Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

13. Химиялық элементтер миграциясының сыртқы факторлары. Температура.

Сыртқы – миграция жағдайының термодинамикалық шарттары. Геохимиялық миграцияның сыртқы факторлары атомды қоршаған ортамен байланысты болады.

Температура. Температураның көтерілуімен балқымаларда және ерітінділерде орналасқан элементтердің миграциялық қабілеті артады, химиялық реакцияның жылдамдығы артады және изоморфты ауысулардағы элементтердің өзара ерігіштігі артады.

Геохимиялық процестің жүруінің негізгі шартына температураның төмендеуі жатады. Температура заттың қозғалмалылығын және агрегатты күйін, химиялық реакцияның жылдамдығын, балқымалар мен ерітінділердегі кристаллизацияның жылдамдығын және реттілігін, элементтердің кристалдық температуралары бойынша дифференциациясын анықтайды.

Жер қыртысында магмалық балқымаларда температура 1600-15000 1200-13000 дейін болады және жер қыртысының терең бөліктерінде -850С дейін литосфера бетінде (Антарктидада).

Геохимиялық процестердің температурасын геологиялық және минералогиялық термометрлер арқылы анықтайды, бұл сондай минералдар немесе олардың комбинациялары, немесе өздерінің жаралу, өзгеру температуралары белгілі болатын минералдардың нақты бір қасиеттері. Осылардың көмегі арқылы сол процестің температурасын нақты анықтауға болады.

14. Химиялық элементтер миграциясының сыртқы факторлары. Қысым.

Сыртқы – миграция жағдайының термодинамикалық шарттары. Геохимиялық миграцияның сыртқы факторлары атомды қоршаған ортамен байланысты болады.

Қысым. Қысым химиялық элементердің миграциясына үлкен әсер етеді, мысалы тектоникалық жарылымдардар пайда болған кезде магмалық ошаққа әсер етеді. Осымен байланысты ұшпалы компоненттердің бөлініп шығуы пневматолит-гидротермальды процестердің басталуына және магмалық ошақтан химиялық элементтердің қоршаған ортаға интенсивті миграциясын қамтамасыз етеді.

Қысымның тербелісі температураның тербелісімен тығыс байланысты болады. Қысым элементтердің балқу және қайнау температурасына әсер етеді. Мысалы, қысым 1 атм. көтерілсе, темірдің балқу температурасы 0,0110С –ге көтеріледі.

Температура және қысымның біршама тербелісі және олардың арақатынасы элементтің физикалық күйінің өзгеруін анықтайды, сонымен қатар, элементтердің өзара миграциясы: балқыту, еріту, төмендеу және т.б. (элементтер миграциясының маңызды шарты болып келеді) жүзеге асады.

Гипергенді процестерде қысымның өзгеруімен осы процестің жүруіне үлкен әсер ететін қоршаған ортадағы оттегінің, көмір қышқылының және т.б. газдардың мөлшерінің өзгеруі байланысты.

Миграция үшін өте маңызды болатыны стресс - жанама (бүйірлік ) қысым (негізінен минерал жаралу процестерінде). Мысалы, стресс минералдарға мусковит, хлорит, эпидот, цоизит, тальк, дистен, ставролит жатады.

Стресс – минералдардың өздерінің қайта кристаллдануына септігін тигізетін, заңды-кеңістікті бағытын тудыруын шақыратын метоморфизм факторларының бірі.

Жер қыртысындағы геохимиялық поцестер үшін қысымның төменгі шегі тропо-(атмосфераның төменгі қабығы) және литосфераның шекарасында 1атм. деп қабылданады.

Егер геохимиялық процестерді біздің бақылауымыз жететін 30 км тереңдікте өтеді десек, онда қысымның жоғарғы шегі 7500-10000 атм. болады. Тектоникалық процестер кезінде туындайтын қысымның шамасы туралы айту өте қиын. Өйткені, физиктердің есебі бойынша, алмас 60000 атм. жоғары қысым кезінде көміртегінің мықты модификациясы болып келеді, яғни жоғарғы шегін де осындай шамаға үлкейтуге болады. Бұндай шаманы жер қыртысының геохимиялық процестері кезінде жетеді, бірақ жер қыртысында алмастың кездеуі сирек сияқты өте сирек кездеседі.