Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЯССАУИ МҰРАСЫ

Түзелбек Әділет,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 5В020300-тарих мамандығының 4-курс студенті, ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Нуртазина Н.Д.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері, тұлғалары болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біздің ұлтымызға, барша түркі әлеміне ортақ рухани құндылықтарымыздың бірі – Яссауи мұрасы болып табылады. Баяндама, Ислам әлеміне, соның ішінде түркі әлемінде өзіндік тарихи ізін қалдырған Қожа Ахмет Яссауи мен оның мұрасының, «Диуани хикмет» шығармасының, сопылық ілімінің кеңестік билік кезеңінде уланған халықтың сана сезімін қазіргі таңда қайта жандандырудағы рөлін анықтауға арналып отыр.

Яссауи хикметтерінің негізгі философиялық мәнін талдап, шейхтің ойтұжырымын саралап, рухани дүниетанымын қазіргі халыққа жеткізу негізгі міндетке жатады.

Жұмысың негізгі дерек көзі жазбаша, ауызша материалдардан, аңызәңгімелерден тұрады. Ең негізгі дерек көзі Маулана Сафи ад-дин Орың Қойлақының «Насабнама» шежіресі.

Яссауи мұрасын алғаш талдап зерттегендердің бірі түрік ғалымы Мехмед Фуад Кепрюлю. Ғалым 1918 жылы Стамбулда жарық көрген «Түркі әдебиетінің алғашқы мистиктері» атты еңбегінің басым бөлігін Қожа Ахметке арнаған. Осы мәселені зерттегендердің қатарына А.К. Боровков, В.А. Гордлевский, К.Х. Таджиков, И. Хаккулов, Девин Девис, А.И.Пылев жатады. Ал, отандық зерттеушілерден Зікірия Жандарбек, Құрбанқожа Сансызбай, Кенжетай Досайды атай аламыз.

Яссауидің бізге жеткен керемет мұраларының бірі «Диуани Хикмет», бұл әлемге әйгілі шығарма Түркістанда жазылған. Өзінің хикметтерінен оқитын болсақ 4400 хикмет айттым дейді. Алайда, бл хикметтер сол кезеңде ауызекі таралып, кейіннен хатқа түскендіктен түпнұсқасы сақталмаған. Қазіргі таңда 149 хикметі ғана бізге мәлім. Диуани хикмет көшпелі халықтың ауыз әдебиетін негізге ала отырып жазылған.

Яссауи хикметінің алғашқы шумақтарында мұсылмандықтың негізгі қағидалары, парыздары мен шарттарын баяндайды. Өзінің ой-тұжырымында тәубеге келу, сабырлылық, шүкірлік, махаббат, адалдық, анықтық, адамгершілік мәселелерін талдайды. Бұл айтылған қасиеттер қазіргі өскелең ұрпақтың бойынан табыла бермейтін, қоғамға аса қажет дүниелер. Яссауи хикметтерінің негізгі идеясы, мәні адам баласын тәрбиелеуге негізделген. Біз ұлтымызды тәрбиелегенде Яссауидың бізге қалдырып кеткен рухани мұра азықтарын көптеп пайдалануымыз қажет.

Қорыта келгенде, Ресей империясының, кейіннен Кеңес үкіметінің боданында болған ұлтымыз, санасезімі уланып рухани құндылықтарын, ұлтық дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді ұмыта бастаған кезеңде, қазіргіжастардыңБатысмәдениетінееліктеуінетосқауылболу үшін, руханижаңғыру жобасы аясында ұлттық құндылықтарымызды, Яссауи мұрасындағы ақыл, өсиет, үлгі өнегелерді дәріптеуіміз қажет.

ҒҰН-ҮЙСІН ДӘУІРІНДЕГІ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР

Байбукашева Айдана,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «5В011400-Тарих» мамандығының 3 курс студенті, Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Кәрібаев Б.Б.

Адамзатқоғамыныңтарихидамуындақайкезеңдеболмасынәрбірқоғамдабелгілібір тарихитұлға тарихи оқиғаларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Тарихи тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандырып, оның тарихи дамуына айтарлықтай әсер еткен. Қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылып, тарихта өзіндік із қалдырып кеткен тұлғалар аз болған жоқ. Солардың қатарына ғұн-үйсін заманының ең атақты тұлғалары – Мөде шаньюй мен Елжау би де жатады. Олар сол замандағы қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырып, елін, жерін көркейтіп, тарих сахнасында мәңгі қаларлықтай, болашақ ұрпақ мақтан етіп, үлгі тұтатындай ерлік жасап кетті.

Ғұн-үйсін заманында өмір сүрген Мөде шаньюй және Елжау би секілді тұлғалар қазақстан тарих ғылымында ерекше орынға ие. Олар сол кезеңде қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырып, бір орталыққа бағынған мықты мемлекеттің негізін қалады. Сонымен бірге Мөденің жасаған реформа өзінен кейін өмір сүрген мемлекеттердің басқару жүйесінің негізі болды. Мөде шаньюйден басталған елді оң, сол және орталық қанатқа бөлу, әр тайпаны 24 руға бөліп басқару басқарудың ең тиімді түрі

21

ретінде тарихта қалды. Бұдан бөлек ол ел ішіндегі қылмысты азайту мақсатында азаматтық заң, ал әскери тәртіпті нығайту мақсатында әскери заң түрін ойлап тауып, оны қоғамдық өмірде кеңінен пайдалану үшін қолданысқа енгізді. Бұл да кейінгі мемлекеттер тарихында кеңінен қолданылды. Мөденің заңы орта ғасырлардағы Шыңғыс ханның Ясасымен қатар тұратын заң деп айтсақ, артық айтқандық болмас. Себебі, Ясаның біраз бөлігі Мөде заңымен ұқсас болып келеді. Жалпы, Мөде ойлап тапқанзаңғұндардыңбасынқосыпбіріктіругежәнеолардыасақуаттыэтносқаайналдыруғаөзсептігін тигізді.

Елжау би біріктірген үйсін тайпалары да тарихымызда ерекше орынға ие. Елжау бидің басты тұлғалық қасиеті – дарындылық, еңбекқорлық, батырлық. Ғұн тәңірқұты үйсін күнмуы Елжау биді асырап ер жеткізіп, ғұндарға келіп паналаған үйсін халқын оның өз билігіне беріп, әкесінің тағына отырғызған соң, ол шеру тартып жорыққа аттанып, ерлік көрсетіп, еңбек сіңіреді.

Елжау би тек батылдығы, батырлығымен ғана емес өзінің ақылдылығы мен дипломатиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Елжау би өзінің асқан көрегендігі мен ақыл-парасатының арқасында сол замандағы ең мықты екі көршісімен тату-тәтті қарым-қатынас жасап, құдандалық жолымен дипломатиялық байланыс орнатып, ел ішіндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап қалады. Елжау би бойындағы ерекше тұлғалық қасиеттер арқасында ауыр апатқа ұшырап, азып тозған Үйсін ұлысын Іле өзені алқабындағы құтты мешін қонысқа орнықтырып, Іле өзені алқабында дербес Үйсін мемлекетін құруда маңызды үлес қосты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант», 2005. Т.1. Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 бет, суретті.

2.Л.Н. Гумилев Хұндар. Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов. «Қазақстан», 1998, 528 б.

3.БичуринН. Я. [Иакинф]. Собраниесведенийонародах, обитавшихвСреднейАзиивдревниевремена. –М-Л., книга

1, 1950.

4.Н. Мыңжан Қазақтың қысқаша тарихы / дайындаған М. Қани. – Алматы: Жалын, 1994. – 400 б.

5.Зуев Ю.А. Раниие тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: Дайк-Пресс. 2002. – 338 с. + вкл. 12 с.

ТАРҒЫТАЙ ЕУРАЗИЯ ДАЛАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТҰЛҒА

Нұратай Айгүл,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 5B011400-тарих мамандығының 3-курс студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., проф. Кәрібаев Б.Б.

Елбасының бастауымен «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары жарық көрді. Осыған сай, еліміз жаңа үшінші жаңғыруды бастан кешпек. Бүгінде Қазақстан халықаралық арена өзінің беделін асқақтата отырып, экономикалық түлеуден кейін рухани бағытта өзінің тарихи танымдық құндылықтарын қайта жаңғыртатын бағдар ұстануымен ерекшеленеді. Осы орайда, рухани мәдениетімізді қайта түлету мен биік белестерге көтеріле түсудегі маңызды қадамдарының бірі – өткенімізге үңіліп, оның игіліктілігі мен жасампаздығын бүгінгі күнге және келер ұрпаққа паш ету болып табылады. Бұл – халқымыздың тарихындағы елге елеулі еңбек сіңірген, ұлт мүддесі үшін қызмет еткен айтулы рухани тұлғаларды тереңірек танып білумен және оның шығармаларын ғылымитеориялық тұрғыдан зерделеумен толыға түседі. Тарих үздіксіз процесс болғандықтан, ол тек өткенді оқытып, үйрету мақсатында емес, адамның рухани болмысын қалыптастыра алады. Оны қалыптастыру барысында өткеннің сабақтары мен тарихи процесске әсер еткен тұлғаларды айшықтап өткен жөн болады. «Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» демекші, әр ұлттың тарихи үдерісіне көз жүгіртсек, ежелгі заманнан бастау алып,ата-бабалары мекен еткен жерде ту тігіп,тарихымен мақтанып,тұлғаларын ұлықтауда. Біздің жерімізде алғаш мекен еткен сақ тайпалары екендігі әуелден-ақ дәлелденіп қойылған еді,сонымен қатар материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Көне деректер бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. Ата-бабаларымыз аттың құлағында ойнап, жауынгер атанып, өз Отанын сақтап қалуда жанын беріп,ерен еңбек еткені бізге мәлім. Тарихтың бастауларына қарасақ, Еуразия жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді құрған сақтар болып отыр. Өз заманында нағыз көшпелі жауынгер тайпа ретінде танылған сақтардың көсемдері мен батырлары белгілі бір дәрежеде Сарыарқа даласында тарихтың беталысына өзгеріс әкелгендігі рас. Ұлы дала жерінде Тарғытай алғаш белгілі болған тарихи

22

тұлға болса, парсыларды ойсырата жеңген жауынгер Томирис тәуелсіздікті сақтауға барынша тырысты. Тіпті, қарапайым мал бағушы Шырақтың ерлігі арқылы туған жерге деген шексіз ықылас пен махаббаты көруге болады. Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Өзге елдердің тарихына үңілсек, ежелгі дәуеірдегі тұлғаларды қазіргі тарихпен ұштастырып, мақтан тұтуда. Бүгінгі таңда тарихтағы ұлы тұлғалардың мұратын ұлықтап, оныдәріптеуарқылыұлттықтәрбиенінегіздеумаңызыдаосыда. ТарихтыңатасыГеродоттыңкөптеген тарихи құнды мәліметтерді қалдырып кеткендігі сөзсіз. Өзі жазып қалдырған «Тарих» атты еңбегінің бірінші кітабы «Клио» және төртінші кітабы «Мельпоменада» ұлы дала тарихы жөнінде және оны мекен еткен тайпалар,олардың тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы,көршілермен жүргізген соғыстары,діни наным-сенімдері мен әлемге танымал тұлғалар туралы баяндаған. Сонымен,қатар ол сақтар мен скифтердің ұқсастығын айта отырып, оларды «Азиялық скифтер» деп атайды. Соған орай, олардың шығу тегі жөнінде мынадай аңыз айтады: скифтердің өз айтуы бойынша олар ең жас халық болып саналады. Ол кезде скифтердің жерінде әкесі – Зевс, анасы өзеннің қызы Борисфен болған. Осындай тектен шыққан Тарғытайдың үш ұлы болған: Липоксаис, Арпоксаис, Колаксаис. Олар скиф жерінде патшалық құрып тұрғанда оларға аспаннан алтын заттар ретінде: соқа,мойынағаш,айбалта және тостаған түседі. Алғашқы екі баласы оларды қолға алайын дегенде заттар қызып,жақындатпайды. Үшінші баласы келген қызу өшіп,ағалары бір ауыздан патшалықтың билігін кіші інілеріне береді. Нәтижесінде, Липоксаистан авхат деген скиф тайпасы шығады. Ортаңғысынан – катиар мен траспий тайпалары, кішісінен– паралаттайпасышыққан. Бірақтайпаларөздерінжиналып– сколотдепатайды. Эллиндер оларды скифтер дейді. [1, 45б.] Әрине, бұл жазғандарына сенбеймін деп Герадот жазып кетеді. Бұл мәселеге ол былай дейді: скифтер өз халықының шығу тегі туралы осыны айтады. Олар Тарғытай бірінші патша заманынан Дарийдің шабуылына дейін 1000 жыл өтті деп есептейді. [1, 45б. ] Әрине, Тарғытай туралымәліметберетінбірден – бір еңбекосыГерадоттыңжазбасыболыптабылады, алайда, бұл тарихи факті ретінде өз маңыздылығын жоғалтпайды.

Қалай болғанда да Герадоттың осы жазбаларына сүйенсек, Тарғытайдың Еуразия тарихында ең алғашқы белгілі болған тарихи тұлға екендігіне көз жетсізсек болады.

Бұл дерекке көз жүгіртетін болсақ, скифтердің негізін қалаушы Колаксай, ал оның әкесі Тарғытай Еуразия даласын мекендеген алғашқы тарихи тұлға болып есептеледі. Сонымен қатар, әр халықтың қалыптасуында,әдет-ғұрпында,тілінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Ол халықпен бірге дамып, өзгеріске ұшырап отырады. Қазақ тілінде дыбыс және буын үндестіктері бар екені баршымызға мәлім. Ол бойынша, қазақтың өзіне тән төл сөздері бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып дыбысталады. Ал, әрине, өзге тілден енген сөздерде бұл емле сақталмайды. Осыған орай, Тарғытай есімін алатын болсақ, ол бірыңғай жуан болып, қазақ тілінің ережесінің буын және дыбыс үндестіктеріне сай келіп тұр. Оған қоса, Қазақ халқын қалыптастырған негізгі этникалық құрам көне тайпалардың аттары мен таңбалары, ұрандары еді. Олардың шығу тегі мен таралуы туралы мәліметтер мен деректер, көбінесе

— шежірелер, ауызша әңгімелер, қолжазбалар және аңыз-жырлар түрінде ұрпақтан-ұрпаққа тарап, біздің заманымызға дейін жетті. Барлық аталған ауыз-әдебиеті үлгілерін талдаудан өткізетін болсақ мынадайерекшеліктікөрсекболады. Біріншіден, қазақхалқындағыаңыздардабастыкейіпкердіңүнемі үш баласы болады және көп жағдайда балалардың кенжесі ерекше болып, тақты не мұраны иеленеді. Қарап отырсақ, лингвистикалық және генеологиялық тұрғыдан зерттесек те Тарғытай Еуразия даласындағы алғашқы мифтік болсада тұлғаның бірегейі және біріншісі болып табылады.

Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі. Адамзат қоғамының тарихында, ұлттар қоғамының тарихында басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады. Қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған «Ұлы тұлғалар» жетерлік. Ата-бабамыз дала бостандығын сүйе отырып, тарихтың қатал кезеңдерінде салт-дәстүр мен тіл, дін, ділімізді жоғалтпай бізге сыйлады. Қазіргі тәуелсіз ел болуымыздың себепкері – Ұлы тұлғалар. Қазақтың Ұлы даласында скиф-сақ дәуірінен бастау алатын тұлғалардың ерлігі мен елдігі расымен мақтанарлық екеніне көзіміз жетті. Оларды ұлықтау және баршаға мәлім етіп, болашақ ұрпаққа мирас ету өте маңызды болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Геродот. История (I, 214). Доватур А. И., Каллистов Д. П., Шишова И. А. Народы нашей страны в «Истории» Геродота. — М., 1982. — С. 93.

2.Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант»,2005. Т.2:Ежелгі Шығыс.-2005.- 472бет,суретті.

23

3.М.Д. Бухарин. Колаксай и его братья (античная традиция о происхождении царской власти у скифов)

4.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы:4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап/Т.О.Омарбеков,Г.Б.Хабижанова,Н.Д.Нұртазина,Б.Қ.Рахимбекова[және т.б].- Алматы:Қазақ университеті,2016. – 310б.

5.https://aikyn.kz/2018/12/06/75125.html

6.https://aikyn.kz/2018/11/21/73794.html

7.https://e-history.kz/kz/publications/view/1282

БАРАҚ ХАННЫҢ САЯСИ ӨМІРБАЯНЫ

Төрехан Нұрдәулет,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «5B020300 – тарих» мамандығының 4-курс студенті ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымд. профессор Ноғайбаева М.С.

ОрысханныңнемересіБрақтыңАқОрдатарихындаалатынорныөтезор. Барақханныңжаскездегі өмірі мен Ақ Орда тағына келуі жайында мәліметтер өте аз. Оның Темір хандығына келуіне дейінгі өмірбаянынтуралытүпдеректер бойынша, біркездердегі асақуаттыОрысхандержавасыныңжерінде өтіп жатқан бұл жылдардағы (1391-1419 ж.) оқиғалардың жылнамалық тізімін қалыпқа келтіру өте қиынға соғады.Алтын Орда билеушілерінің үнемі ауысуы, Ақ Ордада қуатты хан билігінің болмауы жылнамашылар үшін көрші елдердегі олардың билеу мезгілін, биліктері ментаралу аймақтарын, кейде хандықтың тәртіптерін анықтау қиынға соғады. Ақ Орда мемлекеті құрылған күннен бастап тәуелсіз билік үшін күрес ешқашан толастап көрген емес. Орыс хан ұлы-Құйыршық ұлыБарақ ханның тұсындағы күрес жаңа серпін алды. 1407 жылы әкесі Құйыршық өлгенде Брақ жас қалды. Ақ Орда үшін бұл аса қиын жауапты кезең болатын. Барақ хан атасы Орыс ханнан қалған Ақ Орда тағын қайтарып алуда билік үшін күресті. Билік үшін Тұқа-Темір Ұлық-Мұхаммедпен күрескен немесе Шибанилық Қажы-Мұхаммедпен күрескен деп жорамалдайды зерттеушілер. Барақ Алтын Ордадағы бүліншіліктен бас сауғалап 1419 жылы Самарқанға бара тұруға мәжбүр болды. Самарқан билеушісі Ұлықбеконыхандәрежесіндеқабылдап, сыйқұрметкөрсетеді. БарақүшжылдансоңДештіҚыпшаққа қайтып оралады. Абд-ар-раззақ Самарқандидің хабарына сенсек Брақ «хижыраның 826 (25.XII. 1422- 4.XII.1423) жылы Көшпелі Өзі-бектер ханы Мухаммедтен ел билігін аударып алады. Нәтижесінде Дешті-ҚыпшақтыңҚажыМухаммедбилігіндеболыпкелгенкөлемдібөлімдеріБарақтыңиелігінеөтеді де, Қажы Мухаммед Сібірге ауа көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп Барақ ел жерінің батыс өңірінің бағындырғасын хижыраның 829 (13.XI.1425- 1.XI.1426) жылы Ақ Орда орталығы Сығанаққа қайтып оралады». Барақ ханның өміріндегі ауыр кезеңнің бірі 822 жылдары (28 қаңтар 1419 ж. – 16 қаңтар 1420 ж.) орын алған көптеген ірі қақтығыстардың (Әл-Айнидың мәліметі бойынша) бірінде Тоқтамыстың ұлы Карим-Бердінің Едігені өлтіруі болуы табылады. Мысырлық жазушының келесі мәліметі бойынша «Дешті хандығын Мұхаммедхан есімді Шыңғысхан ұрпақтарының бірі басқара бастаған, бірақ оның басқаруы кезінде бүліктер жиілеп, жағдай қиындай түскен» және бірқатар зерттеушілердің Барақ хан мен «Мұхаммедтің» арасында қақтығыстар болғандығы туралы болжамдар айтты.Негізінен, екі негізгі тұжырым келтірілген – Барақ хан билік үшін Тұқа-Темір ҰлықМұхаммедпен күрескен, немесе Шибанилық Қажы-Мұхаммедпен күрескен. Сондай-ақ, аталған қақтығыстың хронологиялық уақытының шашыраңқылығы да елеулі болды – 1417-1420 жж.

1426 жылы Барақ хан Ұлық-Мұхаммедпен Еділ бойы далаларынан шығарылды, оны барлық дереккөздер растайды. Сонымен, Самарқанди, «Барақ-оғлан өзбек ханы Мұхаммедханның ордасын басып алып, ұлысты басқарып, 829 жылы (13 қараша 1425 – 1 қараша 1426) Сығанақ пен мырза Ұлықбектің иелік аумағына келеді». Осыған ұқсас мәліметтерді ертеректегі автор Хафиз-и Абру келтіреді: «ол туралы бұрын жазылған және 829 жылы Өзбек ханы Мұхаммедханның ордасын басып алған Барақ-оғлан сол ұлысты басқарған». Ұлық-Мұхаммедтің жеңісі 1428 жылы Түрік сұлтаны ІІ Мұратқа жазылған хатта көрсетілген. Онда хан былай деп жазады: «Өткен жылы (яғни 1426 ж.) құдай қолдап әскер жорыққа аттанды, біз Барақ пен Мансұрды қашырып жібердік». Хаттың жазылғанының нақты күні туралы: Мешін жылы, Ордада, Өзі жағасында, сегіз жүз отыз бірінші жылдың жұмади әлаввал айының жиырма жетінші күні жазылды, 831 жыл» (14 наурыз 1428 ж.). Осылайша ҰлықМұхаммед өзіне хандық билікті қайтарады. Хатта аты аталған маңғыт Мансұр, Қадыр әлібектің мәліметіне сәйкес, 1421 жылы Барақ ханды «Қажы Мұхаммед ұлан хан етіп сайлайды» және оның уақытында бек атанады. Алайда Мансұрдың Барақ ханның жағына қашан шыққаны айтылмайды.Ж.М.Сабитов Т.И.Сұлтанов пен С.Г.Кляшторныйға сілтеме жасай отырып, ол 1423 жылдан кейін Барақ жағына өткен болуы мүмкін деп болжайды. Сонымен қатар зерттеушілер XVIII

24

ғасырдағы тарихшы әл-Хаджж Абд әл-Гаффара Киримидің «Умдат ат-тауарих» еңбегінде жазылғанға сүйенеді: «Мансұр Темір ханның бозбала ұлы Күшік Мұхаммедті хан сайлайды. Біршама уақыт өткен соң, мырза Мансұр Күшік Мұхаммедтің хандығына разы болмай, өзіне анасы жағынан туыс болып келетін Барақ-оғланмен жақын қарым-қатынас орната бастады. Тарихи деректерде Барақтың Ұлық Мухаммед және Сұлтан Махмут оғланмен қақтығысы жайлы жазылады. Қалай дегенмен бұл қақтығыстар Ақ Ордаға Абырой әкелмеді. Темір әулетімен өзара қайшылықтарын толық шешіп алмай жатып, шайбаниліктермен қақтығысқа келуі тек Барақтың өзінің ғана емес, Ақ Орданың тағдырына жайсыз әсер етті. Б.Д.Греков, А.Ю.Якубовскийдің хабарлауынша Барақ билігі бес жылдан аса алмады. Барақтың өлімі жайлы екі түрлі пікір бар. Бірі: «Барақ хижыраның 832 (1428-1429) жылы Моғолстан жеріндеСұлтанМахмутоғланменболғансоғыстақазатапты»,-делінетінАбдар-РаззақСамарқандидің пікірі. Енді бірі: «Барақ хижыраның 831 (1427-1428) жылы шайқаста емес, әмірллердің астыртын әрекетінің салдарынан өлтірілген»,- делінетін Хайдар Рази және Гаффаридің пікірі. Бірінші пікірге келсек; «Барақәйтеуірсоғыстаөлді»,- дегенменөзгеолқайсоғыстаекеніжайлытарихтанақтымәлімет кездеспейді. Ақ Ордалықтардың мауераннахрлықтарды жеңген жеңісі Алтын Орда билігіне мұрагер Ұлұг-Мухаммед және Жошы ұлысының бас билігіне қол соза бастаған шайбаниліктер әулеті әмірлернінің қай-қайсысын сақтандырып тастағаны белгілі. Темір әулеті жеңілістен тісін қайрап қалды. Ұлұқ-Мухаммед Бараққа қарсы шабуылға шықты. Осыған қаарғанда « Барақ әмірлердің астыртын әрекеттерінен құрбан болды »,- делінетін Хайдар Рази және Гаффаридің пікірі орынды сияқты. Және бұл астыртын әрекетте Ұлық Мухаммед және сұлтан Махмут оғлан басты рөл атқарған болуы мүмкін.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. Саранск,1960, 204-б.

2.Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Распад Золотой Орды. 412-413 б.

3.Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан 252-258 б.

4.Ускебай К. Восточный Дашт-Кыпчак в составе Улуса Джучи в XIII-первой трети XV века. Аспекты политической истории Ак-Орды: Дис... канд. Ист.наук.- Алматы : 2003. – 165 с.

5.Бурибай А. Улугбек .Ташкент, «Кмалак» 1994 г, 83-85 беттер

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДИВЕРГЕНТТІ ОЙЛАРЫ

Қарабатырова Аруна,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 5В020300-тарих мамандығының 3 курс студенті, Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Телеуова Э.Т.

Білімнің қалыптасуының негізгі факторы адам капиталы болып табылады. Ортағасырлық қоғамдағы адам капиталың тиімділігі ғылым, мәдениет арқылы көрініс тапты. Ортағасырдағы «Адам капиталы» ұғымын қолдану әлеуметтік институттардың рөлін түсінуге, әлеуметтік параметрлерін анықтап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік фактордың қоғамға әсеріне талдау жүргізуге мүмкіндік береді. «Адам капиталы» ұғымы қоғамдық өндірістің категориясы ретінде анықтамаға ие болады: «адам капиталы – бұл жүйелі құрылымдық – функционалдық ұйымға ие қоғамдық өндірістің күрделі категориясы» [1].

Білім адам сана сезімін басты қозғаушы факторға айналдырады. Тек «білім» жағдайында ғана жаңа идеялар, креативті ойлар, жаңа міндеттер қою, оларды жүзеге асырудағы нақты әдістер пайда әкеледі. «Интеллектуалды ресурстар» түсінігінің жалпылама түрде интеллектуалды капиталды қалыптастыратын жеке компоненттер, адами қабілеттер ретінде анықтауға болады. Интеллектуалды капиталтүсінігініңбастаушысы, қалыптастырушысыадамдардыңойеңбеккеқабілеттілігініңсанымен сапасы туралы жинақталған түсініктер болды.

Ортағасырлық дүниетанымның көрнекті ойшылдары өз заманында жаңашылдыққа, сыни көзқарастартарға толы мәселелерді жазып қалдырды. Бұл көзқарастар бүгінгі заман талабы өзгерсе де сұранысты шығармалар қатарында қалып отыр. Мұндай көзқарас иелерінің қатарына Әл-Фарабиді, Жүсіп Баласағұнды, Махмұд Қашқариді, Кожа Ахмет Иасауи және т.б. жатқызамыз.

Халықтың дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшеліктері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсатетіпқоймаған. Керісінше, табиғатқабейімделіп, оныменгармониялыққатынасорнатудымақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Қазақ

25

дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, дивергентті мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандықсүйгіштігі, байлыққажетуденгөріар-намыстыжоғарыұстау халықтыңқанынатереңсіңген құндылық болды. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Көшпеліқоғамныңсанасындаұжымдықмүдденіжекемүддеденгөріжоғарыұстау– олдакөшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық болды. Көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - дивергентті қасиет талап етті. Көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады. Көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Білім ол танымдық сипаттағы, өзінің өмір сүру қағидасының тұрғысында қараған ортағасырлық ойшылдар мұрасы, қазіргі жаһандану факторында қазақ болмысына қажетті қасиеттерді дәріптеуге, оның зияткерлік мұрасының шынайылығын көрсетуге ерекше зер салуды қажет етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Колчигин С., Әлжан Қ. Алғысөз // «Әлемдік философиялық мұра». Жиырма томдық. 11-том. Өмір сүру философиясы.

Алматы: Жазушы, 2006. — 512 б.

2.Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. 5-том. «Орта ғасырдағы түркі ойшылдары». Астана: «Аударма», 2006. — 516 б.

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘДЕТТЕГІ ҚҰҚЫҚЫҒЫ ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН (ШАРИҒАТ) ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ФЕНОМЕНІ

Нариманова Балжан,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 5В020300-Тарих мамандығының 3-курс студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Телеуова Э.Т.

Көшпелі өркениет әлемінде әдеттік құқық қатынастарының алатын орны ерекше. Көшпелілердің құқықтық мәдениеті қоғамның күрделі әлеуметтік ұйымы мен мұсылман өркениетінің өзара біріккен жиынтығы ретінде қараған жөн. Қазақ қоғамының әдеттегі құқығы мазмұны және мәні жағынан толығымен мұсылман құқығына ұласып жатты.. Мұсылман құқығы - дүниежүзілік құқықтық мәдениеттің бөлігі болып табылатын, қазіргі кездің өзіндік құқықтық жүйесі. Мұсылман құқығы шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. Шариғат-бұл адамдарға арналған міндетті нормалардың жиынтығы. Бұл түсінік кең мағынада да, құқықтық мағынада да қолданылады, діни немесе құқықтық жүйе элементі ретінде қарастырылады, немесе екі жүйенің құрамына да қосылады. Ғалымдардың мұсылман құқығында және оның анализі кезінде кең қолданылатын «шариғат», «муамалат», «фикх» деген ұғымдардың ара қатынасына да қатысты пікірлері әр түрлі. Сонымен қатар айтылған ұғымдардың мағыналық аясын айқындау, құқықтық феномен ретіндегі мұсылман құқығын түсінуге, оның қайнар көздерінің, өзіндік ерекшеліктерінің, даму перспективаларының мәселелерін шешуге, сондай-ақ шариғатты немесе фикхты құқық қайнар көзі деп бекітуші, қазіргі кезгі заңнаманы талқылауға тікелей байланыста[1].

Мұсылмандардың мінез-құлықтарын реттеу, билікті ұйымдастыру мен жүзеге асыру қағидалары мен нормаларының жүйесі болып табылатын шариғат қазақ даласына құқық шеңберіне кең тарады. Ортағасырлық өркениеттің аса маңызды құбылысы мұсылман құқығы Араб халифаты аясында пайда болып және бекіп, ислам дінінің маңызды компоненті болып табылатын шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. «Фикх» деген атаумен де жиі аталатын мұсылман құқығының тарихы 570–632 жылдары өмір сүрген Мұхамед пайғамбардан басталады. Мұхамед Алланың атынан негізгі мінез-құлық ережелерін, мұсылмандардың нормаларын бекітті. Бұл нормалар негізінен оның халық алдындағы уағызында бекітілді. Құқықтық маңызды нормалардың бір бөлігі Мұхамедтің ісәрекеттерінің, амалдарының нәтижесінде пайда болды. Бірақ мұсылман қауымының барлық құқықтық қатынастарының жиынтығын реттеу үшін бұл нормалар жеткіліксіз еді, сондықтан Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін оның құқық шығармашылық қызметін оның сахабалары, халифтер Әбу-Бәкір, Омар, ОсманжәнеӘлижалғастырды. ОларҚұранменсүннеттінегізгеалаотырып, олардың көзқарасыбойынша, АлланыңжәнеМұхаммедтіңеркінесәйкес, жаңаережелерқалыптастырды. Құран мен сүннеттің «үндемеуі» жағдайында нормалар ортақ шешім бойынша, қабылданды, немесе әр

26

халифпен жеке қабылданды. Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңызын жоғалтпай, ислам қабылдаған, ортағасырлық елдерінің бірқатарында әрекет етуші құқыққа айналды.

Мұсылман құқығының жүйесі басқа құқықтық жүйелерден қайнар көздерінің, құрылысының өзіндігімен, қайталанбастығымен, норма түсінгі арқылы ерекшеленеді. Мұсылман құқығының нормасы құрылымы бойынша да еуропалық құқықтық жүйелердің нормаларынан ерекшеленеді. Олар әдетте белгілі бір құқық беруші немесе тыйым салушы болып табылмайды. Олардың негізінде, діни табиғатына сәйкес, белгілі бір әрекетті орындау міндеті, борышы жатыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.КенжалиевЖ.ЗКөшпеліқазаққоғамындағыдәстүрліқұқықтыңмәдениет(теориялықмәселелері, тарихитағылымы)

. –А. : Жеті жарғы, 1997. -62-б.

2.Қазақтың ата заңдары: құжаттар деректер және зерттеулер. 9-том.2008. 568 бб.

КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ЖОҒАРЫ БИЛІК ТӘРТІБІНДЕГІ ЖЕКЕ «ҚҰТ» ИДЕЯСЫ

Тургунбаева Жібек,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 5В020300-Тарих мамандығының 3-курс студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Телеуова Э.Т.

Жоғары билікке жету көшпелі қоғамда аса қиын болды. Себебі оның генеологиясы мен қатар (меритократия)жеке басының қабілетін аса мән берілді. Көшпеліліердің билік жүйесіндегі қарсылық әрекеттер көптеген қақтығысқа әкеле бермеген. Көшпелілер көп жағдайда билікке қарсылықты бейбіт жолмен шешуге тырысқандығы туралы дәстүрлі ауызша тарихи деректерде кең сақталған. Саяси қарсылық ретінде елден кеткен Асан Сәбитұлы немесе Жиембет жырау арқылы анық көруге болады. Осыған орай көшпелілердің саяси биліктегі тартысы қақтығысқа әкелді деген жаңсақ пікір қалыпатаспауытиіс, көшпеліліркелісімжасаудыбілмесесөзгетоқтауды, сөзқадірінұғынуғаүйренбес еді. Көшпендінің ділінде ең алдымен сабырлық, сөзде тоқтамға келу, кеңес алу, қарапайымдылық жоғары билеушісінен қарапайым қоғам мүшесіне дейін тән болған. Көшпенді үшін алғашқы сөз болып табылады, жоғары билеушілерге өзінің кеңесін берген жыраулар, билердің Дала тарихында ерекше орын алуы да осыдан шығар. Көшпелілердегі билікке жетудің генелогиялық шарттарына қоса жеке билеушініңеларасындағы беделі маңыздыорын алғаны. Оның «алтынұрықтан» шығуы менқатар елжұртарасындажоғарымәртебегеиебилеушіғанабиліктіңтұрақтылығынқамтамасызетеалды. Қытай деректерінде көшпелілердің билеушілері ашкөз ретінде сипаттай келіп, көшпелілердің жоғары билеушісісараңдегенатқақалудансақтанғандепкөрсеткен. Көшпелілердің билеушілерініңтұрмыста қарапайымдылығытуралыСұлыққағанғакелегенарабелшісінің, қазақтыңхандарытуралымұсылман, орыс, қытай деректеріндегі мағлұматтардан көре аламыз. Жасына қарай сөйлейтін, үлкенді құрметтейтін көшпелі қоғамда жас билеушілерге саяси мансапқа жетуде тосқауылдар көп болды. Европа тарихында әулеттік билік жас шамасына қарамай билікке мұрагер болу құқығын берді. Әрине Дала тарихында билеуші әулеттен болуы толығымен саяси билікте мұрагерлікті қамтамасыз етпеді. Себебі көшпелілерде билік ағадан ініге өту, немере ағасынан інісіне өту жүйесі сақталды. Сондықтан билікке барлық жағынан мәртебесі жоғары билеуші келді. Дала билеушілерін біз жас күнінде мұрагерліктіңжолымен емес, саясиахуалғасайіс-қимыл жасайбілген, әскери қолбасшылығы арқылы танылған немесе Мөде сияқты «ысқырғыш жебелерді» ойлап тауып, оны өзінің әскери жорықтарында тиімді пайдалану арқылы билікті өз қолына алғандығын көреміз. Олардың арасынан сяньбилердің билеушісі 40 жасқа дейін өмір сүріп 26 жыл билік құрған Тяньшихайды атасақ болады. Оның дүниеге келуі, билік жолындағы күресі туралы деректердегі мағлұматтардан Шыңғысхан тағдырына ұқсас тұстарын кездестіреміз. Әлемді дүр сілкіндірген Шыңғысхан билік үшін күресте өмірлік тәжірибесін тиімді пайдаланды. Достықты, одақтастықты бәрін билік жолында қолданды. Оның бойындағы жақсылыққакенелтуші, ойшылқасиетіменқатарқатыгездігі, кекшілдігібилікжүргізудеайқынбілінді. Ол сұрапыл заманда билікке жету жолындағы күресте жеңімпаз болды. Көшпелі қоғамға тән рулық санаға қарсы тұруы, оның жастайынан руластарының олардың отбасына жасаған сатқындығы ықпал етсе болар. Ол тайпалық саяси биліктен елді мемлекеттік деңгейдегі билік институттарын қалыптастыруға барлық күш жұмсағанын байқаймыз. Шыңғыс хан әлемді бағындырушы деген баға беруден бұрын көшпелілердің өз тарихында мемлекетшілік саясаттың негізін қалаушы, дала тарихындағы тайпалық саяси құрылымнан мемлекеттік құрылымға өтуге жолын салған билеуші. Осындай билеушілер қатарына Әмір Темірді жатқызамыз. Әмір Темір өмірі қилы оқиғаларға толы билеуші ретінде тарихта қалды. Оның өміріне арналған деректерде шығу тегін Шыңғысхан заманынан

27

бастап, билік жүргізуде «Жасаққа» мойынсұнып «әмір» титулын ғана иеленген түріктің даңқты қолбасшысы. Оның заманы түрік тайпаларынан шыққан билеушілірдің билікке ұмтылу кезеңі ретінде қарастыруға болады. Моғолстандағы дулат тайпасының әмірлері де осы кезеңде билік үшін күресте белсенділіктанытты. Әмір Темірдіңбиліккекелуіоның саяситартыстабиліктіуысынаншығармайтын тұлға болғандығының айғағы.

Мырза Хайдар өзінің еңбегінде Жошыдан кейін Дешті Қыпшақты өзіне толығымен бағындарған билеуші ретінде Қасым ханды атайды. Қасым ханның жеке бойындағы қасиеттері туралы Бинаи, Ибн Рузбихан, Бабыр, Хондемир сияқты авторлар қолбасшылық қасиеті, ержүректілігі, қарапайымдылығы мен адамгершілігін ерекше атап өтеді. Сонымен қатар қазақтың жеке билеушілерінің қоғам ішіндегі беделін көрсететін ауызша және жазбаша деректердегі мағлұматтар жеткілікті.

Көшпелі қоғамдағы жоғары билікті әлеуметтік-саяси және дүниетанымдық категорияларға бөліп қарастыруға болады. Билеуші және билеушінің құты көшпелі қоғамның идеологиялық түсінігін көрсетті. Жоғары биліктегі идеологиялық бағыттың қалыптасуы көшпелілердегі жоғары билеушінің бейнесін «тәңірі», «құт», «жол» дүниетанымдық ұғым арқылы түсінуде зерттеулерде қалыптасқан әскери қолбасшылықтан, ел басқару қызметі тұрғысынан қарастыруды қажет етеді.

Әдебиеттер:

1.Жүсіп Баласағұн Құтты білік. Алматы,1986,378 б.

2.Рашид ад-дин. Сборник летописей. Т.1, кн.1. М-Л, 1952. 259-266 бб

3.Харизма и власть в эпоху Чингиз хана М.,:ИФ Восточная литература РАН, 1997.

ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТТІК ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ «ҚҰН» ИНСТИТУТЫ

Сейдали Ақтоты,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 5В030200-тарих мамандығының 3 курс студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Телеуова Э.Т.

Қазақ қоғамында ауыр қылмыс саналатын кісі өлтру, құн төлеу жүйесінің құқықтық негіздерін алып келді. Адам өлтіру, қазақ рулары арасындағы үлкен өшпенділікке алып келді. Құн төлеу жүйесін қабылдау осы мәселені шешуге себеп болды. Қаза болған адамның туыстары қылмыскер жақтан келіп толық құн талап етуге, не қылмыскерді алып кетуге құқылы болды. “Қандай да бір рудың өз руласына құн төлемеуі ешбір деректерде кездеспейді”- деп жазды Л.Баллюзек[1]. Қылмыскердің туысқандары қарсы жаққа құн төлеп олардың өшпенділіктерін тоқтатқан. Қоғамдық қатнастардың қауіпсіздігі мен адам өмірінің құқықтық ерекшеліктерін сақтай отырып “құн” қанды кек алу дәстүрінің орнына келді.

Құн – қазақ қоғамын ірі өзгерістерге алып келді. Құн төлеу үрдісінің пайда болуының тарихына үңілер болсақ, сонау көшпелі ғұн қоғамында қылмыс жасаған кісі кейбір жазасын құн төлеу арқылы өтеген. Н.Я. Бичурин өз еңбегінде: “Ғұнда кімде кім ұрлық жасап немесе адамның дене мүшелерін зақымдаса, қылмыскер құн төлеуі тиіс”- деп көрсетілген[2]. Ортағасырлық Түрік қағанатының негізін салған Бумын, мемлекеттің тұтастығын, қоғам мүшелерінің азаматтық құқықтарын қорғаған заң жүйесін қабылдаған. Бумын қағанның заңдар жүйесінде құн төлеуге қатысты мынадай баптар бар:

-Төбелесте мерттігудің түріне қарай мүліктік құн төленсін.

-Ұрланған жылқы немесе құнды мүлік үшін он есе артық құны төленсін[3].

“Құн” институтының маңызды ерекшеліктерін ашып берген Тәуке ханның “Жеті жарғысы” болды. Тәукехантұсындасыртқыжағдайдынөзіқысылтаяңболыптұрғанда, бүкілқоғамдыкүйзеліскетүсіріп ауыр зардаптарға душар ететін кісі өліміне қатаң қарамаса болмайтын еді. Сондықтан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолында” кісі өліміне құн алу, құн төлеу жайлы айтылғанымен Жеті жарғыдағыдай мөлшері дәл көрсетілмеген еді. Тәуке ханның заңдар жинағында кісі құны мың қой немесе екі жүз жылқы десе, хандар құны жеті есе артық бекітілді. Көшпелі қоғамда кісі құнын қылмыскердің руластары бірігіп төлеген, бірақ адам құнын толық төлеу қай руға болмасын оңай соқпаған. Құн мөлшеріне қатысты орыс деректерніде түрлі мағлұматтар кездеседі. А.И.Левшин ер құны1000 қой, әйел құны500 деген. Г.И.Спасский ер құны 200 жылқы десе, Я.П.Гавердовский құнныңзардапшеккенжақтыңшығутегінеқарай200 жылқыдан1000 жылқығадейінжетіпотырғынын көрсетеді. С.Б.Броневский құнға – 100 жылқы, 2 құл, 2 түйе десе, Н.И.Гродеков құнды-1000 қой, 2 сәйгүлік, 2 түйе, 2 құлдепберген. Мұндай түрлі мағлұматтардыңкездесуібилердіңшешемінеқатысты болды. Себебі құнды бекітуде билер ең алдымен жасаған қылмысын алға тартты[3]. Қылмыстың түріне қарай: толық құн, яғни 500 қойдан 7000ға дейін, 50 жылқыдан 1400-ге дейін, 25 түйеден 700-ге

28

дейін. Одан кейін жарты және ширек құндар болған. Жарты құн – тіл не көз қызметінен айрылғанда төленді. Ширек құн – қолы немесе аяғы зақымданып, мүгедек болып қалғанда төленді.

“Жеті жарғының” негізі ерекшелігі, құн төлеу жүйесінің мүмкіндіктерін жан жақты ашып беруінде болып табылады. “Жарғы” бойынша құн төлеудің шарты үш түрге бөлінеді:

1)қара құн – 100 жылқы, он екі жақсы

2)сүйек құны – 50 жылқы, алты жақсы 3)өнер құны – тоғыз жақсы.

Егер қайтыс болған адам ел ортасында танымал адам болса, билер кеңесі қылмыскерден осы үш

құнды толық талап етуге құқылы болған. Өнер құны деп шешен адамға, ақын жырауға қатысты айтады.Өлім үшін құн төленбейтін жағдайлар кездеседі. Ұрлық үстінде өлген баукеспе, тонаушы үшін құн ешқандай жағдайда төленбейді. Өлген адамның денесі табылмаған жағдайда 1,5 есе құн төлеген. Қазақ батырлары жауда өлсе немесе тұтқынға түсіп өлсе, ел болып кек қуып, жеті ердің құнын талап еткен.

Сондықта“құн” институтықұқықтыққатынастардыреттепқанақоймай, әлеуметтікқақтығыстарға тосқауыл болды. Әділ билердің шешімдерін негізге ала отырып құн төлеу институты ғасырлар барысында өзінің қазақ қоғамындағы реттеушілік қызметін атқарып келді.

Пайдаланылған әдбеиттер:

1.МОП: сб/ СО ст . Т.М. Культелеев и др. – Алматы: Жалын,1998.

2.Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена. - Алматы, 1996- Т.1.

3.Ахметова Н. Институт «кун» в обычном праве казахов. Мир закона-2001 №10/11-C24.

ДУХОВНО-ИДЕОЛОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ КАЗАХСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ

Берикболов Орынбек,

Студент 4 курса специальности 5В020300-история КазНУ им.аль-Фараби Научный руководитель: к.и.н., доцент Майданали З.

Актуализация в современной исторической науке таких пластов как управленческие, правовые, социальные системы кочевников и конструирование их на основе новых исторических методов исследования позволяет представить целостную модель сложного процесса диалектического развития институтов управления Казахского ханства. Современное движение исторического знания требует дальнейшего осмысления природы государственных институтов Казахского ханства, понимания сути происходивших процессов, которые были непосредственно связаны с трансформацией внутренних механизмов общества. Социологические теории определяют государство как особую форму организации общества, обладающую определенными средствами и методами применения власти внутри общества, устанавливающую определенный порядок взаимоотношений между членами общества на определенной территории, которая вовлекает в свою деятельность все население на установленной территории. Государственность - это показатель развития и достояния общества, но вместе с этим это и его идеология, политическая, общественная и культурная ориентация, направляющая на защиту и развитие государства. То есть можно сказать, что сама идеология является составным элементом в образовании государственности и является неотъемлемой ее частью. Начнем с того что современное состояниеисторической науки требует расширенного и углубленного изучения проблемы взаимодействия мировых религиозных традиций на основе новых методологических подходов с позиции знаний накопленных исторической наукой, теорий исторического процесса. Как мы знаем, постепенное усиление и синтез в первую очередь духовнокультурных, а также социальных и политическихсферкочевых образований и оседло-земледельческих территорий способствовали упрочению связей и взаимопроникновению различных религиозных и идеологических элементов. Культурный диалог между различными религиозными традициями на территории Евразии был обусловлен необходимостью взаимодействия многообразных форм и многофункциональных систем как социально-политических, так и духовно - культурных.В настоящее время предпринимаются попытки для расширенного и углубленного определения исторических перспектив развития межкультурного диалога в средневековой Евразии. Прогнозируемой тенденцией в изучении проблемы взаимодействия мировых религиозных традиций средневековой Евразии стало определение круга вопросов о формировании и функционирования идеологических систем кочевых обществ и оседло-земледельческих оазисов.Как мы можем заметить, на всем протяжении истории, у кочевников всегда был своебразный план освоения мира, своя система взглядов на мир и на человека

29

вэтом мире, что выражалось в специфическом ценостном отношении человека к миру и воплощении

всферу духовной культуры. Взаимосвязь мира и человека выражена в многочисленных и разнообразных формах материальной и духовной культуры кочевников. В них присутствуют общечеловеческие и общекультурные закономерности. Основными тенденциями развития культуры и религиозных воззрений продолжали оставаться традиционные культы Тенгри, которые еще в ранних тюркских государственных образованиях, были монотеизированы в силу шедших в тюркском обществе процессов централизации власти. У кочевников идеологическим средством усиления контроля хана была вера в дарующего победы всемирного бога Тенгри. Но так как область моего исследования относится к XIV-XVI векам то нужно отметить что понятие «Тәңір» раньше понимавшееся как «верховный бог Тэнгри», в умах людей в это время преобразовывается в смысл исламскогодогматизмаистановитсяоднимизсинонимовимениБогамусульман. Правители всехэтих государствофициальной идеологией ирелигиейсвоихстранпринялиислам. Ввиду своейтотальности ислам среди населения этих государств, становился как религией, так и идеологией. Таким образом, вследствии множества сходств с исламом понятие «Тәңір» в мировоззрении людей без негативных последствий переходит в мусульманское понимание Бога. Для всех созданных на территории Центральной Азии тюркских государств позднего средневековья были характерны такие интеграционныекультурно-цивилизационныепризнакикакпреобладаниетюркскогоязыка, вкачестве литературного использовались чагатайский и фарси, ислам как религия и идеология, политическая власть, сосредоточенная в руках той или иной ветви чингизидов и духовная власть, не входящих в родовое деление и находящихся на надэтническом уровне, сословия ходжей.Казахское ханство, на фоне других государств позднего средневековья, являясь больше сохранившим наследие древних степных каганатов, все же по примеру Узбекского ханства было мусульманским государством средневековья, официальной идеологией и религией которого выступал ислам. Духовная основа позднесредневекового общества казахов представляла собой тюркско-исламский тип культурной традиции, был сформирован некий «культурно-идеологический комплекс, где формообразующую роль играла идеология ислама».[1.стр. 30].Идеологом средневековых казахов был знаменитый акын, бий и мудрец Асан Кайгы живший на рубеже XV-XVI веков. Настоящее его имя было Хасан Сабитулы. Казахские жырау, абызы, бии и поэты в подавляющем большинстве своем оканчивали медресе. В одном сохранившемсяв памятинароданазиданий, бийАсан Кайгыпревозноситмусульманскийнамаз: «Бес намазды тәрк қылмай, Құдайды өтеп тағатын». Это был его призыв к народу не пропускать ежедневную пятикратную молитву. Т.И. Султанов в своем исследовании казахского ханства отмечает что «казахскиеханыиспокон вековотносили себя к мусульманам-ханифитам»[2.стр.134]. Знаменитый не только в Дешт-и-Кипчаке хан Касым, заметно укрепивший молодое Казахское ханство причислял себя к мусульманам-суннитам и положительно относился к суфизму. Касым хан был покровителем ислама в степи. О духовной и политической связи хана с соседними мусульманскими районами подтверждают восточные хроники. Когда, в 1512 году все еще не потерявший надежды вернуть Мавераннахр Бабур в союзе с персами пошел войною на узбеков, в связи с военным положением в Средней Азии один из известнейших суфийских шейхов Ходжа Ислам, входивший в тарикат «накшбандийа», нашел убежище у хана Касыма.Так например, казахский хан Тауекел вел борьбу с калмыками демонстрируя ее как борьбу с неверными. Исламское самосознание хана Тауекеля можно заметить в его обращении к Барак-хану: «мы оба потомки Чингиза, связанные узами родства. Кроме того мы единоверцы – мусульмане.Окажи мне поддержку и мы вместе отомстим кафирам»[5.стр.51].

Развитие научных изысканий на основе междисциплинарного и системного подходов и межкультурного диалога на территории Казахского ханства обусловлен необходимостью взаимодействиямногообразныхформимногофункциональныхсистемкакполитических, социальных, такидуховно– культурных. Предкиказаховдопериодаширокогораспространенияислама, сохраняли собственную кочевую, тенгрианскую идеологию и время от времени вступали во взаимодействия и с другими религиозными течениями и воззрениями. Большую роль в этом сыграли и выполняли роль транзитной территории присырдарьинские города и регион Жетысу. Между тем сильное укрепление положения мусульманской религии в данном регионе происходило на фоне сохранения позиций и умеренного согласования с древнетюркскими воззрениями и кочевой традицией. Древнетюркская доктрина о небесном происхождении рода правителей каганата и дальнейшая ее трансформация с приходом и утверждением ислама в казахских степях, породила синтез кочевых ценностей с философией ислама. Таким образом, казахские идеологические представления о хане как о голове и сердце государства не вступали в конфликтов и не противоречили канонам ислама.

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]