Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
430
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2 Атомның құрамы және құрылысы 143, 145 бет

1911 жылы ағылшын физигі  Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бұлтын түзе қозғалатын  электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсете- тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады.  Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.

     Ал 1913 жылы Резерфордтың шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы зарядтардың шамасы элементтің периодтық жүйедегі рет нөміріне тең болатындығын анықтады.

Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі 

Ar–K,Co–Ni,Te–I элементтердің орындарының алмасуы заңды екені анықталды. Осыған байланысты, элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.

Реттік нөмірдің физикалық мәні осында. Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

Атомның элементар бөлшектері:

Бөлшектер

Белгісі

Салыстырмалы заряды

Салыстырмалы массасы

Протон

р

+

1

Нейтрон

п

0

1

Электрон

е

0

   1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.

   2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең. 

 

А = Z + N; A – атомдық масса;  Z – протон;  N – нейтрон;

 

Табиғатта атомдық массасында айырмашылығы болатын бірдей элементтер атомы болады. Мысалы, хлор элементінің массасы 35 және 37 болатын екі түрі кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протондар саны бірдей,ал нейтрондар саны әр түрлі. Олар изо- топтар. Изотоптар – ядро зарядтары бірдей,атомдық массалары әртүрлі атомдардың түр өзгерістері. Изотоп – бірдей орында деген мағнаны білдіреді.

 Изотоптарда протон мен электрон саны бірдей, нейтрон сандары әртүрлі. Әрбір изотоп екі түрлі шамамен өлшенеді: массасы және элементтің рет нөмірі. Мысалы:

сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .

Элементтердің атомдық массалары бөлшек сандармен өрнектеледі. Мысалы, хлор элементінің с.а.м. 35,5. Бұл ұғымдардың айырмашылығын түсіндіру үшін мынадай мысалдар келтіріледі. Табиғаттаизотобы 75%, ализотобы 25% таралған. Осыдан хлор элементінің орташа с.а.массасы шығады: Аr(CI) = 35∙0,75+37∙0,25 = 35,5

3 Алюминий оксидінің Al2o3 қандай массасында 15.5 г алюминий болады

Шешуі:

Mr (Al2O3) = 27*2+3*16= 54+48=102

102/15,5 = 54/ х

х =15,5*54/102= 8,2 г

4 Билет

1. Атомдар, молекулалар дегеніміз не? 44 бет

ХХ ғасырдың басында атомның да күрделі бөлшек екені, оның өзінен де кіші бірнеше бөлшектерге бөлінетіні белгілі болды. Бірнеше атомдардың өзара байланысуынан молекула түзіледі.

Атом дегеніміз - химиялық жолмен бөлінбейтін затттың ең ұсақ бөлшегі;

Молекула дегеніміз - заттың қасиеттерін бойына жинаған оның ең кіші бөлшегі;

Айырмашылы: атом ең кішісі, молекула атомнан үлкені; Атомда белгілі бір қасиеттер болмайды, ал молекулада заттың химиялық, физикалық қасиеттері жиналады;

Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы  сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады.

Жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері. 

Әр түрлі заттардан денелер құралады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]