Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

49. Литохимиялық сынамаларды алу және өңдеу.

1:25 000 және одан да ұсақ масштабтардағы барлық литохимиялық іздеулер сәйкес масштабтардың трапециялары шеңберінде жүргізіледі, ал жеке жағдайларда парақтың ½ немесе ¼ бөлігімен шектелуі мүмкін. Аса дәлдікті жұмыстар кезінде мүмкін болатын масштабтардың барлық шкаласын сақтау міндетті емес. Шашырау ағындары бойынша іздеу кезінде сынамаға сазды немесе құмтасты фракцияларды алады. Сынамаларды алу өзен жағасынан бастап 15 км-ге дейін созылып, олардың жоғарғы бөліктеріне дейін жетеді. Туынды ореолдар бойынша литохимиялық іздеу кезінде сынама ретінде құмды-сазды фракция алынады. Әдетте алынатын сынамалардың массасы – 50 г, бірақ ірі фракцияларды пайдалану кезінде олардың массасы 300 г-ға дейін жетеді. Сынама алудың дұрыстылығы сынаманың жалпы санының 3% көлемінде қайта сынамалаумен бақыланады. Сынама алумен бір мезгілде далалық кітапшада оларды құжаттау мен абрис тұрғызу жүргізіледі. Осы ретте маршрут бойында орналасқан жолдар, өзендер, тау-кен үңгімелері, рельефтің ерекшеліктері, борпылдақ түзілімдердің сипаты және т.б. міндетті түрде жазылады. Кенді түпкілікті шығымдарды немесе көне үйінділерді литохимиялық іздеу үрдісінде табылу кезінде толық құжаттау мен сынама алу орнымен байланыстырылған штуфты сынамалау жүргізіледі.

50. Пайдалы қазба кенорындарын іздеудің гидрогеохимиялық әдістері.

Бұл әдіс табиғи жерүсті және жерасты суларының химиялық құрамын зерттеуге негізделген.

Гидрогеохимиялық іздеу әдісінің маңыздылығы гидросферадағы элементтердің таралу ерекшеліктерін жерасты және жерүсті суларын жүйелі түрде сынамалау арқылы зерттеу кезінде кенді денелермен байланысты гидрогеохимиялық ореолдарды анықтаумен сипатталады. Бұл әдістің принципиалды негізін мыналар құрайды: 1) судың таужыныстарды ерітуге қабілеттілігі; 2) минералдардың химиялық өзгеруінде судың белсенді қатысуы; 3) қозғалмалы орта сияқты судың қасиеті.

Гидрогеохимиялық іздеу әдістеріне қолайлы нысандарға минералды сулардың (әртүрлі табиғи хлоридтердің және сульфаттардың) кенорындары жатады. Кенді кенорындардың ішінде гидрогеохимиялық іздеудің қолайлы нысандарына сульфидті, ең алдымен колчеданды-полиметалды және дисульфидтерге бай мысколчеданды кенорындар жатады.

51. Гидрогеохимиялық іздеу кезіндегі сынамаларды алу жұмыстары.

Гидрогеохимиялық сынамалар жерасты сулардың табиғи қайнар көздерінен, жер үсті суларынан, бұрғылау ұңғымаларынан және тау қазындыларынан алынады. Ауданның геологиялық және ландшафтты геохимиялық құрылысына байланысты аймақты зерттеу жұмыстары кезінде 10 км2 1-10 сынама алу орындары, ал меншікті іздеу жұмыстары кезінде 10 км2 1-50 сынама алу орындары болуы керек. Дәлдікті жұмыстар кезінде сынамаларды алу нүктелерінің арасы 100 м-ден кем болмауы керек. Тереңдікті геологиялық карта түсіру жұмыстары міндетті түрде бұрғылау ұңғымаларынан сулы қабаттарды сынамалаумен бірге жүреді. Сынамалар сумен шайылатын талдау жұмыстарына арналған арнайы таза ыдысқа салынады. Алынатын судың мөлшері 0,5-1 л болады. Сынамаларды табиғи су көздерінен алған кезде оның орографиялық және гидрографиялық элементтеріне қарағанда орны анықталады, су кіріктіруші таужыныстар зерттеледі, су көзінің типі анықталады, судың шығуы зерттеледі, су көзінің дебиті өлшенеді, сулардың физикалық қасиеттері анықталады және су көзіндегі шөгінділердің үлгілері алынады. Судың қатты ағысы болған жағдайда оны тексеріп және соның әсерінен судың ластануы анықталады. Барлық осы бақылаулар арнайы пикетті журналға жазылып отырады. Жер үсті суларды сынамалаған кезде бөлікшелердің суқоймалары және гидрогеологиялық жағдайларын сипаттайды, оның физикалық қасиетін анықтайды. Ұңғымалардан сынамаларды алу кезінде бірінші ұңғымадан суды айдап шығарып және ұңғыма бойынша қиманы, оның конструкциясын, қолданылған бұрғылау сұйығының сипаттамасын арнайы журналға жазады.