Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

Oртaлық мeмлeкeттік ғылыми-тeхникaлық құжaттaмa aрхивіндe Aлмaты қaлacының aумaғындa oрнaлacқaн рecпубликaлық жәнe бұрынғы oдaқтық бaғыныштылықтaғы ғылыми-зeрттeу, жoбaлaу, кoнcтруктoрлық, тeхнoлoгиялық ұйымдaр мeн мeкeмeлeрдің қызмeті нәтижecіндe құрылғaн ғылымитeхникaлық жәнe бacшылық құжaттaмaлaр мeмлeкeттік caқтaуғa aлынғaн.

Aрхив қoрлaрының құрaмы мaмaндaндырылғaн мұрaғaттың eрeкшeліктeрін көрceтeтін төмeндeгі жинaқтaушы ғылыми-тeхникaлық құжaттaр тoбынaн тұрaды:

1.ғылыми-зeрттeу құжaттaмacы;

2.кoнcтруктoрлық құжaттaмa;

3.тeхнoлoгиялық құжaттaмa;

4.жoбaлaу-cмeтaлық құжaттaмa;

5.пaтeнттік құжaттaмa;

6.бacшылық құжaттaмa [3].

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап архив басшылығы сақталған құжаттардағы ақпараттық қорды ашу және пайдалану аясын кеңейтуге барынша талпынды, сол мақсатта пайдаланудың бірнеше формалары ұсынылды: мерзімді басылым беттеріне мақала жариялау,құжаттық жинақтар, телерадио бағдарламалар мен тақырыптық көрмелер.

Архивте мерзімді басылым беттеріне мақалалар, құжаттардың шағын топтамаларын жариялау кең қолданылды. Архив қызметкерлерімен үнемі құжаттар анықталып, археографиялық өндеуден өтіп басылымға дайындалды. Жарияланымдар тақырыбы ретінде энергетика саласы, Верный (қазіргі Алматы) қаласының құрылысы, Республика аумағындағы сәулет –құрылыс туындылары, сондай – ақ, медицина ғылымы саласындағы мекемелерінің ашылуы, соның ішінде, денсаулық сақтау ғылыми – зерттеу институтының баяндамалары және олардың архив қызметкерлерімен өткізген семинар жиналыстары алынды. Жоғарды көрсетілген уақыт аралығында тақырып аясында «Эко – курьер» газетінде « О проблемах озера Балхаш по документам архива» атты мақала, «Вестник Академии наук» журналында «Архивные документы – в научный оборот» мақаласы, .Адельгужиннің 1992 жылы 26 мамырда «Огни Алатау» газетіне жарияланған «История – не белое пятно» , «Архивы Казахстана» бюллетеніндегі «Неизвесные страницы аграрной истории Казахстана мақалалары; А. К. Иваненконың « Здарохранение Казахстана» журналындағы Денсаулық сақтау ҒЗИ қызметкерлерінің семинар – жиналысы жайлы ақпараты;«Здравохранение Казахстана» журналындағы И.Н. Буханованың « Создание в Алма – Ата научно – исследовательских институтов медицинского профиля» хроникасы жарық көрді. А.А. Березконың «Вечерний Алматы» газетіне және «Здравохранение Казахстана» журналына жарияланған «НИИ туберкулеза в годы Великой Отечественной войны (1941 – 1945гг.)» құжаттар топтамасы; « Из истории становления глазной помощи в Казахстане» мақаласы; « Вестник сельскохозяйственных наук» журналында басылған «О составе научно – исследовательской документации по сельскому хозяйству, находящейся на госхранении в ЦГА НТД РК» ақпараты, т.б [4]

Осылай 1993 жылы педиятрия ғылыми – зерттеу институтында ОМҒТҚА – мен өткізілген архив құжаттарыныңкөрмесіжайлысюжетМемлекеттікақпараттықбағдарламадабаяндалды. Көзаурулары ғылыми– зерттеуинститутының60 жылдығынаорайархивқұжаттарыныңкөрмесі, солкезеңдегіАлма

– Аты облыстық телехабарының «Здоровье» бағдарламасында көрсетілді [5].

Архивтің пайдалану тобы көпшілікпен құжаттарды көрме арқылы таныстыруды жалғастырды. Өткізілген ірі көрмелер қатарына 1992 жылы Алматы құрылыс техникумында « Из истории архитектуры Алма – Аты» тақырыбында ұйымдастырылған көрмені , Верный (қазіргі Алматы) қаласының құрылысы Құжаттарды насихаттау мақсатында ғылыми – техникалық архивпен Алма – Ататылық сәулет – құрылыс институтында (қазіргі ҚазБСҚА) Алма – Ата қаласының сәулет және азаматтық – тұрмыс құрылыстары тарихын баяндайтын құжаттар түпнұсқаларының көрмені жатқызуға болады, Айта кетсек, көрмеде Орталық Мемлекеттік архивтен алынған Верный қаласының революцияға дейінгі құрылыстардың құжаттары қойылды. Көрменің өткізілгені жайлы ақпарат «Вечерняя Алма – Ата» газетінде «Столица вчера и сегодня» атты мақалада жазылған [6].

Кез – келген архив өз қызметі барысында құжаттарды жинақтаумен, келешек ұрапаққа жеткізу мақсатындасақтауменжәнесақталғанақпараттыпайдаланумақсатындабұқаралықақпаратқұралдары арқылы жариялау жұмыстарымен айналысады. Архивтің жарияланымдық қызметі өз алдында маңызы зор жұмыс болып табылады. Себебі, құжаттарды жариялау арқылы, архив қорларындағы құжаттарды насихаттау, олардың мазмұнымен танысу және анықталмаған жаңа мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу, соныменқатар, отандықтарихтыжазудағыкейбір«ақтандақ» мәселелердізерттеумүмкіншілігі туады.

141

Пайдаланылған деректер тізімі:

1.Пoлoжeниe ЦГA НТД Кaз CCР oт 19.03.75 гoдa // ЦГA НТД РК. – Ф.36. – Oп.1. – Д.15. - ЛЛ. 2-5.

2.Пocтaнoвлeниe CМ КaзCCР прикaзы ГAУ при CМ КaзCCР // Цeнтрaльный гocудaрcтвeнный aрхив нaучнo - тeхничecкoй дoкумeнтaции Республики Казахстан. – Ф.36. – Oп.1. – Д.1. - ЛЛ.1- 4.

3.Сарсенова Г.С., Богданова О.С., и др. Юбилeйнoe издaниe к 40-лeтию Цeнтрaльнoгo гocудaрcтвeннoгo aрхивa нaучнo

-тeхничecкoй дoкумeнтaции, пocвящeннoe иcтoрии cтaoвлeния и рaзвития aрхивa. – Aлмaты: “Print express”, 2014. – 140 с.

4.Годовой отчет о деятельости архива за 1993 год//ҚР ОМҒТҚА -Қ.36.-Т.2-6.93-іс. -7-8пп.

5.Бондарев Т.И. Болтина В.Д. Из истории научных медицинских учреждении.Казахстан: 14911945гг..: Сб.док.и материалов // Отечественные архивы. -2015. - №5. -20-23бб.

6. Документы о работе над путеводителем ЦГА НТД 3а 1992 год//ҚР ОМҒТҚА - Қ.36. - Т.2-6.75- іс. -1-15пп.

ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДА ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Әбдірасілов Н.Ә.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Мұрағаттану құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенті, «Documentum» клубының мүшесі

e-mail: makhabbat03@bk.ru

Ғылыми жетекші: Б.Е.Нурпеисова, т.ғ.к., доцент

Қазіргі уақыттағы кез-келгенмекеменіңжұмысбарысыныңтұрақтыдақалыптыжүргізілуімекеме ішіндегіқұжатайналымы қозғалысыныңжоғарыдәрежедежүргізілуіболыптабылады. Соныменқатар заманталабынасайдамығантехнологиялардықұжатайналымыбарысында қалыптастыру меноларды тиімді меңгеру мекеме үшін өте қажет. Осы орайда құжат айналымы инфрақұрылымын заманға сай қалыптастыру маңыздылығы зор. Құжат айналымында құжаттармен жұмыс істеуде қабылдау, өңдеу, беружәнежөнелту, айналымдағықұжаттарсанының есебінжүргізу, құжаттардытіркеужәнеолардың орындалуын бақылау тәрізді негізгі кезеңдері енеді. Осы құжат айналымы кезеңдеріндегі жұмыстардың қарқынды жүргізілуін қамтамасыз етуде кәсіпорын құжат айналымының заманауи инфрақұрылымын ұйымдастыруды қажет етеді. Кәсіпорын құжат айналымының заманауи инфрақұрылымын ұйымдастыруда жүргізілетін ауқымды жұмыстар мекеменің құжат айналымын толық жетілдірудің өзекті қозғаушы күші болып табылады.

Соңғы жылдары Қазақстанда құжат айналымы жүйесінің инфрақұрылымын ұйымдастыру қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта іс жүргізу мен құжаттану бүкіл қоғамдық қызмет түрлерімен тығыз байланысты. Мақаланы жазуда кәсіпорындардағы құжат айналымының заманауи инфрақұрылымын ұйымдастырудың шетелдік ұйымдардағы тәжірибесін негізге аламыз. Сонымен қатар Отандық басылымдардағы А.Адельгужиннің, Е.Кропивницкаяның, А.Лобковтың құжат айналымына қатысты мақалалары құжат айналымы жүйесін ашып көрсетуде үлкен септігін тигізді.

Елімізде іс жүргізудің нормативтік құқықтық базасына сипаттама беріп, талдау жасап, оның кемшіл тұстарына баға беруде А.Адильгужиннің, Е.Жүсіповтың мақалалары құнды. М.Х.Жақыпов, Е.Джерембаев, А.Көпбосынова мемлекеттік органдардағы электронды құжат айналымының жайына және оның дамуы мәселелеріне тоқталады. Электрондық құжат айналымы мен электрондық мұрағат үшін электронды құжаттардың ортақ мәселесін А.Слободянук, Е.Самойленко қарастырады. Отандық еңбектерді талдай келе елімізде іс жүргізу мен құжаттанудың теориялық негізінің әлі де қалыптасу үстінде екенін көрсетеді. 1990 жылдардың соңындағы қоғамдағы өзгерістер, ортақ ғаламдық ақпараттықкеңістіккежолашылуы, компьютерліктехнологияныңдамуыісжүргізудіавтоматтандыру, электрондық құжат мәселелерін алға шығарды. Шетелдік ғалымдар З.Залаев, И.Н.Киселев электрондық құжаттардың мәселелерін алғашқы болып көтеріп, олардың қолданбалы мәселелеріне көбірек назар аударылатынын көрсетті.

Құжаттарды ақпараттық талдау әдісі арқылы пайдаланылған әдебиеттердегі мәліметтер талданса, салыстырмалы және статистикалық талдау әдістерімен отандық және шетелдік кәсіпорындардағы құжат айналымы барысында қолданылатын технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері және құжат айналымы барысында жұмсалатын каржы көлемінің мөлшері қарастырылды. Іс қағаздардың жүргізу барысында құжаттаманы басқару ісінің құрамдас бір бөлігі құжат айналымы болып табылады. Құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптар құжат қозғалысының және онымен операциялардың біртұтас технологиялық сұлбасын әзірлеу, қызметкерлердің құжаттармен жұмыс функцияларын регламенттеу, оларды бақылауды қамтамасыз ету, құжат айналымы көлемін тұрақты талдау міндеттілігі болып табылады. Құжат айналымы тек қана құжаттардың жылжуын

142

білдірмейді. Бұл әрбір кәсіпорынның құжат айналымын құрайтын формальды және бейресми процестердіңтезжәнетиімдііскеасуы, компанияның бәсекегеқабілеттілігініңнегізіболыптабылады.

Қазіргі таңдағы кәсіпорындардағы құжат айналымының проблемаларының бірі құжаттарды жүргізу барысындағы қолданылатын технологиялардың заман талабына сай болмауы және олардың толықтай кәсіпорын қызметкерлеріне жетіспеуі маңызды проблемалардың бірі. Өйткені шетелдік кәсіпорындармен салыстыратын болсақ, олар отандық кәсіпорындарға қарағанда үш-төрт есе жаңартылған технологиялармен және де құжат айналымын ұйымдастыруға арналған бағдарламалық жүйелермен ерекшеленеді.

Business Process Management (BPR), INTENSE WorkFlow сыныбындағы инновациялық жүйе компанияда орын алатын кез-келген құжаттық процессті ұйымдастыруға мүмкіндік береді: құжаттарды жоспарлау, тарату және бақылау арқылы дәстүрлі айналым құжаттарын сандық форматқа көшіру, кез келген міндеттерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Қортындылай келе, осы өзекті мәселенің шешімі әрине жаңа кезеңнің талабына сәйкес, мамандарды дайындау аса маңызды екені айқын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ Заңы

2.Попенко А.А.Проблема хранения электронных документов на международных конгрессах и конференциях// Делопроизводство. – 2004. - №2. – 37-39 б.

egov.kz

3.«Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» -2004. Akorda.kz

ТІЛ – ҚҰЖАТТАУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

Б.А. Жақсылық,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Мұрағаттану құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенті, «Documentum» клубының мүшесі e-mail: makhabbat03@bk.ru

Ғылыми жетекші: Б.Е.Нурпеисова, т.ғ.к., доцент

«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»

А. Байтұрсынұлы

Тіл мәселесі Қазақстан Республикасында өзекті мәселелердің бірі болып табылады, соның ішінде құжаттауда да, себебі тіл саясаты мен құжаттау бір-бірімен тығыз байланыста екені анық. Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік бағдарламасында тіл саясаты үлкен орын алып тұр, ал тілдің пайда болуын, қазіргі заманда және болашақта дамуын білу жолдарын құжаттау процессі арқылы көрсете аламыз. Әлеуметтік қатынас саласында тіл – субъективті, жеке тәжірибеге интерсубъективті, әлеуметтік-маңызды түсініктерді жеткізуді, осындай түсініктерге баршаға ортақ мән үстеуді мүмкін ететін делдал, жол көрсетуші, құрал ретінде көрініс алады. Бұл мақалада төңіректегі қазақ тілі құжаттау ғылымында қалай дамып жатқанын айқындаймыз.

Зерттеуде І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологизмдер сөздігі», А.Машани «Әл-Фараби және бүгінгі ғылым», Т. Нұрғалиева, Қ.Қалыбаева, Қ.Ғабитханұлы сияқты ғылымдардың еңбектері жұмыстың негізгі дереккөзі етіп алынды.

Жалпы тіл білімі саласында жазудың, оның ішінде сандар жүйесі мен таңбалардың пайда болуы адамзат мәдениетіндегі толық шешмін таппаған мәселелердің бірі деген ғалымдардың пікірлерін есімізге аламыз. Тілдің зерттеуін Марсель Коэнның ғылыми жетістіктері арқылы түсінуге болады. Профессор М.Коэн 1884 ж. Париж қаласында дүниеге келген, Шығыс тілдер мектебінде сабақ берген, социолингвистика ғылымында, жазу тарихы бойынша көптеген ғылыми еңбектер қалдырған. Мысалы 2005 ж. екінші баспамен шыққан «Великое изобретение письма и его эволюция» атты еңбегі арқылы әлемдік жазбаның, тілдің даму жолдарын анықтауға болады. Жазу тарихын зерттеудің күрделілігі М.Коэнныңмынабірсөздеріненаңғарылады: «Дажееслибывнашемраспоряжениибылозначительно больше документов по древнейшей истории письма, следовало бы воздержаться от проникновения во мрак его происхождения» [1, б. 223].

«Әдебиет еңбектері құжат ретінде» идеясы бағытында М.Жұмабаевтың «Табалдырық» атты еңбегінде тіл мәдениетінің көрсеткіші, әрі «тіл – құжаттаудың құралы» мәселесі біздің зерттеуімізде қарастыруға өзекті болып отыр. Мағжан Жұмабаевтың «Табалдырық» манифесі арқылы халықтың

143

тарихи зердесіне барлау жасай отырып, ұлттық сана-сезімін ояту негізінде қалыптастыруды көздеді. Мағжанның ұстанымын Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов сынды ақын-жазушылар қолдап, «Күйші», «Құлагер», «Хан Кене» атты туындыларымен ел ықыласына бөленді. Сондай-ақ, М.Жұмабаевтың сонау дәуірде айтқан пікірлері, Ш.Елеукеновтың айқындағанындай «алғашқы да соңғы теориялық еңбегі» бүгінгі заманда да өзектілігін жоғалтпай, уақыт талабымен ұштасып келеді.

Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері М. Әуезовтің еңбектерінен («Абай жолы», «АйманШолпан», «Еңлік-Кебек» т.б.) бізде қазақшақұжаттыңбір көрінісінкөреаламыз. Өйткені, кітаптарды оқу барысында ерте құжаттаудың тарихындағы эволюциясын байқаймыз.

Қорытындылайкетсек, тілкұжаттаудыңқұралыекеніанық, әлемдікқұжаттауғылымының, әдебиет еңбектері арқылы бұл тезис аргументсіз де түсінікті. Құжаттаудың дамуы тіл дамуымен, оның қазіргі замандағы болып жатқан өзгерістеріне тәуелді, бұл байланысқа заң ретінде де қарауға болады, себебі бұл мәселеде нақты ғылыми қағидалары бар.

_________________________

Әдебиеттер тізімі:

Коэн М. Великое изобретение письма и его эволюция. – Париж, 2005 Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы, 1989 Әуезов М. Абай жолы.- А., 1961, 1-т., 383- б

ОПЫТ ОРГАНИЗАЦИИ ЭЛЕКТРОННОГО ДОКУМЕНТООБОРОТА В ЭКОНОМИКЕ КАЗАХСТАНА

А. А. Маханбеткул

студент 4-го курса КазНУ им. Аль-фараби Конт: makhanbetkul.aziza@mail.ru

Научный руководитель –к.и.н, доцент Нурпеисова Б.Е.

В данной статье рассматривается опыт организации электронного документооборота в экономике Казахстана. Изложены актуальность проблемы, методы исследования данного вопроса приведены данные из существующего электронного документооборота конкретной организации. Дан сравнительный анализ зарубежного электронного документооборота. Систематизированы подходы применения электронного документооборота, исходя из полученных данных. Обозначены некоторые проблемы электронного документооборота в условиях цифровизации.

Актуальность исследования вопроса состоит в том, что в настоящее время в Казахстане особое место занимает цифровизации экономики. И соответственно, особую значимость приобретает функционирование системы электронного документооборота в организации. С этой целью в данной статьи проводится анализ состояния электронного документооборота в зарубежных странах. Актуальность данной статьи также обусловлена тем, что более половины государственных закупок проводится в электронном формате, что значительно упрощает процедуры, делает процесс более прозрачным и гласным, способствует экономии бюджетных средств.

Поданнымпоказателям, принеавтоматизированномдокументооборотеработникиофисавсреднем тратят до 60% рабочего времени на поиск, ожидание, координацию, доставку и прочие рутинные операции с документами. Наиболее действенным методом рационализировать рабочее время сотрудников, а также решить целый ряд других задач, таких как повышение достоверности и своевременности получения управленческой информации, структурирования базы документов предприятия и многих других, является внедрение системы электронного документооборота. Внедрение системы электронного документооборота – это сложный процесс, требующий больших затрат, с большой вероятностью неудачного исхода. Что же стимулирует компанию идти на такие трудности и риски? Основными следствиями успешного внедрения становятся:уменьшение времени для рутинных операций с документами сотрудников, за счет увеличения скорости и автоматизации работы с документами; увеличение скорости и контролируемости бизнеспроцессов; все знания сотрудников, связанные с обработкой документов, сохраняются вместе с документами в системе электронного документооборота, образуя базу знаний компаний; использование при принятии управленческих решений актуальной и своевременной информации.

В настоящее время на казахстанском рынке представлено несколько десятков программных продуктов, предназначенных для автоматизации документационного обеспечения управления. Растущий интерес крупных отечественных компаний к совершенствованию бизнес-процессов и

144

использованиюпередовыхИТ-технологийподтверждаетпримеркрупнейшеговРеспубликеКазахстан вертикально интегрированной акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» — фонд, единственным акционером которого является Правительство Республики Казахстан. Фонд был основан в 2008 году Указом Президента Республики Казахстан и представляет собой коммерческую структуру - инвестиционный холдинг, миссия которого заключается в повышении национального благосостояния Республики Казахстан и поддержке модернизации национальной экономики. Фонд «Самрук-Қазына» выполняет свою миссию через эффективное управление портфельными компаниями — для увеличения их долгосрочной стоимости и устойчивого развития, а также черезосуществлениекаталитических инвестиций в развитиеприоритетных секторов национальной экономики. Автоматизированная система торгов помогает экономить на закупках, расширить число потенциальных партнеров. Она упрощает трудоемкие процессы поиска и приглашения поставщиков. Все это позволяет быстро определить оптимальную цену. На новой площадке определяют самые выгодные предложения товаров, работ и услуг. Е-закупки исключают рискприобретениятоварапоценевышерыночной. Экономиябываетвесьмасущественной. Например, в непроизводственной сфере электронная система закупок обеспечивает сбережение в среднем 10-15 процентов от суммы заказа. Это достигается за счет конкуренции между поставщиками в режиме реального времени. Кроме того, электронные аукционы делают сделку более прозрачной и управляемой. Партнерымогутучаствоватьвторгахслюбогокомпьютера, подключенногокинтернету,

инаблюдать заходомих проведения. « Рассматриваядваспособазаключениядоговора– на бумажном

иэлектронном носителях. Заключение договора в электронном виде имеет свои преимущества и существенно облегчает данную процедуру, особенно когда заказчик и поставщик находятся в разных регионах, соответственно отправка на бумажном носителе занимает более длительный срок. Однако необходимо отметить, что юридически они имеют одинаковую силу и заказчики вправе выбрать любой из наиболее удобных способов »(1).

По официальным данным, с 1 января 2019 года Фонд национального благосостояния «СамрукҚазына» не будет принимать бумажную корреспонденцию от своих портфельных компаний. Таким образом, Холдинг намерен снизить до 100% расходы на отправку корреспонденции, значительно увеличить скорость обработки писем, усилить исполнительскую дисциплину и снизить показатели просрочек по важным документам. То есть, время и деньги будут сэкономлены значительно: экономический эффект составит до полумиллиарда тенге до 2022 года. С точки зрения ДОУ, моделирование и регламентацию бизнес-процессов предприятия следует рассматривать с двух сторон:

1)При описании бизнеспроцессы предприятия должны быть задокументированы, то есть создан пакет нормативнометодической докутации, фиксирующий цели, задачи, содержание, средства реализации того или иного бизнеспроцесса.

2)В ходе реализации смоделированного бизнес-процесса создаются документы различного видового состава, которые должны быть включены в общий документооборот предприятия, быть доступным как специалистам функциональных подразделений, так и специалистам службы ДОУ.

3)Само документационное обеспечение следует рассматривать как бизнеспроцесс, то есть последовательность процедур по созданию, обработке, исполнению и хранению документов.

Система автоматизации документооборота должна обеспечивать прикладные интерфейсы, позволяющие встраивать функции передачи и сохранения документов в прикладные системы, функционирующие в организациях, в которых она внедряется[2].

Таким образом, настоящее время в Казахстане особое место занимает цифровизации экономики, которое требует всестороннего подхода в совершенствовании автоматизации процессов работы и соответственно подготовки специалистов в области документационного обеспечения бизнеспроцессов.

References

1 Худайбергенова Н.А. Особенности заключения договора о государственных закупках на бумажном и электронном носителях // Государственный заказ. – 2014.− №11(41).− С.116-120.

2 Двоеносова М.В, Орлова М.М. Электронный документооборот в управлении бизнес-процессами. Документация в информационном обществе: « облачные » технологии и эдо // Доклады и сообщения на XIX Международной научнопрактической конференции. – Москва,2012. – С. 5458.

3https://www.slideshare.net/user_2013/untitled-16991728

4https://www.slideshare.net/user_2013/untitled-16991728

5https://www.slideshare.net/user_2013/untitled-16991728

6https://www.slideshare.net/user_2013/untitled-16991728

145

ҚР ПА БКП (Б) ҚАЗАҚ ӨЛКЕЛІК ПАРТИЯ КОМИТЕТІ (141) ҚОРЫ: ТАРИХИ - АРХИВТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

А.Қ.Туленов

Тарих, археология және этнология факультетінің 1 курс магистранты

Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., и.о. профессор Жугенбаева Г.С.

Архив – халықтың тарихи-мәдени мұрасы. Мемлекеттік архив қорында бүгінгі тәуелсіз отанымыздың көп ғасырлық тарихы көрініс тапқаны, еліміздің қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін баға жетпес құжаттар барлығы анық. Архивтік қорлар-саяси, халық шаруашылығы, ғылыми, әлеуметтік-мәдени тарихи маңызы бар құжаттардың жиынтығы.

Архив қоғамдағы ең ежелгі институттар қатарына жатады. Архивтың қоғамдағы рөлі мен маңызы мемлекеттің экономикалық және мәдени дамуы, ғылыми-техникалық революция мен әлеуметтік процестерге елеулі ықпал етеді. Архивтер қоғамдық ғылымдарға әсіресе бірінші кезекте тарих ғылымының дамуына ерекше ықпал етеді.

Осы орайда еліміздің нағыз тариxи оқиғасы орын алған, соның ішінде алаш зиялылары, еліміздегі зұлматты ашаршылықтың тағы да көпшілікке белгілі оқиғалар туралы нақты тариxи фактілер ҚР ПА 141 қор құжаттарында сақталған.

БКП (б) Қазақ өлкелік партия комитетінің құжаттары Қазақстанның Коммунистік партияның Орталық комитетінің жанынан құрылған Партия тарихы институтына тұрақты сақтауға 1934 жылдан бастап тапсырылған еді. Сол қорға № 141 нөмер беріліп, сонымен бірге 8- тізімдемеден тұратын құжаттаржиынтығынаайналды. Хронологиялықшеңбері1925-1937 жылдардықамтитынқордасақтау бірліктерінің жалпы саны 24384 құжаттардан тұрады. Қор құжаттарының көпшілігі партиялық құжаттары болып саналады. Бұл құжаттар БКП (б) Қазақ өлкелік партия жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтайды. 1925-1927 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінде мынандай құрылымдық бөлімшелер жұмыс атқарды:

І. Хатшылық; ІІ. Жалпы бөлім;

Ал партияның негізгі бөлімдері төмендегі бөлімшелерге бөлінді: а) құпия бөлім; б) қаржылық-есептеу; в) кеңсе;

г) шаруашылық бөлім.

Бөлімшелердің ұйымдастырушылық нұсқаушылық бөлімдері болса: а) есептеу-нұсқаушылық; б) ақпараттық-статистикалық;

в) транспорт бойынша инструктор Насихаттау бөліміне келер болсақ, ол:

а) насихаттау бөлімшесі в) баспасөз бөлімі болып екіге бөлінді.

Қазақ өлкелік партия комитеті аппаратының құрылымы штаттық кестеге сәйкес 1936-1937 жылдары төменгі бөлімдерден тұрды:

Ерекше сектор а) құпия бөлімі;

в) хаттамалық бөлім.

Жоғарыдағы аталған партия және бөлімдері мен бөлімше құжаттары қор жүйесінде төмендегідей жинақталған:

№1 - 1925-1937 жж. тұрақты сақтаудағы істер;

№131936 жылғы аппеляциялық істер;

№14-1935 жылғы аппеляцияны іріктеу жөніндегі партиялық комиссия;

№15-1937 жылғы аппеляцияны ріктеу жөніндегі партиялық комиссия;

№16- 1925-1937 жылдардағы жеке істер;

№17- 1926-1936 жж. тұрақты сақтаудағы істер;

№17а - 1936 ж. тұрақты сақтаудағы істер;

№18 -1925-1937 жж. тұрақты сақтаудағы істер;

1925-1937 жылдардағы қор құжаттарының құрамы мен мазмұны БКП (б) Қазақ өлкелік партия комитетінің негізгі бағыттарын көрсетеді [1]. Қор құжаттарының ішінде Саяси бюро нұсқаулықтары,

146

стеннограммалар, жабық мәжілістердің хаттамалары, конференция материалдары, алғашқы партия ұйымдары мәжілістерінің хаттамалары мен материалдары жинақталып сақталған.

Сонымен қатар, ҚР Президент архивінің № 141 қорында Т.Рысқұловтың, О.Исаевтың, Сталиннің және Молотовтың аттарына жазысқан хаттары көрсетілген, Қазақстанның бірінші басшысы Ф.Голощекиннің сөздері, И. Сталинге жолдаған хаттары, Қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы Л.И. Мирзоянға жолдаған ҚазХШЕБ (Қазақ халық шаруашылығы есебі басқармасы) бастығының орынбасары Н. Мацкевичтің баяндау хаты сақталған, бай-кулактарды тәркілеу және тап ретінде жою, ет және астық дайындау, жаппай зорлап отырықшыландыру кезіндегі шаруалардың көрген зорлықзомбылықтарын, ашаршылықтың зардаптарын баяндайтын, жоғарғы партиялық және мемлекеттік бюрократияға жолданған арыз-шағымдар, хаттарындағы ақпараттардың маңыздылығын көрсетеді. Партиялық және қоғамдық ұйымдардың құжаттар тобына ҚР Президент архивінде № 141 қорда топтастырылған партия ұйымының, жергілікті округтік және аудандық партия ұйымдарының күштеп тәркілеу және ұжымдастыру саясатына қарсы халық наразылықтары туралы құнды мәлімет беретін деректерін, Қазақстандағы әр түрлі төтенше науқандарды жүзеге асыру үшін құрылған қоғамдық ұйымдардың, тәркілеу және астық дайындау жөніндегі комиссиялар немесе комиттердің құжаттарын жатқызады. Кезінде саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құжаттары құпия бөлімдеріне көшіріліп, оларға деген сұранысқа шектеу қойылды [2].

Мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар құжаттар тобына Қазақстандағы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарманың өкілетті өкілдігінің (ПП ОГПУ), Мемлекеттік жоспарау органың, «Живмолсоюз» мекемесінің, «Скотовод» тресінің деректік құжаттарын жатқызды, аталған құжаттарының маңызы баға жетпес.

Қорда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің архивінде ОГПУ құжаттары да сақталған. Бұл құжаттар

1929 жылғы

Тақтакөпірдегі, Батпаққара, Бостандық,

1930 жылы Ырғыз,

Қарақұмдағы,

Қызылқұмдағы,

Созақтағы,

Балқаштағы, Сарқандтағы, 1931

жылы Шығыс

Қазақстандағы,

Шұбартаудағы,

Абралыдағы, Шыңғыстаудағы, Адай даласындағы және т.б. жалпы

халықтық

қарсылықтар

туралы

зерттеулермен тарихымыздың «ақтандақтар» мәселелерімен көпшілікті

таныстырады. Шұбартау ,Шыңғыстау,Абыралы көтерілістеріне қатысып, тұтқындалғандардың тізімін беріп, олардың кезінде «бандиттік», «әлеуметтік-қауіпті элементтер» және «контрреволюциялық» бас көтерулер ретінде жағымсыз тұрғыдан бағаланып және сипатталып келгендігін зертеушілер осы қор негізінде ашып көрсетеді [3].

Зерттеушілер осы қордағы сақталған ОГПУ құжаттарын, әсіресе 19291931 жылдары Қазақстанда орын алған шараларды күштеп меншігінен айыруға және ұжымдастыруға қарсы болған бұқаралық наразылықтар туралы нақты мәліметтер беретін арнайы деректер деп ерекше бөліп қарастырады [4].

ОГПУ органдарының құпия барлау құжаттарының тағы бір маңызды бөлігі күштеп ұжымдастыру жылдарындағы қазақ шаруаларының қоныстарынан ауакөшу, босқыншыллықа ұшырау қасіретін ашып көрсетеді. Әсіресе, қазақтардың Қытай асуы, қытай өкіметінің эмигранттарды көшіріп жіберуге көзқарасы, шетелдегі қазақтардың қарулыжасақтары, босқындарды Қытайдан көшіріп жіберу туралы, Қытай өкіметінің қазақ эмигранттарын КСРО-ға көшіріп жіберге байланысты шаралары, Батыс Қытайдағы босқындардың жағдайы, Қытайдағы қазақтардың ұлтшыл контреволюциялық орталығы-

ның қызметі туралы құнды мәліметтер бар. ПП

ОГПУ деректерінің көпшілігі ҚР Президент

архивінің 141 қорында шоғырланған. Олардың

көпшілігі негізінен мемлекеттік жазалау органдары-

ның өз қызметтері туралы Қазақстандық партиялық бюрократияны хабардар ететін жеделхаттары, мәлімдемелері, баяндау жазбалары, есептері. Осы кезде жүргізілген төтенше науқандардың барысын жан-жақты зерттеудеқұжаттардың маңызы зор [5].

Мемлекеттік органдардың аса құнды құжаттары осы қорда топтастырылған. Ірі байларды тәркілеуге байланысты жоғары өкімет және үкімет органдарының, ҚазОАК жанындағы осы мәселе жөніндегі Орталық комиссияның құжаттық материалдары, тәркіленген байлардың істері аталған архивтің қорында, Республика прокуратрасының, Заң халық комиссариатының және жоғарғы соттың Қазақ бөлімінің тәркілеу, астық дайындау, егін егу және бай-кулактарды тап ретінде жою науқандарында төменгі органдарға жолдаған төтенше нұсқаулары, қарарлары Республика Халық комиссарлар кеңесінің шешімдері мен қаулылары және ұйымдастыру шараларының материалдары, БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті секретариатының, бюро мәжілістерінің аталған мәселеге қатысты

шешімдері, отырықшыландыруғы және босқындарды

орналастыруға

байланысты Қазақстан

Халық комиссарлары кеңесі жанындағы республикалық

комитетттің

құжаттары, Мемлекеттік

жоспарау органың, «Живмолсоюз» мекемесінің, «Скотовод» тресінің, Қазақстан тұтынушылар одағының Қазақстан сауда халық комиссариатының және т.б. мемлекеттік мекемелердің ет дайындау, мал басын шартқа отырғызу жөніндегі жазбалары, нұсқаулары, шешімдері және жоғарғы органдарға

147

жолдаған есептері, «Союзхлеб», «Заготзерно» тәрізді одақтық мекемелердің Қазақстандағы бөлімдеріні астық дайындауға байланысты ұйымдастыру жұмысарының құжаттары жинақталған. Мемлекеттік органдардың және мекемелердің шаруалардан етті, астықты және т.б.ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдіріп алуда қандай күштеу механизмдерін іске қосқанын осы архив құжаттары дәлелдейді.

Осы архив құжаттары негізінде ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында Қазақстанда орын алған алапат ашаршылықтың басты себептері ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелді. Қазақ халқының зұлматты жылдардағы тарихын сипаттайтын бұл архив құжаттары бүгінгі таңда құпиясыздандырылып, архивтердің ашық қорлары қатарына қосылды [6].

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.АПРК. Ф. 141. Оп. 1 Д. 5, Л. 1. Очерки Коммунистической партии Казахстана. – Алма-Ата, 1984, - С.162

2.АПРК, Ф.141, Оп. 1, Д. 453, Л. 12, 16 – 18, 27-32, 60-61, Оп. 18, Д. 6, Л. 1-6, 68-70.

3.Казахский Краевой Комитет Всесоюзной Коммунистической партии (большевиков) (Казкрайком ВКП(б)) // путеводитель АПРК, - Алматы, 2016, С. 69-73.

4.справочник по административно-территориальному делению Казахстана (август 1920декабрь 1936г.) – Алма – Ата, 1959, - С.219.

5.АПРК, Ф. 141, Оп. 1, Д. 8075, Л. 172 – 172 об.

6.Казахстан: история власти, опыт, реконструкции. – Алматы, 2008. – С. 257, 259.

«ӘДІЛЕТ» ТАРИХИ - АҒАРТУ ҚОҒАМЫНЫҢ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН НАСИХАТТАУ

(«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында)

Г.К. Сыдыкова

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті e-mail: gulzhan.sydykova.97@mail.ru

Еліміз егемендігін алып, цензура жойылып, халқымызға сөз бостандығы берілгелі, тарих тақырыбына қалам тартатындардың саны көбейіп кеткені белгілі. Бұл жағымды тұрғыдан бағалануға лайық... Өйткені халық өз тарихын білуге ұмтылса, ол халықтың тәні де, жаны да таза деген сөз. Болашақтан үміті бар халық қана тарихқа үңіледі. Осыған қол жеткізу үшін, өз азаматтарымызбен қатар, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерін де тарихпен тәрбиелеу ләзім. Ал тарихты жазу үшін еңқұндыдереккөзі– архивқорлары. АрхивқұжаттарытарихидерекретіндеҚазақстанныңәлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына тигізер әсері мол. Түпнұсқа деректерді тиімді пайдалану арқылы Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерін ашуға мүмкіндік туды. Осыған орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (Егемен Қазақстан. 2017, 26 сәуір) атты мақаласының қабылдануы бұл үрдістің дамуына ықпал етті. Ұлт көшбасшысы ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауыүзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деп жазады. Бұл дегеніміз ХХІ ғасырдағы тарихи кезеңде өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды бұзбай, дәстүрімізді ұмытпай жаңғыруымыз керек. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Қазақ халқы басынан кешірген

алапат ашаршылық пен қуғын сүргін жылдары туралы сыр шертетін тарихи деректер зерттеушілер тарапынан жан-жақты талданып, көптеген материалдар жинақталып қоғамға жарияланып келеді. Ал сол оқиғаның қараңғы тұстарын ашу мақсатында құрылған «Әділет» қоғамы жайлы халық арасында жиі айтыла бермейді, тіпті мүлдем естімеген дер де қаншама.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін демократияның алтын белгісі еркін есе бастасымен, «ақтаңдағы» мол тарихымызға сын көзбен қарaу орын ала бастады. 1988 жылы Мәскеуде Сталиндік қуғынсүргінқұрбандарыныңадалесімдерінтірілтугекіріскен«Мемориял» қозғалысыпайдаболғанда, артынша Алматыда да сол мақсатта бастамашы топ құрылып, ұйымдастыру жұмыстарын қолға алды. Елдегі қозғалыстың ерекшелігі - сталинизм қылмыстары ретінде тек саяси репрессияларды әшкерелеу ғана емес, сонымен бірге, сталиндік-большевиктік бұрмалаушылардың аса қайғылы салдары, ел санасында күллі халқымыздың трагедиясының символындай қабылданатын «Отыз екінші жыл» деген қанды әріптермен жазылып қалған алапат ашаршылық шындығын ашу еді. Қозғалыс мүшелерінің

148

республиканың әр түпкірінен келген өкілдері 1989 жылғы сәуірде құрылтайшы конференция өткізіліп, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың басшылығымен республикалық ерікті қоғам дербес шаңырақ көтерді. Ал, ашаршылық кезеңнің шындықтарын ашу Қоғамның бағдарламасындағы өзекті мәселелердің бірі ретінде белгіленді (Қойшыбаев, 2014: 60-61). 1989 жылы шаңырақ көтерген «Әділет» тарихи-ағарту қоғамына алғаш мемлекет және қоғам қайраткері Санжар Оразұлы Жандосов, одан беріде академиктер Манаш Қабайұлы Қозыбаев, Мұрат Тәжімұратұлы Баймаханов, Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейісов төрағалық жасаған. Басшылық құрамында Мардан Келдібайұлы Байділдаев, Александр Лазарьұлы Жовтис, Марат Жақсыбайұлы Хасанаев, Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова секілді азаматтар болды. Бүгіндері қоғам жұмысына саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Саят Ілиясұлы Жансүгіров, Қызғалдақ Құдайбергенқызы Жұбанова, Нәдір Әбдіқадырұлы Әзірбаев, Марат Садықұлы Нұрпейісов, Әли Оразұлы Жандосов, сондай-ақ репрессия құрбандары ұрпақтарының үшінші буын өкілдері белсене қатысуда.

«Әділет» идеялары қанаттандырған жас ғалымдардың бір тобы Орталық архив жанынан тарихи ағарту бірлестігін құрды. Қазақ университеті тарих факультетінің оқытушылары студенттік экспедициялар ұйымдастырып, жер-жерден қарттардың сол қасіретті кезең жайындағы естеліктерін жазып ала бастады. Осындай ретпен «Әділет» туғыза білген қоғамдық пікірдің оң нәтижесі, мемлекеттік тәуелсіздік жарияланысымен, еліміздің сол кездегі парламенттінің – Жоғарғы Кеңестік алғаш қолға алған ісінің бірі 1931-1933 жылдары ашаршылықтың себеп салдарларын зерттеу болды. Жоғарғы Кеңес Төралқасы құрған комиссия осынау ұлттық апатты толығымен тексеріп, алғашқы қорытындыларын жасады. Ашаршылықты сталинизмнің аса ірі қылмысы ретінде атап, іс жүзінде көшпендіжұртқажасалғангеноциддептапты(ҚРПА. 148-Н-ф. 1-оп. 11-д). Көпкешікпей, «Әділеттің» орынды талаптарына байланысты, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті «үлкен террор» жылдары репрессияға ұшыраған қазақстандықтардың алғашқы тізімін берді (назар аударыңыздар: тізімнің бірінші данасы «Әділетке», екінші данасы Қазақ республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жіберілді! Бұл – демократиялық ахуал өмірге әкелген «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының беделі өсіп, әміршіл жүйені мойындатқанының нақты көрінісі). Ұзамай «Әділет» пен республикалық Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті арасында жақсы байланыс орнады. Оны архив құжаттарынан, екі мекеме арасындағы хат алмасулардан-ақ байқауға болады. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматыда НКВД жер-төлесінде атылған азаматтардың қайда жерленгенін анықтауға көмектесті, тіпті үкімді орындаған жендеттердің бірін тауып, «әділетшілердің» онымен кездесуін мүмкін етті; «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы көтерген 1920-1950 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың атаулары енгізілген «Книга скорби» кітабының бірнеше шығарылымын дайындап, атылғандардың толық тізімі мен деректерін табуға жәрдемдесті. Бұларға қоса, жаппай қуғын-сүргін жылдары күллі Қазақстан бойынша түрлі мерзімге сотталғандардың аты-жөндері мен өмірбаяндық деректері жазылған көп томдық іс-қағаздарды ресми де салтанатты түрде «Әділетке» табыс етті (ҚР ПА 148-Н-ф. 1-оп. 13-д: 3-12). Жарты ғасырдан астам құпия болып келген «Жаңалық» ауылы маңындағы қорым табылғаннан кейін, «Әділеттің» өтініші нәтижесінде, ҚР Президенті Алматы облысының басшылығына саяси қуғын-сүргін құрбандары жатқан орынға мемориалды ескерткіш орнату жөнінде тапсырма берді… Бүгінде «Сорос-Қазақстан» қорының гранты арқасында «Әділет» қоғамы Алматы қаласының маңындағы Жаңалық мемориалдық кешенін қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп келеді (ҚР ПА. 148-Н-ф. 1-оп. 34-д: 20-23).

Дегенменде, қоғам өмірінен ақпарат беретін түпнұсқа құжаттар архив қорларында сақталған. «Әділет» қоғамының архив құжаттарын қоғамға насихаттау үшін ең алдымен қормен танысып, ондағы құжаттарға шолу жасау маңызды. «Әділет» қоғамының құжаттары Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатына 2003 жылдың наурызынан 2004 жылдың қараша айына дейін кезеңкезеңмен келіп түсті. Құжаттар тізімі «Әділет» қоғамының негізгі қызметінен хабар береді. Қоғам құжаттарын мемлекеттік сақтауға тапсыруда ұйымның 1989 жылғы конференцияның хаттамалары, қоғамының 1989 жылғы жылдық есептері, 1989-2002 жылдардағы шығындар туралы есебі және 19891999, 2001, 2002 жылдар аралығындағы штаттық кестесі тапсырылмады. Олар істерді қалыптастыру кезінде құрастырылмаған немесе ұйымның жеке архивінде жоғалған.

Сараптау – тексеру комиссиясының шешімімен 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президент архивінде «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының №148-Н қоры құрылды. Ғылымитехникалық өңдеу нәтижесінде №3 тізімдеме жасалып, 1989-2002 жылдар аралығын қамтитын 655 іс тіркеліп тұрақты сақтауға алынды. Осылайша аталмыш қор құрылып, пайдалануға беріле бастады. №1 тізімдемеге: «Әділет» қоғамының жарғылары; негізі қызметі туралы бұйрықтар; жылдық бухгалтерлік есеп; конференцияның, жалпы жиналыстың, конкурстық комиссияның хаттамалары; Сорос-Қазақстан қорымен және басқа да қорлармен, ұйымдармен ынтымақтастық туралы құжаттары; мемлекеттік

149

ұйымдарменмеге: «Әділет» қоғамының жарғылары; негізі қызметі туралы бұйрықтар; жылдық бухгалтерлік есеп; конференцияның, жалпы жиналыстың, конкурстық комиссияның хаттамалары; Сорос-Қазақстан қорымынып оқушыларының «Человек в истории. Казахстан – XX век» атты конкурстық жұмыстар құрайды. Құжаттар әртүрлі форматта, яғни машинада терілген, қолжазба құжаттары, фотоальбомдар, фотосуреттер, жиналмалы альбомдар, брошюралар, аудио құжаттар (ықшам және шағын кассеталар) күйінде сақталған. Конкурстық жұмыстар тізімдемеде географиялық сипаты бойынша және авторлардың есімдері алфавиттік ретпен жүйеленген. Сонымен қатар, бірнеше авторлар бірігіп жазған жұмыстарда, олардың аты-жөндері әрқайсысының жұмысты дайындауға қосқан үлесінің маңыздылығына сәйкес орналастырылған. №2 тізімдемеде 1998-2002 жылдар аралығынажататынжекеқұрамбойыншабұйрықтар, жекееңбекақышоттары, жалақытізімдері, қоғам қызметкерлерінің еңбек ақы төлем карталары, табыс салығына берілген ақша есептері, жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аудару сынды құжаттар сақталған. Бұл тізімдемеде істер хронологиялық тәртіппен жүйеленген (ҚР ПА. 148-Н-ф. 2-оп.). Ал қордағы №3 тізімдемеде саяси қуғын-сүргін құрбандарының естеліктері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қоғам және саяси қайраткерлердің аудио жазбалары сақталған (ҚР ПА. 148-Н-ф. 3-оп.).

«Әділет» тарихи ағарту қоғамы бүгінгі күнге дейін өз қызметін жалғастырып келеді, дегенменде бір өкініштісі, архив қорындағы құжаттар 2002 жылмен ғана шектеледі. Бұл мекемеде іс жүргізу жұмыстары дұрыс жүргізілмегендігінің көрінісі. Сондай-ақ басшылықтың бұл жұмысқа салғырт қарағандығы да құжаттардың уақытылы тұрақты сақтауға тапсырылмағандығына әсер етіп отыр. Бұл қордағықұжаттардыкөпшіліккенасихаттау және отандықтарихиойдыңқалыптасуынзерттеу арқылы ұрпақ бойына сіңдіру қажет. Архив құжаттарын мәдени-ағарту және насихаттық мақсатта пайдаланудың барысында: көрмелер ұйымдастырып, теле және радио хабарлар даярлап, лекция мен экскурсия өткізіп және мерзімді басылымдарда мақалалар жариялап, түрлі құжаттық көрмелер ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта мерзімді баспасөз беттерінде мақала жариялау, теле және радио хабарлар ұйымдастыру құжаттарды мәдени – ағарту және үгіт насихаттық жұмыста пайдаланудың кең тараған түрі. Ал құжаттарды насихаттау үшін, ең алдымен қордағы құжаттардың мазмұнымен танысу басты істердің бірі емес пе?! Тәуелсіздік алған жылдары тарихымыздың қараңғы болып келген тұстарын жария еткен «Әділет» қоғамының аты көптеген зерттеулерде, ғылыми жобаларда айтылып келді. Қазіргі уақытта қоғам сол бағыт бойынша жұмыс атқарса да, «Әділет» атауын мүлде естімегендер жоқ емес. Мұндай жағдайдың орын алу себебі қоғамның аты назардан тыс қалуында. Тек тарихи кезеңді, тарихи оқиғаларды, тарихи деректерді ғана зерттеп, жариялап қана қоймай, сол оқиғалардың ашылып, зерттелуіне ықпал еткен субъектілер туралы да айту абзал деп білемін. Мәселен ғылымда, әрбір жарияланған еңбектің авторы болады. Бұл қоғам сол келтіріп отырған автор, яғни субъект.

«Әділет» тарихи-ағарту қоғамының архив құжаттарын насихаттау арқылы қоғам өмірі туралы маңызды ақпараттарды халыққа ұсына аламыз. 2008 жылы қарашаның 20 күні «Әділет» қоғамы мен Алматы облыстық архиві мұрындық болған «1931-33» жылдардағы ашаршылық: себептері, ауқымы, салдары» тақырыбындаөткенконференцияға, «Әділет» қоғамыныңархивқорынан№13 және№18 (ҚР ПА. 148-Н-ф. 1-оп.) істегі құжаттар алынған. Ондағы құжатта тікелей ашаршылық мәселесіне қатысты ақпараты бар деректер ғана іріктеп алынды, яғни қоғам туралы жеке айтылмады. Кейін арада бір жыл салып, 2009 жылы сәуір айында «Әділет» қоғамының 20 жылдығына арналған «Әділет» қоғамы: тоталитарлық өткенімізден – демократиялық болашаққа» атты республикалық, 2010 жылы «Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда да ашаршылық зұлматы сөз болып, қорытынды құжаттарында көрініс тапты (Қойшыбаев, 2014: 328). Конференциялардың материалдары жинақ түрінде басылып шықты. Бірақ, мәселе халыққа тиісті дәрежеде жеткен жоқ. Өйткені конференцияларды насихаттауда журналистер салғырттық танытты. «Әділет» қоғамының төрағасы, филология ғылымдарының докторы Ә. Ғарифолланың айтуынша: «Журналистердің қазаққа керекті тақырыпты саралай алмағаны, екіншіден «үкімет не дейді екен?» деген жалтақтау мен жасқаншақтықтан, құлдық психологиядан арылмағандығының көрінісі еді»

(Қойшыбаев, 2014: 329).

Конференция басталар алдында «Әділет» тарихынан видеоматериалдар, тақырыптық фотокөрме көрсетілді. Айта кетерлік бір жайт, конференцияда қойылған көрмедегі құжаттар архив қорындағы материалдар емес.

Биыл Алматы түбіндегі Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында репрессия құрбандарына арналған мемориалдық кешені маңында қасіретті кезеңнен сыр шертетін мұражайдың ашу жұмыстары жүргізілуде. Музейдің бір бөлмесі толығымен «Әділет» қоғамына арналмақ. Осыған орай, тарихи ағарту қоғамының мүшесі С. Ходжанова Президент архивіндегі «Әділет» қоғамының архив

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]