Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

73

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
6 Mб
Скачать

Ресей, Қытай, Индия арасындағы геосаяси мүддені былай қойғанда, аймақ елдерінің өзара шекаралық, суды пайдалану және т.б проблемаларын жоққа шығара алмаймыз. «Азияның өзіндік ерекшелігі – ол төтенше көп бояулы, әртүрлі жікке бөлінген және қуатты жанжалдар әлеуетіне толы. Бұл дауласуды қажет етпейтін аксиома...Азия құрлығындағыдай аумақтық дау-дамайлар дүниенің басқа бөлігінде болған емес» - дейді Қ.Тоқаев «Беласу» кітабында[2, 328 б.].

Азияның кіндігінде орналасқан Орталық Азия – табиғи ресурстарға бай, ерекше мәдениөркениеттік потенциалы бар, транзиттік әлеуеті зор, сонымен қатар тұрақсыздық пен қақтығыстардың да ошағына жақын орналасқан. Орталық Азиядағы саяси жағдайды өзінің динамикасы, көпдеңгейлі сипатыжәнеынтымақтастықтыңәлісіздігіментүсіндіругеболады. Дегенменсоңғыжылдарыаймақтық және трансаймақтық интеграциялық үрдістер күшеюде. Оған 2013 жылдан бері Қытай іске асырып жатқан «Бір белдеу – бір жол» бастамасын айтамыз. 2018 жылғы РФ Президент сайлауы мен ҚХР Конституциясындағы өзгерістер аймақтық ынтымақтастықтың өзектілігін еселей түседі.

2018 жылы 15 наурызда Астанада «4+1» форматындағы жұмыс (консультативтік) кездесудің Қазақстан үшін ғана емес, Орталық азиялық мемлекеттер – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан үшін мән-маңызы зор болды. «4+1» форматындағы дейтініміз, алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес, Түрікменстан атынан Мәжіліс Төрайымы А.Нұрбердыева қатысты. Бірақ бұл фактор кездесудің деңгейі мен шешімдеріне әсер еткен жоқ. Бесжақты келіссөздің бауырлас елдер үшін ұлық мереке – Наурыздың алдында өткізілуінің өзіндік символикалық мәні бар[3].

ҚазіргіуақытқадейінОрталықАзияныңбесмемлекетітолыққұрамдабесретжиналған. 2017 жылы аймақ елдерінің екіжақты жүздесулері жиілегенін аңғарамыз. Оған аталмыш ел басшылары мүдделі екендігін білдірді. Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеев Самарқанд конференциясында «Ортақ жауапкершілік принципі негізінде Орталық Азияның өзекті мәселелерін күш біріктіріп шешуіміз қажет» деді[4]. Сондай-ақ, консультативтік кездесу форматында жыл сайын аймақ басшыларын жинауды ұсынды. Қырғызстан басшысы С. Жээнбеков аталған ұсынысты толығымен қолдап, қырғызөзбек байланысының жаңартылуы аймақтың дамуына позитивті сипат беретінін айтты[5].

2017 жылы қарашада өткен Парламенттік конференцияда ҚР СІМ Қ.Әбдірахманов аймақ басшыларының бейресми кездесуін Астанада өткізуді ұсынған еді. Маңызды іс-шара БАҚ-да «ОА басшыларының саммиті» деген атаумен таралғаны мәлім. Алайда, саясаттанушы Е.Қарин шараның «саммит» емес, консультативтік кездесу екенін анықтап айтты. «Бұл аймақтық ынтымақтастықта маңызды серпіліс болмақ. Себебі, көп жылдан бері мемлекет басшылары басқа саяси алаңда емес(ШЫҰ, ТМД саммиті т.б), өз инициативалары бойынша кездеседі» деді Е.Қарин[6]. Қазіргі кезеңде аймақ елдері үшін жиынның атына қарағанда өзара интеграцияға сеп болатын заты едәуір маңызды. Кеңестің қамытынан шыққан бес мемлекет дөңгелек үстел басында достық пен ынтымақтастық байланысты бағамдап алуы қажет.

Қазақстан осы аталған мемлекеттің барлығымен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі. «Қазақстан2050» стратегиясында: «Біздің басымдықтарымыз өзгермейді – көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, ОрталықАзияелдерімен, сондай-ақАҚШ-пен, Еуроодақпен, Азияелдеріменсеріктестіктідамытамыз» - делінген. Қазақстан екіжақты дипломатиялық байланыстан бөлек, ОА елдеріне сындарлы жылы бітімгерлік, гуманитарлық қолдау көрсетіп келеді. Тәжікстандағы 1992 жылғы азаматтық соғыста Қазақстан тарапы шекара, ішкі және жаяу әскерден құралған 700 адамдық батальонды жіберіп, 2001 жылға дейін 8 мыңнан астам әскер шекарада тыныштық орнатуға ықпал етті. Қырғызстандағы 2005 жылдардағы оқиға, 2010 жылғы қантөгістерде Қазақстан тарапы гуманитарлық қолдау көрсетті[7, 103 б.]. Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай трансазиялық газ құбыры жемісті ынтымақтастық көрінісіне айналса, Қазақстан-Түрікменстан-Иран арасындағы темір жол желісі сауда-экономикалық байланысты нығайтуға жол ашып отыр.

Бұл жерде Қазақстан-Өзбекстан байланысына ерекше тоқталу қажет. 2018 жылы 15 наурызда қос мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылуы болды. Салтанатты шараға 188 адаман тұратын Өзбекстан делегациясы қатысты. Оның ішінде Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Көркемөнер академиясы және «Хунарманд» қауымдастығының өкілдері бар[8]. Қазақстан Президенті жаңа жыл қарсаңында журналистерге берген сұхбатында «Өзбектер – бізге жақын халық, көршіміз, Орталық Азиядағы үлкен мемлекет, сондықтан бұл елмен байланыс әрқашан маңызды және пайдалы. Келесі жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы және Өзбекстандағы Қазақстан жылы болады» деп мәлімдеген еді[9]. Жалпы, Ш.Мирзиеевтің келуімен Өзбекстанның көршілес мемлекеттермен байланысы «жылымық» кезеңді бастан кешуде. Тіпті, кейбір сарапшылар Өзбекстанның аймақтағы көшбасшылыққа ұмтылатынын жасырмайды. 2018 жылы 9 наурызда Өзбек басшысы алғаш рет Тәжікстанға ресми іссапармен келіп, екіжақты байланысты жаңа сапалыдеңгейгекөтеретінөзбек-тәжікшекаралықучаскелері, азаматтардыңкеліп-кетуітуралытарихи

21

маңызды құжаттарға қол қойылды[10]. Десек те, Орталық Азиядағы бес мемлекеттен бөлек осы

аймақтағы алыс-жақын державалардың стратегиялық қызығушылықтарын жоққа шығара алмаймыз. Орталық Азиядағы аймақтық және ұлттық қауіпсіздік көп жағдайда РФ, АҚШ, ҚХР сынды ірі халықаралық акторлардың ұстанымдарымен байланысты. Орталық Азия батыс зерттеушілерінің еңбегінде «хартленд» («Жердің жүрегі») ұғымымен беріледі. Дәл осы Еуразияның жүрегі

айналасындағы байланыстар бүкіл құрлықтағы қарым-қатынасқа әсер етеді.

Жалпы қазіргі кезеңде Орталық Азия аймағында бірқатар маңызды трендтер орын алуда:

- Аймақтық державалардың статусы өзгерді. ҚХР-дың сауда-экономикалық ықпалы артып келеді. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» Қытайдың аймақтағы белсенділігін күшейтті. Инициативаға 65 мемлекет қосылып, 600 млрд доллар қаражат құйылды. «Бір белдеу – бір жол» бойындағы ОА елдерінің арасындағы сауда-экономикалық, гуманитарлық байланыс нығайып келеді. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бойынша Қытай келесідей мақсаттарды ұсынып отыр:

1)Саяси тұрғыда пікір алмасуды күшейту;

2)Жолды тұтастыруды күшейту

3)Сауда үздіксіздігін күшейту

4)Валюта айналымын арттыру

5)Халықтың көңілін тоғыстыру[11, 342 б.].

ҚытайРесейменсалыстырғандаОАелдерінеекіжақтытабысәкелетінжобаларұсынып, ішкісаясиидеологиялық мәселелерге бас сұқпайтынымен ұтады. 2012 жылы ҚХР төрағалығын қолға алған уақыттан бастап Си Цзиньпин әлемнің 57 еліне ресми іссапарамен барып, Бейжіңде 110-нан астам мемлекет басшысын қабылдаған. ҚХР Конституциясындағы түзетулер жаңа дәуірдегі ішкі саяси реформа ғана емес, тұтас халықаралық қатынастарға ықпал ететін маңызды қадам. Қытай саясиэкономикалық амбицияларын ашық жариялай бастады.

-2018 жылғы ҚР мен АҚШ Президенттерінің кездесуінен кейін екі ел байланысы жаңа сатыға көтерілді. Қазақстан Президенті Орталық Азияда Ресей мен Қытайдың қызығушылықтары бар екендігінайттыжәнеС5+1 форматындағықарым-қатынастықолдайтынын, АҚШ-тыңОА-даболғанын қалайтынын айтты. АҚШ Орталық Азиядағы Ресей мен Қытайдың ықпалын реттеуде, аймақтық қауіпсіздік сақтауда маңызды держава болып саналады.

-Ресейге қатысты батыстың экономикалық санкциялары, мұнай бағасының құлдырауы оның сыртқы саяси белсенділігін бәсеңдетті. 2018 жылы 18 наурызда РФ қазіргі Президенті В. Путин қайта сайланып, солтүстік көршіміз аймақтағы ықпалын қолға алуды көздейді. ҚР Президенті Ресейдің 1- арнасына берген сұхбатында Ресейдің аймақтық және әлемдік аренадағы ықпалын жоққа шығаруға болмайтынын айтты. Ресейдің Орталық Азиядағы саясаты жаңа кезеңге өтеді.

Елордада өткен Орталық Азия бестігінің консультативтік кездесуі қай жағынан алмасақ та маңызды болып саналады. Бұл жиында ширек ғасырлық ынтымақтастықтың жетістігі мен кемістігіне көңіл бөліп, жаңа сын-қатерге төтеп берудің бірлескен іс-қимылы дайындалмаса да, байланысты нығайту қадамдары байқалды. Осы орайда өзара интеграцияны жандандыру; аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; тұрақты экономикалық өсімді ынталандыру – негізгі міндеттер. ОА елдері цифрлық технологияның мүмкіндігін пайдаланып ортақ ақпараттық кеңістік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс. «Бір белдеу – бір жол» инициативасы аясында қажетті инфрақұрылым қалыптасып келеді. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан - ТМД, ҰҚШҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК және т.б халықаралық ұйымдар аясында байланыс орнатқан. Дегенмен, «Азияда бәрі бір көрпенің астында ұйықтағанымен, әртүрлі түстер көреді». Сол мақсатта өзара ынтымақтастық гуманитарлық деңгейден өсіп, жаңа механизмдері қарастырылуы керек.

Қолданылған әдебиеттер

1.Киссинджер Г. Мировой порядок / Генри Киссинджер (пер. с англ. В. Желнинова, А. Милюкова). – М.: Изд. АСТ, 2015. – 512 с.

2.Тоқаев Қ. Беласу. Дипломатиялық очерктер. – Алматы: «Дәуір», 2003 – 656 б.

3.Елбасының алдағы жұмыс кестесі жарияланды // https://egemen.kz/article/165970-elbasynynh-aldaghy-zhumys-kestesi- zhariyalandy - 12.03.2018

4.Мирзиёевпредложил организоватьежегодныевстречиглавгосударствЦА// http://kabar.kg/news/mirzieev-predlozhil- organizovat-ezhegodnye-vstrechi-glav-gosudarstv-tca/ - 10.11.2017

5.Кыргызстан поддерживает инициативу по организации регулярных встреч глав государств ЦА //

http://www.stanradar.com/news/full/27691 kyrgyzstan podderzhivaet initsiativu po organizatsii reguljarnyh vstrech glav gosudarstv tsa.html 19.12.2017

6.«Консультативная встреча» лидеров стран Центральной Азии пройдет в Астане 15 марта // www.fergananews.com/news/28825 - 12.03.2018

7.Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана, 2017. – 508 б.

8.Президент Шавкат Мирзиеев откроет год Узбекистана в Казахстане // www.review.uz/novosti-main/item/13126- prezident-shavkat-mirzijoev-otkroet-god-uzbekistana-v-kazakhstane - 12.03.2018

9.А. Сабиров. Сквозь призму истории // www.kazpravda.kz/fresh/view/skvoz-prizmu-istorii/ - 14.03.2018

22

10.Шавката Мирзиеева в аэропорту Душанбе встретил Эмомали Рахмон // www.gazeta.uz/ru/2018/03/09/arrival - 09.03.2018

11.Си Цзиньпин. Ел басқару жөнінде / Ұлттар баспасы, 2017 – 505 б.

Сартова А.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс магистранты Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Алдабек Н.Ә.

ДӘСТҮРЛІ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚЫТАЙ САЯСИ ЖҮЙЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ

Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцийшілдік ілімі маңызды рөл атқарады. Оның негізін қалаған б.з.б. 551-479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций (Кунфу цзы) болды. Конфуцийдіңкөзқарастарыоныңшәкірттеріқұрастырған«Луньюй» («Әңгімелер мен пікірлер») кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі мен көзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едәуір ықпал етті. Ежелгі дәуірде қытай қоғамының бір бөлігі ретінде танылған конфуцийшілдік ілімі дәстүрлі қытай қоғамын анықтаушы басты критерийге айналды. Аталмыш ілімнің жәдігерлерін балалар жатқа айтты, конфуцийшілдік идеялары мемлекеттік дәрежеде идеология ретінде дәріптелді. Өзінің жоғарғы моралдық және этикалық құндылықтарына орай отбасылық және саяси істерде үлкен беделге ие болды. Конфуцийдің даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ол «даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол - санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу» деді. Демек, қазіргі таңдағы өзекті болып саналатын рационализм, эмпиризм сынды теориялардың түпкі астары осы қанатты сөз негізіндеболыптабылады. Ал, Конфуцийдіңсаясижүйетуралыойларыбүгінгітаңғадейінөзмаңызын жоймаған. Олар Қытайдың дәстүрлі мемлекеттік доктринасын қалыптастыруда негізгі рөл атқарды. Осы тұста, конфуцийшілдік іліміндегі саяси жүйе туралы ойларға тоқталып өтейік.

Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды – патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет – үлкен отбасы. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, «қараңғы адамдар», «төменгі адамдар», «құрметті адамдар», «жоғары шенді адамдар», «лауазымды адамдар» ретінде көрсетіледі.

Конфуцийдіңмемлекеттуралытрактатындамемлекеттібасқарудыңасамәндіпринципікөтерілген. Конфуций«Елдіңкүшібасшысында, ал, басшыныңкүшіжақсыістерменүлгіболабілуінде. Басшының жақсы істерін халық үнемі қолдап кетуге дайын», – деген шындықты ойшыл да астармен жеткізеді. Шындығында, мемлекеттің кері кетуі басшылардың заңсыз әрекеттерге баруынан, билікті өзінің жеке басының пайдасына жаратуға ұмтылуынан басталатыны белгілі. Конфуций мемлекетті басқаруда ізгіліктің, саналықтың, тәртіптің және ережелердің басым болуын қалайды. Ол үшін, диктатура мен зорлық жүйесі билікке зиянды болып есептеледі. Конфуций «Қайырымдылыққа иек артқан Билеуші Темірқазық жұлдызындай, өз орнынан міз бақпайды. Басқа жұлдыздар оған қарап сап түзейді», – деп айтады.

Ілімдегі теориялар Конфуций ілімінде қоғам – «қайырымды мырзалар» мен «қауқарсыз адамдар» болып екіге бөлінеді, кішілердің үлкендерге құрметі – тәрбиенің ең басты іргетасы, басқару – түзету деген сөз. Конфуций ілімі бойынша қоғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар:

1.адамгершілік (жэнь),

2.парызды өтеу (и),

3.әдептілік пен сыпайылық (ли),

4.зейінділік пен білімділік (чжи),

5.адалдық (синь).

Яғни, жоғарыда аталған бес қасиетке ие болған адам ғана «қайырымды мырза», «ізгілікті адам» немесе «цзюнцзы» атана алады деп сенген. Конфуций бұл қасиеттер бірінші кезекте басшының бойынан табылуы қажет деп есептейді. Дегенмен, билеушінің бойындағы басым қасиеттер шындық пен әділет деген тұжырымға келеді. Билеуші әділетті өзінен бастайды және маңына әділдіктің нұрын төгуге ұмтылады. Оның ата-анасымен, достарымен және ауылдастарымен қатынасы да әділет пен шындыққа негізделінеді. Ал, «қайырымды басшы» сынды бес қасиетке ие бола алмаған адам өзін жетілдіруден жалықпауы қажет, өзге қасиеттерге ие бола алмаса да, әділет пен шыншылдықты өз бойынан іздеуі қажет деп есептейді. «Парасатты азамат қатал бола алмаса да , оның білімділігі жетіспесе де, ең бастысы адал және шыншыл болу. Өзіңмен тең еместермен достаспа, қателіктеріңді жөндеуден қорықпа», – деген Конфуцийдің ойларының халық үшін зәрулігі күдік тудырмайды.

23

Конфуцийдің атақты теориясының бірі – мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке-әке, ал ұл-ұл болу керек», деген. Және де ол «Биліккеқалайжетугеболады?», – дегенсұраққа: “Халықтыңсүйіспеншілігінеқолжеткіз, – депжауап берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”.

Мемлекеттібасқару принципі “чженьминілімінде көріністапқан. Бұлпринцип“Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен тұжырымдалады. Мұнда Конфуций қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты. Демек, егер қоғамда әр адам өз орнын табатын болса, онда қоғамда үлкен гармония орнайды. Әр адам қоғам игілігі үшін қызмет етеді. Мұндай қоғамдар гүлденіп, дамиды. Егер әр адам өз орнын қате табатын болса, онда мұндай қоғамдар үлкен апатқа ұшырайды. Бұл қоғамдар сөзсіз құлдырайды. Осыдан, парасатты басшы біріншіден, өзінің атына лайық болып мемлекеттегі бағыныштыларға үлгі көрсетуі қажет болса, екіншіден, мемлекетті басқаруға көмектесетін әр шенеунікті өзіне лайықты орынға отырғызуы қажет деген сөз. Яғни, зерделі талданып жүйеленген мемлекет аппараты мемлекеттің дамытушы негізгі

фактор.

 

 

 

 

 

 

 

Конфуций

бойынша мемлекет

үлкен отбасы.

Ол

ел

билеушілерін

халықты заңдар мен жазалаулар негізінде

емес,

ізгілік

жасаушылар

 

жәрдемімен

биік

адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі

ету жолымен

басқаруға

үндеді.

Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс.

“Мемлекетте халық ең бастысы болып табылады, – деді Конфуций, – одан кейін топырақ пен дән рухтары, ал ең соңғы орында ел басшысы тұрады”. Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді иерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық игілігінқамтамасызету жәнеқажеттәртіпті орнату құралы. Солайболатұра, мемлекет бәрінқамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығынадасүйенбеукерек, керісінше, мемлекет– билеушіменоныңкөмекшілерініңданалығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс.

Конфуций мемлекет адамдардың бір бірімен гармонияда өмір сүруі үшін қажет деп сенген. Мемлекетті басқарушылар және бағыныштылар деп екіге жіктеген. Біріншілері ақыл еңбегімен, ал екіншілері физикалық еңбекпен айналысуы керек. Бұған дәлел ретінде Конфуций трактаттарынан мынадайүзіндінікелтіругеболады. «Кімдекімбағыныштылардыңүстіненбилікжүргізсе, олмемлекет тағдыры туралы ой үстінде болады, бірақ қол еңбегімен айналыспайды; бағынышталар немесе халық ауыр еңбекпен айналысады, бірақ мемлекет тағдыры туралы ойлармен толғанбайды». Осыдан, Конфуций әлеуметтік гармония принципін тұжырымдады: «Басшылар шын ниетпен төмендегілерге қамқор болуы қажет, ал төмендегілер адалдықпен жоғарыдағыларға қызмет етуі қажет»

Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций меноныңізбасарларыныңіліміндебейнеленген идеялар осыкүнгедейінҚытайсаяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Бүгінгі таңда ҚХР қазіргі заманғы әлемдік саяси процестің маңызды мүшесі болып табылады. ҚХР қалыпты жұмыс істейтін саяси жүйе механизмі өзге мемлекеттерге үлгі боларлықтай дәрежеде.

Қазіргі Қытай мемлекеттік доктринасы әртүрлі факторлардың ықпалынан қалыптасқан, оның негізгі іргетасы қытай мәдениетінің негізін қалаушы және қытайлық саяси мәдениеттің қалыптастырушы философиялық ілім конфуцийшілдік болып табылады. Конфуциандық саяси мәдениеттің негізінен Конфуцийдің оқытулары мен саяси өзгерістерге байланысты толықтырылып, қайта реформаланған қалыпта. Дегенмен, конфуциандық саяси мәдениет бойындағы ежелгі ұстанымдар мен дәстүрлер қазіргі ҚКП ішкі және сыртқы саясаттарынан көрініс тауып отыр.

Конфуций ілімінің саяси платформасы болып табылатын консерватизм маңызды дәйектілік болып табылады. Яғни, саяси жүйедегі дәстүрге беріктілік қасиеті. Мұны біз ҚКП саяси жүйесінің даму эволюциясынан байқай аламыз. Мәселен, ҚКП партиялық жарғысына енгізген өзгерістердің саны өте аз, сонымен қатар билікауысқан тұста мемлекеттің саясидоктринасындасенсациялықөзгерістер орын ала қоймайды. Қытай саяси жүйесі трансформацияға ұшырауы үшін біріншіден уақыт, ал екіншіден заман қажеттілігі болуы қажет. Трансформацияланған тұста да, саяси жүйе қытайлық ерекшелік пен спецификадан арылмайды. Осыдан-ақ, қазіргі заманауи қытайлық саяси жүйедегі конфуцийлік консерватизмнің ықпалын байқай аламыз.

24

Конфуцийшілдік бойынша мінсіз, идеалды ереже - «ли», тек ежелгі заманда болған. Сол кезең қоғамында тәртіп пен мәдениет қатар өмір сүрген. Өткенді дәріптеу Конфуций кезіндегі саяси ойдың негізгі теориялық мығымы болды. Тіпті, кейіннен өзге де легисттік, моисттік, даостық және т.б. қатарлы философиялық мекетептер «өткен, ежелгі заман» түсінгін дәл осы утопиялық мағынада қолданды. Сондықтан, қазіргі заманғы ҚХР саяси мәдениетінде «өткен, ежелгі заман» ұғымына аса зор мән беріледі. Конфуцийдің «ежелгі заманды қазіргі заман игілігіне жарату» деген әйгілі лозунгын маоисттер 1966—1976 жылдары ҚХР-да жүргізілген «Мәдени революция» кезінде де қолданған.

Қытайдың дәстүрлі және қазіргі заманғы саяси мәдениеті үшін рәсімдер ерекше мәнге ие, олар басқарушы элитаны идеализациялаумен және бағынышты халықтың билеушіге мүлтіксіз бағынуын дәріптейді. Сонымен қатар, екі жүйенің интеграцияланған жүйесі мемлекетті үлкен жетістіктерге алып келеді деген тұжырым жасайды.

Қытайлық дәстүрлі мемлекеттік доктринасының тағы бір ерекшелігі қытайлық менталитеттің үш элементтік жүйенің болуында. Яғни, еуропалық менталитет үшін екі элементтік ойлау құрылымы тән болса, «егер белгілі бір нәрсеге қол жеткізгің келсе, онда бірнәрсе істеуің қажет». Ал, қытайлықтар пайымдауында «егер белгілі бір нәрсеге қол жеткізгің келсе, онда бірдеңе беруің қажет және бірнәрсе жасау қажет» деген түсінік бар. Бұл конфуцийшілдіктің қытай қоғамына әсері болып табылады. Бұл тұжырымдымынадайнақтымысалтүріндекөрсетугеболады. Қытайлықтарбилеушігемойынұсынып, оғансенімартыпқана, жақсыөміргеқолжеткізугеболадыдепсенеді. БұлКонфуцийдіңмемлекетжәне халық туралы іліміндегі негізгі принцип болып табылады. Әр заманда саяси жүйе беріктігі үшін таптырмайтын ұстаным болғандықтан және кез келген заманда мемлекеттің саяси жүйесінде өзінің өзектілігін жоймайтындықтан бұл конфуцийшілдік ұстаным күні бүгінге дейін жетіп отыр.

Конфуцийдің көзқарастар жүйесінде халықтың басқару жүйесіне араласуға құқығы бар, дегенмен бұл тек белгілі бір деңгей шеңберінде болуы қажет. Егер халықтың билікке араласуы шамадан тыс асып кетсе, онда ол саяси жүйеге кері әсер етеді. Халықтың билікке араласуы билеушінің халықпен үздіксіз байланыс орнатуы арқылы жүзеге асады. Ал, тұрақты байланыс билеушілер мен бағыныштылар арасында түсінісбеушілік пен жанжалдарды алдын алады. Конфуций басқару жүйесінде бұл аспектінің өте маңызды екендігін бірнеше рет атап өтті және мемлекеттің маңызды функцияларының бірі деп санады. Қазіргі заманғы Қытайдағы саяси жүйені демократияландыру процесінде бұл конфуцийшілдік дәстүр таптырмайды.

Конфуцийшілік іліміндегі мемлекет туралы идеялар «көктің Ұлы» ұғымымен тығыз байланысты. Шенеуніктер конфуцийлік ойды меңгерген лауазымды тұлғалар болып табылады, сондықтан, олар мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдау процесінде шешуші рөл атқарады. Дәл осы формада бюрократиялық мемлекет туралы тамаша идеялар туындады. Конфуцийлік саяси ой тарихында алғаш ретбасқарушылықэтикасыныңмәселесіқалыптасты: нақтыэтикалыққағидаттар; әділеттілік, адалдық, әрекеттер мен ой тазалығы.

Дәстүрлі негізгі саяси тетіктер - адамгершілік принциптеріне негізделген халықты басқару; кәсіби мамандандыруды қамтамасыз ететін қоғамның иерархиялық ұйымы; мемлекет басшылығы өзінің алдындағы басшылардың тәжірибесіне сүйене отырып елді билеуі; халықты және басқарушы өзін-өзі оқытуды жетілдіруі және арттыруы; кәсіби бюрократиялық құрылымдарға қоғамды басқаруда қолдау көрсету. Дәстүрлі Қытайдағы ойшылдардың ойлап тапқан осы принциптеріне негізделген конфуцийшілдік саяси тұжырымдамасы дамыды.

Мемлекеттің басқару идеялары үшін қоғамның барлық мүшелеріне тән дәстүрлер жиынтығы бар, бұл сондай-ақ ұжымдық жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Басқарудағы ең жоғары құндылықтар - «адамгершілік», яғникүлліқоғамныңүйлесімділігінқамтамасызететінадамфакторы. Қытайлықақылойдың қытай тарихын түсінуге және ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін қазіргі кезеңдегі ҚХР-ны жаңғыртуда көрініс табатын өткен дәстүрлердің күшті ықпалы бар. Конфуцийдің мемлекетті басқару теориясында айқындалған басқару этикасының мәселелері және заңдылықтары ХХІ ғасырда да өз өзектілігін жоғалтпағаны айқын.

Мэн-цзы (б.з. 372-289 жж.) алғашқы конфуциандық ілімді дәріптеуші ғалымдардың бірі болды. Яғни, ол да зұлым, қатыгез басшыларды қатаң сынап, басшыларға әділдік, адамгершілік сынды қасиеттер арқылы билеу қажет дейді. Мэн-цзы бойынша саяси доктрина адамгершілікке негізделген басқаруға ұмтылуға негізделген. «Мэн-цзы» трактатында мұндай басқарудың анықтамасы бар: «Бір жағынан, ол басқа адамдарды тыныштандыру құралы болса, екінші жағынан, адамдарды тұрақты мүлікпен қамтамасыз ету арқылы оларды кедейшіліктен қорғау әдісі болып табылады». Ал, адамгершілікке негізделген басқарудағы билеушіге қойылатын басты міндет - әлеуметтік жағдайы төмен тап өкілдеріне қамқор болу. Сол себепті, «адамның қасіретіне төзбейтін жүрегі» болуы керек.

«Мэн-цзы»-ның идеялары әлеуметтік утопия секілді көрінгенімен, ол ҚКП ішкі саясатында көрініс табады. Дэн Сяопин саясатының контекстіндегі «xiaokang» идеясы дәл осы конфуцийшілдік дәстүрдің

25

жалғасы. Яғни, мемлекет аумағындағы халықты орташа әлеуметтік күн-көріспен қамтамасыз ету, мемлекеттегі әлеуметтік жағдайы төмен тап өкілдерінің тұрмыс-салтын орташа деңгейге көтеру мақсатын көздейді. Дэн Сяопиннің ізбасарлары оның дәл осы идеясын жалғастыруда және бұл конфуцийлік дәстүр бүгінгі ҚКП ішкі саясатының басты нысаны болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі конфуцийшілдік, негізінен, Сунь дәуірінде таралған неоконфуцийшілдік ұстанымдары мен дәстүрлерін қабылдаған. Себебі, Сунь дәуірінде конфуцийшілдік өзінің шарықтау шегіне жетіп, кемелденген дәрежеге жеткен. Ал, осындай ежелгі практикаға негізделген қазіргі саяси жүйеге мін тағу немесе сынау өте қиын, өйткені, ол толығымен этикалық заңдарды қабылдап, ежелгі дәстүрлерді ұстанады. Қытайдағы билік туралы дәстүрлі саяси идеяларға, дәстүрлі доктринаға және оның әмбебап құндылықтарына қол сұғуға тыйым салынады. Сондықтан, билікке наразылық көрсету әрекеттері мемлекеттің саяси жүйесіне қол сұғушылық ретінде қарастырылады. Бұл дәстүр қазіргі Қытайда да сақталған. Мәселен, 1989 жылы Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғаны еске алсақ болады.

Қорытынды

Қазіргі Қытай саяси жүйесін талдай келе, мұндағы дәстүр бірізділігін байқай аламыз. Ежелгі заманда қалыптасқан Конфуцийдің саяси ойлары қазіргі таңда да өзінің мән-мағынасы мен өзектілігін жоймағаны және әлі де ХХІ ғасырдағы жаһандану заманында да өзекті болғанымен ерекшеленеді. Мемлекеттік идеология мен саяси дәстүр сақталған тұста мемлекеттің іргесі берік болатынын дәлелдеді. Конфуцийшілдік дәстүрлі қытай қоғамының индикаторы, ол генетикалық тұрғыда ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, қоғамды біріктіруші құрал ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттің саяси жүйесіндегі тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Қазіргі Қытай саяси жүйеінде төмендегідей конфуцийшілдік дәстүрлерді байқай аламыз:

1.Басшыға мойын ұсынып, оны құрметтеу;

2.Бағыныштылар билеушілерге қарсы шықпайды, олардың жүргізіп жатқан саясатына сеніммен қарайды;

3.Билеуші топ халық игілігіне қызмет етеді;

4.Мемлекет тұрғындарын жаппай орташа тұрмыстық деңгеймен “сяокан” қамтамасыз етуді көздейтін ҚКП ішкі саясаты;

5.Әлеуметтік гармонияға жетуді мақсат ететің ҚКП-ның ұзақ мерзімді саясаты;

6.Қытайлық ерекшелігі бар социализм концепциясын жасап шығаруы;

7.Саяси дәстүрлерге берік болуы;

8.ҚКП-ның саяси жүйедегі трансформацияларға оңайшылықпен бармауы.

Демек, Қытай саяси жүйесінің алдымен саяси дәстүрлерге негізделгені және жаңашылдықтар тек күрделі қытайландыру үдерісі арқылы өтіп қана қабылданатыны байқалады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Гражданский процессуальный кодекс КНР : пер. с кит. / под ред. С.А. Халатова. – М. : Инфотропик Медиа, 2014. -

144 с.

2.Дэн Сяопин. О строительстве специфически китайского социализма пер. с кит. / Дэн Сяопин - Пекин : Издательство литературы на иностранных языках, 1985. – 100 с.

3.Дэн Сяопин. Основные вопросы современного Китая, М. : Политиздат, 1988. – 256 с.

4.Конфуций «Лунь Юй» [Текст] / пер. с кит. Л. С. Переломова. – Москва : Восточная литература, 2000. - 168 с.

5.Воскресенский, А. Д. Политические системы и политические культуры Востока [Текст] / А. Д. Воскресенский. – М. : АСТ : Восток-Запад, 2007. – 688 с.

Халыкова Ф.А.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының 2 курс студенті Ғылыми жетекші: Тургенбай А.А., аға оқутышы

ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗІРГІ ҰЛТТЫҚ БРЕНДІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЯСАТЫ

Еліміз Қытаймен маңызды стартегиялық әріптес болғандықтан да, бүкіл әлем көз тігіп отырған шығысымыздағы алып көршімізде болып жатқан кез келген өзгеріске, әсіресе, саяси, экономикалық өзгерістерге біздің ерекше назар аударуымыз заңдылық.

2017 жылдың қазанында Бейжіңде өткен ҚКП-ның ХІХ съезінен кейінгі әлем назарын аудартқан үлкен саяси оқиға осы жылдың наурызында өткен Бүкілқытайлық Халық Өкілдерінің Жиналысы (БХӨЖ) 13шақырылымы сессиясы болды. Әлем елдері сессия жұмысында қарастырылған әлемдік экономикадағы Қытайдың рөлі, мемлекет басшысы қызметіне тағайындалу бойынша шектеуді алып тастауға қатысты конституциялық өзгеріс, соған қатысты құрылған жаңа басқару органдары туралы,

26

демографиялық саясаттағы жаңа басымдықтар сияқты мәселелерге ерекше назар аударса, біздер тікелей екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде сауда-экономикалық қарым-қатынастарын жандандыру мәселелеріне ерекше мән беріп отырмыз. Съезде талқыланған басты мәселелерінің « Made in China-2025» бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінде Қытай өндірісін кеңейту, тарату қарастырылды.Сонымен қатар Қытай тауарының сапасын көтеру, сапалы өнім өндіру алға қойылды.

Өзінің ұлттық мүдделерін де, сондай-ақ мәдениетінің, өркениеті мен даму жолының біртұтастығын қатаң сақтауды мақсат еткен аймақтық және әлемдік державалардың бірі Қытайдың ұлттыққұрылымменқабылдағанстратегияларын қолдау менолардыжүзегеасырудатаңдаған жолына талдау жүргізу өте өзекті.

Қазіргі таңдағы Қытайдың бәсекеге қабілетті ұлттық брендті қалыптастырудағы ең тиімді әлеуметтік-саяси құралды айқындаудағы ұстанымының Қазақстан үшін практикалық мәнін айқындау басты мақсатымыз болып отыр.

Өйткені Елбасы Н.Ә. Назарбаев осы жылдың қаңтар айында Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында өнеркәсіптік инновацияларды, жасыл экономиканы және басқа да алдыңғы қатарлы салаларды дамыту бойынша елімізде атқарылуы тиіс маңызды жоспарларды ұсынды.

Онда Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін ұсынылған бірнеше міндеттердің ішінде «Ақылды технологиялар» бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-

түлік брендін қалыптастыруды міндеттеді. Және де «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытындағыбірінші- Бәсекелікқабілетбағытында: «Бәсекелікқабілетдегеніміз– ұлттыңаймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін» - дейді [1].

Ал Қытайдың ұлттық құрылым мен дәстүрлі ілімдердің арасындағы байланыстың негізінде елді «бренд» ретінде ұсынуы да осы оймен сәйкес келетіндей. Оған мысал, Шанхай көрмесі, Қытайдың ұлттық имидждік фильмдері мен Конфуций Институттарының Қытай «жұмсақ күші» ретінде қытай ұлты мен мәдениетін «бренд» етіп танытудағы жасап жатқан жұмыстары бола болады.

Бұл бағдарламалар болашақта ҚР мен ҚХР арасындағы цифрландыру және «ақылды» технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа кең жол ашуы сөзсіз.

Қытайдың қазіргі кездегі экономикалық дамуда жеткен жетістіктері көз қуантарлық. Дегенмен, өңдеу өнеркәсіп саласындағы жалпы жағдайын батыс елдерімен салыстырған сарапшылар Қытайдың даму деңгейі «орташадан төмен» деген баға береді. [2]

Қытайдың 2017 жылғы стратегиялық басымдықтары туралы сөз қозғағанда, соңғы жылдары тұрақтыэкономикалықөсудіқамтамасызетуде қарқыныбаяулағанҚытайдыңбастымақсатыэкономикалық өсу тұрақтылығын қамтамасыз ету екендігін ерекше атап өтуге болады.

Негізінде Қытай дамудың «орташадан жоғары» деңгейіне көтеру туралы жоспарын 2015 жылы қабылдаган еді. Онда ұсынылған «Қытайда жасалған-2025» бағдарламасы отандық өндірісті жаңғыртудың Қытай тарихындағы алғашқы он жылдық жоспары деуге болады. Бұл бағдарлама қытай экономистерінің айтуы бойынша елдің шынайы экономикалық жаңдайына толық сәйкес келеді екен. Оған елдің 2005-2015 жылдар аралығындағы тұрақты экономикалық өсуі себеп. Мысалы, 2013 жылы әлемдік өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 28,8% Қытайдың үлесіне тиесілі болған.

«Қытайда жасалған-2025» көрсетілген тоғыз басымдылыққа тоқтала кетсек: -өңдеуші сектордың инновациялық әлеуетін көтеру; -ақпараттық технологиялар мен индустрияның интеграция деңгейін арттыру; -базалық өнеркәсіп салаларының әлеуетін нығайту; -Қытай брендтерінің қалыптастыру үдерісін жандандыру; -«жасыл» өндірісті жан-жақты ендіру; -он негізгі саланы дамытуда серпілістерді қамтамасыз ету; -өңдеуші секторды қайта құруды қолға алу;

-қызмет көрсету салаларын және өндірістік қызметтерді белсенді дамыту; -өңдеуші өнеркәсіпті интернационализациялау деңгейін арттыру.

Оның негізгі он саласы: -жаңа буынның ІТ индустриясы;

-жоғары дәрежелі цифрлы басқару роботтары бар машиналар; -аэроғарыштық құрылғылар; -теңіз инженерлік құрал жабдықтары және жоғары технологиялық кемелер;

27

-теміржол көлігіне арналған алдыңғы қатарлы жабдықтар; -энергияны үнемдеу және жаңа энергия көздерімен жұмыс істейтін автомобильдер; -электроэнергетикалық жабдықтар; -ауыл шаруашылық машина жасау; -жаңа материалдар;

-биофармацевтика және жоғары дәрежедегі медициналық техника [2].

«Қытайда жасалған» бұл сөзді бүкіл әлем біледі. Қалыптасқан стереотип бойынша, елдің бәрі де қытайлартанымалбрендтердіңкиімдеріментехникасынкөшірудіғанабіледідепойлайды. 2013 жылы Exciter журналында жарық көрген «Ең табысты қытайлық брендтер» деген мақалада көрсетілген қытайлық брендтерге тоқталсақ:

1. Baidu (Bǎidù) Бұл Google немесе Яндекс сияқты қытайлық іздеу жүйесі. Baidu интернет іздеу нарығының 79% -ын басқарады. 2010 жылы Google Қытайдан кейін цензураға ұшырады. Өңделгенөтініштердіңсаныбойынша, Baidu әлемдеүшінші орындыиеленді(3 миллиард428 миллион адам, жаһандық іздеудің 8,2%-ын құрайды.

2.Great Wall Motor. Статистикаға сәйкес, қытайлықтардың 82% еуропалық автокөліктерге қол жеткізе алмайды, сондықтан бюджет санатының пайда болуы толығымен қисынды. Қарапайым «автокөліктер» арасында Қытайдың ең танымал Geely маркасы болып табылады, бірақ Great Wall Motor минивэндер және жүк автокөліктерінің жетекші қытайлық өндірушісі болып табылады. Төмен бағалардың арқасында бренд Қытайдан басқа да елдерде, әсіресе Ресейде жақсы беделге ие болды. Great Wall MotorҚытайдағыеңіріжекеавтокөліккомпаниясы. 2011 жылдыңқыркүйегіндеоныForbes «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең табысты 50 компания» тізіміне енгізді.

3. OPPO - смартфондар нарығындағы кішкентай қытайлық керемет. Ол брендтер қатарына 2004 жылы енгізіліп, бірақ нарықтық бренд болып саналмады. Шын мәнінде премиумға айналды, бұл бренд смартфондар өзге де жергілікті брендтермен бірдей, шамалас жоғары бағамен сатылады.( сатылуы бойынша 4-орын). Мысалы: Қытайдағы Samsung, HTC, Sony және т.б. да ұялы телефондартехнологияларынарығындақаталбәсекелестікжағдайында бұндайдәрежегежетукеремет нәтиже. 2012 жылы бүкіл әлем бойынша 10 миллиондай OPPO маркалы смартфондары сатылды.

4.Li Ning. Біздің елде белгісіз және Қытайда өте танымал (Nike-тан кейінгі екінші) спорттық киім бренді. Оның негізін қалаушы - үш дүркін олимпиада чемпионы болған гимнастшы Ли Нин («гимнастика князі»). Компания спорттық тауарлардың толық спектрін шығарады, Қытай Баскетбол Қауымдастығынадемеушілікетеді, сондай-ақ НБА-ныңресмисеріктесіболыптабылады. ЛиНин2008 жылы Бейжің Олимпиадасы кезінде мол табысқа кенелген болатын, бірақ, қазір дағдарысты жағдайды басынанкешіруде. Дегенмен, сарапшылардыңпайымдауынша, жақынарадакомпанияныңөзпайдасын еселеп, қайта қалпына келу мүмкіндігі зор екен.

5.Lenovo. 2012 жылы Lenovoның тұңғыш Hewlett-Packard (HP) тұғырына шығып, компьютер өндіруші компаниялардың алғашқы ондығына кірген кезі компанияның даму кезеңі болды. Қазіргі кезде Қытайда сатылатын әрбір үшінші компьютер Lenovo компаниясының өнімі және әлемдік нарықтағы компанияның үлесі 14% -ды құрайды [3].

2018 жылы Британдық жарнама компаниясы WPP және оның зерттеу бөлімшесі Kantar Millward Brown Қытайдағы ең танымал 50 брендтер туралы баяндама жасады. Тізімдегі алғашқы орындарға әлемдегі ең ірі дербес компьютерлер өндірушісі Lenovo, әлемдегі екінші ірі смартфон өндірушісі Huawei және ірі электрондық коммерция платформасы – Alibaba. Әлемдік Amazon компаниясының негізгі бәсекелесі. Төртінші орында Xiaomi тек смартфондар ғана емес, сондай-ақ тұрмыстық техниканың кең ассортиментін шығарады. Xiaomi компаниясының мемлекеттік тасымалдаушысы Air China. Алғашқыондықтыңбасқасысоншалықтытанымалемес, алайдаолардыңарасында2007 жылдан бастап Ресейде жұмыс істейтін тұрмыстық техниканың «Хайер» және Ресейдегі Әлем кубогының демеушілерінің бірі болған Hisense компанияларыниаса танымал десек болады [4].

Қытайда жасалған-2025» атты бастаманың технологиялық даму стратегиясы кешенді түрде жүзеге асырылды және ұлттық деңгейде бірнеше технологиялық инновациялық орталықтар мен инновациялық қанатқақты аймақтар құрылды. Өнеркәсіп секторы мәселесін шешу үшін маңызды қадамдар жасалып, жылдық көмір өндіру мөлшері 290 миллион тоннаға, ал болат өндіру 65 миллион тоннаға азайды [5].

Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақстанда жасалған» бағдарламасын ұсынды. Әлбетте, қазақ елінде бренд қалыптастыру қиын, оны нарыққа шығару тіптен қиын. Сонымен қазақ брендтеріне тоқталайық. 2017 жылы жарық көрген Hommes.kz сайтындағы қазақ брендтерінің тізімін қарастырайық. Алғашқысы Lotus Organics. әлемде альт бактерияларына негізделген биотехнологиялық штамдардың патенттелген өнімдерін шығаратын тек екі ондаған компания бар. Органикалық бактериялар өндіретін Lotus Organics зауыттарының бірі - Оңтүстік Қазақстан облысында. Оның негізін қалаушылар - Азамат

28

Ибадуллаев және ғалым Фархад Омаров, биология ғылымдарының докторы. Олар спирулина және хлорелла - органикалық бактерияларды өсірумен айналысатын және Еуропаға бір килограммын 600 еуроға экспорттауға арналған. Оңтүстік Қазақстанда бактериялардың өсуі үшін барлық жағдайлар жасалады, яғни біздің еліміз өзін органикалық өнімдердің ең күшті өндірушісі деп жариялай алады. Vino Bike - аңызға айналған велосипедші, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың негізін қалаған велосипед бренді. Александр Винокуровтың аты тәуелсіз брендке айналды, сондықтан оның жобалары табысқа жетеді. Велосипедтерден басқа Vino Bike өнім желісі велосипед және киім сынды керек-жарақтарды қамтиды. Биылғы көктемде Александр Винокуров Қазақстандағы ең әйгілі Bentley Club велосипедтеріне арналған Vino-ның шектеулі сериясын ұсынды. Saumal ұнтақ түріндегі бие сүтін өндіретін Қарағанды облысындағы зауыт. Тіпті қазір бұл бірегей өнім (ең алдымен бие сүті күшті иммуностимулятор болып табылады), қытайлықтар мен еуропалықтар арасында танымал болып келеді.[5] Қазақстанда өзіндік бренд қалыптасуда.

Қазақ-қытай қатынасының жандануы, екі елдің одақтаса жұмыс жасауы нәтижесінде көрінеді.2018

жылы 11 ақпанда жарық көрген

Қытай мен Қазақстан арасында цифрландыру саласында

ынтымақтаспақ деген мақалада

Нин Цзичжэ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаның

ерекшеліктері ретінде индустрияландыру мәселесін Интернет, «жасыл» және «ақылды» технологиялар, жалпы алғанда экономиканы цифрландырумен тығыз байланыстыру деп атады. «Қытай да Қазақстан секілді экономиканың осы бағыттарын дамытуға баса назар аударуда - бізде «Қытайда жасалған - 2025» және «Интернет+» бағдарламалары әзірленген. Қазір қытайлық смарттехнологиялар әлемде алдыңғы орындарға шыға бастады. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге, сондай-ақ Қазақстандағы өндірістік қуаттарды дамытудың бірлескен бағдарламасындағы цифрландыру және «ақылды» технологиялар саласындағы жобаларға қосылуға дайынбыз», - деп атап өтті ол [7].

Қазақ пен қытай қарым-қатынасы екі елге де көп пайдасын тигізуде. 21 ғасырда қытай ұлттық бренді толыққанды жаулайтынына толық сенім білдіремін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала//http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences]

2.Н.Н Колоденкова «Обрабатывающая промышленность КНР: состояния и перспективы развития». Проблемы Дальнего Востока,2017

3.Exciter журналы. http://excitermag.net/samye-uspeshnye-kitaiskie-brendy.html

4.Список топ-50 самых сильных брендов за пределами КНР http://ekd.me/2018/02/opublikovan-spisok-top-50-samyx- silnyx-kitajskix-brendov-za-predelami-podnebesnoj/

5.Өмірбек Қанай, Қытайдың стратегиялық бағыттары. https://egemen.kz/article/qytaydynh-strategiyalyq-basymdyqtary

6.10 казахстанских брендов, которые мы гордимся. http://hommes.kz/blog/2017/07/04/10-kazahstanskih-brendov- kotorymi-my-gordimsya/

7.Қытай мен Қазақстан цифрландыру саласында ынтымақтаспақ. https://www.inform.kz/kz/kytay-men-kazakstan-

cifrlandyru-salasynda-yntymaktaspak_a3150201

29

Малимова А.Е.

Aбылaй хaн aтындaғы ҚaзХҚжәнeӘТУ 1 курс мaгистрaнты Мaмaндығы «6М020900-Шығыстaну»

Ғылыми жетекші: Кагазбаева Э.М., с.ғ.к., доцент

ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫНДАҒЫ АРАБ ЕЛДЕРІМЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1990 жж. басында - Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздігі қалыптасуы кезінде – Парсы шығанағының араб мемлекеттері, осы аймақтың мемлекеттерінің тәуелсіздігін жылдам және сөзсіз алғаш қабылдаған елдердің бірі болды. Негізгі себептерін атап көрсетейік: біріншіден, Парсы шығанағының елдері Орталық Азия мемлекеттерін халықтарының көбісі ислам дінінде болғандықтан, өркениет тұрғысында мұсылмандар деп санады. Сауд Арабиясында Исламның екі басты Киелі орындары (Мекке мен Медине) орналасқан. Парсы шығанағындағы елдердің Орталық Азия мемлекеттерімен екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті орнату және дамыту мақсатындағы саяси байланыстарын реттеу үрдісінде діни фактордың маңызды рөл атқарғандығын атап өткен жөн. Екіншіден,тағы бір маңызды факторлардың бірі - қаржы құралдарын салу үшін жаңа перспективалы нарық іздеуге талпынып отырған Парсы шығанағының елдері үшін үлкен қызығушылық тудырған, Орталық Азия мемлекеттерінің энергетикалық ресурстарға және әлсіз дамыған өнеркәсіпке ие болуы болды. Қазақстанда барланған табиғи газдың қоры 3,9 миллиард тонна және 1,3 триллион куб метрді құрайды. Табиғи газдың ең көп қоры Түрікменстан мен Өзбекстанда шоғырланған – 24,3 триллион куб метр және 1,1 триллион куб метр [1]. Осы аймақта стратегиялық минералды шикізаттар: уранның, алтынның, полиметалдардың және т.б. үлкен қоры бар.

1992 жылы Сауд Арабиясы жалпы барлық ортаазиялық мемлекеттермен дипломатиялық қарымқатынастар орнатуға шешім қабылады (Тәжікстанмен 11 қаңтарда, Өзбекстанмен 20 ақпанда, Түрікменстанмен 22 ақпанда және Қырғызстанмен 19 қарашада). Екі жылдан кейін 1994 жылдың 20 ақпанында Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнату туралы Хаттамаға қол қойылды [2].

Парсы шығанағының араб елдерімен және Орталық мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастар орнатылған сәттен бастап 20 жылдан астам өткен уақытты талдай отырып, біз бұл қатынастардың тар және шектеулі екендігі туралы қорытындыға келеміз. Осы кедергілер мемлекеттер арасындағы географиялық (тек Иран бөліп тұр), оларды байланыстыратын мәдени, тарихи жақындыққа және сауда байланыстарына қарамастан орын алған. Қазіргі уақытта осы мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастардың әлсіздігінің негізгі себептері, біріншіден, бұл Ресей, АҚШ, Қытай, ЕО елдері, Иран, Түркия, Пәкістан, Үндістан және т.б. әртүрлі саяси ойыншылар арасындағы осы аймақтағы бәсекелестігі мен күш жүргізу үшін күресі. Бұл аймақтағы басым рөлге бұрынғыдай Ресей ие және соңғы кездері оның қатарына Қытай да қосылған. Екіншіден, Парсы шығанағындағы араб елдері мен Орталық Азия мемлекеттері шикізатты экспорттауға бағытталған, сондықтан, осы мемлекеттер арасындағы тауар айналымы төменгі дейңгейде қалып отыр. Үшіншіден, инвестиция саласындағы Орталық Азия мемлекеттерінің заңнамалық базасының дамымауы, сондай-ақ, Парсы шығанағындағы араб елдерінің олардың экономикасына инвестиция ағынына кедергі келтіреді.

Парсы шығанағының араб елдерінің қатынасы мысалында Орталық Азия мемлекеттері Қазақстан мен Өзбекстанның қатынасын қарастырдық.

Парсы шығанағының көптеген елдері Қзаақстанның инфрақұрылымының дамуына белсенді қатысты. Сауд Арабиясы Қазақстан Парламент Сенатының ғимаратын салуға 15 млн АҚШ долл., Осакаровка-Вишневкаавтомобильжолдарынқайтажөндеуге12 АҚШдолл. Петропавлдамешітсалуға 2 млн АҚШ долл. астам қаражат бөлді. Қазақстан экономикасында сауд арабиялық инвестициялар көлемінің артуын 1997 жылдан бастап табысты қызмет жасап келе жатқан «Central Asiain vestment company» сауд арабиялық компания қамтамасыз етіп келеді. Сұлтан бен Әбдел Әзиз ханзада Астананыңкардио-орталығынсалуғажәнежабдықтауғаөзқаражаттарынжұмсады. Орталықзаманауи ең жаңа медициналық жабдықтар және құрылғылармен жабдықталды. 2006 жылы Орталық ашылғаннан кейін ол бүкіл Орталық Азиядағы ең заманауи және медициналық жабдықтармен толық жабдықталған орталыққа айналды [3]. 1998 жылы Оман Сұлтанаты мен Кувейт «Салтанат Сарайы» сарайы мен басқа да Астанадағы мемлекеттік ғимараттарды салуға 10 млн. АҚШ долл.-ынан қаражат бөлді. БАӘАстанадағыПрезидентСарайынсалуға15 млн. АҚШдолл. көлеміндегіқаражатбөлді. 1999 жылы Катар Астанадағы ислам мәдениеті орталығын салуға 6,84 млн. АҚШ долл. бөлді, құрылыс 2005 жылдың наурыз айында аяқталды [3].

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]