Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

29. Магмалық кенорындардың алғашқы ореолдары.

Магманың кристалдану үрдісі қысымның өзгеруі кезіндегі балқыма температурасының төмендеуімен анықталады. Кристалданудың жалпы жүрісіне балқыманың құрамы (әсіресе жеңіл және ауыр ұшпалы компоненттердің арақатынасы) және сыйыстырушы жыныстардың сіңірлу (ассимиляция) үрдісі үлкен әсер көрсетеді. Магманың кристалдануы кезінде элементтер қатарының, соның ішінде өнеркәсіптік маңызы бар кенді элементтердің шоғырлануы (концентрация) мүмкін. Ликвациялық кенорындардың ішінде ультранегізді және негізді жыныстарға ұштастырылған сульфидті мыс-никельді топ кең таралған. Бұл топтың алғашқы ореолдарының қалыптасуы балқыманың силикатты және сульфидті құрамдарға бөліну және сульфидті балқыманың ауырлық күшінің әсерімен одан әрі миграциялану үрдісімен байланысты. Осылай, ореолдардың жаралуы кезінде элементтердің басым бөлігі миграциялық ортада магмалық балқымалар түрінде миграцияланады. Қарастырылып отырған ореолдардағы индикатор-элементтер минералды және изоморфты пішіндерде (форма) кездесуі мүмкін. Ореолдардың жаралуы екі негізгі себептермен шартталады: магманың сульфидті балқыманың барлық тамшыларының толық түсуіне дейін кристалдануы және сульфидті балқыманың бұрын қайта кристалданған силикатты балқымалар мен сыйыстырушы жыныстардың жарықшақтарында кристалдануы.

30. Пегматитті кенорындардың алғашқы ореолдары.

Кенорындардың ореолдарының магма кристалдануының соңғы кезеңінде (пегматиттік) жаралуы магмалық кенорындардың ореолдарының жаралуынан біршама өзгешеленеді. Олар постмагмалық кенорындардың ореолдарына өтпелі ореол секілді болып табылады. Пегматиттік кенорындардың ореолдарындағы тікелей және жанама индикатор-элементтер жиі кенді және жыныстүзуші минералдар қоспалары түрінде кездеседі. Алғашқылардың бірі болып бұл құбылысқа А. И. Гинзбург (1950) көңіл аударды. Ол мардымды поллуцитті желілерде лепидолит Cs жоғары мөлшерімен ерекшеленетінін, ал А. А. Беус (1956) берилл бар пегматитті желілердегі минералдардағы Cs мөлшері берилл жоқ желілердегі минералдарға қарағанда аса жоғары екендігін анықтады.

31. Постмагмалық кенорындардың алғашқы ореолдары.

Постмагмалық кенорындардың алғашқы ореолдарының жаралуы бірқатар лито-, халько- және сидерофильді элементтердің миграция және концентрация үрдістерімен байланысты. Ореолдардың қалыптасуы кезіндегі элементтердің ерітінділер түріндегі миграциясы екі жолмен жүреді: инфильтрациялық және диффузиялық.

Элементтердің диффузиялық миграциясы. Диффузия газдарда, сұйықтарда, коллоидтарда және қатты дененлерде жүруі мүмкін. Ол бөлшектердің (коллоидтар, молекулалар, атомдар және иондар) концентрациялары кему бағытында орын ауыстыруымен болады.

Элементтердің инфильтрациялық миграциясы. Әдетте ореолдар жаратылатын элементтер миграциясының негізгі түрі болатын инфильтрация кезінде кенді ерітіндер әлсіз белдемдерге сіңеді. Осы жағдайда иондар миграциясының қашықтығы олардың өлшеміне пропорционал.