Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

17. Химиялық элементтер миграциясының сыртқы факторлары. Тотығу-қалпына келтіру жағдайы және организмдер тіршілігі.

Сыртқы – миграция жағдайының термодинамикалық шарттары. Геохимиялық миграцияның сыртқы факторлары атомды қоршаған ортамен байланысты болады.

Тотығу-қалпына келтіру шарттары (Еh оттекті потенциал), сутекті иондардың концентрациясы сияқты (рН сутекті потенциал) геохимиялық процестердегі элементтер миграциясының химиялық реакцияларының бағытын анықтайды.

Тотығу-қалпына келтірудің химиялық реакциялары химиялық элементтердің өзара қатынасты атомдарының валенттілігінің өзгеруіне алып келеді және электрондардың атомдарды жоғалтуымен, олар өз кезегінде тотығады, және қалпына қайта келетін атомдармен иемденуімен қорытындыланады. Тотығатын заттар, электрондар беретін атомдар, қалпына келтіргіштер деп аталады, ал қалпына келетін зат – тотықтырғыш деп аталады.

18. Химиялық элементтер миграциясының сыртқы факторлары. Геоморфологиялық белгілері. (Жанама іздеу белгілері. Геоморфологиялық белгілер)

Мұндай белгілерге микрорельефтің оң және теріс элементтері және кен денелері мен кен маңайындағы өзгерістер, яғни скарндану, грейзендену, кварциттену, доломиттену, каолиниттену, серпентиниттену, серициттену, хлориттену және т.б. жатады. Мысал ретінде, туынды кварциттер жартас тау тәрізді рельеф құрайды: теңіз деңгейінен 10 метрге дейін көтеріңкі болып келеді, ал теріс элементтерге воронка тәрізді рельефтер жатады

19. Геохимиялық аномалиялар туралы жалпы түсініктер.

Геохимиялық аномалия – бұл не нақты таужыныстар, өсімдіктер, сулар типіне тән, не геохимиялық ландшафтқа, не нақты ауданға тән геохимиялық нормадан ауытқу. Бұл фон мен салыстырғанда элементтер мөлшерінің көтерілуі немесе төмендеуі. Геохимиялық аномалиялар өлшемі бойынша бөлінеді: өлшемі кенді денеге немесе кенорындарға сай жергілікті (локальді); концентрация өрістеріне немесе шашырау өрістеріне сай келетін аймақтық.

Аймақтық аномалиялар ұсақ масштабты геохимиялық зерттеулер кезінде, ал жергілікті орта және ірі масштабты геохимиялық зерттеулер кезінде анықталады.

Геохимиялық аномалияларды кенді денелерге және пайдалы қазбалар кенорындарына қатысты перспективті, перспективті емес және жалған деп бөлуге болады.

Перспективті аномалиялар пайдалы қазбалармен байланысты, сол үшін олар ең бірінші кенді денелерді және пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу кезінде зерттелу керек.

Перспективті емес аномалиялар – бұл таужыныстардағы элементтердің жоғары, бірақ өнеркәсіптік емес концентрацияларымен байланысты геохимиялық аномалиялар. Жұмыстардың бірінші этаптарында перспективті аномалияларды перспективті емес аномалиялардан ажырату өте қиын. Бұл үшін сол бөлікшенің геологиялық және геохимиялық ерекшеліктерін ескері қажет.

Жалған аномалиялар жоғарғылардан, сол типтегі таужыныстардағы элементтердің жоғары мөлшерімен байланысты еместігі мен өзгешеленеді. Жалған аномалиялардың пайда болуы сынамалардың бір топқа дұрыс жинақталмауы мен немесе территоряның ландшафты-геохимиялық аудандастыруының дұрыс болмауы мен байланысты болады немесе іздеу жұмыстарын жүргізгенде өсімдіктердің биогеохимиялық ерекшеліктері ескерілмеген.