Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
430
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Натрий пжо (периодтық жүйедегі орны) және оның маңызды қосылыстары. Мысалдар

Натрий

Сілтілік металдардың ең көп қолданылатын өкілі - натрий. Сондықтан сілтілік металдардың қасиеттерімен осы металдың мысалында танысамыз.

Табиғатта таралуы

Табиғатта таралуы бойынша натрий 6-шы орын алады, ол тек қосылыстар күйінде кездеседі: NaNО3 - чили селитрасы; NaCl - галит, ас тұзы; Na23 • 10Н2О - сода; Na24 • 10Н20 – глаубер тұзы; NaCl*KC1 - сильвинит, т.б. Ең маңызды қосылысы NaCl – ас тұзы, тұзды көлдердің негізгі құраушысы (Арал, Балқаш).

Атом құрылысы

Na - үшінші периодта, бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан. 2311Na ядросында 11 протон бар, яғни ядро заряды +11, электрондарының жалпы саны да 11, нейтрондарының саны 12-ге тең. Натрий атомының электрондық формуласы;ls22s22p63s1, валенттілік электроны -3s1. Натрий үнемі I валентті, тотығу дәрежесі 0, +1.

Физикалық қасиеттері

Натрий пышақпен оңай кесілетін жұмсақ металл (р =0,97, г/см3), жаңа кескен кезде жылтырап тұрады, бірақ ауада оңай тотығып күңгірт тартады, сондықтан ол барлық сілтілік металдар сияқты сусыз керосиннің астында сақталады. Электр тоғы мен жылуды өте жаксы өткізеді.

Натриймен жұмыс істегенде аса сақ болу керек, оның түйірін қолмен ұстауға болмайды, себебі ол терідегі сумен әрекеттесіп, оны күйдіреді. Металдың қалдығын кез келген жерге тастауға болмайды.

Химиялың қасиеттері

Натрий химиялық белсенді элемент, себебі валенттілік электроны ядросымен әлсіз байланысқан, олай болса, валенттілік электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Сонда мына үдеріс жүреді:

Na0 - е —> Na+

Натрий гидроксидінің алынуы

Зертханада натрий гидроксидін натрийді және оның оксидін сумен әрекеттестіру арқылы алады:

2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2

Na2O + Н2O = 2NaOH

Өндірісте натрий гидроксиді оның тұздарының ерітінділерінің электролизі нәтижесінде түзіледі.

Физикалық қасиеттері

NaOH - ақ түсті қатты зат, күйдіргіш натр деп аталады, себебі қағазды, теріні күйдіреді. Натрий гидроксиді суда жақсы еритін су тартқыш (гидроскопиялық) зат болғандықтан жақсы жабылған ыдыста сақтау керек. Қолға тигенде сабындай болып сезіледі, натрий гидроксидін суға еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан оны кәрлен ыдыста еріту керек.

Химиялық қасиеттері

  1. Бейметалдармен әрекеттескенде екі түрлі қышкылдың тұзы түзіледі.

  2. Қышкылдық және екідайлы оксидтермен тұз және су түзе әрекеттеседі.

  3. Қышқылдармен де осы тектес заттар береді;

  4. Тұздармен реакцияласуы:

  • a) орта тұздармен: 3NaOH + ҒеС13 = NaCl + Ғе(ОН)3

  • ә) қышқыл тұздармен: NaOH + NaHS04 = Na2S04 + Н20

  • в) негіздік тұздармен: 2NaOH + А1(ОН)С12 = А1(ОН)3 + 2NaCl

Натрийдің қосылыстарының қолданылуы

Натрий ғылым мен техниканың әр алуан саласында қолданылады: ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады.

Натрий гидроксиді - қағаз, сабын, дәрі-дөрмек, жасанды талшық өндірістерінде, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.

3. КМnО7 құрамындағы марганецтің тотығу дәрежесін табыңдар

12 Билет

1. Д.И. Менделеевтің периодтық заңының ашылуына қандай заңдылықтар себеп болды? 160 бет.

Д. И. Менделлеев ғылымның әр түрлі салалары бойынша: химиядан ,физикадан, метеорологиядан , ауыл шаруашылығынан педагогикадан 400 – ден аса еңбек жазды. Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодты системасын да жасады.    Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастап ең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды.   Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды. Көптеген елдердің ғылым химиктері химиялық элементтерді жіктеудің әр түрлі тәсілдерін ұсынды.  Бірақ олар барлық элементтерді бір жүйеге келтіретін байланысты таба алмады.  Бұл міндетті орыс ғалымы Д.И. Менделеев ашты.  Химиялық элементті жіктеуде Д.И. Менделеев өзіне дейінгі ғалымдардың еңбектеріне сүйенді.  Бірақ олар топтастырылып қана қоймай , оларды бір жүйеге келтіру үшін  бүкіл элементтерді өзара байланыстырылатын заңдылық іздеді. Бұрынырақта әрбір туыстас элементтер басқа топтармен байланыстырылмай жеке дара қаралды. Ал Д. И. Менделеев ұқсас және ұқсас емес элементтер арасындағы байланысты атомдық массалары және валенттілігіне сүйеніп қарастырды.

Д. И Менделеев өз кезінде белгілі болған  элементтерді атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырылды.  Нәтижесінде қасиеті ұқсас элементтер белгілі бір аралықта қайталанып отыратындығы анықталды.

Li .. Be…. F…. Ne

Na….Mg …. CI….. Ar

K….Ca…. Br….Kr

Rb…..Cs

Белгілі бір элементтің қасиеті біраз элементтен соң қайталанады. Олардың валенттіктері бірдей оксидтері, гидроксидтері, сутекті қосылыстары ұқсас химиялық қасиеттер көрсетеді. Бұл заңдылықты 1969 жылы Д.И. Менделлев периодтық заң түрінде түсіндірді. Период грек сөзі « periodicos» «цикл» деген ұғымды білдіреді. Элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массаларына периодтты түрде тәуелді болады.  Периодтық жүйеде кейбір элементтердің реттік номеріне атомдық массалары сәйкес емес. Мысалы Д.И. Менделеев кобальтты с.м.а 58,93 , никельдің 58,70 алдына орналастырылады. Теллур -Те – 127,6 болғаныны қарамастан атомдық массасы 126,9 йодтың алдына орналастырылады.  Мұндай ауыстырулар болмаса элементтердің қасиетіне байланысты сәйкес келмейді.  Массаларына сай алса йод- халькогендер, ал теллур – галогендер тобына сәйкес келер еді. Сондықтын Д.И. Менделеев мұндай ауыстыруларды қажет деп санады.  ХІХ ғасырды периодтық заң болмаған кезде химия ғылымының жаңалықтары ашылмаған болар еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]