін дүниеге әкелді. Халық қазынасы саналатын халық әндерінің әуендері мен әуезді үнін, әдемілік пен әсемдікті Ким Совол лирикасынан көруге болады. Ким Совол ақынның лирикасы оның қарапайым халыққа етене жақындылығымен, ұлттық нақышта өрілген әуезділігімен, сезім иірімдерінің әдемі үйлесімділік таба білгенімен, терең философиялық ой, толғаныстарға толы болуымен ерекшеленеді. Ким Совол поэзиясының түп тамыры фольклорлық әндерден бастау алатындығынан және де халық арасында кең таралғандықтан ба халық әнінен кем түспейді. Ақынныңөлеңдерінжаттапалыпсүйіпоқитынжаспенкәріоны«халықақыны» дегенатаққа лайық деп санап солай атап кеткен. Ким Совол ғұмыр бойы елінің бостандығын, Отанын аңсап өткен ақын. Ақын тәуелсіздікті аңсаған, Жапония езгісінде өмір сүруге мәжбүр болған елінің халіне қатты алаңдаған. Отаныныңәсемтабиғатын, туғанжерінедегенмахаббатын, сағынышынжырлағанөлеңдері бойға рух, жігер беретін патриоттық үлгідегі өлеңдері де бар. «Тау», «Үйімді сағындым», «Қарлығаш» сияқты өлеңдерінде ақын өз Отанынан, туған жерінен тыс бөтен елде өмір сүруге мәжбүр болған жанның жай-күйін шебер суреттеген. Сонымен қатар ақынның «Құрғақшылық», «Егін егуге тұрарлық өзіміздің жеріміз болғанда ғой» деген өлеңдері қарапайым шаруалардың қиыншылыққа толы өмірін шебер суреттеген. Сол уақыттағы адамды және барша адамзатты толғандыратын мәселелер ақынның «Өрт», «Сеул түні» өлеңдерінде өз шешімін тауып шынайы өмірдің қыр сыры суреттелген. Ақын өлеңдері романтизм бағытында өрбіген. Сондықтан ақынның махаббат лирикасына тоқталмай кету мүмкін емес [2,94]. Ақынның махаббат лирикасына «Азалия» өлеңінен басқа «Күн тау шыңына батса да», «Ұмыта алмаймын», «Сүйіктіме», «Сүйіктімнің әні» сияқты өлеңдері жатады. Жалпы аталмыш өлеңдерде ақынның жан жүрегі халық жүрегімен ұштасып жатыр. Халықтың тауқыметі ақынды толғандырмай қойған жоқ. Сондықтан оның өлеңдері меланхоликалық сипатқа ие. Дегенмен ақын осы өлеңдері арқылы халық жүрегінен орын тапты. «Халық ақыны» атанып, мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Кейбір сыншы, әдебиетшілер Ким Совол поэзиясындағы махаббат лирикасын тек сүйіктісіне деген махаббаты ретінде қарастырады. Дегенмен сол қатал заманның бұғауында өмір сүрген ақын өз Отанының тәуелсіздігін аңсаған ақын. Отанын сүйіктісіне теңеп «сүйіктім» деп тебірене жырлауыәбденмүмкін. Бұлпікірдіғалым, әдебиетші ОСэ Ённыңсөзі нақтылайтүспек. «Ким Совол халықтың алтын қазынасы болып саналатын ел арасында қаншама ғасыр бойы шырқалып айтылып келген халық әндерінің әуенін негізге ала отырып, корей халқының шынайы болмыс-бітімін, қадір қасиетін, ұлттық нақышта шебер суреттей білген корей әдебиеті тарихындағы ұлы лирик ақын. Ақын өлеңдерінде корей халқына тән «хан» сезімін шебер жеткізе білгендіктен халық оны «халық ақыны» деп атап кетті. Себебі лирикалық халық әндерінде аталмыш «хан» сезімі ең маңызды компоненттердің қатарына жатады. Алайда ақын сол сұрапыл сұм заманда Жапонияның отарында болған қара халықтың жан күйзелісін, халықтың сол уақыттағы сана-сезімін махаббатан жапа шеккендегі сезіммен бейнелеген деп қарастыру қажет.»-деп тұжырымдайды [3,19]. Осыған байланысты Ким Совол лирикасы терең философиялық идеяларға толы екенін байқауға болады. 1920 жылдары корей поэзиясына Батыстан романтизм, натурализм, символизм, гуманизм сияқты ағымдар еніп қана қоймай, өз әсерін тигізіп үлгерген еді. 20 жылдардағы корей поэзиясында көптеген ақындардың өлеңдерінде батыстық ағымдардың ықпалы байқалады. Батыстық ағымдардың, оның ішіндесимволизмніңықпалынсол1920 жылдардағыкорейақындарыныңпоэзиясынанайқынаңғаруға болады. Олардың өлеңдері проза түріндегі поэзия болды. Яғни «велибр» жанрындағы өлеңдер болды. Алайда ақындар корей поэзиясының даму жолы оның түп тамыры болып саналатын «минёде» деп

155

ұғынды. Яғни халық әндерінің әуендерін негізге ала отырып, ұлттық нақышта өрбитін өлеңді жазуды мақсат тұтты. Алайда бұл мақсаттары жүзеге аса қойған жоқ.

Әдебиетші, ғалым Чжон До Хённың сөзіне сүйенсек, Ким Ок, Чжу Ё Хан, Хонг Са Ён, Ким Донг Хван сынды ақындардың басым көпшілігі «чаюси», яғни батыстық үлгідегі еш ережеге бағынбайтын еркін түрде жазылатын өлеңдерді жазып келгеніменен, кейіннен халық әндерін, яғни минёні қайта жаңғырту мақсатында жаңа үлгідегі, ұлттық нақыштағы өлеңді жазуға белсене араласып кетті. Алайда минёнің түпкі мән-мағынасына терең бойламағандықтан, минёні, яғни халық әндерін жете түсінбегендіктен шығармашылық әлемде айтарлықтай жетістікке жете алған жоқ [4,69].

Әдебиет сыншысы Джо Ён Хан: «Ким Соволдің өлеңі ештеңеге тәуелсіз халық иісі тамған өлең», «бір сөзбен айтқанда дәстүрлі ақын» деп баға берген. Сонымен қатар зерттеуші Джо Бён Чун: «Біздің ұлттың әдеби өмірінде аяғына дейін тұрған ұлттық, халық әндерінің әуенін сол бетінде бейнелеп жеткізгенақын» депбағаберсе, тағыдафранцузәдебиеттанушысыәрісыншыКимХён«КимСоволдің өлеңі-болашаққа негізделген әлемді жаңа әуенмен бейнелеп шығарған, осы тұрғыда жаңа халық әніне ұласады» деп баға берген [7].

Соволдің халық ақыны атанып ел ілтипатына бөленуінің себебі ел жүрегінежақын халық әндерінің әуендерімен өрілген өлеңдерді шығаруына байланысты. Ежелгі корей мифтері мен аңыздарындағы кейіпкерлер образдарының өлеңдерінде суреттелуі мен әңгімеленуін алып қарайтын болсақ, Совол лирикасы шынында фольклорлық сипатқа ие. Совол бала кезінен бастап классикалық әдебиетке қызығушылығы мол болды. Ол өз халқының, қытайдың классикалық әдебиетін, батыс әдебиетін де сүйіп оқыды.

Соволдіңалтынқазынаіспеттесфольклорлықсипаттағыөлеңдердіжазыпқалдыруындаоныңтуып өскен жері Чончжудың алар орны ерекше. Себебі, Чончжудың әсем табиғаты, ондағы тауы мен өзен көлдері ақынды шабыттандырмай қойған жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, халық ақыны Ким Соволдің ұлы дарын иесі болып қалыптасуында оның ортасы үлкен септігін тигізген.

Әдебиеттер

1.Галкина Л.В. Корейская поэзия 20-х годов. - Владивосток: Дальневосточный государственный университет, 1988-

77с.

2.Корея, справочник. Изд: Корейская служба информации для зарубежных стран. -Сеул, 1993.

3.Тен А.Н. Очерки корейской литературы XX век (до1945г.) Изд: Центрально-Азиатская Ассоциация корееведения. –

Сеул, 2003.

4.Солдатова М.В., Пак К.А. Современная литература Кореи. Изд: Дальневосточного Университета. -Москва, 2003.

5.Аманова Г.А. Фольклорные мотивы в лирике Ким Со Воля. Сборник статей (Вып 6).-Алматы: Центр корееведения КазНУ им. Аль-Фараби, 2005.-с.93-100.

6.. . . 2011 .

7." ", : . 2003; : ;

8." ", :" ", 1996; :

Тәжіғұлова Г.Қ.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасы «Шетел филологиясы: корей тілі» мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Амирбекова У.А.

ҚАЗІРГІ КОРЕЙ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР (ЛИ МУН ЁЛЬ ШЫҒАРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ)

Корей әдебиеті мен үшін сыр сандық секілді, неге десеңіз, аңыз әңгімелерін оқи отыра, мүлдем басқа әлемге кенелгендей боласың. Ал, прозалары өз алдына бөлек дүние. Біле білсек, корей тіліндегі барлық шығарма «сосоль» деп аталады. Оның ішінде шығарманың көлемі рөл атқармайды. Яғни, кез келгенәдеби шығарманы сосоль деуімізгеболады. Корейтіліндегішығармалар ғаламтор желісіндеөте аз тарағандықтан, корей тіліндегі шығармаларды табу қиындық туғызады. Алайда, осындай қиындықтарға қарамастан, корей ақын-жазушыларының шығармасын корей тілінде іздеп табуға болады, солардың бірі прозаик Ли Мун Ёльдің шығармалары. Ли Мун Ёль Оңтүстік Кореядағы танымал әдебиетші, қаламгер. Оның шығармалары бірнеше тілге аударылған. 2004 жылы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде нөмірі бірінші жазушы атағына ие болған. Ли Мун Ёль 1948 жылдың 8 мамырында Сеул қаласында өмірге келген. Әкесі полицейлердің бақылауында болған соң, бала кезден мектебін материалдық себептерге байланысты ауыстырып жүрген [1].

156

Сеул Ұлттық университетін 1970 жылы тәмамдаған. Алайда, дипломын алмаған. Оның алғашқы туындысы 1977 жылы «Шекарада» атты атаумен Тегу газетінде жарық көрген. 1985 жылы Инчон қаласында шығармашылығын енді бастаған ол жас қаламгерлер студиясын ашқан. Осының негізінде 1988 жылы «Пу - ак» есімімен әдебиет академиясы ашылды. 1994-97 жылдар аралығында Седжон университетінде корей тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, 1999 жылдан бастап, әдебиет академиясының басшысы болды.

1980 жылдарданбастапеңатақтыпрозаиктардың бірінеайналды. 1982 жылы«Алтынқанаттықұс» атты повесі үшін Ким Тонин атындағы әдеби жүлденің иегері атанса, 1983 жылы «Император үшін» романы Корея Республикасының әдеби жүлдесімен марапатталады. Сонымен қатар, 1999 жылы Хо – Ам премиясының жүлдегері атанды [2].

Әртүрлі тақырыпты қамтып, оның ішінде діни, саяси, дәстүр, одан өзге, конфуций ілімі жайлы өз ойын айтқан шыншыл қаламгерлердің бірі. Оның классикалық «Үш патшалық» атты қытай тіліндегі романыүлкенсұранысқаиекоммерциялықкітапқаайналды. Жарыққашыққансоң10 томдықкітаптың 11 миллион данасы сатылған болатын. Оның шығармалары бірнеше батыс тілдеріне аударылып, Оңтүстік Кореяда экраннан көрсетілген.

Повесі: «Алтын қанатты құс» Новеллалары: «Менің жастығымның қысы», «Лашық әуені», «Біздің қисық батыр», «Алтын құс

Гаруда», «Арал».

Сюжетті шығармасы: «Бауырмен кездесу» Әңгімелер жинағы: «Үйге оралуға болмайды».

Детективті романдары: «Адамның ұлы», тарихи роман «Императормен сәлемдесу», «Ақын» [3]. «Бауырмен кездесу» немесе «Ағамен кездесу» шығармасында әлі күнге дейін күшін жоймаған, корей халқы үшін ең өзекті тақырып баяндалады. Бұл сюжетті шығарма болғандықтан, оқиға желісі Оңтүстік Кореядан Қытайдың Яньцзы елді-мекеніне арнайы әкесімен жолығуға келген кейіпкердің әңгімесінен басталады. Семинарды сылтау етіп, әкесімен жолығуға келген кейіпкерді әкесімен жолықтыратын Ким мырза осы жолы жолықтыра алмайтынын айтып, кейіпкердің семинардан соң, Сеулгеаттанғанынқалайды. КейіпкердіКиммырзаменЛюесімдіЯньцзыуниверситетініңпрофессоры таныстырады. Ким мырза Оңтүстік Корея мен КХДР азаматтарын құпия түрде жолықтырып, сол үшін күн көріс жасап жүрген Қытай азаматы. Ким мырзаның әйелі КХДР азаматшасы. Қытайға ем алу үшін келетіндіктен, Пхеньян қаласына барған сайын, кейіпкердің әкесі жайлы азын-аулақ жаңалықтарды біліп, жеткізіп отырған. Кейіпкер осы жолы әкесімен жолыға алмайтынын біліп елге оралады. Күз айларында жолыға алмаған ол, қыс мезгілінде жолығамын деп ойлайды, алайда, Лю мырза қыста Сеул қаласына келіп, әкесінің жазда дүниеден озғанын және Ким мырзаның одан жасырғанын әйелінің ауырғандығымен түсіндіреді. Осылайша, әкесімен жолыға алмағанына күйінген ол қатты күрсініп, көзіне жас алады. Лю профессор кейіпкерге көңіл айтып, әкеңіздің көзі болған өгей ініңізбен кездескіңіз келе ме? – деп сұрайды. Сол сәтте, кейіпкер, балалық шағында қиналғаны есіне түсіп, өгей інісімен кездесуге шешім қабылдайды. Қытайға қайтадан саяхат жасау мақсатында барып, інісімен кездесуді жөн санайды. Аталған күні Қытайдың Яньцзы елді-мекеніне келіп, інісімен бірінші күні жолыға алмайды. Екінші күні, кейіпкер орналасқан қонақ үйге Ким мырза інісімен бірге келеді. Алғашқы кездесу болғандықтан, өзін қоярға жер таппай, өзін қалай ұстарын білмейді. Оны көрген Ким мырза: Бұл сіздің ағаңыз, сізден он жасқа үлкен деп айтқандықтан, өгей інісі, иіліп амандасады. Алғашында бір-бірін жек көргендері сондай, сынап сөйлеседі. Алғашында, КХДР-дағы бауырларының есімін сұрайды. Ол менің есімім – Ли Хёк, үлкен әпкемнің есімі – Мун Хи, інімнің есімі – Му Соп деп жауап береді. Сол сәтте кейіпкер, әкесінің КХДР-да жүрсе де отбасылық есім беру дәстүрін ұмытпай, сақтап қалғандығына көзі жетеді. Гю – жер, Хён – металл, Хо – су, Бёнг – ағаш, Соп және Хи – от. Отбасылық есім беру дәстүрі осы иероглифтармен сипатталатынын айтып түсіндіріп болған соң, КХДР-дағы жағдайларының қалай екенін сұрайды. Інісі еш қиналмастан, жағдайларының өте жақсы екендігін айтады, алайда, кейіпкер өзінің жағдайының жақсы екендігіне қарамастан, інісі аяушылық танытсын деп жағдайымыз мәз емес, балалық шағымда әкем қашқын болып, біз қатты қиналдық, ішерге асымыз, киерге киіміміз болмады деп өзінің өкпесін жеткізеді. Кейін әкесінің қалай дүниеден өткендігі жайлы сұрайды. Қатерлі ісіктен қайтыс болды деп жауап береді. Кейіпкер үлкен ұлы болғандықтан, ырым бойынша құрбандық шалу үшін әкесінің қайтыс болған күнін сұрайды, сол сәтте інісі 21 тамыз бен 18 наурыз деп жауап береді. Інісінің бойын осы кезде қызғаныш билейді, өйткені корейлердің дәстүрі бойынша үлкен ұлы жыл сайын өмірге келген және қайтыс болған уақытта еске алуы керек. Кейін кейіпкер інісінен олардың анасы мен әкесінің қалай танысып үйленгендерін және отбасылық суреттерін сұрайды. Сол сәтте, ол анасы мен әкесінің университет қабырғасында танысқандығын және анасының әкесінің оқушысы болғандығын айтып, отбасылық суретті көрсетеді. Кейіпкер суретті алғаннан соң, кейіпкердің де бойын қызғаныш билеп, балалық шағы есіне түседі.

157

Суретке қарап отырып, әкесі мен бауырларын бұрындары көріп араласқан адамдай сезінсе, екінші әйелін көріп, суретте тұрған дақ секілді елестетеді. Әңгімелесу барысында олардың қайда тұрып, әкесінің көзі тірісінде немен айналысқандығы жайлы сұрайды. Кейін, Андон қаласынан алып келген соджуды елге оралғанда әкесінің зиратына барып, еске алу рәсімін жасауды сұрайды. Інісін түскі ас ішуге шақырып, бірге отырып соджу ішіп отырған кезде, інісі ағасына сенің соджу ішкенің әкемізге ұқсайды деген кезде, ағасы да мен кішкентай болғаныма қарамастан әкемнің қалай күлгені әлі күнге дейін есімде, сенің күлгенің әкемнің күлкісіне ұқсайды дейді. Аналары басқа болғандарына қарамастан, екі бауырды бұл сәтте әкесі туралы жылы естеліктер жақындастырады. Таңертең айтқан қатты сөздері үшін кешірім сұрап, шын мәнісінде біз де сендер секілді әкемізді уайымдадық. Саған өзімнің жағдайымды айтқаным біздің жағдайымызға қам жемесін дегеніміз деп айтады. Әңгімелесіп отырған кезде, арқалап келген дорбасынан жарқыраған медальды алып шығады. Әкем тірісінде осы медальды сізге беруімді өтінді. Бұл оның ауыл шаруашылыққа тигізген ерен еңбегі үшін берілген медаль деп ағасына сыйға тартады. Сыйлықты алғаннан кейін, ағасы біраз ойланып, Яньцзы елдімекеніне жақын жерде «құрбандық шалатын» орын бар екендігін айтып, інісіне әкесінің орны бар екендігін айтып, оны әкесіне алыстан құбандық шалуға шақырады. Осылайша екеуі барып, Андоннан алып келген соджуды ішіп, балалық шағындағы естеліктер мен екі елдің өмір сүру дағдыларын сөз етеді. Бірнеше сағатты артқа тастап, қонақ үйге келеді. Ағасы інісіне алып келген қаржысын беруге ыңғайсызданып, қонақ үйге кіріп кетеді. Інісі болса уақытының тығыз екенін айтып, кешкілік мүмкіндік болса келетінін айтып кетеді. Қонақ үйдегі бөлмесіне кешке інісі келіп, тағы да соджу ішіп отырған кезде, күндіз айтқандарының бәрі жалған, жағдайларының төмен екендігін айтып, үлкен әпкесінің Пекин қаласында тұрып жатқандығын құлақ қағыс етеді. Егер кездесемін десеңіз ертең Пекин арқылы жолға шығасыз, мен сізге әпкемнің нөмірін қалдырамын, хабарласыңыз дейді. Ағайынды екеуі түнімен ұзақ сырласып, таңғысын ерте тұрып жолға шығар сәтте көмек ретінде 4000 АҚШ долларын қолына ұстатқан сәтте, «Аға, өтінем тоқтаңыз! Сізге бәрібір, осындай тәртіппен әлі ұзақ өмір сүруге тура келеді. Ақылды болыңыз! Егер сіздің аяғыңызға аяқ киім тура келмесе, тура келген аяқ киімді киіңіз! Әрине, ыңғайлы аяқ киім кигенге не жетсін, бірақ қалтаңыз көтермесе амал нешік? Аяқ киім сататын дүкендерге әдетте, етікшілер ие болады. Оңтүстіктегі Либералдар менің нилигизмім үшін кінә тағушы еді, бірақ менің сізге айтқым келетіні: сіз менің сүйегім, қанымсыз, келешекті болдыруға асықпаңыз! Осы күніңізге орындалған арман ретінде қарамаңыз! Өтінем, революцияға араласпаңыз, оның жеңіске жетуге ешқандай мүмкіншілігі жоқ! Шыдамдылық танытып, күтіңіз! Барлығы уақытымен болады...» деген кейіпте інісі ағасымен қоштасып кете барады. Ағасы болса Пекин қаласына барып, қарындасымен кездескісі келеді, алайда, мемлекет тарапынан үлкен бақылау болғандықтан кездесудің сәті түспейді. Осылайша, басты кейіпкер Сеул қаласына әкесінің көзі ретінде қалған жылтыраған медальды алып оралады. Оқиға желісі осымен аяқталады [4].

Бұл шығарма өте аянышты әрі қиын кезеңді сипаттайды. Автор осы шығармасы арқылы Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяда сол кезде орын алған басты проблеманы көрсетеді. Айырылысқан адамдардың психологиялық ахуалын сипаттап, корейлердің әлеуметтік жағдайынан хабардар етеді. «Бауырмен кездесу» шығармасын оқығаннан кейін біраз ойланып, кейіпкердің орнына өзімді қойып көрдім. Егер, менің басыма осындай күн туса, не істеген болар едім? Әкемді осы әрекеті үшін кешірер ме едім? - деген сұрақтарға жауап іздедім. Бұл шығарманың негізгі идеясы адамды бауырмал әрі шыншыл болуға тәрбиелейді. Әкесі өмірден өтсе де, қорықпай, сол кездегі қатал заңға қарамай, екі бауырдың бір-бірімен кездесуі, әкелерін еске алып, жүректерінің жібуі сүйсінуге тұрарлық. Қанша дегенмен, «Бала – адамның бауыр еті, көз нұры» дегендей, әкесі ақтық сапарға аттанып бара жатса да, үлкен ұлын ойлап, оған үлкен сыйлықты қалдырып, екінші некесінен туған үлкен ұлына аманат етіп табыстауының да өзіндік мәні бар. Бір отбасы Оңтүстікте қалса да түбінде балаларым көрісіп, араласар деген ниетпен тастаған болса керек. Бұл жерде әкенің сағынышы мен балаларын бірге көрудегі орындалмай кеткен арман-мақсаты көрсетіледі. Қандай жағдай болса да «үлкендердің қателігіне балаларының жауап бермейтіндігін» осыдан-ақ көруімізге болады. Менің түйгенім, өмірде барлығы болады, алайда, әкесі мен балаларын және бауырларын айыруға ешкімнің қақысы жоқ. Қандай қиын жағдай болса да, қаны бір, жаны бір бауырларды ешкім ажырата алмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.https://www.livelib.ru/book/1000975114-nash-isporchennyj-geroj-vstrecha-s-bratom-povesti-sbornik-li-mun-jol (қараған күн 05.04.2018)

2.https://www.livelib.ru/author/702700/quotes-munjol-li (қараған күн 07.04.2018)

3.https://www.e-reading.mobi/bookreader.php/1050053/Li_-_Nash_isporchennyy_geroy._Vstrecha_s_bratom.html (қарағанкүн 06.04.2018)

4.https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8_%D0%9C%D1%83%D0%BD%D1%91%D0%BB%D1%8C (қараған күн 05.04.2018)

158

Муханбеткалиева А.А.,

Магистрант КазНУ им. аль-Фараби

THE DEFINITION OF A TEXT IN LITERARY TRANSLATION

The core of the informative function of language is external situation, the facts of a topic, reality outside language, including reported ideas or theories. For the purposes of translation, typical 'informative1 texts are concerned with any topic of knowledge, but texts about literary subjects, as they often express valuejudgments, are apt to lean towards 'expressiveness'. The format of an informative text is often standard: a textbook, a technical report, an article in a newspaper or a periodical, a scientific paper, a thesis, minutes or agenda of a meeting.

The disadvantage of it, like many other definitions of the text, is the excessive complexity and weak distinctness of the concepts and attributes associated therein that phenomenon, which in everyday life is called the text. So, for example, the text recognizes as organized by one of the existing models in the literary model, is it means any message in a non-normative language is not text? Further, the text is characterized by its own distinctive features. However, the distinctive signs, in essence, are inherent in any linguistic object: by the attributes that are put forward as linguistic, the text can not be distinguished from the sentence. [3, 120]

According to extralinguistic features, the text is any situation that makes sense for outsiders. For example, a street fight can be interpreted as a text reporting a particular kind of conflict and its participants.

The most productive definitions of the text in modern linguistics are those that highlight, on the one hand, the character nature of the text, and on the other hand its undoubted and close connection with cognitiveemotional processes. For example, according to the definition of Yu. A. Sorokin, "the text is nothing more than any sequence of linguistic (speech) symbolic means, with signs of connectivity, wholeness (integrity) and emotivity ... that can be fixed ... and interpreted ... "In this definition, however, there is an essential flaw, namely: the contradiction between the concept of" any ", on the one hand, and the notion of" having connectivity, integrity and emotivity ", on the other hand, in application to the notion of" consistency symbolic means ".In fact: not any character string is the text, and only such, shaped in a certain order, it is a system of signs that can be recognized by at least one recipient in meaning.[1, 74]

In essence, the text is an ordered set of signs that has the ability to activate in a certain way cognitive and emotional processes necessary for the reconstruction of meaning.

If we accept such a definition as the basis for ideas about the text in terms of artistic translation, then we will be interested in several related factors. First, this is the idea of the order of the translated text. Secondly, the idea of the artistic functions of linguistic signs used to construct and reconstruct the signs of artistic text in translation. Third, the idea of a communicative and pragmatic situation, in which the artistic text manifests itself: the presence of an author (with his cognitive-emotional complex of ideas about the world and the subject of utterance), the text itself (a product that corresponds to the conditions of artistic orderliness) and the reader with his cognitive-emotional complex of ideas about the world), recreating the subject of the utterance in his perception.

One normally assumes a modern, n on -regional, non-class, non-idiolectal style, with perhaps four points on a scale of language varieties: 1) a formal, non-emotive, technical style for academic papers, characterised in English by passives, present and perfect tenses, literal language, latinised vocabulary, jargon, multi-noun compounds with 'empty1 verbs, no metaphors; 2) a neutral or informal style with defined technical terms for textbooks characterised by first person. [2. 87]

Consider these factors: a measure of sign ordering as a property of a text, a word or a separate sentence by itself does not create a text if their combination does not correspond to some degree of ordering that creates the whole. Conditions of ordering can serve as the whole set of relations between words and sentences, which can be recognized by perception. With respect to the artistic text, the conditions of order, in addition to language restrictions, are usually given by a stable literary tradition, a measure of the receptivity of a reader (individual or cumulative) and the author's literary talent. Such conditions are, for example, different types of sequence, combination, or number of linguistic signs. A phonically or rhythmically justified sequence can, in addition to the meaning of words and the meaning of sentences, cause certain sensations, semantic moods and associations even before the rational development of the text. This condition for creating an artistic text plays a particularly important role in versification. The shades of such orderliness can not be perceived by all and not in their entirety, but its very certainly perceived by the bearers of the literary tradition.

In addition to the sound-metric form, certain conditions of lexical compatibility can be signs of orderliness, for example creating such special meaning strings as irony, play of words, metaphor or other stylistic devices. Syntactic ordering is an unconditional sign of an artistic text: from the most complex syntactic structures such as periods in philosophical and psychological prose to abrupt or even deliberately violating the norm,

159

characteristic of the prose of the "stream of consciousness." Both of these measures of orderliness in the text are a difficult test for an interpreter, especially in the absence of a literary tradition or differences in artistic functions.

Debates about translatability concern primarily the question whether translation from one language into another is possible at all, or in what sense or to what degree it is possible. They extend to more social and ideological issues concerning what should or should not be translated. Historically, the social issues may well pre-date the linguistic ones, and be rooted in the belief that sacred texts containing arcane truths must not be profaned by explicating, disseminating or translating them (see bible, jewish and christian; qur’ān). The debates, moreover, invariably turn on what one understands by the term ‘translation’. [4, 323]

However, note two points: 'informative' texts constitute the vast majority of the staff translator's work in international organizations, multi-nationals, private companies and translation agencies. Secondly, a high proportion of such texts are poorly written and sometimes inaccurate, and it is usually the translator's job to 'correct' their facts and their style (see Chapter 18). Thus, in spite of the hoary adages ("translation is impossible', etc.), the majority of translations nowadays are better than their originals - or at least ought to be so. [1, 77]

Artistic functions of linguistic signs in the text. It is known that the word in the text is not equal to the word in the dictionary; Similarly, the same word in different texts can exhibit completely different sense-forming properties. What can we say about words that designate, according to the dictionary, the same thing in different languages? This feature of the functional aspect of linguistic signs is particularly clearly manifested in folklore texts. In particular, folklore traditions are characterized by a stable symbolic function: many words in folklore mean much more than their vocabulary value, and, even more complicated, this function may not coincide in different national traditions. For example, in Siberian folklore, the concept of "golden (yellow) lake (river)" does not mean "a lake of golden (yellow) color" or "a lake of gold," but a "sacred, forbidden lake (river)" belonging to the world of spirits. When translating into english, this function is lost, since the golden (yellow) sign is not necessarily associated in the British folklore traditions with a sacred series of representations. [2, 45]

Total translatability and total untranslatability are best regarded as limiting concepts. Full translatability, in the sense of an integral reproduction of a text’s full signification, may be possible only in the case of artificial formal languages. Complete untranslatability would be beyond words, as it would imply the impossibility of communication or even semiosis. Linguistically speaking, the different approaches to the question of translatability derive from fundamentally opposing views of the nature of language and meaning. [3, 143]

As a result of the loss of part of such functions or all of them in full, the words of the translated text are lost and the ability to wrest the corresponding meanings, associations and emotions in the reader's perception of the translation. This violates the most important conditions for the existence of the text as an artistic reality: it ceases to fulfill a significant part of the communicative and pragmatic task to serve as a link between the author and the reader.

References:

Peter N. A textbook of translation. – New York: Shanghai foreign language education press, 1988. – 311 p. Holman, M. Translation or transliteration? – 1985. – 452 p.

Didier. Voegelin, C. Casual language. – London: Cambridge, 1982. – 178 p.

Baker M., Saldanha G. Routledge encyclopedia of translation studies. – London: Routledge – 2009. – 698 p.

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]