Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

40

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.9 Mб
Скачать

Бaтыcтың интeллeктyaлдық aғымдapынaн бacтayaлғaн: либepaлдық филocoфия жәнeaдaм құқығы (Лoкк,Pycco, Миль жәнe тaғы бacқa нeгiзiн қaлayшылapы), әлeyмeттiк тeopия,aдaмның ceкcyaлдық тәлiмiн әлeyмeттiк жәнecaяcи тұpғыдa қapaлyы (Зигмyнд Фpeйд, Вильгeльм Paйx, Мapгapeт Мид, Фpaнкфypт мeктeбiнiң филocoфтapы: Гepбepт Мapкyзe жәнe

ТeoдopAдopнo).

1888 жылы Xaлықapaлық әйeлдep кeңeci, 1904 жылы Әйeлдepдiң caйлay құқығы жoлындaғы xaлықapaлық oдaқ құpылғaн бoлaтын. Aл, 1967 жылы БҰҰ Accaмблeяcындa әйeлдepдi кeмciтyшiлiктi жoю дeклapaцияcы қaбылдaнды.Ocылaйшa фeминизм, гeндepлiк caяcaт құбылыcы бapлық әлeмдeeтeк aлa бacтaды.

Әйeл тeңдiгi мәceлeci қaншa жepдeн көтepiлгeнiмeн, шындaп кeлгeндe, жapaтылыc тұpғыcындa epкeк пeн нәзiк жaндылap тeң eмec. Әpқaйcыcы өзiнe тән қacиeттepмeн epeкшeлeнeтiнi бeлгiлi.

Әйeл мeн epкeктiң қoғaмдa aлaтын opнын aйқындaйтын, oлapдың әлeyмeттiк жәнe мәдeни құpылым peтiндeгi ұғымы oн тoғызыншы ғacыpдaн бacтaп, бaтыcтық eлдepдiң жaңa кaпитaлиcтiк нapықтық қaтынacтapғa тapтылyымeн қaлыптacты. Кaпитaлизмгe өтycaтыcындa Бaтыcтa әйeл мeн бaлaның eңбeгi қaнaлды, oлapдың құқықтapы aяққa тaптaлды, eңбeк eткeнiн мapдымcыз aқы төлeндi. Ocығaн opaй, әйeлдepдiң өз құқықтapы үшiн күpeci бacтaлып, эмaнcипaция түciнiгi мeн фeминизм идeoлoгияcы өмipгeeндi.

Гeндepлiк caяcaттың нeгiзгi қaғидaттapы Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Кoнcтитyцияcымeн кeпiлдiк бepiлгeн әйeлдep мeн epлepдiң тeң құқығы мeн epкiндiгiн бeлгiлeйдi. Қaзaқcтaндaғы гeндepлiк caяcaттың мiндeттepiнe әйeлдep мeн epлepдiң билiк құpылымдapындa тeңдecтipiлгeн қaтыcyынa қoл жeткiзy, экoнoмикaлық тәyeлciздiктiң бapлық тeң мүмкiндiктepiн қaмтaмacыз eтy, өз бизнeciн дaмытy жәнe қызмeт бaбындa iлгepiлey,oтбacындa құқықтap мeн мiндeттepдi тeң жүзeгe acыpy үшiн жaғдaйлap жacay, жыныcтық бeлгici бoйыншa зopлықтaн epкiн бoлy жaтқызылaды.

Қaзipгi зaмaн oтбacының құpылымы өзгepiп, oндaғы мүшeлepcaны aзaйып, бaлacaны дa кeми түcкeнiн бiлeмiз. Қoғaмдaғы әлeyмeттiк мәдeни, әpтүpлi cипaттaғы әлeмдiк дeңгeйдeгi aқпapaт aлмacy, экoнoмикaлық жaңғыpyлap, oтбacы мүшeлepiнiң apacындaғы қapымқaтынaccипaтынa дa өз әcepiн тигiзiп oтқaны бeлгiлi . Өйткeнi әкeгe бaғынy, өзiнeн үлкeн aпa,aғaны cыйлay қaзaқ apacындa жoғaлмaғaнымeн әлcipeй түcтi. Eндiгi кeздe oтбacын acыpayшы әкe ғaнa eмec, aнa дa oғaн eлeyлi үлec қocyынa бaйлaныcты oлapдың pөлдiк

қызмeтi тeңeлiп, мұнымeн бaйлaныcты жayaпкepшiлiк cипaты дa өзгepмeлi күйгe түcтi. Көп жaғдaйдa әкe жayaпкepшiлiгi әлcipeп, aнaлap oтбacы үшiн жayaпкepшiлiктi өз мoйындapынa aлyдa.

Oтбacының ұйытқыcы – aдaмгepшiлiккe нeгiздeлгeн нeкe. Epкeк пeн әйeл apacындaғы шынaйы cүйicпeншiлiккe нeгiздeлгeн нeкeлiк пapызды шынaйы ceзiммeн, iшкi жaнcapaй бaйлығымeн бaғaлay бaлa тәpбиeciндe зopopын aлaды. Oтбacылық бaқыт – бұл жac жұбaйлapдың бip-бipiн cыйлayы, pyxaни бaйлық, oлapдaғы мaxaббaт, жұбaйлық ceзiм, өз өмipiн жұбaйы үшiн қию, coндa ғaнa бepiк, бұзылмaйтын oдaқ бoлaды, aл бaлa тyy, oны тәpбиeлeп өcipy, oтбacыны oдaн әpi бipiктipeтiнi aнық.

Қopытa кeлe, гeндepлiк caяcaт - әйeлдepдiң тeңдiгi жәнe oлapды кeмciтyгe жoл бepмeyдi зaң жүзiндe бeкiтyдiң тәжipибeлiк құндылығын, өздepiнiң құқығын ic жүзiндe пaйдaлaнaaлy мүмкiндiгiн бiлдipeдi. Aл әйeлдepдiң қoғaмдық жұмыcты aтқapa oтыpып, oтбacынaдa yaқытын қaжeттi дeңгeйдe бөлiп, бaлaлapының тәpбиeciмeн дe aйнaлыcып жүpгeндiгi жacыpын eмec. Ocы тұpғыдa қaзaқ xaлқының: «Әйeл бip қoлымeн әлeмдi тepбeтce, eкiншi қoлымeн бeciктi тepбeтeдi» дeгeн әдeмi дaнaлық cөзi epiкciз oйғa кeлeдi.

Әдебиеттер

1.Қaбдeшoвa Гүлзияш. Әйeлдiң қoғaмдaғы pөлi.//«Өpлey» гaзeтi,13 шiлдe 2013 жыл.

2.Peпинa Л.П. Жeнщины и мyжчины в иcтopии: Нoвaя кapтинaeвpoпeйcкoгo пpoшлoгo.

Мocквa.: Poccийcкaя пoлитичecкaя энциклoпeдия, 2002.

101

3.Cкoтт Дж. Гeндep: пoлeзнaя кaтeгopия иcтopичecкoгo aнaлизa //Гeндepныe

иccлeдoвaния, N 5(2/2000): Xapькoвcкий цeнтp гeндepныx иccлeдoвaний.C.142-170.

4.Қoңыpбaeвa C.C. Oтбacы: бaлa мeн aтa-aнa. - Aлмaты, 2006. – 199 б.

Ш.Т. Тұрдалиева, А.Ш. Стыбаева, Г.Ү. Оралымбетова, Н. Абдуллаева

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі таңда елімізде отбасы қатынастарының аясындағы дәстүрлі көзқарастардың өзгеріп, жастардың некесіз өмір сүру, «азаматтық неке» деп аталатын жағдайлардың көбеюіне алып келді. Бұндай жағдайды қабылдау дәстүрлі отбасылар үшін қауіпті болып отыр. Сондай-ақ экономикалық дағдарыс салдарының да көптеген отбасылардың пайда болуына алып келді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауында отбасын қолдайтын тиімді демографиялық саясатқа ерекше мән беріледі. Онда отбасы мәселесі туралы былай дейді:

Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау;

Жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек;

Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз;

Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.

Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек.

Отбасы және неке мәселесін зерттеуде ерекше белсенділік ХХ ғасырдың 90жылдарының ортасына дейінгі кезеңде байқалады. Ол ерлі-зайыптылардың тұлғалық сипаттамаларының ұқсастық-өзгешілік, сонымен қатар рөлдік және құндылық бағдарлары мәселелеріне деген қызығушылық тән және ерлі-зайыптылық сәйкестік факторлары мен олардың неке тұрақтылығына әсері туралы шет ел және кеңестік ғалымдар Боровикова Н. В., Федоренко С.А, Кабакова М.П., Овчарова Р.В., Малкина-Пых И.Г. және жүктілік, ата-ана

болу мәселесі Филиппова Г.Г., Грибкова В.,

Мухамедрахимов Р.Ж., Обухова Л. Ф.,

Шаграева О. А, зерттелген.

 

 

Aдaмзaт қоғaмы екі бaғыттa дaми

aлaды

деп болжaйды: мәдениеттің бір-бірімен

aрaлaсуы немесе мәдениеттің бір-біріне

қaйшы

келуі. Бірaқ, екі көзқaрaс тa тaрихи

дaғдaрысқa aлып келуі ықтимaл. Бұдaн шығудың үшінші жолы бaр, ол мәдениеттердің диaлогы, мұндaй жaғдaйдa бірде-бір мәдениет өз ерекшелігін жоғaлтпaй, әлемдік қоғaмғa шығуынa мүмкіндік aлaды. Бұл жaғдaйлaрдa жaс ұрпaқтың бойындa ұлттық сaнa сезімді қaлыптaстыру мәселесін психологиялық тұрғыдa зерттеу қaжеттілігі aртaды. Осы ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тәрбие туралы ЖарықбаевҚ.Б., Сарыбекова Ж.Т., Атемова Қ.Т., Бүркітбаева Д.Б, Түрікпен-ұлы Ж., Мұздыбаева Б. зерттеулері мен еңбектері.

Отбасы, ата-ана болу мәселесінің ұлттық ерекшеліктері оның ішінде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне келетін болсақ, яғни әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, атадәстүрі болады. Сонымен бірге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» деп қараған халқымыз ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеуді әжелер мен аналардың ісі болып саналған. Сондықтанда отбасы-некелік өмірдің басы жыныстық тәрбиеден басталады. Ал жыныстық тәрбие адамгершілік тәрбиенің негізінде жүзеге асырылады.

102

Жүктілік – ауру емес, ол физиологиялық жағдай. Мұның маңыздылығы бір ағзадан екінші ағза дамып жетіледі.

Ана болмысы мен сезімі бізге табиғаттан берілген, әрбір әйел баласы түсінсін, түсінбесін өзінің басты міндетін атқаруға тырысады. Өкінішке орай барлық жүкті әйелдердің босануы сәтті бола бермейді.Әйел баланы босануға емес, жүкті болуға да дайын болу тиіс. 1980жылы британдық ғалым С. Уолкинг жүкті әйелдердің босану кезіндегі және одан кейінгі сезім қиындықтарын қарастырудың бірінші әрекетін жасады. Жүкті әйелді ішкі дүние тыныштығы тұрақтандыру әдісі ретінде олар жүктілік және босану кезінде психологиялық қолдау мен жәрдем көрсету керектігін ұсынды.

Американдық психологтар Венни Т, Роттли Дж. «Құрсақтағы нәрестенің құпия өмірі» атты еңбегіндеана ішіндегі нәрестенің өсуіне анасының сезім хал-жағдайының әсерін қарастырды. Олар босану деген естен тану, сондықтан жүктілік кезінде психологиялық дайындық қажет деген ой айтты. Сол уақытта психиатр - дәрігерлері З. Меку мен Х.Грахам босанудан кейін әйелдерде жабырқаулылықтың пайда болу мәселесін зерттеді.

Ағылшын психологы Дж. Марк және американ психологы Дж. Улиамс өздерінің еңбектерінде жабырқаулықтың психологиялық емделуі босануға алдын-ала психологиялық дайындық жолымен жабырқаулықпен күресінің психологиялық бағдарламасын ұсынды. Қазіргі кезде шетелдердің тәжірибесінде медицина орындарының базасында өтетін босануға психологиялық дайындық курстары кең тараған.

Отандық іс-тәжірибесінде осыған сай бағдарламалар бар. Олар негізінде шетел мамандарының зерттеулеріне сүйеніп тәжірибесінен алынды. Қалпына келген денсаулықты сақтау қызметінің мамандары оларды біздің аймаққа бейімдеп, босануға психологиялық дайындықтың авторлық бағдарламаларын жасады.

Ресей психологы Г.Г.Филиппова бірінші болып жабырқаулықтан сақтандыру тәсілі ретінде гаптономия әдісін толық суреттеген авторлық бағдарламаны ұсынды.

Жүктілік кезіндегі босану әйел өміріндегі негізгі және жауапты кезең. Жүкті әйел психикасына жағымды және жағымсыз әсер тигізетін себептер болады. Жүктілік кезінде әйелдер абыржып, тынышсыздықты сезеді. Бұл өте түсінікті және ағзаның жаңа жағдайына деген сезімі мен болашақ баланың саулығы туралы қайғысымен байланысты.Сонымен қатар жүйке жүйесі жүктілік кезінде әйел ағзасында болып жатқан физиологиялық өзгерістеріне байланысты көтерілген ой-уайымдарына жауап береді.Ой уайымдары артық күшті болса және ашушандықпен, көңіл-күйінің тез өзгергендікпен ере жүрсе, онда мұндай көріністер әйел жүйке жүйесінің жұқарғанын білдіреді. Сөз жоқ мұндай күйзелістік жағдай өз орнына жүктіліктің ағымы мен болашақ баланың денсаулығына кері әсер тигізеді.

Әрбір бесінші жүкті әйелде мұңаюдың белгісі болуы мүмкін, бірақ көбісі бұл мәселе туралы айтпайды.Бұл жақындағы зерттеулердің нәтижесі Бритон «Әйел денсаулығы журналында” шықты. Зерттеулердің авторлары әйелдерді мұңаю себептерін зерттеуге жүктілік “тамаша” уақыт болуы мүмкін дейді. Өйткені көптеген әйелдер кеңес сұрау үшін тек кезеңінде келеді. Әйелдер еркектерге қарағанда мұңаю ауруларына екі есе көбірек шалдығады және де осы аурудың белгілі бала туатын жасында көріне бастайды. Зерттеудің негізгі авторы шындығында ертерек өткізілген зерттеудің біреуі әйелдер жүктілік кезінде мұңаюға көбірек шалдығады деп көрсетті. Осы кезде көптеген әйелдер өздерін жүктілік кезінде көңіл күйі жақсы болатынына үміттенеді - дейді дәрігер Маркус.

Кейбір сарапшылардың ойы бойынша жүктілік кезінде немесе одан кейін қозғыш жабырқаулық баланың денсаулығына көп қатты қауіп қатер әкелуі мүмкін.Босанудың өзі туылған балаға деген жаңа үрей босанудан кейінгі 1-ші кезеңіндегі әйелдің ағзасында болатын жаңа гормон және физиологиялық өзгерістер босанудан кейінгі жабырқаудың пайда болуына себебін тигізуі мүмкін.Бұл жағдайда өзіне деген жиеркенушілік, күйеуіне басқа адамдарға да жек көрінушілік:баланы барлық бақытсыздың тек қолайсыздықтың себебі деп қабылдау. Нәтижесінде бұл балаға өмірінің бірінші апта мен бірінші айларында өте қажет сүт шығуына кедергі бола алады.

103

Сөйтіп жүктілік әйел психикасының хал-жағдайына кері әсер беруі мүмкін. Әйел бәрінен көп жиі үрей, қорқыныш сезімдерін, мұң мен жабырқаулық басынан кешеді. Кейбір әйелдер психологиялық өмір мәселелерінің кесірінен стресс күйінде болуы мүмкін немесе ауыр басылыңқы күйіне түсуі мүмкін.

Осы кезде әйелге психологиялық көмек пен қолдау көрсету керек, Жабырқаулық күйді алдын-алу үшін психологиялық кеңестер беру қажет.

Адамның жан дүниесінің байлығы – ұят пен сүйіспеншілік, зейін мен зерде, жігер мен мінез, ішкі бес сезім мен әртүрлі қабілеттері іштен туатындықтан – болашақ ұрпақтың ұрық тазалығы мен анасының өз уақытында жүргізетін түйсіктік тәрбиесі ендігі жерде есепке алынбай болмайды. Бала тәрбиесіндегі түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиенің 80%-ы ғана құрсағында қалыптасады. Жан мен рух тәрбиесі және ол екеуінің үндесуі де тек ұана құрсағындағы ғана жүретіні ғылыми дәлелденген құбылыс.

Егер әл-Фараби тұжырымына жүгінсек: адам мүшелері ішінде ең алдымен жүрек пайда болады, содан кейін ми, одан кейін бауыр, бұдан кейін көк бауыр, сосын басқалары пайда болады, «жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді, бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес, екінші, өйткені ол ағзадағы барлық басқа мүшелерді билейтін болса, оның өзін жүрек билейді», - деп ғажайып тамаша тұжырым жасайды. Біз ұсынып отырған жүрек тәрбиесінің жүйесі адам бойындағы күллі имандылық пен инабатты, мінез-құлық пен табиғи қабілеттің негіздерін жаратылыс заңдылықтарымен үндестіре дамыта қалыптастырып, жарық дүниеге іштен жетілдіріп тудырады. Бір ерекше таң қалатын нәрсе, осы құбылысты біздің ата-бабамыз білген. Сондықтан да олар: «Алып анадан туады» деп ұрпағына тұжырымды бағдарлама қалдырған.

Құрсақтағы жан иесінің бір жарым айдан кейін-ақ бармақтай ғана жүрегі мен қан тамырлары жүйесі қалыптасып, бірден қозғалысқа түседі. Сөйтіп, анасының түйсігі мен сезімдері арқылы жүрек тәрбиесі қалыптаса бастайды. Бұл күллі тәрбие атаулының алтын арқауы болып саналатын жүрек тәрбиесінің мәні мен мазмұны тек қана құрсағында қалыптасады деген сөз.

Профессор Ж.Т. Сарыбекованың пікірінше, әйел болмаса өмір де болмас еді. Өйткені адамзатты дүниеге келтіруші де, тәрбиелеуші де әйел – ана.

Ата-ана болудың дамыған түрі тұрақтылық және орнықтылықпен ерекшеленеді. Атаана болудың дамыған түріне келесілер жатады:

-жұбайлардың құндылықтары (отбасылық құндылықтар);

-атаана бағыт-бағдары және күтілу;

-атаана қатынасы;

-атаана сезімі;

-ата- ана көзқарасы;

-атаана жауапкершілігі;

-отбасылық тәрбиенің стилі.

Отбасылық құндылықтар келесі белгілермен ерекшеленеді:

1.Адамның игілігі болып табылатын құндылықтардың жалпы саны;

2.Әр түрлі деңгейде болса да, барлық адамдардың бірдей құндылықтары;

3.Жүйеде ұйымдасқан құндылықтар;

4.Құндылықтардың негізі мәдениетте, қоғамда, оның институттары мен тұлғаларда көрінеді;

5.Құндылықтардың әсері әлеуметтік феномендерде байқалады.

Жүкті әйелдерге психологиялық көмек көрсету мен ата-ана болуға психологиялық даярлығын анықтау барысында төмендгідей ұсыныстар жасалды:

-жүктілікке психологиялық даярлығын ескеру;

-ата-ана болу мен отбасындағы кездесетін дағдарыстық кезеңдерге де дайын болуы;

-ата-ана, отбасы, неке туралы құқықтық, психологиялық сауаттылығы;

-психологиялық даярлық, психологиялық сәйкестік, ата-ана-бала қарым-қатынас стилдерін анықтау.

104

Ана болу бұл ұлы бақыт. Аналар өздерінің балаларының ертеңгі күніне жауапты, сол үшін болашақ ана психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек, медициналық салауатты болуы, жанұя жағдайын ойластыру қабілетінің болуы шарт.

Қорыта келе, неке құрған жастар мен неке әлі құрмағандардың арасында ерекшеліктер байқалды. Оның басты себебі, отбасын құрған жастарға психологиялық неке даярлығы жетіспеуінде. Көптеген жастар, некеге тұрғаннан кейін шексіз себептерді сылтауратып, ажырасып жатады. Оның негізгі себебі сыртқы ортада ғана емес, басты себеп адамның өзінде, яғни некеге шынайы дайын болмауында. Сонымен, жастардың арасындағы психологиялық сәйкестік туралы жасаған талдауларымыз отбасында өзіндік ерекшелігі бар екенідігін байқатты, оны іске асырудың механизмі мұнымен шектеліп қана қоймай, әлі де психологиялық көзқарастарды толықтыра отырып, жан-жақты қарастыруды талап етеді.

Әдебиеттер

1.Филиппова Г.Г. Материнство и основные аспекты его исследования в психологии // Вопросы психологии №2, 2001.

2.Грибкова В. Функциональные роли родительства. -М., 2001.

3.Дубровина И. В. Психология семьи. – Екатеринбург, 2000.

4.Антонов А. И. Социология рождаемости. –М., 1999.

5.Мухамедрахимов Р.Ж. Мать и младенец: психологическое взаимодействие. - СПб.,1999

6.Сарыбекова Ж.Т. Қазақ қызының психологиясы. – Тараз: Тараз университеті, 2015

7.Бүркітбаева Д.Б Жастардың отбасын құруға деген психологиялық дайындық мәселесі // Вестник ҰҚПҚ.- 2010. - №3-4.Б. 48-52.

Ү.А. Уақпаева

ПСИХОЛОГИЯЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕР

Қазақтың психологиялық ғылыми мектебінің негізін салушы Сатыбалды Жақыповтың шәкірттері ғалымның концепциясына негізделе отырып, көптеген мақалалар жариялап келеді. Ұстазымыз бұқаралық ақпарат құралдарымен де байланыста болды, еліміздің СТВ телеарнасы ол кісінің берген сұхбатын бірнеше рет қайталап көрсеткен еді.

Осы мақаланы жазуға түрткі болған - психологтардың Қазақ ассоциациясының президенті, психология ғылымдарының докторы, профессор Сатыбалды Жақыповтың «Казахстанская правда» газетінің тілшісіне берген сұхбатындағы ой-пікірлері болды. Елбасы Н.А. Назарбаев өзінің жақында Қазақстан халқына жолдауында «қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің моделін, ұлтаралық келісімді, қазақстандық тепе-теңдіктің қалыптасуын және жалпықазақстандық патриотизмді» тәуелсіздік уақыт ішінде құрылған қазақстандық «ноу-хау» деп атады. Журналист осы мәселелерді түсіндіріп беруін өтінген екен. Сұхбат барысында С. Жақыпов өзіне тиесілі тұжырымдамаға сүйене отырып, сұрақтарға тиісті жауаптарын берген. Бір өкініштісі, қазақ басылымдарына осы сұхбатын ұсынуға үлгермеді.

Психологияландырылған қазақ халқының мәдениеті жөнінде пікір айту– өте жауапты іс, өйткені тілшіге түсіндіру барысында: «Сіз мені дұрыс түсінгенсіз; онда ешкімді ренжітіп алмай айтар болсақ; бұл енді бөлек әңгімеге арқау болатын этнопсихологиялық мәселе;

...бұны Сіз айттыңыз, мен оны айтқан жоқпын!»,-деген бірталай ескертулерді байқаймыз. Жүйелі тәсіл негізінде ғана адамзаттың рефлексиялануы, яғни ішкі жағдайын өзін-өзі

танып бағалауы тек жиырмасыншы ғасырдың еншісіне тигендігі болып отыр.

- Тілші: психологтың көзімен қарағанда, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында Қазақстаннның болуы, шын мәнінде, бұл нені білдіреді?

105

- С.Жақыпов: құралған жүйенің механизмдері, яғни тетіктері іске жарап, барлық кәдімгі, табиғи жүйенің пайда болуының негізінде қашанда бір болып кеткен әлдеқалай оқиға болып саналды. Қалыптастырушы ретіндегі жаңа этностың оның біріктіруші субэтностарымен бірге ірірек алпауытэтностың құрамында болуы қазақ этносының біркелкі жүйеге келтіріліп, қалыптасу үрдісінің аяқталғандығын көрсетеді. Бұл соңынан жаңа системаның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, субэтностарды өзгеше тұрақтандырылған тетіктердің деңгейінде пісіп жетілуге дағдылы түрде апарып соқты. Сонымен, әлбетте, субэтностар әлеуметтік жүйенің өзінің бұрыннан болып келе жатқан мәртебесін сақтауды жалғастырып, дегенмен, ең бастысы, олардың рөлінің, нақтылы атқаратын қызметі өзгерді. Әрбір субэтнос дербес этносқа қайта құрылуға ұмтылып, онда тегеурінді, алпауыт этностың құрамында субэтностар қазақ этносының мәртебесін сақтау мен нығаюы үшін өздеріне жүйені құру рөлінің факторын алған.

Х-фактор мен психологияландырылған деген түсініктердің ара қатынасы туралы Сатыбалды Жақыпов: «Осы ұғымды ғылыми қолданысқа енгізген тамаша ғалым Лев Николаевич Гумилев, халықтардың шығу тегінің негізінде жатқан барлық табиғи үрдістерден жасалған белгісіз энергетикалықты белгілеу үшін алынған. Егер бұл осылай болса, онда қазақ халқының шығу тегін дәлелдеуші тарихи фактілер, қазақ этносының қалыптасуы мен дамуының негізінде болатын жүйе құратын басты қозғаушы күш, ой-пікірді растайтын, сол бір алыс уақыттарда психологиялық болған, анығырақ айтқанда, ерекше түрде барынша психологияландырылған қазақ халқының мәдениеті. Қазіргі уақытта «қазақстандық ноу-хаудың» негізінде психологиялық фактор жатыр, осының арқасында Жаңа Қазақстанның пайда болуына мүмкіндік туды» - деген.

Психологияландырылған мәдениет жөніндегі пікірлеріне келетін болсақ, ғалым: «кең мағынадағы қазақша дегеніміз, бұл-шығыс мәдениеті, яғни ерекше тұрғыдағы барынша психологияландырылған мәдениет. Қоғамдағы адамдардың тұлға аралық және топ аралық қарым-қатынас жүйесіндегі адам мінез-құлқының егжей-тегжейлі көріністерін заңдар жинағында айқын түрде баяндалғандығын басқа қай жерден сіз табар екенсіз.

Туғаннан дәстүрлі қазақ мәдениетінің тәрбиесінде өскен бала қилы-қилы оқиғалардағы мінез-құлық ережелерін өзінің бойына сіңіреді.

Бұл оған есейген шағында тұлға аралық мінез-құлық пен қарым-қатынаста ең тиімді түрлері болып шығуына мүмкіндік туғызады. Мүмкін, дәстүрлі мәдениетке жақын жағдайларда өскен жас адамдардың мінез-құлқындағы айырмашылықты, ауылдық жерлердегі қазақ тілінде сөйлейтіндер, әсіресе оңтүстік аймақтарындағы, қала жағдайында өскендерден айырмасын байқаған боларсыз. Алдыңғылары еш уақытта жасы үлкен адамға: «Ағай, сізден темекі тартуға бола ма!»-деп айғайлап, еркінсіп оғаш қылық жасамайды. Европаландырылған мәдениеттегі жұрт аузына ілінген енелер мәселесі ше!».

-Тілші: сіздіңше айтқанда, басқа жағдайларда өскен балаларға қарағанда, дәстүрлі қазақ мәдениетінен тағлым алғандар аса мәдениетті тәрізді.

-С. Жақыпов: егер тәрбие беруді ескерсек, ең алдымен, адамдардың өзара қарымқатынас жүйесіндегі адамның жоғары біліктілігін есепке алуымыз керек, осы тұрғыда Сіз мені дұрыс түсінгенсіз. Тұтас алғандағы шығыс мәдениеті, оның ішінде қазақ мәдениеті барынша психологияландырылған, мен ескертіп кеткім келеді, бұл тұста мәселе «шығыснәзік іс» дегенде тұрған жоқ. Алғашқы пікірімде мен бәрімізге белгілі деректерге сүйендім, шығыстың тұлғааралық өзара әрекеттесу және қарым-қатынас жүйесі шарттыланған әдетғұрып, дәстүрлердің және жарлықтардың орасан мөлшерімен ерекшеленеді (мемлекетаралық өзара қарым-қатынас жүйесіндегі өзіне тән үйлесімді хаттама), адамдардың бірлескен ісәрекетінің тиімділігін арттыруға бағыттайтындығы, әрқайсысының бәсекеге төтеп бере алатын қабілеттілігін көтере отырып, соңғы нәтиженің бәрінің тілегеніндей болып шығуы. Егер Қазақстанның ерекше геосаяси мәртебесін ескере отырып, онда ешкімді ренжітіп алмай айтар болсақ, осы жөнінде бұрын Л.Н. Гумилев та жазған болатын, қазақтың дәстүрлі мәдениеті ең жоғарғы деңгейде психологияландырылып, осындай хронотопиялық, яғни уақыт өлшемін бастан кешіруге душар болған.

106

Басқаша айтқанда, географиялық және уақыттың қозғаушы күштері ең маңызды рөлді атқарды. Бір сәт тарихқа көз жүгіртейік. Қазақстан барлық халықтарға ашық, байтақ кеңістікте қалыптасты және де сол кезеңде оның территориясы арқылы шығысты батыспен және солтүстікті оңтүстікпен байланыстыратын ең басты «Жібек жолы» деген атпен бәрімізге мәлім сауда жолы басып өтті.

Ұлан байтақ жерімізде тың және тыңайған жерлерді игеруге әр тараптан келгендер болды. Психология тілімен айтар болсақ, болашақ Қазақстанның халықтарының арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың дамуына жағдай жасалды, ал мәдениаралық жән этносаралық қарым-қатынастың жаңа өзара пайдалы түрлерін туғызу, ол басқа мәдени және конфессиялардың өкілдерімен өзара әрекеттестікте тұлғааралық қарым-қатынастың механизмдерін молайтты. Осының бәріне маңызды алғышарттар болып, қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет адамдардың тұлғааралық және этникааралық әрекеттестігі мен қарым-қатынасының табыстылығын қамтамасыз ету тұрғысында ғана ең нәтижелі болмақ. Ұлттық мәдениеттің бай мұрасының арқасында егемендік алу кезінде қайта қалпына келтіруге сәті түсті, мұның айқын дәлелі еліміздегі ұлтаралық және әр түрлі конфессиядағы дінаралық келісімнің орнығуын фактілер айғақтайды.

«Бәсекеге қабілеттілік» ұғымын кәсіби біліктілікте ғана емес, сондай-ақ адами аралық (тұлғааралық және этникааралық) жүйеде өзара қарым-қатынаста қарастыру жөнінде С.Жақыпов өз ойларымен бөліскен. Шындығында, әдеттегідей жоғары оқу орнын бітірушінің бәсекеге қабілеттілігі, мысалы, кәсіби біліктілігін көрсете білуі ретіндегі бәсекеге қабілеттілік туралы сөз етеді. Тап осы жағдайда біздің бұл ісімізге, мәселеге күнделікті нәрсеге ыңғайланғандай, өзінің мәнісі бойынша сыңар жақ келу. Жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қазіргі заман жағдайларындағы өте қатты бәсекелестікте, әсіресе түрліше қызмет көрсетумен байланысты салалардағы: банкілерде, білім беруде, денсаулық саласында, құқық қорғаушыларында адамның жалпы психологиялық біліктілігі алдыңғы орында тұрады. Нақ осы балалық шақтан меңгерілген мінез-құлық мәдениетіндегі дағдылар мен таптаурындарға негізделе отырып, басқа кісілермен тез ортақ тіл табысуда адамға, соның ішінде кәсіби өзара әрекеттестікте және қарым-қатынаста көмегі тиеді. Иә, ал егер бала кезден бойға сіңген мінез-құлық паттерндерінің, психология тілімен айтқанда, психологиялық пайдасы бар екен және кәсіби мінез-құлық аясында, онда, әлбетте, адамның кәсіби бәсекеге қабілетінің көрінуінің мүмкіндігін кеңейтеді.

- Сіз айтқандай, «психологияландырылмаған» мәдениетке қарағанда, «психологияландырылған» мәдениеттің адамға тигізер пайдасы мол болса, осы нені білдіреді?- деген тілші сұрағына С. Жақыпов былайша жауап берген еді, - бұны Сіз айттыңыз. Мен оны айтқан жоқпын! Біріншіден, өйткені, психологияландырылмаған мәдениетті тауып көріңізші. Кез келген мәдениет, оның ішінде адамдардың өзара қатынас жасау мәдениеті халық психологиясының терең ізін өзі иеленеді. Осы контексте өзара қатынастағы мәдениеттің психологияландырылу дәрежесін, сол немесе басқа бір этностың ішіндегі өзара әрекеті мен қарым-қатынасының нақтылы түрлерінің әр қилы психологиялық толыққандылығының ескерілуін айта аламыз. Әдеттегідей, этностық топтың ішіндегі ұзақ уақыт бойында, яғни адамның жеке басының ерекшелігін және сол топтың адамдарына пайдалылығы ескеріліп, мінез-құлықтың ең тиімді түрлері баянды етіледі әрі қалыптасады.

Дәл сол себепті этникалық топтың өзінің мүшелерінің мінез-құлқының таптаурындары немесе мамандар айтатындай, өзінің таптаурындары ең түсінікті, дұрыс және сондықтан ұнамды болып саналады. Меніңше, тек этнос өкілі ғана өз этносының кем-кетігін айтуға құқылы. Сіз аңғарғандай, мінез-құлықтың осы түрлері басқа этностың өкілдерімен өзара әрекеттестік және қарым-қатынас жағдайларында тиімді болмауы мүмкін. Сол бір мезгілде үнемі, кей уақыттағы амалсыз этникааралық қарым-қатынаста екі жаққа да қолайлы қажетті, демек, әр түрлі этномәдениеттің мінез-құлқының паттерндерінен тұратын жаңа жағдайдағы мінез-құлық формаларының тиімділігі қалыптасады және дамиды. Психологияландырылған мәдениеттің ең бір артықшылығы - кәсіби біліктілік пен қабілетті кеңейте отырып, ісәрекеттің жаңа түрлерін меңгеруде этностың ішінде көрінуі мүмкін.

107

Этникааралық өзара қатынас үрдісінде мінез-құлықтың жаңа, «жинақталған» пішіндері туындайды. Тілшінің келесі бір сұрағы адамның мінез-құлқының этникалық бірегей ерекшеліктерінің құрып кетуінің қауіптілігі жөнінде болды.

Мәдениеттердің өзара ықпалдасу үрдісінде этностың өзіне тән өзгеше ерекшеліктерінен айрылып қалу жөніндегі қорқынышына келетін болсақ, бұл талас тудыратын мәселе, - деп жауап бере отырып, С.М. Жақыпов өз сөзін әрі қарай сабақтай түсті, - мен осы қауіпті растайтын немесе жалғандығын әшкерелейтін күшті сенімді зерттеулерді кездестірмедім. Жағдайды айқындау үшін, мәселені кешенді тұрғыдан зерттеуде ауыр әрі күрделі еңбекті өзіне жүктей алатындай, ең кемінде, тұтас бір психология институты күш салып жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені шешуде әлемде ешбір институттың сәті түспеді, оны ғылыми міндетке айналдыруда мәселе пісіп жетілуі үшін қажетті жағдайлардың әлі болмауы, мүмкін жай ғана осы себептен болар.

С. Жақыпов мінез-құлықтың жинақталған түрлері туралы айтып, оған сипаттама берді: «ол жүйелі құралған, сондай бір жинақталған, онша жасанды емес, оларды әр алуан этномәдени мазмұны бар бөлшектерден құралған жиынтыққа әкеліп соқтырмайды, ол, керісінше, мінез-құлықтың сапалы жаңа формасы болып есептеледі. Мінез-құлықтың жаңа көп/поли/ мәдениеттілік және көп этникалық түрлерінің қалыптасуы мен дамуының ең басты өлшемі болып мінез-құлықтың осындай бір /моно/ мәдениеттілік немесе төл мәдениеттілік пен бір этникалық түрлерін салыстырудағы оның бәсекеге қабілеттілігі саналады. Осы салада жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, бір түрден жинақталған мінез-құлықтың көп мәдениеттілік және көп этникалық түрлерінің бәсекеге қабілеттілігі түп нұсқадағы бәсекеге қабілеттіліктен анағұрлым жоғары болып шыққан».

Әр басқа этностардың этномәдени ерекшеліктерін өзінде иеленгендердің мінезқұлқының жаңа түрлерінің көрініс беруі, әлдебір өзіндік ерен өзгеше, яғни феномендік этномәдени ерекшеліктерді адамның жоғалтуы дегенді ешқандай білдірмейді. Керісінше, жаңа мәдениеттің көптілігі және көпэтникалық жаңа мінез-құлықтың түрлерін иелену есебінен этностың нақтылы өкілінің мүмкіндігі өте көбейіп байытылады, осылайша этникааралық өзара қарым-қатынас жүйесінде оның біліктілігі арттырылады. Бірақ, әлбетте, бұл әрбір этностың өкілдерінде пайда болып, мінез-құлықтық көп түрліліктің дамуына қосқан өзіндік үлесі. Бұлардың әрқайсысының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік туғызуы, бұл этностардың бірімен-бірінің әрекеттестігінің өзара мәдени баюын білдіреді. Дей тұрғанмен, төл мәдениетіміз инвариант (өзгерілмейтін, көнеден қалған қалдықты )

қызметін атқарып, басқа этностардың мәдениетіне де негіз бола алып, бәсекеге төтеп бере алатындығын көрсете білуі міндет. Төл мәдениетіміз бастамашыл іс-әрекетте көзге түсе білуі керек, бұл өз кезегінде, қосымша белсенділікті қажет етеді.

М. Мұқанов өз еңбегінде психиканың дамуын инвариантпен байланыстыра отырып түсіндірген. Ғалым психологияландырылған деген ой-пікірін ана тілін, тарихты, әдебиетті, әдет-ғұрып, салт-сананы, ертегілерді, батырлар жырын, мақал-мәтелдерді жақсы меңгергендерге қатысты айтып отыр. Мінез-құлықтың жақсы қырлары да осылармен байланысты сабақтасатындығына назар аударды. Қазақ мектептерінде білім алғандардың осы бойынша молырақ ақпараттанатындығын С.Жақыпов бір диалог барысында білдірген еді.

С. Жақыпов өз пікірлерін соңғы он шақты жарым жыл бойы ғалымның жетекшілігімен жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтиежелеріне сүйенген.

Қоғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісім, қазақстандық тепе-теңдік және жалпықазақстандық отан сүйгіштік. Осы құбылыстардың жанама нәтижесінің мүмкін болатындығына не қатысты дегенге, сондай-ақ оң нәтижелердің өрісін келешекте кеңейтудің мүмкіндігіне келсек, сондықтан феномен өзінің табиғатынан психологиялық болғандықтан, кешенді психологиялық зерттеулер қажет.

Сатыбалды Жақыпов 2012 жылы шыққан «Жалпы психология негіздері» деп аталатын оқу құралында «психология ғылым ретінде прогреске тікелей әсер ете алады» деген ойын

108

келтірген еді. Жұртшылыққа танылған көрнекті ғалым С.М.Жақыпов еңбектерінің маңыздылығы жылдар бойы жалғасын таба береді.

Әдебиеттер

1.Жақыпов С.М. «Казахстанская правда» газеті. «Ноу-хау: природа феномена», 7 наурыз, 2008ж.

2.Мұқанов М.М., Жас және педагогикалық психология, 1982ж.

109

КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ, КЕҢЕС БЕРУДЕГІ, КӘСІБИ ІСӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ

ЗЕРТТЕУЛЕР ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И ПРИКЛАДНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ В КЛИНИЧЕСКОЙ

ПСИХОЛОГИИ, КОНСУЛЬТИРОВАНИИ, ПСИХОЛОГИИ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

THEORETICAL AND APPLIED RESEARCH IN CLINICAL PSYCHOLOGY, COUNSELING, AND OCCUPATIONAL PSYCHOLOGY

Р.Аманбайқызы, Г. Илипова

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДЕ ПСИХОТЕРАПИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жер бетінде қанша адам болса, сонша тағдыр, сонша мәселе бар. Қазіргі таңда шетелдіктер жаны қиналған сәтте көмек сұрап, психологтарға жүгінеді, түрлі психологиялық бағыттарды қабылдайды, ал біздің елімізде психолог маманға тек психикалық ауытқуы бар адам ғана психологқа баруы керек. Яғни арнайы маманға барып, ішкі сырды, уайымды бөлісуді жат санаймыз. Дегенмен, кез келген құпияны іште сақтағанша немесе достарыңызға айтқанша психологқа барған жөн, өйткені тәжірибелі маман сізге тығырықтан шығуға бағытбағдар беріп, көмектеседі.

Психология теориялық ғылым ретінде дами отыра, тәжірибеге де жақындай түсті. Сол себептен нақты адамдардың өмірлік маңызды проблемеларын шешу үшін психологияның әрқилы салалары мен бағыттары жұмыс жасап, қарқынды даму үстінде.

Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ақыл-кеңес беру. Өзіндік болмыс ерекшелігін, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастыру үшін психолог қабылдауына бару маңызды болып табылады.

Қазіргі таңда адамдардың психолог кеңесшіге келуі қоғамдық талаптардың жоғары болуымен түсіндіріледі және келушілердің көбі өзінің кемшіліктерін немесе ішкі жандүниесінің қиындықтарын басқаларға көрсеткісі келмегендіктен психолог көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ келушінің хәл-ахуалына байланысты кеңес беру деңгейлері де әртүрлі болады.

Кеңес берудің негізгі мағынасы – бұл анықталған күйде құрылған әңгімелесу. Кеңес беру процесінде психолог-практик психологиялық көмек көрсетеді, ол клиентке кездескен ауырлықтарды әртүрлі жақтардан көрстеуге көмектеседі. Психолог адамға психологиялық барьерлерден өтуге көмектеседі, өзінде белгілі бір сапаларды дамытуға негіз салады [1, Б.

62].

Психологиялық кеңес алудың орташа бағасы АҚШ-та 8000-50000 доллар, Еуропада 150000-30000 доллар, Түркияда 5000-15000 доллар, 5000-30000 теңге болып отыр [2]. Бұл көрсеткіштер арқылы бүгінгі күнгі барлық адамдардың психолог қызметіне қаншалықты жүгінетіндігін, қаншалықты қажет деп санайтынын көруге болады.

Психологиялық кеңес берудің мақсаты:

-адамдарға жақсы жағдай сезіміне жетуге көмектесу;

-стресстен өтуді жеңілдету;

-өмірлік кризистерді шешу;

-ауыр жағдайдан шығуға және өздері шешім қабылдауға қабілеттерін көтеру. Психологиялық кеңеске жеке аралық конфликтілік жағдаймен барады, оның ішінде

әсіресе жанұялық, сексуалдық, сонымен бірге балалармен қарым-қатынасқа түсуге байланысты мәселелер өте жиі кездеседі. [1, Б.62]

110

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]