Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
430
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

3. 30Г тұзды 170г суда еріткенде түзілетін ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай болады?

Шешуі:

1)      m ерітінді =  m  тұз + m су = 30 =170 =200г

           mтұз                   30 г

W = ------------*100% = ------------*100%   =    15%

         m ерітінді              200г

11 Билет

1. Химиялық реакциялардың теңдеулері, зат массасының сақталу заңы.

Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз –химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

         Химиялық реакцияның теңдеуінің сол жағына әрекеттесуші заттардың формуласын, ал оңжағына жаңадан түзілетін заттардың формуласын жазады. Әрекеттесуші заттар – реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар неқысқаша реагенттер деп аталады. Сол сияқты жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.

Химиялық реакция теңдеуін жазудың өзіндік ережесі бар. Оны түсіну үшін судың түзілуреакциясын қарастырайық.

Теңдеудің сол жағына реакцияғақатынасқан заттардың, яғни реагенттердің формулаларын жазып, олардың өзараәрекеттесетінін көрсететін (+) таңбасын және жаңа өнімге айналу бағытынсілтейтін бағдарша (→) қояды:

Н2 +О2 →

Теңдеудің оң жағына реакция нәтижесіндетүзілетін өнімдердің формуласы жазылады:

Н2 + О2 → Н2О

Теңдеудің сол жағындағы реагенттер өзара әрекеттесіп, теңдеудің оң жағындағы өнімдерге айналатындықтан, бастапқы оттек пен сутек атомдарының саны соңындағы судың құрамындағы оттек пен сутек атомдарының санына тең болуы шарт. Міне, осы шартты орындау үшін теңдеуде жазылған заттардың химиялық формуласының алдына коэффициенттер қойылады.

         Реакцияғаоттектің 2 атомы кіріссе, одан 2 молекула су шығады, сондықтан Н2О формуласының алдына 2 коэффициентін қою керек:

Н2 +О2 → 2Н2О

         Алсудың екі молекуласының құрамына сутектің төрт атомы кіретінін ескерсек, сутекмолекуласының алдындағы коэффициенттің 2 екендігі табылады:

 2Н2 + О2 → 2Н2О

         Химиялық реакция теңдеуінің сол және оң жағындағы атомдар саны өзара тең екендігін біле отырып, реагенттер мен өнімдердің формулаларын бөліп тұрған бағдаршаны теңдікбелгісіне (=) ауыстарады:

2+ О2 =2Н2О

         Мұндай химиялық реакцияның толық теңдеуі былайша оқылады: «екі-аш-екі плюс-о-екі» тең«екі-аш-екі-о».

         Реакцияғакіріскен реагенттер мен одан шығатын өнімдердің формулалары әртүрлі болғанымен,олардың құрамдарындағы атомдар саны әрдайым бірдей болады. Атомдар саны бірдей болса, реагенттер мен өнімдердің массаларының да бірдей болғаны. Мұны химия ғылымында ең алғаш ашылған заттармассасының сақталу заңынан анық көреміз:

         Химиялық әрекеттесуге кіріскен заттардыңмассасы одан түзілетін заттардың массасына тең.

         Заттармассасының сақталу заңын атом-молекулалық ілім тұрғысынан да түсіндіругеболады. Химиялық реакцияға кіріскенбастапқы атомдар жойылмайды және жаңадан пайда болмайды, тек қайта топтасады. Реакцияға кіріскен атомдар реакция соңында да сақталады, олай болса олардыңжалпы массасы да өзгермейді. Реакцияның басындағы атомдар массасы қанша болса,оның соңында да сонша масса сақталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]