Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

кездегі шығыста қалған ордалардың деректері араб, парсы деректерінен көрініс тауып отыр. Дегенмен қазіргі күнге дейін мажарларға байланысты үлкен бір тобын батыстық деректер құрастырып отыр.

Мажарлар жайлы алғаш мәлімет беретін дерек ретінде Беретин анналдарын атаймыз. Беретин анналдарында 862 жылы унгралар деген белгісіз халықтың неміс жерлеріне шабуылдар жасағандығы айтылады. Зерттеушілердіңбіразбөлігіосыунгралардывенгрлермен(мажарлармен) байланыстырады. Мажарлардыңэтнонимібатысеуропалықтілдердеоногурсөзіменбайланыстырылып, унгри, хунгриан, унгарн, венр деп келе береді. Бұл этноним XVI ғасырда орыс поляк тілдерінің әсерінен пайда болғандығы көрінеді. Ортағасырлардағы мажарлардың орысша атауы – угра, кейде – югра деп те кездескен. Бұл оногур этнонимінен шыққандығы белгілі. Ал осы унгралар анналдар бойынша сол заманның белгісіз халық болып есептелген. Батысеуропалық деректерде IX ғасырға дейін «унгра» этнонимі кездесіп тұрған. Яғни, батыстық шіркеулік кітаптарда VIII ғасырлардан бастап онгурлармен байланысты хунгариус (797–800), хунгаерс, хунгаер, хунгер (761), унгарус (731–736), унгерус (IX ғ.) атауларыкездеседіекен. Алайда, бұлунграларменхунгарларКарпатбассейнінеVII ғасырлардақоныс аударған оногорларың ұрпақтары ретінде қарастырлады.Бұл миграциялық үрдістер VII–VIII ғғ. Феофан Исповедниковтың жазған – Хронографта кездеседі [ Чичуров, 1980: 219].

Мажарлардың шығу тегіне байланысты ежелгі дереккөздердің бірі X ғасырдың ортасындағы Георгияның Хроникасында да кездеседі. Бұл деректе мажарларды көшпелі халық ретінде көрсетіп және олардың болгарлармен одақтас болып, византиялықтарға қарсы соғысқандығы айтылады. Сонымен қатар, мажарлардың Дунай жеріне 813 жылы қоныс аударуын болгар ханы Крумның әмірімен жүргізілгенімен байланыстырылады. Кейінірек олардың артқа қайтуға деген ниеттері болып, оларды угрлар, уннолар, түріктер қайтуға мүмкіндік бермеді дейді [Дьени, 2012: 106–111].

Жазба деректердегі мәліметтерден мажарлардың тарихы қым-қиғаш екендігі белгілі болды. Осы тұста этностың шынайы тарихына көз жүгірту үшін басқа да қосымша деректерді қарастыру абзал деп есептейміз. Сондай дереккөздердің бірі археологиялық деректер болып табылады. Қазіргі уақытта археологиялық деректердің келешегі өте зор екендігін байқауға болады. Егерде алдағы уақытта ежелгі мажарлардың тарихына байланысы деректер табылатын болса, ол әлбетте археологиялық қазбалардан табылатын деректер болмақ. 1990 жылдардан бастап Венгрияда тарихшы Дюлой Кришто бастаған ғылыми дау пайда болды. Оның пайымынша мажарлардың шығу тегіне байланысты археологиялық деректердің маңызы жоғары болып табылады. Алайда кейбір венгрлік археологтардың пікірінше материалдық мәдени құндылықтар халықтың этникалық келбетін көрсете алмайды екен. Яғни, археологиялық деректер халықтың этникалық мәселесіне тек басқа да қосымша деректер болған жағдайда ғана дәлел бола алады.

XVIII–XIX ғғ. және XX ғасырдың басында Венгрияда этникалық тарихты зерттеуге этнография ғылымыныңмүмкіндіктерінпайдалану көзделді. Алайда, бұлбастамалар халықтың ауызшатарих айту дәстүрі ежелгі мажарлардың тарихына терең бойлай алматындығын көрсетті. Ал, соның негізінде ұлттық мәдениет пен киім кию, тамақтану жүйесі және т.б. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында ғана қалыптасқандығы белгілі болды [КраткаяисторияВенгрии, 1991: 11–12]. Яғни мажарлардың ұлттық мәдениетін XVIII–XIX ғғ. деректік материалдармен шеше алмайтындығы анықталды. Бұл IX–X ғғ. мажарлардың мәдениеті мен мифологиясынан хабар бермейді.

Алайда мұндай скептикалық пікірлердің жетегінде кетіп, ауызша дәстүрлер ұлт мәдеинетінің көне формасын бермейді деп бір жақты пікірде қалуымызға да болмайды. Мысалы мажарларға тіл жағынан жақын болып келетін обь-угорлық халықтардың (манси және хантылар) керемет архаизмдерді сақтап қалған [НародыЗападнойСибири, 2005: 179–181]. Соңғы онжылдықта Ж. Дюземилдің индоеуропалық зерттеулерінің ізінше оралдық мифологияларды қалпына келтіруге күш салынуда. Бұл қадамдар қызықты нәтиже беруде [Айвенхальд, Петрухин, Хелимский, 1982: 162–192]. Сондықтан этнография мен фольклор ежелгі мәдениет пен этникалық тарихты зерттеудің деректік базасы болып табылады.

Ежелгі мажарлардың тарихын зерттеуде негізгі дерек – тіл болып табылады. Себебі, басқа деректердің көп сақталмауы осындай қорытынды жасауға жетелейді. Алайда тілдік білім басқа деректердің жеткіліксізілігімен ғана түсіндірілмейді. Г. Гадамер мен М. Фуконың түсіндіруінше, тіл – тек әлемнің шынайы бейнесін сипаттайтын мәдени құбылыс емес, тек қана ойлау құрылғысы емес, ол ойлауды туғызатын жүйе [Гадамер, 1988: 452]. Жекелік тілдің қалыптасуы этностың қалыптасқандығын көрсетеді. Этнос ұғымы тек мәдени өлшемдер тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Яғни этнос бар жерде бөлек тіл бар деген сөз. Тіл бұл рухани мәдениетті объективтендіретін арна болыптабылады. Бізежелгі мажарлар тарихын зерттеудетілдік контекстен бастартпауымызкерек деп есептейміз. Біз бұл тұрғыда XIX ғасырда венгрлер арасында қалыптасқан ұлтшылдықты көне IX мажарлардан іздеуіміз дұрыс емес. Барлық этникалық сипаттар тілден көрініс табатыны дауысыз мәселе деп білеміз.

131

Венгрия ғылымының ең даулы мәселесі мажарлардың этникалық шығу тегі және осы мәселе әбден саясиланып, идеологияның езгісіне түскен десе болады. Алайда, бұл мәселені анықтау үшін тарихнамалық мәселеге көз жүгіртуіміз керек.

Ян Асманнның айтуынша, тарих – бұл жадының өнері. Тарих қалай сақталса – солай элитаның құрылымыдасақталады[Ассман, 2004: 25,30, 77–79]. Бұлтұжырымдар мажарлардыңкөнетарихының тарихнамасымен тікелей байланысты.

Атақты венгриялық тарихшы, түрколог Иштван Вашари «ортағасырдағы жылсанаулардың басталған тұсында венгрлердің өздері тек шығысан келгенінен басқа ешнәрсе білмеді» - деп, әділдікті айтып кетті.

Ортағасырлық венгрлік жылсанаулардан бізге дейін жеткені үш негізгі текст – Гест Венгерлі Аноним (Мастер П.); Шимон Кезай хроникасы және XIV ғасырдың Композициялық хроникасы.

Олардың ең көнесі – Венгрлік Геста аноним XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында жазылған. Ол «отанды жаулау» туралы романтикалық әңгіме ретінде сипатталады. Сондай-ақ ондағы әскери образдар ойдан шығарылғандығы білініп тұр. Себебі, деректе сол кезеңдегі басқа да тарихи тұлғалардың көрініс таппауы ондағы ақпараттың шынайылығына күмән тудырады. Керісінше деректе басқа еш жерде кездеспейтін тұлғалардың образы бейнеленген. Ойдан шығарылған Венгрелік Аноним мажарлардың көне тарихын баяндауда антикалық дәстүрді пайдалануға тырысқан. Яғни Скифияны сипаттауды көп келтіреді, алайда бұл дәстүрдің қарастырылып отырған мәселе үшін еш құндылығы жоқ [Дьени, 2012: 106–111]. Тек қана мажарлардың ауызша деректерін берген тұстарында ғана біраз шынтуайттылық байқалады.

Венгриялық тарихшы, ирантанушы Янош Харматта Анонимде венгрлердің екі отаны айтылатынына назар аударады: бірінші дәстүр бойынша Скифия (Азов теңізі) жағалауы десе, екіншісі Гестенің7-тарауындаЕділөзенініңортаағысыдепкөрсетеді. ОлмажарларСкифияданкеткенненкейін Еділ бойына келген деп топшылайды. Сосын, Суздальді көрсетеді. Бұл баяндаудың тарихи шынайылығы да болуы ықтимал, себебі мажарлардың бір отаны Еділ ретінде көрсетілуі ақылға қонымды.

Мастер П. Шығыста венгрелік тайпалардың қалып қойғандығы жөнінде білген сияқты. Оларды ол «дентумогер», «могер» деп атайды. Мадияр этнониміне сәйкестенетін бұл сөздің «денту» бөлігі осы күнге дейін даулы мәселе болып отыр. Сонымен қатар, Анонимдегі Алмош көсемнің әкесі Удектің 819 жылы скиф князі Эунедебил Эмештің қызына үйленуі жайында баяндауы Алмоштың 820 жылы туылғандығын сондай-ақ, IX ғасырдың басында мажарлардың скифтер жерінен (Еділ мен Орал өңірінен) көшпегендігін көрсетеді. Сонымен қатар, әлі Карпатқа қарай көштің басталмағандығын анықтайды. Біздіңтопшылауымызбойыншамажарлардыңдалалықаймақтапайдаболуы830 жылдарға жуықтайды.

Жалпы, Анонимдегі әңгімелер ойдан шығарылған персонаждарға толы болғанымен көне мажарлардың тарихына қатысты аз ғана мәліметтер беріледі. Дегенмен венгер тарихнамасында мажарлардың көне тарихының тарихнамасында Геста Анонимнің рөлі зор [Дьени, 2012: 106–111].

Венгер королі Ласло IV сарай діндарыШимонКезаиВенгерлікХрониканың авторы болып табылады. Бұл шығарма 1282–1285 жж. жазылған. Ол мажарлардың шығу тегі ғұндармен байланыстылығын түсіндіретін көзқараста болған. Ал бұл көзқарас Геста Анонимде жоқ. Аноним авторы Мастер П. тек арпадтар тайпасы Аттиламен байланысы бар деген ғана пікір қалдырады. Кезаи ежелгі мажарлар мен ғұндардың отаны қазірге дейін венгрлер тұратын парсы жерінен бастау алады деп түсінді.Алайда Кезаи Парсы шекарасын көрсеткенде бірқатар шатасуға барған сияқты. Себебі, ол негізінен Кавказдағы венгерлерді меңзеген болса керек. Кавказдық мажарлар жайлы Константин Багрянородный еңбегінде айтылып өтеді [Константин Багрянародный, 1991: 161].

Кезаи өз шығармасында «қасиетті бұғы» жайында аңызды келтіреді. Бұл бұғы Хунор және Могор (ғұндар мен мадиярлардың ата-бабалары) атты екі бауыр кісілерді Меотидадан «шөлге» алып барады. Олар онда Белар атты княздің қыздарымен кездесіп оларға үйленеді, кейін аландардың князі Дуланың қыздарына үйленеді. Осылайша ғұндар мен мажарлар мықты халық болып шықты. Бұл мәлімет төңірегіндегі даулы көзқарастар әлі күнге дейін басылған жоқ. Деректе келтірілген қасиетті бұғы аңызымажардардыңтөл аңызыма? әлде батыстықдәстүрлерденкелген бе? дегенсауалдар туындайды [Прокопийиз Кесари, 1950: 384–387]. Қасиетті бұғы сюжеттері Иорданныңғұндар жайлы деректерінде кездеседі. Бізге белгілі болғаны Кезаи Иордан шығармасымен таныс болған. Нәтижесінде венгерлердегі қасиетті бұғы аңызы мәдени алмасулар нәтижесінде мажарларға телініп отыр. Дәл осындай аңыздар ғұндарда, утригур, кутригурларда да кездеседі. Аңыздағы құндылық тек мажарлардың этногенезіне байданысты көріністері құнды. Яғни Хунор, Могор, Белар, Дуло сынды тұлғалардыңатыМогор– мадияр, Хунор– оногурлар, белар– бұлғарлармен (бұлғардегенментүркілік

132

атау)сәйкестенеді. Шындығындабұлтұлғалармадиярлардыңэтногенезіндегікомпонеттердікөрсетеді. Лингвистердің пікірінше IX ғасырға дейінгі мажарлардың отанына қоныстанғанша олардың көпшілік сөз тіркестерінде осындай сөздер көп болған.

Осы тұста Дуло есімінің кездесуі қызықтырады. Себебі, бұл есімнің басқа деректе кездесетіні байқалады. Эллиндік орыс жылнамаларда (XV ғасырда) түркі-бұлғарлық княздардың есімі сақталған. Бұл бойынша Автиохол деген княз Дуло тайпасынан деп көрсетіледі. Яғни Дуло шынымен тарихи тұлға болуы мүмкін. Кезайдың айтуынша Дуло аландық көсем. Мұны аландар мен ғұндардың тығыз қарым-қатынасымен түсіндіруге болады.

Кезаи ғұндар тарихын баяндай келіп, Карпат бассейнімен байланыстырады. Кезаидің басты мақсаты венгрлердің Карпат бассейніне мүдделі екендігін көрсету. Егер венгрлердің аталары ғұндар болған болса, онда IX ғасырдағы қоныстану екінші мәрте қоныстану болып табылады.

Отандық тарих ғылымында да мажар және қыпшақ тарихына арналған бірқатар зерттеулер бар. Оның ішінде Б.Е. Көмековтің, С.М. Ахынжанов, Қ.Т. Жұмағұлов, Т. Мұқажанованың, А. Кушкумбаевтың еңбектерін атап өтсек болады. Бұл зерттеулердің ішінде негізгі бағыты қыпшақтар мен мажарлардың өзара туыстық байланыстарына тоқталады. Соның ішінде Б.Е. Көмековтің зерттеулерінде қазақтар мен мажарлардың тілдік жақындықтарын лингвистикалық тұрғыда талдап өтеді[Кумеков]. Сондай-ақС.М. Ақынжановтың «Кипчаки висториисредневековогоКазахстана» атты еңбегінде қыпшақтардың ортағасырдағы саяси тарихы мен қоғамдық құрылысы араб, парсы деректерімен сипатталады. Сондай-ақ бұл еңбекте Еділ мен Карпатқа қарай көшкен қыпшақтар жөнінде де тоқталып өтеді [Ахынжанов, 1995: 171]. Ал, Б.Т. Жұмағұлов пен Т. Мұқажанованың «Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VI–VIII ғ.)» деп аталады[Жұмағұлов., Мұқажанова, 2015 ]. Бұл еңбекте мажарларға дейінгі Еуропа жерінде билік құрған аварлардың тайпалық одағының тарихына талдау жасалады. Ал, А. Кушкумбаевтың зерттеу мақаласында Жошы Ұлысындағы Шығыс мажарлардың деректері талданады[Кушкумбаев, 2018: 127–134]. Жалпы, келешекте бұл мәселебатыстық және араб, парсы деректерін салыстырып отырып толыққанды объективтітүрде зерттеуді қажет етеді.

Әдебиеттер

1.Чичуров И.С. Византийскиеисторические сочинения «Хронография» Феофана и «Бревиарий» Никифора. – М., 1980. –

С. 219.

2.Дьени Г. Историографическиезаметки о древнейистории мадьяр // УральскийВестник. –№ 4. – 2012. – С. 106–111.

3.КраткаяисторияВенгрии. – М.: Наука, 1991. – 608 с.

4.НародыЗападнойСибири. Ханты. Манси. Селькупы. Ненцы. Энцы. Нганасаны. Кеты. – М., 2005. – С. 179–181.

5.Айвенхальд А.Ю., Петрухин В.Я., Хелимский Е.А. К реконструкций мифологических представлений финно-угорских народов // Балто-славянские исследования 1981. – М., 1982. – С. 162–192.

6.Гадамер Г.Г. Истина и метод. – М., 1988. – С. 452.

7.Ассман Я. Культурная память. Письмо, память о прошлом и политическая идентичность в высоких культурах древности. – М., 2004. – С. 25, 30, 77–79.

8.Константин Багрянародный. Об управлении империей. – М., 1991. – С. 161.

9.ПрокопийизКесари. Война с готами. – М., 1950. – С. 384–387.

10.Борецкий-Бергфелд Н. ИсторияВенгрии: средниевека и новоевремя. – СПб., 1908.

11.Кумеков Б.Е. Казахи и венгры: общиеисторическиекорни // www.eco-invest.hu(сайтты қараған уақыты: 19.03.2019.).

12.Ахынжанов С.М. Кипчаки в историисредневековогоКазахстана. – Алматы, 1995. – С.

13.Жұмағұлов Қ.Т. Еуропадағы түркі әлемі:авар тарихы (VI–VIII ғ.). – Алматы, 2015.

14.Кушкумбаев А.К. Источники о восточныхмадьярах в УлусеДжучи // Археология Евразийскихстепей. Материалы IVМеждународногосимпозиума. Казань – Болгар, 15–19 октября 2018 г. – № 6.

АФИНСКАЯ ДЕМОКРАТИЯ И СПАРТАНСКАЯ ОЛИГАРХИЯ КАК ПОЛИТИЧЕСКИЕ СИСТЕМЫ

Медетова М.Ю.,

Казахская Национальная Консерватория им. Курмангазы Студент 1 курса специальности “вокальное искусство”,

Руководитель: К.И.Н., доцент Айдос Т.М. saberkparkbyon@gmail.com

По своему политическому устройству, структуре государственных органов греческие полисы V— IV вв. до н. э. делились на два основных типа: полисы с демократическим устройством и полисы с олигархическим правлением. Наличие демократического или олигархического строя в тех или иных

133

полисах отражало, как правило, существенные различия в социально-экономических отношениях, сложившихся внутри этих полисов. Полисы с высоким уровнем экономики, интенсивным сельским хозяйством, развитым ремеслом и активной торговлей тяготели к демократическим формам государственного устройства. Демократический строй как бы увенчивал интенсивную экономику, динамичную социальную структуру торгово-ремесленных полисов.

Олигархия, напротив, в большинстве случаев оформляла в политической области консервативную аграрную экономику, архаические общественные отношения. В то время эталоном олигархии стала политическая организация Спарты. В Спарте государственный строй носил ярко выраженный олигархический характер. Аристократический характер государственного устройства Спарты не был случайным стечением обстоятельств, а вырастал из особенностей социально-экономических отношений. Господство натурального производства, слабое развитие ремесел и торговли, военный характер спартанского общества обусловили своеобразие политического устройства Спарты, повышение роли органов военного управления и воспитания, малочисленность органов собственно гражданского управления.

Любая политическая система, в том числе и афинская демократия, направлена на регулирование отношений как между классами (в интересах господствующего класса), так и между социальными группами, в том числе и между отдельными людьми, составляющими данное общество.

В греческих полисах (и Афины здесь являются одним из классических примеров) основой всей социально-экономической и политической организации выступал коллектив граждан, образующий в совокупностиантичнуюобщину. Гражданскийколлективнесоставлялвсегонаселениятогоилииного полиса, в частности Афин. Кроме граждан, в афинском обществе находились метеки, многочисленные рабы, которыевсовокупностисоставлялиболееполовинывсегонаселения. Однакоафинскаяполисная система опиралась на гражданина и была создана прежде всего для афинского гражданина.

Достижением греческой политической мысли и полисного мировоззрения была выработка самого понятия «гражданин».

гражданин — это личность, наделенная некоторыми неотъемлемыми правами, составляющими основу его жизнедеятельности.

Полноправным афинским гражданином мог быть житель Аттики, оба родителя которого имели гражданские права, а его имя вносилось в особый список, ведущийся в демах — низших административных единицах Аттики.

Главным и решающим органом власти в Афинах было Народное собрание. На Народное собрание собирались все граждане независимо от их имущественного положения, проживавшие в городе Афинах, в Пирее, в Аттике, на других территориях, входивших в состав Афинского государства (например, жители островов). Женщины не имели права участвовать в политической и общественной жизни.

Народное собрание обладало широкими полномочиями. Здесь принимались государственные законы, утверждалось объявление войны и заключение мира, результаты переговоров с другими государствами, ратифицировались договоры с ними. На Народном собрании избирались должностные лица, магистраты Афинского государства, обсуждались отчеты после их годичного управления, решались дела по продовольственному снабжению города, контролировались сдача в аренду государственных имуществ, земель и рудников, утверждались наиболее крупные завещания.

Список использованной литературы:

История Древней Греции (под ред. В.И. Кузищина) История Древней Греции (под ред. В.И. Кузищина. 1986)

Ковалев С.И. История античного общества. Греция. Эллинизм. Рим. 2-е изд. Л., 1937. Т. I—II. (1-е изд.: Л., 1936).

САҚ ПАТШАЙЫМЫ – ТОМИРИС

Чукенов Әділет

І.Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университетінің 3 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: пед.ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ашимова Малика Гениевна

Әлемге әйгілі 10 әйелдің қатарына енген жауынгер патшайым Томиристің есімін естімеген адам кемде-кем. Ұрпақтан ұрпаққа аңыз боп жеткен атақты қазақ аруы б.з.б.VI ғасырда өмір сүрген (б.д.д. 570-520жж.) Ол әйгілі скиф көсемі Ишпақайдың тұқымынан тараған. Тарихшыларлардың пайымдауынша, Томирис Тұран патшасы Афрасиабтың (б.з.б. 534 жылы қаза тапқан) қызы болған.

134

Кейбір зерттеушілер сақ ханшайымы әкесі өлгеннен кейін таққа ие болып қалған деседі. Алайда түрлі тараптан зерттелген тамыры терең тарих алуан-түрлі пікірлердің қалыптасуына негіз болды.

Кейбір қазақ зерттеушілерінің жазбаларында Томиристің есімі түрліше аталады: Тамаша, Томырыс, Тұмарт.б.. БұғанқатыстыбелгіліжазушыБексұлтанНұржекеұлы«Жүзтұңғыш» кітабында қазақ тарихшылары Томиристі «Тұмар» деп жүр. Қазіргі белгілі деректер бойынша, оның дұрыс – бұрыстығына қол жеткізу мүмкін емес. Алайда сақ жұрты оны дәл гректерше Томирис деп атамағаны айдан анық [1].

Томирис бес жасынан бастап ат құлағында ойнап, әкесімен бірге іс-қимылдар мен қару-жарақ пайдаланатын ортада тәрбиеленді. Бала кезінен-ақ жаугершілік замандағы бірталай ұрысқа куә болған массагет тайпаларының ханшайымы жүрегі түкті, жігері мықты, алғыр стратег болып өсті. Бойжеткен соң әкесі оны тиграхаудтардың билеушісі Рүстемге тұрмысқа береді де, көп ұзамай дүние салады. Жақынының қазасы қабырғасын қаусатып, көңілін пәс қылып жүргенде қайғы қосарланып, күйеуінен айырылады. Осылайшасұңғылапатшайымбиліктіөзқолынаалып, кеңдала, кеніштіөлкеніұрпақтарға енші етіп қалдыру жолында аянбай күреседі.

Елдің басын біріктіріп, халық қамын өз мүддесінен биік қойған ақылды қолбасшының ерлігі мен қаһармандығы жайлы әбсаналар әртүрлі. Тарихшы Геродоттың естелігінше Ұлы Кир, Парсы империясының негізін қалаушы өз ажалын сақ патшайымының қиғыр қылышынан тапқан. Парсы билеушісі жары қаза болған жесір әйелге құда түспек ниетін білділіп, елші аттандырады. Алайда Кир патшаның кесірлі сәлемі Томиристің ойын онға, санасын сан саққа бөліп, өрікпіген жүрегіндегі өртенген намысын одан сайын өршіте түседі. Бірақ көздегені өзі емес, бәсірелі елді бағындыруды беттеген пасық ойының орындалуы екенін бірден түсінген Томирис патшайым ұсыныстан бас тартып, шайқасуға бекінеді. Бұл жәйттан кейін сақтың өзге көз алартқан дұшпандары аяқтарын алшақ басып, сескеніп жүрген деседі. Аталмыш айқасқа қатысты тарихшы Геродот : «Бұл соғыс, менің пайымдауымша, жаугер тағылардың арасындағы ең қатыгез, әрі ең ұлы қанды шайқас болды»,- деген баға берген екен. Тойымсыз Кирді жеңген сақтың қызы Томирис патша есімі тарихта осылай қалыпты.

Атақты қолбасшы, алғыр стратег Томирис өз елінде қара қылды қақ жарған

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА КЕҢЕС ӘСКЕРІН ЖАБДЫҚТАУДАҒЫ МЕЦЕНАТТЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ

Серкебай Д.М.

1 курс магистранты, e-mail: serkebay96d@mail.ru

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Т.ғ.к, доцент, Мухажанова Т.Н., e-mail: tolknym3010@qmai.com

Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, КСРОдағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.

Мұның барлығы майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтуға үлкен әсерін тигізді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің, бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.

Біз қарастырып отырған соғыс уақытындағы мәселелер Т.Балақаевтың еңбегінде кең қарастырылған. Оның «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945жж)» еңбегінде Отан қорғау қорына үлес қосқан еркектер мен әйелдердің қажырлы еңбектері сипатталған [1].

Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды рөл атқарғандығы Қ.Нұрғалиевтің еңбегінде қарастырылған [2]. Бұл жайында К.Алдажұмановтың еңбегінде де жан-жақты көрсетілген [3].

Совет патриоттары танк және самолет жасауға өз қаражатынан 100 мыңнан 300 мың сомға дейін қаржы берген. Социалистік Отанның тағдыры шешіліп жатқан қиын кезеңде Советтік патриотизмнің тасқын күшінің жауды женуге орасан зор әсері болғандығы Қазақ ССР тарихы кітабында кеңінен сипатталған [4].

Соғыс жылдарындағы Кеңес әскерінің жабдықталуы

135

Соғыстағы жеңісіміздің маңызды факторының бірі совет халқының майданға көрсеткен патриоттық көмегі болды. Сол бір қиындық жылдарда әрбір совет азаматының ой-ниеті майданға қолдан келгенше көмектесіп, қайткенде де жауды тез жеңуге бағытталған болатын. Социалистік Отанға қауіп төнген кезде халықтың қалың ортасында туған патриоттық өрлеу бұрын-сонды болып көрмеген дәрежеге жетіп, бүкіл елімізді қамтыды [1,18-б].

Майданға көмек көрсету жолындағы патриоттық қозғалысының алдыңғы қатарындағы Қазақ КСР- і еңбекшілері де болды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап еліміздің ішкі өмірі мен эканомикасын майдан талабына сай қайта құруға және Қызыл Армияның қорғаныс қуатын арттыруға байланысты еңбекшілер тарапынан көптеген шаралар іске асырыла бастады. Солардың біріқорғаныс қорын жасауға байланысты өрістеген патриоттық бастамалар мен қозғалыс еді [1,19-б].

Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығыасамаңыздырөлатқарды. 1941-1942 жылдарыжаудыңқоластындақалғанаудандардан айдалып әкелінген 1,2 миллион бас ірі қара Республиканың жер-жеріне орналастырылды. [2,22-б]. Соғыс жылдары Қазақстан мемлекетке 4,8 миллион тонна нан, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкеніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна мақта шикізатын берген. Бұлар соғыстан бұрын елде өңдірлен өнімдердерден анағұрлым көп көрсеткіштер еді [3, 103-б]. Қазақстанда оған Шымкент темір жол торабының комсомолецттері инициаторы болды. 1942 жылдың қыркүйегінің өзінде-ақ комсомолецтер мен жастар танк колоносына 11 650 сом жинады, сөйтіп көп кешіпей майдан «Қазақстан комсомолы» деген белгісі бар 45 ұрыс машинасын алды [4,124-б].

Совет патриоттары танк және самолет жасауға өз қаражатынан 100 мыңнан 300 мың сомға дейін қаржы берді. Социалистік Отанның тағдыры шешіліп жатқан қиын кезеңде Советтік патриотизмнің тасқын күшінің жауды женуге орасан зор әсері болды. Ал солардың бірі қазақ палуаны Қажымұқан Мұнайтпасов болды. Ол өзінің 100 мың рубль ақша сомын қорғаныс қорына аударған. Бұл самолет Ленинград майданында соғысып, бұл сомолетті Қажымұқан Амангелді Иманов есімімен атауды ұсынған. Сондай-ақ Алматы комсомолының қаржысына алынған, Совет Одағының екі мәрте батыры атанған Сергей Луганскийге арнайы сомолет тапсырылды.

Еліміздің қорғаныс қуатын нығайтып, Советтік әскери экономикалық зор үлес қосқан Қазақстан еңбекшілері соғыс жылдарында төрт мемлекеттік заем бойынша сол кездегі бағамен 3,2 млрд сомнан астам қаражат берді. [4,19-б]. Қорғаныс қорларына жекеленген адамдар өз қаражаттарымен бірге, артық азық-түлік өнімдерінде берген. Мысалы, Темір ауданының «Путь к социализму» колхозының трактор бригадасының жетекшісі Ә.Карабалин 200 пұт астық, 3000 сом берген [5,3п]. Ал Мартук ауданының Сталин атындағы артелінің колхозшысы С.Г.Зинченко танк колоннасын жасау қорына 30 мың сом, Қызыл армия қорына 30 пұттық астығын сыйлаған. Осы ауданның тұрғыны 70 жастағы М.Ордабаев зейнеттік шағына қарамастан ұжымшарда жұмыс істеп қорға 30 мың сом ақша аударған. [5, 1п].

Танкколоннасы мен самолет эскадриясын жасақтау үшін100 және150 мыңсом көлеміндеқаражат аударған колхозшылар қатарында Гурьев облысы Новобогат ауданы «Қызыл балық» ұжымшарының төрағасы Б.Құрмашев, сол облыстың «Ракуша» колхозының төрағасы Ж.Наурызбаев және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Сталин атындағы колхоз меңгерушісі К. Каналиндер тағы басқа болды [6, 6п]. БатысҚазақстаноблысы Чапаев ауданы«Талпын» колхозының төрағасы Жүсіпқали Оразбеков 75 мың сом, Гурьев облысы «Алғабас» балықшы ұжымшары партия ұйымының хатшысы Сағым Аппатанов және Ақтөбе облысы Алға ауданы Крупская атындағы ұжымшары төрағасы Д.Жиенқұлов 60 мың сомнан ақша аударды [1, 186-б].

Жоғарыдағы деректерге сүйенсек негізгі көп көлемде ақша аударған колхоз төрағаларымен немесе партия ұйымының хатшылары болды. Сол уақыттағы саяси жұмыстар бойынша ұжымшар басшылары халыққа үлгі-өнеге көрсетуі тиіс болғанымен, кейбір партия ұйымы тарапынан көзбояушылықтарда болып отыры. Мәселен, Ақтөбе облысы Степной ауданында танк колоннасына қаржы жинауда аудандық партия комитетінің кадр бойынша хатшысы Б.Сармановтың тарапынан болған көзбояушылық беті ашылып айыпталған [7, 29-30пп]. Мұндай әрекеттер тек Батыс өңірде ғана емес, Республиканың басқа аймақтарында да болғаны туралы деректер мұрағат қорларында кездеседі.

Қазақстан диқаншылары әр шаруашылыққа берілген егістік көлемін ұлғайтып қана қоймай, қоғаныс қорына қосымша егін екті. Мұны ауыл еңбекшілері «Отан қорғау гектары» немесе «Қорғаныс гектарлары» деп атап, оған ерекше күтім жасады. Мұндай егін танаптары көбінесе құнарлы жерлерге егілді. Қорғанысгектарларықарттар, әйелдер, мектепоқушыларыменпионерлерарнайықамқорлыққа алды [5, 1п].

Республиканың белгілі әдебиет, қоғам және өнер қайраткерлері де бұл істін ұйтқысы болды. Ақтөбелік ақын Нұрпейіс Байғанин ел аралап, халық арасында айтқан жырларында Отанды қорғауға,

136

бүкіл халық болып қорғаныстын сарқылмас қорын жасауға шақырды. Ақынның жырлары көпшіліктің жүрегіне жол тауып, осындай кездесулердің нәтижесінде Ақтөбе облысының диқандары мен малшыларықорғанысесебіне56 689 сомақша, 24 315 сомдықоблигация, 14 басмал, 150 цастықберсе, майданға кеткен 3 жауынгердің әкесі, 63 жастағы колхоз құрлысының ардагері Ш.Берсиев бүкілхалықтық 20 мың сом ақша, 100 пұт астық, ал Қызыл армия қорына 250 пұт астық берді. [8, 120-б].

Сондай-ақ, медицина қызметкерлеріні еңбегі де әрі игі, әрі құрметті болды. Дәргерлер жауынгерлердіңөміріменсаулығын сақтау үшінжанқиярлықпен күресті, тылда жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеуге көмектесті. Соғыс жылдары санитарлықбақылау пунктерінің кең жүйесі ұйымдастырылды, жаңа моншалар мен дезинфекция камералары салынды, дәрі-дәрмек шығару ұлғайтылды. Жергілікті партия және Совет өызметкерлері қолда бар емдеу-санитария мекемелерін нығайту және олардың жаңаларын салу жөнінде қамқорлық жасап, көптеген күш-жігер жұмсады. Заводтарда медициналық -санитариялық бөлімдер ұйымдастырылды. Армияға кеткендердің орнына медицинақызметкерлерініңжаңакадрларыдайындалды. ССС-діңҚызылКрестжәнеҚызылЖартыай қоғамы халық арасында көп пайдалы жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, қоғам көптеген мың санитариялық жасақтар мен медицина сестраларын даярлады. Соғыс кезінде өзінің қанын берген адамдардың патриоттығын Отанымыз ешқашанда ұмыпайды. Мәскеудің С.П. Боткин атындағы клиникалық ауруханасы жанында ұйымдастырылған қан құятын бір станцияның өзі ғана күн сайын 200 қан беруші адамды қабылдап, майданға 40-50 литр қан жіберіп отырды [9,215-б]. Бұқаралық сипат алған донорлық советтік патриотизмнің ең бір жарқын көрнісі болды. 1941 жылдың 23 маусымында Алматының бір топ патриот доноры Республика еңбекшілеріне «Өз қанымызды Отан қорғауға берейік» деп үндеу арнады. Мыңдаған жұмысшылар, жұмысшы әйелдер, колхозшылар мен колхозшы әйелдерөздерініңқаныңҚызылармияжауынгерлерініңөміріменденсаулығынсақтапқалу үшінберді

[4,130-б].

Тыл - бұл да шайқасушы халық. Ол армияға адам резервін беріп, қару -жарақпен, соғыс техникасымен, қажетті заттың бәрімен қамтамасыз етіп, оны рухани жағымен қолдады. Майдандағылардың жауынгерлік жеңісі тылдағы еңбеккерлерді қуантса, тылдағы еңбек табыстары жауынгерлерді қаһармандық жаңа жеңістерге жетуге жігерлендірді. Майдан мен тыл бір жерден қол шығарып, біртұтас жауынгерлік лагер құрды. Отанымыздың қаруланған қорғаушыларыныңдаңқты жауынгерлер мен партизандардың ерлігінен тылдағы еңбеккерлердің жанқиярлық еңбегі бірде-бір кем түскен жоқ. Жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың, интеллегенцияның, тамаша әйелдердің, барлық республикалар жастарының қаһарман ерлігі арқасында соғыстың барысында қару-жарақ пен соғыс техникасын негізгі түрлерін өндіруден СССР Гитлершіл Германияны басып озды [10,11-б].

Қортындылай келе айтқанда, Жеңіс тек майданды емес, тыл да шыңдалды. Соғыс жарияланған күннен бастап бейбіт еңбек, бейбіт мамандық деген жойылып, бүкіл ел болып Отанды қорғауға жұмылды. Ендігі жерде жеңісті шыңдайтын нәрсеазамтатардың да, кәрінің де, жастың да, еркектің де, әйелдің де қажырлы еңбегі, олардың ұйымшылдығы, тәртіптілігі, қырағы да сақ болып жүріп, Отан қорғау қорына қомақты үлес қоса білуі болды. Міне, партия ұраны, партия шақыруы Совет адамдарынан осыны талап етті де, жүзеге асырды. Соның негізінде Кеңес әскері жеңіске жетті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Т.Балақаев, Қ.Алдажұманов. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945 жж). - Алматы: Ғылым, 1985. –

320 б.

2.Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. Алматы: Қазақ университеті,1999. – 212 б.

3.Алдажұманов К.Сельские механизаторы Казахстана на фронтовой вахте. 103 // Казахстан в Великой Отечественной Войне. Оточественный ред. Т.Б.Балақаев. Алматы: Казахстан,1974. – 344 с.

4.Қазақ ССР тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. – Алматы: Ғылым,1984. – 728 б.

5.Ақ.О ММ. 13-қор, 11-тізбе, 220-іс, 1п.

6.ҚР ПМ. 708-қор, 1-тізбе 172-іс, 6п.

7.ҚР ПМ 708-қор, 7/1-тізбе, 751-іс, 29-30 п.

8.Аманжолов К. Ерліктің жарқын беттері. – Алматы: Қазақстан,1980. – 46 б.

9.Совет Одағының Ұлы Отан соғысы 1941-1945ж. – Алматы: Казахстан,1972. - 450 б.

10.Қашқынбаев З.Ш. Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында. Алматы: Казахстан,1970. – 44 б.

137

СЕКЦИЯ № 3.

«АРХИВ 2025»: АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН ТОЛЫҚТЫРУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ/ «АРХИВ 2025»: КОМПЛЕКТОВАНИЕ, ХРАНЕНИЕ И ИСПОЛЬЗОВАНИЕ АРХИВНЫХ ДОКУМЕНТОВ/ ARCHIVE 2025: ACQUISITION, STORAGE AND USE OF ARCHIVAL DOCUMENTS

БІРІККЕН КОРОЛЬДІКТЕ АҚПАРАТ ПЕН ҚҰЖАТТАМАНЫ БАСҚАРУДАҒЫ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Амангелді А.

Әл-Фараби ат.ҚазҰУ 6М051500-Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету 2-курс магистранты

Ғылыми жетекші:

т.ғ.д. проф.м.а. Жакишева С.А.

1838 жылы 14 тамызда Біріккен Корольдіктің Парламентті Мемлекеттік архив құру туралы заң (the

Рublic Records Act of 1838) қабылдаған. «The Рublic Records Office» (қысқартылғанда the РRO) 1838

жылдан 2003 жылға дейін Ұлыбританияның мемлекеттік архиві болды. 2003 жылы мемлекеттік архивтің «Ежелгі манускриптер комитетімен» (Historical Manuscripts Commission) бірігуі, Ұлыбританияның Ұлттық Ұлттық архив қызметінің қалыптасуына алып келді. [1] Бұл Ұлттық архив Ұлыбритания, Англия және Уэльстің билігінің ресми архиві қызметін атқара отырып, 1000 жылдан астам тарихы бар ұлттың ең маңызды құжаттарын сақтайды. Ұлттық архив ХІ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі құжаттарды сақтайды. Ол интернет пайдаланушыларының қарамағына жалпы қолжетімді деректер базасын ұсынады және онда 8 миллионнан астам істердің электрондық сипаттамасы бар. Ұлыбританияның Ұлттық архивінің виртуалды музейінде ұлттық мұра болып табылатын көне құжаттарды көруге болады. Солардың бірі атақты жаулап алушы Вилгельмнің 1086 жылы шығарған Англия жер тізімдемесінің кадастрлық кітабы. [2]

Ұлттық архивтің ағымдағы жұмысын архив сақтаушысы басқарады, ал елдің архивтері үшін жауапкершілік лорд-канцлерге жүктелген. Ақпарат бостандығы туралы заң бойынша ол құжаттарды басқару жөніндегі практикалық нұсқаулардың екі жиынтығын шығарады.

Еуропалық Одаққа мүше болған кезеңде Ұлыбритания архивтері ИСО стандарттарымен басқарылды. Олардың түрлері төменде келтірілген:

-ISO 15489-1:2001 «Information and documentation. Records management». Бұл стандарт мемлекеттікжәнекоммерциялықұйымдардыңқұжаттаманыбасқару процесінреттейді жәнеқұжаттық жүйені жобалау және енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды қамтиды. Сонымен қатар, құжаттаманы басқару талаптары, құжаттарды бақылау процесін және құжаттарды қолдану мен сақтау ережелерін қамтиды.

-ISO 5127:2001 «Information and documentation — Vocabulary» («Ақпарат және құжаттама – Сөздік»). Бұл стандарт құжаттама саласы бойынша терминологияны белгілейді.

-ISO 11799:2003 «Information and documentation. Document storage requirements for archive and library materials» («Ақпарат және құжаттама. «Информация и документация. Архивтік және кітапханалық құжаттық материалдарды сақтауға қойылатын талаптар»).

Біріккен Корольдікте қолданылатын ақпарат пен құжаттаманы басқару саласындағы негізгі заңнамалық актілер:

1. Деректердіқорғаутуралызаң. 1984 жылғыредакцияғасәйкесзаңтекавтоматтытүрдеөңделген ақпаратты пайдалануды реттейді. 1998 жылдың 16 шілдесінде ол корольдік санкцияны алды, осы уақыттанбастапзаңныңәрекететусаласыэлектрондықұжаттарменқатарқағазқұжаттарғадатаралды. Мемлекеттік мұрағат үкіметтік мекемелер мен мұрағаттардың құжаттаманы басқару қызметінде деректерді қорғау туралы заңды қолдану тәртібін белгілейтін басшылық шығарды. Бұл басшылық заңдағы жаңа терминдерді түсіндіреді, деректер саласындағы құқықтарды және деректерді қорғау принциптерін жинақтайды, сондай-ақ оларды тарихи және ғылыми мақсаттарда өңдеу шарттарын түсіндіреді.

2. Ақпарат бостандығы туралы заң. Бұл заң 2000 жылғы 30 қарашада корольдік санкцияны алып, 2005 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол көпшілік құжаттар және мемлекеттік органдардың

138

қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығын бекітеді. Осы Заңның негізгі мақсаттарының бірімемлекеттік билік өкілдерін интернетке жоспарлары туралы хаттарын енгізіп, оларды қолжетімді ету.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ұлттық архиві электрондық құжаттарды басқару саласына белсене қатысады. Оған: тарихи құжаттар жөніндегі комиссия және мемлекеттік (көпшілік архив) кіреді.

Тарихи құжаттар бойынша Комиссия 1869 жылы құрылды. Ол ел тарихына қатысты архив және жеке қолжазбалар бойынша консультативтік орган болып табылады. Бұл белгілі бір құжаттардың мазмұны мен орналасқан жері туралы зерттеушілерге арналған негізгі ақпарат көзі: комиссия архивтердің ұлттық тізілімін интернеттегі архив порталында (ARCHON) жүргізеді.

Мемлекеттік архив орталық және жергілікті мемлекеттік архивтердің қызметкерлеріне құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес береді, орталық үкіметтік мекемелерге құжаттарды іріктеуге көмектесед. Ұлыбританияның Орталық үкіметтік мекемелерінің құжаттарынақолжеткізуоларбекітілгенненкейін30 жылдықмерзімөткенненкейінашылатынынатап өту маңызды. Сонымен қатар, 75 және тіпті 100 жыл бойы жариялануға жатпайтын құжаттарда бар, егер оларды жариялау мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіретін болса, сондай-ақ әлі тұратын адамдардың немесе олардың тікелей мұрагерлерінің мүдделеріне залал келетін болса жариялануға жатпайды. Бұл мәселелер 1967 жылғы «Көпшілік есептер және 30 жылдық қолжетімділік ережесі» туралы заңда көрсетілген.

Мемлекеттік архивте PROSPEC іздеу жүйесі және PROMT құжаттарды беруді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді, ол құжаттарға қойылатын талаптарды басып шығарды, пайдаланушылар арнайы анықтамалық залда терминалдардан енгізген сұраныстарды тексеруді жүзеге асырды. [3]

Ұлыбританияда заңнамалық актілерден басқа, электрондық құжаттаманы басқару бойынша бірқатар ұлттық стандарттар да жұмыс істейді.

Ұлттықархивкезкелгенформаттағықұжаттардыбасқарубойыншастандарттар, нұсқаулықтармен әдістемелерді олардың толық өмірлік циклі - құрылудан жойылғанға немесе мемлекеттік сақтауға берілгенге дейін шығарады. 1995 жылы ұлттық архив үкіметтік мекемелердің қызметтік электронды құжаттарын басқаруға байланысты EROS бағдарламасын енгізді. Оған түрлі стандарттар мен әдістемелер кірді, атап айтқанда:

-«Электрондық құжаттарды басқару, бағалау және сақтау жөніндегі нұсқаулық»;

-«Электрондық құжаттар саласындағы корпоративтік саясат»;

-«ЖергіліктіжелідеOffice 97 бағдарламасынпайдаланукезіндеэлектрондықдеректердібасқару бойынша практикалық ұсыныстар»;

-«Веб-сайттарда және жергілікті желілерде электрондық құжаттарды басқару жөніндегі нұсқаулық»;

-«Электрондық поштаны басқару әдістемесін жетілдіру жөніндегі нұсқаулық.

2001 жылы Еуропалық Одақ үшін Cornwell Affiliates plс британдық компаниясы электрондық құжаттарды басқаруға арналған (MoReq) модельдік талаптардың спецификациясын дайындады.

«MoReq» электрондық құжаттарды басқару жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды қамтиды және ол құжаттарды күн сайын жасайтын, алатын және іздейтін мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың, сондай-ақ оқу орындарының, электрондық құжаттарды басқару жүйесін әзірлеушілердің, жеткізушілердің және пайдаланушылардың, құжаттаманы басқару саласындағы қызметтерді жеткізушілер мен олардың клиенттерінің, сондай-ақ барлық кеңсе қызметкерлері мен техникалық қызметкерлеріне арналған.

«MoReq» негізінде мемлекеттік архив 2002 жылы «электронды құжаттарды басқару жүйелеріне қойылатын функционалдық талаптар» және сондай-ақ, «метадеректер стандартын» әзірледі. Электронды құжаттарды басқару жүйелерін әзірлеуші фирмалар, олардың бағдарламалық өнімдерінің осы талаптарға сәйкестігін бағалауына мүдделі, ұлттық мұрағатпен тестілеуге келісім-шарт жасай алады. Тестілеу нәтижелері екі жыл бойы жарамды және үкіметтік мекемелерде пайдалану үшін міндетті шарт болып табылмайды. [4]

Ұлыбританияда веб-құжаттарды басқару тұжырымдамасының өте маңызды бөлігі сайттарды мұрағаттау болып табылады. Ұлттық архив Британдық үкіметтік мекемелердің 2.5 мың жеке сайттарыныңішінен51 сайттыіріктепалды, және2003 жылдың24 қыркүйегіндеОрталықмемлекеттік органдардың Британдық желілік архивтерінің ашылуы өтті. Желілік Архив Мемлекеттік органдардың веб-сайттарының белгілі бір мерзімділігімен мұрағатталатын іріктемелі коллекциясын қосты (10 Сайт аптасайынмұрағатталады, алқалғандарыжарты жылда1 рет). Веб-сайттар коллекциясыменжұмысты Ұлттық архив халықаралық Интернет архиві қызметтерінің көмегімен қамтамасыз етеді, ол сандық

139

формадағы мәдениет ескерткіштерінің көшірмелерін қамтитын интернет-сайттардың электрондық кітапханасын білдіреді.

Ұлттық архив сонымен қатар, ол коллекция үшін мемлекеттік органдардың сайттарын іріктеуден бөлек, интернетте ақпарат пен қызметтерді ұсынады. Мемлекеттік архивтің сайтында (www.pro.gov. UK) архивті қалай дұрыс пайдалану керектігін білуге, онлайн каталогтары арқылы коллекцияның құрамын зерттеуге, құжаттардың көшірмелеріне тапсырыс беруге, цифрланған құжаттарды «көшіріп алуға», виртуалды көрмелерге, кітап дүкеніне және білім беру сайтына баруға болады. Тарихи құжаттаржөніндегікомиссияныңсайтында(www.hmc.gov. UK) елтарихынақатыстыманускриптердің орналасқан жерін анықтауға, ARCHON архив порталының көмегімен белгілі бір архивтік ресурстары мен ағымдағы жобаларын табуға және оқыту ресурстарын пайдалануға болады. [5]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Т.И Хорхордина, Л.А. Халилова Государственный архив великобритании (Рublic record office):история создания и деятельности в 1838-1958 гг. (электронды ресурс) // История и архивы. 2016. №2 (4).

2.Вальберг Х. Электронные документы в архивах // Отечественные архивы. - 2004. - № 1. - С. 72.

3.Афанасьева Л.П. Автоматизированные архивные технологии., Федерал. агентство по образ. Гос. Образовательного учреждения высшего проф. образ. Рос. Гос. Гуманитарный ун-т. - М.: 2005. - С. 115.

4.Рысков О.И. Основные направления деятельности национальных архивов США и Соединенного Королевства Великобритании и Северной Ирландии в области управления электронными документами правительственных учреждений

//Отечественные архивы. - 2004. - № 3. - С. 63.

5.Рысков О.И. Об основных направлениях деятельности зарубежных архивных органов в области исследования и нормативного регулирования работы с электронной документацией // Секретарское дело. - 2005. - № 3. - С. 84.

АРХИВТЕРДЕ ҒЫЛЫМИ - ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Есеболат А.Қ.

Әл-Фараби ат.ҚазҰУ 6М051500-Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету 2-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Алпысбаева Н.К.

Биылғы жылы «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы архив ісі саласының дамуына көптегенсептігінтигізуде. Архивистералдындатұрғаннегізгіміндетотандықжәнешетелдік архивтеріндегі деректерді тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру және қазақ халқының өткен тарихынан құнды мәліметтер беретін жазба, аудиовизуалды мұраларды, ғылымитехникалыққұжаттамалардыжұртшылыққатанытужәненасихаттау. Бұлдегенімізұлттарихынсанаға сіңіру жастардың бойына ұлттық, патриоттық сезімін қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда архив құжаттарының алатын орны маңызды. Дәстүрлі құжаттармен қатар Қазақстан архивтерінде дәстүрлі емес құжаттар да сақталады, солардың ішінде ғылыми-техникалық құжаттарды ерекше атауға болады, олардың ақпараттық әлеуетті бай, көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса құнды құжаттар, Қазақстанныңғылым, техникажәнеэкономикасынзерттеудеөтеқұндыдереккөздеріболыптабылады.

Архивтердің негізгі бағыттарының бірі – архив құжаттарын тиімді пайдалану, қоғамды ретроспективті құжаттармен қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда, архивтердегі ғылымитехникалық құжаттаманың пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, оларды ұйымдастыру нысандарын қарастыру, теориялық және әдістемелік аспектілерін ашып көрсету бүгінгі архивтану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі.

Ғылыми жәнe ғылыми-тeхникaлық жeтіcтіктeр қaрқынын жeдeлдeту прoцecі Қaзaқcтaнның ғылыми-зeрттeу, тeхнoлoгиялық, кoнcтруктoрлық жәнe жoбaлaу ұйымдaрының қaрқынды дaмуынa, coнымeн қaтaр ғылым мeн тeхникa жәнe хaлық шaруaшылығынa мaңызы бaр ғылыми-тeхникaлық құжaттaрдың aйтaрлықтaй қaлыптacуынa әкeлді. Оның ықпалы ғылымға, технологияға және өндіріске ғанаемес, соныменқатарөмірдіңжәнеәлеуметтікқызметтіңбарлықаспектілеріне, соныңішіндеархив жұмысына әсер етті. Осындай өзгерістерге байланысты, әрине, архивтерде ғылыми - техникалық құжаттамаларды сақтау мен пайдалануды ұйымдастырудың көптеген жаңа мәселелері туындады [1].

Ғылыми-техникалық құжаттамаларды орталықтандырылған сақтау жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақ КСР Министірлер Кеңесінің 1974 жылдың 7 ақпандағы №50 қаулысына сәйкес Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік ғылыми – техникалық құжаттама архиві ұйымдастырылады. (бұдан әрі ОМТҒҚА) [2].

140

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]