Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

34. Индикатор-элементтердің ореолдары.

Жыныстардың кен маңайындағы өзгерістері барлық кенді денелермен қатар жүрмейді, бұдан басқа оларды жиі аймақтық немесе автометаморфтық өзгерген жыныстардан ажырату қиын, сондықтан алғашқы ореолдар бойынша геохимиялық іздеу кезінде индикатор-элементтердің ореолдарына басты назар аударған жөн. Олардың әртүрлі постмагмалық кенорындардағы кейбір ерекшеліктерін қарастырайық.

Скарнды кенорындар. Скарнды кенорындар тобына кенді формациялардың бірнеше қатары жатады. Олар негізгілері мысты, темірлі-кенді, қорғасын-мырыщты, вольфрам-молибденді формациялар болып табылады. Бұл формациялардың кенорындарының алғашқы ореолдарынының геохимиялық ерекшеліктерін зерттеу де мардымды қызығушылық тудырады. Скарнды мысты және мыс-мырышты кенорындардың негізгі индикатор-элементтері Cu, Zn, Pb, Ba, As, Mo, Ag, Fe болып табылады. Кенді денелерден аса алшақтаған кен үстілік ореолдар барий мен мышьяктың белдемділік қатарымен сәйкес жаралады. Кенді денелерден аз алшақтаған (әдетте 50 м-ге дейін) ореолдарға Cu, Pb және Zn тән. Мысты скарнды кенорындардың ореолдарындағы көптеген индикатор-элементтер дербес минералдар қалыптастырады, дегенмен олардың бөлігі изоморфтық формада жоғары мөлшерде кездесуі мүмкін. Осылай Саяқ кенорындары тобында (Орталық Қазақстан) гранаттардың, эпидоттың және пироксендердің темірлену дәрежесінің артуы скарндар мен эпидозиттердегі Cu мөлшерінің өсуімен байланысты екендігі анықталған. Темірлі-кенді скарнды кенорындардағы негізгі индикатор-элементтерге B, Ba, Sr, Ti, Ag, Pb, Zn, Ni, Mn, Cu, Sn, Ge, Mo және т.б. элементтері жатады. Қорғасын-мырышты скарнды кенорындардағы басты индикатор-элементтерге Pb, Zn, Cu, As, Ag, Cd, Sb жатады. Олардың ішіндегі Pb, Zn, As және Cu ореолдарда әдетте дербес минералдар қалыптастырады: галенит, сфалерит, арсенопирит, халькопирит; Ag, Sb және Cd галенит және сфалериттегі қоспа-элементтері болып табылады.

35. Алғашқы ореолдардың морфологиялық ерекшеліктері.

Алғашқы ореолдарды зерттеу олардың морфологиялық ерекшеліктерін анықтайтын факторлар қатарын белгілеуге мүмкіндік берді. Ореолдардың өлшемдері және пішіндері белгілі мөлшерде пайдалы қазбалар денесінің (кенорын) пішіні және өлшеміне сәйкес келеді. Бұл ореолдың және пайдалы қазба денесінің генетикалық бірлігіне жауап береді және кенорын қалыптасатын белгілі бір геохимиялық барьердің геологиялық құрылымындағы орнын көрсетеді. Тағы да бір ерекшелігін ескерген жөн: пайдалы қазба денесіндегі индикатор-элементтердің концентрация жоғары және олардың сыйыстырушы жыныстардағы фондық мөлшері төмен болған сайын, әдетте ореол үлкен өлшемге ие болады.

36. Экзогенді кенорындардың алғашқы ореолдары.

Экзогендік кенорындар және олармен қатар жүретін алғашқы ореолдары еріген күйде және дербес минералдық пішіндер түрінде миграцияланатын элементтердің концентрациясы кезінде жаралады. Олардың қалыптасуы ашық сулы бассейндерде, беттік сулардың ағынында, таужыныстардың жарықшақтары бойынша (инфильтрациялық кенорындар) жүруі мүмкін. Осы ретте индикатор-элементтер дербес минералдық түрлерді қалыптастыруы және «бөтен» минералдарға қоспа ретінде кіруі мүмкін.