Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

рассматривать:интерес к ценностной проблематике в социологии обусловлен несколькими причины и также 3 ценности. Формирование в процессе социализации ценностных ориентаций казахстанской молодежи является одной из главных проблем, целей и направлений молодежной политики.Что дает сейчас молодежь,какую роль играеть и что мы должны достич чтобы стали мегаполисом.Что такоеПатриотизм? Патриотизм – это чувство, понятное и присущее каждому разумному человеку. Он является нравственной категорией, неотъемлемой от индивидуальных и гражданских качеств личности. Патриотизм – нравственный и политический принцип, социальное чувство,содержанием которого является любовь к отечеству. Владимир Даль трактовал патриотизмкак «любовь к отчизне». Без глубокого чувства любви к своей стране, подлинногопатриотизма нет настоящего гражданина, настоящего человека. Существуют различные определения понятию патриотизма. Толковый словарь русского языка С. И. Ожегова понятию патриотизм дает следующее определение: «Патриотизм – преданность и любовь к своему отечеству, к своему народу. В настоящее время, выработана новая национальная идея в Казахстане « Мәңгілік ел», это новый казахстанский патриотизм. В «Плане нации - 100 шагов по реализации пяти институциональных реформ», 85 и 89 шаги посвящены идее Мәңгілік Ел в виде задачи по созданию проекта патриотического акта и задачи внедрения ценностей Мәңгілік Ел в действующие учебные программы школьного образования. Идею Мәңгілік Ел в достаточно расширенном варианте президент Назарбаев озвучил в своем Послании народу Казахстана «Стратегия "Казахстан-2050" Дляэтоговцеляхобеспеченияжизнедеятельноститакойсложнойсистемыкакнация необходимо сформировать через возрождение национального мировоззрения, духовных истоков, составляющих сущность самобытной истории и культуры, присущее данному обществу историческое сознание; рассмотрение идейно-философских/идеологических основ идеи. С учетом процессов, происходящих в мире, это означает высокую вероятность того, что новые поколения прагматиков будут вынуждены продолжить трансформации казахстанского общества в прозападном направлении.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ

Махатова Аружан,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Тарих факультетінің 2 к. студенті, Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор, Дүкенбаева З.О.

Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазақ ұлтының болашағына, жастарына тікелей қатысты. Мемлекет басшысы өзінің барлық үндеулерінде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге және олардың өз елінің тарихын ұмытпауға ерекше көңіл бөлу керектігін айтады. Қазіргі таңда жастар көбіне жаңа технологияларға әуестеніп немесе басқа елдердің мәдениетіне қызығып, өз жеріндегі ұлы ата-бабаларымыз қалдырған тарихты ұмытуда.

Біздің тарихымыз өте кең және оның бастамасы сонау адамдардың ой-қабілетінің даму кезеңінен бастау алып,әрі қарай дамыды. Батыс және Шығыс елдері қазіргі мәдени жетістіктерді бізден шықты десе, соңғы 50 жылда табылып, 10 жылда нақты фактілермен дәлелденген археологиялық табыстар, керісінше барлық жетістіктердің осы ұлы дала жерінде бастау алғанын айтады. Д.И. Менделеевтің жасаған кестесінің 99 элементі табылған қазақ жері,өзінің әшекей-бұйымдарымен, табылған кент орындарымен, бай архитектуралық кесенелері және өзінің табиғатымен мақтана алады. Н.Ә. Назарбаевтың бұл мақаласында адамзатқа Қазақстан даласының сыйлаған жеті затын көрсетеді:

1.Атқа міну мәдениетіол ұлы дала жерінде көшпелі түрлі этникалық халықтардан тарағаны белгілі. Ата-бабаларымыздыңбұл жетістігі,алдағыуақыттағыадамзаттың шаруашылыққажәнеәскери бағытқа прогрессивті рөл әкелді.

2.Ұлы даладағы ежелгі металлургияжоғары да айта кеткендей қазақ жері түрлі металлға өте бай.Бұған дәлел археологияқыл қазба барысындағы әшекей-бұйым, қару-жарақ, тіпті «Алтын адам» үстінде ерекше жасалған киімі, әдемі оюланған қару-жарағын айтуға болады.

3.Аң стилібізге ертеден-ақ ата-бабаларымыздың жерге, отқа табынғандығы,табиғатпен жануарларға ерекше мифологиялық көзқарас болғандығы белгілі. Бұл ата-бабаларымыздың сонау кезден-ақ кескіндеуді,металлмен озық түрде пайдаланғанын, фантазиялардың жарқын дамығандығын дәлелдейді.

4.Алтын адам1969 жылы Есік қаласында табылған, бұл қазба әлемге біздің бай тарихымызды танытты. Сонымен қоса тарихшылар алдына қойған сұрақтардың бетін ашты.Қазіргі таңда да «Алтын

51

адам» ескерткіші әлемдік қызығушылыққа ие,ол өзінің аса жоғарғы деңгейде жасалған көркемдігімен және сол кездегі бабаларымыздың асқан шеберлігін көрсетті.

5.Түркі әлемнің бесігі-әлемдік тарихта ерекше орын алған,шет елдердегі ғалымдардың қызығушылығына, пікіріне ие түркі дүниесі.Тарихты түбегейлі өзгерткен,тарихты қалыптастырған түркі әлемінің бесігі ол-Ұлы Қазақ жері.

6.Ұлы Жібек жолыкең байтақ Қазақстанның географиялық орналасу орныда ерекше.Батысқа жол ашатын,Солтүстікпен Оңтүстікті байланыстыратын-Ұлы Жібек жолы ,сауда мен елдер ішіндегі экономиканы дамытты.

7.Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны-табиғаты бай, жемісі шырынды, гүлдері жұпарлы қазақ даласының байлығы.Аяулы жерімде алма мен қызғалдақтың Алатау баурайында тұқымын шығарып, бүкіл әлемге өз тамырын жайғаны дәлелденген.

Кіндік қаны тамған өлкесінің тарихын білмей, жастар өз болашағын құра алмайды. Біздің болашағымыз,біздің өткенімізбен тығыз байланысты.Өскелең ұрпақ біздің ата-бабаларымыздың жас ұрпаққа қандай мұра қалдырғанын біліп, болашақта адамзат мәдениетінің Ұлы Қазақ жерінде бастау алғанын әлемге танытып, әрі қарай еліміздің жетістіктерінің дамуына өз үлестерін қосу керек деп санаймын.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ САЯСИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

Ыбрай Ақбота, Бақтығали Жарқынай,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің 2 курс студенттері, ғылыми жетекшісі: т.ғ.д ,профессор Дүкенбаева З.О.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы даланың тарихымен таныстырып, руханиятты сақтауға арналған алты жоба ұсынылып отыр. Тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр көлемінде үшінші мәрте тарихымызды түгендейтін бағыт-бағдар алып отырмыз.

«Мәдени мұра» – ақтаңдақтарды қалпына келтіріп, өшкенімізді жандырса, «Рухани жаңғыру» – ұлттарихынтаныстыратындаңғылболды. Алмына «Ұлыдаланыңжетіқыры» – ұрпақтармақтанатын, арғы тектерін әлемге батыл әрі айқын насихаттайтын төлқұжат. Енді осы мақаланы алға ұстай отырып, Қазақстан тарихын тереңдетіп қайта жазуға болады. Кеңестік тоталитарлық жүйеде бізге ұлықтар мен байларды жаман етіп көрсетіп, батырларымызды балағаттап, арғы тегімізді теріс етіп оқытты. Егемен ел болып, ес жиғалы ғана өткенімізді түгендеп, тегімізді танып келеміз. Осы бабалардыіздеументектанубарысындажіберіпжатқанқателіктеріміздебаршылық. Әрруөзбабасын батыр етіп көрсетіп, өз атасын ақылман деп, ақсүйек пен қарасүйекке, қожа мен қараға бөліне бастағанымыздашындық. ЕндіМемлекетбасшысыайтқандай: «тарихисананыжаңғыртып, көтерілген мәселелерді ой елегінен өткізіп, терең зерделеу қажет». Әлемнің бүкіл архивтеріндегі өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатқан шындықтарға із салу керек. Соған жол бастайтын «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы болмақ. Мақаланың алғашқы жеті тарауында бабаларымыздың өз заманында жеткенжетістіктеріментехнологиялықжаңалықтарынжіліктептүсіндіріп, құймақұлаққақұйып, көкірегінде көзі барға көрсетіп, бүгінгінің саналы ұрпағына ұқтырып отыр. Ең аяғы, Сиверс алмасы мен Регель қызғалдағының тарихи Отаны Қазақстан екенін дәлелдейді. Қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап кейінгіге үйрету ұрпақтарының парызы. Ашқан жаңалықтарын, жеткен жетістіктерін кейінгіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Елбасымыз Түркі әлемінің бесігі – Тәуелсіз Қазақстанның жастарына «Жастар жылын» жариялай отырып, шыққан тектерімен таныстырған мақала жолдап отыр Ал осыны оқыған ұрпақ төл тарихын білуге ұмтылып, тарихи санасы жаңғырып, мақалада айтылған керемет идеяларды қолға алып, жобаларға атсалысатынына сенеміз. «Ұлы дала есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік фильмдер шығарып тарату ұлтымыздың қаһармандарын өз еліміздеғананасихаттамай, шетелдергедешығарып, әлемхалқыментаныстырады. Келерұрпақөзінің арғы тегіндегі ұлт батырларын үлгі тұтып өсетін болады. Абылай хан – 1711жылы дүниеге келген, азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр, атасы Түркістанды билеген қатігездігіне байланысты «қанішер Абылай» лақап аты болған. Абылай жастайынан өжеттігімен әрі зеректігімен танылады, 22 жасында жоңғармен шайқаста батыры Шарышты өлтіреді, сол шайқасқа ұрандап «Абылайлап» шабады. Ол кішкентай кезінде өз тегін жасыруға мәжбүр болса, 1741-1743жылдары жоңғар тұтқынында болып келген, бұдан байқайтынымыз тағдырдың һзі оны болашақ қызметіне дайындаған

52

тәрізді. Абылай – қазақ ордасының басын біріктірген алғашқы хан. Оның билікке келген тұсы, Қазақ хандығының«еңбіраласапыранкезеңі» депатасақартықтықетпейді. Себебі, осыкезгедейінсозылған халықты әбден қалжыратқан жоңғар шапқыншылығы, солтүстікте қитұрқы саясатымен біртіндеп хандықтыбағындырыпкележатқанпатшаүкіметіболса, оңтүстік-шығыстажетісуғакөзтікккенҚытай империясы тұрды, оңтүстік қалаларға шабуылдап тұратын қырғыз манаптары тағы бар. Осы күрделі де, күрмеуі қиын тығырықтан қалай шығу керек? Бұл мәселелерге Абылай таққа отырмай тұрып ойланғаны айдан анық. одан алдын билікте болған Әбілмәмбет ханнан ықпалы да, беделі де жоғары болғанмен, қазақтың атадан жалғасқан тәрбиесінен ары аспаған. Егер ол қаласа, билікті алуы қиын емес болатын, әрі оны қолдаушы беделді топтар да аз емес.

Бірақ, Абылайдың өз кезегімен таққа отыруы оның тағы да тектілігімен, көрегенділігінің айқын мысалы болып табылады. Ол өзінің саясатында өзіне дейін болмаған, кейін де кездесе қоймаған билік үлгісін қалдырды. Дипломатиялық саясатта ол 1740жылы Ресей бодандығын Әбілмәмбет ханмен бірге Ресей бодандығын қабылдаған, оның басқа жолы да болмаған еді. Себебі, Кіші жүзден уәде алып үлгерген патша үкіметі бейбіт жолмен болмаса, қару күшімен болсын Қазақ хандығын қаратуға күші жететін еді. Алып империяға адам шығынын енгізбей мойындау тек жалғыз жол болатын. Бірақ, Абылай орыс ханының алдына барып ешқашан да тізе бүкпеген, мақтау грамоталарын алуға да түрлі себептерді сылтауратып қалып қоятын болған. Ал, Қытаймен саясатта оқиғаның ушығуына «жоңғар қонтайшысын Абылайға жасырып отыр», деген қауесетпен, осы оқиғаны себеп етеді. А.И.Левшин «Абылайды нағыз дарынды стратег ретінде көрсетеді, себебі екі мемлекет бодандығын қабылдағынымен әс жүзінде дербес саясатын орнатқан» деп көрсетеді. Сондықтан Абылай оңтүстік аймақтағы жерлердің сақталуы үшін Қытай империясының билігін мойындайтыны туралы жазба жібереді. Абылай хан қырғыздарға қарсы да 3 рет, шабуылға шығады, Еділ қалмақтарымен оқиғада да, «Шаңды жорықта» өз қолбасшылық қасиетімен танылады. Абылай хан мемлекет халқының экономикалық жағдайының да көтерілуіне біраз жаңалықтар енгізеді: сауада керуедеры мен сауда жәрмеңкелерін өткізуге рұқсат алады, әрі қазақ жерінде дамымаған сала егіншілікке де көңіл бөледі. Оның көріпкелдік қасиеті де болған, қазақтың қазіргі күйін де сезіп кеткен, «білектін емес білімнің заманы болады» деген, әрі өзінің күй шығару өнері де болған. Атап айта берсең, Абылай ханның қасиеттерітізбектеліпкетебереді. Оныңқайталанбастұлғаәріфеноменекендігібәрімізгемәлім. Әрбір қазақ оны құрметтеп, жадында сақтауы тиіс, әрі ұрпаққа жеткізіп үлгі ете білуі керек.

ХАЙРЕТДИН БОЛҒАНБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ: НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

Әбілдос Рамазан,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «5В020300 – Тарих» мамандығының 2-курс студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Омарбеков Т.О.

Егемендік алғаннан бергі аз уақыттың өзінде, халқымыздың қатпарлы тарихы мен еліміздің айбарлы азаматы бола білген тұлғалы көсемдердің тағдырына байланысты көптеген сұрақ туындап жүргені мәлім. Оған тарихи дәлдікке сүйене отырып, мүмкіндігінше ғылыми-теориялық негізде жауап беріп, тарихта ақтаңдақ атанып кеткен кейбір көріністердің қолдан жасалған опасыздықтың сырсипатынталдап, толықтыратүсу қазіргі ғылым менқоғамғақойылатын табиғи дазаңды талапдер едік.

Заманымыздың бізге жүктеп отырған адамгершілік, Алаш дейтін дүйім жұртымыздың алдындағы азаматтықпарызымыздыңбірі– сталиндіктоталитарлықжүйеніңқұрбаныболып, атаусызқалғанқазақ зиялыларынтүгендеп, өзініңтарихитұғырынакөтеру, олардыңғылыми, әдебишығармаларынхалыққа жеткізу болып табылады. Бұл тарихымызды байыту үшін ғана емес, қоғам үшін, зиялы қауым мен өскелең ұрпақ үшін аса зәру мәселе.

Алаштың осындай азаматтарының бірі – қазақ халқымыздың асыл перзенті, көрнекті қоғам қайраткері, публицист Хайретдин Әбдірахманұлы Болғанбаев. Хайретдин Әбдірахманұлы – қазақ ғылымы мен мәдениетіндегі ұмытылып бара жатырған дара тұлға. Оның ғылым саласында қалдырған өшпес идеялары, әсіресе, ағарту саласындағы қызметтері ел үшін туған азаматтық, адамдық келбетінің көріністері.

Көрнекті қоғам қайраткері, журналист Хайретдин Әбдірахманұлы Болғанбаев 1894 жылы (кейбір деректерде 1893 жылы) Ақмола облысы, Қорғалжын өңірінің Жосалы атты ауылында (бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезінің Нұрын болысына қарасты №2 ауылда) дүниеге келген. Әкесі Әбдірахман Мекке мен Мединеге барып, елге келген соң «Әбіш-қажы» атанған. Сол себепті де ол

53

жалғыз ұлының көзі қарақты, көкірегі ояу болғанын қалады. Хайретдин де бала күнінен зерек болып медресе, мектепті алғырлықпен тәмамдады. Алғырлығының арқасындаолкейінадам ретіндеде, қоғам және саяси қайраткер ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды.

Хайретдин Әбдірахманұлының өмір тарихына келетін болсақ, 1909 жылы ауыл мектебін тәмәмдағаннансоң, өзініңбілімінәріқарайжетілдіруүшін1912–1915 жылдарыОрынборқаласындағы Хусайния медресінде білім алады. Осында оқып жүріп, «Қазақ» газетіне мақала жаза бастаған. 1917– 1918 жылдарыМ. Шоқай, С. Қожановтарменбірге«Бірліктуы» газетіншығаруғақатысады. 1918–1919 жылдары Ташкент қаласындағы педагогикалық курста оқиды, 1919–1921 жылдары Ташкент, Орынбор қалаларында мұғалімдік қызмет атқарды. 1921 жылы Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсыновтың тапсырмасымен Бұхарадағы басмашылар қозғалысына Энвер пашамен бірге жетекшілік етіп жүрген Зәки Уәлиди Тоғанмен кездесіп қайтты. 1922–1923 жылдары – Ақмолада, 1924–1927 жылдары Петропавловскіде(Қызылжарда) халыққабілімберубөлімімеңгерушісініңорынбасарыболды[1, 367– 368 бб.].

1928 жылы 17 желтоқсанда ол «контрреволюциялық ұйымға кірді» деген жалған айыппен тұтқындалды. Бұл жөнінде М.Қ. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты монографиясында мынадай дерек келтіріледі: «ОГПУ коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен 44 адамның 13-і (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Есболов, Х.Ғаббасов, Д.Әділев, Ж.Аймауытов, Ғ.Бірімжанов, А.С.Жүсіпов, М.Кеншімов, Б.Тоқманбаев, Б.Әбдікеев, П.Әбдікеев, Ә.Байділдин) ең жоғарғы жаза – атуға бұйырылды, ..., 15 адам (Х.Болғанбаев, А.Байтасов, К.Жаленов, Д.Кенжимбаев, Т.Мұратов, А.Ыбыраев, Н.Қарабаев, А.Байдуллаев, М.Арғымбаев, А.Алин, А.Бектұрсынов, Е.Майлиев, А.Тұрысбеков, К.Мұқанов, Т.Құлмұратов) үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге абақтыға жабылатын болды» [2, 390–391 бб.]. 1930 жылдан 1934 жылға дейін Архангельск пен Сыктывкарда айдаудаболады. Кейін қазіргіОңтүстік Қазақстан облысының Сарыағашауданына қарастыҚапланбек ауылына көшіп барып, сонда тұрақтап қалады. 1937 жылы саяси қуғын-сүргін кезінде қайта тұтқындалып, сол жылы 21 қазанда Ташкент қаласында атылған. 1958 жылы 26 ақпанда ақталды [3, 121 б.].

Ұлттәуелсіздігінісіменде, сөзімендеөркендетугеқайрат-жігерінжұмсаған Х.Болғанбаев«Қоқанд съезіһәмқазақ-қырғыз» [4, 74–77 бб.], «Алашавтономиясы» [4, 77–82 бб.], «Тұлабойларықансасиды» [4, 82–84 бб.], «Елдің жайы» [4, 84–87 бб.], «Өзгерістің бір жыл тәулігі» [4, 87–91 бб.], «Ташкент 18 (5- ші) апрел» [4, 92–95 бб.], «Феурал өзгерісі» [4, 95–97 бб.], «Совет үкіметі һәм Күншығыс (ІІ)» [4, 98– 100 бб.] дейтін шығармаларында сол жылдардағы саяси-қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді түптамырынан қозғап баян етті.

Хайретдин Әбдірахманұлы Болғанбаевтың еліміздің тәуелсіздігін ту етіп, ХХ ғасырда Қазақ елін өз алдына дербес те егемен мемлекет ретінде көргісі келген ізгі ниеті тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты.

Биыл ұлт қайраткері Хайретдин Болғанбаевтың туғанына 125 жыл толады. Бұл айтулы шараны туған жері шамасы келгенше атап өтетіні анық. Алайда, елдікті ойласақ, Х.Болғанбаев есімін ұлықтауға қатысты іс-шараларды республикалық деңгейде өткізуіміз қажет.

Бұл орайда мына мәселелер ескерілсе деген ниетім бар:

1. Қайраткер, қаламгер Х. Болғанбаевтың барлық жазба мұрасы мен тұлғаға қатысты архив деректері жинақталып, арнайы жекелеген зерттеу монографиясы болып жарық көрсе және шығармаларының арнайы томдығы шығарылса;

2.Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі осы жылы Х.Болғанбаевтың өмірін, қайраткерлігін және шығармашылығын қамтыған ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырса;

3.Қайраткер есімін мәңгілікке қалдыру үшін: аудан орталығындағы қазақ мектебіне, негізгі көшелердіңбірінеоның атынберудіұйымдастырғанжөн. Сондай-ақХайретдинӘбдірахманұлыөзінің қызмет жолын бастаған Орынбор қаласында арнайы ескерткіш орнатылса;

Қалай дегенде, ұлтты дамыту, өркендету жолында аянбай тер төккен, тіпті жанын құрбан еткен Хайретдин Болғанбаевтай дара тұлғаны тану мен дамыту – елдігімізге сын, бүгінгі алдынғы аға буын мен замандастарымызға да, келешек ұрпақтарымызға да мерей.

54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1«Қазақстан». Ұлттықэнциклопедия/ Бас.ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақэнциклопедиясының» Басредакциясы, 1999. – 720 бет.

2Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: Монография. Екінші кітап. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 бет.

3Красный террор: из истории политических репресий в Казахстане (Сборник документальных материалов 20-50-х годов ХХ века) / Сост.: М.К.Койгелдиев, В.И.Полулях, Ш.Б.Тлеубаев. – Алматы: «Алаш» баспасы, 2013. – 384 с.

4Болғанбаев Х. Шығармалары. Тағылымы. – Астана: «Парасат әлемі» баспасы, 2005. – 256 бет.

СЕЙДАЗЫМ ҚАДЫРБАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Әбеу Бағлан,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих, археология және этнология факультетінің 3 курс студенті, ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., проф.Омарбеков Т.

«Мен, қазақ зиялысы ретінде халқымның патшалық кезеңде көрген қорлығы мен қанауын сезбеуім және түсінбеуім, әрине, мүмкін емес-ті...»

С. Қадырбай

1. Сейдазым Қадырбайдың өскен ортасы, ата-тегі хақында

Қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы бейқам халықты өркениеттің биік шыңына сүйреп, қазағым деп тәні оттай шарпылған, «Алашым» деп жаны дерттен алқынған нар тұлғалардың бірегейі, алаш қайраткері, заңгер, саяси күрескер, аудармашы – Сейдазым Құлмағамбетұлы Қадырбай.

Сейдазым Құлмағамбетұлы 1885 жылы Торғай уезі, Наурызым болысындағы Сарықопа бойында (Тобыл алқабындағы көл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы) дәулетті шаруаның отбасында дүниеге келіп, 1938 жылы 17 қазанда әйгілі «үштіктің» үкімімен тарпаң тағдыры оққа байланды.

Сейдазым Қадырбайдың арғы атасы Орта жүздің Кіші арғын тармағынан шыққан Өтей батыр өз заманыңда қазақ жерін жау қолынан азат ету ісіне бел шеше кірісіп, елін жаудан қорғаған алып батырлардың бірі. Өтей батырдан Бекбаулы би –Жамбай – Дәнен – Қазбек –Байғозы. Байғозыдан Әлімбай – Қадырбай – Қисық – Бозан – Бейіс – Бектіғұл тарайды. Қадырбай өз кезеңінің атақты биі болып табылады. Ол Торғай уезіндегі №35 дистанцияны басқарған. Қадырбай басқарған №35 дистанциядағы үй саны туралы деректер Ы.Алтынсариннің Торғай уезінің Наурызым болысында 1869 жылы жасаған санағында көрсетілген. Шежіре бойынша Қадырбайдан – Құлмағамбет, Хамза, Оспан туады. Құлмағамбеттен 4 ұл тарайды:

1)Сейдазым Құлмағамбетұлы, одан – Гуля.

2)Сейдахмет, одан – Мүкіш, Бақытжан.

3)Мейіржан, одан ұрпақ қалмаған.

4)Асқарбек, одан – Мәрияш[1]

Алғыр да зерек Сейдазым кішкентайынан ауыл молдалаларынан хат таныды. 1864 жылы Ыбырай Алтынсарин ірге тасын қалаған мектеп осы өңірдің біраз талапты жастары үшін тек білім ошағы емес, өмір мектебі атанып, Торғай өңірінен шыққан әйгілі Өтей батырдың кіндігінен тараған ұрпақтың біразы осы мектептен тіл сындырып, сауатын ашқан болатын. Солардың бірі – Өтей батырдың ұрпағы Сейдазым Қадырбай бұл мектепте 2 жыл білім нәрімен сусындап, үздік бағамен тамамдаған түлектердің бірі. Ал1901 жылыОрынбордағықырғыз(қазақ) мұғалімдер мектебінеқабылданып, оны 1905 жылы тәмәмдайды. Архив деректеріне сүйенсек, Сейдазым Қадырбай Орынбордағы қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебінде бар ынта-жігерімен оқып білім алғаны байқалады. Оның тұлғалық қалыптасуына осы мектепте алған білімі қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына, кейін ұлт мүддесіне қызмет жасауына өзіндік септігін тигізді деген ойдамын[2]. Себебі оқу бітіргеннен кейін Сейдазым 6 жыл бойы білім алғаны үшін ұстаздық жолдан бас тартып, оқу инспекторы Н.Андрусеевичтің 1905 жылы 8 тамыздағы шешімі бойынша Орынбор округтық сотына аудармашы қызметіне тағайындалып, оқуына жұмсалған қаражатты төлеуден босатылады[3].

2. Сейдазым Қадырбайдың саяси және қоғамдық қызметі

СейдазымҚадырбай1905-1913 жылдараралығындаОрынборокругтықсотындааудармашыболып қызмет атқарып, көп нәрсені көкірекке түйеді, талай әлеуметтік-құқықтық істердің сырын түсінеді. Ал 1913-1918 жылдар аралығында халық үшін қызмет істеп, ел алдындағы азаматтық борышын ақтауға бел буып, заң саласында хатшылық қызметке сайланады. 1918-1920 жылдары А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлымен бірге «Алашорда» үкіметінің Торғай әскери бөлімшесіндегі көшбасшыларының бірі болып, қазақ даласын аралап, Алаштықтардың әскерін жасақтауға зор септігін тигізді. 1920 жылдан Воронежге айдауға дейін Әділет халық комиссариатта заң шығару, сот құрылысы және бақылау

55

бөлімдерінің меңгеруші қызметтерін атқарып, осы жылдар аралығында заң саласындағы белгілі заңгерлер Нығмет Нұрмақов және Ахмет Бірімжановпен үзеңгілес жүріп, қазақ халқының ұлттық мүддесімен астарласқан заң жобаларын әзірлеген. C.Қадырбайдың соңғы қызметі «Россовхозснаб» мекемесінде заң кеңесшісі қызметін атқарды.

Өткен ғасырдың бас кезінде қазақ сахнасында қалыптасқан Алаш қозғалысы, Алаш партиясы және Алашорда үкіметінің қызметіне де Сейдазым Қадырбай кеңінен араласты. С.Қадырбай ел үшін, жер үшін отаршыл жүйеге қарсы шыққан ұлт зиялыларымен байланыс орнатып, олардың іс-әрекеттерін заңды тұрғыдан сүйемелдеді. Съездерде, құрылтайларда ойын ашық айтып, ұлт көшбасшыларымен қарым-қатынасорнатып, «Алашорда» үкіметініңжәнеАлашпартиясыныңміндеттеріменмақсаттарын заңды тұрғыдан реттеп отырды.

Ал енді Сейдазымның «Алаш» партиясындағы, «Алашорда» үкіметіндегі алатын орны мен беделіне келсек, ол қатардағы көптің бірі емес, керісінше көш бастаған серкелердің қатарынан болды. Бұған мынадай мысалдар келтіруге болады: 1917 жылы 2-8 сәуір аралығында Орынборда өткізілген Торғай облыстық съезінің төралқалық хатшылығына Омар Алмасовпен бірге Сейдазым Қадырбай сайланады[4]. Съезде жалпықазақ съезін шақыру жөнінде қаулы қабылдап, оның ұйымдастыру бюросының құрамын бекітеді. Бұл құрамда: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Омар Есенқұлов, Имам Әлімбеков, Есен Тұрмұхамедов, Керей Тұрымовтармен бірге С.Қадырбай та енеді. Сондай-ақ, әлгі съезде 1-8 мамыр аралығында Мәскеуде ететін жалпымұсылман съезініңжұмысынақатысуүшінтөртделегатсайланады. Солтөртеудіңбіріде— СейдазымҚадырбай. 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда өткен жалпықазақ съезінің хатшылығы құрамында Сейдазым да бар болып табылады[5]. Мұндай деректер Сейдазымның Алаш зиялылары арасында айтпай-ақ алдыңғы орынды алатындығы белгілі емес пе?!

3. Сейдазым Қадырбай және «Алашорда»

Сейдазым Қадырбай «Алашорда» Үкіметі құрылған сәттен бастап ұлтты ұшпаққа шығаруды көздеген ұлы қозғалысының белсендісі болған. Оған мынадай деректерді келтірсек болады: «Мен, қазақ зиялысы ретінде халқымның патшалық кезеңде көрген қорлығы мен қанауын сезбеуім және түсінбеуім, әрине, мүмкін емес-тін, сондықтан да Февраль революциясынан кейін Алашорда идеясы төңірегінде топтасқан ұлтшылдар лагеріне келіп қосылдым. Ол кезде бүкіл қазақ ұлтшылдық ұстанымда болды, олардың арасында мен де бармын» - деген республикалық прокуратура басшыларына жазған түсінік хатында баяндайды[6].

Сейдазым Алаш зиялылары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен тығыз байланыста болғандығын Міржақыптың қызы Гүлнәр апамыз өзінің «Арыстың бірі — Сейдазым» дейтін естелігінде: «Ахмет Байтұрсыновпен аға-інідей араласып, менің әкем Міржақыппен екеуі болса-болмаса жастайынан бірге өскен, бірге оқыған, өмір жолдары бір адамдар еді. Екеуі де Алаш қозғалысының басшылығында болды. Түйедей құрдас әрі бір-бірінің қадіріне қанық олар туыстан бетер сыйласатын»,- деп нақтылап жазады екен. Әлихан Бөкейханов Сейдазымды оның еңбекқорлығы мен білімпаздығы үшін сыйлап, хат алмасып отырған.

А.Байтұрсыновтың Орынборда жандарм бақылауында болған кезеңінде оның қасында топтасқан қазақ зиялыларының барлығы тізімге алынып, іс-әрекеттері қатаң бақылауға алынған. «Қазақ» газетінің редакторы А.Байтұрсыновқа байланысты жинақтаған жандармерия құжаттарында Орынбор Округтік Соттың судьясының хатшысы С.Қадырбаймен бірге аудармашы Ғ.Балғымбаев Торғай қазақтарын «Қазақ» газетіне мәжбүрлі түрде жаздыртып жатыр және сонымен бірге «қазақтар орыс бодандығын өз еркімен қабылдаған жоқ, қазақ жерін орыс мемлекеті казак дворяндарына сатып жатыр» дегенжала-жабуларжинақталған[7]. Қазақтардыңбұларғақойғанарыздары «Қазақ» газетінің оқырмандарының күн санап өсуі және қарапайым халықтың Алаштықтарды қолдап, айналасында топтасуы еді.

1918 жылдың желтоқсанының 1 жұлдызынан 2 жұлдызына қараған түні Орынбор қаласындағы керуен сарайда астыртын жиын өткізілді. Жиынға Мұстафа Шоқайдың айтуы бойынша: Башқұртстаннан Зәки Уалиди, полковник Чайкин, Махин және атаман Каргин қатысты[8]. Жиынның мақсаты – қазақтарды, башқұрттарды және казактарды Совет өкіметіне қарсы күш біріктіріп, басқару саласындағы құрамдарын бекіту болды. Жиынның шешімі бойынша одақтың басшысы ретінде полковник Махин, Орынбор казактарының атаманы Каргин, Башқұртстанды басқаруға Зәки Уалиди, ал Қазақстанды басқарушы ретінде Сейдәзім Қадырбай болып бекітілді. Бірақ тыңшы А.Велиев құпия кеңестің отырысы жайлы ақпаратты Орынбор коменданты, капитан А.Заваруевке жеткізіп қойып, жоспардың тас-талқаны шығады. Дегенмен, С.Қадырбайдың ұлтты басқаруға білімі мен іскерлігі толық жететін көшбасшы болғанына ешкім дау да айта қоймас.

56

Заң саласында жүріп, халқымыздың ана тілін көтеру, тіл мәртебесін биіктету жолында қыруар жұмыс жүргізді. Мәселен, Юстиция Комиссариятында қызмет еткен жылдарында 1922 жылы 26 мамырда қабылданған РСФСРД-дың «Уголовный кодекс(Қылмыс заңы)» заңдар топтамасын қазақшағатәржімалағанеңбегі8 тараудантұрады: I. Мемлекеттікқылмыстар, II.Қызметтікқылмыстар, III.Шіркеудің мемлекеттен бөлінуіндегі қылмыстық ережелер, IV.Шаруашылық қылмыстар V.Тұлғанын жеке басындағы өміріне, денсаулығына және бостандығына қатысты қылмыстар, VI. Мүліктік қылмыстар, VII. Әскери қылмыстар, VIII.Халық мұрасын қорғаудағы, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Қазіргі таңда бұл аударылған еңбекті іс жүргізуде, кеңсе қызметтерінде қолдануға болады.

Міржақып Дулатұлының 1925 жылы 6 ақпанда «Еңбекші қазақтың» №285 санында «Заң курсы ашылмақ» атты мақаласы жарияланады [9]. Мақала Міржақып Дулатұлы заң курсының Орынборда ашылатындығы, курсқа қандай азаматтар алатындығы және курстың қазақ тілінде болатыныдығы туралыпікірінбілдірген. Жәнедекурстыкімжүргізетінітуралыақпараттардаберілген, солтізімдердің қатарында Сейдазым да бар. Міржақып заң курсын жүргізушілер туралы мынадай: «Бұлардың көбі жоғары заң ғылымын оқып шыққандар, осы күндерде Заң комиссариатында ірі қызметтегілер, оқумен де, тоқумен де ысылған мамандар...»,- деп пікірін білдіреді. Сейдазым 1926 жылы шілде айынан заң курсындағы ұстаздық қызметін бастайды. Расында да ол Қазақстанның заңтану, құқықтану ғылымын кәсіби деңгейде зерделеген, соның ішінде алғашылардың бірі болып мемлекет және құқық теориясының мәселелерін ғылыми талдаудан өткізіп, бірнеше мәрте құқықтану бағытында бірнеше еңбектерді қазақшаға тәржімалаған қайраткерлердің бірі.

1929 жылдан бастап көптеген оқыған қазақ интеллигенттерін жаппай тұтқынға алғаны бәрімізге мәлім. Сол бір ауыр да қасіретті жылдар Сейдазымды да шетте қалдырмады. Алматыда «Әділет халық комиссариатының» заң шығару бөлімінде жауапты жұмыс істеп жүргенінде тұтқынға алынып, отбасысы: әйелі – Жаңыл, қызы – Гуля үшеуі Воронежге айдалады.

1930 жылғы 20 қараша ОГПУ-дің ерекше бөлімнің 1-бөлімшесінің бастығы: Тергеу жүргізу ісі туралы УПК-нің 116-бабына сәйкес №2370 іс бойынша қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық ұйымын құрғаны үшін УК-тің 58-7, 58-11, 59-3 баптары бойынша айып тағылған Сейдазым Қадырбай, ӘлімханЕрмек, МұхамеджанТынышпай, ЖақыпАқбай, МұхтарӘуезжәнетағыдабасқалардыңістері 1932 жылғы қаңтар айына дейін белгісіз себептермен ұзартылды. Анығы бір, «Алашордашылардың» түрмеден жазықсыз шықпайтыны белгілі еді.

1938 жылы 17 қазанда әйгілі «үштіктің» үкімімен ату жазасына Алаш зиялысының тағдыры кесіледі. Сейдәзім 1966 жылы 28 сәуірде Воронеждегі облыстық сотының шешімі бойынша ақталып шықты. Оған мынадай құжат дәлел бола алады:

«Справка о реабилитации Выданавтом, чтоПостанавлениетройкиУНКВДпоВоронежскойобластиот11 октября1938

года в отношении КАДИРБАЕВА Сейдазима Кульмагамедовича, 1885 года рождения, до ареста работалюрисконсультом Россовхозснабавг. Воронеже. Постановлением Президиума Воронежского областного суда от 28 апреля 1966 года отменено и дело производством прекращено за отсутствием события преступления.

КАДИРБАЕВ Сейдазим Кульмагамедович по данному делу реабилитирован».

Бұл құжат үлкен дәлел ретінде қаралса, ал 1988 жылы 4 қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Сотының шешімімен С.Қадырбайға қатысты қылмыстық іс қысқартылып, Алаш серкесі өз серігі М.Дулатовпен бір күнде ақталды.

Сейдазым Қадырбайдың тергеу материалдарында 1917 жылы құрылған ұлттық үкімет туралы мынандайпікірінбілдіреді: «Алашордаұлттықұйымболатынжәнеолмәдениұлттықавтономияалуды көздеді. 185 жылдық патша өкіметінің қанауынан соң 1917 жылы Алашорда сияқты ұлттық ұйымның өмірге келуі толық табиғи құбылыс болатын. Сол кездегі барлық дерлік қазақ зиялылары осы ұлттық ұйымның төңірегінде бірікті, хал-қадерінше ұлт-азаттық қозғалысқа атсалысты» - деп көрсетті.

Сейдазымның ұрпақтарының қазіргі таңдағы тұрғылықты мекені Қостанай облысы болғанымен, ертеректе Сейдазымның жақын әулеттері Торғай өңірінен Жаңаарқа топырағына қоныс аударыпты. Осы мекенде әулеттері заң саласында, басқару салаларында абыройлы қызметтерді атқаруда. 2009 жылы Сейдәзімның інісі Исаның балалары Жасұлан мен Гаухар Воронеж түбіндегі Дубовка кентінде аталары Сейдазым Қадырбай жерленген топыраққа тағзым етіп, қабір басына ескерткіш қойып қайтты[11]. Қадырбайлар әулетінің көптеген жылдары бойы армандаған мақсаты орындалды, парыз өтелді.

Сейдазым Қадырбайдың өмірі мен қызметі туралы келтірілген мағлұматтарды қорыта келгенде не айтуға болады?

57

Ресей үкіметінің жүгенсіз саясатын сынға алып, қазақ елінің қамын ойлаған, ұлт мүддесін ойлап, халқым деп көз жұмғандардың қатарынан табылды. Дегенмен, Сейдазым Қадырбайдың саяси, құқықтық ойлары нақты жүйеленбей, әлі де болса ғылыми айналымға енгізілмеді. Мұның себебі ұлт қамын жеген тұлғаны ұлт жадынан ысырылып тастауы іздейтін ұрпақтарының, яғни біздің басты қателігіміз. Сондықтан да оның артынан қалған мұрасын, яғни заң саласындағы еңбектері ұшан теңіз болғандықтан осы қырынан көп талдануы тиіс.

Біз, алдағы уақыт та бұл тұлға туралы ізденісімізді жалғастырып, оның саяси-ғылыми мұраларын жинастырып, жеке жинақ ретінде шығарсақ деген ниеттеміз...

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:

1.Дулатова Г. Алаштың сөнбес жұлдыздары. – Алматы: Мектеп, 2012. – 248 бб.

2.ҚР ОМА., 27-қ., 1-т., 26-іс., 38-п.

3.ҚР ОМА., 95-қ., 2-т., 195-іс., 30-п.

4.Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. 4-т. –Астана, 2007. –41 бб.

5.Қожамжарова Д. Алаш қозғалысының тарихы. – Тараз, 2014. –165 бб.

6.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. 2-т. –Алматы: Мектеп, 2017. – 39 бб.

7.Ахметова Ұ. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі (1887-1918 жж.). – Орал, 2010.

32 бб.

8.Ганин А. Атаман А.И.Дутова. – Москва: Центрополиграф, 2006. – 218 бб.

9.Міржақып Дулатұлы. 3-т. – Алматы: Мектеп, 2013. – 179-183 бб.

10.Жұртбай Т. Ұраным-Алаш. 2-т. –Алматы: Ел шежіре, 2010 ж. – 65-68 бб.

11.«Галерея чижова» газеті, 2009. №28(230). – 35бб.

ПРОЦЕССЫ УРБАНИЗАЦИИ В КАЗАХСТАНЕ (КОНЕЦ XIX - 50-Е ГОДЫ XX ВЕКА)

Сайын Күмісай,

студентка 4 курса специальности 5В020300-история КазНУ им.аль-Фараби Научный руководитель: к.и.н., доцент Удербаева С.К.

Город, как социально-экономическая категория, представляет собой одну из форм размещения материального производства и расселения людей, общественно-культурной и политической жизни. И данныйфактобосновантем, чтогородиздревлеявляетсяотражениемисториикраявовсехеенаиболее характерных особенностях и этапах развития производительных сил, производственных отношений и миграционных явлений.

Все это в полной мере относится и к городам Казахстана, в том числе возникшим в условиях длительного, сложного и противоречивого процесса присоединения обширного края к России, в связи с развитием казахско-русских отношений. И в истории городов Казахстана также немало вопросов углубленное, всестороннее освещение которых в условиях независимого Казахстана требует тщательного изученияразнородных источников, способствующих как-то по новому проанализировать те или иные исторические и явления прошлого ввиду наличия объективных возможностей, позволяющих воссоздать недостаточно изученные периоды и вопросы в истории Казахстана.

На материалах истории городов Казахстана, помимо отмеченных обстоятельств, можно наиболее нагляднопроследитьэтапы, сущностьразвитияиособенностиэкономическихсвязейихозяйственного сближения народов российской империи и ее национальных окраин, основные этапы и мотивы расширения колониальной политики царизма в Казахстане, рост торговли, местной обрабатывающей промышленности, развитие ярмарок, зачатки рыночных отношений, вовлечение местного населения в революционную борьбу за освобождение от всех и всяких форм колониального гнета и социального порабощения.

Исходя из научно-теоретического значения разработки и политической значимости проблемы, в исторической литературе был предпринят целый ряд специальных исследований по проблеме возникновения и развития городов на территории Казахстана.

Однойизпервыхсерьезныхпубликацийвотечественномизученииисториигородовявиласьработа А.А.Горячевой по истории города Верного (Алматы)[1]. Энциклопедический справочник «Алма-Ата», выпущенный в начале 80-х годов прошлого столетия и заключавший в себе ценные материалы, также явился серьезным вкладом в изучение истории третьей столицы Казахстана. Заслуживают такого уважения труды К Туманшина по истории Петропавловска, Э.И. Герасимовой по истории города Уральска,

58

Б.Ч. Чемирбаевой – Риддера, Н.Г.Апполовой об Оребурге, К.А.Пищулиной – по. Истории городов Сырдарьи.

Также ряд публикаций нашли свое отражение в краеведческом, а точнее в научно-популярном изложении. К ним можно отнести работы Н.В.Алексеенко, Э.А.Соколкина, С.Р.Ердавлетова, и др. Как правило, научно-популярные книги, интерес общественности к которым заметно возрос в последние годы в ввиду необходимости осознания сущности социально-экономических проблем из истории края

впрошлом, которые не претендуют на освещение всех аспектов истории края или моментов истории Казахстанских городов нового времени, но они в достаточной степени информируют читателя об основных этапах истории возникновения поселений и городов со времени их основания до современности.[2]

Мы можем наблюдать что, для социального и культурного развития казахстанского города характерны непоследовательность и отсутствие преемственности, несформированность городского образа жизни. Отсюда – противоречия в социальном и культурном облике современного казахстанского города, в котором развиваются несколько противоположных тенденций.

Висторической генеалогии казахстанского города уже сложилась традиция, когда с каждым поворотом политической истории – досоветской, советской, постсоветской – предшествующий этап илиигнорируется, илиотрицается. Входеэтогопроцессаразрушаетсясоциальнаяструктураобщества, сносятся материальные объекты – здания и памятники, меняется знаковая символика (например, через переименование). [3] В результате прерывается преемственность социального и культурного опыта, необратимо стирается память о прошлом. Конечно, речь прежде всего идет о тех ценностях и нормах, которые способствуют гуманизации городской среды, социальной мобильности, укреплению общественного интереса и т.д.

Условноможновыделитьурбанизациювузкомсмыслеслова, какростгородскогонаселенияирост городов, и в широком смысле данного слова, как исторический процесс повышения роли городов и городского образа жизни в развитии общества. Повышение роли городов наблюдалось на всем протяжении истории человечества, но лишь в XIX веке начинается существенное концентрация людей

вгородах которое усиливается в XX веке и достигает своего пика после Второй Мировой войны. Современная урбанизация – это процесс появления уже не только крупных городов, но и объединений

городов – агломераций .

В содержательном плане урбанизации понимается как целостный процесс, содержанием которого являютсяизменениякультурногозначенияисоциальныхфункцийгородскойконцентрациинаселения, орудий производства, капитала, потребностей.[4]

Литература:

1.Горячева А.А., Фришман Л.С. Заря над Семиречьем.- Алма-Ата: Мектеп, 1987.- с.113.

2 История Акмолы (19 - начало 20 века) : исследования, источники, комментарии / Ж. К.Касымбаев , Н. Ж. Агубаев. - Алматы : Жетi жаргы, 1998. - 174 с

3.Султангалиева А.К. Города и люди: Социокультурная трансформация в Казахстане. – Алматы, 2010. – 240 с. 4. История городов, особенности формирования и структуры урбанизированных поселений / Л. Т. Кожакеева // Евразийское сообщество. - 2009. - №2. - С. 87-95.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА ҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Ділдабеков Жарылқасын,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 5В020300-тарих мамандығының 4-курс студенті, Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Смағұлов С.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі әрі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірі. Ол бүгінде Солтүстік Америкада, Еуропада, Орталық Азияда миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқан 56 мемлекеттің басын қосып отыр. Бұл ұйымға қатысушы мемлекеттерді осы аймақты анағұрлым қауіпсіз, өркендеген өңірге айналдыруға деген ұмтылыс біріктіреді. ЕҚЫҰ үш өлшемі бойынша жұмыс жасайды. Олар: 1) саяси-әскери (қару-жарақтың таралуына бақылау жасау, елдер арасында сенімді қатынастар орнату және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қақтығыстардың алдын алатын дипломатиялық жұмыстар); 2) экономикалық-экологиялық; 3) гуманитарлық (адам құқығын қорғау мәселелері, ЕҚЫҰ-ға қатысушы

59

елдерде сайлауларды өткізуге бақылау жасау, демократиялық институттарды дамыту бойынша көмек көрсету).

1992 жылғы 30 қаңтарда Прагада өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісінде Қазақстан ЕҚЫҰ мүшелігіне қабылданды. ПрезидентН.Назарбаев1994 жылыБудапеште, 1996 жылыЛиссабонда және 1999 жылы Стамбулда жоғары деңгейде өткен ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының Саммитеріне қатысты. 1999 жылы қаңтарда Алматыда ЕҚЫҰ-ныңорталығытұрақты түрде жұмыс істей бастады.

2003 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға қызметіне өзінің кандидатурасын ұсынды. 2007 жылы 30 қарашадаМадридтеЕҚЫҰ-ғамүшемемлекеттерСыртқыістерминистрлерікеңесініңжалпыотырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-ға ұлтаралық, дінаралық, тіларалық келісімнің үздік үлгісін берді. Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасады. Төрағалығы барысында Қазақстан өз жұмысын 4 «Т» - «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық) және «толеранс» (төзімділік) ұраны аясында ұйымдастырды.

2010 жылы 1-2 желтоқсан күндері Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммиті болып өтті. Саммит жұмысына ЕҚЫҰ-ға мүше және серіктес елдерден 73 ресми делегация, сондай-ақ ірі халықаралық және аймақтық ұйымдар – БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ және т.б. қатысты. Астана Саммиті Ыстамбұлдан кейін 11 жылға үзіліп қалған жоғары деңгейде кездесулер өткізу дәстүрін қалпына келтірді. Астанадағы Саммит жаһандық қауіпсіздіктегі ЕҚЫҰ перспективаларын талдау үшін жақсы мүмкіндік болды. Астана Саммиті тек Ұйымның өзі үшін ғана емес, сол сияқты «мұхиттан мұхитқа дейінгі» орасан геосаяси кеңістік үшін – барлық Еуразиялық құрлық үшін кезеңдік тарихи оқиғаға айналды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына, Саммитті ұйымдастыру деңгейіне жәнеПрезидентН. Назарбаевтыңәлемдетұрақтылықпенмәдениаралықдиалогтынығайтудағырөліне жоғары баға берді. ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана Декларациясының тарихи құндылығы орасан зор. Біріншіден, онда Ұйымның негізіне алынған қағидаттардың көкейкестілігі және барлық 56 қатысушы мемлекеттің Хельсинки Қорытынды актісінен, Париж Хартиясынан, Еуропа Қауіпсіздігі хартиясынан бастап және оның шеңберінде қабылданған басқа құжаттарға деген бұлжымас ұстанымы расталды. Екіншіден, тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ның еуразиялық векторы бекітілді. ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік көрші өңірлердегі, әсіресе, Жерорта теңізі мен Азиядағы қауіпсіздікпен тығыз байланысты екендігі Астана Декларациясында ерекше атап көрсетілген. Онда ЕҚЫҰ-ның жаңа жүзжылдықтағы басты бағдары ретінде Еуроатлантикалық және Еуразиялық қоғамдастықтағы ортақ және бөлінбейтін қауіпсіздікті құру мақсаты қойылған. Үшіншіден, құжатта ЕҚЫҰ-ны нығайтуға, оның ХХІ ғасырдың қауіп-қатерлеріне тиісінше және ықпалды жауап беру қабілетін күшейтуге бағытталған барлық бастамалар бар.

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысуы мен ондағы қызметінде осы ұйымға төрағалығы маңызды тарихи кезең мен оқиға болды. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақ еліне әлемге шындап танылудың мол мүмкіндігін берді. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен бірінші ТМД елі, бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ол бірінші азиялық ел болды. Ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы үлкен серпін қосты.

Әдебиеттер:

1.Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы, 2002.

2.Хан Г.Б., Суворов Л.С., Рахманова Г.Б. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: Монография. – Алматы: ҚазГЗУ, 2003.

3.Қазақстан тарихы. Бес томдық. 5-том. – Алматы, 2010.

4.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. 4-кітап. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.

5.Председательство Казахстана в ОБСЕ и укрепление взаимодействия с международными организациями на Евразийском пространстве: материалы междун. науч.-практич. конференции. – Алматы, 2010. – 108 с.

6.ҚР ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астана Саммиті туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалалар мен сұхбаттар. – Астана, 2011. – 788 б.

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]