Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

20. Аймақтық және жергілікті аномалиялар.

Геохимиялық аномалиялар өлшемі бойынша бөлінеді: өлшемі кенді денеге немесе кенорындарға сай жергілікті (локальді); концентрация өрістеріне немесе шашырау өрістеріне сай келетін аймақтық.

Аймақтық аномалиялар ұсақ масштабты геохимиялық зерттеулер кезінде, ал жергілікті орта және ірі масштабты геохимиялық зерттеулер кезінде анықталады.

Перспективті аномалиялар пайдалы қазбалармен байланысты, сол үшін олар ең бірінші кенді денелерді және пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу кезінде зерттелу керек.

Перспективті емес аномалиялар – бұл таужыныстардағы элементтердің жоғары, бірақ өнеркәсіптік емес концентрацияларымен байланысты геохимиялық аномалиялар. Жұмыстардың бірінші этаптарында перспективті аномалияларды перспективті емес аномалиялардан ажырату өте қиын. Бұл үшін сол бөлікшенің геологиялық және геохимиялық ерекшеліктерін ескері қажет.

Жалған аномалиялар жоғарғылардан, сол типтегі таужыныстардағы элементтердің жоғары мөлшерімен байланысты еместігі мен өзгешеленеді. Жалған аномалиялардың пайда болуы сынамалардың бір топқа дұрыс жинақталмауы мен немесе территоряның ландшафты-геохимиялық аудандастыруының дұрыс болмауы мен байланысты болады немесе іздеу жұмыстарын жүргізгенде өсімдіктердің биогеохимиялық ерекшеліктері ескерілмеген.

Элементтер мөлшерінің таралуы мен байланысты аномалиялар дұрыс (положительный) немесе жағымсыз (отрицательный) болуы мүмкін. Біріншілері жоғары концентрациясымен, екіншілері - элемент-индикаторлардың бірден төмендеуімен айрықшаланады. Аномалияларды бөлу үшін минималды аномалды мөлшерін (Сан) немесе нормалды фондық мөлшеріне (Сф) салыстырмалы тербелуінің жоғарғы және төменгі шегін анықтау керек.

Сан = Сф + 3S ;

мұнда: Сан – элементтің аномалды мөлшері;

Сф – элементтің фондық мөлшері;

S – орта квадраттық ауытқу.

21. Перспективті және перспективті емес аномалиялар.

Аймақтық аномалиялар ұсақ масштабты геохимиялық зерттеулер кезінде, ал жергілікті орта және ірі масштабты геохимиялық зерттеулер кезінде анықталады.

Перспективті аномалиялар пайдалы қазбалармен байланысты, сол үшін олар ең бірінші кенді денелерді және пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу кезінде зерттелу керек.

Перспективті емес аномалиялар – бұл таужыныстардағы элементтердің жоғары, бірақ өнеркәсіптік емес концентрацияларымен байланысты геохимиялық аномалиялар. Жұмыстардың бірінші этаптарында перспективті аномалияларды перспективті емес аномалиялардан ажырату өте қиын. Бұл үшін сол бөлікшенің геологиялық және геохимиялық ерекшеліктерін ескері қажет.

22. Оң және теріс геохимиялық аномалиялар.

Элементтер мөлшерінің таралуы мен байланысты аномалиялар оң (положительный) немесе теріс (отрицательный) болуы мүмкін. Біріншілері жоғары концентрациясымен, екіншілері - элемент-индикаторлардың бірден төмендеуімен айрықшаланады. Аномалияларды бөлу үшін минималды аномалды мөлшерін (Сан) немесе нормалды фондық мөлшеріне (Сф) салыстырмалы тербелуінің жоғарғы және төменгі шегін анықтау керек.

Сан = Сф + 3S ;

мұнда: Сан – элементтің аномалды мөлшері;

Сф – элементтің фондық мөлшері;

S – орта квадраттық ауытқу.

Барлық бұрын қарастырылған геохимиялық аномалиялар табиғи түрге жатады, яғни адамның кедергісінсіз жаралған аномалиялар.