Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
430
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

3. Құрамындағы элементтердің массалық үлесі мынадай: к39.69% Mn 27.87% o 32.46% тұздың қарапайым формуласын есепте.

Берілгені:

w(K) = 39,69%

w(Mn) = 27,87%

w(O) = 32,46% 

Табу керек: n (K): n (Mn) : n (O)

Шешуі:

Элементтердің индекстерін (n) табамыз:

n (K) = 39,67/ 39= 1

n (Mn) = 27,87/ 55= 0,5

n (O) = 32,46/ 16= 2

n (K): n (Mn) : n (O) = 1: 0,5: 2= 2:1:4 формула: K2MnO4 – калий манганаты.

10 Билет

1. Сутекке жалпы сипаттама. Алыну жолдарын реакция теңдеуі арқылы өрнекте.

Сутек Д. И. Менделеев жасаған периодтық кестеде бірінші орында тұр.

Таңбасы - Н /оқылады аш деп/

Салыстырмалы атомдық массасы - 1, 008 жуықтап алғанда 1 тең

Жай зат күйінде - Н2

Сутектің судағы массалық үлесі - 11%

Жер қыртысында сутектің массалық үлесі - 1%

Сутекті 1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавиндиш алды, сутекке жай зат екенін анықтап оған «гидрогениум» деп ат берген француз ғалымы А. Лавуазье болды.

Жер бетінде сутек көп қолданылатындықтан, оны алудың түрлі тәсілдері бар. Өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі - суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.

2H2O =2H2+O2

Метанның су буымен әрекеттесуі. Бұл реакция өте жоғары температурада жүреді.

CH4+2H2O=CO2+4H2 --- 165кДж

Бұл процесте бірден таза сутек бөлінбейді, оның көмірқышқыл газбен қоспасы алынады.

Ал зертханада сутекті белсенді металдардан: магний, мырыш, темірді сұйытылған тұз HCl немесе күкірт H2SO4 қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады.

Сынауыққа бірненше мырыш түйіршігін салып оған сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды, төмендегідей реакция теңдеуін көрсетеді:

Zn+2HCl=ZnCl2+H2

Zn+H2SO4=ZnSO4+H2

Сынауыққа ақ сұр түсті металл күйіндегі натрий немесе кальций 1 - 2 түйіршігін салып оған су құйғанда реакция шабытты жүреді.

Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2

2Na+2H2O=2NaOH+H2

Сынауыққа жинап алған сутектің тазалығын тексеру үшін жанып тұрған спиртшамына апарса, таза сутек шабытты түрде реакцияға түсіп, «па» деген дыбыс шығарады. Егер сынауықта сутекпен бірге оттектің не ауаның қоспасы болса, ащы ысқырған дыбыс шығады.

Зертханада сутек алу үшін арнайы аппарат қолданылады, ол аппаратты Кипп аппараты деп атайды. Кипп аппараты екі бөліктен тұрады. Ол ұзын тұмсықты үлкен құйғыдан және бір - бірімен қатынасып тұратын шар мен жарты шардан құралған. Оның жоғарғы бөлігінің төменгі жарты шармен жалғасатын жерінде арнайы қышқылға төзімді кеуек сақиналар болады.. Төменгі жағы шүмекпен жалғасқан.

2. Сілтілік металдар және галогендердің периодтық жүйеге орналасуы. Мысалдар.

Сілтілік металдар ІА топшада орналаскан: литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr. Франций - радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns1 (n = 2-7). Олардың топтық атауы - сілтілік металдар — сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған .

Гидроксил тобымен (ОН) реакцияға түскенде сілті түзетін металдар сілтілік металдар деп аталады. Олардың негізгі қасиеттері:

 

Атомдық номері

Атауы, белгіленуі

Металдық радиус,  нм

Иондық радиус,  нм

Иондану потенциал,  эВ

ЭО

p,  г/см³

tпл, °C

tкип, °C

3

Литий Li

0,152

0,078

5,32

0,98

0,53

181

1347

11

Натрий Na

0,190

0,098

5,14

0,93

0,97

98

883

19

Калий K

0,227

0,133

4,34

0,82

0,86

64

774

37

Рубидий Rb

0,248

0,149

4,18

0,82

1,53

39

688

55

Цезий Cs

0,265

0,165

3,89

0,79

1,87

28

678

Сілтілік металдарда валенттілік электрондары s-деңгейшесінді орналасқан, сондықтан оларды s-элементтері деп те атайды. S элементтері қалыпты жағдайда кристалдық күйде болады, басқа металдарға қарағанда тығыздықтары төмен (27-кесте). Литий, калий және натрий судан жеңіл (0,53 - 0,86 г/см3), сондықтан су бетінде қалқып жүреді. Олардың балқу және қайнау температуралары төмен, бұл олардың кристалдық торларындағы металдық байланыстың әлсіз болуынан. Бұл металдар және олардың қосылыстары жалын түсін төмендегідей өзгертеді: литий — карминс қызыл, натрий - сары, калий - күлгін түске бояйды.

Бұл элементтердің сыртқы электрондық қабаттарында тек бір ғана электрондары бар, оларды оңай беріп жіберіп, өзінің алдында тұрған бекзат газдардың аяқталған электрондық құрылысын қабылдайды. Қосылыстарында үнемі бір валентті, тотығу дәрежелері -0, + 1, күшті тотықсыздандырғыштар. Тотықсыздандырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады, себебі атом радиустары осы бағытта өседі. Литий сумен енжарлау, ал натрий белсендірек, калий шабытты әрекеттессе, рубидий қопарылыс бере реакцияласады. Бұл элементтердің оксидтері – негіздік оксидтер, ал гидроксидтері суда жақсы еритін сілтілер, олардың қасиеттері жоғарыдан төмен қарай артады.

Литийді 1817 жылы А. Арфведсон, рубидий мен цезийді 1861 жылы Р. Бунзен, натрий мен калийді 1807 жылы Г. Дэви ашқан.

Литий ұшақ құрылысында қолданылатын қорғасынды, алюминийлі құймалар алу үшін пайдаланылады, құймаларға қаттылық қасиет береді.

Рубидий мен цезий фотоэлементтерді жасауда қолданыс табады, өйткені жарық әсерінен ядросымен нашар байланысқан электрондары оңай үзіліп кетеді.

Галогендер VIIA топшада орналасқан, олар: фтор F, хлор С1, бром Вr, йод I, астат At. Астат - радиобелсенді элемент.

Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns2 5 (n=2-6). Бұл элементтердің топтық атауы «тұз түзуші» деген түсінікке сәйкес келеді.

Галогендердің соңғы электрондары р-деңгейшесіне түседі, сондықтан олар р элементтеріне жатады. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай олардың атом радиустары артады, қайнау температурасы мен тығыздықтары да осы бағытта өседі. Олардың агрегаттық күйлері газдан (F2, С12) сұйықтыққа (Вr2), ары қарай қатты (І2) күйге өзгереді, түстері де біртіндеп қоюлана түседі.

Галогендер типтік бейметалдар, себебі олардың сыртқы валенттілік қабаттарының толысуына бір ғана электрон жетіспейді, оны қосқанда тотықтырғыштық қасиет көрсетіп, өзінен кейін тұрған бекзат газдардың электрондық кұрылысын алады.

Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді, себебі атом радиустары артқандықтан ядроның электрон тарту күші азаяды.

Фтор қосылыстарында тек бір валенттілік қана көрсетеді, тотығу дәрежесі үнемі -1,0-ге тең, себебі ол электртерістіктілігі ең жоғары элемент; оның екінші энергетикалық деңгейінде екі ғана деңгейшесі бар, электрондардың дараланып көшетін орны болмағандықтан топ нөміріне сәйкес валенттілік көрсете алмайды. Қалғандары топ нөміріне жеткенше тақ мәнді валенттіліктерді (I, III, V, VII) көрсетеді, тотығу дәрежелері: -1, 0, +1, +3, +5, +7.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]