Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

57. Атмохимиялық іздеу кезіндегі сынамаларды алу жұмыстары.

Мұнай және газ шоғырларын іздеудің алғашқы сатысында сынамаларды 10х2 немесе 5х2 км торы бойынша бұрғыланған, терең емес (әдетте 25-30 м-ге дейін) ұңғымалардан алады. Дамуына және олардың тәжірибеліден өндірістікке ауысуына үлкен мән берілетін арнайы жерастылық лазерлі атмохимиялық іздеу жүргізуге де болады. Одан кейінгі сатыларда сынама алу тереңдігі жоғарғы, аймақтық ұстамды сулы-газды тіректің қиылысуына дейін тереңдейді. Осы ретте ұңғымалар торы 0,5 км-ге дейін жиіленуі мүмкін (ерекше жағдайларда ұңғымалар арасындағы арақашықтық 0,5 км-ден аз болуы мүмкін). Мүмкіндік бойынша сынамалауға тағайындалуына (сейсмикалық, құрылымдық және т.б.) тәуелсіз түрде барлық ұңғымалар түседі. Терең ұңғымаларды бұрғылау кезінде газды каротажды жүргізу міндетті.

Кенді кенорындарды іздеу кезінде сынамалар тек ұңғымалардан ғана емес, арнайы зондтардың көмегімен де алынады.

Газды сынамалар арнайы құралдармен алынады. Газдарды талдауды сынама алу орнында жүргізген дұрыс. Қазірдің өзінде көміртегі диоксидінің, сынаптың концентрациясын, көмірсутекті, сондай-ақ күкіртті газдардың суммасын анықтауға мүмкіндік беретін ауыспалы газ-талдағыштар бар; оларды жетілдіру мен жаңасын жасау жүріп жатыр. Дегенмен жиі әртүрлі себептермен газдардың және т.б. сынамаларын алуға тура келеді. Осы сынамалардың көлемі зертханалық талдау мен анықталатын компоненттердің мөлшерімен анықталуы керек.

Сынамалар алу кезінде далалық журналда құжаттау және нақты материалдың картасын құрастыру жүргізілуі тиіс. Журналда сынама алу нүктесін олардың тереңдігін көрсетумен байланыстырудан бөлек бөлікшенің ландшафтты-геохимиялық ерекшеліктері, грунттық сулардың деңгейі, газсыйыстырушы жыныстардың құрамы жайлы мәліметтер келтіріледі. Бұл журналда сынама алу нүктесінде анықталатын газдардың мөлшері және сынамалау кезеңіндегі топырақтың температурасы жайлы мәліметтер де келтірілген болуы керек. Бақылау сынамалауға сынама алу нүктесінің 10% жүргізген жөн. Талдау нәтижелерін өңдеу, жекелеген газдардың фондық және аномальді мөлшерін есептеу жалпылама талаптар бойынша орындалады.

58. Пайдалы қазба кенорындарын іздеудің шлихті әдісі.

Шлихті іздеу әдісі – яғни бұл әдіс минералды формада болатын элементтердің миграциясының жолын минералды анықтаған нүктеден бастап арнайы шлихты сынамаларды алу арқылы кенорындарға дейін сағалауған негізделген.

Кеңестік одақ дәуірінде геохимиялық іздеу әдістері Қазақстанда кеңінен қолданылған осы жұмыстарға А.П. Соловов, Н.И. Сопронов, С.Д. Миллер және тб үлкен үлес қосқан.

Барлық шлихты зерттеулерді масштабына байланысты ұсақ (аймақтық), орта және ірі масштабты деп бөлуге болады. Аймақтық зерттеулер 1:100000-1:500000 масштабта басты өзендер мен олардың сағалары орналасқан жазықтарда бір-бірінен 10-15 км қашықтықта жүргізіледі. Мұндай зерттеулерден алынған мәліметтер ауданның кендену жағдайына жалпы баға береді. Орта масштабты(1:200000-1:100000) және ірі масштабты(1:50000-1:25000) зерттеулерде сынамалар арасындағы ара қашықтық 0,5км-ден 2км аралығында өзгеріп отырады. Қарастырылған жұмыстар зерттеліп отырған ауданға нақты перспективті баға беруге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар шлихтағы кенді минералдардың түпкілікті тау жыныстармен байланысын нақтылайды және жеке кенді денелердің орналасу орнын анықтауға көмектеседі.