Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

THE HISTORICAL GEOGRAPHY OF THE SYRDARYA REGION (the end of the XIX century - the beginning of the XX century)

Малдыбек Ақерке,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 5В020300-тарих мамандығының 4 курс студенті, Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. Искакова Ғ.З.

At present, the importance of interdisciplinary trends is increasing on the basis of deeper and more accurate study of history. In the process of past historical research, approaches that help to deepen the events associated with a certain area, which provide a comprehensive view of historical events, have an effect. It should be considered on the basis of historical geography at the crossroads of sciences, such as the history of the region, geographical location, ethnic composition, and so on. If history is the driving force behind human development, it is the future duty of scholars to study and comprehensively assess history. The increasing number of territorial conflicts arising from the increasing importance of geo-states for the countries of the world. The relevance of proving that the lands belonging to the states are based on historic-geographical geographical location, and not so much as a conflict of opportunity between territorial disputes and historic homeland. Based on geographical and historical data, Kazakhstan needs to identify and prove the areas within the millenniumlong history. It is important to keep track of changes in the trans-boundary interval during the centuries. The geographical location of the cities and territories near the border with the Syrdarya region, as well as the geographical location of the border, is influenced by ethical or economical aspects of the region's population, as it is normal. Not only in the Syr-Darya region, it is well known that the geographical factor has a huge influence on the historical situation. For example, the area of the Syr Darya region is 400,000 sq km, including 120,000 sq. Km of land suitable for sowing and 240,000 sq km of land suitable for pasture, while the sandy areas are 40,000 square kilometers. Accordingly, these lands are favorable for the development of livestock, and they have provided great help. The nature of the cattle breeding in the Syr Darya region has undoubtedly led to changes in the livestock breeding. Similar geographical factors were also evident in the region's agricultural landscape. Although some sectors of the industry have been developed and railways are of great importance, the basis of its economic life remains the same as the formerly used for agriculture (nomadic and partly nomadic). At the cheapest prices of colonialists, the Syrdaria region, in large part, exported agricultural products in the form of raw materials and brought their finished goods here and sold them at a much higher price than in central Russia. In other words, the colonial region has become a market area for the metropole that sells cheap raw material and its goods at a higher price. In spite of their irrationality, such conditions were the source of economic relations in the region. In the Syrdarya region gradually began to embark on a settled lifestyle, which in its turn led to the appearance of factory factories. In 1906, the European Railroad connects Russia with Central Asia, and then the Arys-Shymkent, Shymkent-Lenger railroads. On the railway crossing the entire Syr Darya region. Cities and major settlements of the region were located directly or near the railway (Tashkent, Kazaly, Perovsk, Turkestan, Shymkent). And this has made considerable changes in the life of the Syrdarya region: news in the traditional economy, trade relations with the Russian industrial centers, the process of formation and development of the national working class, especially railroad workers, has begun. In the life of the residents of the Syrdarya region, after the end of their accession to Russia, significant changes have taken place. These changes, in particular, resulted from the arrival of migrants from Central Russia to the region, the development of agriculture and trade, the emergence of industrial and railroad construction, migration of nomadic peasantry, the traditional households and traditions of other indigenous peoples - news coverage, etc. clearly visible.

Under the influence of the Russian economy, capitalist relations emerged in certain branches of the national economy. As a result of these changes the social classification of Russian-Ukrainian settlements and KazakhRussian migratory settlements in the Kazakh villages and Uzbek villages started to emerge and the first groups of the national working class appeared. The only impetus for such processes is not only the imperial policy of Russia, but also historical and geographical factors.

References:

1.Zaorskaya V., Aleksandrov G.A. Manufactured Buildings in Turkestan Autonomous Region - GG, 1915 1

2.Galuzo PG Agrarian attitudes towards southern Kazakhstan in 1867-1914. (Supervisor SM Dubrovsky - Alma-Ata: Nauka,

1965)

3.Palen К.К. Materials and Characteristics of Narodnogo Hozyaysa in Turkestan Ott. / / Spb. 1911

Uten А.А. Индурстиальный Южный Казахстан Alma-Ata, 1972

5.Терентьев М.А. Statistical essays of the Srednaziat of Russia in St. Petersburg, 1874

6.Reforms in the Syrdarya region: (second half of the XIX century - the beginning of the twentieth century) S.Seipmelikova K.T.

2009

61

7.Zhansbekova Г.А. The historical geography of South Kazakhstan is on the threshold of the twentieth century in the twentieth century. Desis the ex. science -Almaty: 2010

8.Idrisov RA The Istoric Geography of the North-West Kazakhstan in the first half of the 19 th century. Desis the ex. science - Almaty: 1998

ТҰРАР РЫСҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

Сабырғали Айнаш,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «5В020300-тарих» мамандығының 4-курс студенті, Ғылыми жетекшісі; т.ғ.к., профессор м.а. Қозыбақова Ф.А.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқыныда» кітабында ХХ ғасырзиялылартағдырытурасында«Ғасырбасындамемлекетмүддесінойлағанұлықазақтардыңжеке басының тағдыры қасірет болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ», деп жазған еді. Осы тұста, кезінде тәуелсіздігіміз үшін күрескен, кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болған, тұлғаларымыздың есімдері бұл күндері тарих сахнасының төрінен өздеріне тиісті орын алып, олардың өмір жолы мен сан-салалы қызметі халық арасында кеңінен насихатталуда.

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының отар аймағы еді. Ресей империясының отарлық саясатының кесірінен қазақ халқының құнарлы жерлерінен айырылуы, көшпелі мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы,1917 жылғы орыс революциялары, азамат соғысы мен ашаршылық халыққа ауыр тиді. Кеңес төңкерісі кезінде патшалық Ресейдің қанаушылығы мен әділітсіздігіне қарсы көтерілген жергілікті халықтардың көшбасшысы болған Т. Рысқұлов – ел тарихында және қазақ халқының саяси және экономикалық дамуында өшпес із қалдырған даңқты тұлға.

Тұрар Рыcқұлов 1894 жылы 14 желтоқсандa Жетіcу облысы Верный уезінің Шығыс Талғар болысында (қазіргі Алматы облысы Талғар ауданында) қарапайым қазақ отбасында дүниеге келген.

1916 жылы жаз айында қазақ даласында патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс басталған сәтте Т.Рысқұлов институттағы оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Мерке ауылына аттанады. Т.Рысқұлов Меркеге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып жер-жерде қарулы қақтығыстар орын алып жатқан болатын. Көтеріліске шыққан халықтың дұрыс ұйымдаспауы, олардың ұрыс даласындакөпшығынғаұшырауынасебепболады. Ұйымдастырушылыққабілетіжоғары Т.Рысқұлов көтерілісшілер арасында сенімге ие болып, олардың көтеріліс басшысына айналады. Т.Рысқұлов көтерілісшілерді ұйымдасқан іс-қимыл жасауға, ұсақ топтармен әрекет жасамауға шақырады, патша әкімшілігіне қарсылық көрсетіп, орыс шаруаларына тиіспеуге кеңес береді. Ол көтерісшілер көп шоғырланған жерлерде жиындар өткізіп, соғыстың әділетсіздігін айтып, патша өкіметінің, жергілікті әкімдердің саясатын әшкерелеп, халықты түрлі арандатушылардан сақтандырады. 1917 жылы ақпан революциясынан кейін көктемде Меркіге оралып, большевик К.Чернышевтің басшылығымен қазақтың ұлт-азаттық қозғалысына белсене араласқан жігіттердің басын қосып, «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады.Одақтың бағдарламасы мен жарғысын Тұрар Рысқұлов жазады.Ол одақ өз алдына мынадай мақсаттар қояды. а)уақытша үкіметтің жергілікті комиттерімен күрес; б) барлық күштермен патшаның болыстық старшын, байларына, сондай-ақ, қалған патша жандайшаптарына қарсы күреc жүргізу».

Т.Рысқұлов 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты құтқаруға, орыстар менқазақтардыңарасындағықарым-қатынастыреттеуге, кеңестергежергіліктіхалықөкілдерінкөптеп тартуға жұмсады.

1918 жылы қыркүйекте Т.Рысқұлов Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалады. Бұл комиссариатқа денсаулық сақтау ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылды. Т.Рысқұловтың басшылығымен Түркістан Республикасында құрылған «Аштықпен күресетін Орталық Комиссия» мынадай негізгі бағыттарда келелелі істер атқарды; республика көлемінде аштыққа ұшырғандарға қоғамдық тамақтандыру орындарын ашу арқылы жедел көмек көрсетілді; қоғамдық тамақтандыру орындарында қатаң тәртіп орнатылды; ауруларды емдейтін арнайы дәрігерлік бөлімшелер ашылып, жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары іске асырылды; балалар мен жетімдер үйі ашылды; аштыққа ұшыраған халықтың экономкалық мүмкіндіктері зерттелініп, еңбекке жарамдылары үшін кең көлемде жергілікті, ұсақ тауарлы өндіріс орындары ұйымдастырылды және т.б. Осылайша бұл комиссия өзіне жүктелген ауыр міндетті абыроймен атқарды. 1920 жылы 21 қаңтарда Т.Рысқұлов Түркістан Орталық атқару

62

комитетінің төрағасы болып сайланады. Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-обьективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырады,жергілікті халықтардың құқығын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтереді. Жерглікті халықтың әлеуметтікжкономикалық жағдайын орыс шаруаларымен теңестірілуіне, патша үкіметінің көшпелі халықтардан тартып алған жерлері иелеріне кері қайтаруларына қол жеткізеді.

Қорыта айтқанда Т.Рысқұловтың өмір бойы атқарған қызметінің мәнітәуелсіздік үшін күрес, ұлтты сақтау жолындағы арпалыс болды. Т.Рысқұлов өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсап күрескен даңқты тұлға.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы; «Атамұра», 1999. 296 б.

2.Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі.Түркістан кезеңі \\ Алматы. «Қазақстан»

1994ж. 448 б.

3.Оспанов Ә. Тұрар Рысқұлов.(өмірі мен қызметі) \\Алматы «Жалын» 1971ж. №3

4.Т.Рысқұловтың туылғанына 120 жыл толуына арналған «Тұрар Рысқұлов Қазақстан, Орталық Азия мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары Тараз

2014 ж.

63

1.3Секция

1.4ТАРИХИ САНА ЖӘНЕ ЖАСТАР / ИСТОРИЧЕСКОЕ СОЗНАНИЕ И МОЛОДЕЖЬ /

HISTORICAL CONSCIOUSNESS AND YOUTH

ЖАСТАР – КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ НЕГІЗІ

Алибекова Нұрай,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, мемлекеттік жән жергілікті басқару мамандығының 2 курс студенті, Талдықорған қаласы, Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Султанова Г.С.

Мемлекеттің болашақта әрі қарай дамуы мен гүлденуі тікелей жастарға байланысты, қоғамның белсенді буыны, елдің ертеңі жастардың тәрбиесіне баса көңіл аударуды уақыт талап етуде.

Еліміздің әрбір екінші азаматы – 30 жасқа толмаған жас азамат, сондықтан 1999 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкімімен мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының бекітілуі, 2004 жылы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның қабылдануы жастардың өміріне ерекше мән берілетініне мысал болады. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары: қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Жастық шақ деп – адам өмірінің 14 пен 29 жас аралығындағы кезеңінн айту қабылданған. Жастық шақ – адам өмірінің ең қызықты әрі ең жақсы кезеңі. Бұл кезең - өмір мен жігердің шыңы; қайратжігерге толы, жалындаған кезең болып саналады. Бұл кезеңде оның өзіне деген сенімі мен жаңашылдықты қабылдау деңгейі жоғары болады. Бұл жаста адамның үлкен мақсаттары анықталып, биік армандарға ие болады.

ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес жастар саясатының мақсаты мен негізгі бағыттары айқындалған. Онда жастардың құқықтары мен мүдделерін қоғау, мемлекеттілік пен қазақстандықпатриотизмгебаулу, жастардысапалыәріқолжетімдібілімменқамсыздандыру, жастарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау, жастарға және жас отбасыларға қолжетімді баспанамен қамсыздандыру жүйесін дамыту секілді жастарға қатысты салалық әралуандылықты айқындап көрсеткен. Дегенмен, мұндай мақсат-тар мен бағыттар тек заң күйінде қалып отқанын байқау қиын емес. Осы әлеуметтік топтың мүддесін қорғайтын жастарға ортақ идеологияның болмауы – ең басты себеп. Бүгінде еліміздің жастары 5 млн шамасында, яғни бүкіл халықтың 27 пайызын құрап отыр. Дегенмен халықтың біршама бөлігін құрайтын бұл әлеуметтік топтың артында тұрған тіреуі жоқтығы немесе сол жастардың өзі артындағы тірегінің бар екенін білмеуі, жастар саясатының ақсандап жатқанын білдіреді.

ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңындағы ақаулар. Біріншіден, ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес жастар – ол - 14 және 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары деп көрсетілген[1,15 б]. Соғансәйкес, бүкілзаңдағымақсаттарменбағыттар, құқықтарменмүдделержәне өкілеттік органдардың қызметтері мен функциялары осы жас аралығындағы азаматтарға нысандалған. Соған орай мынадай сұрақ туындайды: 16 жастағы жасөспірім мен 29 жастағы ересек адамның мүдделері бірдей болуы мүмкін ба? Олардың мақсаттары да, көзқарастары да өзгеше. Осыған қарамастан аталған заңдағы шаралар екі не одан да көп әлеуметтік топ өкілдеріне – бір заңды, бір мақсаттарды көздеуге шақырады. Ал негізінде, осы жас аралығындағы азаматтарды ішінара тағы да бірнеше топқа бөліп, соған сәйкес мақсаттар мен нысандарды қабылдау қажет. Себебі 18 жастағы жасөспірім алдымен оқуға түсуді көздейді, ал 25 жастағы азаматты отау құру, жұмысқа орналасу немесе пәтер алу секілді дүниелер алаңдатады. Олай болмайтын болса, жастардың ішіндегі кейбір жас аралығындағы азаматтардың мүдделері лайықты деңгейде қорғалмай қалуы мүмкін. Ал жас ерекшеліктерін анықтап соған сай атқарылған жұмыстардың есебін білетін болсақ, әрбір жастағы азаматтар Үкіметтің жұмысын бағалауға мүмкіншілік алушы еді. Мәселен, 14 пен 18 жас аралығындағы жастардың бірнешесі жетім немесе жартылай жетім, бірнешесі әлеуметтік қолдауды қажет етеді немесе керісінше [2].

Қорыта айтқанда, озық жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ұлт тағдырын тереңінен таразылап, болашағын болжай білетін тұлға ретінде қалыптастырары анық. Ұлттық және жалпыадамзаттық мүдде тұрғысынан жастардың белсендігінің қалыптасуында ұлттық менталитет, патриоттық сезімдермен қатар дүниеге

64

қөзқарастық ұстанымдар мен діни сенімдердің де алатын орны ерекше. Сол себепті де, қазіргі кездегі жастардың ұлттық мәдениеттегі үлесі орасан. Себебі ұлт болашағы, қазақ халқының дәстүрінің жалғасы осы жастардың бойындағы ұлттық сана-сезім мен дүниетанымына тікелей тәуелді. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз бекер айтылмаса келек. Сондықтан мектептерде, кәсіби білім беру саласында және жоғары оқу орындарында ұлттық-рухани құндылықтарымызды көбірек жастарға жеткізіп, зиянды ағымдар мен теріс пиғылды ұйымдардан сақтандырған дұрыс.

Қазақстан елі үшін өзінің әлеуметтік өміріндегі рухани-моральдық құндылықтарын сақтап, жаңғыртып күшейту мәселесі әлемдік жаппай жаһандану заманында өз бет-бейнесін, ішкі әлеуеті мен қайталанбас ұлттық болмысын еш нұқсансыз әрі дамыған күйде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру мақсатында басымдылық алуы тиіс. Жетпіс жылдық саяси отарлау салдарынан рухани-этникалық «мендігі» қоғамдықсанаданөшірілебастағанкезеңде, егемендігінеқолжеткізгенқазақелі, ендігікезде шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатып экономикалық байланысқа түсті. Бұл кезеңде де рухани моральдық құндылықтарды қалайда сақтап қалу және оны жаңғырту жолдарын іздестіру мәселесі күн тәртібінен алынбауға тиіс. Қазақстан халқы кеңес өкіметіне дейін өзінің рухани атамұрасын, моральдық-этикалық құндылығын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ислам діні және шариғат өлшемдерімен сәйкестендіріп қалыптастырғаны мәлім [3].

Сондықтан да бүгінгі күні халқымыздың діни-моральдық бет-бейнесін сақтап қалу үшін жанжаққа, басқа жұртмәдениетінееліктемей, оның табиғи жолмен, ғасырлар бойы қалыптасқандінисанасенімін, ішкіқуатынқайтажаңғырту ісінебелбайланса, болашақжастардыңбағыт-бағдарыадаспайды деген пайымдамыз. Сөйтіп, Шығыс пен Батыстың ізгі құндылықтарын тоғыстыра білген жастардың болашағы айқын болары даусыз.

Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы, 2005.- 15 б.

2.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан.

3.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. – Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар.

МЕМЛЕКЕТТІК МӘДЕНИ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ҚЫТАЙ ТӘЖІРИБЕСІ

Тасилова Айкен,

Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ, шығыстану факультетінің 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., Омарова М.

Бүгінгі таңда мәдениет халықаралық саясаттың ажырамас бір бөлігі болып табылады және ол әрдайым халықаралық қатынастарда өз рөлін атқарады. Мәдени саясат көп деңгейлі жүйе болып табылғандықтан түрлі компоненттерді біріктіреді. Сонымен қатар, мәдениеттің өзі мемлекет пен саясатқа өз әсерін тигізуші фактор болып табылады. Мемлекет өз органдары арқылы осы мақсатта қаржы және материалдық қорларды, заңнамалық актілерді, ұйымдастырушылық, басқарушылық және басқадаәдістерменмеханизмдердіқолданып, мәдениетқызметіндамытужәнедамытушыпроцестерін реттейді. Мәдени саясаттың өз алдына қойған міндеттері ретінде мемлекеттің мәдени даму стратегиясын әзірлеуді, ұлттық брендтерді қалыптастыру мәдениет және әлеуметтік-мәдени саясат саласындағы құқықтық базаны жетілдіру мәдениеттану саласындағы зерттеулерді дамытуды айта аламыз. Мәдени саясат объектісі адам болып табылады, ал мәдениет қоғамдағы сананың және мінезқұлықтың әлеуметтік жеткіліктілігін қамтамасыз етуші құрал. Халықаралық қатынастарда түрлі мемлекеттер өзара жұмыс жасау барысында этикетті сақтауға тырысады және көп жағдайда келіссөздер оң нәтиже беруі үшін оны ұстанған дұрыс . Этикеттің өзі тікелей мәдениетке яғни белгілі бір мемлекеттің көзқарасына сай түрлі елдерде өзіндік сипатқа ие.

Мысалы етіп Батыс және Шығыс елдерінде қалыптасқан көзқарас түрлі сипатта болғандықтан олардың рухани дүниесі де бір-біріне ұқсас болып келмейді . Шығыс елдерінде әсіресе Қытайда әрбір іске үлкен мән беріп оған деген жауапкершілікті мол сезінеді сондай ақ жұмыс барысында кішіпейілділік танытып әрі еңбекке деген құлшынысы мол болады .Түрлі іс-шараларда немесе мемлекеттік маңызы бар істерде мәдениетке мән бөлген дұрыс шешім . Себебі орынды көрген кей ісәрекет бірлесе жұмыс атқарып жатқан мемлекеттің мәдениетінде дөрекі көрінуі мүмкін . Қытай халқының мәдениеті сонау ежелгі ғасырлардан бастап өзіндік ерекше сипатқа тән. Мәдени саясат мәдени мұраны сақтау және оны дамытуды көздейді. Қытай жері әсем ландшафт пен көптеген тарихи

65

мұраларға толы атап айқанда б.д.д III ғасырда салынып басталған әйгілі Ұлы Қытай қорғаны , Қытай өркениетініңмекеніСианьқаласындағыЧинШыхуаңмавзолейі, патшалыққорғандарменқатарКүлгін түсті саздан жасалған жауынгерлер армиясы сонымен қатар ғасырлардан бері сақталып келе жатқан хан сарайлары күні бүгінге дейін жақсы сақталынған. Шет елдерден ағыла келген туристердің басым бөлігі Қытайдың тарихы мен мәдениетіне деген қызығушлық танытып тарихи жерлерді түрлі храмдарды тамашалау үшін келеді. Сонымен қатар Қытай халқының тарихи деректері мен түрлі ойшылдардың дәйек сөздері және жыр – дастандары мен аңыз-ертегілері мұражайлар мен архивтерде сақталған . Бейжің операсы да мәдени салада үлкен рольге ие. Ол үшін арнайы театрлар жұмыс жасайды және бұл операларда Қытайдың тарихи мәдениетімен танысуға болады. Бір ғажабы оларды тек ескі дүние ретінде санап қоймай қазіргі замануи тұрғыдан жаңартып әлі күнге дейін жандандырып келеді .Қытай халқы мәдени мұраларымен қатар салт-дәстүрлері мен дәстүрлі мерекелерін жақсы ұстанады . Сонымен қатар ел арасында патриоттық сезім жоғары деңгейде орын алады. Мемлекеттік тілі қытай тілі болғандықтан ондағы өмір сүріп жатқан халықтар оны жетік меңгеруі шарт қазіргі таңның өзінде қарапайым халықтың 80 пайызынан жоғары тек қытай тілінде сөйлейді. Бұқаралық ақпарат көздері көшелеріндегі билбордтар барлығы дерлік қытай иероглифтерімен жазылған, демек ұлттық патриоттық сана сезім жақсы дамыған. Ұлттық сана сезімді рухани мінез-құлық пен тарихи жәдігерлерін сақтай отырып Қытай мәдени саясатты жетілдіруде өзіндік дәрежеге қол жеткізді .

Қорытындылай келе мемлекеттік мәдени саясатта Қытай тәжірибесі өте ауқымды және жаңа заманға сай дамып келед.і Халықаралық қатынастар аясында мәдени іс-шаралары кең ауқымды түрде өтеді .Біздің университетімізде 2017 жылы Конфуций институтының ашылу салтанаты соның дәлелі іспеттес. Соныменқатар түрлі мәдени бағдарламалар аясындаҚытайдабілім алу мүмкіндігінеиеболу, көптеген шетелдік студенттер бойында қызығушылық арттырады .Мәдени саясатта алған қойған жобалары мен жоспарларын барынша тиянақты әрі оң нәтижелі жүзеге асыру Қытай халқына тән қасиеттердің бірі.

Әдебиеттер тізімі:

1. Балакшин А. С. Культурная политика: поиск новых методов исследования. // Культура и цивилизация: реальность и перспективы развития. — Н. Новгород: ВГАВТ, 1998.

2.Духовная культура Китая / гл. ред. М. Л. Титаренко, Ин-т Дал. Востока РАН. — М.: Восточная литература, 2006. 3. Dave O'Brien «Cultural Policy: Management, Value and Modernity in the Creative Industries», 2013

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН ЖОЛ

Серікбаева Бағжан,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, педагогика және психология мамандығының 3 курс студенті, Талдықорған қаласы

Ғылыми әдебиетте Жаңғыру (modernization; от modern – заманауи) қоғамдық әлеуметтік эволюциясына, оның құрылымдық және функционалдық жіктелуінің заманауи қоғамның қалыптасуы бағытына қарай өсуіне алып келетін саясаттағы, экономикадағы және мәдениеттегі инновациялардың тарихи ұзақ процесі ретінде белгіленеді.

Сондай-ақ жаңғыруды мемлекетті қарқынды дамыту мақсатында жүйені ауыстырмайтын, бірақ қолда бар әлеуетті жұмылдыратын іргелі өзгерістер процесі ретінде анықтайды. Жаңғыру процесі сатылы, көпфакторлы, тарихи инвариантты және қайтымды болып табылады; ол өңірлік және өркениетті ерекшелікке ие және әртүрлі қоғамдық ішкі жүйелерде және дамудың әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі жылдамдықпен және қарқындылықпен өтеді. Жаңғырудың түпкі мақсаты мемлекетті өзін-өзі дамытуға және өз тетіктерін тұрақты жаңалап отыруға қабілетті жүйеге айналдыру, уақыт талабына сәйкес келтіру болып табылады [1].

Әрқашан да жастардың тағдыры мен мемлекеттің тағдыры бірге жүреді. Жастар мен мемлекеттің қандай қарым-қатынаста болатынынан екеуінің де бүгіні мен болашағы айқындалады. Қуатты саясат, әрқашан да қолдау көрсету, үнемі жастарға жағдай жасау – осы факторлардың арқасында ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақтың сеніміне кіруге болады. Жастармен жұмыс істеу кез-келген мемлекет үшін өте маңызды мәселе болып табылады. Оның пайда болуы мен дамуын зерттеу қазіргі таңдағы саяси ғылымдардың ішінде маңызды орын алады. Кез-келген мемлекетте жастармен жұмыс істеу үлкен мәртебе. Сондай-ақ осы мәртебені түсіну және игеру дүниенің әр түкпіріндегі мемлекеттерде әрқалай дамыған. Жалпы айтқанда, әр мемлекет жастар мәселесін шешуде өзіндік жолдарымен, өзіндік таңдауларымен, өзіндік тәжірибелерімен келуде.

66

Дүниежүзілік қауымдастықтың жастар саясатында алар орны ерекше. Себебі, ол осы мәселені шешуде дүниенің жүздеген мемлекеттерінің тәжірибесін жинаған. Дүниежүзінің тәжірибесін зерттеу олөтемаңызды. Өйткені, жастарсаясатытекжалғызғанамемлекеттіксаясатыментағдырыемес, қайта бүкіл дүниежүзінің тағдыры мен болашағы. Бірақ бұны түсіну өкінішке орай жай жүруде.

Қазақстан– жастәуелсіз, зайырлыжастарсаясатынқұруданемесежүзегеасырудатереңтәжірибесі жоқ, бірақ сонымен қоса дүниежүзілік қауымдастықпен тығыз қарым-қатынастағы мемлекет. «Қоғамды жасқа бөлу саясатында біз ең алдымен жастарға, өсіп келе жатқан жеткіншектерге, сонымен қоса жас отбасыларына үлкен назар аударуымыз керек» деп еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында айтып кеткен болатын.

Жастар саясаты - ел ертеңін айқындайтын басым бағыт. Жастар саясаты жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарының бірі - еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына үлес қосуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға тәрбиелеу. «Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін», - деген Н.Назарбаевтың үмітін жастар әрқашан ақтар.

Қолданылған әдебиеттер:

1.http://www.katon-karagay.vko.gov.kz/kz/files/000885.pdf

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДАҒЫ ТАРАЗДЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

Биримжарова Гүлжанат,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., профессор м.а. Қозыбақова Ф.А.

Азаттықтың таңы атып, еліміз егемендік алғалы халықтың әл-ауқатын арттыруға барынша күш салдық. Ендігі кезекте ұлттық құндылықтарымыз бен рухани байлығымызға көңіл бөлетін сәт туды. Халық жадында қасиетті орындар ұғымын қалыптастырып, сіңіру мақсатымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының негізгі аспектілерінің бірі- «Қазақстанның қасиеттері орындары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қолға алынды.

...МенТаразөңіріненмінжәнеосыбағдарламааясындатуғанжерімдегімәлімжәнебеймәлімкөне сәулет өнері ескерткіштерінің қайта түлеп, жаңғырғанын қалаймын. Нақ осындай себептермен тұла бойы тұнған тарих киелі Тараз жерін зерттеу нысаны ретінде алдым. Зерттеу жұмысы мынадай тақырыптарды қамтиды :

1.Көне Тараз өңіріндегі сәулет өнері ескерткіштеріне жалпы шолу

2.Өткен тарихи кезең мен бүгінгі күннің сабақтастығы

3.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көне жәдігерлердің қайта жаңғыруы

Сөзсіз, Ұлы Даланың көз жетпейтін кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарғаны анық. Алайда біз бұрын-соңды осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін жасаған емеспіз. Ұлттық бірегейлікті сақтау жолында Қазақстанның өзге де жәділермен бірге барлығы біле білмейтін Тектұрмас баба кесенесі, Дәуітбек мазарларын асқақтатып, ЮНЕСКО секілді әлемдік деңгейдегі мұралар қатарына қосуды мақсат етіп, игі бастаманы алып отырмын.

Зерттеу барысында өн бойлары тұнған тарих бұл Қарахан дәуірі ескерткіштері арқылы көптеген анықталмаған мәселелердің беті ашылды. Мысалы, қазақ даласындағы Қараханидтер дәуірі мен олардың айналысқан кәсіптері, жазба мұралары мен өнер туындылары, діни көзқарастары жайында тың ақпараттарға ие болдым. Қазақ даласының төсінде аты аңызға айналған кейіпкерлер хақында мәліметтер осы кесенелерді зерттеу барысында анықталды. «Ұлы Даланың Жеті Қыры» мақаласы төңірегінде қарастырыла бастаған руханияттың бірден-бір үлгілері - осы ескерткіштер боолып табылады. Алысқа бармай дүйім жұртқа белгілі Айша бибі мен Қараханның кесенелерінің өзі қайда жатыр?! ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін сәулет өнерінің үздік нұсқасы Айша бибі кесенесі Тараз қаласынан 17 шақырым жерде Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында орналасқан. Біздің ғажап өлкемізге аяқ басқан әрбір адам мұсылман әлемі құрмет тұтатын, «әулие орын» деп аталған ортағасырлықсәулетөнерініңінжу-маржаныАйшабибікесенесінеатбасынбұрмайөтпейді. Ғасырлар

67

тереңінен біздің заманымызға дейін кесененің батыс жақ қабырғасы мен оған жапсарлас қабырғаларының қалдықтары ғана жеткен.

Онымен қоса екі мың жылдық тарихы бар Тараздың төңірегінде бой түзеген өткен ислам кезеңінің дәлелдеріндей Бабаджа қатын, Ақыртас сынды бар. Сайып келгенде ертедегі Тараз құрылыстарының ішінен мұнда Х-ХІ ғ.ғ. салынған Қарахан кесенесі ғана бар және сол кезенде салынған ортағасырлық моншаның қалдығы археологиялық қазба кезінде табылған болса, XIII ғ. ескерткіштері қатарында Шамансұр кесенесі ғана сақталған. Ескерткіштен өзге көне қалашықтардың да орындары табылған. Оларға: Меркі қалашығы, Төрткүл керуен сарайы, Құлан қалалары жатады.

Әдебиеттер:

1."Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

2.Тараз. Жамбыл облысының энциклопедиясы «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы. –Алматы 3.Кекілбайұлы Ә. Талайғы Тараз. -- Астана, 2002.

4.Баялиев К. Жасырған Жамбыл жерінде. -- Тараз, 2000. 5..Байпаков К, Байбосынов К. Ұлы Жібек жолы және Тараз. 6.Әбілдаұлы Б. Талас. Айша бибі, Қарахан. – Алматы: Санат,

7.Қазақстан Республикасының Тарихи және мәдение ескерткіштер жиынтығы. Жамбыл облысы. 8.Байпаков К. Қазақстанның ежелгі қалалары. -- Алматы 2005.

9.Байбосынов К. Жамбыл өңіріндегі тас мүсіндер. -- Алматы, 1996 10.Мауленов Б. Тарихын таспен жазған халықпыз: Тараз төңірегіндегі тас 11.Мырзахметұлы М. Түркістан Тараз арасы. -- Астана, 2002 Жамбыл

PУХAНИ ЖAҢҒЫPУ – ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮШІНШІ

ЖAҢҒЫPУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Елеусізов Нариман,

Абай атындағы ҚазҰПУ, 5В030100-Құқықтану мамандығының 1-курс студенті, Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы, Тулбасиева С.К.

Елбaсы жaңa тұpпaтты жaңғыpудың бaсты шapты – ұлттық кодты сaқтaу екенін бaсa aйтып, онсыз жaңғыpу дегеніңіздің – бос aйту дегені оpынды көpсетілген.

Жaлпы тapих беттеpінде еліміздің apaб жaзуынaн лaтынғa, лaтыннaн киpиллицaғa көшкен кездеpіміз белгілі. Біpіншіден, Мемлекет бaсшысы лaтын әліпбиіне көшуді тек бүгін ғaнa емес, ол мәселенің 2012 жылы aлғaш pет қозғaлғaны белгілі [2]. Aл, 2017 жылдың 11-қыpкүйегіндегі Қaзaқстaн Pеспубликaсы Пapлaменті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің лaтын гpaфикaсындaғы әліпбиінің біpыңғaй стaндapтын енгізу мәселелеpі туpaлы» тaқыpыбындa пapлaменттік тыңдaу өткізіліп, қaзaқ әліпбиінің жaңa нұсқaсы ұсынылғaн болaтын.

Жaңғыpу - бұpынғыдaй тapихи тәжіpибе мен ұлттық дәстүpлеpге қapaмaуы тиіс. Кеpісінше, зaмaнa сынынaнсүpінбейөткенозық дәстүpлеpдітaбыстыжaңғыpудыңмaңыздыaлғышapттapынa aйнaлдыpa білу қaжет. Егеp жaңғыpу елдің ұлттық-pухaни тaмыpынaн нәp aлa aлмaсa, ол aдaсуғa бaстaйды. Сонымен біpге, pухaни жaңғыpу ұлттық сaнaның түpлі полюстеpін қиыннaн қиыстыpып, жapaстыpa aлaтын құдіpетімен мaңызды.

Бұл - тapихтың, жaсaмпaз бүгінгі күн мен жapқын болaшaқтың көкжиектеpін үйлесімді сaбaқтaстыpaтын ұлт жaдының тұғыpнaмaсы болып тaбылaтындығы Пpезидент мaқaлaсындa aйқын aтaлып көpсетіледі.

Болaшaқтa ұлттың тaбысты болуы оның тaбиғи бaйлығымен емес, aдaмдapының бәсекелік қaбілетімен aйқындaлaды. Сондықтaн, әpбіp қaзaқстaндық, сол apқылы тұтaс ұлт ХХІ ғaсыpғa лaйықты қaсиеттеpге ие болуы кеpек. Мысaлы, компьютеpлік сaуaттылық, шет тілдеpін білу, мәдени aшықтық сияқты фaктоpлap әpкімнің aлғa бaсуынa сөзсіз қaжетті aлғышapттapдың сaнaтындa. Сол себепті, «Цифpлы Қaзaқстaн», «Үш тілде білім беpу», «Мәдени және конфессияapaлық келісім» сияқты бaғдapлaмaлap – ұлтымызды, яғни бapшa қaзaқстaндықтapды ХХІ ғaсыpдың тaлaптapынa дaяpлaудың қaмы болып тaбылaтындығы aйтылып өтіледі.

Пpaгмaтизм – өзіңнің ұлттық және жеке бaйлығыңды нaқты білу, оны үнемді пaйдaлaнып, соғaн сәйкес болaшaғыңды жоспapлaй aлу, ысыpaпшылдық пен aстaмшылыққa, дaңғойлық пен кеpдеңдікке жол беpмеу деген сөз. Қaзіpгі қоғaмдa шынaйы мәдениеттің белгісі – оpынсыз сән-сaлтaнaт емес.

68

Кеpісінше, ұстaмдылық, қaнaғaтшылдық пен қapaпaйымдылық, үнемшілдік пен оpынды пaйдaлaну көpгенділікті көpсетеді.

Ұлттық сaлт-дәстүpлеpіміз, тіліміз бен музыкaмыз, әдебиетіміз, жоpaлғылapымыз, біp сөзбен aйтқaндa ұлттық pухымыз бойымыздa мәңгі болып қaлуғa тиіс.

Aбaйдың дaнaлығы, М.Әуезовтің ғұлaмaлығы, Ж.Жaбaевтыңтың жыpлapы мен Құpмaнғaзының күйлеpі, ғaсыpлap қойнaуынaн жеткен бaбaлap үні – бұлap біздің pухaни мәдениетіміздің біp пapaсы ғaнa [ 1].

Пpезидент қaзіpгі тaңдa Қaзaқстaн өз дaму бaғытымен әpкім жеке бaсының қaндaй дa біp іске қосқaнүлесіменкәсібибіліктілігінеқapaпбaғaлaнaтынмеpитокpaтиялыққоғaмқұpыпжaтқaндығымызды aтaп өте отыpып, Елбaсы қaзaқстaндықтapдың ешқaшaн бұлжымaйтын екі еpежені түсініп, бaйыбынa бapғaнынқaлaйды, біpіншісі– ұлттықкод, ұлттықмәдениет, екіншісі– aлғa бaсуүшінұлттыңдaмуынa кедеpгі болaтын өткеннің кеpтapтпa тұстapынaн бaс тapту, осы екеуі сaқтaлмaсa, ешқaндaй жaңғыpу болмaйтындығын aшып көpсетеді.

«ХХІ ғaсыpдaғы ұлттық сaнa туpaлы» aтты біpінші бөлімнің «Бәсекелік қaбілет», «Пpaгмaтизм», «Ұлттық біpегейлікті сaқтaу», «Білімнің сaлтaнaт құpуы», «Қaзaқстaнның pеволюциялық емес, эволюциялық дaмуы», «Сaнaның aшықтығы» aтты aлты тapмaқ және «Тaяу жылдapдaғы міндеттеp» aтты екінші бөлімдегі ойлap мен идеялap ұлттық мемлекеттілікті нығaйту мен сaқтaудың aйқын дa нaқты көpінісі.

Қaзaқстaн Пpезиденті Нұpсұлтaн Нaзapбaев «Болaшaққa бaғдap: pухaни жaңғыpу» aтты бaғдapлaмaлық мaқaлaсындa жaңa тapихи кезеңге тән қaтеpлеp мен тәуекелдеpге жaн-жaқты бaғa беpе отыpып, pухaни жaңғыpу apқылы болaшaққa деген өзінің теpең көзқapaсын білдіpді.

Пaйдaлaнылғaн әдебиеттеp тізімі:

1.Нaзapбaев Н.Ә. Мемлекет бaсшысының «Болaшaққa бaғдap: pухaни жaңғыpу» aтты мaқaлaсы//http://www.akorda.kz/kz//memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy// 12 сәуіp 2017ж.;

Нaзapбaев Н.Ә. Болaшaққa бaғдap: pухaни жaңғыpу / Егемен Қaзaқстaн, 12 сәуіp 2017 ж.

2.Нaзapбaев Н.Ә. «Қaзaқстaн-2050» Стpaтегиясы қaлыптaсқaн мемлекеттің жaңa сaяси бaғыты. Қaзaқстaн хaлқынa

Жолдaуы (2012ж. 14 желтоқсaн) http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs.

3.Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. /Қ.С. Қаражан, Ж.Ә. Әбсеметова, Ф.А.Қозыбақова, Т.Қ.Мекебаев, С.С.Саржанова, С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев; Редакциясын басқарған Қ.С. Қаражан. – Алматы: Қазақ университеті, 2008.

216 б.

4.Лaтын әліп биінің жaңa үлгісі тaныстыpылды // https://egemen.kz/article /158164-latyn-alipbiininh-ulgisi-tanystyryldy

5.Құрманқұлов Ж, Байпақов К., Елеуов М.ж/е т.б Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Сериясы Алматы, «Аруна» баспасы, 2011ж.504б.; «Мәдени Мұра» бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері. //http:/www.madenimura.kz/ru/culture-legacy/excavations-madenimura/.

ӨМІРІ ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ БОЛҒАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ - ТҰРСЫНБАЙ СЕЙТБЕКОВ

Қоңырбекова Ақбота,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті, Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., проф.м.а. Қозыбақова Ф.А.

Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде "өз мемлекеттерінің" баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз еліміздің тура тарихын жазу үшін тарихшы қауымға жол ашылды. 70 жыл бойы кеңестік идеологияның тапсырмасы аясында жазылған тарихымызды түгендеуге қол жетті. Соның бірі әлі де қыры мен сыры толық айтылып бітпеген, Екінші дүниежүзілік соғыстаЕуропамемлекеттерінфашистбасқыншыларынаназатетушайқастарынақазақстандықтардың қатысуы мен олардың ерліктері деуімізге болады.

Тарихшылар екінші дүниежүзілік соғыстың басталуын Германияның Польшаға басып кіруінен, 1939 жылдың1 қыркүйегінен бастайды. 40 күндеПольшамемлекетітолық жаулапалынды. Польшаны жаулап алудан кейінгі алты ай тыныштықтан кейін Германия 1940 жылы көктемде Солтүстік және Солтүстік-Батыс Еуропа елдерін жаулап алуға кірісті. Дания жеңілгендігін бірден мойындады.1940

69

жылы 10 мамырда гитлерлік Германия Батысқа жорығын бастады. Бельгия, Люксембург және Нидерландыны тез жаулап алған неміс әскерлері, бір аптаға жетпей Франция жеріне кірді.5 маусымда немістердіңФранцияның ішкеріаймақтарынашабуылыбасталып, ол22 маусымдаФранцияүкіметінің жеңілгендігі туралы бітімге қол қоюымен аяқталады.1941 жылдың 22 маусым айында таңғы сағат 4-те Германия Кеңес Одағына басып кірді.Фашист басқыншыларына қарсы Кеңес Одағының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Қазақстан халқының барлық рухани күш-жігерін және қайратын қатал сынаған соғыс болды. Бұл сыннан Қазақстан халқы абыроймен өтті. Қазақстан соғыс кезінде жауға берілмес батырларды өсіріп шығарды, бұлардың ерліктеріне дүниежүзі қайран қалды.Сондай тұлғалар қатарында менің де кейіпкерім бар.

Ұлы Отан соғысының ардагері Тұрсынбай Сейтбеков 1922 жылы қаңтардың оныншы жұлдызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Билікөл колхозында (қазіргі Берікқара әкімшілігінде) дүниеге келеді. Ұлты – қазақ. Майтөбе совхозындағы жеті жылдық мектепті бітірген соң, 1940 жылы Жамбыл облысы білім бөлімінің жанынан ашылған 10 айлық қысқа мерзімдік мұғалімдер даярлайтын курсқа қабылданады. Мұндафизика-математикафакультетін1941 жылышілдеайындабітіріп, Сарысуауданы Алғабас ауылының 7 жылдық мектебінде ұстаздық етеді.1941 жылы 15 қарашада әскер қатарына алынады. Жамбыл қаласында

5 ай бойы әскери дайындыққа машықтандырылып, 1 мамыр 1942 жылы Жамбылдан эшалонмен шығып Грузияның Кутаиси қаласына аттандырылады. Сарбаздарды Кутаисиге жеткізбей тұрып, Түрікменстанның Кислободана қаласына түсіреді. Мұнда сарбаздар алты күн, алты түн жатады. Өйткені жаудың әуе күштері жүргізуге еш мүмкіндік бермейді. Апта өткеннен кейін сарбаздарды параходқамінгізіп, Бакуқаласынажеткізбекболады. Бакуқаласынажақынқалғандааспаннанжаудың әуе күштері бомба жаудырады. Жағалаудың тас-талқаны шығады. Солдаттардың біразы осы жерде жараланады. Жауынгерлер Кутаиси қаласына жетіп, мұнда бір ай карантинде болып, әскери ант қабылдайды. Көптеген қиындықты өткеріп, Кислободана қаласындағы тоғыз айлық сержант байланысшыларды даярлайтын курсқа қабылданған Тұрсынбай курсты жедел төрт ай ішінде бітіріп, кіші сержант байланысшы шекарашы деген дәреже алады. Туркия шекарасы Ахалцихе погран отрядына байланыс бөлімінің командирі қызметін атқарады.1942 жылы Кавказ жерін қорғауға қатысады. Сухути, Батути, Ахалцихе погран отрядынан ерекше іріктелген 94-погран отряд (полк есебінде) құрамасына қабылданып полктың байланысшы командирі болды.

Грозный, Микоян-шахар қалалары мен селоларында болып, чечен, ингуш, қарашай, болгардың қоныс аударуларына отрядпен атсалысқан. Украинаның Харьков, Львов қалаларын азат етуге қатысқан. 1943 жылы Қырым түбегін азат ету шабуылында жараланып, 2 ай госпитальда емделіп, қатарға қайта қосылды.

1944 жылы Симпорополь қаласындағы Қырым татарларының қоныс аударуларына қатысқан. 3- Белоруссия, Прибалтика фронтарының құрамында болып, Белоруссияның Орша, Молодечная (Узловая) қалаларын азат етудегі жойқын шайқасқа қатысып, қалалар мен көптеген елді мекендерді азат еткен. Бұл естен кетпес шайқастардың бірі болды.

Латвия, Литва, Эстония, Карелия Республикаларының көптеген ірі қалалары мен селоларын азат етті. Польша, Румыния, Греция мемлекеттерін азат еткен. 1945 жылы сәуір айында болған Кейнсберг қаласын алардағы жойқын шайқас болды.Осы шайқаста 2-рет жараланған.Бұл ардагердің сұрапыл соғыстағы ең соңғы шабуылы болды.Соғыстан кейінгі жылдары, 1946 жылдан 1982 жылға дейін өз мамандығы бойынша Жамбыл ауданы Амантүбек орта мектебінде шәкірт тәрбиелеу жолында еңбек етеді.

Көзі тірісінде 23 орден медальдармен көптеген мақтау грамоталарымен марапатталған. Жас ұрпақты тәрбиелеуге сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, 3 рет обл софпровтың , 2 рет облононың мақтау грамоталарымен , бірнеше заттай сыйлықтармен марапатталған. «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» төс белгісімен марапатталған. Талас ауданының Құрметті азаматы болған.Тұрсынбай Сейтбековсынақтардықайыспай көтерген, рухының мықтылығыарқасындадіттегенмақсатынажете алғанқайсаразамат. Тұрсынбайақсақал3 ұл, 5 қызтәрбиелегенәке. Ақсақалдың29 немере, 24 шөбере, 2 шөпшегібар. Ардагерұстаз2016 жылы94 жасындаЖамбылоблысыТаласауданыТамдыауылында дүниеден озды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сайлан Б. Кеңестік Қазақстанның фашизмге қарсы күресі: жаңа көзқарастар мен ұстанымдар. – Алматы, 2016

2.Мұхамедов М. Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010

3.Жұмақаева Б.Қазақстан тарихы. – Алматы, 2014

4.«Жамбыл облысы» энциклопедиясы;

5.Базарбаева С. Өнегелі өмір

70

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]