Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

73

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
6 Mб
Скачать

наций в Риме и имеет честь сослаться на вопрос выдачи прав на работу сотрудникам Организации, который был недавно затронут). [NV ONU-It 2007].

Текст вербальной ноты заканчивается стандартной фразой - выражением вежливости:

>(Организация Объединенных наций по пищевой и сельскохозяйственной промышленности пользуется случаем, чтобы выразить Постоянному представительству Италии при Организации Объединенных наций в Риме уверение в своем высоком уважении). [NV ONU-It 2005].

Внизу справа указывается место и дата написания вербальной ноты, внизу слева возможен адрес получателя.

Вербальнаянотасоставляетсявсегдав3-емлице, вчеммыубедились, проведяконтент-анализряда вербальных нот. Однако частный случай вербальной ноты с единично-индивидуальным типом адресанта придает этому жанру определенную степень персонализации. В подобных текстах, как правило, указывается лишь должность адресанта, но под текстом документа следует его личная подпись.

Пример свидетельствует о том, что адресату в данной ситуации важны не личностные качества адресанта, а его функции и возможности, как представителя определенной государственной структуры.

Адресант большинства документов такого типа - единичноколлективный. Таковыми являются международные организации, структурные подразделения института дипломатии, дипломатические представительства, министерства.

В данных документах имеет место полная деперсонализация отдельной личности. Однако персонализируется институт, представляющий определенное дискурсивное сообщество. Как отмечает В.Б. Кашкин, массовая коммуникативная среда склонна к персонификации социальных институтов и, зачастую, источник сообщения - мифологем автора [7]. Наиболее распространенным способом создания персонификации в

двучленной синтагме является взаимодействие персонифицированного существительного с антропоморфным глаголом:

>(Министерство выражает свое почтение);

>(Франция выразила желание);

>(Канада и Соединенные Штаты заключают договор);

>(Правительство Канады, Австралии и Новой Зеландии решили представить кандидатуру).

В своей работе по дискурс-анализу Л. Филиппе и М.В. Йоргенсен анализируют феномен группы, особенности дискурсивной коммуникации в группах. В связи с этим возникает понятиепредставительства – важного элемента процесса формирования группы. В случае дипломатического дискурса под группой подразумевается государство. По мнению ученых, группа и представитель конструируются одновременно, должно существовать соглашение между представителем и группой, которую он представляет. Представитель группы должен выражать желание всей группы [8]. Данные отношения вполне соответствуют принципам работы института дипломатии и его связям с репрезентируемым государством.

В диахроническом плане жанр вербальной ноты сохраняет ригидность, свойственную официальнымдокументамиинституциональным жанрам. Данныйфактподтверждаетвербальнаянота от 5 января 1831 года:

> (Президент и члены дипломатического комитета имея честь получить от лорда Понсонби и госпадина Брессона, в вербальной ноте от 1 декабря 1830, сертифицированную копию протокола конференции, прошедшей в Лондане 20 декабря <...> обязуются дать на нее следующий ответ <...> Президент и члены дипломатического комитета просят принять лорда Понсонби и господина Брессона уверения в своем высоком уважении).

Структура ноты, клишированные фразы и формулы вежливости соответствуют современным требованиям по составлению текстов такого рода.

Таким образом, Классифицируя дипломатические документы, опираясь на фактор участников дипломатического дискурса, рассмотрены среди прочих, документы дипломатической переписки, где адресант и адресат — представители разных государств. Дипломатическая переписка включает в себя такие жанры, как меморандум, памятная записка, личная и вербальная нота. Вербальная нота представляет один из самых распространенных письменных жанров дипломатического дискурса. Являясь служебным документом, вербальная нота имеет четкую структуру, составляется на специальномбланкеидолжнасодержатьопределенныепротоколомформулывежливости. Вербальная нота может быть посвящена Широкому кругу вопросов в рамках деятельности института дипломатии, представляя собой зафиксированный результат устных переговоров.

101

Список литературы

1.Самойленко В.В. Дипломатическая служба: учеб. пособие [Текст] / В.В. Самойленко. - М.: Инфра-М, 2010. - 320 с.

2.Тихомирова Л.В. Юридическая энциклопедия. - Изд. 6-е, доп. и перераб. [Текст] / Под ред. М.Ю. Тихомирова/ Л.В. Тихомирова, М.Ю. Тихомиров. - М.: Изд. Тихомирова М.Ю., 2009. - 1088 с.

3.www.juridicaldictionary.com/Verbal_note.htm

4.БорунковА.Ф. Дипломатический протокол в России [Текст] / А.Ф. Борунков. - Изд. 3-е, доп. - М.: Международные отношения, 2007. – 264с.

5.Moussa F. Manuel de pratique diplomatique [Text] / F. Moussa. - Bruxelles: Bruylant, 1972.-411 p.

6.Кушнерук СП. Документная лингвистика: учеб. пособие [Текст] / СП. Кушнерук. - 2е изд., испр. и перераб. - М.: Флинта: Наука, 2008.-256 с.

7.Кашкин В.Б. Введение в теорию дискурса [Текст] / В.Б. Кашкин. - М.: Восточная книга, 2010. - 152 с.

8.Филлипс Л. Дискурс-анализ. Теория и метод [Текст] / Л. Филлипс, М.В. Йоргенсен. - Перевод с англ. - 2-е изд., испр.

-X.: Изд-во Гуманитарный центр , 2008. - 352 с.

Тоқтар Б.А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы «Шетел филологиясы» мамандығының 3-курс студенті

Ғылыми жетекші: PhD, аға оқытушы Досымбекова Р.О.

«ТАҒАМ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ( ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Әлемнің қай тілінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл танымы, болмысы мен тұрмыс-тіршілігінің бейнесі сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, танымынан, болмысынан, тұрмыстіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктер бар, оларға ең алдымен тілдегі фразеологизмдер, мақалмәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан дүниетанымдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр және болмыс ерекшеліктерін білдіретін ұлттық көріністің сипаты. Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі ерекше көрініс табатын тілдік бірліктер. Мақал-мәтелдер халықтың тек дүниетанымдық бейнесін қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар тәрбиелік мәні де зор болған.

Қазақ халқының тілдік қазынасы фразеологизмдер, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерге өте бай. Соның ішінде ас, тағам мен сусынға қатысты тілдік бірліктер жеке категорияға жіктеліп, топтастырылған.

Қазақ тілінде «нан» сөзімен келетін мақал-мәтелдер жетерлік, қазақ халқы ертеден нанның қандай еңбекпен келетінін біліп, жоғары бағалаған, мысалы:

1.Ас атасы-нан.

2.Дәнді шашпа, нанды баспа

3.Нан - тамақтың атасы, Ынтымақ – көптің батасы.

4.Нан бар жерде ән бар.

5.Кеудеден жан кетпесе, Ауыздан нан кетпейді.

6.Тістем нанның қадірін, тарыққанда білерсің. Анық достың қадірін, зарыққанда білерсің [1, 160б.].

«Нан» сөзімен келетін фразеологизмдер: «Жеті нан құдайы» - садақа беру, «деміне/кеудесіне нан пісу» [2, 20б.] - мақтану, адамның әлеуметтік жағдайының өзгеруі, «Нан ұрсын!» [2, 61б.]- ант-су ішу, «құрнансоғар» [2, 85б.] - жалқау. Бұлмысалдарданкөріптұрғанымыздай«нан» сөзітурамағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылып тұр.

Қытайдың « » сөзі бүкіл әлемге әйгілі, бұл тек Қытайдың тамақ түрлері өте көп екендігін ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар тамақ әзірлеу тәсілінде де өзіндік ерекше бір жағы бар екендігінің дәлелі.

Қытай асханасы түс, дәм, иіс, тағам формасына аса мән береді, тек қана қолданатын материалды мұқият зерттеп қоймай, сонымен қатар дайындау уақыты, пышақпен кесу тәсілі мен формасы сияқтыларға аса мән береді. Дәл осы себептен, Қытайдың өзіне тән ерекше тағам, сусын мәдениеті

қалыптасты, қытай тілінде « », « » деген сөздерге байланысты сөз тіркестері барлық жерде кездеседі, қытай тілін оқитын, білетін адамдар « », « » деген иероглифтерді өте жақсы біледі.

Қытай тілінде көп жағдайда сөзді ауыспалы мағынада сипаттау мақсатында қолданады, жиі тағамның сырт бейнесіндегі ерекшеліктерді адамдардың сырт келбетін, психикасын, іс-әрекетін,

жақсы-жаман жақтарын, мінезін сипаттауда қолданады. Мысалы, « » (сөзбе-сөз: жұмсақ нан

102

қамыры) - мінезі жұмсақ, момын адамды сипаттайды,

« » (сөзбе-сөз: пышақ ауыз,

тофу жүрек) дегенидиомасырткелбетіқатал, қаттыкөрінгеніменжүрегі керісіншеөтежұмсақадамды сипаттайды, « » (сөзбе-сөз: имбирь қартайған сайын ащы) идиомасы адам есейген сайын, тәжірибесі молаяды дегенді білдіреді.

Адамның сырт келбетін сипаттауда қытайлықтар « » (сөзбе-сөз: беті мандаринның

қабығы) дегенді бетінде әжімі көп, егде жастағы адамды сипаттауға қолданса, ал « » (сөзбесөз: сарымсақ мұрын) дегенді мұрны пұшық адамды сипаттайды.

Қытай тілінде тағам атауларын жиі әйел адамды сипаттау үшін қолданады. Қытайлықтардың түсінігінде әдемі әйел жиі миндаль көзді , шие сияқты кішкентай ерінді , беті нәзік лотос сияқты , саусақтары пияздың тамырындай жіңішке , маржандай ақ тістіболып келеді. Бұл сипаттаулар тек орынды ғана емес, сонымен қатар образды шынайы жеткізеді [3,

119-120бб.].

Қазақ тілінде «жеу» етістігі бірқатар сөз тіркестер мен фразеологизмдер құрамында кездеседі, мысалы: «таяқ жеу», «қамшы жеу», «шапалақ жеу», «қуырып жеу» [2, 23б.] - бәрін жинап алып ұрсу, «күні үшін күлін жеу» [2, 11б.] - әркімге бір жалтақтап, біреуге тәуелді болу, «өмірден тепкі жеу» [2, 13б.] - өмірде көп қиындық көру, «қамын жеу» - ойлау, «аспандағы қазды сорпасына шылап жеу» - дәмету, «опық жеу» - өкіну, «құлағының етін жеу» - көп сөйлеп мазаны алу, «битін қуырып жеу» [2, 94б.] - кедейлік; «тоймау» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер қатарында «араны ашылу», «аузы жарымау», «аш құрсақ», «жұмырына жұқ болмау» [2, 113б.]; «қатты тою» мағынасындағы фразеологизмдер: «аузы-мұрнынан шыққанша жеу», «кекірігі ату», «сылқия тою», «сыпыра соғу» [2, 112б.].

Тамақ жеуге қатысты етістіктер қазақ тілінде де, қытай тілінде де өте көп, « » - дәмін тату, « » -

шайнау, « » - тамаққа тоймау, « » - сілекейі ағу, « » - кеміру және т.б., бұл сөздермен құралған сөз тіркестері, фразеологизмдер қытай тілінде өте көп.

Басқа адамның тамақ жегенін көріп, өзіміз де жегіміз келіп, тәбетіміз ашылып кетеді. Дәл осындай жағдайда қытай тілінде « » (тоймау) етістігімен келетін « » - аш көзбен қарау, « » - сілекейі ағу, « » - тәбеті қозып, сілекейі ағу деген сөз тіркестері қолданылады. Дәм тату « » етістігімен келетін сөз тіркестері тіпті көп, мысалы: « » - тырысу, « » - қиындықтың дәмін тату, « » - менің ашуымның дәмін тат, « » - қайғы мен қуаныштың дәмін тату, « » - қиындықтар көру, « » - қиындыққа әбден тою.

Қытай тілінде « » - қышқыл, « » - тәтті, « » - ащы дәм, « » - ащы, яғни бұрышы көп, « » - дәмітұщы, « » - хошиісті, « » - сасықдегениіспендәмдісипаттайтынсөздерқиындыққатолыадам өмірін сипаттайтын сөз тіркестері мен фразеологизмдер құрамында кездеседі. Мысалы: « » жақсы, жағымды дәм, осылайша «тәтті», «жақсы» деген мағынаны білдіреді, « » (сөзбе-сөз: тәтті сөз)

– балдайтәттісөздер, « » - тәттіұйқы, « » (сөзбе-сөз: өміртәтті) – өміріжақсы, жайлы, « » - қайғыдан соң жақсылық келеді деген фразеологизмдердің барлығының құрамындағы «» сөзі жағымды, жақсы мағынада қолданылған [3, 123б.].

Қазақ тілінде де «дәмді» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер көптеп артылады, олардың ішінде «ішіп жалағандай», «ауыздан дәмі кетпеу», «таңдайды жұлып бара жату», «тілді суырып әкету» [2, 112б.] және т.б.. «Бал» сөзімен қолданылатын тілдік бірліктер: «бармағынан бал тамған», «балды бармақ» [2, 80б.] - өнерлі, «балжаласыпкету» [2, 45б.] - тату болу, «тіліненбалтаму» [2, 77б.] - шешен, «қызыл сөзден бал жағу» - мақтаншақ адам, «ағаштан бал, шөптен сүт ағылу» - молшылық [2, 96б.].

Қазақ тілінің лексикасыныңбай екендігін, ата-бабамызайтқансөзіннақты, дөптүсіпайтқандығын, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні зор екендігін, қазақ халқының асқа аса құрметпен қарайтынын келесі мақал-мәтелдерден көруге болады:

1.Ас – адамның арқауы.

2.Асы бар аяқ әдемі.

3.Ас иесімен тәтті, табағымен жақсы.

4.Ас тұрған жерде ауру болмайды.

5.Ас үстінен аттама,

Астан үлкен емессің.

6.Ас - тамағым, тыныш - құлағым.

7.Асы жоқ алтын сияқты, Алтынын ал да, отқа жақ.

8.Ас ішсең, атауыңдай іш, Ауырсаң, мұрттай ұш.

103

9.Айға жетпес асыңды, ауылдастан аяма.

10.Асты қуыс ішер, не туыс ішер.

11.Асқа талау түссе,

Иттің құдайы береді.

12.Аз асың аяған көп астан құр қалады.

13.Аты бардың тынысы бар,

Асы бардың ырысы бар.

14.Атың барда жер таны, Асың барда ел таны.

15.Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.

16.Аз асқа жасауыл болма, Көп асқа бөгеуіл болма.

17.Піскен астың күйігі жаман.

18.Ертеңгі асты тастама, Кешкі асқа қарама.

19.Түскі асқа түстік жерден келеді, Кешкі асқа күндік жерден келеді.

20.Жақсы ас қалғанша,

Жаман қарын жарылсын [ 4, 310-311бб.].

Қазақ халқы ақты, яғни сүт өнімдерін өте қастерлеген, ақты байлық пен дәулеттіліктің белгісі санаған, тіпті түркі халықтарының Жаңа жылы, күн мен түн теңелетін кез, қоршаған орта жаңарған кезең Наурызмейрамы кезінде «Ақмолболсын!» дептілектілеген. Сондықтан, ақтың бір түрі«айран» сөзімен келетін фразеологизмдер қазақ тілінде біршама: «айрандай аптап, күбідей күптеу» [2, 24б.] - мақтау, мақтану, «қойын құрттап, айранын ұрттап» [2, 33б.] - ешкімнің көмегінсіз күн көру, «айрандай ұйыпотыру» [2, 45б.] - тату-тәттіболу, «абыройынайрандайтөгу» [2, 50б.] - ұятқақалу/қалдыру; басқа дафразеологизмдер «сең соққанбалықтай болу» [2, 53б.] - басықату, «жартықұрттыжарыпжеу, бүтін құрттыбөліпжеу» [2, 45б.] - татуболу; «дәм-тұзыжараспау» - ренжісу, «дәм-тұзынаттау» - опасыздық, «табанын тіліп тұз құю» - озбырлық, өктемдік көрсету [2, 54б.].

Ас ішкенде қолданылатын құралдар да жиі қытай тілінде әр түрлі сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің құрамында кездеседі, адам өміріндегі құбылысты сипаттайды.

« » - кесе сөзі «Реформа және ашық есік» саясаты қабылданғаннан кейін қазіргі қытай тілінде өте кең қолданысқа ие. Қытайлықтарда « » жасалу материалына қарай, « » (сөзбе-сөз: қыш кесе),

« » (сөзбе-сөз: темір кесе), « » (сөзбе-сөз: алтын кесе) сөз тіркестері қалыптасқан. « » деген сөз тіркесі жұмысы кепілденбеген, кез келген уақытта жұмысынан айырылып қалу қаупі бар жұмысты сипаттайды. « » деген сөз тіркесі керісінше, жұмысы сақталады, айырылып қалу қаупі жоқ жұмыс түрі. Мысалы: « » - Ұстаздық қызмет шын мәнінде сенімді жұмыс. «

» деген мұқтаждығын толықтай қанағаттандыратын, қалағанының барлығын сатып ала алатын, табысы жақсы, жайлы қызметті сипаттайды. Одан басқа, қасық, ожау, пышақ сөздері де сөз тіркестер құрамында келіп, кең қолданысқа ие [3,125б.].

Қазақ тілі құрамында тамаққа қатысты құрал-жабдықтарға байланысты фразеологизмдер көлемі өте ауқымды, әр түрлі жағдайларды, іс-әрекеттерді сипаттауда кең қолданылады. Мысалы: «майлы қасықтай жылпылдау» [2, 15б.] - жағымпаздану, «дайын асқа тік қасық» [2, 31б.] - еңбексіз дайын нәрсеге тап болу, «қасықтай қанын қию» [2, 38б.] - құрбан болу, «арасы майлы қасықтай» [2, 45б.] - татулық, «қасық қаны жоқ» [2, 115б.] - өте арық, «іші қазандай қайнау» [2, 43б.] - шарасыздық, «өкпесі қара қазандай болу» [2, 62б.] - өкпелеу, «қазан үстінен күн көру» [2, 85б.] - жалқаулық, «басы бір қазанға сыймау» [2, 86б.] - ынтымақсыз, «қазанына қаспақ қатқан» [2, 87б.] - лас, салақ, «қазанның құлағын/тұтқасын ұстау» [2, 91б.] - бастық болу, «қара қазанның қамы» - күнкөріс [2, 34б.].

Кез келген ұлт жүйесін тауып сөйлеуді жөн көреді. Сөзді, сөйлемді орынды қолдануды ұнатады. Әр тілдің белгілі бір грамматикалық заңдылықтары, ұзақ уақыттан бері қалыптасқан ой-танымы мен тұрақты сөздерінің болуы әр тілдің ерекшелігін айқындайды. Қытай және қазақ тілдерін туыс емес тілдер қатарына жатқызатындықтан, оларды салыстырып емес, салғастырып зерттеу қажет. Қазақ тілі де, қытай тілі де тамаққа қатысты тіл бірліктеріне аса бай тілдер қатарында. Бұл тіл бірліктері тілдің ерекше болмысын, халық дүниетанымын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сипаттап көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақтың мақал-мәтелдері. Құраст. Смайлова А.Т.– Алматы:Көшпенділер, 2006.

2.Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. –Алматы, 2010.

104

3.. . – : , 1999.

4.Қазақ мақал-мәтелдерінің алтын кітабы. –Аруна, 2015.

Умурзакова Л. Р.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы «Шетел филология» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекші: PhD, аға оқытушы Досымбекова Р.О.

ҚЫТАЙ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әрбір адамның есімі оны қоршаған ортамен, қоғам өмірімен тығыз байланыста болады. Антропонимика – ономастика ғылымының бір саласы, ол адам аттарының этимологиясын, тілдік ерекшеліктерін зерттейді. Дүниеге келген сәбиге ат қою, ол әрбір ата-ананың алдына келетін құбылыс. Оларға жарасымды есім беру ежелден келе-жатқан жалпы халықтың дәстүрі. Есімдер де халықтың тіліндегі сөздер сияқты өмір сүріп, ескіріп, қайтадан жаңарып отырады. Ежелден келе жатқан өмірлік маңызы зор ат қою мәселесі өз мәнін бүгін де жойған оқ, әлі де маңызды, аса өзекті қалпында қалып отыр.

Ежелгі заманнан бастап, адамзат есім қою үдерісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Көбіне бала дүниеге келген соң, ата-анасы есімдер анықтамасын қарап, мағынасына қарай ат таңдайды. Бұл тұрғыда қытайлықтардың бас айырмашылығы мен ерекшелігі - олар ешқандай кітап, есім жинақтарын пайдаланбайды. Есім таңдауда ата-ананың елесі мен қиялына сүйенеді. [1,164]

Қытай 5000 жылдық тарихы мен мәдениеті бар ел, олардың дүниеге деген көзқарасы, көптеген күрделі дәстүрлі әдет-ғұрыптары, қызықты әр түрлі түсінің өлшемдері бар халық. Олар есім беру үдерісінеасажауапкершілікпенқарайды, себебіқытайлықтардыңойыбойынша, адамныңесімітікелей оның тағдырына әсер етеді, сондықтан сәбиге неғұрлым жарасымды, үйлесімді ат қойсаң, оның болашақтағы өмірі соғұрлым бақытты, ақ жолды, сәтті болады деп сенеді. [2,3]

Қытай антропонимдерінің әлемі өте көрнекі болып табылады. Ол есімдер мәселесі көне заманнан күрделі болғанымен ғана емес, өзінің принципиалды өзгешелігімен де қызықты. Қытайдың қарапайым

– Ван Цзяньго, Хуан Дэгуан, т.б. антропонимдеріне қарасақ, ол біздің Айбек, Гүлнұр, Азамат есімдері сияқты көрінеді, бірақ қытай тілінде ол мүлдем олай емес. Бұл қазақ тіліне аударылған транскрипциялардың артында терең мағынаға тола есімер тұр, бірақ ол қабылдаушы тілдер мен мәдениеттерге түсінксіз болып келеді. [3,7]

Қытайдың ономастикалық дәстүрі грек және үнді дәстүрлері қатарында ең көне болып табылады, бірақ өзінің ұзақ тарихына қарамастан ол үлкен тілтанушылардың тобына бейтаныс болып келеді. Қытай антропонимдері еуропалық антропонимдерден өзінің фунцкионалдылығымен ерекшеленеді. Егер лингвистикада антропонимдерге дифференциация, индивидуализация қаситеттері ие болса, қытай антропонимдеріне сомен қоса басқа да маңызды фунциялары ие. Есім – ол жай ғана белгі емес, ол есім мен есім иегері, оның өмірі мен тағдыры арасындағы байланыс. Сондықтан есім таңдау – тек қана жай формальдылық емес, сонымен қатар көптеген объективті (тек, туған жері мен күні, т.б.) және субъективті (сәбидің келбеті, тепмперамент, т.б.) факторлар ескерілетін күрделі процесс. Қытай антропонимдерінің тағы да бір ерекшелігі ол иероглифтермен жазылады, ал қытай тілі қазіргі таңда идеографиялық жазуды қолданатын жалғыз тіл болып табылады. Сонымен қатар қытай тілі тоникалық тіл болғандықтан, есім таңдалған уақытта, оның омонимдері, олардың мағыналары да ескеріледі. Міне осындай лингистикалық, экстралингвистикалық ерекшеліктер қытай антропонимдерінің фунционалдылығы мен дамуына әсер етеді, ол өз тұрғысынан қытай антропонимдерің зерттеу процессін қызықтырады. [3,11]

Қытайлықтар есім таңдаған кезде тек оның мағынасына ғана емес, сонымен қатар құрылыс формасына да үлкен мән береді. Бұл жердегі форма дегеніміз есімнің грамматикалық, фонетикалық қабаттары мен есімнің құрылу моделі. [4,110]

Қытай есімдерінің еуропалық есімдерден айырмашылығы оның қысқа структурасында. Қытайлық антропонимикалық модель дәстүрлі, өзгермес формуланы көрсетеді, ол: Тек+есім(мысалы Су Дунпо, Су – тегі, Дунпо – есімі). Тек атадан балаға беріліп отыратын асыл мұра, қытай халқының дәстүрі бойынша ата-баба аты өз есімдерінен әлдеқайда маңызды болып есептеледі, сондықтан ол есімнің алдында тұрады. Есімге келетін болсақ, көбіне 2 иероглифтан (сирек жағдайда 3) тұрады, есім таңдаған кезде есімнің басты мақсаты – балаға деген адамгершілік қасиеттерін беру. [4,112]

105

Қытай ономатикалық жүйесінде тектің пайда болуы, қытай ғалымдарының айтуынша туыстық қатынастардыажыратуүшінкерек болды, олежелгідеасамаңыздыболды, яғнибіртұқымныңөкілдері неке құра алмады. Осылайша, қытай тегі қытай антропоним ішінде маңызды, өзіндік функционалды жүктемеге ие.

Көптеген дереккөздерде қытай тектерінің саны он екі мыңға жуық деп айтқанымен, оның ішіндегі 100 тегі танымал және көп қолданысқа ие. ҚХР-ның қоғам қауіпсіздік министірлігінің 2007 деректері

бойынша, қытайдағы ең таралған тек бесеу, олар: Ли, Лю, Ван, Чжан және Чжао. Статистика бойынша Ван ( ) фамилиясына ие 9 млн 399 мың адам бар, ол мемлекеттің 7,25%-ын

құрайды. [5,54] Қытай тектері қоғамда маңызды рөл атқарды, ол туыстық қатынастың бас белгісі, атадан-балаға

берілгендіктен, ұшырауға түспейді, текті өзгертетің болсаң ол ата-бабаға бағынбаумен теңеледі. Қытай есімдерінің тағы бір ерекшелігі, есімдер түбірлік морфемалардан құралған, олар ешбір

қысқартуларға мысалы Дінмұхамед-Димаш, Владислав-Вова, Самуэль-Сэм сияқтыға келмейді. Есім әрдайым толық айтылады.

Ер адам есімдері қытай қоғамының негізгі құндылықтарын сипаттайды, табиғи күш пен қуаттылығын қамтып көрсетеді. Ер есімдері батырлық, батылдық, күш-құаттылық, адалдық сияқты қаситтерге қатысты таңдалады. [5,60]

Ұл балаға есім таңдау ата-ананың тілек ретіндегі көрінісі қана емес, сонымен қатар сол баланың болашақпен қатысы бар үміті. Мысалы адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттері бар адам

болсын деген үміті болса Жэнь иероглифын қолданады( , , ). Айдаһар қытайлықтар үшін ең басты жануар, сондықтан балалары айдаһардай күшті, мықты болсын деген ниетпен есім

қояды ( , ). [6,119]

Әйел есімдеріне келетін болсақ, олардың мағынасы эстетикалық және эститикалық сипаттағы иероглифтардан тұрады. Әйел есімдерін ер есімдерден ажырататын басты белгі – ол қытай мәдениетіндеәйелесімінеқатыстызаттарменқұбылыстардыатайтынсөздердіқолданады, мысалыгүл атаулары, бағалы тастар, эпитеттер, т.б. Сонымен қатар қыз балаға есім бергенде , көбіне «сұлу,

сұлулық» сөздері қолданылады, мысалы Мэйли ( ) – «сұлу жасмин», Сюли ( ) – «көрікті жасмин», Маньчжу ( ) – «көрікті інжу, т.б. [6,138]

Қытай есімдерінің жалпыға ортақ тізімі жоқ болғанымен, есімдерді мағынасына қарай классификациялауға болады:

«Бақыт мен байлық». Мысалы қытай есімдері арасында, Фу Чэн ( ) «толықтай бағытты, бақытты болу»; Цзе Фу ( ) «ұлы бақыт»; Хэ Цзинфу ( ) «ұлы бақытқа қол жеткізу, мәңгілік амандық»; Да Фу ( ) «өте бай»; Фу Лэ ( ) «байлықтан бақытты» сияқты есімдер жиі кездесіп тұрады.

«Денсаулық пен ұзақ ғұмыр». Ежелден бастап адамдар үшін денсаулық өмірдегі бас құндылық болып табылады, бірақ қытайлар денсаулықпен қатар басқа нәрселерді де армандайды, ол байлық

немесе жұмыс, т.б. Есімдерде: «дені сау, мықты», «тату, сабырлы, бақытты», «жас, жыл,

жылдар», «ұзақ ғұмыр» сияқты бөлшектер кездесуі мүмкін. Мысалы Вэн Дуцзянь ( ) «біріңғай дені сау»; Сун Юннянь ( ) «ұзақ өмір».

«Мінезбелгілері». Бұлтопесімдерінде «қатты, берік»; «адалмінезді, қонақжайлы», «батыл, батыр»; «адамгершілігі мол, мәртебелі»; «адамсүйгіш»; «адал, мейірбан» бөлшктерікездеседі. Мысалы, Ван Лэтянь ( ) «өміріне риза, өмірсүйгіш, тағдырына қанағат», Ван Синшань ( ) «адамгершілікке табиғи бейім болу», Лю Тефу ( ) «темір секілді күйеу» мағыналарын білдіреді.

Бұл антропонимдерде қолданылған құндылықтар қытайдың мәдениеті мифологиялық және космологиялық болғаны екендігін көрсетеді. [7,97]

Қытай есімдерінің жинақылығын, семантикалық күрделілігін көрсеті үшін, антропонимдерді талдап қарастырайық:

Әйел антропонимі Ван Юйчжу ( ) Ван деген текпен Юйчжу деген есімнен тұрады. Юйчжу () есімі «жаңбыр» және «бамбук» деген екі сөзден тұрады. Біріншіден бұл есім тұрақты тіркеске «

Жаңбырдан кейін жас бамбук секілді (бір нәрсе/құбылыстың тез дамуы немесе көрінуі

мағынасын білдіреді)» ара қатынаста болады. Ендеше бұл есім «Тез өсіп, тез даму» тілегі болады. Екіншіден бұл есімнің шығу тегі қытайлықтардың космологиялық түсінігіне (шығыс күнтізбесі бойынша белгілі бір жануарға не табиғат күшіне тиесілі болу) қатысты болады. Бұл есім иесінің айтуы бойынша, ол шығыс күнтізбесінің жылан жылында дүниеге келген, ал жылан бамбук орманында мекендейді. Сәйкесінше, аман, сәтті өмір сүру үшін, бұл бикештің есімінде өзінің жұлдызнамадағы жануардың «мекендеу жерін» білдіретін сөз болуы керек. Сонымен қатар, бұл есімнің иегеріне «су»

106

стихиясы тиесілі, сондықтан оның есімінде кез келген бір «су» немесе «су»-ға қатысты белгісі болуы керек, мысалы «жаңбыр». Нәтижесінде, бұл есім қытай космологиялық көзқарасы тұрғысынан өте жарасымды. Үшіншіден, жаңбыр да, бамбук та қытай мәдениетінде тұрақты символдар. Оның себебі, бамбук қыста да гүлдейтін ағаш болғандықтан, ол тұрақтылық, көпжылдықпен ассоциациясы бар. Бамбуктан каллиграфиялық құрал-жабдықтар жасалғандықтан, ол буддалық және даостық ғалымдар мен суретшілері үшін құндылық болды. Жаңбыр ол жемістіліктің маңызды символы. Қытайда ол сонымен қатар «инь – ян»» үйлесімділігімен де ассоцияланады. Нәтижесінде, бір есім бірнеше бағытта қарастырылып қойылады. [3,115]

Пан Шилу( ) антропонимі Пан тегі мен Шилу есімінен тұрады, бұл жердегі Ши ( ) сөзі «өлең, тақпақ», ал Лу ( ) «үздік (ақ) нефрит» мағынасын білдіреді. Есімнің интерпритациясы айқын, әрі кең «нефрит секілді керемет өлең», т.б.

Чжан Сыци ( ) антропонимі де өте қызықты,оны талдайтын болсақ: Сы ( ) «ой, ойлау» мағынасын, Ци ( ) «ерекше, ғажайып, таңғаларлық» мағынасын білдіреді. Нәтижесінде Сыци есімін «ғажайып ой» немесе «ғажайып ойлау» деп екіжақты аударсақ болады. Бұл есімдегі компоненттер бірбірін анықтайды. [3,116]

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, келесідей қорытынды жасай аламыз:

Қытай антропонмдері форма мен жүйелігі жағынан «синкреттік» яғни жинақылық болады. Есімдерді жүйелігі ол есімнің белгілі құрылыс моделі бар екендігінде – бір буынды тек пен екібуынды есім. Синкреттілігі ол есімнің семантикасы өте күрделі, бірнеше мағынаға ие болғаны көрсетеді.

Келтірілген мысалдарға қарай отырып, бір есімнің қандай бір жағынан қарапайым болғанымен, екінші жағынан оның мағынасының қандай терең екенін байқай аламыз. Осылайша қытай антпоронимдеріне түрлі лексика-семантикалық әртүрлілік тиесілі екенін байқаймыз. Және әрбір есім лингсивтикалық та, экстралигвистикалық ақпараттың тасымалдаушысы екені де айқын көрінеді.

Қытайдың ат қою дәстүрі бүкіл халықтың рухани және материалды мәдениетінің квинтэссенциясын көрсетеді, ал қытай анропонимдері бірнеше мыңжылдан келе жатқан дәстүрдің ең құндысы дегеннің бәрін өзіне сіңіріп алған, және олар оқырмандарды қытайдың философиясы мен мәдениет ерекшеліктерімен таныстырады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Системы личных имен у народов мира. М., Главная редакция восточной литературы издательства «Наука», 1989.

2.Хигир Б.Ю. Энциклопедия восточных имен/Б.Ю. Хигир. – М: Издательство ФАИР, 2006.

3.Хамаева Е.А. Китайские антропонимы/ Е.А. Хамаева. – Иркутск: МГЛУ ЕАЛИ, 2015.

4.: . - : , 2010.-245 .

5.. / . - : , 2013.-160 .

6.. / . - : , 2009.-222 .

7.Завьялова Т.Г. Имя в китайской культуре/Т.Г. Завьялова. – Новосибирск, 2013.

Қанапия А.Б.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының 3-курс студенті Ғылыми жетекші: аға оқытушы Шадаева М.Т.

ҚАЗАҚ-ЖАПОН ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «ЕРКЕК» ЖӘНЕ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ТІЛДЕГІ КӨРІНІСІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ-САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Мақалада мақал-мәтелдердің негізінде қазақ және жапон дүниетанымындағы «әйел» және «еркек» деген түсініктердің вербализациясының ерекшеліктері, әйелдер мен ерлердің рөлі: әлеуметтік мәртебесі, отбасылық қарым-қатынасы, қоғамдағы мінез-құлық нормалары және т.б. келтірілген.

Қазіргі уақытта әртүрлі халықтар арасында «әйел» және «еркек» концептілерінің зерттелуі көптеген заманауи ғалымдар ― психологтар, әлеуметтанушылар, тіл мамандарының назарында. Әйел мен еркектің ара-қатынасының маңызы олардың отбасындағы және қоғамдағы алатын рөлін анықтаумен тығыз байланысты. Тілдегі әйелдің немесе еркектің бейнесін анықтау көбінесе тілдің паремиологиялық және фразеологиялық негізінде зерттеледі, себебі ол қоғамда қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа коммуникация үдерісі арқылы берілетін әлеуметтік идеяларды бейнелейді. Мақал-мәтелдер халықтың әлеуметтік тәжірибесін, өмір салтын, географиялық жағдайын жалпылайды, қоғамның тарихы мен салт-дәстүрін айқын көрсетеді, мінез-құлықтың нақты бір нормалары мен ережелерін белгілейді, адамның мінез-құлқына және әрекеттеріне кеңес береді, ескертеді, айыптайды және бекітеді.

107

Көптеген зерттеушілер өз жұмыстарын «әйел» және «еркек» концептілерінің зерттелуіне арнаған болатын: А.В. Кирилина (Гендер: лингвистические аспекты, 1999), Э.В. Гейвандов (Женщина в пословицах и поговорках народов мира, 1995), Байғұтова А.М.( «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты: Канд. дис .автореф. — Алматы, 2008), Мажитаева Ш.М., Тажикеева А. (Тілдегі гендерлік мәселе жөнінде: Халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. —Қарағанды: Болашақ Баспа, 2009) және т.б.

Қоғам, мәдениет және тілдегі ― «әйел» және «еркек». Барлығымыз білетіндей, адам, екі ипостаста, еркек және әйел түрінде кездеседі. «Еркек-әйел» оппозициясы адамзат мәдениетінің негізі болып табылады. Бұған көптеген дәлелдемелер бар. Олардың бірі әлем көрінісі туралы ежелден келе жатқан тұжырым: сөз, рух - бәрінің әкесі, ал материя – анасы. Оларды біріктірудің нәтижесі – бүкіл әлем мен оны қоршаған дүние пайда болды [1].

Еркек және әйел концептілері барлық мәдениетте кездеседі, оларға әдет-ғұрып, фольклор, мифтік санада, «дүниенің қарапайым ой суретінде» айтарлықтай орын берілген [2]. Әлемнің антропоморфтық үлгісінде әйел бір жағынан әлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы бастауы, өмірге әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, тағдырдың бейнелеушісі болып теңелген. Екінші жағынан, әйел

– төменгі әлемнің, күнәның, зұлымдық, опасыздық пен жамандықтың, ретсіздіктің символы. Әйелдерге көбінесеосындайқасиеттер тәнболса, ер адамдар негізінен қайраттылықтың, батырлықтың символы ретінде сипатталады. Ерлердің де өздеріне сәйкес мінездері бөліп алынады. Мәселен, ер адамдар Отан қорғайтын, ел шетіне жау келсе, оған қарсы шығып, жанын құрбан ететін жандар.

Адамдардың жыныстық ерекшелігі олардың қоғамда алатын әлеуметтік орны, атқаратын қызметімен тығыз байланысты. Демек, тілдегі адам бейнесі әйел–еркек семантикалық оппозициясының лингвогендерлік және лингвомәдениеттанымдық негізі тұрғысынан сипатталады. Осы орайда туындайтын маңызды мәселе — ер адам мен әйел затының халық дүиетанымында алатын орныныңтілдекөріністабуы[3]. Осылайшатілдебелгілібірмәдениеткетікелейқатыстыбарлықнәрсе белгіленеді, ал мақал-мәтелдер халықтың лингвистикалық және мәдени қоғамдастық ретінде әзірлеген көптеген пікірлерін қамтуын негізге ала отырып, этникалық санада қалыптасқан ең маңызды құндылықтарды табуға мүмкіндік береді, демек еркек пен әйелді сипаттайтын мақал-мәтелдерді зерттеп, «әйел» және «еркек» концептілерінің берілген этносқа тән көрінісін анықтауға болады.

Кез келген тілдің мақал-мәтелдері арқылы белгілі этностың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін, менталитетін сол халыққа ғана тән элементтерін анықтауға болады. Мақал-мәтелдер негізінде нақты бір тілді қолдану аясында, яғни белгілі бір этностың ішінара қарым-қатынасында қолданылатындықтан, олардыинтерпретациалауүшінтектілдібілужеткіліксіз. Олжекетәжірибемен әлеуметтік тәжірибе негізінде бекітілуі қажет [4]. Мақал-мәтелдердің айырықша белгісі халықтың тәжірибесіне сүйенуінде [5]. Мақал-мәтелдер өз семантикасында халықтың мәдениетінің дамытуының ұзақ кезеңін көрсетіп, мәдени көзқарастар мен стереотиптер, сондай-ақ стандарттар мен нормаларды белгілеп ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Яғни мақал-мәтелдер әрбір ұлттың өзіне тән ерекше бірегейлік бейнесін көрсетеді.

Талдауғакіріспестенбұрынқазақ-жапонтілінде«әйел» және«еркек» сөздерініңқандаймағына беретіні жайында айтып өткен жөн. Қазақ тілінде әйел заты ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты әдетте өмір сыйлаушы жан, махаббат, сұлулық, әдептілік, мейірімділік сынды қасиеттерге ие. Ал еркек болса — отбасы қамқоршысы, отан қорғаушысы, отағасы, басқарушы, жол меңзеуші, басқарушы т.б.

Жапонтіліндекөпшілігімізбілетіндейөзімізгеүйреншіктіәріптер қолданылмайды. Қазақ және т.б. тілдердегідей жапон тілінің де өзіне тән жазу жүйесі бар. Әдетте жапондықтар «канджи»

(иероглиф) және «кана» атаулы жазу жүйесін қолданады. Жапон тілінде «еркек» сөзі (отоко) иероглифымен беріледі. (отоко) иероглифы, (та)- егістік және (чикара)- күш деген мағына беретін екі иероглифтың бірігуінің нәтижесінде пайда болған. Осы арқылы жапон тілінде еркек - мықты, еңбеққор, шыдамды, асыраушы сынды қасиеттерге ие деп айта аламыз. «Әйел» сөзі жапон тілінде (онна) иероглифымен беріледі. Иероглиф екі қолын алдына қойып, иіліп отырған әйелді бейнелейді. Жапон тілінде әйел иероглифы қосылып қолданылатын иероглифтер өте көп. Және де құрамында әйел иероглифы бар сөздер көбінесе жағымсыз мағынаны білдіреді. Мысалы: / (нэтаму) - қызғану, көре алмау; (кирай) - жақтыртпау, жек көру; (кашимашии) - шулы, мазасыз; (ясуй) - арзан; (нэйкан) - арам, айлакер; (шитто) - қызғаныш, т.б. Дегенмен, аз ғана болса да, жақсы, жағымды мағынаға ие сөздер де бар. Мысалы: (урешии) - қуаныш;(хаджимеру) - бастау ; (скии) - ұнату ; (йои) - жақсы.

Қазақ-жапон тілдерінде «әйел» және «еркек» сөздерінінің мағынасын талдау барысында біз ассоциативті сауалнама жүргіздік. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.

108

Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар [6]. Ассоциативті сауалнама Карл Густав Юнг (1875-1961) есімді швейцарлық психолог және психиатрдың әдісі бойынша жүргізілді. Бұл әдіс бойынша жауап беруші белгілі бір уақыт аралығында (10 сек.), нақты бір айтылған сөзге байланысты ойына келетін сөздерді қағаз бетіне түсіруі қажет. Біз алған сауалнаманың негізгі сөзі «әйел» болды. Сауалнама он қазақ және он жапон студентінен алынды. Нәтижесіндеқазақ өкілді студенттердің 58% – ана, 23%- жолдас (жар), 10%- махаббат, 9%-еңбекқор; жапон өкілді студенттердің 52% – ана, 32%- сүйкімді, 9%- әлсіз, 7%- айлакер деп жауап берді.

Тілде белгілі бір этностың мәдениеті мен дүниетанымы айқындалады, ал мақал-мәтелдер халықтыңұлттықсипатынбілу құралыретіндеқолданылааладыдегентұжырымдынегізгеалаотырып қазақжәнежапондүниетанымындағы «әйел» және «еркек» концептілерінің тілдегі, нақтырақайтқанда мақал-мәтелдердегі көрінісін анықтайтын болсақ.

Біз қарастырған мақал-мәтелдер бойынша екі тілде де «әйел» және «еркек» бейнелері:

сыртқы келбет

мінез-құлық

ойлау/ ақыл-парасат

өзара қарым-қатынас

әке/ана болу

сынды әр түрлі мағынада қолданылды. Мысалы:

1.(Оннано ками но ке нива дайсоу мо цунагару) ― Сөзбе-сөз (Әйелдің шашына үлкен піл де байланады) Әйелдің сұлулығына төтеп бере алмайтын жағдайда айтылады.

2.(Иецуки, каацуки, бабануки) ― Сөзбе-сөз (Үйі бар, көлігі бар, анасы жоқ).

3.(Онна саннин йореба кашимаши) ― Сөзбе-сөз (Үш әйел қосылса у-шу).

4.(Нананин но ко ва намасутомо оннани кокоро юрусуна) ― Сөзбе-сөз (Әйелің жеті бала туып берсе де жүрегіңе ерік берме).

5.(Оннатосакенивадокугаару) ―Сөзбе-сөз (Әйелдеде, шараптадау бар).

6.(Кавариясукива оннанококоро) ― Сөзбе-сөз (Әйелдің жүрегі оңай өзгереді).

7.(Оннава йовашисаредо хахава цуйоши) ― Сөзбе-сөз (Әйел әлсіз болғанымен, ана мықты).

8.(Мусумемируйори хахаояомиро) ― Сөзбе-сөз (Қызына қарағанша, анасына қара).

9.(Отокова мацу, оннава фуджи) ― Сөзбе-сөз (Еркек – қарағай, әйел –лалагүл).

10.(Азума отокони киоуджоу) ― Сөзбе-сөз (Еркек болса - Эдодағы мықты және стильді еркек, Әйел болса Киотоның нәзік және жұмсақ әйелі).

11.(Отокова хадакахяккан) Еркек қаншалықты кедей болса да, өз жағдайын жасап

алады.

12.(Отокова сото оннава учи) ― Сөзбе-сөз (Еркек сыртта, әйел іште).

13.(Чичино онва ямайоритакаку хахано онва умийорифукуши) ― Сөзбе-сөз (Әкенің игілігі таудан жоғары, ал ананың игілігі теңізге қарағанда тереңірек).

14.(даншино хитокото кинтэцуно готоши) ― Сөзбе-сөз (Ер баланың бір айтқан сөзі алтынға тең).

15.Шашты сабанмен байлау сияқты кедей өмір сүрсе де, еркек төзімділігін жоғалтпай, қанағатпен өмір сүреді.

1.Жақсы әйел жаман еркектi – ер қылады. Жаман әйел жақсы еркекті – жер қылады.

2.Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс.

3.Әйел – үйдің көркі, Еркек – түздің көркі.

4.Еркек – бас, әйел – мойын.

5.Жақсы әйел – ырыс, Жаман әйел – ұрыс.

6.Екі әйел басы қосылса, Үшінші әйелдің соры.

7.Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа

8.Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі.

109

9.Жетесіз ұл жеті атасын қаздырар.

10.Әйел — ана, еркек — пана.

11.Ағайын — алтау, Ана — біреу.

12.Жігітке жеті өнер де аз

13.Жаман еркектен жақсы әйел артық.

14.Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.

15.Жігіт жауда өлер, Шешен дауда өлер.

Мақал-мәтелдерге талдау жасай отырып, біз екі тілдегі берілген мақалдар арқылы қазақ-жапон халқының дүниетанымында еркектің де, әйелдің де маңыздылығын, сондай-ақ әрқайсысының қоғамдағы ойнайтын рөлі жайында тұжырым жасай аламыз. Мысал ретінде алып қарастырған мақалмәтелдерге талдау жасайтын болсақ. Қазақ тілімен салыстырғанда жапон тіліндегі мақал-мәтелдерде «әйел» негізінен теріс мағынаға ие екендігін байқауға болады. Еркектің қоғамдық-әлеуметтік дәрежесін әйел адамның қоғамдағы отбасылық рөлінен жоғары қойып, әйел затын жаратылысынан ер адамнан төмен тұратын екінші орындағы тұлға ретінде бейнелеу қазақ тіліндегі мысалдарда да кездескенімен, әйел адамның қоғамның маңызды бөлігі екені де ұмытылмайды. Қазақ тіліндегі берілген мақалдар бойынша ең бірінші алға қойылатын құндылық - өзара ауызбіршілік екенін көре аламыз. Сондай-ақ қазақ тіліндегі берілген мақал-мәтелдер арқылы біз еркек ұғымы күш-жігер мен қайрат, жауапкершілік иелері ретінде беріледі де, әйелдерге тәрбиелілік, ана болу парыз екендігін, сонымен қатар оның қоғамдағы алатын орнының ерекше екендігін байқай аламыз. Ал жапон тіліндегі берілген мақалдарға қарап, қоғамдағы еркектердің беделі әйелдерге қарағанда әлдеқайда жоғары деп айта аламыз. Әйелдер көбінесе ақымақтық, өсекшілік, тұрақсыздық, айлакерлік, әлсіздік сынды қасиеттерге ие болып келеді де, еркектер, білімділік, мықтылық, шыдамдылық, қанағат және т.б. қасиеттерге ие. Осылайша, кез-келген тілдің паремиологиялық негізі әртүрлі тілдердегі сөйлеушілердің дүниетанымын көрсетудің тиімді құралы болып табылады. Біз жүргізген талдау жұмысы бойынша қазақ-жапон дүниетанымында бұл концептілердің тілдегі көрінісі бірдей емес. Алайдабұлтұжырым біздің мысалретіндеалғанмақал-мәтелдеріміздіңаясындақұрылғандықтан, бұл тұжырымнақтыдепайтуда, әрине, қиын. Солсебептенбізболашақтадаосытақырыпбойыншаталдау жұмыстарын жалғастырғымыз келеді. Сондықтан да осы тақырыпты болашақта диплом жұмысының тақырыбы ретінде алуды жоспарлап отырмыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Маслова В.А. Лингвокультурология. М., 2001. — 121-б.

2.https://articlekz.com/kk/article/16454

3.Мажитаева Ш.М., Тажикеева А. Тілдегі гендерлік мәселе жөнінде: Халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: Болашақ Баспа, 2009. — 313-б.

4.Колшанский Г.В. Объективная картина мира в познании и языке. М., 1990. — 25- б.

5.Аничков И.Е. Труды по языкознанию. СПб., 1997. — 148-б.

6.https://kk.wikipedia.org/wiki/Карл_Густав_Юнг

7.А.В. Кирилина (Гендер: лингвистические аспекты, 1999)

8.Э.В. Гейвандов (Женщина в пословицах и поговорках народов мира, 1995)

9.H ir o k o S to r m Lafayette College Eastony PA. “Women in Japanese Proverbs”.

10.Байғұтова А.М. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты: Канд. дис .автореф. — Алматы, 2008.

11.Мажитаева Ш.М., Тажикеева А. Тілдегі гендерлік мәселе жөнінде: Халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: Болашақ Баспа, 2009.

12.http://kotowaza.jitenon.jp/kanji/975.php

13.https://www.zharar.com/kz/makal/7127-ayel.html

Орынбасарқызы Д.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының 1-курс студенті Ғылыми жетекші: аға оқытушы Абаған А.

КОРЕЙ ТІЛІНДЕГІ (ЖАН-ДҮНИЕ) ТҮСІНІГІ

Әрбіртілдетұрақтыбейнеліксөзорамдарбарекенібәрімізгемәлім. Олсөзорамдарқарым–қатынас барысында туындамай, сөйлеу барысында сөз ретінде қолданылып отырады. Осындай сөзорамдарды зерттейтін тіл білімінің дербес саласын фразеология деп айтамыз. Тіл мамандары тарапынан бұл саланы зерттеуге қызығушылыр қатары артып, зерделеуге талпынушылар саны да күннен күнге өсуде. Соның бірі ретінде корей тілінде де қазіргі таңда фразеологияны кеңінен зерттеу қолға алынып отырғанын айта кеткен жөн. [1.6]

110

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]