Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
430
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

1. Химиялық формула. Химиялық элементтердің валенттілігі дегеніміз не және валенттілік термині нені білдіреді? 35 бет.

Химиялық формула — химиялық жеке заттар молекуласының құрамын химиялық таңба және сан арқылы белгілеу. Химиялық формула молекуланың сапалық және салмақ құрамын көрсетеді. Мысалы, жай зат күйіндегі оттек молекуласының химиялық формуласы — О2, күрделі зат аммиактың химиялық формуласы — NH3. Бұл химиялық формулада оттек молекуласында екі атом оттек, яғни оның 32 салмақ бөлігі бар екендігін, ал екіншісінің бір молекуласының құрамында бір атом азот және үш атом сутек, яғни олардың өзара қатынасы 14:3, жалпы салмағы 17 салмақ бөлігі екендігін көрсетеді. Химиялық формула бойынша химиялық қосылыстар құрамындағы элементтердің пайыздық мөлшерін есептеуге болады, керісінше, химиялық қосылыстар құрамындағы элементтердің пайыздық мөлшері белгілі болса, олардың формулаларын табуға болады. Cr2O3-тегі (хром тотығы) элементтердің пайыздық мөлшерін есептегенде, оның м16:152=31,6%. Хром тотығының пайыздық құрамы бойынша оның химиялық формуласы табылады. Ол үшін қосылыс құрамындағы элементтердің берілген салмақ қатынасын грамм-атом қатынасына айналдырады. 68,4 г хром 68,4:52=1,32 г-атом, 31,6 г оттек 31,6:16=1,98 г-атом болады. Кез келген молекуладағы52:152=68,4%. Оттектің %-дық мөлш.: 316=152. Хромның %-дық мөлшері 252+3олекулалық салмағы 2 атомдар қатынасы бүтін сан болуы керек. Мысалы, 1,32:1,98 қатынасын ең кіші бүтін сан қатынасына келтірсек 2:3 болады, бұған сай хром тотығының формуласы Cr2O3. Молекула құрамындағы атомдар қатынасы ең кіші бүтін санмен берілген формуланы қарапайым немесе эмпирикалық формула деп атайды. Молекула құрамында әрбір элементтен неше атом бар екенін дәл көрсететін формуланы нақты немесе молекулалық формула деп атайды. Химиялық қосылыстың нақты формуласын табу үшін, оның салмақ құрамын білумен қатар тәжірибе арқылы анықталған молекулалық салмағын да білу қажет. Сондай-ақ химиялық формуланываленттілік бойынша да құрастыруға болады.

Валенттілік, іліктілік (лат. valentіa — күш) — атомның басқа атомдарды немесе атомдар тобын қосып алып химиялық байланыс құру қасиеті. Валенттіліктің мәні берілген элементтің атомы ала алатын немесе орнын баса алатын сутек атомдарының санымен өлшенеді. Химияға валенттілік ұғымын 1853 ж. ағылшын химигі Э.Франкленд (1825 — 1899) енгізген. А.М. Бутлеровтың қосылыстардың химиялық құрылысы теориясына (1861) Валенттілік негіз болды, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесін ашуына (1869) байланысты бұл ұғым одан әрі дамыды. Менделеев элементтің валенттілікінің оның периодтық жүйедегі орнымен байланыстылығын тапты, айнымалы валенттілік туралы ұғымды енгізді, элементтің сутекпен және оттекпен қосылыстарындағы валенттіліктерінің өзара байланысын көрсетті.

Валенттілік рим цифрларымен белгіленеді, формулаларда элемент таңбасының үстіне жазылады, мәні I-VIII-гe дейін өзгереді. Валенттілік бойынша формула құру үшін элементтердің валенттіліктерінің ең кіші ортак еселігін тауып, әр элементтін валенттілігіне бөліп, индекс етіп жазамыз. Егер элемент қосылыстарында айнымалы валенттілік көрсетсе, онын, атауында элементтің валенттілігі рим цифрымен жақшаның ішінде көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]