Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

художественный комбинат, где обучали рисованию, музыке и танцу. В 1937 году комбинат был преобразован в музыкально-балетную школу. В школе имелись несколько отделений: обучали игре на национальных инструментах, фортепьяно, скрипке, виолончели, контрабасе и балетному искусству.

Но плодотворная деятельность и упорный труд работников искусств сталкивались с определёнными препятствиями. Это касается некоторых местных музыкантов, которые неправильно воспринимали основное направление развития музыкального искусства. Дело в том, что исполнители полностью отрицали необходимостьпостижениямузыкальнойграмотыиискусстваоперного пения. А другая часть работников сферы культуры и искусства не до конца осознали с научной точки зрения значения развития оперы и балета в республике. Здесь необходимо подчеркнуть, что дальнейшая история таджикского музыкального искусства показала: европейские жанры (опера и балет) в их классической форме не обрели в Средней Азии большого числа сторонников.

Возможно, следовало сделать так, чтобы жанры эти как-то соответствовали историческим и культурным традициям среднеазиатских народов.

Непосредственное знакомство с оперой и балетом, постижение высокого искусства русской и европейской музыкальной школы в условиях 30-х годов ХХ века имело большое значение для таджикских певцов и музыкантов. Проникновение каждого профессионального певца в сокровищницу мирового музыкального искусства оказывало ему неоценимую помощь в развитии его таланта и повышении мастерства. Поэтому распространение в республике оперного и балетного искусства сыграло величайшую роль в развитии таджикского музыкального искусства.

Стремясь повысить уровень музыкального искусства и воспитать у трудящихся чувство прекрасного, правительство республики определило пути успешной творческой деятельности музыкальных коллективов. Важная задача была поставлена перед филармонией, созданной в 1938 году.[7] Правительство отводило для нее особое место в области духовного, идейного, эстетического и трудового воспитания народа. Концертные бригады филармонии ездили во все края республики, знакомя рабочих и дехкане с высоким искусством. Они с успехом выступали перед хлопкоробами во времяуборочнойкампании, передстроителямигорныхдорогиФерганскогоканала. Ядрофилармонии составляли оркестр национальных инструментов и симфонический оркестр. Первый из них, числившийся до 1937 года при музыкальном театре, насчитывал 12 человек. Под руководством А.Листопадова и Н.Руднева оркестранты овладевали нотной грамотой и записывали собственные мелодии.

По причине малочисленности оркестр не мог выполнять большие творческие задачи. Необходимо было как можно скорее увеличить его состав. В этом смысле большая заслуга принадлежала заведующему музыкальной частью театра дирижеру И.Гитгарцу. Вместе с музыкантом, дирижером и композитором А.Камаловым и Ф.Солиевым они объезжали кишлак за кишлаком, выискивая способных музыкантов.[6.15.] К сентябрю 1938 года состав оркестра увеличился до 36 человек.

Но в 1937 году И.Гитгарц (а еще раньше – А.Листопадов и Н.Руднев) покинул республику. В том же году в Таджикистан приехал выпускник Московской консерватории А.Ленский и начал систематическую и плодотворную работу с оркестром. Он расположил оркестр по семействам: смычковая группа (гиджаки), щипковая (рубаб, тар), духовая (най, сурнай), цимбалообразная (чанг) и ударные (дойра, нагора и тавляк). Такая группировка сразу же выявила недостатки оркестра, в частности отсутствие одних инструментов и несовершенство других. Поэтому остро встал вопрос об их реконструкции: нужно было увеличить диапазон и звучность инструментов, привести их к темперированному строю.[6.15.]

Возросшее мастерство национального оркестра позволило ему успешно выступить на республиканской Декаде советской музыки в 1938 году. Кроме произведений таких известных композиторов, как А.Хачатурян, В.Мурадели, Д.Шостакович, Р.Глиэр, М.Штейнберг, С.Баласанян, Н.Мясковский, С.Урбах, А.Ленский, прозвучали произведения таджикских композиторов-мелодистов А.Камалова, Ш.Бобокалонова, Н.Пулатова, А.Ярмухамедова. В концертах участвовали: симфонический и национальный оркестры, народные певцы, хор Таджикского музыкального театра им.А.Лахути и солисты Таджикского радиокомитета.[8]

В 1939 году оркестр национальных инструментов, пополнившись за счёт выпускников Ленинабадского музыкального училища, достиг78 человек.[6.15.] Теперьв его репертуарезанялисвоё достойное место многоголосные произведения русских, зарубежных и таджикских композиторов.

Национальный оркестр в составе 40 человек существовал и при Ходжентском музыкальном училище.[6.15.] Его организаторами были В.Шарф и Х.Назаров. Кроме народных инструментов, в оркестр входили инструменты симфонического оркестра (они составили его треть). Благодаря такому

11

смешанному составу он получил пространное наименование «Национальный таджикский симфонический оркестр».

Ещё в 1925 гoду в cтoлице Тaджикиcтaнa – г.Душанбе была организована первая музыкaльнaя шкoлa. В 1925-26 учебнoм гoду тaм зaнимaлocь 18 ученикoв. Крoме тoгo, в Душaнбе рaбoтaлo неcкoлькo музыкaльных лекторий, в кoтoрых пocтигaлo музыкaльнoе мacтерcтвo 37 мoлoдых людей.[9] В первые гoды cвoегo cущеcтвoвaния эти учебные зaведения cтaлкивaлиcь c рaзличными труднocтями - не хвaтaлo ни oпытных препoдaвaтелей, ни выcoкoкaчеcтвенных инcтрументoв. Пoэтoму в Тaджикиcтaн нaпрaвляли квaлифицирoвaнных педaгoгoв из Мocквы, Ленингрaдa и Тaшкентa. В Caмaркaндcкoм инcтитуте музыки и хoреoгрaфии, oткрывшемcя в 1928 гoду, рaбoтaли извеcтные тaджикcкие певцы Хoджa Aбдулaзиз Рacулoв, Coдирхoн Хoфиз Бoбoшaрифoв и Дoмуллo Хaлил Ибoдoв.[10] Деcятки выпуcкникoв этoгo инcтитутa пришли в теaтры и caмoдеятельные кoллективы Тaджикиcтaнa. Пaрaллельнo c твoрчеcкoй деятельнocтью oни внocили веcoмый вклaд в вocпитaние мacтерoв музыкaльнoй cферы.

Таким образом, именно в 20-30-е годы ХХ века было заложено основа профессиональных кадров театрального и музыкального искусства Таджикистана. Большой вклад в этом направлении внесли мастера искусств республики бывшего Советского Союза. В настоящее время богатый кадровый потенциал является основой успешного развития профессионального искусства Республики Таджикистан.

Литература

1.История таджикского народа.–Т.5. –Душанбе, 2004; 2011; История культурного строительства в Таджикистане. – Т.1. –Душанбе, 1979; –Т.2. –1983; ИзисториикультурногостроительствавТаджикистане. 1941-1960 гг. Сборникдокументов.

–Т.1. – 1972, Т.2. –1976.

2.Данскер О.Л. Собирание и изучение таджикской народной песни //Труды АН Тадж.ССР, Том 42. -Сталинабад, 1956.

3.Айни С. Санъаткори бузург//Барои адабиёти социалистї. 1936. - №8; Он же. Назаре ба гузаштаи санъати тољик //Шарќи сурх, 1941. - №3; Миронов Н.Н. Музыка таджиков. – Сталинабад, 1932.

4.Нурджанов Н. История таджикского советского театра. –Душанбе, 1967. –С.300.

5.Акрамова С.Х. Аз таърихи фарњанги мусиќии халќи тољик. –Душанбе, 1997. –С.54.

6.Музыкальная жизнь Советского Таджикистана. –Душанбе, 1974. –С.13.

7.В августе 1937 года музыкальному театру был придан статус филармонии, просуществовавший до середины апреля 1938 года. В декабре 1938 года – по постановлению Совнаркома Таджикской ССР – республиканская филармония была основана заново. ЦГА РТ. –Ф.385. –Оп.I. –Д.55. –Лл.157-527.

8.ЦГА РТ. –Ф.370. –Оп.I. –Д.65. –Лл.1-3.

9.ЦГА РТ. –Ф.12. –Оп.1. –Д.4. –Л.82.

10.Народные музыканты Узбекиcтана. –Ташкент, 1959. – C.117.

ON THE HISTORY OF THE TRAINING OF THE MUSICAL ART STUDIES PERSONNEL

OF TAJIKISTAN IN THE 20-30 YEARS OF THE XX CENTURY

Key words: art, theater, composer, director, performance, actor, dramaturgy, personnel, Tajikistan, choreography, opera, ballet, culture.

The article deals with topical issues of historiography of the formation and development of theatrical musical art of Tajikistan in the 20-30 years of the twentieth century. The role of Russian art masters in the preparation of theatrical, musical and choreographic art in Tajikistan is revealed. The scientific literature of historians and art workers on this issue is analyzed.

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

Зұлхарнайұлы Шерхан,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «5B020300 – тарих» мамандығының 4-курс студенті, Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымд. проф. Ноғайбаева М.С.

Елбасымыздың соңғы екі мақаласынан көретініміздей басты назар рухани-тарихи құндылықтарымызға, қазақ халқының өткені, аса бай тарихымыздың, жетістіктеріне ауып отыр. Қазақстан тарихының ғылыми шеңберін қарастырсақ саяси тарих пен тұлғалар тарихына аса көп мән беріліп, қазақ қоғамы мен әлеуметтік институттар тақырыбы шетте қалып қойды. Тек ғылыми зерттеулерде

12

жекелей немесе бірізді мәліметтер мен методологияны қолдану арқылы қарастырып жүр. Еуразия даласында мекен еткен көшпелі мемлекеттік бірлестіктердің әлеуметтік құрылымы уақыт үдерісімен түрленіп, дамуы XV ғ. 60-70 ж. Қазақ хандығының құрылуымен тиянақталу процессі Отандық тарих ғылымының көңіл аударарлық тақырыбы.

«Әлеуметтік институт» - әлеуметтану теориясының ең негізгі түсініктерінің бірі. Индвидитердің қоғамдағы өмірі әлеуметтік институттар арқылы ұйымдастырылады. «Институт» термині латынша institutum – «құру – ұйымдастыру», «орнату – белгілеу» деген мағынаны білдіреді.

Әлеуметтік институттар – бұл бүкіл қоғамдық ағзаның тұтастық ретінде тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететін адамдардың әлеуметтік өмірінің арнаулы құрылғысы. Әлеуметтік институт – бұл заңдар мен әдет-ғұрыппен, салтпен, дәстүрмен, мінез-құлық нормаларымен және ережелерімен бекітілген адамдар арасындағы қарым-қатынастарды өзгерту мен жетілдіру тетіктерінің эволюциясы үдерісінде қалыптасқан әлеуметтік тәжірбиенің формасы [119 б., 1].

Э.Дюркгейм, Г.Гпенсер және М.Вебердің жасаған әлеуметтік институттар тұжырымдамасы XIX – XX ғ. басындағыәлеуметтанудыңдаму нәтижесі болды. Бұліргелі теоретикалықталдаулар бір-бірінен ерекшеленіп отырды. Еске сала кетсек, Э.Дюркгейм үшін институттар – бұл әлеуметтік фактілердің барлық жиынтығы: бұлар әлеуметтік шынайылықтың құрылымдық компоненттерін құраушы құндылықтар, нормалар, ұжымдық түсініктер мен сезімдер. Г.Спенсер қоғамды бүтін бір организм мысалында көрсетіп, ондағы әлеуметтік институттарды организмнің бөліктері ретінде сипаттайды. Демек, шашыраңқы, ұсақталған кейіптен бүтін бір организм кейпіне ену арқылы тұтас қоғам құралып, өмір сүретінін көрсетеді. Әлеуметтік организмдердің атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне орай қоғамды топтарға бөлу идеясын ұсынады. Бұл яғни, әлеуметтік институттардың интеллектуалды, әлеуметтік-экономикалық, генеологиялық мүмкіндігіне орай әлеуметтік стратификацияның пайда болуын көрсетеді. М. Вебер үшін институт – бұл ұйымға кіретін адамдар өздерінің құндылықтықнормативті реттілігін бөлісіп жәнесоған өз іс-әрекеттерін бағдарлайтын негізде анықталатын ұйым типі [121 б., 2].

Мемлекеттілікке қол жеткізіп, біртұтас қазақ қоғамы құрылған XV ғ. 60-70 жылдарынан бергі кезеңді қарастырсақ дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік тұрғыдан саралануы индивидтердің генеологиялық принцип негізінде жүзеге асты. Сол принцип негізінде ортағасырлық қазақ қоғамының әлеуметтікинституттаржиынтығыэкономикалыққанаемес, саясижәнеқұқықтықайырмашылықтарға сәйкес жабық индивидтік топ «ақсүйек» және ашық индивидтік топ «қарасүйек» деген екі бөлікке бөлінді. Бұл жайында Ш. Уәлиханов былай деген еді: «Киргизи (казахи, авт.) тоже делятся на белую и черную кость; белое означает все высокое благородное, а черное принимается кара-казах (простой киргиз)» [108 б., 3].

«Ақсүйек» саналатынәулеттікжәнешығутегінеқарайерекшеленетін, сырттанешкімдіөткізбейтін индивидтердің жабық әлеуметтік тобын құрады. Оған төрелер, қожалар және сайидтар енді. Бұлар қоғамдық қатынастар құрылымында саяси және құқықтық белгілері арқылы анықталды [62 б., 10].

Төрелер, қожалар және сайидтар өкілдерінің айып құны қара халыққа қарағанда жоғары болуы өз кезегінде ақсүйек топтардың қоғам арасында мәртебесі жоғары екенін көрсетеді. Дәлел сөз ретінде А. И. Левшиннің жазып қалдығанындай «Кім сұлтанды немесе қожаны өлтірсе, сол өлген адамның туыстарына жеті адамның құнын төлейді. Сұлтанды немесе қожаны балағаттаса тоғыз мал, ал күш көрсетсе үш тоғыз мал көлемінде айыппұл салынған» [291 б., 4].

Ал қоғамның басқа бөлігі, «ақсүйекке» жатпайтындар индивидтердің ашық әлеуметтік тобы «қарасүйек» аталды. Бұл топқа билер, жыраулар, батырлар, төлеңгіттер, байлар, қараша халық т.б. кірді. Мұндағы әлеумттік институттарда генеологиялық принцип сақталмады, тек әлеуметтікэкономикалық, жеке басының қасиеттері мен интеллектуалды артықшылықтарына орай қоғамда өз қызметтерін атқарды.

Соңғы орта ғасырда Шыңғыс тұқымынан тараған ақсүйектермен қатар қазақ қауымының ішінен шыққан дала билеушілері билікке қол жеткізуімен ерекшеленеді. Бұл сөзге дәлелді Георгидің мына мәліметінен көреміз: «...соңғы кезде қара сүйектен шыққандар күшейді. Олар өздеріне би, батыр деген лауазымды алып, сұлтан тұқымдарымен туысып, көптеген ауылдарға басшылық жасай бастады» [263 б., 5]. Әлеуметтік жіктелудің алғашқы бастамасы хандықтағы билік бөлінісі, бұл ру атақты адамдарының өкілдері би, батыр, мырза сияқты дала ақсүйектерінің биліктегі өз мүдделерін қалыптастыруда болып отыр.

Қорытындылай келгенде, әлеуметтік топтасудағы «ақсүйек» және «қарасүйек» деп жіктелу ерекшелігі қоғамның иерархиялы жүйесін сақтап, қоғамдағы әлеуметтік институттардың қызметі мен саяси-құқықтарын реттеп отырды. Зерттеулерде қарастырылғандай бұл институттардың тарихи маңызы хандық дәуірдің мызғымасдәстүрлі фундаментальды болғандығын көрсетті. Тек XV ғ. ортасы

13

– XVIII ғ. 30 жылдары өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінде қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрақты өз жұмысын атқарып, өмір сүрді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Тесленко А.Н., Сембина Ж.Ж., Аязбаева А.Т. Әлеуметтану: жаңа буынға арналған оқулық. –

Қарағанды: ЖШС «Medet Group», 2015. – 340 бет.

2.Михалева К.Ю., Полякова Н.Л. Концепция социального института в социологической теории//Вестник Моск. ун-та. сер. 18. Социология и политология. 2012. № 2

3.Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. В пяти томах. Т.1. 1984

4.Левшин А.И. Описание киргиз-казахьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М.К. Козыбаева). – Алматы, «Санат», 1996. – 656 стр.

5.Артықбаев Ж. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы: тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дисс. – Алматы, 1997. – 501 б.

ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ӨМІРДЕРЕГІ , ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛ ТУРАЛЫ АЙТЫЛҒАН ОЙ-ПІКІРЛЕР

Сисенова Динара,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Тарих» мамандығының 2 курс студенті, Орал қаласы, Ғылыми жетекшісі: профессор Сүлейменова Д.Д.

Н.Ә.Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық жаңғыру дегенұғымныңөзіұлттықсананыңкемелденуінбілдіреді. Оныңекіқырыбар. Біріншіден, ұлттықсана

–сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт - дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» - деуі [1] біздерге өткен тарихымызға тереңірек үңілуге, өткен дәуірдегі ойшылдарымыздың еңбектерін, атқарған қызметтерін зерттеп, зерделеуге және олардың тұжырымды ой – пікірлерін тәуелсіз еліміздің игілігіне жаратуға, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде басшылыққа алуға тиіспіз. Бүгінгі таңда бүкіл елімізде, қоғамдық – әлеуметтік, рухани өмірімізге көптеген игі жаңалықтар енгізіліп жатыр. Солардың ішінде ең бастысы

әрбір халықтың тарихына, тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне, әдет – ғұрпына, жалпы рухани мұрасына зор құрметпен қарау, жастарды осы бағытта тәрбиелеу мәселесі алдымызда тұрған баршамыздың ісіміз. Бүгінгі өткізіліп отырған «Фараби оқулары» осының бір дәлелі.

Әбу – Насыр әл-Фараби – дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы. ( арабша: «Муаллими соний») атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар (оны Қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған қаласында туылған) [2]. Ежелден-ақ Отырар қаласын мекен еткен түркі тектес тайпалардыңбарлығыдерлікбертінкелеқазақхалқыныңэтникалыққұрамынаенгенітарихтанбелгілі. Алайда, Әл – Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу осы тарихи негізге сүйенеді.[3] Жалпы алғанда Әл

Фарабиді Шығыс мәдениетінің іргетасын қалаған қайраткер деп айтуымызға болады.

ӘлФараби жасынан асқан зерек, ғылым – өнерге мейлінше құштар болып өскен. Ол алғашқы білімді туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алған. Ол өсе келе білімін толықтыру үшін өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад, Дамаск, Каир т.б шыһарларда ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркемсөз зергерлерімен танысады. Олардан тәлім – тәрбие алады. Әл – Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген жан. Ол ғылыми шығармаларын, өлең – жырларын өз дәуірінің рухани – ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.

Ғұлама – ғалым ретінде Әл – Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте – бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш 160, ал совет ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан – теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма деуге болады.

14

Сонымен қатар, Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандылықтың інжу маржаны», «Ғалымдардың шығуы» , «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «Риторика» , «Софистика», т.б) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты. Осы еңбектер арқылы біз ӘлФарабиді ұлы философ ретінде тани аламыз.

Ал Әл – Фарабидің әлеуметтік – қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» , «Бақытжолынсілтеу» , «Азаматтықсаясат», «Мемлекеттікқайраткерлердіңнақылсөздері» , «Бақытты жету жайында» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор. Себебі осы еңбектер арқылы Әл – Фарабидің ерекше мемлекеттік құрылым туралы ой – пікірлерін білуге болады. Ал, енді Фараби ұлы гуманист ретінде феодалдық соғыстарға, елжұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген құқығын қорғауға әрекет жасады.

Соныменқатар, Әбу – Насыр әл-Фараби әдебиеттеориясымен дежан– жақтышұғылданғанғалым. Әдебиет теориясы бойынша бірқатар сүбелі еңбектер жазғанын ғалым шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен біле аламыз. Мысалы, орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Уасайбианың ( 1203 – 1270) айтуы бойынша, әл - Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Қалом фи аш – шеьер ва ал – қафовий» ( «Өлең және ұйқас туралы сөз) деген шығармасы болған. Әл

– Фараби дәуірінде және одан кейінірек өмір сүрген бірқатар әдебиетшілер бұл еңбекті поэзия табиғатын зерттеудетеңдесі жоқтуынды деп жоғарыбағалағанымәлім. Өкінішкеорай, ұлығалымның бұл шығармасы әзірше табылған жоқ. Сондай – ақ Фараби еңбектерінің тізімінде оның «Өлең ырғағы туралы», «Ырғақ пен өлең туралы сөз» және «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері болған. Осы еңбектерді зерттеген ғалым өзбек ғалымы А.Ирисов. [4]

Фарабипоэтикадаекітүрліқұбылысбардепбіледі. Олардыңбірі– софистика, алекіншісі– еліктеу. Ғалым бұл екеуі төркіндес емес, қайта олар бір – біріне қайшы келетін ұғымдар, екеуінің мүддесі де екі түрлі екенін ерекше атап көрсетеді: «Софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады, сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды, ал оған қарама – қарсы еліктеуші тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді» - деген пікірлерін айтқан.

Осылайша, Әл – Фараби грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп сипаттайды, олар: трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, амфигенноссос (космогония), акустика. Әрине, бұл айтылғңан өлең формалары бүгінгі әдебиетке әбден орныққан әдеби жанрларға айналғанын білеміз.

Әбу Насыр әл – Фараби – өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Бұл жөнінде әл – Фараби замандастары және одан кейінірек өмір сүрген Шығыстың көрнекті ақындары, әдебииетшілері және тарихшылары көптеген мәліметтер жазып қалдырған. Мысалы, белгілі араб тарихшылары Ибн Аби Уасайбиан ( 1203 – 1270) және Ибн Халликон ( 1211 – 1282) өздерінің еңбектерінде әл – Фарабидің араб, парсы тіліндегі жазылған жырлары бізге дейін жеткен. Сөйтіп, ақыл – парасат пен оқу – ағарту ісінің жалынды күрескері болған Фараби зорлық – зомбылық атаулыға барынша қарсы шықты. Осы идеяны өз жырларына арқау етті. Ақынның гуманистік тұрғыдан айтылған ой – пікірлері бүгінгі оқырманды да таңдандырып сүйсіндірері хақ.

Фараби табиғатты танып білу мәселесіне материалистік тұрғыдан қарады. Ғұлама – ғалым, өнер менбілімқамқоршысы, озатойлыазаматдесектеФарабиөззаманыныңперзенті. Олдінніңқаратүнегі қаптап тұрған орта ғасырлық Шығыста өмір сүріп, еңбек етті. Орта ғасыр ғалымдары Әбу Насыр әл – Фараби туралы сол кездегі көптеген авторлар өздерінің ой – пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина ( 980 – 1037), тарихшы – ғалымдардан Захируддин әл – Байхақий ( 1169 жылы қайтыс болған), Жамолуддин ибн әл – Кифтий (1172 – 1248), Ибн Әби Уасайбиан ( 1203 -1270) , Ибн Халликон ( 1211 – 1282) сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Насыр әл – Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы – ғалым А.Ирисов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен.[5] Біз соның өзбек тілінен қазақшаға аударылған нұсқасын, оқырмандар қауымына ұсынып отырмыз.

Әбу Насыр әл – Фараби туралы ұлы ғұламалардың ой – пікірлеріне тоқталсақ:

Әбу Әли ибн Сина: «Мен мантиқ (логика), жаратылыстану және риезет (математика, геометрия) ғылымдарын жақсылап меңгердім. Сосын теологияны оқып үйренуге кіріскенімде Аристотельдің « Метафизика» кітабын оқыдым. Бірақ онда не жазылғанын оқып түсіне алмадым. Бұл кітапты жазған кісінің мақсаты маған құпия болып қала берді. Тіпті оны қырық рет қайталап оқып шықтым. Бұл

15

кітаптытіпті жаттаптаалдым. Бірақсоныңөзінде, менонытүсінеалмадым. Ақырыодан үмітімді үзіп, бұл түсінуге болмайтын кітап деген қорытындыға келуіме тура келді жеп жазады.

Біркүнібесіннамазыкезіндекітапсатушыларғабардым. Ондабірделдалбіркітаптықолынаұстап алып, мақтап тұр екен. Ол мені қасына шақырып, кітапты көрсетті. Сонда мен ғылымды білудің пайдасы жоқ деген оймен әлгіні жақтырмай, алмайтынымды айттым. Делдал маған: «бұл кітапты ал, бағасы арзан – үш дирхам, кітаптың иесі ақшаға мұқтаж» - деді. Осылайша кітапты мен сатып алдым. Қарасам, ол Әбу Насыр әлФарабидің Аристотельдің «Метафизика» кітабының мақсаты жайында жазылған шығармасы екен. Үйге келген бойда оны оқуға кірістім. « Метафизика» ойымда жатталып қалғанысебептісолсәтте– ақкітаптыңмазмұнынтүсініпалдым. Мұндайкітаптың табылғанынақатты қуанып, шүкіршілік жасап, ертеңіне – ақ кедейлерге біраз нәрсе садақа бердім –»деп жазады. [6]

Захируддин әл – Байхақий: Әбу Насырдың көп трактаттары болған. Мен Рай шаһары бастығының кітапханасынан бұл кісінің шығармаларын көрдім. Тағы бір жәйіт, көрген кітаптарымның көпшілігі Әбу Насырдың өз қолымен жазылған яки оның шәкірті Әбу Закария Яхия ибн Адидің қолымен көшірілген еді.

Ғұлама Әбу Насыр әл – Фараби айтқан екен: «Кімде – кім хикмет (философия, даналық) білімін оқып үйренуге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс.

Білімді - кәсіп, өнер етіп алмауы керек, әрі оны мал – дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет. Кімде – кім өзін-өз дәрежесінен жоғары көтермек болса, ондай адамның өсу жолына тосқауыл қойылады.

Жамолуддин ибнәл– Кифтий: Әбу Насыр әл– Фараби Мауараннахрдағытүрікшаһарларыныңбірі болған Фарабтан шыққан философ. Бұл кісі мұсылмандардан шығып, әлемге танылған данышпан саналады. Ол Иракка барып, Бағдад шаһарында тұрып қалады. Әбу Насыр бұл қалада хикмет білімін үйренеді. Осы жерде Әбу Насыр сол дәуірде теңдесі жоқ адам болып шығады. Логикаға қатысты кітаптарды зерттеу және оларға түсініктеме жазуда көп іс тындырады. Ол өз шығармаларында логикадан пайдалану үшін түсінікті сөз тіркестерін, астарлы меңзеу сөздер қолданылып отырды. Тіпті ол логиканы түсіндіру, үйрету және талдау жасаудағы әл – Киндий, тағы басқалар жіберген олқылықтардыда атап көрсете білген. Жамолуддин ибн әл – Кифтийдің айтуы бойынша Әбу Насыр әл

– Фараби - «Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру» туралы жазылған құнды кітабы бар екендігін айтады. [7]

Ибн Әби Уасайбиан: Фараби шынайы философ, терең білімді данышпан еді, философияға қатысты пәндерді толық игерген болатын. Ол риезиет (математика, геометрия) ғылымдарына жетік, білгір ірі ғұлама, мал – дүниемен ісі жоқ, қарапайым еді. Ол тағамға шыдамды, қанағаты мол жан болатын. Ол өзінің мінез – құлқы жағынан ежелгі дәуір философтарына ұқсайтын. Әбу Насыр тәуіпшіліктен де едәуір хабардар еді. Тәуіпшіліктің теориялық жағын жақсы білетін. Бірақ тәуіптік тәжірибиені іс жүзінде қолдану және оның ұсақ - түйек емін жасау ісін айтарлықтай терең меңгермеген болатын.

.....Елдің айтуына қарағанда, Әбу Насыр қозы жүрегі мен райхан шәрбатын өзіне тамақ еткен екен. Әбу Насыр алғашқы кезде қазы болып жұмыс істеген . Ғылым дүниесіне тереңірек бойлаған соң бұл жұмысты тастап, бар жан тәнімен білімін асыра түсуге кірісіп кетіпті, мал – дүниеге ешқашан қызықпаған. Әбу Насыр жарлы кісі еді, тіпті түні бойы ұйықтамай, шығарма жазумен айналысатын, - деп жазады өз шығармаларында. [8]

Ибн Халликон: Әбу Насыр Фараби логика, музыка және бұл екі пәннен басқа да бірнеше ғылым салаларына қатысты шығармалардың авторы болғанын, сондай – ақ ол мұсылмандардың ең ірі философы саналғаны туралы мәлімет береді.. Әбу Әли ибн Сина да Әл - Фарабидің кітаптарынан көп нәрсе үйренгенін, оның бірнеше тілді білгенін жазады.

Білімге құштар жандар Әбу Насырға тыным бермей, бірі келіп, бірі кетіп жатқан . Әл – Фараби жазған шығармаларын, еңбектерін үлкен дәптерге емес, жеке парақ қағаздарға жазып тастай берген. Сол үшін көпшілік шығармаларының жеке тараулары мен бөлімдері ғана бүгінге дейін сақталған.

Кеңес және шетел ғалымдары әл – Фараби шығармашыларын көптен бері зерттеп келеді. Ғұламаның мұрасын зерттеуді алғаш қолға алған кеңес ғалымдарының бірі академик В.В.Бартольд болды. Қазақстанда әл – Фарабидің еңбектерін зерттеу ісі негізінен 1960 жылдардан кең өріс алды деуге болады. Қазақ ССР Ғылым академиясы Фарабитанудың еліміздегі ғылыми орталығына айналды. Соңғы жылдары ұлы ғалымның философия, тарих,әдебиет, тіл білімі, жаратылыстану ғылымдары саласындағы еңбектері орыс, қазақ, өзбек, т.б. тілдерге көптеп аударыла бастады. Әл-Фарабидің сан салалы шығармашылығын жан – жақты зерттеп, оны ғылыми баспалар арқылы жариялау ісіне атсалысқан қазақстандықтар А.Машанов [9] А.Қасымжанов [10], А.Көбесов [11].

16

Қазақстандағы Ғылым академиясы 1975 жылы «Әл – Фараби және шығыс елдерінің мәдениеті мен ғылымының дамуы» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді. Бұл конференцияда көрнекті Кеңес ғалымдары сондай – ақ Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінен келген ғалымдар, бұл конференцияны, мейлінше жоғары бағалай келіп, ұлы ойшылдың ғылыми идеялары бүгінгі таңдағы прогрестік көзқарастарымен барынша ұштасып жатқандығын ерекше атап көрсетті [12].

Қазақстанда Әл-Фараби туралы сан алуан ғылыми мақалалар, көлемді зерттеулер, көркем шығармалар басылып шықты. Айталық, Қазақстанда соңғы сексен жыл ішінде орыс, қазақ және ССРО халықтары тілдерінде Әл-Фараби туралы 700 – дей , ал соның ішінде тек қазақ тілінде 300 – ден астам Әл – Фараби туралы ғылыми еңбектер жарияланды [13].

Қорыта айтқанда, IX – XII ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстанда Әбу Насыр Әл – Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан Бируни сияқты есімдері әлемге мәшһүр энциклопедист ғалымдар өмір сүрді [14]. Бұлар философия, логика, медицина, астрономия, математика, тарих, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б., ғылым салаларының дамуына қыруар мол үлес қосқан. Солардың ішінде оқшау болып тұрғаны Әл – Фараби тұлғасы [15].

Әдебиеттер:

1.Назарбаев.Н Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Астана, 2017

2.Келімбетов. Н Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы.1991

3.Әл – Фараби әлеуметтік – этникалық трактаттар. Алматы.1975

4.Ирисов.А.Форобий адиб. Тошкент.1975

5.Абу Насыр Форобий. Шеьер саньати. Тошкент, 1979

6.Әбу Әли ибн Сина шығармалар жинағы, III том. Алматы, 1972

7.Жамолуддин ибн әл – Кифтийдің шығармалар жинағы. Алматы, 1973

8.Ибн Әби Уасайбиан шығармалар жинағы. Алматы, 1978

9.Машанов А. Тоғыз жолдың торабында. — 2-т. Фараби зираты // Қазақ әдебиеті. — 1969. 18 қаңтар.

10.Көбесов А. Әл-Фарабидің ашылмаған әлемі. —Алматы. Санат, 2002. —

11.Қасымжанов А. Абу Насыр аль-Фараби.Алматы. 1982

12.Ақжан әл-Машани. Әл-Фараби көпірі. Алматы. Алатау баспасы,1983

13.Х.Сүйіншәлиевтің ,Әл-Фараби — әдебиетші. Алматы.1975

14.Төреқұлов Н. Әл-Фарабидің әдеби мұрасы. Алматы.1975

15.Бурабаев М. Аль-Фараби и разные науки и культуры стран Востока. – Алматы.1975

ҰЛЫ ТҮРКІ ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Исахов Ердәулет,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 5В020300-Тарих мамандығының 4 курс студенті, Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Кәрібаев Б.Б.

VI ғасырдың ортасында қалыптасқан Ұлы Түркі қағанатының қалыптасу ерекшеліктерінің негізінде өркениеттілік проблемасы және дәстүрлі методологиялық бағыттардың аясында баяндама такырыбын козғай отырып, көшпенді мемлекеттің империялық дәрежеде болуын анықтау болып табылады. Осығансайб.зXIII ғасырдыңбасындақұрылғанМоңғолимпериясынимпериялықдәрежеде отандық және шетелдік тарихнамада қарастырылса, Түркі қағанатын империялық дәрежесі ретінде қалыптасуының тарихи-этникалық, тарихи-саяси, әлеуметтік жағдайларды талдай отырып, көшпенді империялардың арасындағы ұлы державалық дәрежеде және өзіндік ерекшелеіктері бар өркениеттілік деңгейі болғандығын көрсету өзектілік деңгейін арттырады. Сонымен бірге тек түркілердің тарихын ғана емес жалпы қазақ тарихындағы диффузиянистік және функционализмдік сынды дәстүрлі методологиялық бағыттардың кең түрде қолдану арқылы тек жалпы тарихи оқиғаларды ғана емес, жекелеген тарихи оқиғалардың өзара байланыстық дәрежесін уақыттық кеңістік, географиялықтерриториялық негіздерді көрсете отырып, салыстырмалы анализ жасап сол оқиғаның қозғаушы күшініңбелгілібірәрекеттергебайланыстыалғышарттарымен себептерін, негізгімәніменмағынасын айқындалуда зор мүмкіндік береді. Оның үстіне Түркі мемлекетінің пайда болуы келешектегі Қазақ хандығының қалыптасуына да аздап түрткі болды яғни этникалық фактор ретінде де атауға болады. Яғни бұнда өзектілік деңгейінің маңызын жоғарлату мақсатында арнайы диаграммалық жүйе қалыптастыруы, ондағы Түркі қағанаты, Қазақ хандығы тіпті Ко Гу Ре елдерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктері және даму барысындағы әр түрлі аспектілердің аясында салыстырмалы талдау жүргізілді. Атапайтқанда, жоғарыдакөрсетілгендейМұқанқағанжәнеКуангетоимператорыарасында жеке тарихи тұлғалық салыстырулардың жасалуы ондағы ұқсастық белгілерінің болуы айқындалды. Ұлы Түркі қағанатының құрылу қарсаңындағы этникалық топтардың яғни олардың қатарына теле,

17

түркі тайпалардың этногенезін қарастырып, мемлекет ретінде құрылуындағы саяси-этниқалық тұрғыдағы рольін көрсетіп тарихи маңызы нақтыланды. Бесіншіден, аталған мәселелердің барлығын теориялық-методологиялық проблемалық тұрғыда, эволюциянизмдік тұрғыдан ғана емес, басқаша түрдегі диффузиянистік, функционалистік негізде қарастырып, диффузиянистік методологиясы арқылы, түркілердің мәдениеттілік элементтері таралуын нақтыланса, функционалистік негіздегі қажеттіліктер теориясын алға тартып, түркілердің біріктіруіндегі мен жеке мемлекетін қалыптастырыуындағы жужандардан бостандық алуы мен тәуелсіз мемлекет құру қажеттілігі қарастырылды. Осы тұрғыда дисфункция және функция әдістерді қолдана отырып Бумын қағанның жекелеген әрекеттерінің саяси-стратегиялық тұрғыдағы рольінің маңызын айқындады. Сонымен бірге, Бумынның жүргізген сыртқы саясатының тәжірбиелігінің дәрежесі жоғарғы деңгейде болғандығын айқындады. Атап айтқанда Батыс Вэй империясымен байланыс орнату арқылы қытайлық династиялар арасында алауыздықты тудырту арқылы, өзіндік сыртқы қолдауды қалыптастырды. Бұны функциялық яғни дұрыс бағытта жүргізген әрекеттердің бірі болып саналады. Ал дисфункциялық деңгейі қытайлықтар мен жужандардың тарапынан болуы түркілердің ортақ бірігуіне әкеліп соқты. Келесі кезекте Түркі империясының империялық дәрежеде көтерілуі Мұқан қағанмен байланысты, яғни сыртқы саясатты нақтылап жаулаушылық жорықтар ұйымдастырылуының арқасында бірнеше қытайлық династиялар алым-салық төленсе, негізгі қарсыластары жужандарды толықтай талқандады. Осыған сай 552 жылы Түркі қағанаты жарияланғаны көптеген жылдарға созылған, саяси-этникалық бірігу процессінің, экономикалық кеңістіктің тиімділігі аса зор әсерін тигізді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Рахманалиев Р. Империя тюрков. Великая цивилизация. - М., 2009. - 742 с.

2.Зарубежная тюркология - М., 1983.

3.Каиржанов А. Мир древних тюрков. - Алматы, 1999. - 280 с.

4.Сүңғатай С. Еженханүлы Б. Тарихи-мәдени жәдігерлер. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. 2 том.

Алматы, 2005. - 80 б.

5.Гумилев Л.Н. Древние тюрки. - М., 1993. - 514 с.

ӨЗБЕК ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ РЕФОРМАЛАРЫ

Өзенбек Еркебұлан,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 5В020300-тарих мамандығының 1-курс студенті, ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Кәрібаев Б.Б.

Қоғамымыздыңболашағы– білімбиігіне, ғибраттығылымға, өнімдіеңбеккеталпыну. Жасұрпаққа патриоттық тәрбие беруде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласыныңмаңызызор. Елбасы тарихтаойып тұрып орын алатын адамдар құрметіне «Ұлы даланың ұлыесімдері» аттыоқу-ағартуэнциклопедиялықсаябағынашудыұсынады. Міне, осыорайдамемлекет басшысының ұсынып отырған мақаланың бір бағыты «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы Дала тұлғалары» сынды жобалары аясында біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің мол қазынасы әрі «Ұлы Даланың ұлы тұлғасы» және бүгінде аты аңызға айналған Өзбек хан туралы әрбір жас оқуға тиіс 100 кітаптың бірі ретінде дәріптеліп, тәлім-тәрбиесі мол деп есептеуге болады.

Осыған орай, жұмысымызда қазіргі Қазақстан территориясында, яғни, тарихта кезінде XIII-ХІҮ ғасырларда Алтын Орданы билеген Өзбек ханы туралы және оның реформалары жайлы тарихын қарастырдық.

Мұхаммед Сұлтан Өзбек хан (шамамен 1280 – 1342) – Алтын Орда ханы (1313–1342). Бату хан әулетінен, Мөңке-Темірдің немересі. Алтын Орда билігіне Тоқта хан өлген соң билікке жақын сұлтандардың көмегімен келді.

Өзбек хан исламды екінші рет Алтын Орда империясының мемлекеттік діні деп жариялады. Ол өз патшалығының аумағында мешіттер мен медреселерді көптеп салдырды. Ұлы Жібек жолының саудасаттығындамытты. БатысЕуропадан– ОрталықАзияарқылыҚытай, Үндістан, Египеткедейінүздіксіз сауда керуендері жүріп жатты.

Өзбек хан билеген тұста Алтын Орда мемлекетінде елеулі өзгерістер болды. Алтын Ордада ислам ресми дін болды. Өзбек ханның Шыңғыс хан ұрпақтарынан ислам дініне кіргісі келмегендерін аяусыз жазалағаны туралы мәліметтер кездеседі. Қазіргі кейбір тарихшылар Шыңғыс өкілдері мен нояндарыныңОрдаданМәскеукняздарынақызметкекөптепкетуіносыоқиғаларменбайланыстырады. Ол билік құрған кезеңде Алтын Орда нағыз өрлеу кезеңін бастан кешті, оның саяси-әскери қуаты мен

18

экономикалық дамуы шарықтау шегіне жетті. Бұл өрлеуді қалалардың өсуінен, халықаралық қатынастар мен сыртқы сауданың, мәдениеттің дамуынан көруге болады. Алтын Орданың екінші астанасы – Сарай әл-Жадид гүлденіп, жаңа құрылыстар жүрді. Өзбек хан бұйрығымен Еділ, Қырым бойындағы, Хорезмдегі қалаларда мешіт-медреселер, түрлі сарайлар салынды. Оның тұсында Алтын Ордаға бағынышты орыс князьдіктерінің ішінде Мәскеу ерекше күшейді. Өзбек хан Ұлы Владимир князьдігі үшін болған күресте Мәскеу князьдарына қолдау көрсетті. Өзінен бұрынғы хандар сияқты Өзбек хан да Русьтегі православие дінін қудалаған жоқ, қайта олардың барлық жеңілдіктерін сақтады. Алтын Орданың мәмлүктер билеген Египетпен сауда, мәдени, дипломатиялық байланысын жандандырды. 1319 ж., 1335 ж. ХулагуиелігіндегіӘзербайжанғаекіретжорықжасады. Өзбекхан1330 ж. Ақ Орда хандарының бұрынғы тәуелді кезін қалпына келтіру үшін Мүбәрәк қожамен соғысып, ұлы Тыныбекті Сығанақ қаласында хан тағына отырғызды. Өзбек хан өлген соң Алтын Орда тағына ұлы Жәнібек отырды (1).

Өзбек ханның мұсылман болуымен Алтын Орда халқы мұсылманданып, «өзбек» атын алды. Ал «ноян» атағы«би» атағыменалмастырылды. Алтын Орданың исламдануыныңеңайқынкөрінісі Өзбек ханның астананы Сарай Батудан Сарай Беркеге алмастыруы болды.

Өзбек ханның Ислам дінін қабылдауы мемлекеттік дәрежеге көтерілді. Өзбек хан тұсында бір орталықтан басқарылу жүйесі енгізіледі. Өзбек хан жүргізген исламдану кезеңінде Алтын Орда халқы тоқсан руғабөлінді. Әрбір руғабір шейх «би» ретіндетағайындалды. Олби рудың исламдануынажәне ру ішіндегі дауларға жауапты болды. Билер өздері жауапты румен ешқандай туыстық қатынасы болмағандықтан, олар әділ төрелік айтатын адамдар ретінде таныла бастады. Уақыт өте келе Алтын Орда халқы «тоқсан баулы өзбек» деп атала бастады. Ал әрбір рудың билері сол рулардың ұранына айналды. Бұл ұрандар кезінде Өзбек хан тарапынан тағайындалған және сол рулардың Ислам дінін қабылдауына себепкер болған, сондай-ақ өздерінің тура сөзі, көрегенділігімен халықтың санасында қалып қойған би-қожалардың аттары болса керек.

Өзбек ханның Алтын Ордадағы 30 жылдық билігі тұсында зерттеушілердің пікірлері бойынша бірнеше маңызды мәселелер шешімін табады: 1) Өзбек хан бір орталықтан басқарылатын мықты аппараты бар мемлекеттік жүйені қалыптастырды, Жошы ұрпақтары басқаратын Ұлыстардың дербестіктерін жойды; 2) Алтын Орда өз дәуіріндегі ең қуатты мемлекетке айналды; 3) ислам діні түпкілікті және толығымен Қыпшақ даласында жеңіске жетті; 4) қыпшақтар арасында монғолдық элементтердің сіңісуі аяқталады.

АлтынОрдатағынаТоқтаныңнемерелесінісі(МеңгуТемірдіңнемересі) Өзбекханотырады. Өзбек ханныңтақтықалайиеленгенітуралыдеректерәрқилы. КейбірзерттеушілерӨзбектітаққаотырғызған сол кездегі беделді нояндардың бірі Құтылық Темір болған деп есептейді. Тіпті, Құтылық Темір Өзбекті таққа алып келу үшін заңды мұрагер, Тоқта ханның ұлы Елбасмышты құпия түрде өлтіртеді. Өзбек хан да Құтылық Темірдің өзіне сіңірген еңбегін жауапсыз қалдырмай, оған Хорезм аймағын басқаруға береді.

Өзбек хан Алтын Ордада ислам дінін таратуға күш салды. Сарай маңындағы, ел арасындағы бақсылар мен будда ламаларының құқығы күрт шектелді. Италиялық саудагерлер тұратын Қырымда христиан шіркеулерінің қоңырау соғуына тиым салынды. Мысыр сұлтаны әл-Мәлік ән-Насырға жолдаған хатында ол “өз елінде кәпірлердің өте аз қалғаны” туралы жазады. Мысыр мәмлүктері мен Алтын Орда арасындағы достық қарым-қатынас Өзбек хан тұсында бұрынғыдан да беки түскен. Бірақ, кейін екі ел арасындағы достыққа аяқ астынан сызат түседі. Бәріне кінәлі Мысыр билеушісі Насыр сұлтан еді... Насыр сұлтан Алтын Орда ханымен арадағы достықты бекіту мақсатымен Өзбек ханның қызына үйлену ниетін сездіреді. Ұзақ ойланған Алтын Орда билеушісі өзінің Тұлынбай есімді қызын Мысырға аттандырады. Тұлынбай ханымның Мысыр билеушісі сарайындағы өмірі аса бақытты болмапты. КөшпелілераруыМысыржеріндеқұсалықпенкөзжұмыпты. БұлоқиғаныестігенӨзбекхан Мысыр әміршісіне екі рет (1332 және 1335 жылдар) елші аттандырып қызының өліміне ашу-ызасын білдіреді. Өз қызының өтемі ретінде Насыр сұлтанның қызын беруін талап етеді. Бірақ Насыр сұлтан өз қыздарының әлі кәмілетке толмағанын сылтау етіп, Алтын Орда әміршісінің талабын орындаудан бас тартыпты. Осы оқиғадан соң екі ел арасындағы қарым-қатынас салқындай бастаған. Кейбір деректерге қарағанда, Өзбек хан Әзербайжан аумағы үшін Илхандар патшалығымен соғыс жүргізгенімен көздеген мақсатына жете алмаған. Өзбек ханның 1324 жылғы Болгария-Византия, 1330 жылғы Болгария-Сербия таластарына араласуы да еш нәтиже бермепті. Оның есесіне, Алтын Орда билеушісі славян князьдіктерінің арасындағы қарым-қатынастарға біршама өзгерістер енгізеді.

Славян князьдері Алтын Орда ханынан “Владимирдің ұлы князі” лауазымын алу үшін өзара бәсекеге түсетінді. Өзбек хан билігі кезінде, әсіресе, Тверь князі Михаил мен Мәскеу князі Юрий арасындағы бақталастық өршіп кетеді. Алтын Орда ханы Юрийге іш тартады, тіпті, оған қарындасы

19

Қоншақты ұзатқан. Алтын Орда ханына арқа сүйеген Юрий жанына әйелі Қоншақты ертіп, шағын жасақпен Тверь князьдігін аралап қайтуға шығады. Осы сапар кезінде тверьліктер бүлік жасап, Юрийдің жасақтарына тап береді. Келте ұрыс кезінде Өзбек ханның қарындасы Қоншақ қаза тапқан, Юрийдің өзі әзер қашып құтылған. Бұл хабарды естіген Өзбек хан Тверьге қалың қол аттандырып, жергілікті халықты қырғынға ұшыратады. Жазадан Юрий де қашып құтылмайды. Алтын Орда билеушісі Юрийден “ұлы князь” лауазымын қайтып алып, бұл атақты Суздаль князі Александрға береді. Төрт жыл өткен соң бұл лауазым Мәскеудің жаңа князі Қалталы Иванға (Иван І-ге) көшеді. Қалталы Иван өте қу адам болыпты. Ол Алтын Орда ханының сарайына қайта-қайта мол сыйсияпатпен келгіштеп жүріп өз князьдігінің мәртебесін көтеріп алады. Тіпті, өзінің лауазымын “Мәскеудің және бүкіл Русьтің ұлы князі” деп атауды дәстүрге айналдырады. Өзбек хан Қалталы Иванға сеніммен қараған. Сірә, Алтын Орда ханының Мәскеу князіне мұндай жақсы қарымқатынасына Өзбек ханның сүйікті әйелі Тайдула ықпал етуі де мүмкін. Өзін жазылмастай көрінген көз сырқатынан емдеп жазған Владимирдегі славян правословие шіркеуінің патриархына Тайдуланың алғысы шексіз болған шығар. Осы жағдайды пайдаланған Қалталы Иван Алтын Орда билеушісінен Владимирдегі славян правословие шіркеуінің Мәскеуге қоныс аударуына рұқсат алады, қарауындағы халықтанханордасынатиесілісалықтыдаөзіжинап, ордағаәкеліпберуқұқығынаиеболады. Қалталы Иван, шын мәнінде, салықты әдеттегі мөлшерден көп жинаған. Мәскеу князінің өз қазынасында қалатын салық мөлшері де тіпті аз болмайтын. Міне, осы қазына бірте-бірте Мәскеу князьдігінің өркендеуіне, өзге князьдіктер жерін сатып алу арқылы “бүкіл Русь жерінің бірігуіне” бастау болды.

ӨзбекханбилігікезіндеАлтынОрданыңжаңаастанасыБеркесарайғаЕуропаелдерінендеелшілер жиі келіпті. Мысалға, 1339 жылы Өзбек хан Франция королі Бенуа ХІІ-нің елшісі Жан де Мариньолиді қабылдап, оғанарғымақсыйлайды. Ал, МысырелшісіибнБаттутаӨзбекхансарайыныңсән-салтанаты туралы тамсана жазады. Әсіресе, оның жазбаларында “ұлы ханым Тайдуланың” асқан сұлулығы өте әсерлі суреттелген. Өзбек ханның жаз айларында Солтүстік Кавказ өңіріндегі жайлауына көшетіні, ораза айтын хан ордасында өте салтанатты жағдайда өткізетіні, т.б. деректер осы саяхатшы жолжазбасында жазылып қалған. Өзбек хан 1342 жылы қайтыс болған. Басқа кез келген мемлекеттің тарихындағы сияқты, Алтын Орданың тарихында да әр түрлі аумалы-текпелі бұлғақ кезеңдер, жұрт берекесі кеткен дәуірлер болған. Жошы ұлысы монғолдарының өздерінің арасындағы ішкі таластартыстар сонау XIII ғасырдың аяғында-ақ басталған болатын. XIV ғасыр басында сәл-пәл толас алды да, 1312 жылыТоқтайханөлгенсоңолталас-тартысқайтакүшейетүсті. Өлгенханныңөсиетібойынша оның тағына өз ұлы Елбасар отыруға тиісті еді. Бірақ билік басындағы би-сұлтандардың көпшілігі бірауыздан Өзбек ханзаданы хан етпек болды да, ақыры Елбасардың жақтастарын құрта отырып, соны таққа отырғызды.

Өзбек ханның замандастары мұсылман авторлары жазбаларында оның сырт көркі келісті, мінезі жайсаң, жаужүрекқайсарлығыменкөзгетүскен, алыстыболжайтынкөреген, Шыңғысханның заңдары мен жарғыларына (йаса ва йусун) ізетпен қарайтын әмірші деп сипаттайды. Өзбек хан монғол жене түркітілдерін білген. Өзбекханбилеген(1313-1341) кезеңдеАлтынОрдамемлекетініңөміріндеелеулі өзгерістер болады. Бәрін тәптіштеп тізіп жатпай-ақ, бұл жерде оларға себепші болған үш жағдайға тоқталуға болады:

1.1321 жылы Өзбек хан ислам дінін қабылдап, мұсылманша Мұхаммед деген ат алды да, Сұлтан Мұхаммед Өзбек хан атына ие болып, ислам дінін Алтын Орда мемлекетінің ресми діні етті.

2.Өзбек хан билік құрған кезеңдегі 1335 жылғы Алтын Орда оқиғаларын суреттеген мұсылман авторларының жазбаларында өзбекий-ан (өзбектік, өзбектіктер) сөзі мен мемлекети өзбек (өзбектіктер мемлекеті) сияқты сөз тіркесі алғаш рет қолданыла бастады. Бірте-бірте Алтын Орданың мұсылман әміршісі Өзбек хан есімі Жошы ұлысының әр түрлі тайпалы тұрғындарының жинақтама атына айнала бастады.

3.Өзбек хан билеген уақытта хандық билік күшейе түсті, саяси орталықтану жолға койылып, жаңа қалалар, оның ішінде Алтын Орда мемлекетінің екінші астанасы болған Сарай әл-Жадид салынды. Мұсылман-сүннет Өзбек ханның өзі де сол 1395 жылы Әмір Темір (Орта Азияны 1370-1405 жылдары билеген) әскері тас-талқан етіп қиратқан Сарай әл-Жадид қаласында жерленеді.

Қорыта айтқанда, Өзбек ханның Алтын Орда тарихындағы оның атқарған қызметі орасан зор, тіпті оның билік еткен кезеңін Жошы ұлысының «алтын ғасыры» деп атауға болады. Ол, ең алдымен, исламды мемлекет дін ретінде бекітті және экономикалық саясат нәтижесінде ақша реформаларын жүргізіп, ірі экономикалық маңызы бар қала орталықтарын дамытты. Сондай-ақ, Еуропа мен Таяу Шығыста сыртқы саясатын аса тиімді жүргізе отырып, Алтын Орданың Батыс пен Шығыстағы саясидипломатиялық байланыстарын нығайта түсті. Зерттеушілер бір ауыздан Өзбек хан билігі кезінде Алтын Орда мемлекетінің күш-қуаты артып, дамуының шарықтау шегіне жеткенін мойындайды.

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]