Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

40

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.9 Mб
Скачать

Адамның жан дүниесінің байлығы – ұят пен сүйіспеншілік, зейін мен зерде, жігер мен мінез, ішкі бес сезім мен әртүрлі қабілеттері іштен туатындықтан – болашақ ұрпақтың ұрық тазалығы мен анасының өз уақытында жүргізетін түйсіктік тәрбиесі ендігі жерде есепке алынбай болмайды. Бала тәрбиесіндегі түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиенің 80%-ы ғана құрсағында қалыптасады. Жан мен рух тәрбиесі және ол екеуінің үндесуі де тек ұана құрсағындағы ғана жүретіні ғылыми дәлелденген құбылыс.

Егер әл-Фараби тұжырымына жүгінсек: адам мүшелері ішінде ең алдымен жүрек пайда болады, содан кейін ми, одан кейін бауыр, бұдан кейін көк бауыр, сосын басқалары пайда болады, «жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді, бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес, екінші, өйткені ол ағзадағы барлық басқа мүшелерді билейтін болса, оның өзін жүрек билейді», - деп ғажайып тамаша тұжырым жасайды. Біз ұсынып отырған жүрек тәрбиесінің жүйесі адам бойындағы күллі имандылық пен инабатты, мінез-құлық пен табиғи қабілеттің негіздерін жаратылыс заңдылықтарымен үндестіре дамыта қалыптастырып, жарық дүниеге іштен жетілдіріп тудырады. Бір ерекше таң қалатын нәрсе, осы құбылысты біздің ата-бабамыз білген. Сондықтан да олар: «Алып анадан туады» деп ұрпағына тұжырымды бағдарлама қалдырған.

Құрсақтағы жан иесінің бір жарым айдан кейін-ақ бармақтай ғана жүрегі мен қан тамырлары жүйесі қалыптасып, бірден қозғалысқа түседі. Сөйтіп, анасының түйсігі мен сезімдері арқылы жүрек тәрбиесі қалыптаса бастайды. Бұл күллі тәрбие атаулының алтын арқауы болып саналатын жүрек тәрбиесінің мәні мен мазмұны тек қана құрсағында қалыптасады деген сөз.

Профессор Ж.Т.Сарыбекованың пікірінше, әйел болмаса өмір де болмас еді. Өйткені адамзатты дүниеге келтіруші де, тәрбиелеуші де әйел – ана.

Ата-ана болудың дамыған түрі тұрақтылық және орнықтылықпен ерекшеленеді. Атаана болудың дамыған түріне келесілер жатады:

-жұбайлардың құндылықтары (отбасылық құндылықтар);

-атаана бағыт-бағдары және күтілу;

-атаана қатынасы;

-атаана сезімі;

-ата- ана көзқарасы; - атаана жауапкершілігі;

-отбасылық тәрбиенің стилі.

Отбасылық құндылықтар келесі белгілермен ерекшеленеді:

1.Адамның игілігі болып табылатын құндылықтардың жалпы саны;

2.Әр түрлі деңгейде болса да, барлық адамдардың бірдей құндылықтары;

3.Жүйеде ұйымдасқан құндылықтар;

4.Құндылықтардың негізі мәдениетте, қоғамда, оның институттары мен тұлғаларда көрінеді;

5.Құндылықтардың әсері әлеуметтік феномендерде байқалады.

Жүкті әйелдерге психологиялық көмек көрсету мен ата-ана болуға психологиялық даярлығын анықтау барысында төмендгідей ұсыныстар жасалды:

-жүктілікке психологиялық даярлығын ескеру;

-ата-ана болу мен отбасындағы кездесетін дағдарыстық кезеңдерге де дайын болуы;

-ата-ана, отбасы, неке туралы құқықтық, психологиялық сауаттылығы;

-психологиялық даярлық, психологиялық сәйкестік, ата-ана-бала қарым-қатынас стилдерін анықтау.

Ана болу бұл ұлы бақыт. Аналар өздерінің балаларының ертеңгі күніне жауапты, сол үшін болашақ ана психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек, медициналық салауатты болуы, жанұя жағдайын ойластыру қабілетінің болуы шарт.

Қорыта келе, неке құрған жастар мен неке әлі құрмағандардың арасында ерекшеліктер байқалды. Оның басты себебі, отбасын құрған жастарға психологиялық неке даярлығы жетіспеуінде. Көптеген жастар, некеге тұрғаннан кейін шексіз себептерді сылтауратып,

171

ажырасып жатады. Оның негізгі себебі сыртқы ортада ғана емес, басты себеп адамның өзінде, яғни некеге шынайы дайын болмауында. Сонымен, жастардың арасындағы психологиялық сәйкестік туралы жасаған талдауларымыз отбасында өзіндік ерекшелігі бар екенідігін байқатты, оны іске асырудың механизмі мұнымен шектеліп қана қоймай, әлі де психологиялық көзқарастарды толықтыра отырып, жан-жақты қарастыруды талап етеді.

Әдебиеттер

1 Филиппова Г.Г. Материнство и основные аспекты его исследования в психологии // Вопросы психологии №2, 2001.

2 Грибкова В. Функциональные роли родительства. -М., 2001. 3 Дубровина И. В. Психология семьи. – Екатеринбург, 2000. 4 Антонов А. И. Социология рождаемости. –М., 1999.

5 Мухамедрахимов Р.Ж. Мать и младенец: психологическое взаимодействие. - СПб.,1999

6 Сарыбекова Ж.Т. Қазақ қызының психологиясы. – Тараз: Тараз университеті, 2015 7 Бүркітбаева Д.Б Жастардың отбасын құруға деген психологиялық дайындық мәселесі

// Вестник ҰҚПҚ.- 2010. - №3-4.Б. 48-52.

Н. Ферхат

ИНТЕРОСЕПЦИЯ И КОНТРОЛЬ ТОРМОЖЕНИЯ В ЭКСПЕРИМЕНТЕ ПО ИССЛЕДОВАНИЮ СИНДРОМА МАКИАВЕЛЛИЗМА

Макиавеллизм - относительно молодой с социальной точки зрения синдром, характеризующийся понижением эмоциональных компетенций человека, все чаще является объектом изучения различными областями «науки о человеке» в западных странах. Пограничный синдром «Макиавеллизм» входит в так называемую «Темную триаду» отклонения личности человека: Психопатия, Макиавеллизм, Нарциссизм (Jakobwitz & Egan, 2006).

Эти три понятия имеют интегративную структуру, то есть содержат совместно некоторые факторы отклонения личности (Hodson et al.,2009). Существует целый ряд черт, присущих личности с синдромом Макиавеллизма. Если обобщить определение Макиавеллизма с точки зрения большинства авторов, то оно включает в себя:

1 - повышенную сопротивляемость к влиянию окружающих; 2 - отсутствие интереса к развитию межличностного контакта, который может доходить

в некоторых случаях до полного игнорирования;

3- эгоцентризм;

4- когнитивную направленность в социальных отношениях, нежели эмоциональную;

5- склонность к манипулированию окружающих (Wastell et al., 2003; Al Ain et al., 2013; Dien & Fufisawa, 1979).

В данном исследовании ставится под вопрос такой фактор как пониженные эмоциональные компетенции у личностей макиавеллистического типа. Нами была поставлена задача выявить связь между контролем торможения и эмоциональным абстрагированием (блокированием эмоций), что необходимо для понимания и подтверждения идеи о сохранении эмоциональных патентов в синдроме Макиавеллизм, даже

вслучаях их значительной деформации (Szijjarto & Bereczkei, 2014). Эта концепция противоречит многим выводам, сделанными последними десятками лет изучения профиля этого синдрома.

По результатам нейрофизиологического исследования (Verbeke et al., 2011) при синдроме Макиавеллизма происходит значительная активация следующих зон головного

172

мозга: Базальных ганглий – центр удовольствия, префронтального левого кортекса – соответствующего регуляции негативных ощущений и соревновательных амбиций, билатеральная инсулярная зона – ответственная за неприятный опыт, регуляцию и подавление фрустрации, правый гиппокамп и левый парагиппокампический сосуд, участвующих в процессе научения.

Ввопросе эмоциональной сферы при исследуемом синдроме наиболее важным представляется аспект возможности торможения - ингибиции.

Динамика на эмоциональном уровне влечет за собой изменения в теле на физическом уровне. Это ведет нас к гипотезе изменения восприятия физиологических изменений. С точки зрения теории Макиавеллизма мы видим особый интерес изучении Интеросепции как одного из возможных маркеров, то есть параметров этого синдрома.

По определению Интеросепцией является физиологическая и физическая реакция тела

исамо восприятие данной реакции, что определяет связь между эмоциональной сферой, сферой телесной и пониманием этих взаимосвязей человеком (Wiens et al., 2005; Lyon et al., 2015; Harshaw, 2015 и т.д.).

Следуя результатам исследования Тсакирис, Таджадура-Джименес и Константини (2011) аффективная и когнитивная оценка эксцероцептивного и интероцептивного измерения базируются на сигналах тела (по Duschek et al., 2015). Последние исследования показывают определенную связь между некоторыми эмоциональными характеристиками, телесной обратной связью (например: изменение ритма биения сердца) и восприятием данного феномена человеком, чем и является Интеросепция (Damasio,1994; Wiens, 2005; Scherer, 2004; Herwig, 2010; Craig, 2009 и т.д.). Что касается Макиавеллизма, то последние исследования показали, что уровень восприятия своего тела значительно слабее у представителей этого пограничного синдрома по сравнению с нормой (Lyon et al., 2015).

Контроль торможения определяется как способность сопротивления отвлекающему явлению либо объекту, с которым человек сталкивается в повседневной жизни. В нашем исследовании мы попытались изучить контроль торможения в случае синдрома Макиавеллизма, что расширило бы знания об этом пограничном синдроме Макиавеллизма, и использовали одну из нескольких принятых классификаций. Здесь по классификации Харнишфегера (Harnishfeger, 1995) контроль торможения рассматривается в двух системных векторах: когнитивный – поведенческий, и осознанный – автоматический (взято из Perret, 2003).

Изменения на эмоциональном уровне связаны, как следует из множества исследований, с восприятием и осознанностью физиологических и физических изменений. Данный аспект нас мотивировал на выбор изучения Интеросепции и логически вытекающим из этого изменение контроля торможения в случае синдрома Макиавеллизма.

МЕТОДЫ ИССЛЕДОВАНИЯ. Группы, участвовавшие в исследовании.

Внашем исследовании приняли участие 162 человека входящие в подразделение нормы. Большинство участников являются представительницами женского пола – 132 человека, 30 – мужчин. Возраст испытуемых варьировался от 17 до 45 лет, средний возраст – 22 года. Средний уровень образования – среднее специальное.

Процедура исследования.

Первый этап. Испытуемым было предложено заполнить анкету исследования, включающую вопросы, которые позволяют дать оценку уровня Макиавеллизма – MACH-IV (Christie & Geis,1970), Интеросептивной осознанности – BAQ и KIMS. Среднее, потраченное участником на эту часть время – от 40 минут до 1 часа.

Второй этап. Контроль торможения и Интеросепцию мы определяли с помощью модифицированной нами Задачи Саймона («The Simon Task»). Этот информатизированный эксперимент выявляет контроль торможения, основываясь на результатах измерений скорости моторной реакции на подаваемые сигналы. Он выявляет «Эффект Саймона», основу парадигмы Саймона. По сути этой парадигмы человек отвечает быстрей, если сигнал

173

подан со стороны, совпадающей с его отвечающей рукой: «сигнал с правой стороны + отвечает правая рука = уменьшение времени моторной реакции для дачи ответа (нажатие кнопки)» (Simon, 1969). Испытуемые, принявшие участие в эксперименте, отвечали на модифицированную нами задачу Саймона (The Simon Task), находясь перед экраном компьютера. В это же время подавалась звуковая информация: запись биения сердца человека и ритм метронома двух разных частот. Внедрение звуковой информации разных частот, а также уравнивание цветов визуальных сигналов (цвет был выбран белый) и было нашей модификацией Задачи Саймона. На проведение второго этапа уходило в среднем около 10 - 15 минут.

Вэксперименте было использовано два типа звуков, подразделяющихся на «искусственный ритм» и «биологический ритм». Подача биологического ритма (человеческое сердцебиение) может спровоцировать эмоциональную и, следовательно, физиологическую, а затем и физическую реакцию человека, что показано в многочисленных исследованиях (Duschek et al., 2015; Damasio,1994; Wiens, 2005; Herwig, 2010; Craig, 2009).

Внедрение также учащенного ритма – 60 и 80 ударов в минуту помогло нам дать дополнительную интерференцию в эксперименте, чтобы изучить контроль торможения.

Результаты измерений эксперимента были подсчитаны аналитическими программами

Anova и Statistica.

ГИПОТЕЗЫ.

Генеральная гипотеза нашего исследования предполагает существование связи между понижением уровня Интеросепции (сознания) и параметром Макиавеллизма, который включает в себя, как сказано выше, ослабленные эмоциональные характеристики. Также мы ожидали проявление «эффекта конгруэнтности» в результатах испытуемых задачи Саймона:

Внеконгруэнтных ситуациях (учащение звукового ритма) бы замедлялась реакция и увеличивалось бы количество ошибок в задании.

Вкачестве оперативных гипотез нами предложено:

1)Испытуемые, предположительно, будут более точными в модифицированной нами Задаче Саймона и время реакции будет короче в случае прослушивания сердцебиения нежели ритма метронома.

2)Исследование должно выявить предполагаемую связь между опросником MACH-IV

иоценкой контроля торможения.

3)Следуя той же идее, предполагается существование связи между KIMS и BAQ и оценкой контроля торможения.

4)Мы ожидаем отрицательную корреляцию между интеросептивным и макиавеллистическим сознаниями.

РЕЗУЛЬТАТЫ.

В нашем исследовании был действительно выявлен «эффект конгруэнтности» в модифицированной задаче Саймона, что совпадает с одной из наших генеральных гипотез.

Результаты эксперимента показали более высокую скорость ответов испытуемых в ситуации подачи ритма Метронома с частотой 60 уд/мин (см. Фигура).

174

Фигура. Результаты проведения задачи на физическую реакцию (Задача Саймона) при 4 различных условиях.

Что касается оценки контроля торможения и паттернов Макиавеллизма, нами не было обнаружено значимых корреляций, то есть выдвинутая гипотеза не нашла подтверждения.

Следуя нашей гипотезе интеросептивное сознание (BAQ) и паттерны Макиавеллизма (MACH-IV) связаны значительной негативной корреляцией. Но опросники анкет, выявляющие эмоциональные характеристики (EAQ-30), не выявили ясной взаимосвязи с синдромом Макиавеллизма.

ОБСУЖДЕНИЕ РЕЗУЛЬТАТОВ.

Смыслом нашего исследования являлось желание расширить знания о нейропсихологическом профиле и механизмах синдрома Макиавеллизм.

Исходя из нашего исследования, явная связь между физическим торможением и паттернами Макиавеллизма не подтвердилась. Тем не менее, полученные результаты дают представление о типе торможения, которое превалирует в синдроме Макиавеллизм: это «осознанное» эмоциональное торможение. Согласно тезису Дамазио (1994), соматические маркеры представляют собой состояние тела, которое адаптируется к позитивной или негативной ситуации, посредством научения или нет (Damasio, 1994). Как раз исходя из такой концепции, мы получили интерпретацию наших результатов изучения синдрома Макиавеллизм.

Эмоциональное торможение отражается в негативной связи между интеросептивным и макиавеллистическим сознаниями в целях адаптации в новых стрессовых ситуациях, коим также прямо являлась и ситуация самого эксперимента.

Это также подтверждается одним из выводов Szijjarto & Bereczkei (2014), которые предположили, что человек, обладающий паттернами синдрома Макиавеллизм, имеет «нормальные» эмоциональные компетенции. Тем не менее, он использует аффективное торможение в целях наилучшей адаптации в новой ситуации. Это предположение было показано и результатами нашего исследования. В профиль этого синдрома входит когнитивная направленность в человеческих взаимоотношениях. Однако аффективная сторона не страдает недостатком внимания, а сознательно блокируется в целях наилучшего «самосохранения» в гипотетической стрессовой ситуации.

Что касается контроля торможения, то полученные результаты соответствуют нашей гипотезе об «эффекте конгруэнтности»: подача учащенных ритмов (биологических или искусственных) имели значимость интерферентности. В неконгруэнтных ситуациях замедлялась реакция и увеличивалось количество ошибок в задании.

Результаты эксперимента также показали, что испытуемые отвечали быстрее в ситуации подачи ритма Метронома с частотой 60 уд/мин. Анализ же анкеты подтвердил одно из наших предположений о повышенном стрессе при подаче сигнала Метронома (44% испытуемых испытывали стресс) нежели сердцебиения (19%). Таким образом, подтверждается наше предположение о роли адаптивной функции в стрессовой ситуации.

ВЫВОДЫ.

Проведенное нами исследование дало интересные результаты, которые представляют собой еще один шаг в изучении природы синдрома Макиавеллизма, находясь в противоречии со многими интернациональными исследованиями. В то же время подтверждается необходимость более глубокого изучения связей между эмоциональные и физическими и физиологическими реакциями человека в синдроме Макиавеллизм.

Таким образом, был расширен методологический и интерпретационный подход в изучении

Благодарности.

Приношу свою искреннюю признательность на курирование моей исследовательской работы руководителю проекта, профессору Университета Савойя-Монт Блан и нейропсихологу, Арно Каррэ.

175

А также за сотрудничество моему коллеге Симону Башельер.

Литература

1. Al Aïn S., Carré A., Fantini-Hauwel C., Baudouin J.-Y., & Besche-Richard C.(2013). What is the emotional core of the multidimensional Machiavellian personality trait? Frontiers in Psychologie.4, 1-8.

2.Craig, D. (2009) How do you feel — now? The anterior insula and human awareness.

Revue Neuroscience Macmillan Publishers Limited, 10, 59-69.

3.Christie, R. & Geis, F. (1970) Studies in Machiavellianism. NY: Academic Press.

4.Damasio A.R. (1994). Descartes' error: emotion, reason, and the human brain. Avon

Books New York, 331.

5.Dien, D.S.-F., & Fujisawa, H. (1979). Machiavellianism in Japan. A Longitudinal Study.

Journal of Cross-Cultural Psychology. 10, 508-516.

6.Geng, Y., Chang, G., Li, L., Zhang, R., Sun, Q.,& Huang, J. (2016). Machiavellianism in Chinese adolescents: Links to internalizing and externalizing problems. Personality and Individual Differences 89, 19–23.

7.Harshaw, C. (2015). Interoceptive Dysfunction: Toward an Integrated Framework for Understanding Somatic and Affective Disturbance in Depression. Psychological Bulletin, 141. 311–

363.

8.Herwig, U., Kaffenberger, T., Jäncke, L., & Brühl, A. B. (2010). Self-related awareness and emotion regulation. Neuroimage, 50, 734-741.

9.Hodson, G., Hogg, S.M., & Macinnis C.C. (2009). The role of ‘‘dark personalities” narcissism, Machiavellianism, psychopathy), Big Five personality factors, and ideology in explaining prejudice Journal of Research in Personality, 43. 686-690.

10.Jakobwitz, S., Egan, V. (2006). The dark triad and normal personality traits. Personality and Individual Differences. 40, 331–339.

11.Lyons, M., & Hughes, S. (2015). Feeling me, feeling you? Links between the Dark Triad and internal body awareness. Personality and Individual Differences, 86. 308–311.

12.Perret, P.(2003). Contrôle inhibiteur et développement cognitif : perspectives actuelles.

Revue de Neuropsychologie, 13. 345-373.

13.Simon, J. R. (1969). Reactions towards the source of stimulation. Journal of experimental psychology, 81, 174-176.

14.Verbeke, W. J. M. I., Rietdijk, W.J. R., Van Den Berg, W.E., Dietvorst, R. C., Worm, L.,

&Bagozzi, R. P. (2011). The Making of the Machiavellian Brain: A Structural MRI Analysis.

Journal of Neuroscience, Psychology, and Economics , 4, no. 4, 205–216.

15.Wastel, C., & Booth, A. (2003). Machiavellianism: An Alexithymic Perspective. Journal of Social and Clinical Psychology, 22, No. 6, , pp. 730-744.

16.Wiens, S., Mezzacappa, E. S. & Katkin, E. S. (2000). Heartbeat detection and the experience of emotions. Cognition and Emotion, 14, 417-427.

17.Wiens, S. (2005). Interoception in emotional experience. Lippincott Williams and Wilkins. 18, no4, 442-447 .

Б.С. Шералы, Д.A. Арын, Д.Д. Дүйсенбеков

КАДРЛЫҚ ЖҰМЫСТА ПОЛИГРАФТЫ ПАЙДАЛАНЫП СҰРАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Полиграф құрылғысының пайда болуы және дамуына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де Қазақстан Республикасының ғылыми және бұқаралық әдебиеттерінде ол туралы ақпарат аз,

176

ал қазақ тілінде тіпті жоқ деуге болады. Полиграф жайында ізденген оқырманға қазақстандық авторлардың бірді-екілі мақалаларынан басқа ештеңе табылмасы анық.

Қазақстан Республикасында полиграф құрылғысын қолдану негізінен 2000 жылдардың басынан бастау алады. Осы он бес жылдан астам уақыттың ішінде полиграфолог мамандардың теориялық дайындық деңгейлері кемшін түсіп жатқанымен, олардың айтарлықтай практикалық тәжірибе жинақтағанын байқауға болады.

Полиграфты пайдаланып тексерулер көбінесе кадрлық жұмыста және қылмыстық тергеу амалдарын жүргізу барысында өткізіледі. Жеке ұйымдарда полиграф құрылғысы негізінен кадрлық жұмысты ұйымдастыру барысында пайдаланылады. Бұл мақалада кадрлық жұмыстарда полиграфты қолданудың кейбір мәселелері қозғалатындықтан негізгі ұғымдарды алдын ала анықтап алған жөн.

Полиграф (грек тілінде «poly» көп, «graphos» жазу) – тексерілетін адамға қойылған әртүрлі сұрақтардың нәтижесінде туындайтын физиологиялық өлшемдерді (тыныс алуы,

жүрек-тамырларының белсенділігі, тері реакциялары және т.б.) датчиктер көмегімен тіркеу үшін қолданылатын құрылғы.

Полиграфолог – полиграф құрылғысын қолдану арқылы тексеруді жүргізетін психофизиология саласы бойынша дайындықтан өткен маман.

Полиграфтық тексеру (ПТ) – қойылатын сұрақтар тізімін жасаудан, тестіге дейінгі және тестіден кейінгі сұхбаттан, полиграфты қолданып тестілеу өткізуден және тестілеудің нәтижесі бойынша қорытынды шығарудан тұратын процедуралар жиынтығы.

Стрестік фактор (күй, жағдай) – әшкерелеуші, маңызды факт. ПТ барысында тексерілушінің оған қатысы бар-жоқтығы анықталады [1].

Қылмыстық тергеу барысында бір стрестік (маңызды) фактор және қылмысқа қатысты болуы мүмкін бірнеше күдікті адам болуы мүмкін. Ал кадрлық жұмыста жағдай басқаша – бір адам және осы адамның қатысы болуы мүмкін бірнеше стрестік факторлар болады. Бірінші жағдайда стрестік факторға (оқиғаға) қатыстылық деңгейі туралы шешім шығарылса, екінші жағдайда стрестік фактордың әрқайсысына қатыстылығы туралы шешім шығарылады. Тағы бір онша еленбейтін, бірақ маңызды айырмашылық – адам жұмысқа қабылданар алдында полиграфтық тексерудің мақсаты оның маңызды факторларға қатысын анықтау ғана емес, сонымен қатар оның ұйымның қойған қарапайым талаптарына сәйкестігін анықтау болып табылады. Бұл талаптарға қылмыстар жасау мүмкіндігі немесе ұрлық жасауға бейімділігінен басқа, ПТ арқылы өлшеуге болатын үміткердің шынайылық деңгейі, эмоциялық тұрақтылығы сияқты ұғымдар да кіруі мүмкін. Осындай мәселелер кадрлық жұмыста полиграфты қолдану әдіснамасының ерекшелігін көрсетеді.

Жеке ұйымның кадрлық жұмысында полиграфты қолдану туралы шешімді әдетте сол ұйымның басшылығы шешеді. Әрбір ұйымның шешуі тиіс басты мәселе – полиграфтық тексеруге кететін шығын мен оның тиімділігінің арақатынасын бағалау. Бұл орайда, шағын ұйымдар полиграфтық тексеру өткізу үшін әдетте осыған маманданған фирманың қызметіне жүгінеді, ал ірі ұйымдар өз полиграфолог мамандарын ұстауға шамасы келеді. Бірінші жағдайда шығын аз жұмсалады – полиграф құрылғысын сатып алудың, маманды оқытудың, біліктілігін арттырудың және ай сайын оның айлығын төлеудің қажеті жоқ. Алайда екінші әдіс икемдірек және тиімдірек болып табылады, өйткені полиграфолог маман ұйымды іштей бақылап жүреді және қажет болған жағдайда үнемі басшылықтың жанынан табылады.

Полиграфтық тексеру еркін жазбаша келісім беру негізінде өткізіледі. Жұмысқа үміткерлерді немесе жұмыс жасап жүрген қызметкерлерді полиграфтық тексеруден өткізу Қазақстан Республикасының Ата заңы мен Еңбек кодексінің талаптары негізінде іске асырылады және ұйымның бекітілген ішкі бұйрығы мен жұмыс жасау туралы келісімшарттағы көрсетілген тиісті тармақ негіз болады. Бұйрықта психологиялық және психофизиологиялық тестілеу өткізу мүмкіндігі көрсетіледі. Сондықтан кейде жұмысқа орналасуға үміткердің полиграфты пайдаланып тексеру қажеттілігі туралы хабарға келісімін беріп, кейіннен бұл ұйымға қайта айналып соқпайтын жағдайларды байқауға болады. Бұл олардың өмірбаянындағы кейбір келеңсіз жағдайлардың (құқық бұзушылықтары) ашылып

177

қалатындығын түсініп, полиграфты пайдаланып тексеру өткізетін мамандары бар ұйымдардан аулақ жүруіне себеп болады [2].

Кадырлық жұмыста полиграфты пайдалану ұйым қызметкерлерінің өз-өздеріне іштей тиым жасауына әсері туралы да айта кеткен жөн. Келісім-шарт бойынша қажетті жағдайда полиграф арқылы тексеруден өтуі мүмкін екендігін, ал одан өтуден бас тартса жұмыстан шығарылатынын білетін қызметкер ұсталып қалу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ұйымға зиян келтіретін әрекеттерді жасаудан бас тартады.

Мысалы, статистика бойынша:

-жұмысшылардың 10–20% кез-келген ыңғайлы жағдайда ұрлық жасайды;

-жұмысшылардың 10–20% қандай жағдай болмасын ұрлық жасамайды;

-жұмысшылардың 60–80% алдын-ала ұрлық жасауды жоспарламайды, алайда ұрлауға (құқық бұзуға) мүмкіндік туындаса және жасаған әрекеттері жазаланусыз қалатынын білсе көзқызарлыққа салынуы мүмкін.

Дәл осы «күмәнданғыш» қызметкерлер үшін (60–80%) полиграф арқылы тексеруді

белгілі-бір кезеңде өткізіп тұру олардың қандай-да теріс әрекеттерді жасамау туралы шешім қабылдауларына ықпал етеді және бүкіл еңбек ұжымының жұмыс тұрақтылығын біршама жоғарылатады.

Ұйымда полиграфтың қолданылу аясын 3 топқа бөлуге болады:

-жұмысқа қабылдау барысында тексеру;

-қызметкерлерге қатысты өткізілетін аралық (скринингтік) тексерулер;

-әртүрлі оқиғаларға байланысты қызметтік тексерулер.

Көп жағдайда полиграфты жұмысқа алынатын үміткерді тексеру үшін қолданады.

Кадрлық жұмыста полиграф арқылы тексеру әдісінің ерекшеліктері. Кадрлық жұмыста үміткерді жұмысқа қабылдауға немесе тәртіп бұзушылықтың алдын алуға қатысты полиграфтық тексерулер өткізу барысында тестілердің ерекше әдіснамасы қолданылады. Екі жағдайда да тестілер алға қойған міндетке байланысты құрастырылады: көптеген факторлардың ішінен клиент үшін маңызды болып табылатындарын іріктеп алу керек. Әрі мұны мейілінше қысқа уақытта істеу керек.

Сыналушыға сұрақтарды қоюдың ғылыми негізделген әдістерін пайдалану маңызды. Көп қолданылып жүрген тестілеу әдісін – кінәлілік білім тестін (Guilty Knowledge Test) – пайдалану мүмкін емес, өйткені клиенттің белгілі-бір стрестік факторға қатысы барын көрсететін «кінәлілік білімін» немесе хабардар екендігін көрсететін критерилердің болмауы себепті қолдану мүмкін емес. Бақылау сұрақтарынан тұратын дәстүрлі тестілер де бір фактордың аясында құрылады, яғни сол бір фактор туралы бір-екі маңызды сұрақ қойылады. Тестінің басқа сұрақтары фонды қалыптастыруға, субъектіні жауапқа жақындатуға немесе маңызды сұрақтармен салыстыруға қажетті реакциялар үлгісін алуға арналған. Бұл процедура уақытты көп алатындықтан азырақ қолданылады.

Кадрлық жұмыста басқа әдістемелермен қатар «біртіндеп жақындау тестінің» элементтері қосылған іздеу әдістерін қолдану тиімдірек болып келеді. Тестінің құрастырылу жолы – ең маңыздырақ факторлар стресті біртіндеп ұлғайта түсетін бірнеше сұрақтар арқылы беріледі. Әрбір сұрақ келесісі үшін бақылау сұрағы болып табылады. Сонда сұрақтар бірінен-бірі салмақтырақ болып, сыналушының ізделіп отырған факторға қатысты болуын толық қамтиды – оның қарапайым хабардар екендігінен бастап тікелей қатысы бар болуына дейін айқындап береді. Субъект осы шкала бойынша өзіне маңызды сұрақтан өткен кезде бірден «босаңсу» күйіне түседі. Осылайша субъектінің қатысы бар фактор анықталады.

Бір кездері европалық әдебиеттерде полиграф арқылы тексеру барысында алынған ақпаратты бағалауға қатысты пікір-таластар жазылып жүрді. К.Бакстер жасаған сандық жуықтау әдісі полиграммның математикалық есептелетін мәліметтеріне негізделген. Р.Артердің жасаған клиникалық жуықтау (немесе ауқымды бағалау) әдісі субъекттің берген барлық ақпараттарын, яғни вербальды және вербальды емес мәліметтерді қоса есепке алуға бағытталған. Әр әдістің өзіндік тестілеу процедурасы бар. Сандық жақындау әдісі шындықты анықтауда дәлірек, алайда оны қолдану қиынырақ. Клиникалық жақындау

178

әдісінде нәтиже онша анық болмаса да жылдам қорытынды шығаруға және бірнеше фактор бойынша тест өткізуге мүмкіндік береді. Бұл осы әдістің кадрлық жұмыста қолданылуын ыңғайлырақ етеді.

Полиграфты зерттеушілерді әлі де болса қызықтырып жүрген тағы бір маңызды сұрақ – процедураның сәтті өтуі үшін полиграф аспабының «ғажайып күшіне» сену міндетті ме, әлде сыналушыны әшкерелейтін басқа да объективті көрсеткіштер бар ма? Басқаша айтқанда, не маңыздырақ деген сұрақ туындайды – үнемі сыналушының мотивациясына әсер етіп отыратын полиграфолог маман жұмысының мотивациялық жақтары, әлде полиграфтың көрсеткіштерімен байланыстырылатын аспаптық жағы. Бұның екеуі де маңызды, сондықтан бұл туралы нақты тұжырым айтпас бұрын, келесі жайтты айта кету керек: нені білу керектігі туралы нақты шеңбердің жоқтығына байланысты сыналушының өзіне (тестіге дейін де, тестіден кейін де) тестілеу тақырыбы бойынша нені маңыздырақ көретінін айтқызған жөн. Белгісіздік жағдайында отырған сыналушы, құрылғының нені көрсеткендігін білмегендіктен өзі үшін маңызды сұрақтарды көрсетіп бере алады.

Полиграфты пайдаланып сұрау өткізуге болмайтын жағдайлар. Тексерілетін адамның денсаулығы, оның ағзасының қызметтік мүмкіндіктері полиграфтық тексерулердің сапасына айтарлықтай әсер етеді. Кейбір кезде тексеру өткізу мүмкін болмайды.

1) жүрек-қантамырлары ауыруларының асқынған кезінде Бұл жағдайда полиграфтық тексерудің әсерінен туындаған тіпті болмашы қосымша

эмоциялық салмақтың өзі өлімге әкелуі мүмкін. Жүрек тұсындағы ауру сезімдері тексерілуші үшін оның зейінін үнемі бөліп отыратын күшті эмоциялық фактор болып табылады, сондықтан полиграфтық тексеру өткізудің маңыздылығы төмендейді.

Сонымен қатар адамның жүрек ауырулары асқынған кезінде тиісті дәрі-дәрмектер қабылдауы міндетті. Бұл ауыруды емдеуге арналған дәрілердің құрамында негізінен тыныштандырғыштар болады. Олар жүйке жүйесінің қозуын төмендетіп, тіпті тежеп тексерілушінің жалпы жайлануына әкеледі. Сондықтан мұндай жағдайда полиграфтық тексерулер өткізбеген дұрыс.

2) тексерілуші екіқабат болған жағдайда Полиграфтық тексеру өткізу шарасы тексерілушінің бойында күшті эмоциялық зорығу

туындатып, тіпті, жүктілікті тоқтатуға себепші болуы мүмкін.

Кейде жүктілік кедергі келтірмеуі мүмкін. Мысалы, полиграфолог маманға іштегі баланың әкесі өзі екендігіне күмән келтірген адам өтініш жасаған. Жүктіліктің тоғызыншы айындағы әйелдің еркін келісімі арқылы болашақ нәрестенің әкесін анықтау бойынша полиграфтық тексеру өткізілген. Осы кезде әйелдің ері алдындағы шыншылдығы оның бойында жалпы эмоциялық зорығу сезімін тудырмады. Сөйтіп полиграфтық тексеру ер азаматтың күмәнін сейілтіп, отбасын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Жүктілік кезінде, әдетте бас айналу, жүрек айну, лоқсу болады. Бұл кезде полиграфтық тексеру өткізу тақырыбы туғызатын эмоциядан да күшті физиологиялық және психологиялық тітіркендіргіш болуы мүмкін.

3) кәмелетке толмағандарды және қарияларды тестілеу кезіндегі шектеулер Бұл топтағы адамдарды полиграфтық тексеруден өткізудің күрделілігі, олардың

сұрақтың мәнін және әлеуметтік маңыздылығын жеткілікті түсінбеуінен. Балалардың шексіз қиялға берілуі себебінен, қылмыскердің рөліне еніп кетуі және қойылған сұрақтарға жауаптарды біршама бұрмалап беруі ықтимал.

Кәмелетке толмағандар тестілеу сұрақтарына тез үйренісіп алады. Сондай-ақ тергеліп жатқан қылмысқа ассоциация арқылы басқа бейнелер туындатуы мүмкін. Қалыптасып бітпеген баланың жүйке жүйесі қозғалымпаз болып келеді. Жас ерекшелігіне байланысты кәмелетке толмағанның жеткіншектің зейінін қандай да бір мәселеге немесе затқа ұзақ уақыт шоғырландыру мүмкін емес. Сондықтан оның зейіні еріксіз басқа жаққа аударылып отырады.

Осыған ұқсас қиындықтар қарияларды тестілегенде туындауы мүмкін. Орталық жүйке жүйесінің қызметінде реттеу механизмдерінің тозуы алынған реакцияларды бағалауды

179

қиындатуы мүмкін. Әдетте қария адамдар тестілеу кезінде зейінін қиялдаған мәселелерге аудармайды, алайда тестілеу кезінде оның жеке өмірінен көптеген еске түсірулер орын алуы мүмкін.

4) ақыл-ой дамуы деңгейі төмен адамдарды тестілеу кезіндегі шектеулер Ақыл-ой даму деңгейінің төмендігі полиграф арқылы шынайы нәтижелер алуды

қиындатады, бірақ тестілеу өткізуді толығымен жоққа шығармайды. Егер тестіленуші өзінің жүріс-тұрысына деген сыни көзқарас болмаса және сұрау кезінде қауіптілік сезімі туындамаса ол барлығын өзі жайып салады және бұл кезде полиграфтық тексерудің қажеті болмайды. Егер өзінің жүріс-тұрысына деген сыни көзқарас аз болса да сақталған болса, онда күдікті кінәсін мойындауының салдары қиын болатындығын түсінеді. Демек, ол ақпаратты жасыруға тырысады. Ендеше маңызды сұрақтар аз болса да эмоциялық өзгерістер тудырады. Мұндай жағдайда тәжірибелі полиграфолог маманның ғана ақпарат алуы мүмкін.

5) ішімдік, есірткі немесе қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді қабылдау кезінде Ішімдікке, есірткіге мастығы кезінде полиграфологиялық тестілеу өткізуге болмайды.

Өйткені мысалы есірткіні қабылдаған соң адам эйфория күйінде болады. Сондықтан ол тестілеу шарасына немқұрайлық танытады. Дәл осындай күйде қатты әсер ететін дәрідәрмектерді қабылдаған адам болады. Осы екі жағдайда да полиграф арқылы шынайы ақпарат алу қиынның қиыны. Мұндай адамдарды мастығы қайтқаннан кейін және дәрінің әсері кеткеннен кейін тестілеу керек.

6) қатты шаршаған кезде Тексерілушінің психикалық және физикалық әлсіздігі, сондай-ақ ұйқышылдығы

кезінде қойылған сұрақтарға алынған қисықтар өзгеріссіз болуы мүмкін. Қатты шаршаған кезде адам тіпті өзінің тағдырын шешетін маңызды сұрақтардың өзіне немқұрайлық танытуы ықтимал.

7) ауру асқынған кезде Қандай да бір ауырудың асқынған кезінде полиграфтық тексеру жүргізуге болмайды.

Мысалы тұмау, демікпе, аллергия ауыруларының, жөтелуінің асқынған кезінде полиграфтық тексеру өткізу тіпті мүмкін болмайды.

8) психопатия, шизофрения және эпилепсияның асқынған кезінде полиграфтық тексеру өткізу мүмкін емес.

Тексерілуші тұрғысынан алғандағы полиграф. Полиграфты қолдануды жақтаушылар тарапынан полиграф арқылы тексерудің қатардағы қызметкер үшін маңыздылығы мәселесі айтылмай жүр. Ал мұны қолдану кезінде, сыншылдардың пікірінше, сыналушы «адам айтқысыз моральдық қайғыға» түседі (тіпті, кейбір авторлардың айтуы бойынша бұл адамның дене бітісіне де салмақ түсіреді). Полиграф арқылы тексеру – адам құқығын бұзу және жекелеген адамды қорқытуға арналған «моральдық шоқпар» ретінде бағаланады. Полиграфты сыналушы тұрғысынан түсіну әлі де терең зерттеулер өткізуді қажет етеді.

Әдетте полиграф арқылы тексеру сыналушыны стресске ұшыратады. Көптеген адамдар тексеруден алғаш рет өтетіндіктен оған үлкен мән береді. Бұған полиграфтың құпиялылыққа толы әрекеті де әсер етеді. Стресстік жағдайды әдейі туындатуы да мүмкін, өйткені тым жәйбарақат сыналушы қойылған сұрақтарға айқын реакция көрсетпеуі мүмкін. Адамның психикасы бейімделгіш келеді. Сонда да басқа адамдар тарапынан көрсетілген қысымды әркім әрқалай қабылдайды: біреулер тұйықталып, аластай бастайды, ал біреулер болса, керісінше полиграфолог маманмен байланысқа қуана-қуана түседі. Тәжірибелі полиграфолог маман «жаман және жақсы полицей» әдісін пайдаланып тиімді нәтиже ала алады. Мұнда ешқандай өтірік айтуға болмайтын «жаманның» ролін жансыз, сезімсіз құрал атқарады. Сыналушының бойындағы эмоциялар қатары өте ауқымды, олар тек қана жағымсыз уайымдардан тұрмайды, оны қызығушылықтары, мүдделері, тұлғалық мінез ерекшеліктері, өзін маңызды сезінуі және тағы басқалар құрайды.

Полиграф – қорқыту құралы ғана емес, сонымен қатар ол ұйым қызметкерлерін біріктіретін фактор болуы да мүмкін. Барлық деңгейде полиграфтық тексерудің

180

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]