Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

40

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.9 Mб
Скачать

Как отмечает Ц.П. Короленко, дисфункциональность семейных отношений, передаваемых как семейные истории, семейные мифы, семейные сценарии от поколения к поколению, фиксирует определенный (полагаем, в том числе непродуктивный, саморазрушающий) способ бытия, существования, переживания этого Мира [7].

В свою очередь, родители, часто сами выходцы из таких дисфункциональных семей, и они бессознательно создают и подстраивают знакомую модель семейных отношений, демонстрируя своеобразную преемственность поколений.

Дети, как правило, из таких дисфункциональных семей отличаются такими общими характерными чертами:

-они тревожны и не уверены в себе, у них низкая самооценка, низкий уровень притязаний;

-если они в семье подвергались мучениям, то сами могут впоследствии мучить себя и других людей;

-они ощущают собственную ненужность, беспомощность;

-они ощущают чувство одиночества;

-они никому не доверяют и не уважают окружающих;

-они боятся быть искренними и поэтому всегда находятся «в маске»;

-они не уважают и не ценят себя; никчемности

-не веря в собственные силы, они стремятся избавиться от ответственности или же у них, наоборот, развивается сверхответственность;

-они пытаются извлекать выгоды из деструктивных отношений и сами становятся хорошими манипуляторами;

-они пытаются подчинить себе других, открыто доминируя или манипулируя;

-они не умеют дифференцировать свои чувства;

-они не умеют строить отношения с другими людьми;

-они часто имеют комплекс «вины выжившего».

Этот комплекс раскрывается в том, что дети их дисфункциональных семей не могут себе позволить быть счастливее и успешнее своих родителей. Как правило, выходец из такой семьи, испытывающий комплекс «вины выжившего», упускает те возможности, которые предоставляет ему жизнь. Он, в силу заниженной самооценки и низкого уровня притязаний, считает, что не может претендовать на что-то лучшее, что у него получится и др.

Дети, воспитанные в таких семьях, как правило, приходят к выводу, что неблагополучие в их жизни - это само собой разумеющийся факт. Они воспринимают - это как данность, от которой никуда не денешься. Покинув родительский дом, многие из

них, сами став родителями поддерживают уровень несчастья, к которому

они привыкли

с детства. Как неоднократно

подчеркивают психологи: «Человек с

детства, не

знающий любви, не может узнать любовь в других и не умеет любить сам».

 

Свидетельство

этого

являются

исследования

семей пациентов,

страдающих депрессивными и тревожными расстройствами, проведенные С.В. Воликовой в 2006 году. Проведенное российским психологом исследование показало, что пациенты с депрессивно - тревожными расстройствами отличались от здоровых испытуемых. Для них была характерна бόльшая выраженность дисфункций, заложенных их семьями. В частности, они проявляли скрытую враждебность, недоверие, повышенную тревожность, замкнутость, скрытность. Они не любили рассказывать о себе и, особенно о своих семьях и о проблемах, переживаемых там.

В семейной истории пациентов, страдающих депрессивными расстройствами, присутствовало большое количество стрессогенных событий в виде жестокого обращения, конфликтов и драк в семье, тяжелых соматических заболеваний родственников, при болезни

или смерти которых присутствовали сами пациенты.

Также, в семьях таких

пациентов существует запрет на открытое выражение

чувств, открытое общение,

превалируют ценности послушания и высоких достижений,

преобладает перфекционизм,

постоянный контроль, дети подвергаются постоянной критике со стороны родителей. Сами

31

родители страдают депрессией, сами имеют вредные привычками и окружены родственниками, страдающих алкоголизмом.

Для родителей пациентов, страдающих тревожными расстройствами, характерны повышенный уровень тревожности, хронические конфликты. Дети, выросшие в таких семьях, получают опыт и вырабатывают определенные модели поведения подобных отношений и повторяют, как уже было сказано выше, жизненный сценарий, которые определили для них их же родители.

Таким образом, аддиктивное поведение родителей, нарушения внутрисемейных отношений не только создают неблагоприятный фон для эмоционального развития ребенка, но и становятся источником развития личностных нарушений и поведенческих расстройств, различного характера, в том числе, и разных видов зависимого поведения.

Литература

1. Карвасарский Б.Д. Психотерапевтическая энциклопедия. - СПБ.: ПитерКон, 2008. -

59 с.

2.Эйдемиллер Э.Г., Юстицкий В.В. Семейная психотерапия. - М.: Медицина, 2009. -

192 с.

3.Целуйко В.М. Психология неблагополучной семьи: Книга для педагогов и родителей. - М.: Смысл, 2013. - 272 с.

4.Словарь иностранных слов. - М.: Русский язык, 1984. - С.170.

5.H.Norman Wright. The Premarital Counseling Handbook - Chicago, IL: Moody Press,1992. – Р.61.

6.Берн Э. Игры, в которые играют люди: психология человеческих взаимоотношений. Люди, которые играют в игры: психология человеческой судьбы // под ред. М. С. Мацковского. - М.: Прогресс, 2010 - 107с.

7.Короленко Ц.П. Аддиктивное поведение. Общая характеристика и закономерности развития // Обозрение психиатрии и медицинской психологии. - 2003. - №1. - С. 8-15.

Н.Б. Байысбаева, С. Жаманкулова

ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІКПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ

Жастардың құндылықтық бағдарлары көп қырлы психологиялық феномен болып табылады. Бұл феноменді ұғынуда онымен мәні жағынан ұқсас құндылық, бағдар, мотив, қызығушылық сияқты психологиялык сфераларды талдаған маңызды. Құндылықтық бағдарлар дегеніміз - тұлғаның өзінің бүкіл өмір әрекеттерін, потенциалдарын, бүкіл ішкі мотив пен ұмтылыстарды толығымен ашу арқылы көрінетін, адамның өмірлік ұмтылысы. Құндылықтық бағдарлар адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ғана емес, оның әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі анықтауы кезіндегі іс-әрекетін саналы ұйымдастыруларына ерекше әсер ететін құбылыс. Құндылықтық бағдарлар мәселесін зерттеуде әр түрлі психологиялық, философиялық тұжырымдамаларды талдай келе, тұлғаның кұндылықтық бағдарларының екі түрін бөліп көрсетуге болады: инструментті құндылықтар және терминалды құндылықтар. Құндылықтық бағдарларға коршаған орта, адамның негізгі ісәрекеті де үлкен әсерін тигізеді. Тұлғаның құндылыктық бағдарларына кіретіндер: денсаулық, бақытты отбасылық өмір, жақсы және адал достардың болуы, қызықты жұмыс, өмірлік даналық, түрлі ләззат алулар, махаббат, материалдық қамтылу, қоғамдық бедел, елдегі тыныштық, өзіне-өзі сенімділік және т.б. Құндылықтық бағдарларды белгілі аумақтар бойынша біріктіріп, талдаған маңызды болып табылады [1].

32

Тұлғаның құндылықтық бағдарлар жұйесінің құрылымдық сипаты оның көп өлшемділігі және көп деңгейлігі әр түрлі жоспарлар функциясының іске асу мүмкіндігін анықтайды.

Жастардың рухани әлемінің жағдайы жастар үшін ғана емес, бүкіл қоғам өмірі үшін де маңызды орын алады, өйткені жастар біздің болашағымыз. Жастардың рухани мәдениетін құраушылардың бірі құндылықтық бағдарлар болып табылады яғни, белгілі-бір мәндерді өмірді ұйымдастырушы бастамалар ретінде қабылдау және өзін соған сәйкес ұстау.

Осыған байланысты біз жастар арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға өз еріктерімен 17-22 жас аралығындағы 43 респондент қатысты. Сауалнамада құндылықтарға байланысты 19 ой-тұжырым келтірілген. Құндылықтарды сипаттайтын ойларды бес блокка бөліп көрсеттік.

Бірінші блокка (№1, №8, №15) адамның өмірлік іс-әрекетіндегі мамандықтың маңыздылығы және мәнділігін сипаттайтын ойлар. Мамандық бұл ойларда қоғамға пайдалы көзқараспен қарастырылған, қаншалықты ол оларға эмоционалды қызықтыруы және адам өміріндегі маңызды құндылықтардың біріне кіреді.

Екінші блокка (№3, №10, №17) , қатысушы адамдарға құрдастармен өзара қарымқатынастың рөлі, олардың маңызы мен мәнділі сипатталады. Оларда құрдастармен эмоцианалды және өзара қарым қатынас аспектісі бейнеленеді. Адамдар үшін заттардың, киімдердің, қоршаған ортаның маңыздылығы,мәнділігі көрсетіледі.

Үшінші блокка (№2, №9, №14, №16) адамдарды қоршаған заттық нәрселер жатады, оған үйдегі жағдайды, киетін киімімізді, кітаптар, магнитофондар, машиналар және т.б. Адамдар аталған заттарды бірін алғанда бей жай қарамайды, кейбір адамдарға өмірдегі басты нәрсеге айналады. Бұл адамдардың құндылық бағдарларының бір жағын көрсетеді. Адамдар үнемі ақылдырақ, әдімірек,мықтырақ болуға тырысады, яғни белгілі бір немесе ортақ идеалға ұқсау. Өзінің идеалына байланысты адам өзін бағалайды, яғни өзі жайлы біледі. «Мен» бейнесі индивидтің өзі жайлы ойы. Сонымен, «Мен» бейнесін сипаттайтын ой тұжырымдар төртінші блогқа кіреді (№4, №5, №6, №11, №12, №13). Соңғы бесінші блогка (№7, №18, №19) адамның әртүрлі өмірлік іс-әрекетіндегі сфералардағы маңыздылық пен мәнділігіне байланысты. Бұл сфераларға мамандықтың ролі, ол арқылы адамдар өзін-өзі таниды.

Берілген құндылықтарды қазіргі өміріңізге және болашағыңызға қаншалықты маңызды екеніне байланысты белгілеп көрсетулерін ұсындық.

Жастар ерік-жігер сапаларын жоғары бағалайтынын байқадық, бұл жөнінде Ш.А.Надирашвили ерік процестерін реттеу кезіндегі рөлін қарастырған. Ол Д.Н.Узнадзе теориясының негізінде адамның психикалық белсенділігін реттеудің сапалы үш деңгейін көрсетеді: пәннің, әлеуметтік талаптардың және жеке «Меннің» обьективтендірілулері. Оның айтуынша, өзіңнің ішкі күйіңді обьективтендіру жоғары міндеттерді қоюга алып келеді, оның нәтижесінде ерік процесі туындайды [2]. Яғни, ерік процестері арқылы адам өз алдына қойған мақсат-армандары жетеді.

Ғалым Г.К. Нұрғалиева құндылықтардың өзара әрекеттестігін көрсете келе «адамгершілік құндылықол әлеуметтік маңызы бар адамгершілік құбылыс. Ол адам мен қоғамның даму идеяларының іске асуына мүмкіндік туғызады»-дейді. Адам өмірінде барлық тарих сынағынан сүрінбей өткен , адамзаттық мәнді қасиеттері бар құбылысадамгершілік құндылық болып табылады. Өйткені, адам болмысының қасиеті: ар мен ұят, адамгершілік пен қайырымдылық, ақниеттілік пен жан тазалығы, шынайылық пен ұстамдылық негіздері өз құндылығын жойған емес [3]. Жастарғада осы құндылықтар маңызды екеніне көз жеткізіп отырмыз.

Субъект ұғымына классикалық анықтама берген Ф. Гегель, субъект ретінде сыртқы ортаны белсенді танушы және оған өзінің тәжірибесімен әрекет етуші адам ретінде түсіндіреді. «Субъектік» ұғымы А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, А.В. Петровский, В.И. Слободчиков еңбектерінде өз әрекеттерінің иесі, мақсаттылыққа ие, нақты құндылық бағдары бар, өзіндік ұйымдасқан, өзіндік жетілуге және өзіндік дамуға бағытталған іс-әрекет

33

субъектісі ретінде анықталады деп көрсеткен. Аталған авторлар субъектік ұғымын адамның өзімен дамитын белсенділік деп қарастырады.

А.Р. Ерментаеваның жүргізген зерттеу жұмыстарында субъект категориясы әр түрлі психологиялық ұғымдарды саралауға әрі оларды ерекше жүйелікпен жинақтауға әдіснамалық бағдар болатынын айтады [4]. К.А. Абульханова-Славскаяның пікірі бойынша, өзінөзі ұйымдастыруға жүйе өзін-өзі реттеуге кабілетті, өз өмірінің белсенді субъекті болады [5]. Сондықтан да белсенділікті тұлғаның бойына тән маңызды сапалардың бірі ретінде қарастыруға болады. Адам өз өмірінің субъектісі болса, қалған нәтижеге жете алады.

Ғалым Құдышева Б.К. ғылыми зерттеу еңбегінде мамандыққа құндылық бағдар қалыптастырудың өзіндік алгоритмін ұсынады. Іздену-бағалау-таңдау-көшіруді жүзеге асырудағы мақсаттық, мазмұндық, әрекеттік, бағалаушылық компоненттері бойынша әр мамандыққа құндылық бағдар қалыптастыру қарастырылған:

-ең алдымен кәсіби өзін-өзі айқындауы мен мамандықты таңдауы;

-өз шама-шарқын бағамдауы;

-кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы.

Құндылық бағдардың адам санасының барлық жағына әсер етенін айта келіп, құндылық бағдар тұлғаның барлық іс-әрекет мотивациясына және әрбір жекелеген мінезқұлық мотивтеріне әсер ететінін көрсетеді. Оның тұжырымдары құндылық бағдар тұлғаның белсенді өмірлік ұстанымдарын және еңбекке саналы қатынасын қалыптастырудағы бірденбір тиімді жол дегенге келеді.

Сонымен, сауалнама нәтижесінде біз жастардың құндылықтарының ерекшеліктерін көрдік. Қазіргі кезде жастар субъект болуға бағдарланғандарын және ерік-жігер сапаларының жоғары деңгейде екенін, оларға қарым-қатынастың, достық рөлі ерекше екенін байқадық.

Әдебиеттер

1.Э.К.Қалымбетова. Құндылықтық бағдардың психологиялық ерекшеліктері /ҚазҰУ хабаршысы,психология және социология сериясы,2009- №4(31)-33-36б.

2.Узнадзе Д.Н. Установка у человека.Проблема объективации.// Психология личности

втрудах отечественных психологов.-СПб.:Питер,2000.-67-91с.

3.Нұрғалиева Г.К. Система ценностного ориентирования учащихся.-Алматы. -1993-112

4.www.rusnauka.kz сайтынан алынған материал.

5.Абульханова-Славская К.А. Деятельность и психология личности. -М.,-1980.

Н.Б. Байысбаева, Ф. Ноғаева

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРІК-ЖІГЕР САПАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІКПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ

Елбасы, Н. Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтікэкономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты. Аталмыш мақсаттың өзектілігін жүзеге асыру еліміздің ішкі саясатының және әлеуметтік-экономикалық өсу тұрақтылығын әрі қарай дамыту қажеттілігінен туады [1].

Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Демек, қазіргі қоғамдағы жағдайда өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, айналасындағы шынайы өмірге белсенді

34

қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ерік-жігер, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.

Қазіргі уақытта студенттерді болашақ үлкен өмірге дайындауда, нағыз шынайы өмірге даярлауда саяси әлеуметтендірудің мәні өте зор. Жастар шынайы өмірдің негізгі мәселелерін шешуге бейімделуі қажет және сол жинақтаған тәжірибесі арқылы жақсы өмір сүруге, жетістікке қол жеткізуге, өзіне ұнаған бағытты таңдауға ерікті болады. Сол арқылы өз болашағын жоспарлауға бейім, өмір сүрудің өзіне сәйкес стилін дұрыс таңдауға қабілетті және мінез-құлқын қазіргі заман талабына сай қалыптастыруға әзір болып есептеледі [2].

Міне, сондықтан да бүгінгі күні студенттерге қойылатын басты талаптардың бірі – оқутанымдық іс-әрекетінде ерік-жігер сапалары жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. Ерікті тәрбиелеуде ұжым рөлінің маңызы ерекше ұжымда адамның қоршаған адамдармен және қоғаммен қатынасқа түседі. Ол қоғамдық өмірдің мүшесі болады. Топтағы әртүрлі күшті және әлсіз ерікті адамдармен қарым-қатынасқа түседі осының барлығы адамның еркіне өзіндік бір әсерін тигізеді. Ұжымның жалпы өмірімен, қызығушылықтарымен араласа отырып адам өзінің мінез-құлқын, қызығушылықтарын басқара алу деңгейіне жетеді. Мұның өзі оның ерік жігерінің қалыптасуына әсер етеді.

Егер ерікті ерік сапаларының көрінуі ретінде ғана қарастырсақ, онда «ерік» сөзі «ерік сапалары» дегенді ғана білдіреді [3]. Бірақ бұл сапалар неге ерікті деген сұрақ туады? Өйткені, ерік күшінің пайда болуы адамда ырықты болғандықтан, ерік сапаларының көрінуі бір жалпылыққа бірігіп – «ерік күшін» көрсетеді.

Бірақ ерікті ырықты басқару деп қана түсіну оны ерік сапаларын ырықты әрекет ерекшеліктері қатарына жатқызып, оны ерікті реттеуші деп түсінбеуі мүмкін. Бұл ерік сапаларын топтастырғанда қиындықтар туғызады.

В.А. Крутецкий (1957) пікірінше, мінездің ерік белгілері алға қойған мақсатқа жетуге дайындықта, істей алуда және өз әдетіңді саналы түрде кедергілерді анықталған принциптер бойынша бағыттау [4].

Бұл анықтаманы ерік ерекшеліктерін еріктің кең мағынасына (ырықтылық) және де тар мағынасына (ерікті реттеу, «ерік күші») жатқызуға болады. Ерік сапаларының спецификасы бұл анықтамада бейнеленбейді. Б.Н. Смирнов (1984) пікірінше, тұлғаның ерік сапалары деп қиындықтарды меңгере алуда көрінетін еріктің нақты көрінуі [5].

А.Ц. Пунидің пікірінше, ерік сапаларының жиынтығы белгілі бір іс-әрекет кезінде тұрақты, объективті шарттармен анықталады [6]. Берілген іс-әрекетке тән, өркендеуі кедергілерді жеңуге табысқа жеткізетін, қосымша ерік сапалары, ең басты ерік сапаларын сүйемелдеп, оның анықталуына септігін тигізеді.

Көптеген ерік сапаларының көрінуі ең алдымен нерв жүйесі қасиетінің типологиялық ерекшеліктеріне байланысты, яғни, генетикалық негізі бар.

Тұлғаның ерік сапалары жайлы теориялардың қарастырылуын бірнеше кезеңдерден тұратынын білдік. Олар – еріктің іс-әрекет механизмі ретінде қарастырылуы, - философиядағы идеалисттік бағыт волюнтаризмен байланыстырылып қарастырылуы; - таңдау мен түрткілер арасындағы қайшылықтар мәселесімен байланыстырылып қаралуы; - қиындықтар мен кедергілерді жеңу механизмі ретінде қарастырылуы болып табылады.

П.А. Рудик (1967) пікірінше, тұлғаның ерік сапаларының құрылымының ерекшеліктерін зерттеп білу ғылыми психологиялық негізделген құралдар мен әдістемелер арқылы бұл сапаларды тәрбиелеуі болып табылады. Бұндай психологиялық әдістемелер арқылы тәрбиеленбесе, эмперикалық сипат алып, тәрбиешінің алдына қойған мақсаттарына қарама қарсы қорытынды шығуы мүмкін. Соған қарамастан бұл мәселе психологтар тарапынан жүйелі қарастырыла қойған жоқ [7].

35

Е.П. Ильин бойынша: Ерік сапалары – кедергілерді нақты спецификалық жағдайларда көрінетін жеңуге бағытталған еріктік реттелудің ерекшелігі. Ильин пікірінше, ерік сапалары адамның бойындағы фенотипті туа біткен және жүре игерген мүмкіндіктер. Туа біткен компонент қатарына, нышанмен шартталған қабілет, ол жүре игерген онтогенезді компонент

– адамның шеберлігі: оның білімі, іскерлігі. Ерік сапаларының әр қайсысының көрінуі компоненттерге байланысты, яғни ерік күшін ояту қабілеті және оны көрсету.

Ильин бойынша ерік сапаларының құрамына олардың саны, түрі және араларындағы байланысын жатқызады. Ерік сапалары қатарына мақсатқа талпынушылық, шешімділік, табандылық, ұстамдылық, дербестік, батылдылық, өзіндік бақылау, бастамашылдықты жатқызады. Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі [8]. Оқу мотивациясына талдау жасаған кезде оған деген қатынастың маңыздылығын ескерген жөн. А.К. Маркова оқуға деген қатынастың үш типін бөліп көрсетеді: жоғарғы, бейтарап, жағымсыз. Ол бірінші типті оқу процесіне қосылу негізіне байланысты дифференцияциялады. Ол оку іс-әрекетін басқаруда: а) жағымды, айқын емес, белсенді, оқушының оқуға деген үмытылысын көрсетеді; б) жағымды, белсенді, танымдық; в) жағымды, белсенді, тұлғалық құштарлық, тұлға және қоғам мүмкіндігі ретінде [9]. Сонымен, оқу мотивациясы тек қана көп компонентті емес, сонымен жан-жақты, әр түрлі деңгейлі екендігін көрсетеді.

ЖОО-ға түсудегі негізгі мотивтер мыналар: студенттердің ортасында болуға деген құштарлық, мамандықтың қоғамдық маңыздылығының жоғары болуы мен оны қолдану аумағының кең ауқымдылығы, мамандықтың қызығушылықтар мен бейімділігіне және шығармашылық мүмкіндігіне сәйкес келуі. Студенттердің басты оқу мотивациялары мыналар: «кәсіби» және «тұлғалық беделі », онша мәнді емес «прогматикалық» (диплом алу) және «танымдық» (А.Н. Печников, Г.А. Мухина 1996) [10]. Шынында әр курста доминантты мотивтер өзгеріп отырады. Бірінші курста басты мотив - «кәсіби» (профессиональді), екінші курста - «түлғалық беделі», үшінші және төртінші курста - осы екі мотив кездеседі, төртінші курста және де «прогматикалық» мотив түрі бар. Оқудың нәтижелі болуына «кәсіби» мотив пен «танымдық» мотив оң әсерін тигізеді. «Прогматикалық» мотив көбіне үлгерімі төмен студенттерде жиі кездеседі.

Осыған сәйкес, психологиялық-педагогикалық зерттеулер барысында танымдық ісәрекетті қалыптастыру білім, білік, дағдыны меңгерту ретінде ғана емес, ерік пен жігерді, қабылдау мен түйсікті дамыту тұрғысында талданады. Сонымен, адамның психологиялықәлеуметтік ортаға бейімделіп, қоғамда белсенді тіршілік жасауының басты шарты және олардың қалыпты деңгейде болуы ерік сапаларына тәуелді.

Сонымен, сауалнама нәтижесінде біз студенттердің оқу мотивациялық бағыттылықпен студенттің үлгерімі арасында жағымды байланыс бар екендігі көрдік.

Оқу іс-әрекеті бірінші - ішкі мотивпен, екінші - сыртқы мотивпен (өзіндік жетілу, престиж, жауаптылық, парыз, жетістікке жету) анықталды. Оқумен қанағаттану, осы қажеттіліктің қанағаттануымен тығыз байланысты. Бұл қажеттілік студенттерді оқуға шоғырландырады және әлеуметтік белсенділікті көтереді.

Әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. – Егемен Қазақстан, 6 қыркүйек, 2012 жыл.

2.Б.Б.Атабекова, Жасөспірімдердің ерік сапаларының психологиялық ерекшеліктеріне шолу, ҚазҰПУ Хабаршы, №2, 2010, 55-59 бет

3.Бапаева М., Әбеуова И., Бапаева С., «Тұлға психологиясы», Алматы-2010

4.В.А.Крутецкийй. "Очерки психологии старшего школьника" М.,1960

5.Смирнов Б. Н. О разных подходах к проблеме воли в психологии

6.Г.У.Тұрарова, Ерік сапаларын зерттеудің ерекшеліктері, Қазақстан кәсіпкері №10, 2009, 14 бет

7.Рудик П.А. Психология. М, 1967

36

8.Е.П.Ильин. Психология воли. П,2009

9.А.К.Маркова. Формирование мотивации учения М. 1983

10.Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. А., 1982.

С.Қ. Бердібаева, Н.М. Садықова, Р.Б. Бәйімбетова, Р.М. Беркінбай

ХАЛЫҚ ТВОРЧЕСТВОСЫН ЭТНОПСИХОЛОГИЯ АЯСЫНДА ЗЕРТТЕУ

Ұлтымыздың асыл мұрасы - халық творчествосын этностық аспектіде зерттеу, творчество феноменін этнопсихологиялық аспектіде қарастыру бірнеше сұрақтарды анықтауды қажет етеді:

жаңа кезеңдегі этностық парадокс, 1960-70 жылдарда халықтар өздерінің тұрмыстық мәдениет ерекшелігін, этностық идентификациясын сақтауға ұмытылды. Этнос, көне грек тілінен алынған "халық"," халықтық бірлік" сынды түсініктермен анықталды.

Жахандану, рухани және материалды мәдениеттерді үндестіру, адам өміріндегі этностық факторларды жоғалтуға әкеледі деген этностық парадокс туындады.

этнос, біз үшін, ең алдымен психологиялық бірлік, қоршаған болмыста бағдарлану, өмірлік құндылықтар беру, тек әлеуметтік қана емес, физикалық өзіндік сезінуді қорғау. Қазір ұлттық көңіл-күйде өз "тамырларына" қызығуымен байланысты психологиялық өзгерістер болуда.

Этнос ұғымы мәдениетпен байланысты зерттеледі, этнопсихология термині әлемдік ғылымда жалпы қабылданған жоқ, “халықтар психологиясы”, “психологиялық антропология”, “салыстырмалы-мәдени (кросс) психология” деп айтылады.

Психика мәдениетпен шарттанған. Этнопсихологияның негізгі бір сұрағы - этномәдени құбылыстар. Соңғы кезде этностық жүйелерде, көбінесе этнос мәдениеті деген ұғым айтылады, оның этностық мәдениет ұғымынан өзгешелігі бар.

Этностық мәдениет синтетикалық күрделі құрылым. Этностық мәдениет

этностық

ерекшелікке ие мәдени құрылымдар, оның трансформациясы біріншіден,

әлеуметтік

экономикалық дамумен, екінші факторы, кеңістікті уақыт статикасы мен динамикасы, тарихи жағдайлармен, үшіншісі, табиғи орта және оның сәйкес өзгеруімен байланысты. Этномәдени құндылықтарға салт дәстүрлік-тұрмыстық мәдениет пен этностық санадағы субъективті құндылықтар жатады.

Қазақ этносының дәстүрлі мәдениетін зерттеумаңызды сұрақтардың бірі. Басқа елден алғашқы келген зерттеушілер экзотикалық мәдениет деп суреттеме қалдырған. Еуропалық білім алған алғашқы қазақтардың жұмыстарында өзінің туған мәдениетіне деген “іштей көзқарас” тұрғысындағы мәнді мәліметтерді көреміз (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Х.

Қостанаев, И. Ибраимов және басқалар [1,2].

 

Казақтардың дәстүрлі өмірі, тұрмысы, мәдениеті

жайлы құнды пікірлерді неміс

этнографы Рихард Карутц, француз этнографы Жозеф Кастанье жұмыстарынан табамыз, олар қазақтардың мәдениетіне, әсіресе шамандыққа қатты назар аударды.

Көшпенді өмірлік салт тән қазақ этносы, күрделі дамыған ішкі этностық құрылымға ие. Әрбір халықтың өзіне тән этномәдени ерекшеліктері, мазмұнды халық ауыз творчествосы, дәстүрлерді сақтау тенденциясы болады.

Этномәдени ерекшеліктер, этностық сана сезімдердегі олардың репрезентациясы этностың негізгі жүйе құрушы факторы ретінде қарастырылды. Этномәдени феномендерэтностық түсініктер, дәстүрлер, салттар, әдет-ғұрыптар мінез-құлық пен этностық бірлікті реттейді.

37

Этномәдени ерекшеліктер этностық бірліктің үйреншікті, әдеттегі санасының нормативті - бағалаушы компоненттеріқұндылықтарды, нормаларды, этностық стереотиптердің мазмұнын қалыптастырумен байланысты. Этностық сана сезімдер, сондайақ этностық идентификацияға қажеттіліктер, этноанықтаушы белгілер, этностық қызығуларға деген қажеттіліктерді ұғынумен байланысты.

Этномәдениет феномені американдық психологияда кеңінен зерттелінуде. Этномәдени сәйкестікті қалыптастырудың сатылы моделінде (Д. Эткинсон, Дж. Мортен, Д. Сью) этномәдени сәйкестік үздіксіз процесс ретінде, бір саты келесісіне өте алатын процесс деп түсініледі [3].

Тұлғаның әлеуметтенуінің маңызды факторының біріне, эпостық жырларды оқытып үйрету, талдау, оларға жастардың икемделуі де жатады. Эпостық дастандарда халықтың бостандыққа, тәуелсіздікке деген жолдары бейнеленген.

Халқымыздың сөз өнеріндегі тәлімгерлігінің тереңдігі сондай, эпостарда адам жанының барлық психологиялық болмыстары, тәрбие негіздері де беріледі. Мұның өзі халқымыздың ерлікпен қатар жан тәрбиесін де беруді мақсат еткендігін байқатады.

Эпостық жырларда махаббат пен зұлымдықтың, адамгершілік пен жауыздықтың тартысы арқылы көз жеткізіліп, зор рухани адамгершілік қасиетін мәпелеу сезімдерін ояту көзделеді.

Халықтық эпостар - этнопсихологиялық тұрғыдан, индивидтің рухани әлемін қалыптастыру құралы мен мәдениетінің, сана сезімдерінің формасы және индивидтің әлеуметтік мәдени тіршілігін қамтитын және мәдениетті индивидуализациялау тәсілі, жеке адам әлеуметтенуінің маңызды шарты. Адамзат баласы жасаған мәдени жетістіктерді тарихи шоғырлай отырып, адамзат тіршілігінің аксиологиялық және семантикалық кеңістігін белгілеуге болады.

Қазақ халқының эпостары шексіз, көптеген мағыналар мен экзистенциалдарды береді, олар адам мен әлем көрінісін құруда индивидуалды авторлық формаға ұлттық мәдени жағдайды шоғырландырады.

Халықтық эпостардың функциялары, күштері, ерекше қырлары олардың антропологиялық бағыттылығымен анықталады, тұлғалық дамудың негізі болады. Осы “идеалды” моделдердің көріну, сақталу, жинақталу формасын, қазақ халқының эпостарынан көреміз.

Халықтық эпостар адамның рухани энергиясының "шоғырлануы" тәріздес. Батырлық эпостарда - тарихта ерекше рөл атқарған дәл, нақты тұлғалар, барлық қиындықтарды жеңген, халықтың ой-санасында қорытылған батырдың жинақы бейнесін көреміз.

Әсіресе қазақ эпостарының ішіндегі көңіл аударатындардың бірі - "Қырымның Қырық батыры" эпосында жырланған "Едіге батыр", "Қарасай Қази", "Орақ - Мамай" батырлар жыры т.б. [4].

Этностық сана сезімдердің құрылымдық компоненттерінің бірі этностық ұлттық идентификация мәселесі. Халық даналығын менталдылық ретінде этностық дәстүрлер арқылы түсіну керек. Индивидтің интериоризациясы - жалпы адамзат пен ұлттық мәдениетті, творчествоны бағалау әрекетін жүзеге асыруда, іс-әрекетті қоғамдық эталондармен сәйкес, ұлттық құндылықтарға сай келетін жоспарларды құруға көмектеседі.

Сондықтан да этногенетикалық аңыз-әңгімелер этностық сана сезімдермен өте жақын. Ауызша халық творчествосы фольклор этносты зерттеудің қайнар көзі. Индивидте этностық сана сезімді дамыту негізінде - халық мәдениеті - ол тек өткен тарих қана емес, қазіргі жаңа ұрпақ үшін руханилық пен өнегеліліктің репрезентация тәсілінің бірі екенін түсіндіре отырып, тұтас бір этностың психологиялық, мәдени, әлеуметтік, ұлттық ерекшеліктері жайлы түсініктерді қалыптастыруға болады.

Сонымен қорыта келсек, творчествоға қатысты этнопсихологиялық зерттеулердің нақты міндеттерін белгілеуге болады:

38

1)позитивті этностық ұқсастықты қалыптастырудың психологиялық механизмдерін табу, адам санасы мен мінез - құлқын реттеудің айрықша мәдени механизмдерін анықтау, халық творчествосына байланысты этностардың құндылықтар жүйесін зерттеу;

2)этностық толеранттылықты топтық және тұлғалық деңгейде қалыптастырудың психологиялық механизмдерін зерттеу.

Қазіргі жаңа этнопсихологиябірнеше тәуелсіз бағыттарды қамтиды:

1. Психологияның теориялық және әдістемелік бөлігін құрайтын психофизиологияның,

когнитивті процестердің, естің, эмоциялардың, сөздің

этностық ерекшеліктерін

салыстырмалы, кросс-мәдени зерттеулер.

 

2. Этнографиямен, фольклористикамен, өнердің сәйкес бөлімдерімен байланысты

халық мәдениетіне, творчествосына деген құндылықтарға бағдарлануларын

табуға

бағытталған этномәдени зерттеулер.

 

3.Этностық сана мен сана сезімдерді әлеуметтік психологияның сәйкес бөлімдеріне қатысты (әлеуметтік перцепция, әлеуметтік ішкі ыңғайлану, топаралық қатынастар) зерттеулер.

4.Психикалық ұйымдасудың жаңа деңгейі тек этностық мәдениеттің деңгейіне икемделуі ғана екенін ұмытпауымыз керек, халықтың бұрынғы өмірі халықтық салтдәстүрлерде, отбасылық қатынастарда, мифтерде, фольклорда сақталады, ендеше біз ұлттық негіздерімізді, ұлттық құндылықтарды дамыта беруіміз керек.

5.Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Тұтастық сапаға ие ұлттық

мәдениеттің қасиеті және этносты құрайтын индивитің қасиеті бірдей емес, этнопсихологияның мәдени және психологиялық зерттеулерінде үнемі айырмашылық

болады. Этностық ерекшеліктер жайлы қорытындылар

салыстыруды қажет етеді, мүмкін

деген этноцентризм мәселесінен кету үшін көп зерттеуді талап етеді.

Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы абстрактілі, негізделмеген

қорытындылар зиянды,

ұлттық сезімді

қорлауы

мүмкін, ғылымды, этномәдени

құндылықтарды және ұлттық психологияны өркендету ғана этносты дамытуға негіз болады.

6.Индивидте құндылықтарға бағдарлануды, халықтың рухани құндылықтарының халық эпостары арқылы жүзеге асады. Көптеген зерттеулерді талдау барысында (В. Вундт, Г. Вернер, Л.С. Выготский, К. Юнг) халықтық эпостар арқылы тұлғаны творчестволық дамытудың психологиялық терең мазмұнын көруге болады.

Халық эпостарын, ұлттық салт дәстүрлерді интериоризациялау индивидтің мінез - құлқын реттейді, соның негізінде әлемге, басқа адамдарға, өзіне, халық творчествосына деген қатынас өзгереді.

7.Онтогенездегі этномәдени даму мәдениетті меңгерудің континумында өрістейді. Адам нақты мәдени білімдер, ептіліктер, дағдыларды орындау әрекетінің ретімен, тәсілімен, формасымен қамтылады. Адамның этномәдени дамуының негізіне өз халқының мәдени құралдарын меңгеруіне негізделген мәдени тәжірибені игеруді қалыптастырудағы өзара қатынас, өзара әрекет тәсілдері жатады.

Адамның этномәдени дамуын талдау пәніне мәдени практика, іс әрекеттің мәдени формалары, яғни этномәдени әлем контексіндегі адамның тіршілік әрекетінің жүйесі жатады. Біздің зерттеуімізге негіз болған, адамның этномәдени дамуының мәселесін этномәдени парадигмада қарастыруға болады.

8.Этностық мәдениеттің негізгі функциясы - психологиялық қорғаныс, психологиялық бейімделуге қатысты қажеттілікті детерминациялайды. Этносаралық қатынастарда әрбір этностың мәдениеті, тарихы, творчествосы қаралады. Этнопсихологиялық зерттеулердің нақты міндеті - этнография, фольклористика, өнерге байланысты халық мәдениетіне деген құндылықтарды табатын этномәдени зерттеулер.

Әдебиеттер

1. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. - Алма-Ата, 1961. - Т.1. – 360 с.

39

2.Ғабдулин М. Мақалдар мен мәтелдер // Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы,

1960. - 290 б.

3.Atkіnson L. R., Morten G., Sue D. W. Counselіng amerіkan mіnorіtіes: A cross-cultural perspectіve. Dubugue, Lowa: Wm. C. BrownPubl., 1979.

4.Әуезов М. Шығ.жинағы.12 т., А.: Жазушы, 1985,158 б.

С.Қ. Бердібаева, С.Д. Абдіғалиева, А.Е. Сыздықова

БІЛІМДЕР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІ (ШЕТ ЕЛДІК КОНФЕРЕНЦИЯ ТӘЖІРИБЕЛЕРІНЕН)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: ұлттық тарихымыздың мағынасы бірлескен үш жүйелі мағыналы міндеттерді біріктіредітиімді және қуатты мемлекет, бірлескен толерантты қоғам, Инновациялық экономика. Инттеллектуалды ұлт болу, интеллектуалды элита болу.

Еліміздің дамуының мемлекеттік бағдарламасындағы маңызды сұрақтардың бірі президентіміз көрсеткендей ол білім, ЖОО инновациялық моделін қалыптастыру, нарық сұраныстарына бағдарлану. Елбасы қойған міндеттерді шешу механизмдерінің бірі қазақстанның әлемдік білімдер кеңістігіне интеграциялануы, біз өзіміздің күш жігерімізді нақтылы серпінді инновацияларға шоғырландыратын боламыз деген ой-пікірлері біздерге, ғалымдарға да көп ой салады.

Инновациялық процестің жүзеге асуы, оқытушылардың инновациялық іс-әрекетке араласу деңгейі, ректораттың инновациялық ісәрекетті басқаруы мен қолдауы, инновацияларды тарату дәрежесі, оқытушылардың кәсіби шеберлігі, әлеуметтік кәсіби мотивациясы, оқу тәрбие процестерін анализдеу, оның психологиялық аспектілерін қарастыру, басқару психологиясы, менеджмент психологиясы, иннновациялық іс-әрекет психологиясы сияқты қазіргі жаңа практикалық психологиялық бағыттар аса маңызды.

Шет елде өтетін халықаралық конгресстер мен конференцияларда білім мен ғылымның нақты практикалық аспіктілері және оқыту процесіндегі инновациялар көп зерттеледі.

22-27.07.2012 аралығында Оңтүстік Африка мемлекетінің Кейптаун қаласында өткен, өзіміз қатысқан, 4 жылда бір рет болатын, 30-шы бүкіл әлемдік психологтардың конгресс жұмыстарын талдасақ, барлық зерттеулер адамдардың күнделікті өмірлеріне қажетті мәселелерді зерттеп, оларға психологиялық көмек беру бағытын белгілейді және білім саласындағы инновацияларға көп екпін жасалатынын көруге болады.

Конгресте психологияның әртүрлі облысы бойынша 300 лидерлік ғылыми баяндамалар талқыланды. Психология ғылымдары бойынша жетекші баспа өнімдері, технологиялық инноваторлар көрмесі және психологиялық халықаралық ұйымдардың жұмыстары көрсетілді, психология бойынша әлемдік жаңа лауреаттар анықталды. Жаңа психологиялық бағдарламалар, оқу семинарлары, дебаттар мен көрмелер жұмыс жасады.

Конгресс бағдарламасы 40 категория бойынша жұмыс жасады: солардың негізгілеріне тоқталсақ, олар:

1.Талдау және бағалау (кросс-мәдени бағалау, тестердің араласуы және әділдік, интернет және компьютерлік бағалаулар, ең жақсы практикалар және жаңа технологиялар, білімді бағалау, ортаны өзгертудегі, мысалы Оңтүстік Африка бойынша заңдарды бағалау, психологияны жағымды бағалау, когнитивті қабілеттерді және тұлға потенциалын бағалау;

2.Клиникалық (балалар мен жеткіншектер патопсихологиясы, ересектер

психопатологиясы, психотерапия, психоанализ, психологиялық гипноз); 3.Танымдық (когнитивті ғылымдар, ақпараттарды өңдеу, интеллект, творчество, таным және эмоция, когнитивті ғылымдар және интеллектуалды жүйелер);

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]