Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

1)Жеке минералдық түрлер

2)Минералдардағы изоморфты қосылыстар.

3) Биогендік түрі.

4) Сулы ерітінділер

5) Сұйық дисперсті орталы коллоидтар.

6) Техногендік қосындылар

7) Магмалық балқымалар.

8) Шашырау күйі.

Сұйық дисперсті орталы коллоидтар. Элементтерді анықтаудың бұл түрі табиғатта кеңінен таралған. Бұлар континентті және мұхиттық суларда кездеседі, одан басқа, «өзінің кейпін білдіретін ландшафтың өте маңызды бөліктері, немесе коллоиды күйде болады, немесе өзінің жаралу процесінде коллоидты күйден өткен болып келеді» (А.И.Перельман, 1975). Сұйық дисперсті ортада, дисперсті (өзгеру - шашырау) фаза қатты және газ тәрізді күйде болуы мүмкін. Геохимиялық іздеулер үшін бірінші жағдай маңызды болып келеді. Мұнда дисперсті фаза металлдармен (Au, Ag, Pt, Bi, Sn және т.б.); металлдардың гидроксидтерімен (Fe(OH)3, Ti(OH)4, Al(OH)3 және т.б.); оксидтермен (MnO2, SiO2 т.б.); сульфидтермен (PbS, ZnS, Sb2S3, As2S3 және т.б.); сазды минералдармен (галлуазит, каолинит, монтмориллонит және т.б.) сипатталады.

Табиғатта коллоидтардың түзілуі екі негізгі әдіспен жүзеге асырылады:

1) дисперсиялық (кристаллдық заттың бұзылуы кезінде)

2) конденсациялық (молекулалық бөлікшелердің коллоидтық мөлшерге дейін қосылуы кезінде).

Дисперсиялылықтың өте жоғары дәрежесінде және дисперсиялық фазаның үлкен шамасы кезінде коллоидты жүйелер бос энергияның үлкен қорына ие болады. Оның өз еркімен төмендеуі сорбцияға ұшыратады.

8. Жер қыртысындағы элементтер миграциясының негізгі заңдылықтары.

«Химиялық элементтердің миграциясы» терминін 1923 жылы геохимияға А.Е.Ферсман енгізген. Бұл түсінікті ол, Жер қыртысындағы шашырауға және концентрацияға апаратын химиялық элементтердің орын ауыстыруын анықтайтын процестер кешені деп түсінді.

Жер жағдайындағы химиялық элементтердің миграциясы атомдық (инертті газдар, булар, сынап булары және т.б.), иондық (ерітінділер, балқымалар және коллоидты жүйелер), молекулярлық (ерітінділер, силикатты балқымалар) немесе коллоидтық, сонымен қатар дисперсті (таужыныстардың және минералдардың сынықтары) формада жүзеге асады.

Химиялық элементтер миграциялық қабілеттілігіне байланысты, яғни геохимиялық процестерде орын ауыстыруының интенсивтігімен өзара бөлінеді. Сонымен қатар, элементтердің миграциялық қабілеттілігі миграция ортасының термодинамикалық жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Белсенді мигранттардың қатарына жер қыртысының ауқымында орын алатын термодинамикалық жағдайлардың кең диапазонында оңай миграцияланатын химиялық элементтерді жатқызуға болады.

Осы элементтердің атомдары магмалық балқымаларда да, ерітінділерде де, сонымен қатар гипергенез белдемінің ерітінділерінде де оңай орын ауыстыра алады. Мысалы белсенді миграцияланатын элементтерге галогендер, сілтілі металлдар және т.б. жатады. Белсенді емес мигранттар (мысалы платина тобының элементтері) тек қана термодинамикалық жағдайлардың тар диапазонында (магмалық балқымалар) протокристаллизация сатысы - базальтты магманың оливинді таужыныстар жаралу кезіндегі дифференциациясы(перидотиттер, дуниттер, пироксениттер, габбро, нориттер ) кезінде миграцияланады. Жер қыртысының көптеген элементтері белсенді мигранттар болып келеді.

Химиялық элементтердің миграциясы көптеген факторлар нәтижесінде туындайды, бірақ оларды екі топқа бөлуге болады: 1) ішкі – химиялық элементтердің және оның қосындыларының атомдарының қасиеттерімен байланысты, 2) сыртқы – миграция жағдайының термодинамикалық шарттары.