Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
430
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Қышқылдар: құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, алынуы.Мысал келтір 87, 90, 122 бет

Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдарқұрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.

Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н33) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.

H2CO3→CO2↑+H2O;

H2SO3→H2O|+SO2

Қышқылдардың құрылысының формуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент.

Кейбір қышқылдардың тарихи қалыптасқан атаулары бар: HCl - тұз қышқылы, HF -балқытқыш қышқыл; Н2РO4 - сутектің ортофосфаты, ал Н2СO3 - сутектің карбонаты деп аталады.

Ал халықаралық номенклатурабойынша Н2РO4тетраоксотригидрофосфат депмолекулақұрамындағыатомдардыңсандары грек сандарымен көрсетіліп аталады. Қышқылдарға сәйкес келетін оксидтерді қышқылдардың ангидридтері (сусыз қышқыл) деп атайды.

Оттексіз қышқылдарды жай заттардың тікелейәрекеттесуі (синтез әдісі) бойынша алады:

H2+Cl2=2HCl

H2+S=H2S

Түзілген газдардысуда еріткендеқышқылдаралынады.

Кейбір оттекті қышқылдарды сәйкес оксидтерінсумен әрекеттестіріп алады:

2+H2О=H23

3+H2О=H24

Егер фосфорды жағып алып, түзілген ақ буға су қосып шайқасақ, ерітінді лакмусты қызғылт түске бояйды, себебі мынареакциялар жүреді:

4P+5O2=2P2O5

P2O5+3H2O=2H3PO4

қышқылдық оксид + су = қышқыл

Кейбір ұшқыш, тұрақсыз және ерімейтін қышқылдарды олардың тұздарына концентрлі қышқылмен әсер етіп алуға болады.

Ас тұзының кристалдарына концентрлі күкірт қышқылын қосқанда хлорлы сутектің ақ тұманы газ күйінде бөлінеді, оны суда ерітіп тұз қышқылын аламыз.

NaCl+H2SO4=2HCl↑+Na2SO4

Осы реакцияны кеңсе желіміне концентрлі тұз қышқылымен әсер етіп көрсетеміз.

Na2SiО3+ 2HCl = H2SiO3↓ + 2NaCl

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың қасиеттері алуан түрлі болып келеді, оны көрсету үшін мынадай сұлба жазып аламыз:

Қышқылдар:

  1. белсенді металдармен

  2. негіздік оксидтермен

  3. негіздермен

  4. тұздармен

  5. қыздырудың әсері (кейбір қышқылдар үшін)

3. Массасы 22г көмірқышқыл газының зат мөлшерін есепте.

Жауабы: 11,2 л

8 Билет

1. Физикалық және химиялық құбылыстар дегеніміз не және айырмашылығы Химиялық реакциялар. Мысалдар

Ағаштан орындық үстел, төсек, т.б. үй жиһаздары жасалады. Бұл мысалда бір заттан әр түрлі денелер дайындалатынын көреміз. Заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады. Оларға заттың агрегаттық күйі, түрі, түсі, тығыздығы, балқу және қайнау температуралары, жылу және электрөткізгіштктері, ерігіштіктері жатады. Мысалы, шыныдан, пластмассадан жасалған шөлмектер алып, оларды ұрып көрсек, шыны шөлмек оңай сынатынын, ал қыздырғанда пластмасса шөлмек оңай балқып, олардың пішіндерінің өзгеретінін байқаймыз. Мұндай өзгерістер физикалық құбылыстар деп аталады.

Ал енді осы шөлмектерді жағып көрсек, ең оңай өзгеретіні - пластмасса шөлмек, ол алдымен балқып, сосын қара күйеленіп жанады, ал шыны мен металдан жасалғандары Мұндай езгеріске түсу үшін оларды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек. Бір заттың екінші бір затқа айналуы химиялық құбылысқа жатады, мысалы, сүт тасып кеткенде ол күйіп, көмірленеді. Пластмасса жанғанда басқа заттар тұзіледі.

Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды. Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады. Заттардың химиялық қасиеттерін химия ғылымы зерттейді.

Осы кезде сан алуан заттар белгілі, олардың саны күн өткен сайын артып отыр, себебі тұрмыстық және өндірістік кажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қасиеттері әр түрлі заттар жасанды жолмен алынуда.

Заттардың қасиеттерін жете білу оларды саналы түрде колдана алуға мүмкіндік береді. «Білмеген у ішеді» деген мақалда халықтың көп жылғы бақылауынан түйген даналық ой айтылған. Шынында да қасиетін білмей тұрып кез келген затты иіскеп, колға алып уқалап немесе дәмін татып көруге болмайды: себебі күйіп, тіпті уланып қалу қаупі бар.

Химияның атқаратын көптеген маңызды міндеттері бар.

1. Заттардың құрамы мен қасиеттерін зерттеу.

2. Қоғамның кажеттілігіне карай жаңа сапалы заттар алу.

3. Қоршаған ортаның байлығын тиімді пайдаланып, оларды корғау.

Біздің киген киіміміз, ішкен асымыз, тұтынып отырған заттарымыз — бәрі де химиялық қосылыстар. Тіпті біздің өмір сүруіміздің өзі ағзаларда жүретін химиялық құбылыстарға негізделген

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]