Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
430
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар дегеніміз не?

Кез келген химиялық реакцияларда бір зат басқа затқа айналғанда жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Сондықтан барлық реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп бөледі. Яғни, экзотермиялық реакция дегеніміз - жылу бөле жүретін реакция, ал эндотермиялық реакция дегеніміз - жылу сіңіре жүретін реакциялар. Бұл реакциялар термохимиялық теңдеулермен өрнектеледі. Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектісінің шамасы көрсетіледі.

Реакция жылу эффектісіне қарай:

1. Экзотермиялық - жылу бөле жүретін реакциялар. мысалы, C+O2=CO2+Q 

2. Эндотермиялық - жылу сіңіре жүретін реакциялар. Мысалы, CaCO3=CaO+CO2-Q

3. 1.5 Моль натрий сульфаты Na2so4 берілген. Осы тұздың массасын тап.

Шешуі: Зат мөлшерінің массамен байланысты формуласы арқылы V=m/M зат массасын табамыз:m=v*M сан мәндерін орнына қойсақ: M (Na2SO4)= 142 г/моль.

m= (Na2SO4)=1.5 моль *142 г/моль=213 г.

Жауабы: 1.5 моль натрий сульфатының массасы 213г

Немесе есепті шешудің 2-ші жолы:

M(Na2SO4)=142

m=n*M=1,5*142=213 

6 Билет

1. Жай және күделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса анықтама және мысал келтір

Элементтердің таңбалары әліпбидін, әріптері тәрізді. Әріптерден сөз құрауға болатыны секілді элементтердің таңбаларын қолданып кез келген молекуланың құрамын өрнектеуге болады. Химиялық формулалар заттың сапалық және сандық құрамын көрсетеді, сандық құрамы индекстер аркылы белгіленеді (бір саны жазылмайды). Жай заттар үшін элементтің таңбасы - формуласы да болады: Ғе, Cu, Ag, Ar.

Мысалы, Н20 (аш екі о) судың формуласы, су молекуласы сутек пен оттек элементтерінен (сапалык құрамы) және сутектің екі атомы мен оттектің бір атомынан (сандық құрамы) тұратынын көрсетеді.

Формуланың алдындағы коэффициенттер молекулалар санын көрсетеді. Мысалы, 5S02(бес эс о екі), Р20. (рэ екі о бес), т.б.

1. Формулалар бойынша зат күрделі немесе жай зат екенін анықтай аламыз:02 - жай зат; Н20 - күрделі зат.

2. Молекула құрамына кіретін элемент атомдарының сандарының ара қатынасын анықтауға болады. NaOH - Бұл қосылыста атомдар сандарының қатынасы 1:1:1 болады, ал CuS04 молекуласында бұл қатынас - 1:1:4

3. Заттың формуласы бойынша оның молекулалык массасын аныктауға болады.

Салыстырмалы молекулалық масса деп зат молекуласы массасының атомдық масса бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін шаманы айтады, олМR деп белгіленеді.

Бұл шама молекуланың абсолюттік массасы деп аталады. Зат молекуласы атомдардан тұратындықтан, оның салыстырмалы молекулалық массасын табу үшін зат құрамына кіретін элементтердіңсалыстырмалы атомдық массаларын(АR) индекстеріне көбейтіп қосамыз.

Мысалы, CuS04 молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы:

Mr(CuS04)=Ar(Cu)+Ar(S)+4Ar(0) Mr(CuS04)=64+32+4 • 16=160

Енді осы заттың бір молекуласының массасын табу үшін формуланы пайдаланамыз.

mM(CuS04) = 160 • 1,66 • 10−27 = 2,66 • 10-25 кг.

2. Негіздер: құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, алынуы. 119 бет

Негіздер– ерітінділерінде бір немесе бірнеше гидроксид иондарын түзіп, диссоциацияланатын күрделі заттар. Егер элемент бірнеше гидроксид түзетін болса, оның тотығу дәрежесі рим цифрымен көрсетіледі. Мысалы, Cu(OH)2 – мыс (ІІ) гидроксиді, CuOH – мыс (І) гидроксиді. Негіздердің көпшілігі суда ерімейді немесе аз ериді. Суда жақсы еритін Негіздерді сілтілер деп атайды. Оларға LіOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH, Sr(OH)2, Ca(OH)2, Ba(OH)2, NH4OH (NH3*H2O аммиак суы) жатады. Сілтілердің судағы ерітінділері теріні, матаны, т.б. күйдіреді. Осыған байланысты кейде оларды күйдіргіш калий, күйдіргіш натр, т.б. деп те атайды. Құрамында екі не үш гидроксид тобы бар Негіздер ерітіндіде сатыланып диссоциацияланады. Мысалы, Ca(OH)2*Ca(OH)++OH (бірінші саты), Ca(OH)+Ca2++OH– (екінші саты). Сонымен қатар бір мезгілде қышқылдық және негіздік типпен диссоциациялана алатын Негіздер (гидроксидтер) де болады. Негіздердің маңызды химиялық қасиеттері олардың қышқылдармен, қышқылдық және амфотерлік оксидтермен немесе гидроксидтермен тұз түзе әрекеттесуі. Сілтілік металдар гидроксидтері қыздыруға төзімді. Суда жақсы еритін Негіздерді негіздік оксидтерін сумен тікелей әрекеттестіру арқылы алады. Мысалы, CaO+H2O*Ca(OH)2. Суда аз еритін немесе ерімейтін Негіздерді сәйкес элементтің тұзына ерімтал гидроксидтермен әсер ету арқылы жанама жолмен алады. Мысалы, FeCl3+ +3NaOH Fe(OH)3+ 3NaCl. 

3. Массасы 10г неон газында қанша атом болатынын табыңдар

Берілгені: m (Nе) = 10 г

Шешуі:

n(зат саны) = 10/20=0,5 моль

n (Nе) = 0,5 * 6,02 * 1023 = 3,01 * 1023

7 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]